Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.3. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жүйесі, олардың өзара байланысы.

  • Педагогикалық қолдау көрсету

  • 3 кезеңнен

  • Жүйенің құрылымын құру

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница7 из 27
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

    Гуманизм - (лат. humanus – человеческий, свойственный человеку, человеколюбивый – адамшылық, адамға тән, адамшылығы бар) ертедегі ойшылдар мен педагогтардың құнды еңбектерінен бастау алады. Олардың қатарында Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Плутарха, Сенеки, Квинтилиана, Тертуллиана, Августина, Аквината және т.б. жатқызуға болады. Оның дамуына маңызды үлес қосқандар батыстың танымал педагог-ағартушылары Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, П. Ф. Гербарг, А. Дистервег және кеңес педагог-ғалымдары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский.

    Сухомлинскийдің пайымдауынша «жақсы сезім өзінің тамырымен балалық шаққа сапар жасауы қажет, ал адамшылық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік еңбекте, қамқорлықта, қоршаған әлемнің әсемдігіне толқу жағдайында туындайды» деген екен. Бұлардың бәрі, айналып келгенде бүгінгі тәрбиенің гуманистік сипатын құрайды.

    Академик Д.С.Лихачев «Мен ХХІ ғасырды гуманистік мәдениетті дамыту ғасыры болады деп өзімше ойлаймын» деп жазады. Демек, бүгінде тәрбие мәселесінде гуманистік принципті бірінші орынға қою, бұл әрине табиғи заңдылық болып табылады.

    Кезінде В.Г.Белинский «адамшылықты» тәрбие принципі ретінде қарастыра отыра, «тәрбиенің қаруы және делдалы маххабат, ал мақсаты – адамшылық болуы міндетті. Тәрбие балаларда шенеунікті, ақынды, қолөнершіні емес, адамды көруі міндетті» деп жазған.

    Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің теориясы мен әдістемесінің дамуы (В. И. Андреев, Е. П. Белозерцев, Т. Н. Мальковская, Л. И. Новикова, И. П. Подласый, С. А. Смирнов, B. C. Селиванов, В. А. Сластенин, Н. Е. Щуркова және т.б.) педагогтарды тәрбиеде гуманистік сипаттың болуына және тұлғамен өзара әлеуметтік қарым-қатынас жасауға бағыттайды (тұлғалық-бағдарлық), соған сәйке келесі міндеттерді шешуді жүктейді:

    1)тәлімгерлерді жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен таныстыру;

    2)әрбір тұлғаның шығармашылық күшін анықтау;

    3)тұлғаның еркіндік сезімін және объективті жағдайда өзіне-өзі баға бере алатын қабілетін қалыптастыру;

    4)бірлескен өмірдің ережелері мен нормаларын құрметтеу;

    5)еңбекке жағымды қатынасты орнату;

    6)ұлтаралық татулық пен ұлттық құндылықтарды мақтаныш ету сезіміне негізделген тұлғааралық қарам-қатынас мәдениетін қалыптастыру және т.б.

    Тәрбие процесінде бұл міндеттерді шешу, келесі методологиялық және гуманистік принциптерді педагогтардың басшылыққа алу барысында жүзеге асады:

    1)тұлғалық-бағдарлық ілім тұлғаны жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану; тәлімгерге қарым-қатынас тәрбие субъектісі ретінде қарастыру;

    2)табиғатқа сәйкестілік – тәлімгерлердің жыныстық және жас ерекшеліктерін ескеру;

    3)мәдениетке сәйкестілік – халықтың ұлттық дәстүрлеріне арқа сүйеу;

    4)тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру;

    Гуманистік принциптер:

    1) тәрбиеленушінің құқығы мен еркіндігін сыйлау;

    2)оның сезіміне арқа сүйеу;

    3)жеке басына шамаға лайық және ақылға сыйымды ойластырылған талаптар қою;

    4)қойылған талаптарды орындаудан бас тарту жағдайында да, оның позициясын сыйлау;

    5) өз бетінше болуы құқығын сыйлау;

