Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмысты басқару кезінде мыналарды ескер

  • Тақырыбы. «Қазақ халқының қолөнері» Мақсаты

  • Көрнектіл і к

  • Өткізу мерзімі, уақыты: Дайындық барысы

  • Жоспары : Кіріспе

  • Қорытынды. Өту барысы: Тәрбие сағатына керекті материалдар

  • 2.6. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру

  • Салауатты өмір сүру салтына

  • АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК”

  • ДЕНЕГЕ, ЖАН-ДҮНИЕГЕ, АҚЫЛ-ОЙҒА

  • Осының бәрі жеке бағдарламада көрініс табуы қажет.

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница19 из 27
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

    Сынып жетекшісінің қойын дәптеріне:

    1. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты сыныпты ұйымдастыру қажет болды. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар бөлінді. Ең алдымен, сол құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімін және оқушылардың алған заттарын қай уақытта қайтаруы қажеттігін дәптеріңе белгілеп ал.

    2. Әр жұмыс орнына жауап беретін оқушыны белгіле. Олармен істің барысы, атқарылған жұмыстары туралы есеп беретін он бес минуттік кеңес өткізуді басшылыққа ал.

    3. Екінші дәрежедегі іспен шұғылданбауға тырыс, бар күш-жігерді басты жұмысқа жұмылдыр, көмекшілеріңнен де осыны талап ет.

    4. Алда істелер іске барлық оқушыларды, соның ішінде белсенділерді тартуға қол жеткіз.

     Жоспарланған істі дер кезінде орындамаған себепті

    кейінге қалдырудан аулақ бол.
    Жұмысты басқару кезінде мыналарды ескер:

     Сенім білдіре отырып тексеруді ұмытпа: жалпы іс барысын қадағалап қана қоймай, жеке оқушылардың жұмысты қалай орындап жатқанына көңіл бөліп, кемшіліктерді уақтылы түзетуге күш сал.

     Өзіңнің жақсы ісіңмен үлгі болып, басқаларға өнеге көрсет.

     Мақтауға, жақсы ықылас-пейіл білдіруге сараңдық жасама, мұндайда мейлінше әділ бол, жұмысқа баға бергенде өзіңнің жеке басыңның жақсы көру не ұнатпау сезімдеріне билетпе, біреуге ескерту айтқанда әдеп шеңберінен аспа, мейлінше ұстамды бол, алғашқы ескертпені ел көзінше емес, оңаша айтқаның жөн.

    2.5.7. Тақырыптық тәрбие сағатына өткізуге арналған үлгі

    Тақырыбы. «Қазақ халқының қолөнері»

    Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің негізінде оқушылардың білім көлемін кеңейтіп, көркемдік талғамдарын дамыту.

    Міндеттері:

    Білімділік: халық ою-өнерінің шығуы, оның қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ою-өрнек өнерінің бүгінгі өмірімен байланысын түсіндіру.

    Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген талғам-танымын шыңдау.

    Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының қолөнер туындылары негізінде дүниетанымы мен көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту.

    Ұйымдастыру тәсілі: Әңгіме, әңгімелесу, не болмаса сұрақ-жауап түрінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бейнелеу және өнер факультетінің студенттерімен, өнер адамдарымен кездесу түрінде өткізуге болады. Айшабибі мазарына экскурсия жасау. Қазақстан Республикасының Орталық мұражайына бару және т.б.

    Көрнектілік:

    1.Қазақ халқының ою-өрнектерінің түсті көшірмелерін көрсеу, Ою-өрнектердің түрлерін эпидиаскоппен көрсету.

    2.Т. К. Васнецовтың “Орнамент Казахстана в архитектуре”-деген кітабын пайдалану.

    3.Қазақстанның ою-өрнек өнеріне қатысты тағы да басқа еңбектерді пайдалану.

    4.Осылар негізінде көрме ұйымдастыру.

    5.Оқушылардың атқарған жұмыстарын көрмеге қою.

