5. Дәріс кешені- ишки ауру стом. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк
Скачать 245.15 Kb.
|
Асқазан обыры. Асқазан обыры -асқазанның қатерлі ісігі.Қатерлі ісіктер ішінде екінші орын алады. Қатерлі ісіктердің пайда болу қауіпі 40-45 жастан асқан адамдарда өсуде.Әйелдерге қарағанда,асқазан қатерлі ісігі ер адамдарда 4 есе жиірек дамиды. Этиология. Себептері толық анықталмаған. Бейімдеуші ықпалдар: Химиялық фактор (шамадан тыс құырылған,ұзақ сақталғантағамдар,бірнеше рет пайдаланылған майларда кездесетін канцерогендер,тұздалған тағам түрлері); Тәндік немесе асқазанның бұзылу факторы (әбден шайналмаған,құрғақ,қақталған,ащы,өте ыстық тағамдарды пайдалану); Инфекциялық фактор (хеликобактер пилори бактериясын жұқтыру); Темекі шегу және алкоголь ішімдіктерін салынып ішу. Клиникасы: Ең маңызды мәселе-асқазан рагінің диагнозын ерте қою.Аурудың үш кезеңін анықтайды:1)алғашқы; 2)аурудың клиникалық белгілерінің айқын көрінуі; 3)терминальды. Алғашқы кезеңде усақ белгілер синдромы дамиды:себепсіз әлсіздік, шаршағыштық,тәбеттің төмендеуі не болмауы, ет, балық тағамдарынан жиіркену,асқазан дискомфорты-кекіру, эпигастрийда ауырлық сезім,асқазанның толып туру сезімі, психикалық депрессия, апатия, бөтенсіну. Аурудың клиникалық белгілерінің айқын көрінуі кезеңі келесі белгілермен сипатталады: эпигастрий аймағында сыздаған, сорып тұрғандай ауырсыну сезімі, анорексия, булемия, жүдеу, жүрек айну, құсу, ұзақ уақыт қалтырау, созылмалы асқазаннан қан кетулер.Бұл белгілер көп науқастарда байқалады,бірақ латентті және ауырсынусыз түрлеріде кездеседі. Терминальды кезеңде асқазанда,оң жақ қабырға астында (бауырда метастаз), арқада (ісіктің ұйқы безіне өсуі), кейде сүйекте өте күшті мазаны кетіретін ауырсынулар,тәбеттің толық болмауы және тамақтан жиркенуі, жүрек айну, өте күшті әлсіздік, тамақ ішкен сайын құсу, жүдеу, қалтырау, терісі құрғақ жер түстес, кейде асцит. Пальпаторлы метастаздарды және үлкейген лимфа түйіндерін анықтау болады. Жүдеу біртіндеп кахексияға айналады. Пациент интоксикациямен жүрек-тамыр шамасыздығынан қайтыс болады. Асқынулары: кардия стенозы, привратник стенозы, асқазан-ішектен қан кетулер, асқазан перфорациясы. Диагностика.Рентгенологиялық зерттеуде-толу дефекті, ФГДС-та ісіктің мөлшері, түрі анықталады, яғни гистологиялық зерттеуге биопсия алынады. Қанда-ЭТЖ-нің себепсіз көтерілуі, анемия, аздап лейкоцитоз. Нәжісті жасырынды қанға зерттеу – оң көрсетеді. Емдеу.Аурудың алғашқы кезеңінде тек қана хирургиялық ем. Консервативті терапия ауруды толық жазбайды, науқастың жағдайын жақсартып, өмірін ұзартады: 1) химиотерапия-фторурацил, фторафур,метотрексат. 2) R-саулелі терапия 3) симптоматикалық терапия-наркотикалық анальгетиктер, анемияға қарсы препараттар, қан алмастыру препараттары, жасанды тамақтандыру және т.б. Алдын алу. Созылмалы гастрит, асқазан ойық жарасымен науқастарды диспансерлік тіркеуге алу, шылым шегумен, ішімдікпен, мамандық зияндылықтармен куресу үлкен мағына береді. Бұл аурулар жағдайында жылына 2 рет эндоскопиялық тексерілуден өту қажет. Асқазан обырының алдын алуында берілетін кенестер: Тұрақты түрде, уақытымен ас қабылдау; Өте құырылған және консервіленген тағам түрлерін пайдалануды шектеу; Ас әртүрлі және витаминдерге бай болуы қажет; Ас өте ыстық, тұзды және тым ащы болмауы керек; Темекі щекпеу, алкоголь ішімдітерін салынып ішпеу; Тістердің және ауыз құысының тазалығын сақтау; Созылмалы аурулар болған жағдайда үнемі дәрігерге қаралып және ем қабылдау керек. Асқазан обыры бар науқастардың күтімі
