Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 түрге жіктеу

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница18 из 27
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

    Бақылау сұрақтары
    1.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы және тәрбие процесіндегі оның мәні неде?

    2.«Тәрбие жұмысының формасы», « тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» ұғымдарының айырмашылығы неде?

    3.Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың дәстүрлі қалыптасқан түрлері және бағыттары қандай?

    4.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын әрекет түрлеріне байланысты жіктеу дегенді қалай түсінеміз және олардың түрлері қандай?

    5.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру қалай жүргізіледі және оның қалыптасқан алгоритмі бар ма?

    6.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастыру мазмұнына әсер ететін факторлар қандай және оған қойылатын талаптар жүйесіне не жатады?

    7.Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру шарттары қандай және оның эстетикалық тартымдылығын арттырудың маңызы қаншалықты?

    8.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесін талдау жұмыстарының қажеттілігі не?

    2.5. Оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен технологиясы
    2.5.1. Сынып сағаты – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
    Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйым-дастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады.

    Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласын-дағы талғам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.

    Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.

    Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметтіатқарады: ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық.

    Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.

    Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.

    Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.

    Қалыптастырушылық қызметі де жоғарыда аталған 3 қызметтің орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.

    Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Оны ұйымдастыру тек сынып жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, әр тараптағы атқарылатын әртүрлі тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы, тақырыптық кештер, байқаулар және т.б. бағыттағы тәрбие жұмыстарын жатқызуға болады.

    Сонымен қатар, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсер алу мақсаттарын көздесе, өздері туып-өскен ауыл өмірінің тіршілігіне атсалысуда тәрбие сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мысалы, табиғатты қорғауға қатысты тәрбие сағатын орман-тоғайда, кітапты таза әрі күтіп ұстауға қатысты мәселені ауыл жағдайында кітапханада, қала жағдайында баспалар үйінде т.с.с. өткізген жөн.

    Әдетте сынып сағаты аптаның нақтылы бір күні өткізіледі. Онда сыныптың нақтылы жағдайына және тәрбие жоспарына байланысты оның ұйымдастыру формасы анықталады. Мүмкін сынып жиналысы немесе тақырыптық тәрбие сағаты, болмаса сыныптан, мектептен тыс жұмыс болып. Соған орай тәрбие сағаты мен сынып жиналысының міндеттері, ұйымдастыру формалары және тәсілдері әртүрлі болып келеді. Тәрбие сағатының сынып жиналысынан ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге қатысты соңынан шешім қабылданбайды.

    2.5.2. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы

    Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясына ең алдымен оның мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады.

    Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда біріңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мәселен, сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп-тауып, оған қатысты альбомдар әзірлейді, сурет салады, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге ат салысса, кейбір жекеленген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыптастыра отырып, білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.

    Әрине, сынып сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын, сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-тілегін алдын ала анықтау барысында белгілейді (сауалнама, әңгіме жүргізу арқылы, зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша т.с.с.).

    Сынып сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер және құралдар қолданылады: әңгіме, газет және жорнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәріс-тері, «дөңгелек стол» өткізу, өнер туындыларымен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.

    Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар үшін ең қызықты да нәтижелі өткен сынып сағатына, олардың ұжым болып атқарған шығармашылық әрекеттерінің амал-тәсілдері болатындығы. Сондықтан сынып немес тәрбие сағаттарын өткізуде сынып жетекшілерінің еске алатын негізгі міндеті, осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез-келген оқушының тәрбиелік шаралар барысында, яғни оларды дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп, олармен ақылдасып, кеңесіп отыру, тәрбие жұмысының барысында оның нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, сынып жетекшісі сынып белсенділерімен алдын ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп, олардың қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке-дара немесе топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Сонда ғана ол қызықты, әрі табысты өтеді.

    Сынып сағаттарын өткізуде оқушыларға ұнамайтын, іш пыстыратын әңгіме жүргізу немесе жаттанды, таптауырын болған сценарий бойынша әдеби-музыкалық монтаж жасау арқылы тәрбие шараларын ұйымдастыру тәсілі мектеп өмірінде орын алған. Қазіргі кезде ескірген мұндай тәрбие тәсілдері оқушылардың жан дүниесін тәрбиелеп, олардың адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру орнына, керісінше оларды мезі етеді. Ол үшін ток-шоу, пікірталас /диспут/, сұрақ-жауап кештері, қоғамдық-саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциялары, мектеп театрлары мен үгіт бригадалары, туристік жорықтар т.б. бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет. Тіпті болмаса, қажетті тәрбиелік шараларды оқушылардың өздерінен сұрап, ақылдасып шешсеңіз, қаншама жаңа, тың ұсыныстар мен қызықты кештерді олардың өздері-ақ ұсынып, ұйымдастыра алар еді. Тіпті болмаса оларға сауалнама сұрақтарын таратып, олардан, мысалы: “Өз жолдастарыңа қандай сынып сағаттарын дайындап, өткізгенді қалар едің?” деп бастама көтерсең және оларға сенім артсаң, онда сынып сағаттары-ның маңызы артып, өз нәтижесін беретіні анық болар еді.