    Өткізу мерзімі, уақыты:

    Дайындық барысы: Оқушылар үйлерінде кездесетін ою-өрнектері бар заттардың суретін сызып, оларды тәрбие сағатына алып келу және көрмеге ілу.

    2. Үлкендерден ою-өрнекке байланысты мәліметтер жинау, оның маңызын білу.

    Жоспары:

    Кіріспе: Мұғалім Қазан революциясына дейін шығыс халықтарының бейнелеу өнері көбіне ою-өрнек түрінде дамып келетіндігін оқушыларға қысқаша әңгімелеп, ою-өрнек дегеніміз не, оның шығу тарихы, ою-өрнектің маңызы туралы мағлұмат береді.

    Негізгі бөлім:

    1. Оқушылардың күні бұрын жинаған, дайындаған, үйлерінде кездесетін ою-өрнекті заттардың суреттері бойынша пікірлерін тыңдау.

    2. Бұдан соң мұғалім эпидиаскоппен ою-өрнектердің түрлерін көрсетіп, балалардың әңгімелері негізінде білімдерін толықтырады. Ою-өрнектердің аттарын, олардың ерекшелік-терін, қандай жерлерге қолданылатыны, оның жасалу жолдарын қызықты етіп әңгімелейді, /эпидиаскоп болмаған жағдайда әртүрлі ою-өрнектердің суреттерін тақтаға іліп түсіндіреді. Мұндай суреттер “Қазақстан әйелдері”, “Парасат” журналдарында болуы мүмкін./

    3. Мүмкін болған жағдайда оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

    4. Ою-өрнекті қалай салу жолдарына тоқталу /мысалы, киіз басу/

    5. Оқушыларды тақтаға шығарып, өз ойларынан ою-өрнек құрастыруды ұйымдастыру, оларға сыйлық тапсыру.

    6. Қорытынды.

    Өту барысы:
    Тәрбие сағатына керекті материалдар:

    Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтары мен орыс халқының қолөнерімен де ұштасып келеді.

    Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысына жиі қолданылатын өру, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтамыз. Осы қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар.

    Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірді де сән-салтанатты құра білді. Бұдан біз халық шығармасының қандай түрі болса да оның өмірімен қоғамдық тарихымен, күнкөріс кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.

    Бұл жөнінде архитектор Т. К. Басенов “Орнамент Казахстана в архитектуре” атты кітабында: “Халықтық өнерге тұрмыс-салт жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегін /кереге, уық, шаңырақ/, ағаш кереует, кебеже, сандық жасау, кілем тоқу, жіп есу, кенеп және иленген теріден қайыс таспа тілу, өрімдер өру, әр алуан ыдыстар т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдары-мен жасап, түрлі нақыштармен әшекелейтін болды. Қолөнер-дегі көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданылған әдістер архитехтурада кеңінен орын алып келеді” – дейді.

    Қазақстанда өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де өте көп. Олардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны - ою-өрнек өнері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне ортақ әсемдеп, әшекейлеудің негізі болып келеді.

    Ою сөзімен өрнек сөзінің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойлап, кесіп алып жасау немесе екі затты кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырдақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою деп атайды.

    Өрнек дегеніміз әртүрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, батырып, қалыптан істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

    Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен, “Ырғақ”, “Сағат бау”, “Түйе табан”, “Жүрекше”, “Қаз табан” деп аталатын әдемі түрлері кейбір шеберлердң орындауында олпы-солпы болып шығып жүр.

    Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік сезімін молайтады.

    К. Маркс: “Көне заман өнерлерінің шығармашылығы өзгелерге әлі де болса көрермендер ләззатын беріп келеді және белгілі бір мағынада алғанда қол жетпес үлгі-өнеге болу маңызын да сақтап отыр” – дейді.

    Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т. К. Басеновтың “Орнамент Казахстана в архитехтуре” деген кітабы көптеген құнды деректерге толы. Кітапқа халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қандай ұғымда туып, дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында толық айтылған.

    Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келе, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы: “Арқар мүйіз”, “Қырық мүйіз”, “Сыңар мүйіз”, “Қармақ”, “Ырық”, “Қошқар мүйіз”, “Күлте” т.б. Т. К. Басеновтың осы кітабында архитехтуралық өрнектер де көрсетілген. Олардың ішінде Айшабибінің мазарындағы өрнектер өз заманында жасалған сәулет өнеріндегі асқан шеберліктің тамаша белгісі. /Осы тәрбие сағатынан соң Айшабибі мазарына саяхат ұйымдастырудың маңызы зор/.

    Қошқар мүйіз. Мұғалім қошқар мүйізді дәптер бетіне қалай орналастыру керек екендігін түсіндіреді. Оны тақтаға оқушылармен қоса сызады.

    1. Сурет дәптерінің бетіне бір төрт бұрыш аламыз. Бұл дәптердің ортасына орналасуы керек.

    2. Төрт бұрышты үш бөлікке бөлеміз. Мүндай сы-зықтарды көмекші сызықтар деп атайды. Бұл сызықтар жіңішке етіп сызылады да, соңынан өшіріліп тасталады. Әрбір кезеңді орындаған кезде мұғалім сыныпты аралап көріп шығады. Оқушылар бірдей жұмыс жасауы қажет.

    1. Мұғалім қошқар мүйіздің бейнесін түсіреді де, үлгере алмай жатқан оқушыларға көмекке келеді.

    4. Қошқар мүйізді сызуды аяқтау кезеңі.

    Сөйтіп, қошқар мүйіз оюын салуды үйрете отырып, оқушыларды осы оюға қызықтыра түсіру үшін тәрбие сағатын қошқар мүйізді жасалған түрлі-түсті үлгілер арқылы жалғастыра түседі. Тақтаға оларды орналастырудың бірнеше түрлері көрсетіледі. Енді оқушыларды тақтаға шығарып, өз ойларынан ою-өрнек құрастыру керек екенін түсіндіреді. Оқушылар өзінше түрліше қошқар мүйіз өрнегін сала бастайды.

    Үйге тапсырма. Үй сандығы бетіндегі қошқар мүйіз өрнегін көркемдеп салу.

    Міне, осындай жүйелі жұмыс жүргізілген мектептерде оқушылар өнердің әр саласынан эстетикалық ләззат ала білетін дәрежеге жететіні сөзсіз.

    Қорыта айтқанда, мектепте оқушыларға өнер саласынан эстетикалық тәрбие берумен бірге жас талапкерлерді өнер өріне ұмтылуға дағдыландыру да керек.

    2.5.8. Тәрбие сағатын талдау үлгісі

    /шартты түрде алынған/
    1. Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні.

    2. Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.

    3. Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?

    4. Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? /Кеш, конференция, пікірталас, әңгіме, жиын, жиналыс/.

    5. Тәрбие сағатының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?

    6. Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділеріі және ұйымдасдырушысының белсенділік деңгейі қандай болды?

    7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дәрежеде болды?

    8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?

    9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?

    10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды?

    11. Тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер өтті? Себебі.

    12. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды? Болса, оларды болдырмау үшін қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?

    13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?

    14. Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?

    Бақылау сұрақтары
    1.Сынып сағаты немесе тәрбие сағаты дегеніміз не және олардың қандай айырмашылықтары бар?

    2.Сынып сағаты – тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы дегенді қалай түсінеміз?

    3. Сынып сағатының тәрбиелік қызметтіне не жатады?

    4.Сынып сағатының түрлері қандай?

    5.Сынып сағатын ұйымдастыруға қойылатын талаптар қандай?

    6.Сынып сағатының құрылымы қандай бөлімдерден тұрады?

    7.Сынып сағатын нәтижелі ұйымдастыру шарттары қандай?

    2.6. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру
    “Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П. С. Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады. Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.