Бақылау сурақтары Асқазан рагінің негізгі симптомдарын атаңыз. Созылмалы гастритпен немесе асқазан ойық жарасымен ауыратын науқастарда қай белгілер асқазан рагінің дамуын білдіреді. Асқазан рагі емінің негізгі принциптері. Асқазан рагінің негізгі алдын алу шаралары. Созылмалы энтерит Созылмалы энтерит – жіңішке ішектің кілегей қабатының қабынуынан, дистрофиялық, атрофиялық өзгерістерінен жіңішке ішекте ас қорытылуының, сіңірілуінің бұзылысына алып келетін полиэтиологиялық ауру. Этиологиясы. Созылмалы энтерит – полиэтиологиялық ауру; 1. Инфекциялар (сальмонеллез, дизентерия, иерсиниоз, энтеровирустық инфекция), паразиттік инвазия (лямблиоз, ішек құрттары). 2. Улық ықпалдар – дәрмектер, ішімдік. 3. Алиментарлық ықпалдар (белоктық, витаминдердің тапшылығы, үнемі құрғақ тамақ ішу, тамақты тоя ішу). 4. Тағамдық аллергия (көбінесе сүтке, шоколадқа, жұмыртқаға, балыққа, әсіресе теңіз балықтарының етіне). 5. Асқорыту жолдарының функциялық бұзылыстары. Клиникалық көрінісі. Мальдегистия синдромы; ас қорытылуына қажетті ферменттердің жетіспеуінен химустың (тамақтың) ішек бойында тез өтуі. Ішектік диспепсия; іш тәулігіне 6-8 рет өтіп, нәжісі 1-1,5 л. болады. Дәреті қоймалжын немесе сүйық . Сүт ішсе – іші қорылдап, түйіліп ауыра бастайды және өтеді. Іштің ауыруы ішектің түйілуінен, газбен керілуінен немесе шажырқай түйіндердің қабынуынан болады. Метеоризмге байланысты ауырсыну тамақтанғаннан 1 -3 сағаттан кейін білінеді, кешке жақын күшейеді, дефекациядан немесе жел шығарғаннан басылады. Мальабсорбция синдромы. Ішектің сіңіру процесстері бұзылғандықтан дене салмағы төмендейді, астенизацияның, полигиповитаминоздың көріністері пайда болады - тілдің ашып ауыруы, сілекейдің ағуы, глоссит, дерматит, деменция, терінің құрғақтығы, түлегіштігі, жұқаруы, тырнақтардың жолақтанып қалыңдауы, шаштың түсуі анықталады. Гипокальциемия белгілері – саусақтың, тіл үшының, мұрын, ауыз үшбұрышының жансыздануы, ұю сезімдері, сүйектердің сырқырап ауыруы. Тексергенде: 1. Копрологиялық зерттеуде - сары, сүйық, сілтілі реакциялы нәжіс, полифекалия, креаторея. 2.Дисбактериозды анықтау үшін нәжістің микробтық құрамы зерттеледі: қалыпты флора азаяды, ал ішек таяқшалары, протей, стафилококк, гемолиздеуші стрептококк көбейеді. Емі. Емдәммен емдеу. Өршу кезінде N4, диарея азайып ремиссия болғанға дейін N4б, Ал ремиссия кезінде N4в емдәм беріледі. Антибактериялық – тетрациклин, левомецитин, эритромицин, фурозалидон. Пробиотиктер: аэробтық флорада– колибактерин, анаэробтық флорада – бифидумбактерин, аралас флорада – бификол, бифиформ Антидиареялық дәрмектер: Реасек, имодиум іш өткен сайын 1 капсуладан. Ферменттік дәрмектер: панкреатин, фестал, полизим, дигестал, хилак форте . Спазмолитиктер: но- шпа, дюпасталин Метаболизмдік бұзылыстарды жоюға: ретаболил, неробол, поливитаминдер. Созылмалы колит. Созылмалы колит – тоғышектің кілегей қабығының қабыну-дистрофиялық өзгерістерімен және функциялық бұзылыстарымен сипатталатын ауру. Этиологиясы. 1. Инфекция - дизентерия, иерсиния, шигелла, іш сүзегі протей,т.б. 2. Ішек қурттары – амебиаз, лямблиоз, гельминтоз, трихомонодиаз, балантидиаз. 3. Ұзаққа созылған дисбактериоз. 4. Ұзақ қолданған дәрмектердің әсері – антибиотиктер,іш айдағыштар, салицилаттар, иммундық депресанттар. 