    Осындай ұйымдастырушылық жұмыстан кейін сынып жетекшісінің рөлі өзгеріп, оқушылар алдында беделі артары сөзсіз. Ендігі жерде ол ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беруші ретінде өзінің жоғары қызметін атқарды.

    Мұндай жағдайда оқушылардың өзін-өзі басқаруға деген ықласы мен белсенділіктері де артады.

    Ал, басқа болған жағдайда сынып жетекшісі оқушылардың қатынасуынсыз белгіленген тәрбиелік шараларды өздері атқаруға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда кімді-кім тәрбиелеп жатқанын айыру қиынға соғады.

    Тағы да бір ескеретін жәйт, кейбір жағдайда сынып сағатын сынып жиналысымен шатастырады. Бұл негізінен дұрыс емес, әрқайсысының ұстанымы мен ерекшелігіне жете мән бермейді, оларды ұйымдастыру тәсілдерін дұрыс қолданбайды.

    Сынып сағатын дайындау барысында оның өту мерзімі мен уақытын алдын-ала белгілеп, өтуін сол кезде нақтылы ұйымдастыру, оқушылар арасында берік сенім мен тәртіптің қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Егерде дәлдік болмаса, онда тәртіп те, жауапкершілік те болмайды. Мұндай әрекет негізінде тәрбие сағатының маңызы төмендеп, оның мақсатына жету оңайға түспейді.

    Кейбір жағдайда мектеп көлемінде бір мезгілде бірнеше тәрбие шаралары белгіленеді. Осы орайда кейбір сынып сағатының мерзімі басқа уақытқа өзгертіледі. Мұндай жағдай оқушыларда салғырттық пен немқұрайлық мінездің пайда болуына әкеп соғады.

    Бұдан шығатын қорытынды оқушыларды тәрбиелеу процесі тек сынып сағатын өткізу барысында ғана емес, оның өн бойында, яғни оған дайындық кезеңінен, өткізу және одан кейінгі мерзім аралығында бірыңғай, біртұтас жүйеде атқарылатындығын естен шығармауымыз керек.

    2.5.3. Сынып сағатының түрлері немесе классификациясы

    Сынып сағатының мазмұны, формасы, әдіс-тәсілі және оларды дайындау мен өткізу әдістемесі жағынан әртүрлі болып келеді.

    Бүгінде сынып сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.

    Біріншісіне, сынып сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысалдарды келтіруге тартылады. Мысалы, “Өзін-өзі тәрбиелеу туралы”, “Өздігінен білім алу дегеніміз не?”, “Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?”, “Көркемөнер талғамы және сән” т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды, психологтарды, лекторларда шақырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті – оқушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жағдай туғызу.

    Екінші түрі, мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның жолда-рын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын құрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұраққа шақырып, олардың сөздерін үйлестіріп, бағытын қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда қаралатын мәселе тақырыбына: “Адамның сырт көрініс мәдениеті“, “Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігін тәрбиелеу”, “Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы” т.с.с.

    Үшінші түрі, оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.

    Сынып сағатының мұндай түрі төмендегідей жағдайды ойластырғанда ғана мүмкін болады:

    - оқушыларда талқыланып отырған сұраққа қатысты белгілі бір деңгейде білім көлемі мен мағлұматтардың болуы; олар үшін, оның түсінікті, өздігінен ұғынуларына ыңғайлы болуы;

    - оқушылардың көпшілік бөлігінде ұжымдық шығарма-шылық жұмыстарына қатысты біліктілік және дағдылардың болуы; дербестіктің және жауапкершіліктің болуы;

    - сынып белсенділері тәрбие сағатын дайындау және өткізу барысында ұйымдастыру және үйлестіру орталығы бола білуі;

    Осындай жұмыстың соңында оның нәтижесін талқылап, қорытынды шығару, деңгейін, сапасын бағалау ұсынылады.

    Айта кеткен жөн, сынып сағатының жоғарыда аталған түрлерін таңдау, тақырыпқа, материалдың мазмұнына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қаралып отырған мәселеге қатысты олардың білім дәрежесіне ұжымдық әрекеттің тәжірибесіне, сонымен қатар сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі мен жеке басының ерекшелігіне және оқушылармен өзара қарым-қатынас сипатына байланысты.

    2.5.4. Сынып сағатын нәтижелі ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі

    1.Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсат, міндеттерін алдын-ала анықтау.