    Платон “мемлекет туралы” өзінің философиялық трактатында жазған пікірі бойынша біздің назарымызды екі жағдайға аударады: “адамның денесі үшін гимнастика, жаны үшін музыка” қажет. Ондағы айтайын деген ойы, біздің көзқарасымыз бойынша, “гимнастика” тек денені жаттықтыру үшін ғана емес, ол адамды “әдемілік заңы” бойынша дене мүшелерін үйлесімділік пен көтеріңкілікке тәрбиелеудің, ал “музыка” – тар мағынасында біздің тек музыка жайында ғана біліміміз деп түсінбеуімізді, керісінше барлық музаға (көркем өнер мен ғылымның қамқоршы құдайы) қызмет көрсету деп түсіну керектігін меңзейтіндей.

    Олай болса”Салауатты өмір салты” деп нені айтамыз?

    Ол үшін “салауаттылық” пен “өмір салты” деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.

    “Салауаттылық”, яғни “деннің саулығы” – Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. “Деннің саулығы” – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.

    “Өмір салты” – адамның денелік, интеллектуальдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын; дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, “өмір салты” – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін “салауатты өмір сүру” ұғымын білдіреді.

    Қазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”:

    -ең жақсы үйлесімді тәртіп;

    -иммунитетті және денені шынықтыру;

    -дұрыс тамақтану;

    -орнықты өмір сүру әдеті;

    -зиянды әдеттің болмауы (“ауру қалса да - әдет қалмайды”);

    -жоғары дәрігерлік белсенділік - деп түсіндіреді.

    Қазақта “Деннің саулығы - бастың амандығы” - деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі, жаңа ХХІ ғасырдың адамы – дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам - қоғамның маңызды құндылығы.

    Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді өзің сүю, құрметтеуден басталады.

    Ол үшін, оқушыларды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тәрбиелеу қажет. Оған жету, ерінбей, шалдықбай үлкен еңбек етуді қажет етеді. Ондай еңбек – деннің сау болуын қажет етеді. Міне, осы тұрғысында оқушылардың санасы таза, сенімі айқын болуы шарт. Кімде кім өзінің өмірін темекі түтінімен, ішімдік уытымен уласа, арам қылықпен өмір сүрсе, сол ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін тіршілік, өзін қоршаған орта көңілсіз, беймәлім, күңгірт болып келеді. Осы қағиданы әрбір баланың жадына, зердесіне тоқыту, жалпы адамзаттың, соның ішінде мектеп пен ата-аналардың мемлекет, қоғам, бала алдындағы міндетті борышы.

    Философтардың айтуынша, бақытты адамдардың көңіл күйі тек оларды қоршаған қандай да болмасын өмірге ғана байланысты болып келмейтіндігі, сонымен бірге сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланыстылығы. Осындай көзқарас баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. Табиғат адам баласын бақытты және қуанышты өмір сүруге жаратса, ол оны тайсалмай және төзімділікпен қарсы ала білуге дағдылануы қажет.

    Бала кезден бізге мәлім болғанындай: “Қозғалыс – ол өмір”, “Деннің саулығы – жанның саулығы”, “Орынды, дұрыс тамақтану - дұрыс өмір сүру және деннің саулығының кепілі ”. “Күн, ауа және су – біздің ең жақын досымыз” – бүгінгі мектепте осы мәселе қалай қарастырылады? Ал, табиғатты алсақ: орман, тоғай, өзен, көл және дала, оның әр түрлі табиғи өсімдіктері мен шөптері; аспан – оның бұлттан құралған кемелері немесе түнгі аспан - өзінің айы мен жарқыраған жұлдыздары – осының бәрі айналып келгенде мектеп оқушыларының санасына жетерлік пе, әсіресе қала жағдайында ол қалай? Міне, көріп отырғанымыздай “Салауатты өмір сүру” мәселесіне қатысты мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Мәселе, оның санында емес. Мәселе, оның түпкі нәтижесінде! Мектеп өмірінде оның қолданысында!

    Біздің көзқарасымызша, “Салауатты өмір сүру салтына3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін “АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.

    Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие процесінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталандыру және оның жүйесін құруы қажет. Ең алдымен, оның ұстанымын (принциптерін) немесе басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, мысалы, төмендегідей болып құрылуы мүмкін:

    -“Мен ең жоғары құндылық қатарындамын”. Адамның өзін-өзі сүюі - өзінің өмір сүру ақиқаттығына қуануы және өзіне өмір берген табиғатқа жоғары ризашылық сезімінің болуы. Өзін-өзі сүю, яғни өзіне тұлға ретінде құрметпен қарау.

