Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.1. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттері және негізгі ұғымдары

  • Тәрбие методикасы

  • Тәрбие жұмысының әдістемесі

  • Тәрбие жұмысы

  • Тәрбие жұмысының формасы

  • Сыныптан тыс тәрбие жұмысы

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница3 из 27
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27





















    1-тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ



    1.1. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттері және негізгі ұғымдары
    1.1.1. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» «Педагогика» курсының «Тәрбие теориясының» практикалық саласы ретінде
    Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған орай оның теориясы қалыптасқан. «Теория» ұғымы грек тілінде «зерттеймін» («исследую») деген түсінікті білдіреді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні, мақсаты, принциптері, мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін құрайды. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.

    Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің заңдылықтары, ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әртүрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларында пайда болады.

    Тәрбие теориясы - тәрбиенің мәні, ерекшеліктері, оның негізгі заңдылықтары, принциптері, ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Әдістеме (методика) соған негізделіп оқытылады.

    «Әдістеме»– ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы. Педагогика ғылымында методиканың немесе әдістеменің екі түрі бар. Олар оқыту методикасы және тәрбие методикасы болып бөлінеді.

    Тәрбие методикасы немесе әдістемесі – педагогика ғылымының саласы, тәрбие әдістері туралы ілім. Демек, ол тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Ондағы мақсат тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен тиімді амал-тәсілдерін және себеп-салдарын анықтап, белгілеу. Соған сәйкес тәрбиешілерге оны меңгеруде нақтылы көмек көрсету.

    Тәрбие жұмысының әдістемесітәрбие теориясының іс жүзінде қолданылатын практикалық (прикладной) саласы. Ол мектептегі нақты тәрбие жұмысының мақсатына сәйкес оның міндеттерін және мазмұнын, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін, сынып жетекшісінің оқушылармен және ата-аналармен, пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігімен бірлесе атқаратын жұмыстарын зерттейді.

    К. Д. Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне… көз жеткізеді» – дейді.

    Олай болса, ұстаздарға қажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгертудің алғашқы кезеңі педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Ол көп сатылы болып келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесінің қызметі де айрықша. Соған орай бұл оқу пәнінің мақсаты педагогикалық оқу орындарының студенттеріне мектеп оқушыларының тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге, біліктіліктерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру және нақты көмек көрсету.

    Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру негізінен сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оқушылардың тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше.

    Сондықтан бұл оқу пәні студенттердің практикалық дайындығының нәтижесін қамтамасыз ету мақсатында оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін жан-жақты оқып-үйренуді қарастырады.
    1.1.2. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің» пәні, міндеттері және негізгі ұғымдары
    Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие жұмысының әдістемесі де өзіндік бет-бейнесі, бағыт-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның қарастыратын мәселесі оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік аспектілері. Соған сәйкес соңғы жылдары педагогикалық жоғары және арнаулы кәсіби педагогикалық оқу орындарында тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөнінде арнаулы курстар мен практикалық сабақтар кең етек жаюда.

    Ондағы көзделген негізгі міндеттер қатарына жатады:

    -болашақ мұғалімдерге оқушылардың сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларды меңгерту;

    -тәрбие процесін және оны әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде нәтижелі ұйымдастыру жағдайын түсіндіру;

    -тәрбие процесін ұйымдастырудың ең жетілген жаңа жүйелері мен технологияларын жасау.

    Ол үшін:

    1)болашақ кәсіби мамандарға тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету;

    2) тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу, соған сәйкес оқушыларға тәрбие беру саласындағы білімдерін кеңейту және біліктіліктерін қалыптастыру.

    3) оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы педагогикалық талаптарды ескере отыра, оларды тәрбие процесін басқару өнерімен қаруландыру қажет.

    Бұл, әрине өте күрделі өнер. Оны педагогикалық тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөніндегі терең де жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып меңгеруге болады.

