Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
Скачать 0.6 Mb.
|
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу. Міндеттері: а) Білімдік: Шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, ЖҚТБ (СПИД)-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын ауырулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. ә) Тәрбиелік: Оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, ЖҚТБ-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отыра, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру. б) Дамытушылық: Оқушылардың терапевт, фтизиатор, невропатолог, гематолог, гинеколог, фармацевт, психолог, химик, биохимик, нарколог, құқық, статист мамандықтары бойынша түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне қатысты сауатын дамыту. Ұйымдастыру формасы: Баспасөз конференциясы. Көрнекілігі: Газет, журнал материалдары; фото-альбом және әртүрлі мазмұнды плакаттар мен суреттер; реферат жұмыстары, қажетті әдебиеттер. Өтілу мерзімі, уақыты: Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру және “Темекінің”, “Ішімдіктің”, “Нашақорлықтың”, “ЖҚТБ-ның адам өміріне зиянды әсері” тақырыптарына реферат жазу, стенд, қабырға газеттерін шығару жұмыстарын тапсыру. Шақырылатын қонақтардың тізімін әзірлеу. Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз. Тақырыптың мақсатын, тәрбие сағатының барысын түсіндіру. 2. Тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға пікір алмасу: “Жас алаш”, “Егемен Қазақстан”, “Ақжол”, “Ұлан”, “Алматы ақшамы”, “Жас қазақ” газеттері және “Парасат”, “Денсаулық” жорналдары тілішілерінің арнайы шақырылған мамандарға сұрақтарын талқылау. 3. Оқушылардың алдын-ала дайындаған жұмыстарын талқылау. 4. Қорытынды. Өту барысы: Кіріспе сөз. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев “Халық денсаулығы” атты Мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі екендігін атап көрсеткені баршамызға мәлім. Олай болса, “Бағдарламада” Қазақстан азаматтарының денсаулығына әсер ететін барлық факторлар жан-жақты мұқият екшелеп бағамдалған. Бағдарламаның басты мұраты – халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалды жақсарту. Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыс-тың әйгілі ойшыл ғалымы Әл-Фараби “Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақ-тарыңызды айтып берейін” деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты? ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы және шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57 пайызы, жас өспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдардың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы нашақорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдер екенін көреміз. Олай болса, балалар “Салауатты өмір салты” – осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олардың жан-жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдай туғызуды көздейді. Себебі, Қазақстан елінің экономикалық-әлеуметтік жағдайының өрге басуы тек материалдық байлықты молайтуда ғана емес, сонымен бірге сол игілікті істі тындыратын адамдардың денсаулығы мен рухани өмірінің салауаттылығына тікелей байланысты. Сол үшін де, халқымызда: “Бірінші байлық – денсаулық” деген ұлағатты сөздері текке айтылмаған секілді. Енді, балалар бүгінгі тәрбие сағатына келген қонақтарымызды таныстырып, соларға кезек берелік. ІІ. Сөз кезегі “Жас алаш” газетінің тілшісі. Тілші сұрағы: “Шылым шегудің адам ағзасына қандай зиянды әсері бар?” Терапевт: Шылым шегу зиянды әдет, ағзаны улайды. Себебі, шылым шеккенде, онан бөлінген зиянды заттар ауа арқылы ауыз қуысына, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі қабықша және өкпе көпіршіктері бетіне қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен басқа 200-дей зат кездеседі. Сондықтан, шылым шегетін адамды, шылым шекпейтін адамнан оңай ажыратуға болады. Шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді, түсі ерте бұзылады, терісінің созылғыштық қасиеті кемиді. Адамның шылымды әрбір шеккені сайын оның тамырлары 30 минут шамасында тарылып отырады. Бұл жүректің қызметін күшейтеді. Жүрекке көп күш түскендіктен, ол тез қажиды. Тамырлардың тарылуынан