Главная страница
Навигация по странице:

  • Газетке берілетін мақала жоспары

  • Мақсаты

  • ІІ – тур. “Көкпар”.

  • ІІІ-тур. “Полиглот”.

  • Байлық

  • Мереке

  • Сынып жиналысының хаттамасы

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница22 из 27
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

    Газетпен жұмыс жасай білу

    Сенің ең жақсы көмекшің - газет. Газетті дұрыс пайдалана білсең, біріншіден оқушыларды барлық саяси оқиғаларға қатынастыра аласың, екіншіден - жазылған мақалалар жайындағы түрлі пікірталастар, балалардың сұрақтары жаңа тақырыптарға түрткі, қызықты істер ұйымдастыруға себепкер болады.

    Еліміздің қоғамдық, экономикалық, мәдени өмірі, шетелдерде болып жатқан жаңалық, оқиғалар сан алуан. Балаларды кішентайына осы оқиғаларға назар салып, оның мағынасына түсініп, талдай білуге үйретудің мәні орасан зор. Балалар газеті оларға өз замандастарының өмірі мен істерін жеткізе отырып, оларды өте маңызды саяси оқиғалармен белгілі бір дәрежеде таныстыра алады.

    Балалар газеттен алған әсерлері мен ой түйіндерін өз сыныбының жұмысына пайдалана білсін, басқа балалардың жақсы істерін қабылдап, өздері жайлы немесе көкейде жүрген ойларын айтып, газетке үн қосатын болсын. Мұның маңызы өте зор. Өйткені оқушылар газет арқылы басқа балалардың істерімен танысып, олармен бір тұтастықты сезінетін болады. Күнделікті саяси ақпараттар әр сынып өмірінің заңына айналу керек.

    ... Осы аптадағы ақпаратшы бірінші топ, еліміздегі түрлі оқиғалар жайында біреуі айтса, екіншісі шетел жаңалықтарын т.с.с. айтатын болып балалар өзара келісіп алады. Балалар неғұрлым ересек болған сайын солғұрлым өздерінің күнделікті ақпараттарында материалдарды /газет-журналдардан, радиодан/ көптеп пайдаланады. Оқушылар ол ақпараттарды сабақ алдында немесе үлкен үзілісте, немесе сабақтан соң әйтеуір, кез келген тиімді уақытта тыңдайтын болады. Топ-топ болып жарысқа түседі. Кімнің ақпараты әрі толық, әрі айқын, қызық болса жеңіске сол ие болады.

    Егер балалар күнделікті оқиғалармен үзбей танысып отырса, сұрақ та көбейеді. Біреулері бір оқиғаның анық-қанығын әлі де толығырақ білгісі келеді, өзара пікір таластырады. Бұл арада мұғалімнің немесе достардың бірінің ақыл-кеңесі қажет.

    ... Үшінші сынып оқушыларына ұжым болып газет оқыған тиімді. Бірақ газетті басынан аяғына дейін толық оқудың қажеті жоқ. Арасынан қызықты қажетті материалдарды таңдап алып, талдап, балалардың түсінбеген жерлерін түсіндіріп берсе пайдалырақ болады. Ал, 4-5 сынып оқушылары газетті өз беттерінше-ақ оқи алады. Тек алғашқы кезде мұғалімнің өзі қатынасып балалардың ойлануына, талқылауына көмектесу қажет. Балалар газетті жөн-жосықсыз, босқа оқымауы үшін, міндетті түрде газеттің тұрақты айдарларын, қай бөлімде қандай мақала, очерк, жазбалар болатынын түсіндіріп отыру қажет.

    • Газет оқуға үйрету

    Бұл ережелерді баланың есіне салып отырған жөн.

    1. Газет оқуды күнделікті әдетке айналдыр. Газет - жол сілтеуші серігің.

    2. Газеттің әрбір бетінің өзіндік ерекшелігі, мәні бар екеніне түсіне біл. Сонда ғана газет мақалардың мазмұнын бағдарлай алатын боласың.

    3. Әуелі айдар, бөлім, тақырып, мақала атауларымен танысып, ең қызықтысы мен негізгісін таңдап ал.

    4. Ең алдымен хабарларды оқыған дұрыс, өйткені олар елімізде және шетелдерде болып жатқан шағын оқиғалар айтылады. Оқығың келген мақала көлемді болып, оны оқып шығуға уақытың болмаса, белгілеп қой, кейін оқисың.

    5. Мақаланың негізгі түйіні не екен, одан нені үйренуге болатынын жөнінде ойлан.

    6. Терминдерге көңіл бөліп, олардың ұғымын сөздіктен қара.

    7. Еліміздің саяси картасы әрдайым қол астында болсын.

    8. Оқығаныңды үй-ішіңмен, жолдастарыңмен, таныстарың-мен талқыла.
    Газетке берілетін мақала жоспары:

    1. Мақала авторының аты-жөні, мекен жайы.

    2. Оқиғаның болған орны.

    3. Оқиғаның өткен мерзімі.

    4. Оқиғаны қысқаша баяндап шығу.

    5. Ұсыныс жасау, қорытынды беру.
    2.9.4. Саяси үйірмелер мен клубтар – оқушылардың саяси көзқарастарын тәрбиелеудің тұрақты формасы
    Мұның міндеті оқушылардың сабақта, газет, жорнал, радио, көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шыңдауға көмектесу.

    Саяси үйірмелер мен клубтар әдетте жоғарғы сынып оқушылары арасында колданылады. Ондағы жұмыстың формалары мен тәсілдері әр алуан. Мұнда дәрістер мен баяндамалар тыңдалып, пікір алысу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына оқушылармен қатар мектеп мұғалімдері және қоғамдық негіздегі баяндамашылар қатысады.

    Саяси үйірмелер мен клуб жұмысын ұйымдастырудың нәтижелі болу үшін, алдымен тыңдаушылардың құрамына байланысты тақырыпты таңдау және олардың білім дәрежесін анықтау қажет.