    6) тәрбиесінің нақты мақсатын оның санасына жеткізу;

    7)оған қажетті тәрбиелік сапаны күштемей қалыптастыру;

    8) ар-намысына, абыройына нұсқан келтіретін, қорлайтын дене және басқадай жаза түрлерінен бас тарту;

    9) белгілі бір себеппен оның сеніміне қарама-қайшы келетін сапаларды қалыптастыруға қарсы болу құқығын тану;

    10) педагогикалық ықпал ету процесінде оның келеңсіз жақтарын алдын-ала ескерту;

    11) оның қызығушылығын, талғамын, қалауын, қажеттілігін есепке алу.

    Гуманистік бағыттағы тәрбие жүйесінің белгілері.

    • мектептің тәрбие жүйесінің дамуында бірыңғай тұжырымдаманың болуы;

    • салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру;

    • балалардың тәрбиелік әрекеттерін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық және жеке-дара формаларының өзара ықпалдастығы және әрекеттестігінде үйлесімділіктің болуы;

    • балалардың әртүрлі ұжымдары мен бірлестіктерінің жан-жақты әрекетінің болуы.



    1.2.6. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары.

    Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту мәселесі Білім беру және ғылым министрлігінің, білім беру субъектілерін басқару және барлық типтегі мекемелердің басты бағыттарының біріне айналуда.

    Осыған байланысты қоғамының барлық салаларында жаңа үлгіге (модель) өту мәселесі білім беруде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты детерминациялау жағдайына байланысты қарастыруда, білім берудің мазмұнын реформалауда да аса қажеттілік тудырды. Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда.

    Ол Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүзеге асып отырған нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жасалынады:

    -Қазақстан Республикасының Ата Заңы;

    -Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

    -«Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары»;

    -Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»;

    -Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңы;

    -Қазақстан Республикасының «Кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы;

    -Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау» туралы Заңы;

    -Қазақстан Республикасының «АИТВ/ЖТИС-тің алдын алу» туралы Заңы;

    -Қазақстан Республикасының «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу» туралы Заңы;

    -Қазақстан Республикасының «2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары»;

    -Қазақстан Республикасының «2010 жылға дейінгі білім беруді дамытуда мемлекеттік бағдарламасы»;

    -Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтің «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауы;

    -2009 жылдың 16 қараша айындағы «Білім және ғылым» министрінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында үзіліссіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамасы»;

    -ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7.07. 2000 жылғы «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы»;

    -«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және т.б.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», - деп атап көрсетілген.

    Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды үғым.

    Соған сәйкес оқушыларды:

    -ұлттық мәдениеттілікке тарту;

    -Қазақстан тарихын және салт-дәстүрлерін оқып үйрену;

    -қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру;

    -Отанға деген сүйіспеншілік, өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы өзекті мәселелері болып табылады.

    Сол секілді «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсеткендей «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

    Алайда, қазіргі кезде білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.

    ...Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді»- деп тұжырамдайды.

    Бұған қосымша Білім және ғылым Минстрлігінің 2009 жылғы 16 қараша айындағы №521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында» да Республика аймақтарында шешімі табылмаған көптеген проблемалардың бар екендігі айтылады. Олар мыналар:

    -«жаңа әлеуметтік ақиқаттың пайда болуынан, тұлғаға қоғамның жаңа талаптар жүйесінің туындауы;

    -тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдардың жеткіліксіздігі;

    -қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық (ущербность), әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;

    -оқытудың рөлінің жоғары бағалануы және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуында тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;

    -педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалпына келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі;

    -әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;

    -адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;

    -бұқаралық ақпарат құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері ықпал етуі; тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

    -педагогтардың осы заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі;

    -балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы (күші) тиімділігінің төмендеуі;

    -еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;

    -балалар мен жастар қызығушылықтары бірлестіктер жүйесінің шектеулілігі (клубтар, үйірмелер, секциялар т.б.) және олардың іс-әрекеттерінің жеткіліксіздігі.

    Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі осы заманғы қоғамды дамытудың және еліміз қауіпсіздігінің негізі мен мемлекеттік саясатын құрайтын басты стратегиялық міндеттері ретінде қаралуы тиіс».

    Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде «2011 жылдан бастап:

    -білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылады;

    -қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рәміздерді таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады;

    -түрлі жобаларды іске асыру арқылы жастар арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар қабылданатын болады» деп нақты атқарылатын шаралар белгіленген.

    Осылардың негізінде тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында тәрбиенің кешенді бағдарламасы әзірленуде. Оның жетекші принциптері болып табылады:

    -құқықтық және саясм мәдениетті тәрбиелеу;

    -патриоттық тәрбие;

    -рухани-адамгершілік тәрбие;

    -құқық бұзушылық пен экстремизмнің алдын алу;

    -салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

    -ата-аналармен әлеуметтік әріптестік;

    -өзін-өзі басқару;

    -өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту;

    -эстетикалық тәрбие

    -экологиялық тәрбие;

    -кәсіби бағдар жұмысы.

    Бақылау сұрақтары
    1.Тәрбие жүйесі дегеніміз не және тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбие жүйесін басшылыққа алудың маңызы қаншалықты?

    2.Тәрбие жүйесін құрушы факторға не жатады?

    3.Тәрбие жүйесінің құрылымы немесе компоненттері қандай?

    4.Тәрбие жүйесінің қалыптасу кезеңдері, олардың ерекшеліктері қандай?

    5.Қазіргі тәрбие жүйесінің маңызды өлшемі ретінде қандай идея қарастырылады?

    6.Тәрбие жүйесінің жан-жақтылығы және тәрбиенің гуманистік жүйесі дегеніміз не?

    7.Жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесінің тарихи қалыптасуы қалай болды?

    8.Қазақстан мектептерінде тәрбие жүйесін қалай қалыптасқан және ондағы шешімін таппаған қандай проблемалар бар?


    1.3. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жүйесі, олардың өзара байланысы.
    1.3.1. Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде және балаларды әлеуметтендіру мен дамытуда мақсатты фактор
    Әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде тәрбие жүйесінің көптеген түрлері бар. Олар жүйеқұрушы іс-әрекеттердің түрлерінің мазмұнымен анықталады. Мәселен, мектеп, лицей, гимназиялардың тәрбие жүйесінде жүйеқұрушы әрекеттің түрі негізінен таным әрекеті.

    Қосымша білім беру мекемелерінің (балалардың шығармашылық орталығы, балалар мен жас өспірімдер бірлестіктері және клуб жұмыстары және т.б.) тәрбие жүйесінде жүйеқұрушы әрекеттің түрі мекеменің кәсіби сипатының мазмұнымен анықталады.

    Ауылшаруашылығы мекемесінің жанынан құрылған мектептің тәрбие жүйесінде бірден бір жүйеқұрушы әрекет болып еңбек танылады.

    Сондай-ақ, тәрбие жүйесінің әртүрлігі мектептердің түріне, оның орналасқан жеріне, оқушылар санына, педагогикалық ұжымның іс-тәжірибесіне, дәстүрлерге және т.б. байланысты болып келеді.

    Көп жағдайда педагогиканың теориясы мен практикасында мектептің тәрбие жүйесі туралы айтылады. Оны құрудағы мақсат төмендегідей факторлармен байланысты қарастырылады:

    • тәрбие әрекетіне қатынасушы субъектілердің күш-жігерін біріктіру, педагогикалық процестің компоненттерінің өзара байланысын қамтамасыз ету;

    • табиғи және әлеуметтік ортаның тәрбие процесіне ықпал ету мүмкіндіктерін кеңейту;

    • педагогикалық ұжымның тәрбие процесін жүзеге асыруда уақытты және күш-жігерді үнемдеуін, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

    • оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың ұжымдық әрекетте іскерліктері мен өзара тығыз қарым-қатынасын орнықтыруда жағдай жасау және т.б.

