Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.6. Тәрбие жұмысының технологиясы 1.6.1. Тәрбие технологиясы әлеуметтік технология ретінде және оның өндірістік технологиядан айырмашылығы Технология

  • Жалпыпедагогикалық технология

  • Арнаулыәдістемелік педагогикалық технология

  • Модульдік педагогикалық технология

  • В.А.Караковскийдің тәрбие жүйесі

  • «шығармашылық бөлмесінде» (И.П.Волкова)

  • С.Д.Полякованың

  • Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру»

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница10 из 27
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

    Мектептен тыс мекемелердің жұмысын ұйымдастыру формалары:


    - әртүрлі акцияларды, жобаларды, шараларды (балалардың шығармашылық фестивальдері, қала күні, атаулы және ұлттық мейрам күндері, спорттық эстафеталар, өлкелік-туристік слеттар және т.б) өзара бірлесіп ұйымдастыру және өткізу;

    -балалардың жазғы еңбек және демалыс лагерлерін, жорықтарын, экспедицияларын бірлесе жүргізу;

    -жорықтар, байқаулар, спартакиадалар, фестивалдар, слеттер, эстафеталар, акциялар, секциялар, жарыстар;

    -жас натуралистер станциясы, жас техниктер станциясы, жас туристер, спорттық, көркемөнер, музыкв мектептері, пионер лагерлері және т.б. мектептен тыс мекемелер.

    Бүгінде мектептен тыс мекемелердің жұмысын ұйымдастырудың мақсаты мен оқу бағдарламасы және формаларына қатысты көптеген мәселелер өз шешімін табуда.

    Бақылау сұрақтары

    1. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқу жұмыстарына қарағанда қандай ерекшеліктері және қажеттілігі бар?

    2.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары мен түрлері қандай және оларды анықтау неге байланысты?

    3.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері қандай?

    4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметіне не жатады?

    5.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны нені қамтиды?

    6.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұнына әсер ететін факторларды атаңыз.

    7.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының формаларының түрлері мен ерекшеліктері қандай?

    8.Оқушылардың тәрбие жұмыстарында мектептен тыс мекемелердің қызметі қандай?

    9.Мектептен тыс мекемелердің мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қарағанда ерекшеліктері қандай?

    10.Мектептен тыс мекемелердің түрлері мен олардың жұмысын ұйымдастырудың формалары қандай?

    1.6. Тәрбие жұмысының технологиясы

    1.6.1. Тәрбие технологиясы әлеуметтік технология ретінде және оның өндірістік технологиядан айырмашылығы
    Технология – бұл өндірісті ұйымдастыру туралы ғылым. Ол өнімді бастапқы кезеңінен соңғы нәтижесін алу кезеңіне дейінгі барлық операцияларды және әдістерді сипаттайды. Әрине, өнімді өндірісте даярлау процесі секілді білім беру және тәрбие процесін де технологиялық тұрғыдан қарамау мүмкін емес. Бұл бағыт ХХ ғасырда педагогикалық процестің құрылымын басқару, тәрбиелік ықпалды бақылау секілді көзқараста ерекше байқала бастады.

    «Технология» термин сөзі латынның «техне» – өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» - ғылым деген ұғымын білдіреді. Ол алғашқы кезде металл не металды өңдеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы деп есептелінсе, ХХ ғасырдың 50 жылдарында педагогиканың оқыту әдісінде де пайдалана бастады. Кейіннен жеке тұлғаны кешенді оқыту және тәрбилеу идеясы технология ұғымын тәрбие саласына да пайдалануға әкеліді.

    В.П.Беспальконың пайымдауынша, қандайда бір әрекет не өнер немесе технология ретінде болуы мүмкін. Өнер – интуицияға, ал технология – ғылымға негізделген. Барлығы өнермен басталып, технологиямен аяқталады, соңынан бәрі қайта басталады. Осының бәрі тәрбие теориясына қатысты айтылған пікір. Өйткені тәрбие, бір жағдайда педагогика ғылымының саласы болса, ал екінші жағдайда, ол - өнер.

    Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгіне – белгілі бір іс-әрекеттің түпкі нәтижесін және оған қалай қол жеткізу жолдарын мұқият анықтау жатады.

