Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы мағлұмат .

  • Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

  • Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

  • Жалпы психологиялық-педагогикалық қорытынды

  • Ұжымдық іс-әрекеттері және олардың орындалу барысы

  • Сынып ұжымының даму дәрежесі .

  • 3. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдісте р і

  • Сауалнама жүргізу әдісі

  • Матрица (Ұяқалып) әдісі

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница13 из 27
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

    1. Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі (технологиясы)

    Жалпы нұсқау. Педагогикалық практика кезінде оқушының жеке басын танып білу көптеген нақтылы ақпараттардың болуын қажет етеді. Сондықтан осы үлгі негізінде қалауыңызбен оқушының жеке басын танып білуге арналған талдаудың бір бағытын лайықтап таңдап алыңыз.

    Психологиялық-педагогикалық мінездемеде жеке басты танып білу төменде көрсетілген сұрақтарды терең талдаған жағдайда ғана мүмкін болады.

    1. Оқушының оқу, еңбек және қоғамдық әрекеті.

    2. Оқушының жеке басының бағыты және арнайы қабілеті.

    3. Темперамент және мінез ерекшеліктері.

    Оқушының жеке басын танып білуде қандай бағыт таңдап алынса да, ең алдымен оқушы жайлы жалпы мағлұмат және мектепке қатынасы, оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасын анықтау қажеттігі туындайды.

     Жалпы мағлұмат.

    І. Оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс-тіршілігі, үлкендермен қарым-қатынасы, жанұя тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.

    ІІ. Сыныпқа және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы:

    1. Сыныпқа қатынасы (оны жақсы, немқұрайды немесе жек көреді, ұжым пікірін бағалауы, кіммен дос және неге негізделген, балалармен жиі ренжісе ме, болса оның себебі неде?).

    2. Ұжымдағы жағдайы (беделі, жауапкершілігі, іскерлігі және олардың көрінісі).

    4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттана ма, немесе қандай жағдайда болғысы келеді?

    5. Мектепте болған кезін бағалауы, ондай жағдайда негізінен нені бағалайды?

    6.Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы (оларды жақсы көре ме, сыйлай ма, олармен қарым-қатынас жасай ма? т.б.).

     Оқу әрекеті.

    1. Үлгерімі, пәндерге ықласы мен қызығушылығы, білім деңгейі.

    2. Ой өрісі, көп оқығандығы.

    3. Тіл байлығы (көркем сөйлеуі, сөз қоры, өз ойын бейнелі әрі көркем жеткізе білуі).

    4. Оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығы (ынтасы, қай пәнге ықласы жоғары, бағаға көзқарасы, оқу әрекетінің негізгі түрткісі т.б.).

    5. Оқу қабілеті:

    • зейін ерекшелігі /зейіннің ырықты даму дәрежесі, оның шоғырлануы, тұрақтылығы, бөлінуі/;

    • оқу материалын ұғынып, байыптап, сана-лылықпен қабылдауы. Ұғыну қарқыны;

    • есте сақтаудың дәрежесі мен сипаты (түсінбей, ықтиярсыз немесе ұғынып, саналы жаттап алу, ықтиярлы есте сақтаудың т.б. жеке-дара ерекшеліктері);

    • ойдың дамуы (құбылыс пен заттың негізгі және қосалқы көрінісін айыра білуі. Жалпы және дерексіз /абстракция/ ұғымын меңгеруі, өз бетінше талдауы, салыстыра қорытынды жасауы, шешімнің жолдарын тез арада таба алуы);

    • қиялдың дамуы /әртүрлі оқу-әрекетіндегі қиялдың шығармашылық және қайта жасау бейнелерінің көрінісі/.

    6. Оқу әрекетіндегі ынта-жігері.

    1. Күн тәртібін сақтауы, жинақылығы, кітаппен өз бетінше жұмыс жасауы, оқу материалын жаттап алуы, өзін-өзі бақылауы, жоспар, конспект құра білуі және т.б.

