Главная страница
Навигация по странице:

  • Әдістеме”

  • Тұлғалық-бағдарлық көзқарас.

  • Іс-әрекеттілік көзқарас.

  • Мәдениетшілдік

  • Ықпалдастық

  • Этнопедагогикалық көзқарас

  • Антропологиялық көзқарас

  • Сауалнама

  • Сұхбаттасу

  • Эксперимент әдісі

  • 1.2. Тәрбие жүйесі: мәні, құрылымы және негізгі компоненттері

  • жүйе

  • : мақсат

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница4 из 27
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

    Әдіснама ғылыми еңбек жазудың әліппесі, белгілі бір ғылым саласында оған бағыт беретін, ондағы зерттеліп отырған объектіні тануға көмектесетін білімдер жүйесі. Демек, әдіснама – «Зерттеуді қалай ұйымдастыру керек?», «Қандай философиялық теорияға сүйену қажет?» - деген сұрақтарға жауап беретін, зерттеушінің өз саласын толық білуге ықпал ететін, білім қорларын анықтауға көмектесетін, әдебиеттердің оқу бағыттарын көрсететін, педагогикалық құбылыстарды зерттеу және тану әдістерінің жиынтығы.

    Әдістеме”– ол белгілі бір мақсатқа жетудің немесе жету үшін қолданылатын түрлі амал-тәсілдердің жиынтығы.

    Әдіснамалық көзқарас немесе ілім (методологический подход) деп, Е.Н.Степановтың пікірінше «белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік шындық нысанасын тану немесе қайта құру процесінде жинақталған білімдер, ұғымдар, принциптер, тәсілдер мен құралдарды қолдануда қарастырылған теориялық және практикалық әрекеттің бағыты деп түсіну» керек. Оның негізіне, әдетте,

    -біріншіден, фундаменталдық философия, жалпығылыми және нақты-ғылыми ұғымдар мен ережелер;

    -екіншіден, принциптер, яғни таным немесе практикалық әрекетті жасаудағы негізгі қағидалар;

    -үшіншіден тәрбие процесін құру немесе қайта құрудың әдістері және тәсілдері кіреді.

    Әдіснамалық білімдерсіз белгілі бір ғылым саласында зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

    Бүгінде педагогика ғылымында – тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік, мәдениетшілдік (культурологический), жүйелілік, кешенділік (комплекстный), ықпалдастық, біртұтастық (интегрированный-целестный), этнопедагогикалық, антропологиялық секілді әдіснамалық көзқарастардың жүйесі қалыптасқан. Олар тәрбие процесінде жетекші идеялар болып табылады. Сондықтан да оқушылардың сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оларды пайдалану әрбір педагогтың негізгі міндетіне жатады.

    Тұлғалық-бағдарлық көзқарас. Адамның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні туралы принципті баяндайды. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды.

    Тұлғалық-бағдарлық көзқарас педагогикалық процессті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субъект, оның нәтижесі және негізгі өлшемі ретінде қарастырады. Тұлғалық көзқарас негізіне, сонымен бірге бала жайында терең білім, оның туғаннан өзіндік қасиеттері мен мүмкіншіліктері, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайды, міне осы жайындағы көзқарастар жүйесі. Сондықтан да тәрбиеші осы бағыттағы қандай да болмасын өзінің педагогикалық әрекетінде тұлғаның дара ерекшелігін тануды мақсат етіп қояды.

    Іс-әрекеттілік көзқарас. Тәрбие процесінде тұлға дамудың негізі, құралы және шешуші факторы болып есептелінеді. Бұл сана және әрекеттің бірлігі идеясына негізделіп, тәрбиеде жаңа жүйені қалыптастырды. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық әрекеттер барысында тұлғалық-бағдарлық принциппен тығыз қарым-қатынаста болып, оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді.

    Әрекет мақсаты – бұл адамдардың қоршаған ақиқат өмірді қайта жаңғыртуға бағытталған көзқарасы. Оның негізгі формасы – еңбек. Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда болып, оның негізгі ерекшелігін өзінің бойына сіңіріп, қоршаған өмірді шығармашылықпен қайта жаңғыртады. Соның негізінде ол субъект ретінде дамиды әрі өзін де қайта жаңартады.