    Демек, егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға тұлға ретінде жаңа әлемнің есігін ашып, оның рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

    Яғни оқушы тұлғасын барлық жағынан дамыта тәрбиелеу, оны қоғам құрылысына белсене қатыстыруға даярлау міндеттері мектеп арқылы жүзеге асады. Мектепте білім беру және тәрбилеу барысында оқушының ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне бейімделеді, рухани күші жетіледі, эстетикалық сезімі мен талғамы артады. Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін біртұтас педагогикалық процесте мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

    Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Тәрбие жұмысының ұйтқысы ретінде сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені мектептің тәрбие жұмысының жүйесі негізінен сыныптан бастау алады. Сондықтан да олар бір-бірімен өзара байланысты қарастырылады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, жағымды көңіл-күй жағдайын қамтамасыз етуі және т.б. сыныпта жүзеге асады. Яғни бала тұлғасының дамуында сынып тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде бірінші кезекте танылады.

    Мектептің өзін-өзі басқару ұйымынын өкілдік қызметі де көбінесе сыныптың атынан жүзеге асады.

    Олай болса, мектепте бала тұлғасының дамуына жағдай жасау және педагогикалық қолдау көрсету – бұл оның әрбір жас кезеңдеріне сай өзінің негізгі өмір сүру әрекетінің міндеттерін нәтижелі шешуге көмектесетін қарым-қатынас жүйесін жасау процессі болып табылады.

    Педагогикалық қолдау көрсету – бұл баламен бірге оның өзіндік қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, бейімділігін ескере отырып, өзінің адамгершілік құндылықтарын сақтауға, оқуда және тәрбиеде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда, өзін-өзі жүзеге асыруда өз бетінше оң нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін мәселелерді бірлесе шешу процессі болып есептеледі. Оның мақсаты еркін қабілетті, өзіндік «Мені» бар индивидті қалыптастыру.

    Мектептің тәрбие жүйесі балалардың оқу жұмыстарын, оқудан тыс өмірлерін, олардың әртүрлі бағыттағы әрекеттерін және мектептен тыс мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасын, әлеуметтік, табиғи, заттық-эстетикалық ортаның, тәрбиелік кеңістіктің үнемі кеңейуі жағдайындағы ықпалын кіріктіре отыра барлық педагогикалық процесті қамтиды.

    Л.И.Новикованың анықтамасы бойынша «мектептің тәрбие жүйесі – бұл мақсатты кешен, адамдардың бірлігі, нәтижеге апаратын іс-әрекет, қатысушылардың өзара қарым-қатынасы, педагогикалық жұмысқа қатысатын қоршаған орта және жүйенің өмір сүруін қамтамасыз ететін басқару әрекеті.

    Мектептің тәрбие жүйесі – бұл мектептің барлық әрекетін біртұтас әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруды көздейді. Ол тәрбиенің өзара байланыста болатын негізгі компоненттерін біріктіру процесінде пайда болады (мақсаты, тәрбие субъектілері, олардың әрекеттері және қарым-қатынасы, өмір сүру ортасы және басқару).

    Мектептің тәрбие жүйесінің көрсеткіштеріне:

    • мектептің тәрбие жүйесін дамытуда бірыңғай тұжырымдаманың болуы;

    • салауатты өмір салтын қалыптастыру;

    • өзара әрекеттесуде және өзара ықпалдасуда тәрбие жұмысының фронтальдық, топтық және жеке-дара формаларының үйлесімділігінің болуы;

    • әртүрлі жастағы оқушылар ұжымы мен бірлестіктерінің жан-жақты өзара әрекеттерінің болуы және т.б. жатады.

    Ол үшін төмендегідей өлшемдер қарастырылуы тиіс.

    • объективтілік;

    • оптималдылылық;

    • нәтижелілік;

    • мақсаттың нақтылылығы;

    • мәліметтердің жеткілілігі;

    • кері байланыстың болуы;

    • саналы тәртіптің орнығыуы;

    • ынталандыру шараларының болуы.

