Главная страница

Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


Скачать 0.6 Mb.
НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
Дата10.10.2022
Размер0.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
ТипДокументы
#725725
страница11 из 27
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

2-тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ



2.1. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы
2.1.1. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы: мәні, мақсаты және міндеттері
Бүгінгі ақиқат өмірдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерін оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін танып білуді, соның негізінде оқу-тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін құруды міндеттейді. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың мінез-құлқы мен көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының, мазмұнының жаңаруы жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуына әсер етуде. Мұндай жағдай мектептен балалардың тұлғалық дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды талап етеді.

Екіншіден, бүгінгі қоғамның жаңа сипатқа ие болуы жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде. Ол, бір жағдайда үлкендер алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алдында бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқаша мінезде болып көріну.

Қазіргі мектеп мұғаліміндерің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған. Олар педагогикалық, психологиялық, социологиялық, этикалық т.с.с болып келеді. Бүгінгі таңда олар әрбір ұстаздың педагогикалық әрекетінде барынша пайдалану мүмкіндігіне ие. Әсіресе, мектеп өміріне психологиялық қызметті енгізуге байланысты оның маңызы ерекше болып отыр. Ол сынып жетекшісіне әрбір оқушының өзіндік ішкі жан дүниесінің жағдайын бұрынғыдан да жетік танып білуге барынша мүмкіндік туғызады.

Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие процесіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептелінеді. Себебі, сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты - оқушыларды жан-жақты білуі.

Н. К. Крупская: «Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі ұмыта береді: баланы тәрбиелеу үшін жалпы балаларды және соның ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды өте жақсы білу керек... Балаларды осылайша білместен, тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын шындап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуда жаттандылық, теңгермешілік жолына түсіп кету оңай», – деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады.

Cынып жетекшісі сыныпты тұңғыш рет қабылдай отырып, оқушыларға жақсы тәрбие-білім беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, соның барысында ол сыныпқа қатысты ақпараттарды жинайды. Онда оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне, жалпы тұлғалық сапасына маңыз бере отыра, сыныптағы оқушылар құрамын мұқият танып біледі. Сонымен бірге сыныпта оқушыларды үйлесімді орналастырып отырғызу - олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін ескеру, құлағының есту қабілтін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізгі ерекшеліктерін, ұйымшылдығы мен белсенділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық жағдайдың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруда берері мол.

Соңғы кездері тәрбиенің гностикалық әрекетіне байланысты тәрбие теориясы мен практикасында «педагогикалық монинторинг» ұғымы жиі қолданылуда.

Білім берудегі «моноторинг» көбінесе білім беруде белгілі бір процесті үнемі бақылау ретінде анықтайды. Ондағы мақсат күтілген нәтижеге оның сәйкес келуі немесе бастапқы жағдайын анықтап табу.

Оқу немесе тәрбие процесіне «педагогикалық монинторингті» жүргізу оны үнемі тексеру арқылы нәтиженің қажеттілікке сай келуі немесе келмеуі жағдайын анықтауда пайдаланылады. Тексеру – педагогикалық процестің нәтижесін, сапасын, даму қарқыны мен бағытын бақылаупроцессі. Бақылау – жоспарланған нәтижені стандарт бойынша салыстыру операциясы [1, С.128].

Ғалымдар П.Б.Сахарчук, А.Н.Майорова және А.В.Сотовтың «педагогикалық монинторинг» ұғымының мәніне берген анықтамаларға сүйніп, тәрбиедегі монинторинг – бұл білім беру мекемелерінде тәрбиеге қатысты (немесе тәрбие жүйесі жайында) мәліметтерді жинақтау, сақтау, талдау және ақпарат тарату жайындағы ұйымдастыру формасы. Ол тәрбиенің жағдайын үзіліссіз қадағалауды қамтамасыз етеді және оның дамуына алдын-ала болжам жасауға мүмкіндік береді.

Талдау (анализ) – бұл зерттеліп отырған бүтінді ойша бөліктерге ажырату, құбылыстың жекелеген белгілері мен сапасын бөліп қарастыру.

