5. Дәріс кешені- ишки ауру стом. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк
Скачать 245.15 Kb.
|
Асқынулары: кардия стенозы, привратник стенозы, асқазан-ішектен қан кетулер, асқазан перфорациясы. Диагностика.Рентгенологиялық зерттеуде-толу дефекті, ФГДС-та ісіктің мөлшері, түрі анықталады, яғни гистологиялық зерттеуге биопсия алынады. Қанда-ЭТЖ-нің себепсіз көтерілуі, анемия, аздап лейкоцитоз. Нәжісті жасырынды қанға зерттеу – оң көрсетеді. Емдеу.Аурудың алғашқы кезеңінде тек қана хирургиялық ем. Консервативті терапия ауруды толық жазбайды, науқастың жағдайын жақсартып, өмірін ұзартады: 1) химиотерапия-фторурацил, фторафур,метотрексат. 2) R-саулелі терапия 3) симптоматикалық терапия-наркотикалық анальгетиктер, анемияға қарсы препараттар, қан алмастыру препараттары, жасанды тамақтандыру және т.б. Алдын алу. Созылмалы гастрит, асқазан ойық жарасымен науқастарды диспансерлік тіркеуге алу, шылым шегумен, ішімдікпен, мамандық зияндылықтармен куресу үлкен мағына береді. Бұл аурулар жағдайында жылына 2 рет эндоскопиялық тексерілуден өту қажет. Асқазан обырының алдын алуында берілетін кенестер: Тұрақты түрде, уақытымен ас қабылдау; Өте құырылған және консервіленген тағам түрлерін пайдалануды шектеу; Ас әртүрлі және витаминдерге бай болуы қажет; Ас өте ыстық, тұзды және тым ащы болмауы керек; Темекі щекпеу, алкоголь ішімдітерін салынып ішпеу; Тістердің және ауыз құысының тазалығын сақтау; Созылмалы аурулар болған жағдайда үнемі дәрігерге қаралып және ем қабылдау керек. Асқазан обыры бар науқастардың күтімі
Бақылау сурақтары Асқазан рагінің негізгі симптомдарын атаңыз. Созылмалы гастритпен немесе асқазан ойық жарасымен ауыратын науқастарда қай белгілер асқазан рагінің дамуын білдіреді. Асқазан рагі емінің негізгі принциптері. Асқазан рагінің негізгі алдын алу шаралары. Созылмалы энтерит Созылмалы энтерит – жіңішке ішектің кілегей қабатының қабынуынан, дистрофиялық, атрофиялық өзгерістерінен жіңішке ішекте ас қорытылуының, сіңірілуінің бұзылысына алып келетін полиэтиологиялық ауру. Этиологиясы. Созылмалы энтерит – полиэтиологиялық ауру; 1. Инфекциялар (сальмонеллез, дизентерия, иерсиниоз, энтеровирустық инфекция), паразиттік инвазия (лямблиоз, ішек құрттары). 2. Улық ықпалдар – дәрмектер, ішімдік. 3. Алиментарлық ықпалдар (белоктық, витаминдердің тапшылығы, үнемі құрғақ тамақ ішу, тамақты тоя ішу). 4. Тағамдық аллергия (көбінесе сүтке, шоколадқа, жұмыртқаға, балыққа, әсіресе теңіз балықтарының етіне). 5. Асқорыту жолдарының функциялық бұзылыстары. Клиникалық көрінісі. Мальдегистия синдромы; ас қорытылуына қажетті ферменттердің жетіспеуінен химустың (тамақтың) ішек бойында тез өтуі. Ішектік диспепсия; іш тәулігіне 6-8 рет өтіп, нәжісі 1-1,5 л. болады. Дәреті қоймалжын немесе сүйық . Сүт ішсе – іші қорылдап, түйіліп ауыра бастайды және өтеді. Іштің ауыруы ішектің түйілуінен, газбен керілуінен немесе шажырқай түйіндердің қабынуынан болады. Метеоризмге байланысты ауырсыну тамақтанғаннан 1 -3 сағаттан кейін