    Оның жұмысының мазмұнына жақын және алыс шет елдегі саяси ағымдағы оқиғалар, ондағы адамдардың өмірі мен тыныс тіршілігі, тарихы мен экономикасы және мәдениеті жайлы толып жатқан мәліметтерді оқып білуі, оған оқушылардың баға беруімен қатар, саяси көзқарастарын тәрбиелеу жатады.

    Мұндай жұмысты, әдетте оқушылардың мәліметтер жинауы, оған қысқа түрде баяндамалар әзірлеуі, көрнекі құралдар шығаруы негізінде ұйымдастырады. Саяси үйірмелер мен клуб жұмыстарын ұйымдастыру баяндамалармен қатар, әңгімелесу түрінде де өткізіледі. Ол үшін таңдаған тақырып бойынша алдын ала сұрақтар әзірлеп, дайындық жұмыстары жүргізіледі.

    Ұсынылатын тақырыптың бағыты мен күрделілігіне байланысты жауапты адамдар тағайындалады.

    Сынып жетекшісі саяси тақырыпты әзірлеу мен өткізу барысында, жауапты оқушыларға оның тақырыбын таңдап алуға, нақтылы жоспар құруға, қажетті әдебиеттердің тізімін анықтауға, талқыланатын сұрақтардың негізгісі мен, қосалқысын ажырата білуге көмектеседі, бағыт-бағдар бер1п отырады.

    Мұндай жұмыс барысында оқушылар ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренеді және құрбылары алдында өз ойын айтуға, ағымдағы оқиғаларға баға беруге машық-танады.

    2.9.5. Оқырмандар конференциясы – оқушылардың көркем-әдеби талғамын арттыруда тәрбие формасы
    Оқырмандар конференциясы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.

    Мектеп жағдайында ең көп тараған немесе көптеп қолданатын конференцияға, оқырмандар конференциясын жатқызуға болады. Әдетте, ол белгілі бір жазушылардың ең-бектерін оқып танысуға бағытталады, соның негізінде жастар-дың рухани дүниесін байытып, оларды елжандылыққа, елі-жұрты алдындағы борышын өтеуге, туысқандық пен достық қарым-қатынасын қалыптастыруға, еңбекке, әрі еңбек адамдарына деген сүйіспеншілікке, шынайы махаббатқа тәрбиелеудің тамаша бір құралы болып есептелінеді.

    Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.

    Конференцияның міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсі-нуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.

    Әдеби-көркемөнер шығармаларын жан-жақты талдау оқушылар ұжымының берік қалыптасуына, сана сезімдерінің дамуына, кітаппен жұмыс істей білу мәдениетінің көтерілуіне, өзара пікір алмасу қажеттілігінің пайда болуына ықпал етеді.

    Дұрыс ұйымдастырылған конференция оқушыларды саналы оқуға, теориялық мәселелерді талдай білуге, оқыған кітаптарының кемшілігі мен жетістігін өз бетінше бағалай білуге үйретеді.

    Сынып жетекшілеріне конференцияны өткізу бары-сында оқушылардың дара психологиялық ерекшеліктерін, рухани қажеттілігін, жалпы эстетикалық мәдениет дәрежеле-рін, адамгершілік қасиеттерін, сенімдерін танып білуге мүмкіндік туғызады.

    Конференция тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасының бірі ретінде оған ұзақ мерзімді, әрі тыңғылықты дайындықты қажет етеді, оны аяқасты өткізуге болмайды. Себебі, тәрбие жұмысында қолданылатын әңгіме, дәріс, пікірталас, саяси хабарламаны сынып жетекшісінің көмегімен жақын уақыт аралығында өткізуге болады, ал конференцияны өткізу, оған дайындық мәселелері оқушылардың өздерінің көпщілік болып, тыңғылықты ұйымдастыруын қажет етеді.

    Конференцияның табысты өтуінің бірден-бір шарты, оның дайындық кезеңінің қаншалықты іскерлікпен ұйым-дастырылуына байланысты. Сынып жетекшілері конферен-цияны дайындау барысында оның білімділік пен тәрбиелік маңызына ғана көңіл бөлумен шектелмей, оны ұйымдастыру мен өткізу барысында кездесетін кейбір негізгі кемшіліктерді де ескеріп, көңіл бөліп отыруы қажет. Мұндай кемшіліктер конференцияның қызықсыз өтуіне, оның тәрбиелік маңызын әлсіретуге, оқушылардың белсенділігін төмендетуге кері әсерін тигізеді. Олар шамамен төмендегідей:

    1. Конференция тақырыбы немесе көркем-әдебиет шығармасын таңдаудағы кездейсоқтық.

    2. Конференцияны өткізу орнының үйлесімсіздігі.

    3. Конференцияны өткізу және оған дайындық барысында оқушыларды белсенді немесе белсенді емес деп топқа бөлу.

    4. Конференция немесе оның тақырыбын талқылау барысында белсенді пікір алмасудың болмауы.

    5. Конференцияның тақырыбы немесе онда көтеріліп отырған мәселелер оқушылардың күнделікті өмірінен алшақ болуы.

    6. Конференцияларды ұйымдастыру барысында оның сапасына, мазмұнына мән бермей сан қуалау басымдылығы т.б.

    Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарын жүргізуінің өзі – конферен-цияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі – қорытындысы боп табылады. Сынып жетекшісінің дұрыс бағыт беру басшылығы арқасында оқушылардың тек қана өздерінің дербес, өз бетінше еңбектенуі конференция жұмысына олардың белсенді қатынасуы, өзіндік көзқарасы мен ойының қалыптасуына, қорытынды жасай білуіне көмектеседі.

    Дайындық барысының жауапты кезеңі, ол оқылатын кітап, оның авторы анықталып, оқушыларға тапсырмалар беріледі. Мысалы: автор жайлы, оның өмірі, шығармашылық жұмыстары туралы мәлімет жинастыру; авторға қатысты кітап көрмесін ұйымдастыру; автордың әдеби-көркем шығарма-ларынан қанатты сөздер әзірлеу; конференцияның өткізу орнын безендіру, жоспарын құру; авторды, болмаса әдебиет пәні мұғалімі мен кітапхана жетекшісін, тұрғылықты жердегі көркем-әдеби шығармаларын оқуды жақсы көретін немесе өлең жазатын ата-аналарды шақыру.

    Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп, оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе, қатынасып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақтылы мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт-бағдар береді. Ең негізгісі, оқушылардың қысылмай-қымтылмай өздерін жақсы сезінуге, ойларын бүкпей еркін айтуға, пікір алмасу барысында өзара достық сезім, бірін-бірі құрметтеу жағдайында өткізуге қол жеткізу. Сынып жетекшілері, әдетте 2 немесе 3 оқушыны алдын-ала дайындап, ақыл-кеңес беріп қояды. Конференция жұмысын бұлай ұйымдастыру, кейбір жағдайда уақытты үнемдеуге, оның жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға оң ықпалын тигізеді.

    Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді. Кейбір көлеңкелі тұсқа өзінің көзқарасын білдіреді. Мұндай жағдайда тек менікі дұрыс деген қорытынды шығарудан аулақ болған жөн. Оның дұрыс не болмаса бұрыстығын келесі кезекте, соған сабақтас шығарманы талдау, қосымша әдебиет немесе анықтамаларды қолдану барысында дәлелдеп, түсіндірген жөн.

    2.9.6. Тақырыптық конференция – тәрбие жұмысының оңтайлы формасы

    Тақырыптық конференция – белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Ондағы қаралатын мәселелер өмірдің кез келген саласына арналады.

    Конференцияның тақырыбын таңдаудың маңызы ерекше. Ол оқушылардың тілегімен сәйкес, әрі оларды қызықтыратын болуы қажет. Конференцияның тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленген жағдайда, оқушыларға қажетті әдебиеттерді оқу ұсынылады. Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрып, қанатты сөздер әзірлейді.

    Тақырыптық конференцияда, оның мақсатына сай көкейкесті сұрақтарды әзірлеп, алдын-ала оқушыларға оны ұсынудың да маңызы ерекше. Сол сұрақтар бойынша ұсынылған әдебиеттерді оқушылардың нәтижелі пайдалануы конференцияны дұрыс өткізуге мүмкіндік туғызады.

    Конференцияны өткізу қарсаңында тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылып, оған қажетті жабдықтар қойылады. Қабырға газеті шығарылады.

    Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба және ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.

    Дайындық барысында хабарландыру ілініп, онда конференцияны өткізу мерзімі мен орны, оның тақырыбы мен көкейкесті сұрақтары көрсетіледі.

    Конференцияны өткізу барысында, оның басшы органы сайланбайды (президиум). Стол үстіне гүл шоғы мен тақырыпқа сай кітаптар қойылады.

    Тақырыптық конференция көбінесе жоғары сынып оқушыларымен ұйымдастырылады, соған сәйкес оның жұмысын өткізу оқушылардың өзіне тапсырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісі оларға алдын ала кеңес, оның жұмысының барысында бағдар беріп отырғаны жөн.

    Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, конференцияның мақсатын түсіндіргеннен кейін, баяндамашыларға кезек береді. Баяндаманың мазмұны түсінікті, көлемі шағын, нақтылы мәселеге сай құрылуы тиіс. Баяндама оқылып болғаннан кейін, әркім өз ойын ортаға салады. Конференция жұмысына пән мұғалімдері де шақырылып, олардың да пікір алмасуға қатынасқандары жөн. Конференцияны бұлай ұйымдастыру кезінде оқушыларда жігер пайда болады. Өз ойларын бүкпей, тең дәрежеде, ынтымақтастық жағдайында өткізуге мүмкіндік туады. Кейбір жағдайда, конференция соңы пікірталасқа айналуы мүмкін. Әркім өз пікірін дәлелдеуге тырысады. Мұндай жағдай конференцияның нәтижелі өтуіне, оқушылардың талқыланып отырған мәселеге сай сенімі мен көзқарасының дұрыс қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

    Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізушісі оны қорытынды сөз сөйлейді. Атқарылған жұмыстарға баға беріп, конференция жұмысының жетістігі мен кемшілігіне тоқталып, маңыздылығын атап көрсетеді.
    2.9.6. Кездесу – оқушылардың қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеудің оңтайлы формасы
    Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру – мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы. Әсіресе, қызықты кездесулер өткізген тәрбие сағаты нәтижелі болады.

    Кездесуге әдетте өнеркәсіп және ауылшаруашылығы озаттары, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, ғалымдар, жазушылар, әртістер шақырылады. Дегенмен де мұндай кездесу оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырғанда және тәрбиешінің педагогикалық ойын іске асырған жағдайда ғана табысты болмақ. Мұндай қызықты кездесулер барысында оқушылардың елжандылық пен адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмектеседі.

    Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алдын ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшелігін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жайында кейбір кеңес береді. Сонымен қатар кездесуге оқушыларды да дайындайды, олардың қызығушылығын оятып, шақырылған қонақ жайында құнды мағлұмат береді. Белсенділермен бірге оқушылар арасында тапсырмаларды бөледі, дайындық барысын қадағалайды. Кездесу өткізілетін орынды безендіреді, жоспарын жасайды.

    Оқушылардың озат адамдармен кездесуі жауапты кезең. Сондықтан да, олар мұндай кездесулерді өткізуге алдын ала мұқият әзірленуі тиіс. Өйткені, балалардың атақты адамдармен кездесуі олар үшін үлкен сабақ.

    Кездесулерді ұйымдастыруда оқушылар арасында оған алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше. Ол үшін, сынып жетекшісі, кездесудің нақтылы мақсатының белгіленуі және оқушылармен кездесуге кімді шақыру керек деген мәселені дұрыс шешіп алғаны жөн. Одан кейін қонақты шақыруға балалар өкілдері жіберіледі. Бұл оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруға, болатын кездесуге олардың ықыластарын оятуға көмектеседі.

    Дайындықтың маңызды бір саласы сынып жетекшісінің шақырылатын қонақтармен алдын ала сөйлесіп, пікірлесуі болып табылады. Онда оқушылардың құрамымен, олардың жас шамасы, дара ерекшеліктерімен бірге, кездесудің көздейтін мақсаты таныстырылуы керек. Осы орайда сынып жетекшісінің педагогикалық кеңес беруіне де болады. Кездесуді бұлай ұйымдастыру шақырылған қонақ сөзінің шашырамай, нақтылы мәселе төңірегінде айтылуына көмектеседі.