    -“Басқа белгісіз адам және барлық адамзат – ол да жоғары құндылық”. Қашан адамды басқадай көруге үйренесің, сонда ғана сен адам боласың” (А.Н.Радищев). Қайсібір адамды немесе оқушыны – “жақсы” болсын, “жаман” болсын, - оның барлық жағынан қандай екеніне қарамастан қабылдау. Содан кейін өз мүмкіншілігіңе сай оны жақсылыққа бағыттауға, оның дара ерекшелігін оятуға, қамқор болуға тырысу.

    -“Мені қоршаған өмір жағдайы әр түрлі болып келуі мүмкін: жақсы немесе жаман, бірақта менің өзімнің тікелей оған қатынасыма орай, оны өзімнің пайдама асыруға тырыса-мын”. Қиыншылықты жеңу барысында дене мүшелері шың-далады, рух қатаяды, ақыл-ой жетіледі. Қандай да болмасын өмір құбылысының, заттың, адамның, өнер туындыларының жетістігі мен кемшілігі болады. Дегенмен де, олардың әр қайсысын өзімнің жетілуіме пайдалануыма болады. т.с.с.

    Жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға сәйкес, әрбір адамның өзіндік бағдарламасы болуы мүмкін. Мысалы, “Сила жизни” (Варшава, 1988) атты кітаптың авторы Мартин Грей өмірінде көп қиыншылықты бастан кешті: фашистік концлагерде тұтқын болды, басқыншылық кезде ата-анасынан, соғыстан кейін өрт салдарынан әйелінен және төрт баласынан айырылды. Ойлап қараған адамға, оған осыдан кейін өмір сүру, болмаса жүрекке түскен ауыр жарадан айығып, көтерілуі мүмкін емес секілді болып көрінеді. Дегенмен де, ол кітап жазып, сол арқылы басқа адамдарға тірек болуға, өмірден өздерінің бақыттарын табуға көмектесуге тырысады. Оның төменде берген бірнеше кеңесін ұсынамыз:

    -ең алдымен, өзіңді ойлауға тырыс, нақтылы қажеттілікті бос әуре-сарсаңнан бөліп қара;

    -адамдарға зер сал: олардың өзіндік ерекшеліктерін көруге тырыс;

    -өмірге зер сала қара: әрбір минөт сайын біздің айналамыз өзгеріске ұшырайды;

    -қоршаған ортаға қызығушылықты сақта: жылдар өткен сайын біздің әрқайсымызда кездесетін шаршау, жалығу күйге қарамастан, оларды артқа сырғыт. Мұндай әрекет біздің жасаруымызға, көңіл-күйімізді көтеруге мүмкіндік береді;

    -өзіңнің денеңмен жұмыс істеуге үйрен: ол жалқаулықтан сақтануға күш береді;

    -өзіңе сен! Сенімнен айрылу ауруға әкеледі, қайсібір бастамаға кері әсерін тигізеді. Адамның мүмкіншілігін жүзеге асыруға, оның дамуы мен бақытты болуына кедергі болады;

    -дұрыс ұйықтауға үйрен. Ұйқыдағы қиындық - нерв жүйесіндегі зорланушылық, шиеленісушілік және әлсіреу-шіліктің белгісі. Оған дененің толыққанды босаңсуы көмектеседі.

    Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен оны ынталандыру бағдарламасының болуы – бүгінгі өмір талабы. Ол үшін, мұғалімдерде көптеген ғылым саласынан жинақтаған білімдердің болуы шарт: философия, психология, анатомия және физиология, медицина, гигиена, валеология, педагогика, этика, эстетика, экология т.б.

    Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесін ұсынамыз:

    1. Күн сәулесін пайдалану.