білінеді, кешке жақын күшейеді, дефекациядан немесе жел шығарғаннан басылады. Мальабсорбция синдромы. Ішектің сіңіру процесстері бұзылғандықтан дене салмағы төмендейді, астенизацияның, полигиповитаминоздың көріністері пайда болады - тілдің ашып ауыруы, сілекейдің ағуы, глоссит, дерматит, деменция, терінің құрғақтығы, түлегіштігі, жұқаруы, тырнақтардың жолақтанып қалыңдауы, шаштың түсуі анықталады. Гипокальциемия белгілері – саусақтың, тіл үшының, мұрын, ауыз үшбұрышының жансыздануы, ұю сезімдері, сүйектердің сырқырап ауыруы. Тексергенде: 1. Копрологиялық зерттеуде - сары, сүйық, сілтілі реакциялы нәжіс, полифекалия, креаторея. 2.Дисбактериозды анықтау үшін нәжістің микробтық құрамы зерттеледі: қалыпты флора азаяды, ал ішек таяқшалары, протей, стафилококк, гемолиздеуші стрептококк көбейеді. Емі. Емдәммен емдеу. Өршу кезінде N4, диарея азайып ремиссия болғанға дейін N4б, Ал ремиссия кезінде N4в емдәм беріледі. Антибактериялық – тетрациклин, левомецитин, эритромицин, фурозалидон. Пробиотиктер: аэробтық флорада– колибактерин, анаэробтық флорада – бифидумбактерин, аралас флорада – бификол, бифиформ Антидиареялық дәрмектер: Реасек, имодиум іш өткен сайын 1 капсуладан. Ферменттік дәрмектер: панкреатин, фестал, полизим, дигестал, хилак форте . Спазмолитиктер: но- шпа, дюпасталин Метаболизмдік бұзылыстарды жоюға: ретаболил, неробол, поливитаминдер. Созылмалы колит. Созылмалы колит – тоғышектің кілегей қабығының қабыну-дистрофиялық өзгерістерімен және функциялық бұзылыстарымен сипатталатын ауру. Этиологиясы. 1. Инфекция - дизентерия, иерсиния, шигелла, іш сүзегі протей,т.б. 2. Ішек қурттары – амебиаз, лямблиоз, гельминтоз, трихомонодиаз, балантидиаз. 3. Ұзаққа созылған дисбактериоз. 4. Ұзақ қолданған дәрмектердің әсері – антибиотиктер,іш айдағыштар, салицилаттар, иммундық депресанттар. 5. Тағамдық, бактериялық, дәрмектік аллергия. 6. Тамақтану кемістіктері – гиповитаминоз, сапасыз тағам, ауыр қорытылатын тағамдар, өсімдік клетчаткасының тапшылығы, ішімдікке салыну. Клиникасы. Созылмалы колит көбіне 40-таң асқан шақта пайда болады. Аурудың белгілері жергілікті және жалпы болады: жергілікті – іштің төменгі бөліктерінің және мықын аймақтарының ауруы; дәреттің бұзылуы, іш бір өтіп бір қатады. Іш өтсе, жиі-жиі, бірақ аз-аздан өтеді және тамақты іше сала дәретке жүгіру болады. Нәжісінің түрі өзгереді «қой қумалағындай» болады, іші кебеді, үлкен дәретке отырғысы келетін жалған сезім «тенезмдер», үлкен дәретке отырғаннан кейін ішегі толық босамағандай сезім, нәжісте патологиялық қоспалар – кілегейлі шырыш. Жалпы белгілер – ашуланшақтық, ұйқысының бұзылуы, бас ауру, көңіл күйінің төмен болуы,тәбеті төмендеген, жүрек айну кейде қусу. Ауыр түрінде қалтырау, шамасыздық, қан кету, перфорация. Тексергенде.