Педагогикалық монинторинг тәрбие процесіндепедагогтың барлық әрекетіне енеді. Педагог, өзінің жұмысын жоспарлауда өзі ұйымдастыратын, өзі түзету енгізетін, практикада оның нәтижесін жүйелі қадағалап отыратын педагогикалық процесті үлгілейді, ой қорытады, оның жобасын құрайды. Белгілі бір уақытта оның нәтижесін қорытуға, тексеруге, ойды нәтижемен салыстыруға қажеттілік туындайды. Нәтижені талдағаннан соң, педагог жаңа жоспар құрайды, жаңа құралдарды пайдаланады, тәлімгерлермен өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа нұсқасын ойлап табады. Міне, сол үшін де педагогикалық мониторинг жұмыстарының педагогикалық қызыметінің маңызы ерекше.

Диагностика педагогикалық процестің бөлінбес компоненті ретінде мақсатқа сәйкес оның нәтижесін анықтау құралы болып табылады. Онсыз оқу-тәрбие процесін нәтижелі басқару мүмкін емес. Демек, диагностика педагогикалық процестің жағдайын, оның бала тұлғасының дамуына ықпалын, басқару нәтижесін, сапасын нақты анықтау, талдау, саралау тәсілі.

Диагностиканың құзыретіне педагогикалық процесті бақылау, тексеру, бағалау; статистикалық мәліметтерді жыйнақтау, есепке алу және оларды талдау; алдын ала болжам жасау, даму динамикасы мен бағытын анықтау секілді әдістер жүйесі жатады.

Есепке алу – тексеру мен бақылау нәтижесін фиксациялау (түртіп алу) және жүйеге келтіру тәсілі. Бағалау – педагогикалық процестің барысы мен нәтижесіне қатысты пікір, сандық және сапалық талдау, оның нәтижесін көтеруге байланысты оқушыларды, тәлімгерлерді ынталандыру тәсілі.

Демек, диагностика – амал-тәсілдердің көмегімен бақыланып немесе зерттеліп отырған объектінің жағдайы туралы ақпараттарды алу процессі. Яғни, диагностикалық мәліметтер өзінде объектінің жағдайы, сапасы, нәтижесі, деңгейі, оның нормаға сәйкестігі, даму және қозғалыс тенденциясы жайындағы ақпараттарды қарастырады. Ол тежеу немесе жеделдету, жетілдіру немесе түзету енгізу, толықтыру немесе сауықтыру мақсатын көздеп, процесске (педагогикалық) мүмкіндік тудыра отыра, оған құзырлы ықпал жасай алады.

«Диагноз» ұғымы педагогикаға медицина арқылы келді. Медицинада ауырудың мәні мен сипатын анықтау процесі көзделеді. Дегенмен диагноз немесе диагностикада сапалық жағдайды анықтау үшін барлық құбылыстар, қоғамдық өмірдегі процестер, өндіріс, беріліп жатқан құрылыс объектілері және т.б. зерттелуді қажет етеді. Сондықтан «диагноз» ұғымы ғылымда, техникада, өндіріс тәжірибесінде кең ауқымда қарастырылады. Бүгінде диагностика басқарылатын барлық қоғамдық, өндірістік, технологиялық жүйелер мен процестің бөлінбес саласына және олардың әрекетікері мен сапасының нәтижесі жайында ақпараттар алудың тәсіліне айналды. Нәтижесінде диагностикалық ақпараттар тиімді шешімдер қабылдауға; нормадан ауытқыған кемшіліктер мен ауытқу жағдайларын өз уақытында анықтауға; қажетті түзетулер енгізуге; процеске қосымша ресурстарды ендіруге; соңғы нәтиженің сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Демек, педагогикалық-психологиялық диагностиканың зерттеу пәні болып балалардың жеке басының тәрбиелік жағдайы, соған сәйкес мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері, олардың өмір сүру әрекеттері, қарым-қатынастары және т.б. табылады. Осылардың негізінде жас шамаларына қарамастан адамның өмір сүру тетіктері жүзеге асады: оның педагогикалық-психикалық жағдайы, жинақталған тәжірибесі, тұқымқуалаушылық нышандары, нерв жүйелерінің қызметі және т.б.

Педагогикалық процесте диагностика тек бір-ақ рет қолданылмайды. Өйткені ол тірі организм секілді адамның өзара қарым-қатынасын, әрекетін, белгілі бір затқа қатысын, тұлғалық сапаны қалыптастыру, ықпал ету тәсілін және т.б. үнемі бақылауды қарастырады. Сондықтан педагогтарға бұл күрделі жағдайдың ерекшелігін ғана білу жеткіліксіз, сонымен бірге оған қатысатын адамдардың күнделікті жағдайын диагностикалауды да білу қажет. Соған орай педагогикадағы диагностиканың объектісі болып тек әлеуметтік орта немесе біртұтас педагогикалық процесс қана танылмайды, сонымен бірге оның негізін құрушылар да танылады. Яғни, ең алдымен – балалар.