шылым шегетіндер аяғын сылтып басатын ауыруға ұшырайды, тіпті мүгедек болып қалатын жағдайлар да кездеседі. Шылым шегетін адам гастрит, стенокардия, инфаркт сияқты ауруларға шалдығады. Сонымен бірге бауыр, бүйрек-тің де жұмысы бұзылады. Шылым шегетіндердің өмірі шылым шекпейтіндермен салыстырғанда 6–12 жылға қысқарады. Никотин шылым шегетін адамға ғана зиянды емес, оның едәуір бөлігі ауаға таралып, айналасындағыларды да уландырады. Химик: Темекі түтініндегі 200-ден астам химиялық зат денсаулық үшін қауіпті екені анықталған. Олардың қата-рында никотин, көмірқышқыл газы, азот қышқылы, аммиак, виемут, эфир майы, сірке қышықылы т.б. бар. Темекі түтінінің улылығы автокөліктерден шығатын газдан 4 есе, тұрмыстық газдан 250 есе артық. “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі:“Шылым шегудің тыныс жолдарына әсері қандай?” Фтизиатор: Шылым шегетіндердің тыныс жолдары қабынып, қинала жөтелетіні белгілі. Тыныс жолдарының үнемі қабынуынан кілегейлі қабықшаның қорғаныштық қабілеті кемиді. Сондықтан, шылым шегетіндер салқын тиетін және жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Көптеген химиялық қосылыстар қатерлі ісік (рак) ауруын тудырады. Шылым шекпейтіндерге қарағанда шылым шегетіндердің өкпе қатерлі ісігімен 6–10 есе жиі ауыратыны мәлім. “Ақжол” газетінің тілшісі:Шылым шегудің жүйке жүйесіне әсері қандай? Невропатолог: Шылым шеккеннен 2-3 минөттан кейін никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмен-детеді. Себебі, никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азайады. Жүйке жүйесінің қызметі, адамның естуі мен көруі нашарлайды. Түсті ажырату қабілеті төмендейді. Әсіресе, шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке жүйесі тез бұзылады. Жасөспірімдер ашуланшақ, жалқау болып, ұғу қабілеті төмендейді. Никотин - өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз исі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді. Адамға бір тамшы никотин берсе сеспей қатады. Адам шылым шегумен әуестенген кезде, оған әбден үйренуі 3 сатыдан өтеді: 1. Шылымды алғаш шеккен кезде адамға онша ұна-майды, жағымсыз болады, ағза жеңіл түрде уланады. 2. Темекі – есірткі. Сондықтан да, адамның біртіндеп темекіге деген зауқы арта түседі. Ол оның түтінінен қанағат алады. 3. Шылым шегетін адам темекінің зияны бар екенін түсінеді, бірақ тастап кете алмайды. “Парасат” жорналының тілшісі:Темекінің зардаптары туралы нақты мысалдар келтірсеңіз? Статист: Темекі түтіні адам ағзасына зиянды. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн. адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Оларда өкпе қатерлі ісігі 20 есе көп болады. Баскетболшының 1 шылым шеккенен кейінгі торға доп тастауы 12 пайызға кемиді. Әрбір шылым адам өмірін 12 минөтке қысқартады. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100 м. қашықтыққа жүгіргеннен кейін, тамырдың соғуы 120-130 болса, ал шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруларымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі аурады. Олардың 80 пайызы өкпе ауыруына шалдығады. “Ұлан” газетінің тілшісі: Жасөспірімдер арасында шылым шегуге әуестенушілік себебі туралы айтып берсеңіздер. Психолог: Мектеп жасында көбіне ештеңемен шұғылданбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыс-пайтын оқушылар шылым шегеді. Жоғары сынып оқушылары өздерін шылым шегіп көрсеткісі келеді. Көбінесе ересектер тобы еліктейді. Сондықтан да олар шылым шегуді сән ретінде санайды. Оның әсері жастайынан ұмытшақтық пайда болып, жүйке тамырлары уланып, оқу үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Әрі ұрысқақ, ашуланшақ болып өседі. Ол үшін бала кезден шылым шегуге әуестенбей, денсаулықты сақтауға тырысу қажет. Жүргізушінің сөзі: Сонымен құрметті конференцияға қатысушылар “Қазақстан-2030”, “Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы” – біздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ жастардыкі. Сондықтан, олардың дені сау, білімді де тәрбиелі азамат болуы – ел үшін, халық үшін, ұрпақ үшін үлкен бақыт. Олай болса, салауатты өмір сүруге кері ықпалын тигізетін тағы бір індет, ол – ішімдік. “Алматы ақшамы” газетінің тілшісі: Алкогольдік