    Кездесудің болатын уақытын алдын ала дұрыс ойластыру, оның тәрбиелік маңызын арттырудың оң кепілі. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қалыптасқан дәстүр ол кездесуді сабақ артынан іле-шала өткізу. Бұл тиімсіз әдіс. Өйткені, бес-алты сабақтан шаршап шыққан балалардың көп жағдайда кездесуге онша ниетті бола қоймайды.

    Кездесуді өткізетін орынды да алдын-ала белгілеп алған жөн. Еліміздің көптеген мектептерінде оқу екі мезгілде (түске дейін, түстен кейінгі уақытта) жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыруда сыныптан тыс уақыттарында оқушы-лармен тәрбие сағатын өткізуде сынып бөлмелерінің тапшылығын тудырады, белгіленген тәрбиелік шараларын атқаруда оқушылардың орын іздеп, сеңдей соғылуына душар етеді.

    Осыған қарамастан аталмыш тәрбиелік шараларды сынып жетекшісі тарапынан атқару шарт болса, оған оқушылардың қатынасуы міндетті. Осының нәтижесінде, атқарылған шаралардың тәрбиелік мәні жойылып, оған дегенде оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.

    Ол үшін, кездесудің сипатына қарай орынды таңдаған жөн болар еді. Атап айтсақ, еңбек ардагерлерімен кездесу өндіріс орындарында, соғыс және еңбек ардагерлерімен мектеп мұражайларында, ал өнер адамдарымен мектеп клубтары, не болмаса, мәдени бөлмерінде өткізгені жөн дер едік.

    Ал кездесу мерзімін негізінен апта соңында, сенбі күндері өткізу мұғалімдерге де оқушыларға да, тіпті шақырылған қонақтарға да тиімді болмақ. Тәрбие жұмысын бұлай ұйымдастыруда сабақтың тиімділігі артып, оқушылар да кез келген істерге алаңдамай біржақты болған болар еді, әрі оның нәтижесі оқу үшінде, тәрбие жұмысына да нәтижелі болмақ.

    Кездесуге оқушылардың өздерін дайындаудың да педагогикалық тұрғыдан құнды екенін ескеру қажет. Ол үшін сынып жетекшісі оқушыларға кездесудің кіммен болатынын, оның уақыты мен өткізу орнын алдын-ала хабарлап қояды. Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың ықыласын оятады. Кездесуге арналып қабырға газеттерін шығарады, кездесу орнын безендіреді, ән-би, тақпақ, көрме секілді оқушылардың өздерінің өнер туындылары әзірленеді.

    Мұның бәрі сөз жоқ кездесудің әсерін күшейте түседі.

    Бұл арқылы сынып жетекшісі достық пен өзара жолдастық көмектің сыныпта берік орнауына жағдай жасайды, оқушыларды үлкендерді сыйлауға және олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді.

    Қызықты кездесулер өмір бойына есте қалады, оқушылардың мамандық таңдауына да зор әсерін тигізеді. Кездесу кезінде олар белгілі мамандықтың неге керек екенін, оған қандай білім мен дағдының қажеттігін ұғынады.

    Алайда кездесулердің бәрі бірдей педагогикалық жағынан дұрыс ұйымдастырыла бермейді. Ондай кездесулердің берер пайдасы аз.
    2.9.7. Баспасөз конференциясы – түсінігі мен еркіндігін тәрбиелеудің маңызды формасы

    Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бұл формасы оқушылар үшін өте ұнамды әрі қызықты болып келеді. Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналардың алдында өз пікірін білдіріп сөз саптауға дағдыландырады. Соған орай конференцияны ойын түрінде өткізген жөн. Оған қатысушы әрбір оқушы тілші, белгілі бір саланың қызметкері немесе қоғамдық және саяси партиялар өкілдері секілді рөлдерді атқарады. Соның барысында оқушылар баспасөз конференциясына қатысушыларға үлкен ілтипат көрсетіп, көп нәрседен хабардар болады, тіпті олардың өздері белгілі бір рөлдерді орындауға тілектер білдіреді.

    Баспасөз конференциясы балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көніл күйге баулиды, қаралып отырған мәселенің мән-мағынасын ұғынып, білуге, әрі оны жүйеге келтіріп ауызша айтып беруге дағдыландырады.

    Баспасөз конференциясы арнаулы орындарда (үлкен бөлмелер немесе клубтар) өткізіледі. Сахнада конференцияға қатысушыларға алдын ала арнаулы орын әзірленеді. Конференцияны жүргізуші жауапты хатшы оның жұмысын ашып береді де, оған қатысушы арнайы шақырылған немесе өздері ұйымдастырған қонақтарды таныстырып, сұрақ қоюшыларға кезекпен кезек сөз беріп, ретімен жүргізіп отырады. Соңында оның жұмысын қорытындылайды.
    2.9.8. Конкурс – оқушылардың ой-өрісі мен тапқырлығын тәрбиелеудің оңтайлы формасы
    Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде, ойлаған істің сәтті шығуына, оған белсене қатысуға мүмкіндік туғызады.

    Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.

    Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс-инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет т.б.

    Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анық-талып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар алқасы тағайындалады. Залды безендіру, оның ұйымдастырудың үлгісін жасау жұмыстары атқарылады. Конкурсқа қатысамыз деген коман-далар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді.

    Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі. Мұның өзі командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Яғни, оқушылардың өз бетінше еңбек ету қабілеттерін арттырады, шығармашылық ізденуге дағдыландырады, ұжым үшін еңбек етуге тәрбиелейді.

    Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып табылады. Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытындыланып, марапатау рәсімі атқарылады.

    2.9.9. ХХІ ғасыр көшбасшысы - тәрбиенің бейдәстүр формасы ретінде

    (интеллектуалдық шоу)
    Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.

    І. Қатынасушы жақтардың өзін-өзі таныстыруы (Хоббиы. Мұраты. Ұраны).

    ІІ. Конкурс “Бәйге” (1 жауап – 5 бал). Кім бірінші болып дабыл көтерсе, сол бала сұраққа жауап береді.