    2.Сынып сағатының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар тиянақты жинау.

    3.Сынып сағатын дайындау және өткізудің жоспарын нақты жағдайға байланысты құру.

    4.Сынып сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін әртүрлі амал-тәсілдерді ойластыру.

    5.Көрнекі құралдарын, музыкалық шығармаларын таңдау, бөлмені алдын-ала тыңғылықты даярлау.

    6.Оқушылар ұжымында ашық әңгіме, жайма-шуақ жағдай туғызу.

    7.Сынып сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау.

    8.Сынып жетекшісінің сынып сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау.

    9.Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.

    Сынып жетекшісі оқушылардың психологиялық даярлығына да баса назар аударады. Оқушылар тәрбие сағатынан ерекше бір нәтиже күтіп, өздерін маңызды әңгімеге даярлайды. Мұндай көңіл күй сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу хабарламасынан бастау алады. Дегенмен де дайындық кезеңінің ең тамаша тәсілі болып, оқушылардың өзара ұжымдық шығармашылық әрекетін жатқызуға болады. Белгілі бір тапсырма алып, топқа бөлінген оқушылар әзірілік жұмыстарына бірге атсалысады, оның нәтижесін бірге талқылайды.

    2.5.5. Сынып сағатының құрылымы

    Сынып сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі.

    Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын талқылап отырған тақырыптың мақсат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалық жағдаяттан немесе тақырыпқа қатысты кейбір деректерден мысал келтіру арқылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушы-лардың қызығушылығы мен көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді. Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.

    Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Оқушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге қатысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзқарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даяраған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны қызу талқылайды. Соған орай тәрбие сағатының басым уақыт мөлшері осы бөлімге беріледі.

    Бұл кезеңде мұғалім немесе сынып жетекшісі балалардың белсенді қатысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді. Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.

    Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уақыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзақ болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімнің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын қорытындылайды.

    Бұл бөлім мұғалімге қаралып отырған мәселені оқушылардың практикалық тұрғыдан жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады.

    Тәрбие сағатының жоспарын құру барысында жоғарыда көрсетілген бөлімдердің өзара логикалық байланысын, жүйелігін қамтамасыз етуді бірінші кезекте ойластыру қажет. Мәселені айқын қою – бірінші бөлімнің міндеті болса, оның шешімін табу - екінші бөлімнің міндеті, ал үшінші бөлімнің міндеті – ондағы шешімнің маңыздылығын анықтау.

    2.5.6. Сынып сағатын нәтижелі ұйымдастыру шарттары

    Сынып сағатын нәтижелі ұйымдастыру көбінесе мына шарттарды еске алған жағдайда табысты болмақ.

    1.Сынып жетекшісі тәрбие сағатының ұйымдастыру формалары мен мазмұнын, амал-тәсілдерін түрлендіріп отырғаны абзал.

    2.Тәрбие сағатының мазмұнын құрастыруда оқушыларға жаңа мағлұмат бере отырып, біртіндеп оны бағалау, талдау әрекетіне көшіп отыру тиіс.

    3.Сынып жетекшісі тақырыпты немесе мәселені талдау барысында оқушылардың сөзіне аса жауапкершілікпен назар аударып отыруы, кезі келген жағдайда түзетулер енгізіп отыруы, қосымша сұрақтар қоюы, олардың назарын мәселенің басты идеясына бұрып, жетелеп, ой тастап, көмектесіп отыруы қажет.

    4.Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Әсіресе тәрбие сағатының шамамен 20-25 минут өту барысында оқушылардың белсенділігі бәсеңдеу болған жағдайда мазмұны қызықты жаңа мәселені қою, таңқаларлық жағдаят ойластыру, әрекет түрін өзгертуді ойластыру қажет.

    5.Сынып жетекшісінің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым-қатынаста тілектестігін ескерудің маңызы өте-мөте ерекше.

    6.Сынып сағатын өткізу барысында оқушылардың мінез-құлқы турасында үгіт-насихат айтуға жол бермеу керек. Мұндай жағдай тәрбиенің нәтижесіне кері ықпал етуі мүмкін.

    7.Сынып сағатының барысында оқушылардың ор-наласуы, кіммен парталас болу, таңдау құқығын өздеріне қалдыру.

    8.Тәрбие сағатын өткізу тәжірибесін жинақтауды біртіндеп дәстүрге айналдыру қажет.

    9.Сынып сағатын өткізу барысында оқушылардың жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу қажет (тыныштықты сақтау; сөйлеушілердің сөзін бөлмеу, жақсылап тыңдау; өкпе-наз, талас тудырмау;). Мұндай дәстүрлі тәртіптің орнығуы оқушыларда жалпы мінез-құлық мәдениеттің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27


    написать администратору сайта