    Өндірістік технология – бұл тәсіл және ғылым жетістіктерін ендіру нәтижесі. Мәселен, оған табиғи шикі заттарды (мұнай, ағаш т.б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.

    Әлеуметтік технологияда оқушыларды оқыту және тәрбиелеу технологиясы қарастырылады.

    Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы өндірістік технология белгілі бір нақты жүйелі операциялардан тұрады.

    Әлеуметтік технологияны процестердің нақты іріктелген жүйесі деп айтуға болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс айрықша маңызға ие. Яғни мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп, оқу материалын толық меңгермеген оқушылармен қосымша жұмыс істейді, оқу стандарттына сай білім мазмұнын меңгертеді. Сонымен қатар жаңа оқу материалын түсіндіру мен бекітуде қайталау және пысықтау процестерінің болатындығын білеміз. Бұндай қатынас, әлеуметтік технологияның өндірістік технологияға қарағанда өзіндік ерекшелігін сипаттайды.

    Сондай-ақ, әлеуметтік технологияда әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология да негізінен бір-біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын «Өндірістік технология» ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан тағы да бір айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.

    1.6.2. Тәрбие технологиясы, тәрбие процесіндегі оның мәні мен ерекшеліктері және өлшемдері
    Бүгінде педагогикалық әдебиеттерде білім беру технологиясы, оқыту технолногиясы, педагогикалық технолногия, тәрбие технологиясы, информациялық технология, қарым-қатынас технологиясы секілді ұғымдар жиі қолданылады.

    Білім беру технолногиясы ХХ ғ. орта шенінде жүйе теориясы, кибернетика, программалы оқыту негізінде ғылыми бағыты бар нақты оқу және тәрбие процесін жобалаумен айналысатын танымның саласы ретінде дамыды. Оның негізгі идеясы педагогикалық процесті мақсатына және болжамына сәйкес басқарылатын жүйе ретінде қалыптастыру.

    Тәрбие технологиясы – тәрбие процесін басқаруды жобалаумен айналысатын педагогиканың негізгі бір бағыты. Яғни, тәрбие технологиясының бірнеше мәні бар. Біріншісі – технология – тәрбие процесін жобалау, басқару туралы ғылыми пән ретінде түсіндірілсе, ал екіншісінде - бұл тәрбие процесін жобалау, талдау (разработка), сипаттау (описание), осылардың негізінде педагогтардың нақтылы бір жұмыстың түрін жүзеге асыруы деп қарастырады.

    Жоба (проект) – бұл мұғалім мен оқушылар үшін оқу немесе тәрбие міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін материалдардың жиынтығы. Немесе мұғалімнің оқу немесе тәрбие міндеттерін нәтижелі жүзеге асыруын қамтамасыз етуде алдын-ала құрылған іс-шараның үлгісі. Ол бүгінгі ұрпақты жаңа заман талабына сай тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Соған орай қазіргі педагогтардың алдында тұрған келелі міндеттердің бірі қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу.

    Демек, жоба жақсы құрылса, шығарылатын өнімнің түпкі нәтижесі қандай болатындығы мұқият анықталса, оны жасау құралдары нақты белгіленсе, оған жағдай жасалса, онда өндірістік немесе әлеуметтік саладағы осындай процестерді «технология» деген атауға болады.

    Тәрбие технологиясының тағыда бір мәні бар. Ол «педагогикалық техника» ұғымымен де байланысты қарастырылады. Педагогикалық техника – ғылыми негізделген балаларға тәрбиелік ықпал ететін амал-тәсілдердің жиынтығы, педагогтың меңгерген «тұлғаға жанасу» өнері (Шуркова Н.Е.).

    Бұның мәнісі, педагогикалық техниканы педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Педагогикалық техника мұғалімнің өзін басқару және оқушыларға психологиялық-дене күші құралдарымен (дауыс ырғағы, ым, көзқарас және т.б.) тіпті өзінің жан дүниесі, сезімімен ықпал етуге қажетті кешенді біліктіліктерді меңгеруін қарастырады. Мұғалім біліктілігінің қаншалықты жоғары болуы, оның соншалықты тәжірибесі және кәсіби құзырлығы кең әрі бай маман болады. Тіпті ол жаңа технологияны меңгеру барысында еркіндігі және оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жүйелік-технологиялық ілімді пайдалануға, оған қатынасушы барлық субъектілермен өзара әрекеттесуге қабілетті болады.