    Мектеп тәжірибесінде жүйенің 2 түрі қалыптасқан: дидактикалық жүйе, ол оқушылардың оқу әрекетін және мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарын қамтиды, сондай-ақ тәрбие жұмысының жүйесі, ол әдетте оқудан тыс тәрбие шараларының жүйесі ретінде түсіндіріледі. Көптеген жағдайда бұл екі жүйе қатар өмір сүреді және дамиды, бірақ олардың жұмысы мектеп директорының әртүрлі орынбасарлары арқылы басқарылады. Олардың бір-бірімен кірігуі сирек жағдайда болады, ал егер ондай жағдай болса, онда оқушы тұлғасының қалыптасу процессі қарқынды жағдайда болатыны анық.

    Бірақ, көптеген танымал педагог-ғалымдардың айтуынша тәрбиені оқытуда қосымша толықтырушы ретінде қарастырмау керек дейді. Өйткені тәрбие – ерекше сала, педагогтар оқыту мәселелерін шешуде тәрбие саласын пайдаланбаса, ол оң нәтиже бермейді. Сонымен бірге мектептің жалпы тәрбие жүйесін тәрбие жұмысының жүйесімен бірлікте қарастыруға болмайды.

    Бүгінде «тәрбие жүйесі» мектептің барлық жұмысын жаңаша ұйымдастыруға міндеттейді. Ондағы мақсат оқушылардың толыққанды тұлға ретінде дамуы мен әлеуметтенуіне жағдай жасау. Бұл жағдайда оған жетудің құралдары болып тек оқыту жүйесі ғана емес, сонымен бірге мектептің тәрбие жұмысының жүйесі, сондай-ақ, оны қоршаған жақын және қашықтағы ортасы, баланың отбасы, мәдениет ошақтары және жергілікті басқару мекемелері, елді мекенге қызмет көрсету ұйымдары, өндіріс орындары да қарастырылады.

    Мамандардың айтуынша, алдыңғы қатарлы мектептердің тәрбие жүйесінің ерекшелігі:

    -иновациялық сипаттағы кешенді идеялардың болуы;

    - педагогтардың тәрбие жүйесінің мақсаты және қызметін нақты көре білуі;

    -ортамен нәтижелі қарым-қатынас жасай білуі;

    -гуманистік бағыттың және жүйеқұрушы әрекеттің болуымен айқындалады.

    1.3.2. Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесінің құрылымы және оны құру ерекшеліктері
    Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесінің құрылымында төмендегідей компоненттердің жиынтығы қарастырылады:

    1) жүйедегі мақсат пен идея; 2) жүйедегі іс-әрекет пен қарым-қатынас; 3) оларды жүзеге асырушы адамдар қауымдастығы; 4) мектеп ұжымының меңгеретін әлеуметтік және табиғи ортасы; 5) жүйені басқару.

    Жүйедегі бірінші компонентмақсат пен идея - бұл мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесінің қалыптасуында, өмір сүруінде, және дамуында жетекші және оның басқа компоненттерін кіріктіруші басты факторы болып есептеледі. Өйткені мақсатсыз тәрбие жүйесін көзге елестету мүмкін емес, мақсатсыз қандай да бомасын тәрбиелік әрекет өзінің маңызын жояды, сондықтан да ол жүйеде маңызды сипатқа ие болып, оның бағытын анықтайды. В.А.Сухомлинскийдің пікірінше, оқу мекемелері, оның қабырғасы оқушыларды тәрбиелеуі мүмкін, бірақ та онда мақсатың болмауы, педагогтардың әрекеттерінің бытыраңқы және олардың тәрбиеде қабілетсіз болуын тудырады дейді.

    Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі бірнеше мақсатты құрайды. Мақсат тәрбие жүйесінің сипатын, ондағы педагогикалық іс-әрекеттің маңызды ұстанымдарын анықтап, белгілеуде жетекші идея. Ол, өз кезегінде үлкендер мен балалардың өзара қарым-қатынасын нақтылайды және ғылыми тұрғыдан оны бекітеді, әрі жүзеге асырады.