    «Пән» (предмет) – сол ақиқаттың мәнін анықтайтын негізгі буын. «Мән заттың табиғатын анықтайды». Сондықтан «тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні – мектептің біртұтас педагогикалық процесінде оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.

    «Нысана» (объект) – белгілі бір ғылымда зерттеліп отырған ақиқаттың саласы.

    Оның нысаны болып мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі тәрбие жұмысы.

    Қандай да бір ғылыми пәндер секілді, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні белгілі бір ғылыми аппаратқа (ұғымдарға) арқа сүйейді. Ол негізінен 3 түрлі категорияға бөлінеді.

    1) жалпы ғылыми ұғымдар, олар басқа ғылыми пәндерден келген. Мәселен:

    - философия: жалпы мен жалқы, мән мен құбылыс, қарама-қайшылық, себеп пен салдар, мүмкіндік пен ақиқат, сан мен сапа, форма мен мазмұн, байланыс;

    - психология: зейін, түйсік, ес, қабілет, қарым-қатынас, іс-әрекет, темперамент, нышан, тұқымқуалаушылық және т.б.;

    - кибернетика – кері байланыс, динамикалық жүйе;

    -әлеуметтану – әлеуметтену, орта, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұжым, қоғамдық пікір және т.б.;

    2) жалпы педагогикалық ұғымдар: педагогика, білім беру, тәрбиелеу, оқыту, біртұтас педагогикалық процесс, педагогикалық әрекет;

    3) арнаулы ұғымдар: тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесі, тәрбие шарасы, ұжымдық шығармашылық іс, педагогикалық өзара әрекет, тәрбие әдістері, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелік жағдаят, тәрбиелік ықпал және т.б.

    Тәрбие жұмысының ең көлемді категориясы болып «тәрбие процессі» табылады. Ол негізінен әртүрлі тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру барысында оқушы тұлғасын қалыптастыруда мақсатты түрде ықпал ету жағдайымен анықталады және өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту мәселелерін де ұйымдастыруды қарастырады.

    Бұндай әрекетте баланың оған қатынасуы (шығармашылығы, белсенділігі, дербестігі т.с.с.) мен қарым-қатынасының (қызығушылығы, қажеттілігі т.с.с.) сипаты ерекше маңызға ие болады. Сондықтан да тәрбие процесінде мұғалімге, ұстаздарға, тәрбиешілерге тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар баланың қызығушылығын, ықыласын тәрбиелеп, қажеттілігі мен талабын ынталандыруы және тәрбиелік іс-шараларға жағымды қарым-қатынас орнықтыруы тиіс.

    Тәрбие процесі тәрбиенің мақсаты мен оны ұйымдастыру сипатын анықтайды. Сондықтан да ол мақсатты және саналы процес болып табылады.

    “Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” пәнінің негізгі ұғымдары болып табылады: тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие жүйесі, тәрбие жұмысы, тәрбиедегі қарым-қатынас, тәрбие әрекеті, тәрбиелік шара, тәрбие ісі, тәрбие технологиясы, тәрбие құралы, формалары мен әдістері және тәрбие тәсілдері, педагогикалық мененджмент табылады.

    Тәрбие – бұл қоғамның мақсат-міндеттеріне сай жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына тікелей ықпал ететін құрал.

    Тәрбие – халықтың ғасырлар бой жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

    «Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету… Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі» (Л. Н. Толстой).

    «Тәрбие, кең мағнасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев).

    «Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).

    «Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В. А. Сухомлинский).

    «Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процессі» (Х. Й. Лийметса).

    Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессі.

    Сондықтан да тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

    Тәрбие процесі - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытуға бағытталған тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бірлескен әрекетi.

    Тәрбие жүйесі - мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен тәсілдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастырылады.

    Тәрбие жұмысы - тұлғаның толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған үлкендер мен балалардың өмір сүру әрекетін ұйымдастыру процессі.

    Тәрбиелік қарым-қатынас – тәрбие жұмысында пайда болатын және рухани-адамгершілікке бағытталған адамдардың әртүрлі сипаттағы өзара әрекеттесуі.