    Дегенмен, әрекетте тұлғаның қалыптасып, дамуы ол соңғы фактор болмайды. Соңғысы баланың таным, еңбек және қарым-қатынас жағдайын жандандыруды және оның әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Бұл, өз кезегінде, баланы қандай да бір әрекеттің мақсатын таңдай және оны жоспарлай білуді үйретуді, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік тұрғыдан талдау жасау және әрекеттің нәтижесін бағалауды көздейді.

    Мәдениетшілдік (культуралогиялық) көзқарас. Бұл нақтылы-ғылыми әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық ақиқатты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы – жалпыадамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпыадамзаттық мәдени құндылыққа негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет және аймақтық дәстүрлерді құрайды. Сондықтан да ол тұлғаның өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып-білуі, одан әрі жалпыадамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етуді көздейді.

    Мәдениетшілдік көзқарас құндылық жүйесі ретінде адамның мәдениетпен объективтік байланысы негізінде пайда болған. Өйткені адам өзінде мәдениеттің бір бөлігіне ие. Оның жеке тұлғасы тек мәдениетті меңгеру негізінде ғана дамымайды, сонымен бірге өзі де оған принциптік тұрғыда жаңалық енгізеді, яғни ол мәдениеттің жаңа элементтерін жасаушысы да бола алады. Сондықтан да құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайы, екіншіден, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы жүзеге асады.

    Жүйелік көзқарас бірден бір әдіснамалық принцип болып есептеледі. Оның мәні педагогиканың жекелеген элементтерін бір бірінен оқшау қарастыратырмайды, керісінше олардың бір бірімен өзара байланысын қамтамасыз етіп, бірыңғай жүйе құрады. Сондықтан да жүйелік көзқарас жекелеген педагогикалық элементтерді құрастыратын жүйелік қасиет және сапалық сипаттаманы тудыруға мүмкіндік береді.

    Жүйелік көзқараста педагогикалық жүйе келесі компоненттердің өзара байланысының жиынтығы ретінде қарастырылады: білім берудің мақсаты, педагогикалық процестің субъектісі (мұғалім және оқушы), білім беру мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби мәдениеттілік), педагогикалық процестің формалары және әдістері және материалдық база.

    Ықпалдастық немесе біртұтастық (итегрированный подход) көзқараста тұлғаны қалыптастыру тәрбие әрекетінің негізгі компоненттерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді қарастырады. Бүгінде тәрбиедегі тұлғаны жан-жақты дамыту идеясында жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеру, соның ішінде ақыл-ой мәдениеті, зияттық мәдениет, политехникалық және еңбек мәдениеті мен тұлғаның кәсіби бағдары, адамгершілік мәдениеті, саяси және құқық мәдениеті, эстетикалық және дене, экологиялық және экономикалық мәдениет, дәстүрлі және этнопедагогикалық мәдениетті қамтиды. Олай болса, жоғарыда аталған мәдениеттің барлық түрі, олардың өзара байланысы адамның өмірді, табиғатты, қоғамды, өндірісті, өнерді біртұтастық тұрғыдан қабылдауының негізгі көзі болып, оның ғылыми дүниетанымының тұтастай қалыптасуына маңызды әсер етеді.

    Этнопедагогикалық көзқарас қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет педагогика мен халықтық тәрбиенің бірлігін, этностық тәрбиенің сипаты мен ерекшелігін және оны мазмұндау, адамзаттың көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық құндылықтарды практика жүзінде қолдана алу қажеттілігін айқындайды.

    Антропологиялық көзқарас тұңғыш рет К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде қарастырылған және дәлелденген. Оның пайымдауынша – бұл барлық ғылым салаларында адам жайында деректерді жүйелі түрде пайдалану, оларды есепке алу және педагогикалық процесте жүзеге асыруды көздейді. Сондықтанда К. Д. Ушинскийдің “Егерде педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оны барлық жағынан білуі тиіс” деген пікірі бүгінде педагогика ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

    Кешенділік көзқарас – жалпы алғанда тұлғаны қалыптастыруға бағытталып, тәрбие процесінің нақтылы заңдылықтарына тең келіп, барлық құбылыстарды тұтастық жүйеге біріктіруге ықпал етеді. Осы тұрғыда А. С. Макаренко: “Адам баласы бөлшектеніп тәрбиеленбейді, ол синтез ретінде барлық ықпалдың жиынтығынан жаратылады. Әрі оған өзі де ұшырайды (тап келеді)”-, дейді. (Пед.соч. –М.-Л., 1948, с.38).