    -мүмкіндігіне орай күннің көзінде жиі болуға тырысыңыз. Денеңізді күнге жеңіл қыздыру үшін, оның сәулесімен шомылыңыз. Ол үшін, демалыс кезінде 2-3 апта мөлшерінде күннің көзінде болуды әдетке айналдырыңыз;

    -күннің жарығын пайдаланып өсірген бақша өсімдіктері және жеміс-жидектермен көптеп қоректеніңіз. Әсіресе, күннің көзінде өсетін хлорофиллді көптеп пайдаланыңыз. Ол үлкендер үшін де және балалар үшін де өте қажет тамақ болып есептелінеді;

    -үлкендердің және балалардың әрекетінде көбінесе күнді бейнелеу әдетке айналсын: сурет салу, бөлмені немесе интерьерді безендіру, қабырғаға сурет, картиналарды ілу, өлең, тақпақ, ән тыңдау т.с.с.;

    -серуен құру барысында күннің адам өміріне, құстарға, өсімдіктер мен жан-жануарларға, жалпы тіршілік болмысына тигізер өте маңызды қызметі туралы әңгіме құруды ұмытпаңыз. Одан кімде болмасын үлкен әсер алады.

    -балалармен қарым-қатынаста күнге қатысты сөздерді жиі қолдануға дағдыланыңыз. Мысалы, “Күнім менің”, “Сен бүгін күн сәулесі секілді әдемісің немесе жарқырайсың” т.с.с.

    2. Таза ауамен демалу.

    -таза ауа, ең алдымен, ол адамның организміне – оттек береді, суық ауа – оның денесін шынықтырады, соққан жылы әрі нәзік жел - қуаныш сезімін шашқандай болады. Сол үшін де таза ауада жиі болуға тырысу керек: серуен құру, жұмысқа жаяу бару немесе одан жаяу қайту, сенбі-жексенбі күндері қала немесе ауыл сыртында демалу. Яғни, тәулігіне 24 сағат таза ауада болуға немесе онымен демалуға тырысу қажет;

    -үйде терезенің ашық көзінде ұйықтауды, таза ауада дене шынықтыруды әдетке айналдыр;

    -киіміңіз денеңізге ауа өткізуді қамтамасыз етсін, ешбір жағдайда синтетикалық материалдан тігілген киімді кимеңіз! Әуе ваннасын қабылдауды ұмытпаңыз;

    -емдік оттек коктейлін қабылдауды да ұмытпаңыз;

    -тыныс алу жолдарын жаттықтыруды үнемі пайдаланып отырыңыз (Мүмкін П. С. Брегг бойынша “терең тыныс алу”, Г. П. Малахов бойынша “әртүрлі тыныс алу’’,

    К. П. Бутейко бойынша “терең тыныс алу барысында ауаны жібермей басқаша өзгертіп отыру т.с.с.;

    -Өзіңнің организіміңді темекі түтінімен улама!. Өзіңнің ортаңда темекінің адам өміріне зияны жайында белсенді үгіт-насихат жүргізуді ұмытпа. Ол сенің қоғам алдындағы борышың.

    3. Таза суды пайдалану.

    -құрамында суы бар бақша өсімдіктерін, жеміс-жидектерін және шырын сөлін пайдалануды ұмытпа! Бұлақ, күмістелген, магниттелген, тазаланған суларды ғана пайдалан. Оны 15–30 минут шамасындай уақытта ас ішер алдында, шөлдеген жағдайда және полиэтилен бутылкасын пайда-ланған сусын, шырынмен, сонымен қатар сапасы төмен қызыл шараппен қосып ішкені дұрыс.

    -міндетті түрде денеңе суды пайдалан: күнделікті таңертеңгілік суық сумен шайыну, кешкілік ыстық сумен былау қабылдау, содан кейін таза әрі жұмсақ орамалмен денеңді ысқылау, денеге суды ақтарып, төгіп құю, табиғи ашық су суаттары мен көлдерде, өзендерде шомылуға әдеттен және су асты массаж алуды да ұмытпа.