     Еңбек әрекеті (оқу еңбегі, мектепте және үйде)

    1. Еңбекке қатысы /ыждағатты, ыждағатсыз көңіл бөлуі, өз пайдасы үшін ынтыға ма? Еңбек етуге құштарлығы және оны нақты не нәрсе қызықтырады: еңбек процесі, жасаған істің саласы, белгілі бір дағдыны меңгеруі және т.б.

    2. Еңбек дағдысы мен шеберлігін меңгеруі.

    3. Еңбек процесіндегі жауапкершілігі мен тәртібі.

    4. Ұзақ еңбек дағдысына машықтануы.

    5.Еңбек әрекетінің түрін қалауы.

     Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

    1. Қызығушылығы (не нәрсеге қызығады, бәрін көрсету: қызығушылығының сипаты, оқуды ұната ма, ұнатса нені оқитындығын толық баяндау: көркем шығарма, ғылым көпшілікке арналған немесе көңіл көтеруге арналған мақсатта оқылатын әдебиеттер).

    1. 2. Сенімі, арманы. Мінезінде асқақтық байқала ма?

    3. Қайсыбір әрекетінде қабілеті ерекше (ән-күйге,

    сурет салуға, әртістік т.б.).

    4. Нені армандайды және келешекте не істеуге ниет етіп жүр (6-кластан бергі арманын мінездемеде көрсету).

     Тәртібі

    1. Мінез-құлқына сипаттама (өзін байсалды, ұстамды ұстай ала ма, немесе артық қимыл көрсете ме).

    2. Мектеп ережесін орындауы (тәртіпті сақтайды, әдейілеп немесе байқамай бұзады, бөлінген уақытқа сиғыза алмайды т.б.).

    3. Үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орындауда жиі қарсылық көрсете ме, атап айтқанда олар қандай/. Тәртіп бұзу түрін көрсету.

     Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

    1. Мінезіндегі оң және теріс қасиеттері:

    • адамдарға, оқуға, еңбекке, тіпті өзіне бағытталған мінезіндегі ерекшеліктері;

    • қайырымдылығы, кішіпейілдігі, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, жауапкершілігі, қарапайымдылығы, тәкаппарлығы, ұстамдылығы, дөрекілігі, қызбалығы, қызғаншақтығы, күйгелектігі, сылбырлығы, менмендігі;

    • мінезіндегі жігер келбеті (қайсарлығы, дербестегі, қиқарлығы, тез иланғыштығы);

    2. Темперамент ерекшелігінің көрінісі (әсерлену, қызығушы-лық өрісі, еңбекқорлығы, алғырлығы, ептілігі, ширақтығы, көпшілдігі).

    3. Көңіл-күй көтеріңкілігі /ақжарқын, көңілді, жа-бырқаңқы, солғын т.б.). Оның тұрақтылығы. Көңіл-күйінің өзгеруіне қандай жағдай әсер етеді.
    Жалпы психологиялық-педагогикалық қорытынды

    1. Оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер. Оның ақыл-ой деңгейінің дамуын (төмен, орташа, жоғары) және адамгершілік тәрбиесінің сапасын анықтау. Кемшіліктері болса оның себебін (ішкі немесе сыртқы) көрсету. Отбасылық жағдайы, денсаулығы, белгілі бір қабылетінің жоқтығы, жұмыс дағдысының нашарлығы және т.б.

    2. Мұғалімнің алдында тұрған негізгі психологиялық-педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.

    2. Сынып ұжымын зерттеудің және оған мінездеме құрастырудың шамамен алынған үлгісі
    Жалпы нұсқау. Мұғалімнің өзі жұмыс істейтін сынып ұжымын зерттеп тану, оған психологиялық-педагогикалық мінездеме жазуы міндетті шара.

    Сынып ұжымының қалыптасуы бірнеше даму сатысынан өтеді. Сонымен қатар, оның қалыптасып, дамуы ішкі және сыртқы факторларға байланысты қарастырылады.

    Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы және дамуы көбінесе мұғалім-ұстаздың тікелей қатысуымен және солардың жан-жақты ықпал етуіне байланысты болады. Мұндай жағдайда оның жауапкершілігі зор, әрі қиын болып келеді. Себебі, ол, бір жағдайда ұжымның ақылшы-кеңесшісі, ал екінші жағдайда – олардың оқу-тәрбиелік әрекетін ұйымдастырушы және бақылаушысы да болып келеді.