5. Тағамдық, бактериялық, дәрмектік аллергия. 6. Тамақтану кемістіктері – гиповитаминоз, сапасыз тағам, ауыр қорытылатын тағамдар, өсімдік клетчаткасының тапшылығы, ішімдікке салыну. Клиникасы. Созылмалы колит көбіне 40-таң асқан шақта пайда болады. Аурудың белгілері жергілікті және жалпы болады: жергілікті – іштің төменгі бөліктерінің және мықын аймақтарының ауруы; дәреттің бұзылуы, іш бір өтіп бір қатады. Іш өтсе, жиі-жиі, бірақ аз-аздан өтеді және тамақты іше сала дәретке жүгіру болады. Нәжісінің түрі өзгереді «қой қумалағындай» болады, іші кебеді, үлкен дәретке отырғысы келетін жалған сезім «тенезмдер», үлкен дәретке отырғаннан кейін ішегі толық босамағандай сезім, нәжісте патологиялық қоспалар – кілегейлі шырыш. Жалпы белгілер – ашуланшақтық, ұйқысының бұзылуы, бас ауру, көңіл күйінің төмен болуы,тәбеті төмендеген, жүрек айну кейде қусу. Ауыр түрінде қалтырау, шамасыздық, қан кету, перфорация. Тексергенде.Пальпацияда тоқ ішектің бойында ауырсыну, соқыр ішектің маңайында қурылдау, сигма ішектің тұсында түйілген ауырсынулар. Копрограммада – көп мөлшерде клетчака, дисбактериоз. Рентгенде – гипо- және гипермоторлы дискинезия белгілері. Эндоскопияда – қабыну өзгерістері, атрофия ошақтары. Қанда – анемия. Емі. 1. №4 емдәммен емдеу. Сүтті, қара нанды,майлы немесе өткір тағамдарды және метеоризмде бұршақтан, капустадан дайындалған және қанты мол тағамдар берілмейді. Антибактериялық дәрмектер –аминогликозидтер (канамицин, неомицин), фурозалидон, метронидазол, сульфаниламидтер (фталазол, сульгин), левомицетин. 2. Антибактериялық емді аяқтағаннан кейін: Пробиотиктер: колибактерин, лактобактерин, бифидум-бактерин,бифиформ, линекс. 3.Ферменттер: хилак форте. 4.Спазмолитиктер: дюпасталин, но-шпа, галидор. 5.Микроклизмалар: гидрокортизон, сульфасалазин, күнбағыс, жүгері, балық, қымыздық майлары. Алдын алу. 1. Құнарлы тамақтану,ішімдіктің алдын алу, дер кезінде жедел энтероколиттерді, ішек инфекцияларын, эндокринді жүйенің, зат алмасудың, асқазанның, ұйқы безінің ауруларының, бауыр , бүйректің ауруларын емдеу. 2.Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, ішті жұмсартатындарды,қабынуға қарсы препараттарды ретсіз және себепсіз қабылдамау. 3. Аллергиялық факторларды жою. 4. Диспансерлік тіркеуге алу. Ішек аурулары бар науқастардың күтімі
Бақылау сурақтары 1.Ішек ауруларын атаңыз. 2.Ішектердің құрылысы және қызметі. 3.Ішек ауруларының негізгі симптомдары. 4.Энтерит дегеніміз не? 5.Колит дегеніміз не? 6.Диарея дегеніміз не?(қандай болады) 7.Метеоризм дегеніміз не? 8.Ішек ауруларында ауырсыну қай жерде орналасады? 9.Науқастан ауырсыну кезінде нені анықтау керек? 10.Энтероколиттер ауруларында науқастың тәбеті қалай өзгереді? 11.Науқастарда үлкен дәретінің қандай өзгерістері болуы мүмкін? 12.Ішек және үйқы безінің ауруларының лабораторлы зерттеу әдістері. 13.Ирригоскопия дегеніміз не, науқасты зерттеуге дайындау. 14.Колоноскопия дегеніміз не, зерттеудің маңызы. Созылмалы панкреатит. Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының , түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндофункцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну- дистрофиялық ауруы. Этиологиясы. Ішімдікке салыну, өттас ауруы, холецистит, аллергиялық жағдайлар, алиментарлық фактор – майлы, құырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің, әсіресе А витаминнің жетіспеушілігі. Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы, физикалық жарақат, іш құысындағы мүшелерінің операциясы. Клиникалық көрінісі. Басты белгісі – іштің ауыруы, белді бұындырғандай, белдік тәрізді айналдыра ауыру, кейбірде тек арқа ғана ауырады. Әдетте, майлы, қуырған не өткір тағамды ішкеннен 40-60 минуттан кейін ауыру күшейеді. Аурудың өршу кезінде ұйқыбездің өз ферменттерімен қорытылуы болады, сондықтан қатты ауырады, тамақ ішпесе сөлдің бөлінуі азайып, ауырсыну басылады. Науқастардың көбі , тәбеті тартса да, тамақ ішуден бас тартып, арықтайды. Науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын ішіне тартып бүйірінде немесе етпетінен жатуға мәжбүр болады. Спазмолитиктер әсер етпейді, тек анальгетиктер (наркотиктер) көмектеседі. Аурудың өршу кезінде диспепсиялық синдром пайда болады: гиперсаливация, кекіру, тәбеттің төмендеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі, жиі көп мөлшерде құсу, іштің өтуі, шаршағыштық, жұмысқа қабілеінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы. Тексергенде. Дене салмағының төмендеуі байқалады, тері тургорының төмендеуі, терінің қурғақтығы, шашпен тырнақтарының сыңғыштығы, еріндер бұрыштарының жарылуы. Пальпацияда ұйқы без проекциясында ауырсыну, теріде қызыл нүктелер «қызыл нүктелер симптомы», терінің жоғары сезімталдығы анықталады. Іш құысына сұйықтық жиналуы мүмкін, кейде геморрагиялық, экссудативті плеврит, пневмония, нефрит, тахикардия. Лабораториялық және аспаптық зерттеудің нәтижелері. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы және жедел фазалық белоктардың көбеюі байқалады. Қан мен несепте ұйқыбез ферменттерінің ( диастазаның, липазананың) көбеюі. Копрограммада – стеаторея, креаторея және нәжісте трипсиннің немесе химотрипсиннің азаюы. Бездің эндокриндік жетіспеушілігінде гипергликемия анықталады. УДЗ – бездің ұлғаюы,контурының бұдырлануы. Эхо тығыздығы жоғары, ошақтар,псевдокисталар жақсы анықталады. Емі. 1. Диетотерапия. Оның мақсаты – ұйқыбездің секрециясын неғұрлым төмен деңгейде ұстау. Өршудің ауыр түрінде 2-3 күн науқасты аш ұстайды, «Боржоми», «Нарзан» тәрізді сілтілі минеральді суларды тәулігіне 6 стақаннан аз-аздап жұтқызып ішкізеді.Сырқаттың жағдайы дұрыстала келе және ремиссия кезінде диетада белокты 130-150 г/ тәул, жеткізеді.Тағамды суға пісіріп немесе бүға бұқтырып дайындайды. Тамақты аз-аздан тәулігіне 4-6 рет ішкізеді. 2. Дәрмектік ем. Ұйқыбез секрециысын тежейтін дәрілер: - антацидтер (алмагель, фосфалюгель т.б.). - Н2 –рецепторлардың блокаторлары (квамател 20 мг ) - холинолитиктер (гастроцепин, атропин, платифиллин) - миолитиктер (но-шпа, галидор, одестон ) - ұйқыбезі ферменттерінің ингибиторлары: пантрипсин 12-20 Б тәулікке 1-2 рет; контрикал ( трасилол, цалол) 10-20 мың Б. тәулігіне 1-2 рет; гордокс 100 мың Б. тәулігіне 1-2 рет. - қабынуға қарсы антибиотиктер қолданады. - сыртқы секреция шамасыздығын емдеу: Өт жоқ ферменттік дәрмектер: панкреатин, панкурмен, мезим-форте, креон. Алдын алу. Майлы, құырған тағамдардан, ішімдіктен бас тарту. Дер кезінде өт бөлу жүйенің, асқорыту жүйенің ауруларын емдеу. Созылмалы панкреатиті бар науқастардың күтімі
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР: 1.Презентация (слайдтар) ӘДЕБИЕТ: Негізгі: С.Қ. Асауова, С.Қ. Валишаева «Ішкі аурулар» І,ІІ том Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі». Қ.А.Жаманқұлов «Ішкі аурулар». Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі». |