ішімдіктің адам ағзасына тигізетін әсері қандай? Гематолог: Спирт ішімдігімен айналысқан адамның ағзасы алкоголь деп аталатын улы затпен уланады. Алкоголь жасуша жарғақшасын, жүректің бұлшық етін уландырады, зақымдайды. Алкогольден қан, жүрек тамырларының қабырғасы өзгереді. Жүрек жұмысының бұзылуымен ағза қанмен нашар қамтамасыз етіледі де, ауруға ұшырайды. Жүрек соғуы жылдамдап, тынысы тарылып, адамның еңбекке қабілеті және мидың қалыпты жұмыс істеуі төмендейді. Оның салдары, адамның ақыл-есінен айрылып, айналасындағыларға зиян келтіреді, тіпті қастандық жасауға барады. “Ақ желкен” журналының тілшісі: Алкогольдік ішімдіктің болашақ ұрпаққа әсері қандай? Педиатр: Ғалымдар ата-ана маскүнемдігінің әсері бала денсаулығына қаншалықты зиянды болатындығын өткен ғасырдан бері зерттеп келеді. Себебі, маскүнемдіктен туған балалардың есте сақтау қабілеті нашар, талдау қабілеті жойылатыны байқалады. Сондықтан да олар бір мәселеге қатысты белгілі бір ойды қорыта алмайды. Мысалы, есеп шығару барысында оның бастапқы шартын ұмытып қалу салдарынан, оны аяғына жеткізе алмайды. Сол себепті, мұндай балалардың үлгерімі нашар, көбіне шыдамсыз келеді. Алкогольді жиі пайдаланған адамдардан туған баланың орталық жүйке жүйесі ауыр зақымдалып, ұстамалы ауыруға жиі шалдығуы мүмкін болады. Жүргізушінің сөзі: Салауаттылық өмірге кері ықпалын тигізетін тағы бір індет – нашақорлық. Себебі, бұл ауруды адам баласы өзі қолдан жасайды. Енді, осыған тоқталалық. “Жас қазақ” газетінің тілшісі: Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында нашақорлық салдарынан қанша адам есепте тұр? Статист: Алматы қаласында есірткелік, психотропты және әсері күшті басқа да заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін 6000 астам адам есепте тұр. Бұның жартысы жасөспірімдер. Наркологтар қазіргі кезде нашақорлықпен сырқаттанған адамдар саны, маскүнемдікке шалдыққандар санымен теңесіп қалды дейді. Мұндай науқастардың азғантай бөлігі ғана емделуге өз еркімен келеді, қалғандарын полиция не туыстары алып келеді. Сондықтан, мұндай қолдан жасалған сырқат сол отбасында ғана емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Әрбір нашақор кем дегенде 10 адамды үйретеді, яғни өзінің дертін жұқтыруға себепкер болады. Олай болса, қоғамдағы әрбір нашақордың дер кезінде анықталуы – көптеген адамдардың өміріне араша түсуге мүмкіндік беретін және оның алдын алатын маңызды шара. “Ұлан” газетінің тілшісі: “Нашақорлық туралы не айтар едіңіздер? Құқық қызметкері: Апиын, кокайн, геройн, морфий, анаша т.б. улы қоспалар еліктіргіш заттарға жатады. Соңғы жылдары бүкіл әлемді дүрліктіруге айналған есірткі тарту, нашақорлыққа салыну біздің елімізде де күрделі мәселенің біріне айналуда. Нашақорлық - аса қауіпті де қасіретті дерт. Оған ауызданған баланың өзін-өзі тежеуге шамасы келмей, есін жиғызбай, есірткінің басыбайлы құлы болады. “Ақ желкен” журналының тілшісі: Нашақорлық - сырқат дедік. Ендеше оның алдын-алу жолдары қандай? Нарколог: Дұрыс айтасыз, нашақорлық - сырқат. Олай болса, емдеуден гөрі оның алдын алу жеңіл. Соңғы кездері есірткіні пайдалану салдарынан өлім-жітім көбейіп отыр. Әдетте, құмарпаз нашақор 35 жасқа жетпей өлсе, ал жасөспірім нашақор өмірінің ұзақтығы – есірткіні пайдалана бастаған соң 5 жыл шамасында. Алғашқы кезде есірткіні ағзаға енгізу - адамның өзін сау сезініп, көңіл-күйінің алдамшы көтерілуіне, толық тәуелсіз сезінуіне әкеледі. Ал, шындығында есірткіден адам психикалық және дене әлсіздігіне шалдығып, бүкіл ағзалары қатты уланады. Тамырға жіберілетін есірткіні пайдалану нәтижесінде адамның тек психика, жүрек қан тамыры және жүйке жүйесі ғана емес, бауыр, бүйректері де зардап шегеді, ауыруға қарсы тұру мүмкіндіктері нашарлайды, тісі қалыпты жағдайдан бұзылады, тамырлары сырқаттанады, белсіздік дамиды, ақыл-ой деңгейі төмендейді. Ең жеңілі – оны мүлдем пайдаланбау! Жұртқа кеңінен таныс қауіпті дерт – СПИД (Синдром Противо Иммунного дефицита) - құлашын кең жаюда. Әзірге оны емдеудің әдісі табылмай отыр. Қазіргі кезде басты мәселе – аурудың алдын алу, аурудан сақтандыру және санитарлық шараларды қалың жұртшылық арасындағы жастармен жүзеге асыруды ұйымдастыру. “Денсаулық” жорналының