Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.2. Мектеп ж ә не сыныпта ғ ы т ә рбие жұмысының ма қ сатын, міндеттерін анықтау

  • Бақылау сұрақтары

  • 2.3. Мектепте және сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау

  • Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы

  • Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница15 из 27
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

    Бақылау сұрақтары
    1.Мектептегі және сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарын диагностикалаудың қажеттілігі не?

    2.Педагогикалық мониторинг дегеніміз не? Педагогикалық процестегі оның қызметінің мәні не?

    2.«Диагностика» ұғымын қалай түсінесіз? Психологиялық-педагогикалық диагностика дегеніміз не?

    3.Медицина саласында пайда болған диагностика, не себепті қоғамдық өмір, ғылым, техника, өндіріс салаларымен бірге педагогика ғылымының бөлінбес құрамына айналды?

    4.Педагогикалық процестегі диагностиканың негізгі қызметі, түрлері қандай?

    5.Педагогикалық процесті диагностикалаудың әдістерініе не жатады және олардың практикалық маңызы қандай?

    6.Тәрбиеші оқушылардың жеке басының психологиялық-педагогикалық жағдайын танып білуде қандай зерттеу әдістерін қолданады және оларды пайдаланудың талаптары мен әдістемесі қандай?

    7.Оқушы тұлғасы мен сынып ұжымын диагностикалаудың құрылымы қандай?

    8.Оқушының жеке басын танып білуге қойылатын талаптарды атаңыз.

    2.2. Мектеп және сыныптағы тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін анықтау
    2.2.1.Мақсат, міндет және мақсатқою (целепологания) туралы жалпы түсінік, оқушылардың тәрибе жұмысында олардың маңызы

    Мектептің тәрбие жұмысын мақсатсыз ұйымдастыруды көзге елестету мүмкін емес. Онда мақсаттың болмауы тәрбие әрекетінің маңызын жояды. Өйткені қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді.

    В.А.Сухомлинскийдің пікірінше, оқу мекемелері және оның қабырғасы (оқушыларды) тәрбиелеуі мүмкін, бірақ мектептің барлық ұжымы тәрбиелеуге қабілетсіз болады, егерде педагогтар жеке-дара және мақсатсыз әрекет етсе - дейді.

    Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Тәрбие мақсаты балаларды дамытуда оң нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әлауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады. Сондықтан педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі болып саналады.

    Педагогикалық әдебиеттерде мақсатқа қатысты анықтамаларда ортақ пікір қалыптаспаған.

    • Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі тәтижесін алдын-ала сезіну деп түсіну керек;

    • мақсат – бұл тәрбие процесінің элементі; жүйеқұрушы фактор;

    • мақсат (мақсатқою арқылы) – бұл педагогтың және тәрбиеленушінің басқару әрекетінің кезеңі;

    • мақсат – бұл жалпы алғанда тәрбие жүйесі, процессі және басқару нәтижесінің өлшемі;

    • мақсат - бұл педагог пен білім беру мекемелерінің не нәрсеге талпынысын білдіреді;

    • мақсат – бұл белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі;

    • мақсат – бұл тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайтын тәрбие процесінің қозғаушы күші.

    Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бір нәрсеге қол жеткізуге бағытталған күш-жігері, талпынысы (Педагогика. Курс лекций. Алматы: «Нұрлы Әлем», С. 109)

    Педагогикалық әрекетте, ол педагогтардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оның нәтижесінің алдын-ала болжамы.

    Тәрбие жұмысының мақсаты, баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттері арқылы анықталады.

    • Міндет – бұл адамның бұлжытпай орындауға тиісті тәртібі мен қарым-қатынасына қойылатын талаптар жүйесі;

    • міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі;

    • міндет – бұл белгілі бір мақсатқа жету тәсілі.

    Демек, тәрбие жұмысының маңызды міндеттері болып оқушыларда азаматтық жауапкершілдікті және құқықтық саналылықты, руханилық және мәдениеттілікті, белсенділілік пен дербестікті, (толерантности), қоғамға нәтижелі бейімделуге қабілеттілікті және еңбек нарығына белсенді бейімделу қабілетін қалыптастыру саналады.

    • Мақсат қою (целепологания) – бұл субъектілердің іс-әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттерді анықтау процессі. Тәрбие жұмысында ол, оған қатынасушы субъектілердің болашақта атқарылатын іс-әрекеттерінің мақсаты мен міндеттерін алдын-ала анықтау процессі деп түсіну керек. Ол субъективтік жағдайда болуы және жоспарланған іс-шаралардың нәтижесімен сәйкес келуі тиіс.

    • Мақсат қою – бұл педагогикалық процесті алдын-ала болжау, өткен оқу жылы қорытындысының балаға ықпалын талдау, тәрбие мүмкіндігін жобалауда тәрбиешілер мен ата-аналар және оқушылардың бірлескен іс-әрекеті.