    Тәрбие жұмысының формасы - оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын (жолдарын), олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайтын тәрбие процесінің негізгі буыны.

    Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – бала тұлғасының әлеуметтенуін қажетті жағдаймен қамтамасыз ететуде педагогтардың сабақтан тыс кезде тәлімгерлердің әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстары.

    Сабақтан тыс жұмыс – мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, оқушылардың қолы бос кез уақытын ұйымдастырудың бір формасы, бағыты. Сабақтан тыс жұмыс көптеген жағдайда балаларға қосымша білім берумен сәйкес келеді. Мәселен, мектептегі үйірмелер (ғылыми, көркемөнер, пәндік), көркемөнер студиялары, спорт секциялары және т.б. жұмыстары.

    Тәрбие шарасы” топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы (бөлігі) ретінде қарастырылады (Н. Е. Щуркова бойынша).

    Психология және педагогикалық әдебиеттерде тәрбие шарасы тәрбие жұмысының көптеген түрлері мен формаларын белгілеуде қолданылады. Тәрбие шарасы – бұл бірыңғай тәрбиелік мақсатқа бағындырылған әр түрлі тәрбиелік ықпалдың жыйынтығы. Жекелеген сабақтардан тұратын оқыту процесі секілді тәрбие процесі тәрбиелік шаралардың негізінде қалыптасады. Яғни, шара – бұл тәрбие процесінің бір актасы (бөлігі).

    Тәрбие ісі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде (И. П. Иванов бойынша) үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылыр) және балалардың шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады.

    Тәрбие ісі – бұл тәрбие процесінде тәлімгерлердің нақты бір іс-әрекетін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың түрі (форма). Оның негізгі бір ерекшелігі – қажеттілігі, пайдалылығы, жүзеге асырушылығы. Яғни, тәрбие процесі ешқашанда үзілмейтін тізбектелген тәрбие істерінен тұратындығы.

    Тәрбие ісі ұжымдық және шығармашылық сипатта болады. Сондықтан ол ұжымдық тәрбиелік іс немесе ұжымдық шығармашылық іс деп аталады. Профессор И.П.Иванов – бұл тәрбие шарасы емес, керісінше қамқорлық. Ұжымдық шығармашылық іс – бұл айқын, еңбек және ойынмен, шығармашылық және жолдастық қарым-қатынаспен, арман және қуанышпен толыққан ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге негізгі тәрбие құралы деген анықтама береді.

    Тәрбие ісінде тәрбиешілердің оқушылармен өзара әрекеттесінің формалары, құралдары және тәсілдерін бірлікте қарастырады.

    Тәрбие ісінінің негізіне екі көзқарас жатады – іс-әрекеттік және кешенділік. Іс-әрекеттілік оқушылардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруды талап етеді: танымдық, еңбек, қоғамдық, көркемөнер, спорттық, құндылық-бағдарлық және еркін қарым-қатынас. Кешенділік (комплексный) – барлық іс-әрекеттің органикалық байланыста болуы, біртұтас процесте олардың бірыңғай ықпалдастығы. Мәселен, тәрбие ісі бірмезгілде өзінде тәрбие салаларының (адамгершілік, эстетикалық, интелектуалдық және т.б.) ықпалын қарастырады.

    Іс-әрекеттілік көзқарас тәрбиенің бағытын көрсетеді, ал кешенділік тәрбие мазмұнының сипатын анықтайды.

    Тәрбие ісін жүйелік тұрғыдан қарастырғанда, оның құрылымы төмендегідей болады.