    Жоғарыда аталған екі ұғымға қатысты баяндалған көзқараста олардың бір-біріне жақын екендігін қуаттайды және олар дәстүрлі мағынада тәрбие теориясының практикалық саласы ретінде тәрбие жұмысының әдістемесі деп аталғаны бізге мәлім. Ол негізінен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың «бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін» зерттейтін ғылымның саласы. Тәрбие әдістемесі шынайы дәстүрлі мағынасында мектептің нақтылы тәрбие жұмысының міндеттері мен мазмұнын, сынып жетекшісінің оқушылармен және ата-аналармен атқаратын тәрбиелік шаралардың жоспарын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттейді. Сол себептен де бұрынғы «әдістеме» ұғымы бүгінде «технология» ұғымымен жиі ауыстырылуда. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ.

    Дегенмен технология мен әдістеменің өзіндік ерекшеліктері бар. Әдістеме педагогтың әрекетін, тәрбиенің амал-тәсілдерін, ережелерін, жағдайын сипаттайды. Бұндай көзқарас технологияда да бар. Әдістеме: «осындай амал-тәсілдер, ережелер бар, оларды қолдануға болады деп» педагогтарды оқытады, ұсыныс білдіреді. Ал тәрбиеге технологиялық көзқараста белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесіне қол жеткізуде оның жай-күйін анықтау (диагностика), мақсатын белгілеу, жоспарын құру, ұйымдастыру формалары мен әдістерін таңдау секілді жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылады. Яғни тәрбие процесінің алгоритімі құрылады (тәрбиелік міндеттерден бастап оның соңғы нәтижесін талдау, қорытынды жасау кезеңдері толық қамтылады), ондағы педагогтар мен оқушылардың әрекеті, тіпті оған қатысатын барлық субъектілердің әрекеттері өзінде тиянақты қарастырады. Яғни технология әдістемені нақтылауға қызмет етеді.

    Бұл процесте педагог тұлғасы шешуші рөл атқарады: оның терең білімі мен асқан шеберлігінің үйлесімді болуы ғана оқушыларға нәтижелі ықпал етуі мүмкін. Ал дәстүрлі педагогикада педагогтан жоғары морал, сенім, құндылық және рухани асқақтық талап етіледі. Яғни педагог «кемелденген, сүйікті адам» болуы тиіс деп санайды.

    Педагогтың шеберлігі – бұл педагогикалық-психологиялық білімдердің, кәсіби біліктіліктің, тұлғалық сапа мен тәжірибенің үйлесімді жиынтығы. Тәжірибе, педагогикалық және әдістемелік жұмыс, білімдер – бұл біліктіліктің өсуін қамтамасыз етеді, мұғалімнің кәсіби әрекетінде тұлғалық қасиетінің дамыуына ықпал етеді.

    А.С.Макаренконың пікірінше «шебер» деп тәрбие жұмысында кімде-кім әртүрлі «ұсақ дүниені» меңгерген тәрбиешіні атаған: мұғалім балаларға әртүрлі жағдайда қандай дауыс ырғағымен қатынас жасайды, сыныпта өзін-өзі басқаруды қалай ұйымдастырады, тәрбиешінің баламен әңгімесінде қандай «құралды» («инструмент») пайдалануға болады және т.б. А.С.Макаренко тәрбие жайында әңгіме қозғағанда көп жағдайда «құрал» және «өндіріс» сөздерін жиі қолданған.

    Батыс елдеріндегі қазіргі педагогика мұғалімнен ең алдымен кәсіби құзырлықтың болуын және технологияны меңгеруді талап етеді. Бірақта ғалымдардың пікіріне қарағанда педагогикалық еңбек технологияландыру процесін оншалықты қабылдамайды. Керісінше, тәрбиешінің жеке шығармашылық еңбегін және оның кәсіби әрекетін «технологиялық», «өндірістік» деп қарау қажеттігіне тоқталады. Өйткені ол тәрбие технологиясын құруға ынталандырады дейді. Тәрбиені технологияландыру процессі қазіргі педагогикада және тәрбие әдістемесінде де жүріп жатыр, ол белгілі бір жағдайда қалай нәтижелі сабақ беруге немесе тәрбие шарасын ұйымдастырып өткізуге немесе «қиын» баламен жұмыс жасауға болатындығы жайында ұсыныс білдіретін классикалық әдістеменің орнын ауыстыруға әкеледі деп есептейді.