    ӘРбір мектеп мұғалімі сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық қызметін атқаруды оқу жылының басында өзіне бекітіп берген нақты сыныпта жүргізеді. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы көбінесе оның сынып ұжымын қаншалықты жетік білуіне байланысты: оның құрамын, ұйымдастыру құрылымын, әрекет мазмұнын, қалыптасқан дәстүрлерін, берік топтасқандығын және басқадай тыныс тіршілігін білумен қатар, олардың даму дәрежесін және т.б қасиеттерін анықтайды.

    Сынып ұжымын зерттеу жұмыстары шамамен төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізгені дұрыс.

    1. Сынып жайында жалпы мағлұмат.

    2. Сынып құрылымы.

    3. Сынып ұжымның іс-әрекеттері және оларды орындау барысы.

    4. Сынып ұжымның даму дәрежесі.

    5. Жалпы қорытынды.

    Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша төмендегі бағдарлама ұсынылады:

    • Сынып жайында жалпы мағлұмат.

    1.Қай сынып, мектеп, аудан.

    2.Оқушылар саны қанша (ұлдары, қыздары, жастары).

    3.Қай уақытта құрылған.

    4.Сынып жетекшісінің ауысуы немесе тұрақтылығы қандай дәрежеде?

    • Сынып құрылымы.

    1.Сынып белсенділері.

    2.Сынып старостасы және оның жұмысының сапасы.

    3,Сыныптың басқа белсенділеріне қысқаша сипаттама (бастамалары, дербестіктері, табандылық, қайсарлықтары, өздері және басқаларға талап қою дәрежесі, жолдастары арасындағы өзара беделдері, ұйымдастырушылық қабілеттері, басқа оқушыларға қамқорлығы, қоғамдық пікірге көзқарастары т.б).

     Қатар бағыну жүйесі

    1.Бейресми құрылымы: бейресми жетекшілердің болуы, олардың сынып ұжымына ықпал дәрежесі немесе сынып белсенділерінің олармен қарым-қатынасы.

    2.Ресми және бей ресми құрылымның арақатысы (үйлесуі немесе үйлеспеуі).

    3.Санда бар, сапта жоқ оқушылардың болуы және олардың болу себебі, жолдастарының олармен қарым-қатынасы дәрежесі, ықпалы, оны жақсарту жолдары.

    4.Сынып ұжымындағы шағын топтар, олардың пайда болу уақыты және өмір сүру жағдайы. Сынып ұжымының мектеп ұжымы және басқа сынып ұжымдарымен байланысы.

    5.Сынып жетекшісінің жеке тұлғасы және оның сынып ұжымына ықпалы: білім дәрежесі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, мектеп оқушыларының психологиясына сай білім деңгейі, басқару тәсілі, сынып ұжымының оған қарым-қатынасы, оқушылар арасындағы беделі.

    • Ұжымдық іс-әрекеттері және олардың орындалу барысы.

    1.Оқу әрекеті (сабақ үлгерімдері, белгілі бір пәнге қызығушылығы, ынтасы, сыныптың жоғары үлгерімге күресуі, таным қабілеттері жайлы сипаттама).

    2.Оқу әрекетіндегі олардың тәртібі (сабаққа қатысы, үй тапсырмасын орындаулары т.б.); оқу әрекетіндегі жағымсыз кезең (шпаргалка қолдануы, сыбырлап айтып қоюы, біреуден көшіріп алуы).

    3.Ұжымның сабақтан тыс өмірі: күнделікті саяси оқиғаларға, өнерге, музыкаға, әдебиетке, спортқа, бизнеске, дискотекаға, олимпиадаға, пікірсайысқа, кездесулерге ықыластары және оның көрініс формалары. Киноға, театрға баруы мен оларды талдауы т.б. Мектептің тыныс-тіршілігіне араласуы.

    4.Шефтік мекемелермен байланысы, ата-аналар қауымының сынып ұжымына ықпалы.

    • Сынып ұжымының даму дәрежесі.