    -су тақырыбына арналған сурет, өлең, тақпақ, әнді пайдаланып отыру жүйке тамырларының шаршауын бәсеңдетуде және оған ем жасау үшін пайдаланудың маңызы зор.

    4. Табиғи тамақтану.

    -егерде М. Киммелдің сөзіне сенсек “дұрыс тамақтану – бұл ғылым және көркем өнер”. Ашу, ыза, қорқу, сенімсіздік, алаңдаушылық - тамақты қалыпты сіңірудің бірден-бір жауы. Демалыс, тыныштық, өмірге сүйіспеншілікпен қарау немесе өмірді сүю – тамақтың дұрыс қортылуының ең маңызды жағдайы. Тамақ қабылдау барысында ұрсысу, дауыс көтеру, жүйкені шаршату, реніш білдіру т.с.с. денсаулықтың ең қауіпті жауы.

    Сынып жетекшісінің “Салауатты өмір сүру салты” жұмысының бағытында, ата-аналармен, балалармен әртүрлі тәрбие жұмысының формаларында және олармен практикалық әрекетер барысында: мәдени жорық, саяхаттарда ол негізгі тақырыпқа айналуы тиіс.

    5. Ашығу.

    П. С. Брегг бойынша ашығудың мақсаты – адамның барлық организмін толық сауығу жағдайына жеткізуді, оның барлық қызметін жандандыру, жаңартуды көздейді. Себебі, ашығу процесінен кейін қан айналым жақсарады, өмір сүру ұзарады, тамақ жақсы қорытылады, ақыл-ой күші мен дене күші қиындыққа төтеп беруге шыңдалады. Яғни, ашығу – адамның ішкі жан тазалына апарар жол. Сондықтан, ашығу әдістемесі мен технологиясы жайында жазылған кітаптарды әркім өзінің сауықтыру бағдарламаларын жасауда алып қолдануы мүмкін (мысалы, “Чудо голодания”).

    6. Дене жаттығулары.

    Ол көпжақты болып келеді. Бізге дене жаттығуларының емдік қасиеті бұрыннан мәлім және ол дәлелденген: ДЕНЕГЕ, ЖАН-ДҮНИЕГЕ, АҚЫЛ-ОЙҒА кешенді ықпал етеді. Ж. Ж. Руссо: “Жүру және қозғалыс ми мен ойдың жұмыс істеуіне ықпал етеді” - дейді. Олай болса мұғалімдер мен тәрбиешілердің сауықтыру бағдарламасында:

    -жас және дене мүшелерінің ауытқу немесе даму ерекшеліктеріне қарай өздерінің және балалардың таңертеңгілік, күндізгі және кешкі “дене жаттығу бағдарламаларын” жасаулары тиіс;

    -спорт клубтарында, үйірмелерінде, алаңдарында, жорықтарда дене жаттығуларын жүргізумен машықтану;

    -дене жаттығуларын күн сәулесімен, таза ауамен, таза сумен және табиғат аясында кеңінен үйлестіріп отыру;

    -сабақ барысында “Физкультминут және пауза /үзіліс/” ұйымдастырып отыру. Мектептің өткен тәжірибесі көрсеткендей, жоғарыда аталған 3-5 минөт аралығында ұйымдастырылған “дене шынықтыру үзілісінің” оқушылар үшін маңызы ерекше. Ол сабақтар барысында шаршау, шалдығу кезеңдерін болдырмау, сол үшін де қан айналым процесін жандандыруға септігін тигізіп, оқушылардың психикалық процестерін едәуір жандандыруады;

    -сабақ барысында ойын элементтерін, көркем-эстетикалық құралдарын қолданудың да тигізер пайдасы мол. Бұл оқушылардың ақыл-ойы және әсерленуі, сезім әрекетінің күшейуіне оң ықпал етеді.

    7. Жақсы демалыс.