    Дегенмен педагогикада нақты технология жоқ. Бірақта педагогикалық тәжірибеде «импровизация» болуы мүмкін. Тәрбиенің субъектісі және объектісі – тірі адамдар, олар технологияда ендірілген ережелер, өлшемдер, ұстанымдарға тек ыңғйлануы мүмкін. Соған орай тәрбие технологиясын құру және оны жүзеге асыруда кейбір қиындықтар туындайды. Ол бірқатар тәрбие ерекшеліктеріне байланысы болады.

    • Тәрбие кең және тар мағынасында қарастырылады, ол белгілі бір нақты жағдайда бірқалыпты әрекет етпейді.

    • Тәрбие тұтастық сипатқа ие, оны бөлшектеп қарауға болмайды, яғни тәрбиеші әрекетінің алгоритмін құруда қиындық тудырады.

    • Бала тәрбие процесінде – педагогтың ықпал ету объектісі және көптеген әрекеттің субъектісі.

    • Тәрбие – көпжақты процесс: көптеген факторлар, соның ішінде стихиялық, өзінің түзетуін ендіреді.

    • Тәрбие компоненттерінің ішінде екеуі (тәрбиеші, тәрбиеленуші) – тірі адамдар, олар белгілі бір деңгейде өтіп жатқан барлық істерге ықпал жасайды, олардың әрекеттерін алдын ала болжауда қиындықтар туындайды.

    • Тәрбие өмірмен тығыз байланысты: тәрбие субъектілерінің логикасы және ұстанымы тұлғалық және педагогикалық ұстанымдарға байланысты қарама-қайшылықта болуы мүмкін; қарама-қайшылық тәрбиені өмір сүру деңгейіне немесе ғылымға байланысты түсінумен анықталады.

    • Әртүрлі педагогтардың тәрбиеге қатысты тұжырымдамаларының әр қилы болуы, нәтижесінде балаға қатысты оқыту және тәрбиелеу әдістемесі де әртүрлі болады.

    • Тәрбие теориясы мен әдістемесі эмоционалды болмауы мүмкін емес, өйткені балаға сүйіспеншілік – тәрбиенің нәтижесін анықтайтын педагогтың маңызды сапасы. Педагогтардың кейбір әрекеттері интуицияға негізделген және т.б.

    Қазіргі тәрбие технологиясының негізінде қарастырылатын алдыңғы қатарлы идеяларға жатады:

    • қазіргі қоғам мен білім беру саласында қайта құру процесі әкімшілік басқару жүйесінде тәрбиені тұлғаны қалыптастыру парадигмінен тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай тудыру парадигімінде қарастыру;

    • мектепті басқаруда оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру және демократияландыру;

    • концептуалдық идеялар, педагогикалық ұстанымдар, тәрбиелік технологиялар, педагогикалық амал-тәсілдер, құралдар және ұйымдастыру формаларын таңдауда әртүрлі нұсқалардың болу мүмкіндігі;

    • педагогтар мен мектептің тәжірибелік әрекеттерінің, авторлық концепцияларды құру мүмкіндіктерінің болуы;

    • педагогикалық иновацияның ұжымдық сипатының болуы және т.б.

    Тәрбиеге технологиялық көзқарас төмендегідей өлшемдермен, белгілермен (признак) сипатталады: нақтылық (конкретность), мақсаттың диагностикалығы, алгоритмикалық, мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелік әрекет, тәрбие нәтижесін өлшеуде кері байланыстың және құралдар мен әдістердің болуы.

    Педагогикалық технология тәрбие әрекетінің тәрбиенің мақсатына қол жеткізуде нақты бағытының болуын қатаң талап етеді. Сондықтан бұл процес алгоритмикалық негізде құрылуы тиіс, яғни әрекеттің бастапқы кезеңінен соңына дейін жүйеленіп бірізділікпен баяндалуы қажет. Бұндай жағдайда олар, яғни операциялар немесе әрекеттер нақты орындалуы мүмкін.