    1.Сыныпта сын, өзара сынның болуы, оған оқушылардың қатынасы, көзқарасы. Сыныпта дау-дамйдың (жанжалдың) болуы, оларды болдырмау немесе шешу жолдарын анықтау.

    2.Жеке оқушылар арасында достық, жолдастық қатынастарды көрсету (социметрия әдісі).

    3.Сынып ұжымы әрекетінің құрылымы мен мазмұнының өзгеруі, тұрақтылығы, оның даму дәрежесі.

    • Жалпы қорытынды.

    Сынып ұжымындағы көңіл-күй жағдайы (сергек, жарқын, қызықты, шиеленіскен, жүйке шаршағандық т.б.). Тәртіптілік сипаты. Ұжым өмірі мен оның әрбір мүшесінің өзара қарым-қатынасын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер және оларды болдырмау, жою жолдарын анықтап көрсету және т.б.

    3. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістері

    Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, оқу-тәрбие меңгерушісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін, алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды.

    Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін бақылау, сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді қолдануға болады.
     Бақылау әдісі

    Міндеті: Белгілі бір сынып шараларын дайындау /нақтылы/, өткізу барысында /жиналыс, кеш, мәдени жорық, кездесу т.б./ оқушылардың белсенділігін, ұйымшылдығын, іскерлігін анықтау.

    Бақылау жағдайы: Оқушылардың мектепте және мектептен тыс әрекеттері негізінде атқарады.

    Жоспар мазмұны:

    1. Шараны өткізу туралы бастаманы кім көтерді?

    2. Сыныптағы барлық оқушылар бұл ұсынысты қабылдады ма?

    3. Шараны дайындау және өткізу барысында оқушылар арасында міндеттер қалай бөлінді?

    4. Сынып жетекшілердің негізгі рөлі қандай болды /староста және т.б./?

    5. Ресми емес лидердің рөлі қандай болды?

    6. Шараны дайындау және өткізу барысындағы оқушылардың нақтылы қатысы қалай болды /тапсырған жұмыстарды орындауы немесе одан бойды аулақ ұстау, жалтару болса оның себептері/?

    7. Қандай қиыншылықтар болды және оларды қалай жеңді?

    8. Атқарған шараларға талдау жасалды ма? Оларға қандай қорытынды жасалды?

    9. Сынып жетекшісінің байқау барысындағы ұстанған жолы /араласып, кірісіп кетуі немесе сырттан бақылауы/.

    Нақтылы жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген бағдарламаны сынып жетекшісі толықтырып отыруы мүмкін. Егерде бақылау барысында сынып жетекшісіне басқа тақырыпта бақылау жүргізу қажеттігі туса, онда ол, жоғарыда көрсетілген бағдарлама нұсқасына сай өзіндік жоспар құрып, оны іс жүзіне асырауына болады.
     Әңгіме әдісі

    Әңгіме дайындау барысында сынып жетекшісі сынып ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде және оған қатысты ақпар алу мақсатын көздей отыра, жан-жақты сұрақтар тобын әзірлеуі қажет. Мысалы:

    Әңгімеге арналған сұрақтар тізбегі:

    1. Сендердің сыныпта көп уақыт аралығында бәріңізге ортақ атқарып жүрген істер бар ма? Бар болса, оларды атаңыз. Оған сіздің қатысыңыз қандай?

    2. Сендердің сынып ішінде Б. көпке әйгілі. Көптеген оқушылар онымен достасқысы келеді. Сен қалай ойлайсың, оның себебі неде?

    3. Менің байқауымша сендердің сыныпта К. онша белгілі оқушы емес. Себебі не?

    4. Сендердің сыныпта оқушылар арасында жанжал болып тұра ма? /айтыс, боқтасу, жәбірлеу т.б./ Не себептен олар туындайды? Соған мысал келтіріңіз?

    5. Сенің біреумен жаман қарым-қатынаста болатын кезің бола ма? Болса оның себебі неде және ол қай кезде болды?

    6. Сендерде сынып жиналысы болып тұра ма? Онда тәртіп, үлгерім, тапсырманың орындалуы жайлы мәселелерді қарайсыңдар ма? Тәртіпті бұзған, нашар оқитын, берілген тапсырманы орындамай жалтаратын оқушыларды сынайсыңдар ма?