    1-сұрақ: Әлемдегі ең кішкентай құс (Колибри – 2 г.).

    2-сұрақ: Әлемдегі ең үлкен құс (Түйе құс – 90 кг.).

    3-сұрақ: Нейтронда қандай заряд бар? (Нейтронда заряд жоқ).

    4-сұрақ: Вакумдағы жарықтың жылдамдығы қандай? (с=3 x 108 м/с және с=300 км/с.).

    5-сұрақ: Күн жүйесінде қанша планета бар? (9 планета).

    6-сұрақ: Инерция заңын кім ашты? (Г.Галилей).

    7-сұрақ: Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (Жылдық сақинасына қарай).

    8-сұрақ: Менделеев кестесіндегі бірінші элемент (Сутегі).

    9-сұрақ: От құдайы? (Прометей).

    10-сұрақ: 3.14 саны нені білдіреді? (Пи).

    11-сұрақ: Дөңгелектің ауданы (S= ПR2)

    12-сұрақ: Су үстінде қай қала орналасқан? (Венеция).

    13-сұрақ: “Соғыс және бейбітшілік” кітабының авторы кім? (Л. Толстой).

    14-сұрақ: Қазақстандағы бірінші академик кім?

    (Қ. И. Сатпаев).

    15-сұрақ: Космосқа бірінші сапар шеккен қазақ кім және қай жылы? (Т. Әубәкіров, 2 қазан, 1991 жыл).

    16-сұрақ: ХХ ғасыр адамы кімдер? (А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Д. Нүрпейсова, М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Б. Момышұлы, Д. Қонаев, Н. Назарбаев, О. Сүлейменов, Т. Әубәкіров).

    ІІ – тур. “Көкпар”.

    Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді.

    Тапсырма: Темекі шегудің пайдасы және зияны қандай?

    Бірінші топ оның пайдасын, ал екінші топ оның зияны туралы әңгімелейді.

    ІІІ-тур. “Полиглот”.

    Тапсырма: Мақал және мәтелдердің бастапқы бөлігі айтылады, ал ойынға қатысушылар оларды жалғастырып, аяқтайды. Соңғы сөздері неміс (немесе басқа шет тілінде) және орыс тілдеріне аударылады.

    1. Байлық - байлық емес… (Бірлік байлық. Байлық - Reіctum).

    2. Ойнап сөйлесеңде…(Ойланып сөйле. Сөйле - Aprіch).

    3. Еңбектің наны тәтті… (Жалқаудың жаны тәтті. Тәтті - Sess).

    4. Еңбектің түбі – береке… (Көптің түбі – мереке. Мереке – Eіn Fesst).

    5. Жақсы сөз… (Жан азығы. Азық - Essen).
    1. Терпенье и труд все перетрут.(Arbeіt)

    2. Грамоте учиться, всегда пригодится. (Lernen)

    3. Доброе братство милее богатства. (Reіchtum)

    4. Старый друг лучше новых двух. (Freund)

    5. Не имей сто рублей, а имей сто друзей. (Hunolent)

    ІV-тур. “Егер де мен…”

    Сіздер төтенше жағдайлар комитетінің басшы қызметкерісіз. Сіздерің әрекетіңіз.

    Сіздерге 30 секунд мөлшерінде ойлануға уақыт беріледі.

    V-тур. Нақтылы сұрақ.

    1. Физика. Атомның құрылымы.

    Атомның еркін жылдамдығы немен тең? (g = 9.8 м/с 2)

    2. Тарих. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр). Т.с.с.

    VІ-тур. Тамаша жетілік.

    1. География. Жер атмосферасы қандай қабаттардан тұрады? (тропосфера, стратосфера, атмосфералық жоғары қабат: мезосфера, ионафера)

    2. Биология. Жер бетіндегі өсімдіктердің ортаңғы бөлігі қалай аталады? (Сабақ - стебель)

    3. Тарих. Қазақ жері қай жылдан Ресей құрамына енді? (1731 жылы, Әбілқайыр хан тұсында)

    VІІ-тур. Шешендік сайысы.

    Қорытынды бөлімі.
    Метод мозговой атаки. Педагогика. Большая современнаяэнциклопедия. С.302
    2.10. Оқушылардың сынып жиналысы – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ұжымдық формасы ретінде
    2.10.1. Сынып жиналысы, оқушылар ұжымын қалыптастырудағы оның мәні мен ұйымдастыру әдістемесі
    Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі бір формасы (түрі) – сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік қағидасын меңгереді.

    Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі қызметіұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.

    Сынып жиналысы – бұл оқушылар ұжымының өзіндік жұмыстарының оңтайлы формасы. Онда оқушылар мен ұстаздардың құқықтары мен теңдіктері сақталып, әрекеттері бірлікте болады. Соған сәйкес сынып жетекшісі, бір жағдайда, оған әкімшілік пен оқу мекемесінің өкілі ретінде қатысса, екінші жағдайда, сынып ұжымының тең құқылы мүшесі ретінде қатыса алады. Сондықтан, сынып жетекшісінің сынып жиналысын дайындау кезеңіне, оның жұмысына қатысуы және шешімінің орындалуына атсалысуы міндетті шара болып есептеледі.

    Сынып жетекшісі оқушылармен қатар белгілі бір мәселеге дауыс бере отырып, оның орындалуына тікелей басшылық етеді. Дегенмен де, ол оқушылар ұжымының тең құқылы мүшесі болып, жиналысты дайындау және өткізу барысында оған қамқоршы, көмекші бола алады. Кейде, тіпті, оның жетекшісі де болады. Ол барлық жағдайда өзінің пікірін балаларға зорлап міндеттемей, өз көзқарасын сыпайы, елеусіз жағдайда білдіре алады. Болмаса, ұсынысын ашық түрде, тек қажет болған жағдайда ғана білдіре алады. Міне, бұл жағдай сынып жетекшісіне балаларға сынып жиналысын демократиялық жолмен өткізуді үйретуді міндеттейді: өз жолдастарын сабырлықпен тыңдай білу, талқыланып отырған мәселеге салқын қандылықпен қатысу, пікір алмасу, басқаның пікірін сыйлау, ұжымдық шешімге жауапкершілікпен қарау және оны қабылдау, сонымен бірге көпшіліктің қалауына бағыну, т.с.с.

    Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б. секторлардың жұмыс жоспарын талқылап, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге, сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті атқару, сынып немесе мектеп айналасында тазалықты сақтау мәселесі, т.б.).

    Сынып жиналысы – тек бір мәселе жөнінде (тақырыптық), болмаса бірнеше мәселені талқылау жайында (сынып-тың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды тыңдау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау т.с.с.) өткізілуі мүмкін. Кейде белгілі бір сұрақты шұғыл талқылап, шешім шығару қажеттілігіне орай да жиналыс ұйымдастырылады. Ерекше жағдайда сынып жетекшісінің, мұғалімдер немесе әкімшіліктің сұрауымен де өткізіледі.

    Мақсатқа сәйкес кейбір сұрақтарды, мысалы сынып бөлмесін жөндеу жұмыстары, емтиханға әзірлік, мектепті бітіру кеші, жорыққа шығу, ұжымның болашақта алдында тұрған істерін шешу т.с.с жұмыстарды ата-аналар және оқушылар немесе мұғалімдердің жиналысында бірігіп шешуді қарастырады.

    Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы, жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып жетекшісінің басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Ол үшін әрбір ұжым мүшесі өз пікірін ашық айтып, жоспарда көрсетілген мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізіп отыруы тиіс. Жиналыс барысында шешуге тиісті мәселелер ұсынылады, талқыланады, соған сәйкес міндеттері анықталады. Сондықтан, жиналысқа қатысты мәселелерді анықтау барысында алдын-ала сауалнама жүргізіп, оқушылардан қандай сұрақтарды талдау қажеттілігі сұралуы да мүмкін. Жиналыс шешімі бойынша жауапты адамдар немесе топтар анықталып, атқарылатын шаралардың мерзімі, уақыты белгіленеді.

    Сынып жиналысы айына бір мәрте өткізіледі. Соған қарамастан оқу жылына қатысты қаралатын барлық мәселелерді алдын ала бір жиналыста қарастыру мүмкін емес. Кейде оның тақырыбы күнделікті жұмыс барысында да туындап отырады.
    2.10.2. Сынып жиналысын өткізу технологиясы
    Жиналысқа қатысушы оқушылар жартылай шеңбер құрып, бір-бірін көріп отыратындай жағдайда болуы шарт, ондай жағдай оларды әңгімеге тарту, үнсіз қалушылықты болдырмау секілді келеңсіздікке жол бермеуге мүмкіндік жасайды. Жиналыстың бастапқы кезеңінде оны жүргізуші оқушы немесе мұғалім оқушыларға алдын-ала берілген сұрақтарды ұсынып, оның күрделігіне және сипатына қарай талқылауға 3-5 минут шамасындай уақыт береді. Жиналысқа қатынасушылар сол қаралып отырған мәселеге қатысты өздерінің пікірлерін айта отыра, мүмкін шағын топқа бөлініп, өзара түсінушілікпен оның жауабын іздейді. Жүргізуші ондағы жауаптарды сараптап, қорытынды жасайды.

    Келесі кезекте, талқыланып отырған мәселеге қатысты көзқарастағы қарама-қайшылыққа сәйкес пікір сайысы да болуы мүмкін. Жүргізуші, мұндай жағдайда қарама-қайшылықты дұрыс арнаға бағыттай отырып, пікірдегі дәлдікті талап етуі қажет. Егер пікір сайысы барысында жаңа мәселе немесе жаңадан қосымша сұрақ туындаса, онда пікір алмасу үшін тағы да 3–5 минут шамасындай уақыт бөлген жөн. Содан кейін барып, шағын топ өкілдері өзара шешімдерін жиналысқа жеткізеді. Яғни, өзара шағын топ жағдайында пікір алмасу, оқушылардың қаралып отырған мәселеге тым жайбарақаттыққа, енжарлыққа салынбай, керісінше әрбір оқушының өз ойлары мен пікірлерін қысылмай кең жағдайда талқылауына мүмкіндік береді.

    Жиналыс барысында мұғалім немесе сынып жетекшісі оқушылармен бірге жұмыс істейді: ойланады, кеңес береді, шешімнің оң нұсқасын балалармен бірге іздейді. Соған сәйкес балалардың пікірін қуаттап, қолдап, ынталандырып, ойлау процесін жандандырып отырады.

    Жиналысты дайындау және өткізу әдістемесі, бұл процесте сынып жетекшісі және балалардың өзара қарым-қатынасының сипаты, сыныптан сыныпқа көшу жағдайында оқушылардың өздерін басқару әрекеттері мен дербестік жағдайының іс-тәжірибелерінің жинақталуына байланысты өзгеріп отырады.

    Жиналысты дайындау және өткізудегі жауапкершілікті, сонымен бірге ондағы қабылданған шешімнің орындалуын ұйымдастыру мен қадағалау сынып төрағасына жүктеледі. Дегенмен де, оқушыларда мұндай тәжірибенің аздығынан, алғашқы кезеңде оны сынып жетекшісі атқарады.

    Сынып жиналысын педагогикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастыру, егер де мұғалім оның болашағын алдын ала бірнеше жылға дұрыс ойластырған жағдайда ғана болмақ. Мысалы, 5–7 сыныпта оқушылар мұғалімнің кеңесімен, оның көмегінің арқасында жиналысты ұйымдастыруды меңгерсе, соның нәтижесінде 8–9 сыныптарда оны өздері дербес ұйымдастыруға қолдарын жеткізеді. Сол үшін де, 5 сыныпта жиналысты айына бірнеше мәрте өткізуге де болады. Онда немқұрайлылыққа, жайбарақаттыққа жол бермес үшін, оның жұмысын жеделдетіп, 20–30 минут шамасында аяқтаған жөн. Маңыздысы, дұрыс уақытын сақтау қажет, дауыс беруді ширақ жүргізу керек.