тілшісі: СПИД ЖҚТБ ауруы туралы тағы да не айтасыздар? СПИД – бұл бойдағы қорғаныс қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организміндегі иммундық жүйені бұзатын және бүкіл аурулар қатеріне төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, тікелей өлімге соқтыратын айықпас дерт. СПИД-тің алғашқы байқалған тұстары 1977 жыл болатын. СПИД-ті ВИЧ (Вирус Иммунодефицита Человека – Адамның Иммунжетімсіздік Тудыратын Вирусы – АИТВ) ретінде мәлім вирус тудырады. Демек, СПИД (ЖҚТБ) – ауру аты, ВИЧ (АИТВ) - ауру тудыратын вирус аты. “Жас алаш” газетінің тілшісі: СПИД, яғни ЖҚТБ тудыратын вирус (ВИЧ - АИТВ) қалай жұғады? Гинеколог: Вирустың мынандай жолдар арқылы жұғатыны қазір нақтылы анықталды: -информация жұқтырушының жыныс мүшелері арқылы; -жұқпа жұқтырушының жыныс мүшелерінен бөлінетін (ұрық сұйықтығы және қынаптан бөлінетін) сұйықтыққа жанасу арқылы; -анадан ұрыққа қағанақ арқылы; -баланы емізу кезінде. Вирус ауру симптомы білінгенге дейін адам ағзасында 10–12 жыл өмір сүре алады. Алайда жұқпа жұқтырушы адам осы уақыт ішінде өзіне жанасқан түрлері арқылы вирус басқа да кісілерге жұға береді. “Ақ желкен” журналынығң тілшісі: СПИД-тен яғни, ЖҚТБдан сақтандыратын вакцина бар ма? Фармацевт: Қазіргі кезде мұндай вакцина жоқ. Дегенмен, оны жасау жөнінде дүние жүзіндегі көптеген елдердегі сан алуан зертханаларда оларды қауырт іздестіру жұмыстары және тәжірибелер жүргізілуде. ВИЧ (АИТВ) жұқтырған адамдарды СПИД-тің дамуынан сақтандыратын вакцина алу мақсатында (мысалы, доктор Джонас Солко – поливакциндар жасаушы) жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда баспасөз беттеріне зер салсақ, адам өмірінде болып жатқан жағымсыз оқиғалардың көпшілігі есірткі мен ішімдік салдарынан болатындығын аңғару қиындық туғызбайды. Темекі құрамындағы никотин және т.б. улы заттары адам денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Ағзаның ерте қартаюына, денсаулықтан айрылуға себепкер болатын мұндай зиянды заттар дүниеге келген жазықсыз сәбидің кемтар болып туылуына, ішкі құрылыс мүшелерінің зақымданып, әлсіз әрекеттенуіне, ақыл-есінен айрылып, саналықтан кетуіне жол береді. ІІІ. Оқушылардың алдын-ала дайындаған жұмыстарын талқылау Қорытынды: Салауатты өмір салтын ұстану - өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі, мемлекетіміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы үшін оған дені сау, білімді, мәдениетті ұрпақ керек. Ал, сол ұрпақтарымыздың бүгінгі кездегі денсаулығы салауаттылық шараларды үздіксіз ұстануды қажет етеді. Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі таңдағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ. Енді, қорытынды сөзімнің дәлелі ретінде шығыс елдерінде темекі туралы аңызға айналған әңгімені айтып берейін. Ерте кезде темекіні Кавказға басқа елден жаңа ғана әкеле бастаған мезгілде, биік таудың етегінде өмір сүрген бір ақылды да қайрымды қария оны пайдаланбау жайында адамдарды сендіруге тырысқан. Темекіні сату арқылы байыған басқа елдің көпестері, қарияны өз райынан қалай қайтаруды білмей көп ойланады. Бірақта, ол өз дегенінен қайтпайды әрі сатылмайды. Бір күні қария көпестердің тауарларының жанында жиналған көп адамдарды байқап қалады. Көпестер болса: “Тамаша жапырақ, тамаша жапырақ! Онда қандай да болмасын аурудан құтылудың құдіреті бар!” деп айғайлап тұрады. Бірақта, жиналған жұрт оны сенімсіздікпен тыңдайды. Сонда дана қария былай дейді: “Тек ол ғана емес… Тамаша жапырақ адамдарға басқа да пайда әкеледі: темекі тартушының үйіне ұры кірмейді, оны ит қаппайды, ол ешқашан қартаймайды”. Оны естіген көпес сатушылар дана қарияға ризашылық білдіріп, “О дана қария! Сіз өз сөзіңізді бізге түсіндіріңізші” – деп сұрапты. Дана қарияның жауабы: “Ұрының кірмеуі, себебі темекі тартушы адам түні бойы жөтеледі, мұндай сергектік жағдай ұрыға онша ұнамайды. Бірнеше жылдан кейін темекі тартатын адамның күш қуаты әлсіреп, таяқтың көмегімен жүре бастайды. Ендеше, таяқпен жүретін ондай адамды ит қаба ма? Қысқасы, ондай адам қартаймайды, себебі ол өмірден ерте қайтады”. Дана қарияның осындай ақылды сөздерін естіген адамдар темекіден бас тартып, өз беттерімен тарап кетіпті деседі. |