    7. Оқушылар сынға қалай қарайды? Одан қорытынды шығара ма? Болмаса сыннан кейін сендерге өкпелеп қала ма?

    Ескерту: Әңгіме мазмұнын күнделікке жазып отыру керек. Оқушының оны байқамағаны жөн /оны әңгіме соңынан жасау қажет/. Оқушылармен әңгіме жүргізу уақыты шектелмейді.

     Сауалнама жүргізу әдісі

    Мұғалім сауалнама жұмыстарының көмегімен бағдарламаның қай бөлімін зерттеп білу қажеттігін алдын-ала анықтауы қажет. Сұрақтардың сипаты мен сауалнаманың құрылымы осыған байланысты болып келеді. Сауалнаманы құра отыра оның көңіл аударатыны – сұрақтардың қысқа немесе көлемді жауаптары, немесе оларға алдын-ала дайын жауап-тардың әзірленуі, оқушылардың олардың біреуін таңдауы.

    "Тапсырылған іске жауапкершілік деңгейі" тақырыбына арналған сауалнама сұрақтарының үлгісі:

    1. Жауапкершілік дегеніміз не?

    2. Сенің қасыңдағы барлық оқушылар өздеріне жүктелген тапсырманы орындай ма?

    3. Сен қандай адамды жауапкершілігі жоқ деп ойлайсың? Сенің қасыңда ондай оқушылар бар ма?

    4. Өз жолдастарыңның қандай істеріне көбінесе риза емессің?

    5. Оқушылардың өздеріне тапсырылған жұмыстарын, немесе осыған қатысты уәделерін әрқашанда орындау үшін сен оларға не ұсынар едің?

    Сауалнама жұмысына жеке-дара немесе оқушылардың барлығымен бір мезгілде жүргізуге болады. Олардың жауаптарын талдап, қорытынды шығару керек. Сауалнама жұмыстарының нәтижесіне сай, пән мұғалімдерінен де қосымша мәліметтер алуға болады.

    Сауалнама жұмыстары бойынша алынған мәліметтерді талдау және қорытындылау барысында, олардың нәтижесін күнделікке жазып отыру қажет.

     Социометрия әдісі

    Бұл әдіс негізінде сынып ұжымының өзара қарым-қатынасын зерттей отыра, оқушылардың жалпыға танымал немесе танымал еместігін, сонымен қатар сыныптағы шағын топтардың барын анықтауға болады.

    Сынып жетекшісіне социометрия әдісін қолдану барысында (жылына екі рет атқару) жалпы сынып ұжымы және жекелеген оқушы жайлы құнды деректер алуына мүмкіндік туады: оқушылар арасында белсенділер кім? Оқшауланған оқушы бар ма? Кімдер бір-бірімен дос болуды қалайды? Ұлдар мен қыздардың қарым-қатынасы қандай дәрежеде? Сынып ұжымы қаншалықты топтасқан, соған сәйкес тапсырмаларды қалай бөлуге және кімдерге беруге болады? Сыныпта өзара көмекті қалай ұйымдастыруға болады? т.с.с.

    Социометрия әдісі бойынша эксперимент жүргізуге болады.

    Сынып оқушыларына бір парақ қағаздар таратылады. Әр оқушы парақтың жоғарғы бұрышына өзінің аты-жөнін, ал оның төменгі жағына, бір-бірінің астына 1,2,3 деген сандар жазады. Содан кейін төмендегідей сұрақтарды қоюға болады. Мысалы: өз сыныптарының ішінде сен кіммен бірге жұмыс істегің /демалғың, ойнағың т.б./ келеді?

    Оқушы өз сыныптарының ішінен 2 оқушыны таңдайды да, жоғарыда келтірілген сандардың тұсына рет-ретімен қондырады. Толтырылған парақ беттерін жиып алып, оларға талдау жасайды. Оқушылардың толтырған парақ беттері әліпбилік тәртіппен орналастырып, жеке-жеке нөмірленеді.