    Мақсатпен қатар оқу мекемесінің ұжымы ондағы идеяларды анықтайды, соның негізінде өздерінің өмірсүру әрекеттерін үлгілейді және құрады. Бұл идеялар мектеп Жарғысының негізгі ережесі, тәрбие жүйесін құру принциптері, мектептің өмірі сүру Кодексі болуы мүмкін. Мәселен, идеялар төмендегідей принциптер негізінде құрылуы мүмкін:

    • тұлғаның шығармашылықпен өзін өзі дамытуы принципі;

    • тәрбиелік қарым-қатынасты гуманитарландыру және демократияландыру принципі;

    • тәрбие процесіне қатысушы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және т.б. қызығушылығы мен қажеттілігін басшылыққа алу принципі;

    • тәрбиеде жалпы адамзаттық құндылыққа және ұлттық, аумақтық, жергілікті дәстүрлерге бағытталған принципі және т.б.

    Жүйедегі екінші компонент – іс-әрекет және қарым-қатынас. Педагогикалық әрекетте мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы жүйе құрушы іс-әрекетті, оның тәсілдері мен формаларын анықтаумен байланысты болады. Іс-әрекет тәрбие жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді.

    Тәрбие әрекеті төмендегідей талаптарға жауап берген жағдайда ғана, ол жүйеқұрушы фактор бола алады:

    • жалпы ұжымдық қажеттілікті білдірсе;

    • формалды емес, керісінше тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттеріне шынайы сай келсе;

    • жүйеде өзінің нақты орны болып, басқа компоненттермен өзара тығыз байланыста болса;

    • педагогикалық ұжым тәрбие әрекетін нәтижелі жүзеге асыру технологиясын жетік меңгерсе;

    • оны нәтижелі жүзеге асыруда ұжымда материалдық және кадрлық база мықты болса және т.б.

    Жүйедегіүшінші компонент – балалар мен үлкендердің бірлескен ұжымы – бұл мектептің тәрбие жүйесін дамытуда маңызды жағдай болып саналады. Яғни, тәрбие жүйесінде олардың бірлескен іс-әрекеті гуманистік тәрбиенің негізгі идеясы адамдарға деген жағымды қарым-қатынасты дамытуға алып келеді. Бұндай қарым-қатынас жүйенің тәрбиелік күшін жандандырады. Тәрбие жүйесіндегі субъектілердің өзара әрекеттесуінің сипаты мен формасы мектеп ұжымының даму деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Ол үшін мектеп ұжымның біркелкі еместігін ескеру қажет. Онда төмендегідей топтар болуы мүмкін:

    • белсенді топ, ол жаңа идеяларды тудырушы және ұйымдастырушысы болуы тиіс;

    • белсенді топты жақтаушылар және оларға қолдау көрсетушілер;

    • жекелеген топ немесе индивид, олар тәрбие жүйесінің мақсаты мен идеяларына немқұрайлы қарайтындар болмаса оған қарсы болатындар, нәтижесінде жүйені құруда кедергі жасайтындар;

    • істеліп жатқан жұмыстың барлығына немқұрайлы қарайтындар.

    Мұндай жекеленген топтар тек мұғалімдер арасында ғана емес, сонымен бірге оқушылар және ата-аналар арасында да болуы мүмкін. Демек, мектептің тәрбие жүйесінің нәтижелі өмір сүруін қамтамасыз етуде белсенділер осындай топтармен өзара әрекеттесудің әртүрлі тәсілдерін қолдануы тиіс.