    Сондықтан да тәрбиедегі кешенді көзқарас тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына ықпал етуде пайда болады: санасы, эмоциясы, мінез-құлқы т.с.с. Тек бірлікте ғана бұл қасиеттер өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді қамтамасыз етуі мүмкін. Яғни, тұлғаның барлық қасиеттеріне тек кешенділік жағдайында ықпал ету, өскелең ұрпақтың бізді қоршаған ақиқат өмірге тұлғалық қарым-қатынасын қалыптастыру мүмкін болады.

    Жоғарыда аталған педагогиканың әдіснамалық принциптері (методологические подходы) гуманитарлық білімдердің саласы ретінде, біріншіден, оның басты-басты проблемалық мәселелерін ашып көрсетуге және стратегиясын анықтап, оларды шешу тәсілдерін меңгертуге; екіншіден, білім беру және тәрбие мәселелерінің барлық жиынтығын талдауға; үшіншіден, тәрбие процесінің нәтижесіне алдын ала болжам жасауға, оны жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    1.1.5. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің

    зерттеу әдістері
    Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінде педагогикалық зерттеу әдістері қарастырылады. Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстарды байқап білу тәсілдерін айтады. Демек, зерттеу әдістері белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін зерттеу әрекеттерін орындау тәсілдері немесе операциялары ретінде танылады. Мәселен, тәрбие, білім беру, оқытудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін объективті тануда төмендегідей зерттеу әдістерінің амал-тәсілдеріне сүйенеді.

    Іс-қағаздарды сараптау(құжаттарды талдау)әдісі бұл білім беру мекемелері саласында атқарылған іс-әрекеттің нәтижесіне баға беруде педагогикалық зерттеудің бірден-бір тәсілі. Онда, мысалы білім беру мекемесінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік сипаттағы іс-қағаздар, аттестация нәтижелері және т.б. құжаттарды тадау жұмыстары атқарылады. Сонымен бірге, әрбiр оқушының, жеке басына қатысты iс-қағаздарымен жан-жақты танысу да көзделедi. Iс-қағаздарға: дәрiгерлiк құжат, сынып журналы, жиналыстар мен мәжiлiстердiң хаттамасын, үлгерiм қағазын, т.б. құжаттарды жатқызуға болады.

    Мұрағат материалдарын зерттеу, белгiлi бiр педагогикалық мәселеге байланысты теориялық еңбектермен танысу, оларға талдау жасауда қарастырылады.

    Бақылау әдісі– бұл жалпы ғылыми зерттеу әдісі. Онда педагогикалық зерттеу жұмыстары қандай да бір педагогикалық құбылыстардың өту жағдайын мақсатты әрі жүйелі түрде тікелей табиғи немесе эксперименттік жағдайда анықтауды, белгілеуді қарастырады.

    Бақылау iрiктелiп немесе жаппай жүргізiледi. Ол алдын ала құрған жоспар бойынша жүргізiледi. Iрiктеп бақылауда жекелеген педагогикалық мәселеге қатысты фактiлердi анықталса, жаппай бақылауда тұтас педагогикалық процеске қатысты педагогикалық құбылыстардың мәнiн ашу, деректi материалдар жинау барысында атқарылады. Бақылау – басқа зерттеу әдiстерiнiң белгiлi бiр кезеңiнде тоқталады. Бақылау әдiсiнде неғұрлым объективтi мәлiметтер алу үшін әр түрлі техникалық құралдарды да пайдалануға болады (суретке түсірiп алу, кино камерасын пайдалану, т.б.)

    Сұрақ-жауап әдісібұл, әдеттегідей, белгілі бір педагогикалық құбылыстарға қатысты алғашқы мәліметтерді жинау мақсатын көздеп, дәстүрлі сұрақтарды қою арқылы жүргізіледі.

    Әңгiмелесу әдiсi – бұл белгілі бір педагогикалық құбылыстарға бақылау деректерiн жинақтай келе, оған қосымша ақпарат, материалдар, дерек көздерін алу үшін қолданылады. Әңгiмелесу – алдын ала нақтылы мақсат қою, жоспар құру, солардың негізінде белгілі бір сұрақтарды әзiрлеудi қажет етедi. Мектеп жағдайындағы әңгiмелесу жекелеген оқушылармен, оқушылар тобымен, белсендiлермен, мұғалімдер және оқушылардың ата-аналарымен жүргізiледi.