    Қазіргі мектепттерде кездесетін кемшілік - мақсаттың жалпылама қойылуы. Бұл мақсаттар әрекеттің түпкі нәтижесін қамтамасыз ете алмайды, олардың нәтижесін тексеруде біршама қиындықтар туындайды.

    Түпкі мақсат - тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсат – ол бізге қажет түпкі нәтиже. Бұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Мәселен, оқыту жұмысында диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады. Сол секілді тәрбие мақсатын анықтауда, ең алдымен тәрбиеленушінің тұлғалық сапасын, деңгейін анықтап алмай, белгілі бір нақты әрекетті жоспарлауға болмайды. Бұндай жағдай, оның түпкі нәтижесінің оң болуына кері әсерін тигізеді.

    Демек, мақсат әрекеттің түпкі нәтижесімен тығыз байланыста қарастырылады.

    1.6.3. Педагогикалық технология – құзырлы педагогтың кәсіби біліктілігінің жүйесі
    Демек - технология тәрбие процесінде педагогикалық шеберліктің негізін құрайтын көптеген кешенді кәсіби біліктілікті, педагогикалық техниканы және технологияны меңгерген кәсіби құзырлы мұғалімді қарастырады.

    Ғалымдар педагогикалық біліктілікте келесі топтарды бөліп қарастырады: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, практикалық (прикладной).

    Гностикалық (танымдық және диагностикалық) біліктілік – бұл, біріншіден, педагогикалық міндеттерді шешуде әртүрлі мәліметтермен (информация) жұмыс жасай білу және алынған мәліметтердің нәтижесін саралау, талдау, пайдалана білу біліктілігі, негізінде мұнда информациялық, методологиялық және ғылыми-әдістемелік мәдениетті меңгеру жайында сөз болып отыр. Екіншіден, бұл педагогикалық ақиқатты, тәрбие процесінің жай-күйін талдай білу және диагностикалық, яғни оқушыларды зерттеп тани білу, олардың дамуында кездесетін проблемаларды анықтау және оларды өзінің педагогикалық міндеттері ретінде қалыптастыру біліктілігін қарастырады.

    Конструктивтік біліктілік – бұл оқу және тәрбие процесін жобалай, жоспарлай білу, мақсатқа жету үшін әрекеттің құрамы мен тәртібін анықтай білу, педагогикалық міндеттерді шешу технологиясын жасай білу, басқаша айтқанда оқушылармен оқу-тәрбие жұмысында оның мақсатын, мазмұнын, құралдарын және ұйымдастыру формаларын анықтай және жобалай білу біліктілігі қарастырылады.

    Ұйымдастырушылық біліктілік – бұл әрекет барысында оқушылардың қызығушылығын оята білу, олардың әртүрлі әрекеттерін басқара білу, оқушылардың оқудан тыс уақытта тәрбиенің әртүрлі формалары мен амал-тәсілдерін пайдалана білу біліктілігі.

    Коммуникативтік біліктілік – бұл оқушылардың эмпатияны қабылдай және түсіне білуі, оған қабілеттік таныту және мәліметтермен алмасу, қарым-қатынаста өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, оқушылармен мақсатты қарым-қатынас орната білу, педагогикалық әрекетте дау-дамайды дұрыс шеше білу біліктілігі.

    Эмпатия (грек тілінде empatheia – сопереживание) - педагог үшін маңызды тұлғалық сапа. Ол басқа адамдардың басынан өткен қайғы-қасіретін бөлісу, оларға жаны ашу, барынша көмек көрсетуге даяр болу қабілеттерін білдіреді.

    Практикалық біліктілік – бұл мұғалімдерге қажет өнер, қолөнер кәсібі, спорт, демалыс саласында: сурет салу, сахнада ойну, өлең құрастыру, суретке түсіру және т.б. біліктілік жатады.

    1.6.4. Тәрбие технологиясының әртүрлі деңгейі және қазіргі тәрбие технологиясының сипаты
    Қазіргі педагогикада «педагогикалық технологияны» 3 деңгейде қарастырады. Бұндай қатынас тәрбие технологиясына да тән секілді.