    1) мақсатқоюшылық (жағдайдарды талдау, басымдық танытатын тәрбие мақсатын белгілеу);

    2) жоспарлау;

    3) ұйымдастыру және дайындық;

    4) тәрбие ісін тікелей жүзеге асыру;

    5) қол жеткізілген нәтижені талдау, бағалау, қорытындылау.
    1.1.3. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы
    1.Педагогика ғылымымен байланысы – бұл тәрбие теориясының іс жүзінде қолданылатын практикалық (прикладной) саласы ретінде мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтайды, зерттейді және тәрбиешілерге оны меңгертуде нақтылы көмек көрсетеді. Соған сәйкес тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі педагогиканың тәрбие теориясына негізделіп оқытылады.

    2.Психология ғылымымен байланысы: психология ғылымы адамның психикалық процестерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әртүрлі жастағы балалардың психикалық процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері танып білмей тұрып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мұмкін емес. Сол үшін де ол психология ғылымымен өте тығыз байланыста болып келеді.

    3.Этнопедагогика ғылымымен байланысы – бала тәрбиесі тікелей ұлттық құндылықтарға бағытталса, оның мазмұны тәрбие жұмысын ұйымдастыруда міндетті түрде басшылыққа алынады.

    4.Әлеуметтану ғылымымен байланысы: әлеуметтiк ортаның адамға ықпалын, адамның қоғамдағы жағдайын, әлеуметтiк мiнез-құлқын зерттейтiн ғылым ретiнде ол тәрбиеге байланысты әртүрлі әлеуметтiк құбылыстардың, ортаның мәнiн, ықпалын, заңдылықтарын жете түсінбей тұрып балалармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес.

    5.Педагогика тарихымен байланысы: педагогика тарихы әртүрлі тарихи дәуiрлердегi педагогикалық идеялар, пiкiрлер, көзқарастар мен тәрбиенiң даму тарихын зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, сол дәуірлердегі бала тәрбиесіне қатысты озық тәжірибелермен таныса отыра, оның жетістіктерін бүгінгі таңда өзінде қарастыруды көздейді.

    6.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясымен байланысы – бұл әртүрлі жастағы балаларды тәрбиелеуде оның жетекші заңдылықтары, принциптері мен ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, соған сәйкес тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.

    7.Философия ғылымымен байланысы: негізінен философия барлық ғылымдардың, соның ішінде педагогиканың әдіснамалық негізі болып, тәрбие мен білім берудің заңдылықтарын жете ұғынуға ықпал етеді. Педагогикалық ізденіс бағыттары, білім беру мен тәрбиенің мағыналық, мақсаттылық және технологиялық сипаттарын анықтау және белгілеу негізінен философиялық көзқарастар жүйесіне байланысты болады.

    8.Физиология ғылымымен байланысы – бұл тірі организмдердің механикалық, функционалдық және биологиялық қызыметтерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, ол балалар мен жасөспірімдердің денесінің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын қарастырады (адам денесiнде болатын көрiнiстердi баяндайды (қан жүру, дем алу сықылды) (М.Жұмабаев). Демек, оларды білу әрбір педагог үшін балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қажетті буын болып табылады.

    8.Гигиена – денсаулық туралы ғылым (саулықты сақтау пәні (М.Жұмабаев). Бұл адам денсаулығы үшін өмір мен еңбектің қандай жағдайлары пайдалы, аурулардан қалай сақтануға, денсаулықты қалай күтуге және өмірді қалай ұзартуға болатынын түсіндіруге көмектеседі.

    Демек, мектеп гигиенасы оқушының денсаулығын сақтау және оны нығайтуға көмектессе, «тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні педагогқа оны қалай ұйымдастыру әдістемесімен қаруландырады.

    9.Анатомия – бұл баланың даму процесiнде жоғары жүйке қызметiнiң негiзгi заңдылықтарын жете түсінуге көмектеседі. Бұл орайда болашақ ұстаз осы заңдылықтарды меңгеру барысында оқушылардың тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

    Жоғарыда аталған және т.б. ғылым салалары бала тәрбиесінде, оны нәтижелі ұйымдастыруда жетекші факторлар ретінде үлкен қолдауға ие.

    1.1.4. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің әдіснамалық негіздері және зерттеу әдістері
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


    написать администратору сайта