    Оқушылардың жауаптары негізінде ұяқалып жасалады. /Богословский В. В., т.б. Жалпы психология. 1980, 87 бет, 12 сурет/. Ол төмендегідей тәртіппен жасалады. Оқушылардың аты-жөні матрицаның сол жақ бағанасына әліпбилік тәртіппен орналастырылады. Жоғарғы жағына олардың реті мен нөмірлері қойылады. Парақ беттеріндегі мәліметтер ұяқалыпқа дұрыс таңдау белгісі бойынша тиісті торшаға қондырылады, ол өзара таңдау белгісі бойынша көрсетіледі.

    Парақ беттеріндегі барлық мәліметтер ұяқалыпқа қондырылып болғаннан кейін, әрбір оқушының таңдаулары-ның саны есептеледі, оның қорытындылары әрбір бағананың төменгі жағында көрсетіледі. Таңдаудың жалпы саны оқушылардың сыныпта қаншалықты танымал екендігін анықтайтын көрсеткіш болып табылады.
     Матрица (Ұяқалып) әдісі

    Ол былай жасалады:

    Жоғарыда көрсетілгендей торкөз жасалынады да оның жоғары сол жақ бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына қиғыш сызық /диагональ/ жүргізіледі, /13-сурет/. Оқушы-лардың аты-жөні олардың реттік саны алдын-ала торкөздерге енгізілмейді. Бірінші ұяқалыптан өзара көп таңдау жасаған кез келген оқушыны бөліп алады да, оның аты-жөні және реттік саны ұяқалыптың бірінші жолына жазылады және сондай реттік сан торкөздің жоғары торшаларына горизонталь қондырылады. Содан кейін бірінші ұяқалыптан жоғарыда көрсетілген оқушының өзара таңдауда кімдермен болды, соларды бөліп алып, олардың аты-жөнін ұяқалып жолдарына енгізіп, реттік сандарын сақтай отыра вертикальды және горизонталь түрде торшаларға қондыру керек. 2-таңдау белгісі де олардың тұсына қажетті торшаларға қондырылады. Егерде ұяқалыптың бірінші жолдарына енгізілген оқушының өзара таңдау белгісі басқа оқушылармен болмаса, онда келесі, екінші жолдағы оқушының өзара таңдауын іздестіріп бірінші ұяқалыптан бөліп алып жоғарыда келтірілген тәртіппен екінші ұяқалыпқа қондырылады.

    Өзара таңдау осындай тәртіппен аяқталғанша жүргізіледі.

    Өзара таңдауы жоқ оқушылар ұяқалыптың соңына қарай енгізіледі. Өзара –, + белгісі диагональ сызығының бойына жағалай орналастырылады. Белгіленген топты қалың сызықпен астын сызып белгілеу қажет, соның негізінде квадрат пайда болады. Өзара таңдаудың қорытындысында шағын топтар пайда болады.

    Алуан түрлі әдістерді пайдалану негізінде алынған деректер талданып, қорытындыланып оның нәтижелері жазба түрде мінездемеде көрсетілуі қажет.

    Дұрыс және өзара таңдау әдісі туралы материалды мына әдебиеттен қараңыздар: Практикум по общей психологии /Под редакцией А. И. Щербакова, Просвещение, 1990, 84–88 беттер/. Жалпы психология. Мектеп. 1980. 87–95-беттер аралығы.
     Эксперимент әдісі

    Мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмысы мұғалімдер үшін тәжірибе орны болып табылады. Әрине, егерде мұғалім өзінің педагогикалық жұмысына тек пән мұғалімі ретінде ғана емес, сонымен қатар зерттеуші ретінде де қараса. Оны ұйымдастырудың негізіне:

    -зерттелетін мәселенің мақсатын, нысанасын анықтау, міндеттерін белгілеу;

    -зерттелетін мәселені педагогикалық және психологиялық тұрғыдан танып білу (теориялық әдебиеттерді, әріптестеріні және мектептің іс-тәжірибесін);

    -солардың негізінде жалпы тәрбие және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

    -зерттеу жұмыстарының нәтижесін практикаға енгізу, олардың тиімділігін анықтап, тәрбие процесіне түзетулер енгізу;

    -зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижесін жазып, оны талдап және салыстырып отыру.

    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27


    написать администратору сайта