    Жүйедегітөртінші компонент – бұл мектеп ұжымының меңгеретін ішкі және сыртқы ортасы (тәрбиелеуші орта). Орта - өмір сүруші кеңістік ретінде болады. Онда тәрбие жүйесінің мақсаты, міндеттері және оған қатысушылардың ойлары жүзеге асады. Дегенмен мектепті қоршаған барлық әлеуметтік және табиғи орта тәрбиелеуші орта бола алмайтынын есте сақтау қажет. Оның тек мектеп ұжымының меңгерген бөлігі ғана тәрбиелеуші ортасы бола алады. Соған орай тәрбиелік ортаны меңгеру бірнеше жолдармен жүзеге асады:

    • оқушыларды қоршаған ортамен таныстыруда қол жетімді нысандарға қатысты білімдерді біртіндеп, оның аумағын кеңейту барысында меңгерту;

    • мектеп істерін және оны басқару барысында, педагогикалық-психологиялық білімдерді меңгертуде ата-аналар және жұртшылықты тікелей қатыстыра отырып, қоршаған ортаны педагогикалық тұрғыдан (педагогизация) қамтамасыз ету;

    • ортаны жекешелендіру (персонализация), оның барысында әрбір индивид, әрбір оқушы қауымы қоршаған ортадан өзінің сүйікті істерін, достарын, өздерінің барлық күш жігерін салу үшін нақты нысандарды табуы тиіс;

    • қоршаған ортаның жағымды және жағымсыз құбылыстарына сондай қатынасты оқушыларда қалыптастыру.

    Жүйедегібесінші компонент- тәрбиелік жүйені басқару. Тәрбие жүйесін басқару негізінен мұғалімдердің ұйымдастырушылық жағдайымен сипатталады. Ол үшін, ең алдымен тәрбие жұмысының тұжырымдамасын жасау қажет. Онда негізгі идеялардың жиынтығы көрсетіліп, содан кейін тәрбие жүйесінің үлгісі ұсынылады. Ең бастысы, тәрбие жүйесінің мақсаты мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар тарапынан жете түсінілуі және қабылдануы тиіс.

    Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесін құру негізінен 3 кезеңнен тұрады.

    1.Ұйымдастыру мәселелерін шешу: мақсатты белгілеу; оқу-тәрбие жұмысының негізгі тұжырымдамасы мен бағытын анықтау; ұжымдық іс-әрекеттерді жоспарлау; педагогтар мен оқушылар ұжымының іс-әрекетінің принциптері мен жүйеқұрушы бастапқы іс-әрекеттің түрлері, оларды ұйымдастыру формаларын айқындау жұмыстары атқарылады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – жетекші педагогикалық идеяларды таңдау, пікірлес ұжымды қалыптастыру. Мақсат пен идеялар негізінде тәрбие әрекетінің бағыты, мазмұны анықталып, ондағы атқарылатын ұжымдық іс-әрекеттер жоспарланады.

    Жүйені қалыптастыруға педагогтар, оқушылар, олардың ата-аналары көптеп тартылады. Бұл кезеңдегі мектептің тәрбие жүйесінің негізгі сипаты – тәрбие процесін тәртіпке келтіруге талпыныс жасауға ұмтылысы.

    2.Жүйенің құрылымын құру және ұжымның іс-әрекеттерінің мазмұнын анықтау, формалары мен тәсілдерін жасау. Бұл кезеңде мектеп пен сыныптың оқушылар ұжымын дамыту, оларды ұжымдық шығармашылық істерге тарту, оған жағдай тудыру, ұжымдық дәстүрлердің пайда болуына ықпал ету көзделеді.

    3.Тәрбиелік жүйені дамыту. Бұл кезеңде мектептің немесе сыныптың тәрбие жүйесі толығымен құрылады, мектеп ұжымы балалар мен үлкендердің ортақ мақсатқа бірлескен өзара достықпен, шығармашыл әріптес ретінде әрекет жасайды, жауапкершілік қасиеттері орнығады. Жүйеде басты назар – еркін, ізгіленген, шығармашыл тұлғаны дамыту болып қала береді. Тұлғаны дамыту – бұл оның әлеуметтенуінде жеке басының заңдылық тұрғысынан өзгеру процессі.

    Педагог-тәрбиешілердің педагогикалық мәдениеті де едәуір дамыйды. Жүйеде тәжірибе жинақталып, дәстүрлер қалыптасады. Мектептің тәрбие жүйесі мен орта өзара белсенді әрекет жасайды.