    1. Жалпыпедагогикалық технология («педагогикалық жүйенің синонимі ретінде) оқу мекемелеріндегі біртұтас педагогикалық процессті (жалпы дидакңтикалық, жалпы тәрбиелік) сипаттайды, онда процестің мақсаты, мазмұны, құралдары және әдістері, субъектілердің іс-әрекеттерінің алгоритмінің жиынтығы қарастырылады.

    2. Арнаулыәдістемелік педагогикалық технология (пәндік – дидактикалық болмаса тәрбиелік) - мағынасына қарай «арнаулы әдістеме» - яғни белгілі бір пәннің немесе тәрбиенің бағыттарына сай оқыту немесе тәрбиенің мазмұнын жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы.

    3. Модульдік педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесінің бір бөлігінің технологиясы ретінде; дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу технологиясы.

    Бүгінде мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген кейбір тәрбие технологиялар төмендегідей сипатталады.

    І - тәрбие процесіндегі жалпыпедагогикалық технология (педагогикалық жүйе).

    • Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы - ерекше мақсатты бағыттылығы бар: баланың тұлғалық сапасын (жаны және жүрегі, таным күштері және т.б) ашу арқылы онда мейірбан адамды қалыптастыру, дамыту және тәрбиелеу қабілетінің болуы. Тәрбиенің мұраты – өзін-өзі тәрбиелеу.

    • В.А.Сухомлинскийдің Павлыш орта мектебіндегі тәрбие жүйесі.

    • А.А.Котоликованың А.С.Макаренконың жүйесі бойынша еңбекке тәрбиелеу үлгісі: балалар жасампаздық еңбекке тәрбиеленеді, ауылшаруашылығы мектебі бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеден өтеді. Ондағы кейбір басымдық танытқан идеялар қатарына жатады: еңбек – тұлғаны қалыптастыру негізі; әрбір балаға қамқорлық жасау және көңіл бөлу; балада өзіндік қызығушылықтың, іздемпаздықтың, «өмірге құлшыныстың» болуы, мектеп-шаруашылық формасында оқуды өндірістік еңбекпен ұштастыру; мектепте макаренколық ұжым, педагогикада қосықпалды әрекет, балалардың өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі бақылауының болуы және т.б.

    • Мектеп В.А.Караковскийдің тәрбие жүйесі ретінде.

    • «Артек» халықаралық балалар орталығы.

    ІІарнайы-әдістемелік педагогикалық технология.

    • Балалардың сабақтан тыс әртүрлі әрекетінде «шығармашылық бөлмесінде» (И.П.Волкова) шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.

    • И.П.Иванованың ұжымдық шығармашылық әрекет жағдайында қоғамдық шығармашылыққа тәрбиелеу технологиясы.

    • С.Д.Полякованың ұжымдық шығармашылық әрекетте тұлғалық-бағдарлық технологиясы.

    • О.С.Газманның педагогикалық қолдау технологиясы.

    • Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясында «Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру» авторлық курсы.

    ІІІ модульдік тәрбие технологиясы: мақсатқоюшылық, жағдайды талдау, оқушыларды әрекеттің тәсілдерімен қаруландыру, дау-дамайды шешу, жетістікті тудыру және кемшілікті жоюға жағдай жасау, жеке-дара және диференциялық көзқарас технологиясы, педагогикалық бағалау технологиясы және т.б.

    Бақылау сұрақтары

    1.Технология дегеніміз не ?

    2.Өндірістіке және әлеуметтік технология дегеніміз не? Олардың бір-бірінен ерекшеліктері қандай?

    3.Технологияның әдістемеден айырмашылығы неде?

    4.Педагогикалық технология дегеніміз не? Ол мектептің педагогикалық процесінде бар ма?

    5.Педагогикалық технология және педагогикалық техника: осы екі ұғымның байланысы және ерекшеліктері қандай?

    6.Тәрбие технологиясы дегеніміз не? Тәрбиеге технологиялық тұрғыдан көзқарастың мәнісі неде?

    7.Мектептегі тәрбие процесін неге тәрбие технологиясы деп атамаймыз?

    8.Тәрбиеге технологиялық көзқарас қандай өлшемдермен анықталады?

    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27


    написать администратору сайта