    Жиналысты 5 - сынып оқушыларына осындай талапқа сай жүргізу, әрине қиындық әкелетіндіктен, мұғалім оны үлгі ретінде бірнеше мәрте өзі жүргізеді. Күн тәртібіне әрбір оқушының мүддесімен тығыз байланысты сұрақтарды кіргізеді: тоқсандық оқу үлгерім, оқушының мінез-құлқының нәтижесін талқылау, сынып және мектеп бойынша кезекшілікті ұйымдастыру және өткізу мәселесі, оқушылардың белгілі бір іске қатынасының нәтижесін қортындылау, т.б. Соған орай, оның шешімінің жобасы мен нұсқау жазылған қысқа ережені алдын ала дайындау қажет.

    Сынып жетекшісі сынып әкімінің жиналыстың күн тәртібіне қатысты сұрақтарын дайындау, оның ережесін әзірлеу және шешімін жүзеге асыруға қатысты біліктілігін тәрбиелейді. Ал, ережені жиналыстың төрағасы мен хатшысына және сөйлеушілерге арнап әзірлейді.

    Сынып жетекшісі ұжымда әзірше қоғамдық пікір қалыптаспаған және белсенді топтың ұйымшылдығы нығай-маған, беделі жеткілікті дәрежеде қатаймаған жағдайда, оқушылармен жеке дара немесе топ ішінде әңгіме жүргізіп, қаралып отырған сұрақтың дұрыс шешіміне өзінің пікірін әдептілікпен білдірген жөн. Қоғамдық пікірді осындай жағдайда дайындау, асығыс ұсыныс жасауға және шешім қабылдауға жол бермеу үшін де қажет. Ол үшін, балалардың дұрыс шешім қабылдауына ықпал етуді, ұжымда шағын топтармен жұмыс істеу арқылы қол жеткізген тиімдірек болмақ. Осыған орай сынып жетекшісінің жиналысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың бәрін біртіндеп оған белсенді қатынасын тәрбиелеу. Ол үшін, жекелеген оқушыларға біртіндеп тапсырма беруді ұйымдастырған жөн.

    6 - сыныптан бастап жиналыстың атқарар қызметі кеңейе түседі. Сынып ұжымының өмірін ұйымдастырудан, ендігі жерде мектеп өмірімен байланысын орнықтыру көзделеді: сыныптың мектеп көлемінде өткізілетін шараларға қатынасын талқылау, мысалы, мектеп көлемінде өткізілетін кезекшілік жұмыстары, жарыстарға, байқауларға қатысуы, т.б.

    Ендігі кезеңде, сынып жетекшісінің жиналыс барысында оқушылардың кейбіреуінің үнемі сөз алып, көпшіліктің қалыс қалуын болдырмауын бақылап отыруы, көпшілік алдында кейбір оқушының сөз алуда немесе қажетті мағлұматтар жинаудағы қиыншылықтарын болдырмауға көмектесуі бағытында жұмыс жүргізуі басымырақ болады.

    7 - сынып жағдайында жиналысты ұйымдастыру әдістемесінде өзгеріс жасалынады. Жиналысты жүргізуші, оның төрағасы мен хатшысының міндетін, ендігі жерде сыныптың барлық оқушылары кезекпен кезек атқара бастайды. Осыған орай, онда қаралатын сұрақтар көлемінің артуына да жағдай жасау қажеттігі туындайды. Оның жұмысында белгілі бір дәстүрлер және ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты ережелердің қалыптасуы әбден мүмкін. Мысалы, қабырға газеттерін шығару, жиналыс соңында өздерінің сүйіп айтатын әндерін немесе мемлекеттің ән ұранын орындау т.с.с.

    Осы кезде 7 - сынып оқушыларына тән қасиет, дербестікке ұмтылу, өзін-өзі тани және бағдарлай, бағалай білуге талпынысы. Бұл жағдайға байланысты, сынып жетекшісі оқушылардың белсенділіктерін арттыруға барынша мүмкіншілік туғызуы тиіс. Жиналысты шақыру бастамасын оқушылардың өзіне қалдыру қажет. Ұжымдық жұмыста әрбір оқушының өз орнын табуға аса көңіл бөлу қажет. Оқушылардың дербестігі орныққан сайын, ұйымдастыру-шылық қабілеттері артып, тәжірибелері кеңейеді. Соған орай сынып жетекшісінің ендігі кезеңдегі көмегі ақылшы, кеңесші ретінде көрініс табуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің оларға сенім артуы қажет. Әсіресе, өздеріне қызмет ету, тапсырмаларды бөлу секілді, т.б. мәселелерді өздерінің дербес шешуіне мүмкіндік берген жөн. Нәтижесінде, сынып жетекшісінің жиналысты дайындау және өткізудегі, оқушыларды оған тәрбиелеудегі жұмысы, күш-қайраты ақталып, оң нәтижесін берері анық. Оқушылар үшін осындай маңызды мәселеге араласу, ұйымдастырушылық шеберліктерін шыңдау және демократия мектебінен өту болып табылады.

    2.10.3. «Сынып жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?»

    (тақырыптық сынып жиналысының үлгісі)
    Мақсаты:сынып белсенділерін сайлау және сынып ұжымының болашағын анықтау.

    Тәрбиелік міндеттері:

    - балаларды бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу;

    - олардың өзара әрекеттесу дағдысын қалыптастыру;

    -оқушылардың өздерінің ойларын және көзқарастарын қорғау қабілеттерін дамыту.

    Күн тәртібі:

    1. Бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені анықтау.

    2. Қаралып отырған мәселеге қатысты сұрақтарды талқылау.

    3. Сынып төрағасы мен хатшысын сайлау мәселесі.

    4. Болашақта атқарылатын жұмыстарды және сыныпта қара-латын жиналыс тақырыптарын әзірлеу.

    5. Келесі жиналысты әзірлеуге қатысты топты құру.

    6. Өткізілген жиналыстың нәтижесін қорытындылау.

    Жиналыстың барысы:

    1. Жиналысты жүргізушінің сөзі:

    “Біз маңызды мәселені талқылауға жиналдық: бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені бірге анықтауымыз керек. Проблема туғызатын сұрақтарды құрастыру үшін, топ-топқа бөлінеміз. Сұрақтарды талқылауға 5-7 минут беріледі.