    Бұндай тәрбие жүйесін кезең-кезеңмен құрудағы ерекшелік, бастапқы кезеңде мақсат әліде болса дұрыс құрылмаған және оның іс жүзінде орындалуының арасында айырмашылық жиі байқалады. Сондай-ақ, жүйенің барлық элементтері әлі де жеке-дара қалыптасқан. Оқушылардың арасында кейбір балалар ұжымдық іс-әрекетке қатысуға шын көңілдерімен ниет етпейді, қоршаған ортамен қарым-қатынаста көбінесе бейберекетсіздік, жауапкерсіздік сипат орын алады. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат – ортақ пікірлес оқушылар ұжымын құруды қалыптастыру.

    Екінші кезеңнің ерекшелігі, жүйеқұрушы іс-әрекет біржолата бекітіледі. Ұжымдық қарым-қатынас түрлері күннен күнге жан-жақты болып келеді. Ұжымдық дәстүрлер пайда бола бастайды. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат – оқушылар ұжымын дамыту, ұжымдық шығармашылық істерге негіз қалау, жаңа дәстүрлерді тудыру.

    Үшінші кезеңнің ерекшелігі – балалардың көпшілік бөлігінде мектепке деген жағымды сезім туындап, әрбір оқушыға жеке-дара назар аудару күшейеді, мұғалімдер тарапынан тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынасты меңгеруімен ерекшелінеді. Мектеп пен баланың ортасын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру үрдісі басымдық алады. Өзін-өзі талдау және педагогикалық шеберлік негізінде мұғалімдер тарапынан жаңа педагогикалық ойлар мен идеялар дамиды. Өзін-өзі басқару үрдісі қалыптасады.

    Мектеп балаға әрбір жасерекшелік кезеңдеріне байланысты 4 міндетті шешуге көмектесуі қажет: өзіндік санасының қалыптасуына, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі реттеуге, өмір сүру әрекетінің негізгі бес саласы бойынша:

    1. таным саласы (оқу, информация, білім);

    2. практикалық әрекет саласы (еңбек әрекеті, біліктілік, дағды);

    3. шығармашылық саласы (табиғи мүмкіндіктерін жүзеге асыру, қабілеттерін шыңдау);

    4. денесін дамыту саласы (денесін шынықтыру);

    5. қарым-қатынас саласы (өзін және өзгелерді тану және олармен өзара әрекеттесуі).

    Мектептің тәрбие жүйесі динамикалық құбылыс. Өйткені ол бір орында тұрмайды: пайда болады, жетіледі, толығады, ескіреді, тарайды. Ол белгілі бір жағдайға және әрбір мектептің өзіндік дара ерекшелігіне байланысты туындайды және дамиды. Сондықтан да тәрбие жүйесі мектептің, әрекеттің түріне байланысты да ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен бастапқы негізі сақталады.

    Кейбір жағдайда төртінші кезеңнің пайда болуы да мүмкін. Ол мектептің тәрбие жүйесін қайта құруменен сипатталады. Мұндай жағдай қашан интеграциялық құбылыстың азаюы, мектеп өмірін жаңартуда тың идеяларды ідестіру жағдайында күшейеді. Бұл заңды құбылыс. Оның барысында жүйе жаңа серпіліс алып, интеграциялық процесс қайтадан қарқын алады, тың педагогикалық тұжырымдамалар туындайды.

    1.3.3. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар мектептің тәрбие жүйесінің субъектілері әрі педагог мененджменті ретінде

    Мектептің тәрбие жүйесінің субъектілері болып өзара бірілескен тәрбиелі ұжым ретінде тәрбие процесінің негізгі ұйымдастырушылары мұғалімдер мен оқушылар, сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі және ата-аналар мен жұртшылық болып есептелінеді. Олар қоғамның мәдени құндылықтарын меңгерген, тәрбиенің мақсаттары мен бағыттарын анықтаушы және тәрбиелік іс-шараларды жоспарлап, мазмұны мен әдіс-тәсілдерін, құралдарын практика жүзінде жүзеге асырушы тұлға ретінде саналады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27


    написать администратору сайта