    Педагогикалық зерттеудiң бақылау және әңгiмелесу әдiстерiн қолданған кезде оның мазмұны мiндеттi түрде күнделiкке жазылып отырылуы тиiс. Бұл әдiстерге қатысты тағы бiр ерекшелiк, оның мақсатын жарияламау, нысана анықталып, зерттелiп отырған педагогикалық мәселелер туралы беймәлiм болуын қажет етедi. Ондай болмаған жағдайда, зерттеушiнiң сұрақтарына жауап шын мағынасында берiлмеуi мүмкін, не болмаса ол, оған жауап беруден бас тартуы ғажап емес.

    Сауалнама (анкета) әдiсi зерттелiп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшiлiк пiкiрiн бiлу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізiледi. Ол көпшiлiктiң жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негiзiнде атқарылады. Бұл әдiстi қолдану барысында ондағы сұрақтардың көлемi шағын, әрi анық болуын ескеру қажет.

    Сауалнама әдiсiнiң жазбаша пiкiр сұрау түрінен (анкета жүргізу) басқа сұхбаттасу (интервью алу) әдiсi де қолданылады. Әдiстiң бұл түрі әлеуметтік зерттеулерде көп қолданылады. Педагогика саласында да нақтылы жағдайға байланысты iшiнара қолданылып отырылады.

    Сұхбаттасу (интервью) әдісі (латынша interview – әңгімелесу, кездесу – ауызша түрде әлеуметтік, психологиялық және т.б. тұрғысында қажетті мәліметтерді сұрақ-жауап арқылы алу тәсілі. Сұхбаттасу тәсілінің екі түрі болады: тақырып және формасы тұрғысынан әңгімелесу еркін жүргізіледі және стандартталған, яғни анкетаға ұқсас жабық сұрақ түрінде болады.

    Социометрия әдісі – бұл адамдардың өзара қарым-қатынасын өлшеу арқылы анықтауда, олардың бір-бірін таңдауы негізінде жүргізілетін зерттеу тәсілі. Бұл өлшем социометриялық критерияларды (өлшем) анықтау негізінде жүзеге асады, ал оның нәтижесін социометриялық матрица немесе социограмма түрінде белгілейді. Мұғалімдердің немесе сынып жетекшілерінің бұл әдісті оқушылар ұжымын қалыптастыруда пайдалануы ұжымға немесе жекелеген топқа нәтижелі ықпал етугдің ең тиімді тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

    Эксперимент әдісі (латынша experimentum проба, опыт) – зерттеу жұмыстарында жалпы ғылыми әдіс болып саналады. Онда экспериметті жүргізушінің белгілі бір жағдайды қайта құруға бағытталған теориялық-практикалық сипатағы әрекеті орын алады, соның барысында зерттеліп отырған нысана табиғи немесе жасанды түрде алдын-ала қойылған мақсатқа сәйкес жүргізіледі. Эксперимет жұмысының ерекшелігі, зерттеу жұмыстарының өзгермеуі болмаса өзгермелігі жағдайына байланысты оның қайталануы да мүмкін. Эксперименттің түрлеріне жатады: табиғи, лабораториялық,қайта құру, қалыптастыру және т.б. Олар үш деңгейде жүргізіледі: анықтау, бақылау, қалыптастрыу эксперименті.

    Ранжировка әдісі– бұл педагогикалық зерттеудің барысында жиналған материалдарды белгілі бір тәртіппен маңызына қарай бірізділікпен орналастыру тәсілі. Мысалы, адамның сапалық қасиеттері: әдепті, іскер, құнтты, қайырымды, күшті, ақылды, ұстамшыл, дені сау, ақкөңіл, әдемі, ер мінезді және т.б.


    Бақылау сұрақтары
    1.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні қандай мәселелердi қарастырады?

    2.Оқу пәні ретінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің мақсаты, міндеттері қандай?

    3.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары қандай?

    4.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы қандай?

    5.«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің әдіснамалық негіздері мен ғылыми зерттеу әдістері қандай?


    1.2. Тәрбие жүйесі: мәні, құрылымы және негізгі компоненттері
    1.2.1. Тәрбие процесі күрделі динамикалық жүйе ретінде.