Педагогқа, ең алдымен, балалардың жас және дара ерекшеліктері, психология-физиологиялық ерекшеліктері жайында терең білім қажет. Ол оқушылардың тұлғалық дамуын түрлі іс-әрекеттің нәтижесінің сапасы және деңгейі; олардың ынтасы мен не нәрсеге бейімділігі, әуестігі, қызығушылығы, қабілеті және таланты; ұжымдағы моральдық көңіл-күйі мен тұрақтылығы туралы мәліметтерсіз педагогикалық тұрғыдан басқара алмайды. Бұндай қатынас оқушылар ұжымының жағдайы, ұйымшылдық сапасы мен деңгейі және болашақтағы оның дамуы жайында нақтылы мәліметтерді меңгеруге деген қажеттілікке әкеліп соғады.

Өз алдына жеке диагностикалық зерттеу объектісі болып оқушылардың тәрбиелік деңгейі, оқу нәтижесі, адамгершілік жағдайы, ұжымдағы олардың өзара қарым-қатынасы және интеллектік даму деңгейі де қарастырылады. Сонымен бірге педагогикалық диагностиканың объектісі болып – мұғалім табылады. Оның кәсіби дамуы көптеген жағдайда өзінің кәсіби құзыреттілігінің сапасы мен деңгейіне, сын көзімен бағалау, өздік талдау жасау қабілетіне, осылардың негізінде өзін-өзі жетілдіре білуіне байланысты анықталады.

Педагогикалық процестің нәтижелі болуы жалпы алғанда жаңашыл педагогтардың жеке күш-жігеріне ғана емес, сонымен бірге педагогтар мен оқушылар ұжымдарының өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуде педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби талпынысы мен сауатты іс-әрекетіне де байланысты. Сондықтан да диагностиканың объектісі болып педагогикалық ұжым, оның жекелеген өмір сүру әрекетінің жағдайы табылады. Соған байланысты әрбір педагогтың кәсіби деңгейін көтеру жүзеге асады.

Диагностиканың объектісі болып біртұтас педагогикалық процесс те қарастырылады. Педагогтарға оның жетекші компоненттерінің педагогикалық әрекетке қатыстырылғанын, оқыту мен тәрбиенің негізгі тетіктерінің нәтижелі жұмыс жасайтынын білуі міндетті. Ол үшін оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формалары, әдістерінің нақты өлшемдерінің болуы шарт. Сондай-ақ диагностиканың объектісі ретінде біртұтас педагогикалық процестің маңызды компоненттерінің бірі болып ата-аналар мен әлеуметтік орта танылады. Көптеген жағдайда соларға байланысты балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың сипаты және оған түзету енгізу, өңдеу, толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Диагностика процесінің субъектілері болып бұл жұмысқа арнайы даярлығы бар әлеуметтанушылар, дәрігерлер, психологтармен қатар оқу-тәрбие процесінде өзара әрекеттесетін тікелей қатысушылардың өздері де жатады. Маман ретінде олар негізінен талдап қорытынды жасау сипатындағы мәліметтерді табуды қарастырады. Олар балалардың жалпы денсаулығын диагностикалайды, оқу-тәрбие процессінің нерв жүйелеріне әсерін зерттейді, дарынды балалардың ақыл-ой қабілетінің жағдайын ашады.

Диагностика мамандарының міндеттеріне ұжымда моралдық-психологиялық күйді және жекелеген балалардың эмоционалды-психологиялық жағдайын қалыптастыру кіреді. Олар оқушылардың құндылық бағытының сипатын, мұраттарын және талпынысын, қажеттілігін анықтайды. Осындай мәліметтер педагогқа өзінің бастапқы ұстанымын анықтауға және бірмезгілде оны оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда ескеруге көмектеседі.

Сондай-ақ, тәрбиешіге баланың оқу жұмыстарының да жетістіктері мен кемшіліктерін білуі қажет. Мәселен, оның білімге қатысты ой-өрісінің жағдайы; білім, білік, дағдысының беріктігі; ойлау қабілетінің дамуы; есте сақтауы, қабылдауы, ұғынуы, ойда қорытуы секілді психологиялық процестерінің даму дәрежесе және т.б. Тек осылардың нәтижесінде ғана баланың интелектілік даму деңгейі мен сапасын болжау және оған тиісті дәрежеде ықпал ету мүмкін болмақ. Ол үшін педагогтан жүйелі түрде күнделік дәптерін жүргізу қажеттігі туындайды. Онда балаға қатысты барлық ақпараттар талданып, болашақта атқарылатын істерге нақты болжам құру жұмыстары белгіленіп отыруы тиіс. Сонда ғана ол нәтижелі болмақ.