    • Мақсатқоюшылық – бұл процесс. Яғни онда субъектілердің (мұғалімдер мен оқушылар) белгілі бір әрекеттерінің мақсаты мен міндеттерін анықтау, өзара келісу және оның нәтижесіне қол жеткізу процессі жүзеге асады.

    Демек, мақсат пен міндеттерді анықтау және жобалау мақсатқою процесінде жүзеге асады. Ол үшін тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі болып саналады. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтауда, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.

    Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.

    Қазіргі мектептгі тәрбие процесін жобалауда кездесетін кемшіліктердің бірі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды тұлға ретінде жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсатқоюда тәрбие процесінде түпкі нәтижеге қол жеткізу басшылыққа алынады. Оның алғашқы кезеңі психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы жүзеге асады.

    Диагностика арқылы оқушылардың дүниетанымы, тәрбиелік деңгейі мен сапсы, қабілеттері мен қызығушылығы анықталады, нәтижесінде оқушылармен болашақта атқарылар тәрбиелік іс-шаралардың бағыттары мен мазмұны, оны ұйымдастырудың формалары мен амал-тәсілдері жоспарланады.

    Мақсатқа қарағанда міндеттер оған жетудің негізгі жолы ретінде қарастырылады. Мәселен, В.П.Беспалов шартты түрде тәрбие міндеттерін нақты жағдайда, нақты іс-әрекет барысында және нақты құралдардың көмегімен мақсатты анықтау ретінде қарастырады.

    Соған орай тәрбие міндеттері 3 компонентті өзінде қарастырады: мақсат, жағдай, іс-әрекет. Мысалы:

    а) оқушылардың танымдық қызығушылығын қосымша сабақтар жүйесін құру арқылы дамыту;

    б) оқушылардың танымдық қызығушылығын ұжымдық танымдық істерін оқудан тыс кезде дамыту;

    в)оқушылардың танымдық қызығушылығын клуб жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дамыту.

    Дегенмен де тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бөліп қарастыру біршама салыстырмалы түрде болады. Барлығы олардың қандай жүйеде болатындығына байланысты. Мәселен, тәжірибе жүзінде педагогқа жалпы, топтық немесе жеке-дара мақсаттарды органикалық тұрғыдан үйлестіру және олардың өзара әрекеттесуі мәселелерін шешіп отыруы жиі кездесіп отырады.

    Жалпы мақсат топқа сырттай таңылуы немесе топтың өзінің анықтауы арқылы, болмаса ол сырттай тапсырма және топтың ішкі бастамасының бірлігі ретінде құрылуы мүмкін.
    2.2.2.Тәрбие жұмысының мақсатын қою ерекшеліктері және жобалау кезеңдері мен педагогикалық міндеттері
    Тәрбие жұмысының мақсатын қою түрлері жалпы, топтық және жеке-дара тәрбие мақсаты болып сипатталады.

    Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық тәрбиеленушілерге қатысты оның сапасын анықтаумен байланысты қарастырылады, топтық – белгілі бір топтқа қатысты анықталады, ал жеке-дара белгілі бір нақты тәлімгерге байланысты сипатталады. Тәрбиенің мақсатын анықтауда педагогтар, оқушылар және ата-аналар өздерінің ұсыныстарын білдіруімен қатысуы мүмкін.

    Жалпы мақсат топтан сыртай ұсынылуы немесе топтың өзінің бастамшылдығымен болмаса сырттай ұсыныс және топтың ішкі бастамшылдығының бірлігі негізінде анықталуы мүмкін.

    Топта мақсатқюшылық процестің тәсілдері де әртүрлі болып келуі мүмкін: еркін мақсат қою, кіріккен мақсат қою, қатаң мақсат қою.

    Еркін мақсат қою процесінде оған қатысушы субъектілер тәрбиенің жалпы мақсатын, оның нәтижесіне қол жеткізу жолдарын және мақсатқа жетуде іс-әрекет бағдарламасын оқушы тұлғасының қажеттілігіне сай ескере отыра ұжымдасқан түрде бірлесе анықтайды және белгілейді.

    Кіріккен мақсат қою процесінде тәрбие мақсаты топтың өзінің бастамшылдығымен анықталады. Ал қатаң мақсат қою процесінде тәрбие мақсаты тек топтың жетекшілері немесе педагогтардың ұсынуымен анықталады.

    Тәрбие жұмысының мақсатын қою қызыметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:

    1. Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.

    2. Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.

    3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.

    4.Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.

    Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.

    Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу (целепологания) жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.

    Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады.

    Оны жобалау негізінен мынындай кезең арқылы жүзеге асады:

    1.Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай боп белгіленді.

    2.Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар.

    3.Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.

    4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді.

    5.Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.

    6.Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлық дәрежесі қандай.

    Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын, әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді.

    Сынып жетекшісінің мақсатқоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

    Тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әртүрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта (А.С.Макаренко бойынша) болып келеді. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,

    а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;

    ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;

    б) қол жеткізетін нәтижені алдын-ала жобалауды бірінші кезекте ескеру қажет.

    2.2.3.Тәрбие жұмысының мақсатын қою және жобалауға қойылатын талаптар жүйесі
    Мақсатқоюшылық процесс нәтижелі болады, егерде педагогтар ондағы талаптарды дұрыс ескерген жағдайда ғана. Мәселен,

    1) диагностикалық, яғни мақсатты ұсыну, негіздеу және оған түзету енгізуде педагогикалық процеске қатынасушы субъектілердің қажеттілігін және мүмкіндіктерін, сонымен бірге тәрбие жұмысының жағдайын үнемі зерттеп-танып отыру негізінде ғана жүргізу;

    2) нақтылықтың болуы, яғн мақсатты ұсыну және негіздеу тек нақты жағдайды және педагогикалық мүмкіншілікті ескеру арқылы ғана жүзеге асыру;

    3) сабақтастықтың болуы, яғни тәрбие процесінде барлық мақсаттар мен міндеттердің өзара байланысын жүзеге асыру: педагогикалық әрекеттің барлық кезеңдерінде мақсатты ұсыну және негіздеу;

    4) мақсатты идентификациялау (теңестіру), яғни мақсатқоюшылық процесске оған қатынасушылардың барлығын тікелей қатыстыру арқылы қол жеткізу;

    5) нәтижеге бағыттылығы, яғни мақсатқа жету нәтижесін нақты анықтау;

    6) мақсаттың баланың тұлғалық дамуына бағыттылығы, яғни оның интелектілік, адамгершілік, коммуникативтік, эстетикалық және дене күштерін қалыптастыру;

    7) мақсатты жүзеге асыруда мамандардың, материалдық және финанс, сондай-ақ басқа да ресурстардың нақты қолда болуы және т.б.

    Бақылау сұрақтары
    1.Мақсат, міндет және мақсатқоюшылық (целепологания) дегеніміз не?

    2.Мақсат пен мақсатқоюшылықтың мәні, оқушылардың тәрибе жұмысында олардың маңызы қандай?

    3.Мақсатқоюшылық процессінің ерекшеліктері, кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдары қандай?

    4. Тәрбие мақсатын анықтау көбінесе неге байланысты болып келеді?

    5.Топта мақсатқоюшылықтың түрлері қандай?

    6.Тәрбие жұмыстарын жоспарлауда оның мақсатын анықтау қажеттілігі не?


    2.3. Мектепте және сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
    2.3.1.Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалар ұжымының дамуын және мектеп пен сыныпта тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын-ала болжау, анықтау процесі ретінде
    Шығыс халқында «Бір жылға жоспар құрсаң егін ек, Жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек, Болашаққа жоспар құрсаң баланы тәрбиеле, деп айтқанындай, бүгінгі өскелең жас ұрпақ тәрбиесін мақсатты, жүйелі тәрбиелеу оның өмірге келген күнінен бастап жоспарлы түрде атқарылса ғана өз нәтижесін берері анық.

    Жоспар- мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

    Тәрбие жоспары – бұл міндетті педагогикалық құжат. Ол оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тәрбие - қиын да күрделі және ұзақ процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туындайды.

    Тәрбие жұмысын жоспарлауда негізінен көзделетін мақсат, ол балалардың дамуы мен тәрбиесін жүйелі қамтамасыз ету.

    «Тәрбие жұмысының жоспары – бұл топпен немесе жекелеген оқушымен, сол секілді пән мұғалімдерімен және ата-аналармен белгілі бір уақытта (тоқсаннан жылдың аяғына дейін) атқарылатын міндеттер мен іс-шаралардың тізбегі. Жоспарлау – сынып жетекшісінің тәрбие міндеттерін және оларды жүзеге асыру құралдарын анықтау процессі».

    Демек жоспарлау - бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.

    Жоспардың қызметі:

    - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру;

    -педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету;

    -жоспардағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

    Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

    Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында балаларды тарту оның нақтылығын қамтамасыз етуге, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мұмкіндік туғызады.

    Сынып жетекшісі мектептегі оқу - тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізері анық. Мектеп жағдайында мұндай көрініс көптеп кездеседі.

    Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі - бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын-сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени сауықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді. Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.

    Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.

    Мектептегі сынып жетекшілерінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сондай-ақ тәрбие жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілері де бар.

    Жоспарлауда тәрбиенің жүйелілік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың жан-жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке-дара, үздік-создық әрекеттер басым болып келеді. Өткен мен бүгінгіні салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді белгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма-жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырады.
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27


    написать администратору сайта