    Тәрбие жүйесі: мәні, құрылымы және негізгі компоненттері,

    олардың өзара байланысы
    Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері қарастырылса, өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.

    Тәрбие процесі, ең алдымен, баланың әлеуметтік дамуына бағытталған. Бұл міндетті нәтижелі шешу үшін тәрбие процесін біртұтас жағдайда жүзеге асыру қажет. Іс жүзінде ол тәрбие жүйесін құру арқылы жүзеге асады.

    Қазіргі педагогика «технология» сөзі секілді «жүйе» сөзін де жиі-жиі қолданады. Бұл заңдылық қазіргі ғылымның негізгі принципі – жүйелік принципіне сай келеді.

    Педагогикалық феномен ретінде тәрбие жүйесін зерттеу жұмыстары 1970 жылдардың басынан үзіліссіз жүргізілуде. Бүгінде тәрбие жүйесінің біртұтас тұжырымдамасы жасалды, солардың ішінде Л. И. Новикова, В. А. Караковский, A. M. Сидоркин, Н. Л. Селиванова және т.б. құрған жүйелерін атауға болады. Олардың зерттеулерінде тәрбие жүйесі біртұтас әлеуметтік-педагогикалық ағза және өзара әрекеттесу жағдайындағы тәрбиенің қалыптасқан негізгі компоненттері (субъектілер, мақсаты, мазмұны және іс-әрекет, қарым-қатынас тәсілдері), сондай-ақ ұжым болып өмір сүру, ондағы психологиялық ахуал ретінде қарастырылады (Л.И.Новикова).

    Тәрбие жүйесі «педагогикалық жүйе», «дидактикалық жүйе», «тәрбие жұмысының жүйесі» секілді ұғымдардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені бұл кең көлемді ұғым. Ол өзінде жоғарыда аталған үш жүйені өзінің компоненттері ретінде қарастырады.

    Егер тәрбие жағымды жағдай тудыра отыра тұлғаның даму процессін басқаруды қарастырса, тәрбие жүйесі – педагогикалық әрекеттің компоненттерінің (мақсаты, тәрбие субъектілері, олардың іс-әрекеттері, қарым-қатынасы, ортасы, жүйені басқару т.б.) белгілі бір тәртіппен орныққан жиынтығы ретінде тәрбие процесінің мақсатын нәтижелі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Компоненттердің өзара әрекеттесуі және кірігуі бала тұлғасының қалыпты дамуына мақсатты және нәтижелі түрде ықпал етеді. Соған орай мектеп педагогикалық әрекетте логикалық тұрғыдан өзара байланысты өмір сүретін және дамитын біртұтас әлеуметтік ағза ретінде танылады. Бұл жүйе педагогикалық әрекетте өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі ұйымдастыратын процесс ретінде қарастырылады.

    Демек, жүйе – белгілі бір тәртіппен, логикалық тұрғыда өзара байланысты болып келетін элементтердің құрылымы. Құрылым – [структура] (латынша structura – строение) – бұл жүйедегі элементтердің орналасу тәртібі. Жүйенің құрылымын қабылданған өлшем бойынша элементтер (компоненттер) құрайды және олар бір бірімен өзара байланыста болады. Жүйенің компоненттерін педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбие жағдайы құрайды. Бұған Қытай халқының: «Құдықтағы суды мақтағанда, оны тұрғызғандарды ұмытпа» деген мәтелі тірек болады [1,С.245]. (Кукушин В.С.)

    Тәрбие жүйесі күрделі әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдердің жиынтығы. Ол өзінде барлық педагогикалық процесті бірлікте қарастырады. Атап айтсақ, оқу және оқудан тыс жұмыстар, мектептің әртүрлі бағыттағы іс-әрекеттері, үлкендер мен балалар, балалар мен педагогтардың еркін өзара қарым-қатынасы және т.б. Тәрбие жүйесі әртүрлі типтегі оқу және мәдениет, спорт, қосымша білім беру мекемелерінде, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінде, олардың демалысы мен денсаулығын жақсартуды ұйымдастыру процесінде және т.б. құрылуы мүмкін. Олар, бұл жүйеде тек педагогтар мен тәлімгерлерді ғана емес, сонымен бірге мектеп пен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттесуін қамти отыра ата-аналарды, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін де қатыстыруы мүмкін. Тәрбие жүйесі мүмкін бір сыныпты, болмаса барлық мектепті немесе ықшам ауданды да қамтуы мүмкін.