Қорыта айтқанда, педагогикалық диагностика, педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде бала тұлғасының бірыңғай және дара дамуына қатысты бастапқы, оперативті-тактикалық және жедел мәліметтерді алу процесі мен амал-тәсілдерінің жиынтығы.

Диагностиканың негізгі әдістемелік міндеттерін шартты түрде төмендегідей етіп бөліп қарауға болады:

1. Белгілі бір сыныпта немесе топта, жалпы алғанда мектепте педагогикалық процес кезінде тәрбиенің даму ерекшеліктері мен сапасын, деңгейін анықтау.

2. Тәрбие процесінің ішкі және сыртқы жағдайының өзара әрекеттесуін және оқушы тұлғасының дамуына ықпал ететін тәрбие процесін ұйымдастырудың ең тиімді педагогикалық құралдары, формалары және тәсілдерін анықтау.

3. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуының мүмкін болатын жолдарын және тәрбие процессі мен оның нәтижесінің болашақтағы жағдайын (балалардың тәрбиелік жағдайы, ұжымның даму динамикасы) алдын ала болжау.



      1. Сыныптың оқу-тәрбие процесінің нәтижесі туралы ақпарат (бастапқы, оперативті-тактикалық, жедел) диагностиканың негізі ретінде


Педагогикалық процесске қатысушылар(субъектілер) – педагогтар, тәрбиешілер, үйірме жетекшілері – диагностика көмегімен оқу-тәрбие жұмыстарын сауатты ұйымдастыруға әсер ететін күнделікті ақпараттар алуға талпыныс жасайды. Яғни, олар, ең негізгісі оқушылардың жеке басының тәрбиелік деңгейлерін, білім жүйелерін, біліктілік пен дағдыларды қаншалықты сапалы меңгергетіндіктерін, оларды оқу-тәрбие процесінде және өмірде қаншалықты нәтижелі пайдалынатынын білгілері келеді.

Балалар, олардың ұжымдары және бірлестіктері жайында ақпараттар жинаудың және оларды зерттеп танудың негізгі көзіне (источник) олардың күнделікті жасайтын дәстүрлі іс-әрекеттері, қылықтары, сондай-ақ, алдын-ала ескерілмеген, ерекше, экстреминалды жағдайдалар жатады. Бірінші жағдайдағы диагностикалық мәліметтер тұлғаның, ұжымның, топтың қандай да бір интеллектілік, эмоционалдық, ұйымдастыру мүмкіндіктерін меңгергені туралы ақпараттар алуға мүмкіндік берсе, ал екінші жағдайда диагностикалық мәліметтер шын мәнісінде оқушылардың өздері туралы, тәрбиелік деңгейілерінің сапасы туралы ақпараттар жинауға, оларды талдауға мүмкіндік береді. Олар әлеуметтік тәрбиенің бала тұлғасында оның өзінің психалогиялық жағдайын, сезімін, жалпы алғанда мінез-құлқын басқару қабілетін, ерік жігерін қаншалықты дамыта алғаны жайында ақпараттар алуға мүмкіндік жасадйды. +++++++++++++++++++++++++++++



      1. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасының қызметі, түрлері және ұйымдастыру формалары


Диагностикалық ақпараттар педагогикалық процесті саналы, тыңғылықты ұйымдастыруда, оларды нәтижелі басқаруда белгілі бір қызметтерді де атқарады.

Педагогикалық диагностиканың көптеген қызметінің ішінде алдыңғы қатарда стратегиялық-информациялық, тактикалық-коррекциялық, болжам жасаушылық (прогностический) қызметтерін айтуға болады.

Стратегиялық-информациялық қызметінің мәні оқу-тәрбие процесін педагогикалық басқаруды диагностикалық тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді. Егер жалпы педагогика және психология педагогтар мен тәрбиешілерді балалардың өмірі мен оқуының, тұлғалық дамуының жалпы заңдылықтары, олардың әлемге қатысы жайындағы білімдермен қаруландыруды көздесе, стратегиалық диагностика әрбір баланың нақты жағдайы, тұлғалық психологиялық дамуы жайында мәліметтер береді. Осындай мәліметтер педагогикалық процесті іс жүзінде бақылауға, мақсатты ұйымдастыруға, қарама-қайшылықты жоюға және т.б. мүмкіндік жасайды. Стратегиялық диагностикалық мәліметтер біртұтас педагогикалық жүйенің, концепциялардың, теориялардың тәрбиелік-білімділік нәтижелілігін тексеруге мүмкіндік береді.