    Бұл әркім үшін әртүрлі сипатта болып келеді. Біреулер толыққанды тыныштықты, енді біреулер еркіндікті, тағы біреулер өздері сүйетін іспен айналысуды: саяхат жасауды, жорыққа шығуды, би кештеріне қатысуды қалайды. Олар, әсіресе күнделікті отырып жұмыс істеу салтынан айыруға, бірмезгіл қозғалыс жасауға мүмкіндік береді;

    -күнделікті бір мәрте дене шынықтыру, ұйықтап алу, серуен құру т.с.с. қысқа мерзімдік демалыс жасауды немесе отбасымен аптасына бір рет табиғат аясына шығуды және жылына бір мезгіл демалыс алып өзен, көл жағасында, орман-тоғай арасында демалысын өткізуді әдетке айналдыру;

    -адамдармен қарым-қатынаста, отбасында, мектепте, табиғат аясында, мәдени орындарда, өзіңнің ішкі жан дүниең мен сыртқы келбетің: киімің, шашың, жүріс-тұрысыңда жақсылық пен әдемілік қатар жүрсін. Осының бәрі жеке бағдарламада көрініс табуы қажет.

    8. Жақсы мүсін (хорошая осанка).

    -тік жүру, түзу тұру, отыру, ешқашан аяқты бір-біріне айқастыра отырмау. Басты тік алға қарай ұстау, ішті тарту… Бұл тек адамның сырт көрінісінің эстетикасы емес, сонымен бірге дене мүшелерінің - мидың, жаурынның, жүректің, өкпенің, ішектердің, мойын және арқа омыртқаларының, буындардың қызметінің дұрыс атқаруында маңызды рөл атқарады;

    -“Мен адаммын”, “Менде мақтанатын нәрсе бар!”, “Менде бәрі де жақсы”… Осындай жақсы пішін мен мүсінде кімді де болса қуантары, қуаныш сезіміне бөлеуі, шаттануына мүмкіндігі болады. Өмір сүруге, сүюге құлшынысы пайда болады. Бұл тәрбиешілер үшін негізгі міндеттердің бірі болуы тиіс.

    9. Ақыл-ес.

    -бұл салауатты өмір салтын ынталандыруды қандай қажеттілікті өтейді деп бір сәт ойлануыңыз да мүмкін? П. С. Брегг: “Сіздің ойыңыз өзіне тарту немесе өзінен кері итеру қабілетін меңгерген нағыз күш, магнит. Жағымды тәсіл, жетістікке қол жеткізеді, жағымсыз – жолы болмауға, қиратуға, бүлдіруге әкеп соғады” – дегендей, өзіңді және оқушылардың нәтижелі рухани-интеллектуальдық көңіл-күйін орнықтыруға қамқор болуды әсте естен шығарма. Ол үшін, жағымсыз ойдың жоғары болуына жол бермеу қажет;

    -әр түрлі интеллектік және танымдық әрекеттің формалары арқылы оқушылардың ойлау өрісін сабақтан тыс жұмыстары барысында кеңейту, ақыл-ой күшіне, оқуға жағымды қатынасты қалыптастыру;

    -сабақтан тыс жұмыстарда оқушылармен бірге ақыл-ой еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың жолдарын меңгеру (қалай оқу, жазу, көшіру, жоспар құру, дәрісті қалай тыңдау, сабаққа әзірлену керек т.с.с.);

    -күнделікті өзіңнің ақыл-ойыңды қызықты танымдық ойындарға бағыттап, соған сай әрекетіңді ұйымдастыр: сөзжұмбақты, викторина сұрақтарын, сөздік ойындарды т.с.с. шешу;

    -өзіңнің және балалардың “қоқыс ақыл-ойдан” аулақ болуын сақтандырып отыр (Г. П. Малахов бойынша).

    Мүмкін, ақыл-ойды дамытуға қатысты бұдан басқа да жұмыстың түрлері және жатығулар болуы мүмкін. Ол әркімнің өзінің ынтасы және қызығуына сай жаңадан туындап отырады.

    Төменде сыныптан тыс тәрбие жұмысында оқушылармен атқаратын “Салауатты өмір сүру салтына” арналған тәрбие сағатының үлгісін ұсынып отырмыз.
    2. 6.2 «Салауатты өмір салты»

    (Тәрбие сағатының үлгісі)
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27


    написать администратору сайта