    2. Оқушылар проблеманы талқылау барысында қажетті сұрақтарды ұсынады. Олар сынып тақтасына жазылады. Мысалы:

    - Біздің өмірімізді қалай қызықты етіп ұйымдастыруға болады?

    - Артта қалушылықты болдырмас үшін не істеу керек?

    - Сыныпта қандай қоғамдық тапсырма болуы қажет?

    - Қалай немқұрайлылықпен күресуге болады?

    - Қандай ұжыммен немесе сыныппен достасуымыз керек және олармен қандай істерге қатысуымыз қажет?

    3. Жиналыстағы талқыланып отырған мәселе қызықты және жемісті болуы үшін, төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет:

    - Жиналыс қалай және қандай формада өтуі тиіс?

    - Талқылау барысында негізгі басты мәселе не болуы керек?

    - Жиналысты өткізу тәртібі қандай?

    Оқушылар топқа бөлініп, бұл сұрақтарды шамамен 5–7 минут талқылап, соңынан өздерінің нұсқаларын ұсынады.

    Оның тәртібі мынадай болуы мүмкін:

    - сынайды екенсің - ұсыныс жаса;

    - бір-біріңді жәбірлеуге жол берме;

    - өзгелердің пікірін сыйла;

    - қабылданған шешім орындалуы тиіс және т.б.

    4. “Ендігі жерде сынып жиналысын кімнің ұйым-дастыруы тиістігін анықтайық. Ол міндетті түрде тұрақты жүргізуші болуы тиіс пе, әлде әрбір сынып жиналысында ауысып отыра ма? Өз нұсқаларыңды ұсыну барысында дәлелді жауап беріңіздер”.

    Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынады:

    - тұрақты жүргізуші сынып жиналысын қалай жүргізуді біледі;

    - ол ауысып отыруы тиіс, себебі оның жалғыз өзіне әрі қиындық әкелсе әрі оны жалықтырады;

    - біреуі міндетті түрде тұрақты болуы шарт, ал екіншісі оған көмектесуі тиіс.

    Шешім қабылданады: сынып жиналысын жүргізушінің біреуі үнемі тұрақты болады, ал екіншісі – оны ұйымдас-тыруда көмекші ретінде ауысып отырады.

    5. “Ендігі жерде сыныптың барлық өмірін ұйым-дастыруға жауап беретін адамды таңдау орынды және оған ат беруіміз қажет. Таңдау нәтижелі болуы үшін, ең алдымен оған сай келетін оның сапасын анықтап алайық. Сіздердің ойыңызша тұрақты ұйымдастырушы қандай болуы тиіс?”

    Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынады, олар төмендегідей:

    - оқуды жақсы оқитын;

    - жауапкершілігі мол;

    - шаруашылыққа ыңғайлы,

    - белсенділік танытушы,

    • басқаларды өзінің соңынан ерте алатын.

    Оқушылар 5 минут шамасында ұйымдастырушының (белсендінің) қызметін анықтайды:

    - байланыстырушы;

    - істі ұйымдастырушы;

    - ұжымда не болып жатқан жағдайдың бәрін білуі тиіс;

    - күнделікті жұмыстарды нақтылы шешуі тиіс;

    - болып жатқан барлық жағдайды байқап отыруы және оларға жауап беруі.

    7. Белсендіні (төрағаны) тағайындау.

    8. ”Біз төрағаны тағайындадық, енді оның хатшысы кім болуы тиіс, соны ойланайық. Ол сынып жиналысында қабыл-данған негізгі мәселелерді хаттап отырады.

    Хатшылыққа кім лайық?

    Егерде тілек білдіруші болмаса, онда дауысқа салу керек.

    9. “Біз төрағаны және оның хатшысын сайладық. Ендігі жерде болашақта атқарылар жұмыстарды және сынып жиналыстарының тақырыптарын анықтау қажет.

    Әркімнің көріп және біліп жүруі үшін осының бәрін сынып бұрышына іліп қоямыз. Сол жайында сөз қозғамақпыз.

    Әрбір тақырыпты талқылауға сай оның мүмкін болатын сұрақтарын алдын ала іліп қоямыз”.

    10. “Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз негізінде белсен-ді топ сынып жиналысының негізгі қарарын ойластырады, әрі бұл шешіммен сіздер таныс боласыздар”.

    11. “Біздің жиналыс аяқталып қалды, келесі жиналысты кімдер дайындайды, ендігі жерде соны ақылдасып алған жөн болмақ”.

    Әркім өзінің тақырыбын ұсынады. Жиналысты дайын-дау барысында оның кеңесшісі рөлін атқаратын топ құрылады.

    12. “Сонымен, біз сыныптың төрағасын сайладық, бо-лашақта атқарылар жұмыстарды белгіледік. Өткізілген сынып жиналысының жұмысы жайында кімде қандай пікір бар?”

    Оқушылар оған қатысты өз пікірлерін айтады. Жиналыстың нәтижесін ұжым болып талқылауға да болады. Сынып жетекшісі оның жұмысын қортындылайды.
    Сынып жиналысының хаттамасы

    /Айы, күні, жылы/

    Кімдер қатысты……………………..……………………………………………

    Тақырыбы …………………………………………………………………………

    /Немесе/ Күн тәртібі:

    1)…………………………………………………………………………………

    2)…………………………………………………………………………………

    3)…………………………………………………………………………………

    Жарыс сөзге қатысқандар:…………….………………………………………

    …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

    Қабылданған шешім:………………………………………..…………………..

    Төраға………………………………/

    Хатшы……………………………../

    Бақылау сұрақтары
    1.Сынып жиналысы оқушылар ұжымын ұйымдастырудың оңтайлы формасы, себебі қандай?

    2.Сынып жиналысының тәрбие сағатынан айырмашылығы қандай?

    3.Сынып жиналысы қандай мәселелерді талқылайды?

    4.Сынып жиналысын даярлау және өткізу барысында сынып жетекшісінің рөлі қандай?

    5)Сынып жиналысын өткізу технологиясы қандай?


    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


    написать администратору сайта