Тактикалық-коррекциялық диагностика қызметінің мәні педагогикалық процессті үнемі бақылап отыруға мүмкіндік беретін мәліметтермен қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, тәрбие мен оқытудың нәтижелілігін қамтамасыз ету оқушылардың білімдерді меңгерудегі жетістіктері мен кемшіліктеріне, әлемге көзқарастары мен сенімдеріне, адамгершілік және эстетикалық қатынастарына, тұлғалық сапаларын қалыптастыруға қатысты күнделікті мәліметтерсіз мүмкін емес. Педагогқа осы тұрғыдан кең көлемде хабардар болу әрбір оқушымен қарым-қатынас жасауға, оның өмірге, адамдарға, өзіне қатысты белгілі бір өзгертулер енгізуіне, педагогикалық процесті өзгертуге, сонымен бірге тәрбие мен оқытудың құрылымы және мазмұнын, жекелеген формалары мен әдістерін, өзінің ұстанымы мен өзін-өзі жетілдіруге нақты мүмкіндік береді.

Болжам жасаушылық қызметінің мәні педагогтар және оқушылар ұжымы, топтар мен бірлестіктер, сондай-ақ жекелеген бала тұлғасының даму тенденцияларын алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, мәліметтердің педагогтардан бөлектенуі, олардың тек сабақ беруге ғана талпынысы, оқушыларға қатысты формалдық қатынас, шығармашыл-әдістемелік бірлестіктің жұмысының әлсіреуі педагогикалық процесті басқаруда дұрыс нәтиже бермейді. Керісінше, педагогтардың белсенді шығармашылық әрекеті, олардың іздемпаздығы, өзара талдауға ынталылығы, сабаққа өзара қатысуы және т.б. ынтымақтастық әрекеттері белсенді педагогикалық ұжымға бірігуіне, оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыруға, болжанған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Сол секілді, оның қызметі балалар ұжымының даму тенденциясын диагностикалауда да мәні зор. Мәселен, кейбір жекелеген балалардың қоғамдық өмірден бөлектенуі, сынып немесе мектептің қоғамдық істеріне формалды қатынасы балалар ұжымының нәтижелі дамуына кері әсерін тигізеді. Керісінше, балалар мектепке асықса, олар өздерінің қызығушылығын қанағаттандырса, жалпы қоғамдық маңызы бар істерді атқаруда ұйымдастырушылық әрекеттері біріксе, рухани-адамгершілік, эмоционалды өзара қарым-қатынасы артса, онда балалар ұжымындағы тәрбиелік әрекет күшейеді, ол өз алдына бала тұлғасының жағымды дамуына ықпал етеді.

Болжам жасау қызметі әрбір баланың қалыптасу процесінде де қажет. Педагог балалармен тек күнделікті қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесуімен ғана қанағаттанбауы тиіс, олардың жеке дара психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін терең зерттеуі негізінде, оған бала тұлғасының жалпы даму бағытын анық білуі қажет. Мәселен, ол қоғамдық маңызы бар істермен айналыса ма?, ол өзінің қызығушылығын тек жеке басының мүддесіне ғана бағындыра ма немесе басқа балалардың да қызығушылығымен санаса ма және т.б. Бұндай диагностикалық білімсіз әрбір балаға қатысты тәрбиенің мақсатын, оның жеке-дара тұлғалық қалыптасуы мен даму бағдарламасын нақтылау мүмкін емес.

Диагностикалау жұмыстарының түрлерін алдын ала, аралық, қорытынды, ал оны ұйымдастыру формаларынжеке дара, топтық және ұжымдық деп қарастыруға болады.

Алдын-ала диагностикалау жұмыстары оның міндеттеріне сәйкес зерттеліп отырған объектіге қатысты белгілі бір мәліметтер алу мақсатында жүргізіледі. Оның нәтижесі педагогикалық процесті сапалы ұйымдастырудың оңтайлы амал-тәсілдері мен формаларын табуға көмектеседі.

Аралық диагностиканың мақсаты педагогикалық процестің белгілі бір бөлігінде атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін саралау, талдау, қорыту және оларға түзету енгізуді көздейді.