    Тәрбие жүйесі белгілі бір тұжырымдама (концепция) негізінде құрылады: мақсаттар, міндеттер, принциптер, жетекші идеялар, педагогикалық теориялар, жағымды тәжірибелер. Тұжырымдама болашақ тәрбие жүйесінің «үлгісі» (модель) ретінде қызымет етеді, ол өз кезегінде педагогикалық ұжымның әрекетіне бағыт-бағдар береді.

    Тұжырымдама – белгілі бір затқа қатысты көзқарастар жиынтығы, негізгі идея, бастапқы ой ретінде түсіндіріледі.

    Демек, тәрбие жүйесінің құрылымы өзінде қарастырады: мақсат (бастапқы тұжырымдама немесе идеялар жиынтығы ретінде); іс-әрекет (идеяларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші ретінде); іс-әрекет субъектілері (іс-әрекетті ұйымдастырушы және оған қатысушы ретінде), қарым-қатынас (іс-әрекетте және оқу-тәрбие процесінде туындайды, субъектлерді іс-әрекет барысында қауымдастыққа біріктіреді), орта (жүйенің пайда болуы және қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде), басқару (жүйедегі компоненттердің біртұтас ағза ретінде өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуші).

    Тәрбие жүйесін тәрбие мақсатына қатысты проблемалардың шешімін таппай құру мүмкін емес. Өйткені білім беру саласының, сондай-ақ басқа да салалардың қызметкерлерінің әрекеттері мақсаттар және міндеттер арқылы анықталады. Соған орай қазіргі ғылымда тәрбие мақсатын анықтауда көбінесе мәдениетшілдік (культуралогиялық) көзқарасқа басымдық берілуде. Бұндай қатынас ұлттық және әлемдік мәдениетте әлеуметтік-тарихи қалыптасқан рухани-мәдени құндылықтарға негізделіп, әрекеттің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

    Әрекет негізінен жүйе құрушы фактор, егер оны ұйымдастыруда барлық субъектілердің педагогикалық әрекеттері қажеттілікке ие болса және ол біртұтас педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс жұмыстарды байланыстыра алса ғана өз міндетін орындай алады. Тәрбие жүйесін осылай құру, шын мәнісінде, оқушылардың оқу және оқудан тыс әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

    Тәрбие әрекеті жүйе құрушы фактор болуы үшін ол, ең алдымен, ортақ мақсатқа, тұлғағаның маңызды шығармашылық әрекетіне және гуманистік сипатқа ие болуы тиіс. Тек осы факторлар ғана жүйенің тәрбиелік күшін анықтауға мүмкіндік береді.

    Тәрбие жүйесі жоғарыдан ұсынылмайды, керісінше педагогикалық әрекеттің барлық субъектілерінің күш-жігері арқасында құрылады. Сондықтан ол тұралап қалмайды, керісінше күрделі динамикалық жүйе ретінде үнемі дамушы фактор болып саналады. Сонымен бірге тәрбие жүйесінің даму процессі бірыңғай сара жолмен жүрмейді, керісінше ол қарама-қайшылықта болып келеді. Ондағы өрлеу немесе құлдырау немесе ұзақ мерзімді тұрақтылық оған тән қасиет болып келеді. Сондықтан тәрбие жүйесінің дамуы, ең алдымен тәрбие процесіндегі қарама-қайшылықтарды жоюға қызымет етеді. Ол, өз алдына, оның тұрақты дамуына маңызды ықпал етеді.

    Қазіргі (гуманистік) тәрбие жүйесінің субъектілері болып тек педагогтар ғана танылмайды, сонымен бірге балалар да болады. Бұның авторитарлық жүйеден бірден бір айырмашылығы, онда бала басымдықпен тәрбие субъектісі болып келеді. Бұндай жүйенің ерекшелігі педагогтар мен балалар қойылған мақсатқа өзара әрекеттесуі барысында қол жеткізеді. Оның негізгі шарты гуманистік тәрбие жүйесінің маңызды мұраты ретінде балалар мен үлкендердің ұжым болып бірлесе әрекеттесуі. Өйткені тәрбие әрекетінің жүйе болып қалыптасуында оның болуы басты міндет.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


    написать администратору сайта