Қорытынды диагностика жұмысының мәні педагогикалық процестің бастапқы кезеңі мен соңғы кезеңдерінің нәтижесін анықтау, салыстыру және талдауды, соған сәйкес болашақта атқарылатын жұмыстарды алдын-ала болжау және жоспарлауды көздейді.



      1. Оқушының жеке басы және оқушылыр ұжымын психологиялық-педагогикалық зерттеудің диагностикалық әдістері және оған қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі


Қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдіске жалпы қызығушылық артуда. Ол педагогтың мектеп психологының көмегіне сүйене отырып, тікелей немесе жанама түрде өзінің қатысуы арқылы жүзеге асады.

Оқушы тұлғасының дара-психологиялық ерекшелігін зерттеуде психологиялық-педагогикалық диагностикамаңызды рөл атқарады.

Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында әрбір оқушының жеке-дара-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық сипатын зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі.

Оған оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, балалардың тұлғалық дамуын анықтауға маңызды үлес қосатын психологиялық-педагогикалық диагностикалық ақпараттарды алу-талдау әдістері жатады. Олардың көмегімен баланың психикалық процестерінің өту жағдайын мен сипаты, тұлғалық сапалар мен дара қасиеттердің жүйелі қалыптасуын анықтауға қол жеткізіледі.

Диагностикалық ақпараттарды алу әдістері мен амал-тәсілдерін негізгі 2 топқа бөліп қарастыруға болады: балалардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және моралдық-психологиялық жай-күйін арнайы зерттейтін әдістердің жиынтығы; педагогикалық диагностикалау тәсілдері.

Арнайы диагностикалық қызметті әлеуметтік зерттеу әдістері атқарады. Арнайы зерттеу әдістерінің ішінде балалардың денсаулығын анықтайтын кешенді медициналық зерттеу әдістері маңызды рөл атқарады. Бұл әдістің мақсаты балалар ағзасының барлық жүйесінің дамуы, олардың оқу-тәрбие процесіндегі жүктемеге дене және психикалық тұрғыдан даяр болуы жайында мәліметтер алу. Бұл мәліметтер педагогқа педагогикалық процесті әртүрлі деңгейде, саралап-даралап, дифференциалап ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оны нәтижелі жүзеге асыру тек балалардың денсаулығына қатысты анатомиялық, физиологиялық, жалпы биологиялық, антропологиялық жан-жақты білімдер болған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Ол, өз алдына оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыруға оң ықпал ете алады. Себебі оқушылардың әртүрлі деңгейдегі оқу жұмыстарын нәтижелі орындауы, уақыт мөлшері мен мазмұнның күрделілігі тек олардың денсаулығына байланысты саралап, дифференциалап ұйымдастырған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.

Медициналық-педагогикалық әдістерді ұйымдастыру балалар ағзасын диагностикалау, оларды сабақта, еңбекте, демалыста, ойында үнемі бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда дәрігер педагогикалық процестің тікелей субъектісіне айналады.

Арнайы диагностикалық зерттеу әдістерінің көмегімен балалардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың психикалық жай-күйін, жеке-дара тұлғалық сапасын, оқу-тәрбие процесінің нәтижесін, оқушылар ұжымындағы эмоционалды-адамгершілік күйді, педагогтар мен оқушылардың өзара-қарым-қатынасы, оқушылардың ата-аналары, отбасы жағдайы туралы мәліметтер алуға мүмкін болады.

Ол мектеп жағдайында әртүрлі зерттеу әдістерін қолдану барысында оқу жылының өн бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып, талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатқа байланысты анықталады.

Ол кең көлемді әлеуметтік зерттеу әдістерінің көмегінің арқасында жүзеге асады. Олардың қатарына арнайы құжаттарды зерттеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама, сараптама, эксперимент сондай-ақ, баланың ұжымдағы әлеуметтік статусын анықтайтын социметрия әдістері жатады.

Бұлар оқушылар тұлғасының сапасы және білім деңгейі, эмоционалдық жағдайы, қызығушылықтары, іс-әрекетінің мотивінің жай-күйін анықтайды, қажетті ақпараттар алуға мүмкіндік береді, бірақ олардың мәнін өзгертпейді.

Оқушының жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен ғана шектелмейді, оларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді. Қоғамдық пайдалы істерді ұйымдастыру -оқушының нендей нәрсеге қызыға қарайтынын, нендей нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27


написать администратору сайта