Пальпацияда тоқ ішектің бойында ауырсыну, соқыр ішектің маңайында қурылдау, сигма ішектің тұсында түйілген ауырсынулар. Копрограммада – көп мөлшерде клетчака, дисбактериоз. Рентгенде – гипо- және гипермоторлы дискинезия белгілері. Эндоскопияда – қабыну өзгерістері, атрофия ошақтары. Қанда – анемия. Емі. 1. №4 емдәммен емдеу. Сүтті, қара нанды,майлы немесе өткір тағамдарды және метеоризмде бұршақтан, капустадан дайындалған және қанты мол тағамдар берілмейді. Антибактериялық дәрмектер –аминогликозидтер (канамицин, неомицин), фурозалидон, метронидазол, сульфаниламидтер (фталазол, сульгин), левомицетин. 2. Антибактериялық емді аяқтағаннан кейін: Пробиотиктер: колибактерин, лактобактерин, бифидум-бактерин,бифиформ, линекс. 3.Ферменттер: хилак форте. 4.Спазмолитиктер: дюпасталин, но-шпа, галидор. 5.Микроклизмалар: гидрокортизон, сульфасалазин, күнбағыс, жүгері, балық, қымыздық майлары. Алдын алу. 1. Құнарлы тамақтану,ішімдіктің алдын алу, дер кезінде жедел энтероколиттерді, ішек инфекцияларын, эндокринді жүйенің, зат алмасудың, асқазанның, ұйқы безінің ауруларының, бауыр , бүйректің ауруларын емдеу. 2.Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, ішті жұмсартатындарды,қабынуға қарсы препараттарды ретсіз және себепсіз қабылдамау. 3. Аллергиялық факторларды жою. 4. Диспансерлік тіркеуге алу. Ішек аурулары бар науқастардың күтімі
Бақылау сурақтары 1.Ішек ауруларын атаңыз. 2.Ішектердің құрылысы және қызметі. 3.Ішек ауруларының негізгі симптомдары. 4.Энтерит дегеніміз не? 5.Колит дегеніміз не? 6.Диарея дегеніміз не?(қандай болады) 7.Метеоризм дегеніміз не? 8.Ішек ауруларында ауырсыну қай жерде орналасады? 9.Науқастан ауырсыну кезінде нені анықтау керек? 10.Энтероколиттер ауруларында науқастың тәбеті қалай өзгереді? 11.Науқастарда үлкен дәретінің қандай өзгерістері болуы мүмкін? 12.Ішек және үйқы безінің ауруларының лабораторлы зерттеу әдістері. 13.Ирригоскопия дегеніміз не, науқасты зерттеуге дайындау. 14.Колоноскопия дегеніміз не, зерттеудің маңызы. Созылмалы панкреатит. Созылмалы панкреатит – ұйқыбез паренхимасының , түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндофункцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну- дистрофиялық ауруы. Этиологиясы. Ішімдікке салыну, өттас ауруы, холецистит, аллергиялық жағдайлар, алиментарлық фактор – майлы, құырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің, әсіресе А витаминнің жетіспеушілігі. Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы, физикалық жарақат, іш құысындағы мүшелерінің операциясы. Клиникалық көрінісі. Басты белгісі – іштің ауыруы, белді бұындырғандай, белдік тәрізді айналдыра ауыру, кейбірде тек арқа ғана ауырады. Әдетте, майлы, қуырған не өткір тағамды ішкеннен 40-60 минуттан кейін ауыру күшейеді. Аурудың өршу кезінде ұйқыбездің өз ферменттерімен қорытылуы болады, сондықтан қатты ауырады, тамақ ішпесе сөлдің бөлінуі азайып, ауырсыну басылады. Науқастардың көбі , тәбеті тартса да, тамақ ішуден бас тартып, арықтайды. Науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын ішіне тартып бүйірінде немесе етпетінен жатуға мәжбүр болады. Спазмолитиктер әсер етпейді, тек анальгетиктер (наркотиктер) көмектеседі. Аурудың өршу кезінде диспепсиялық синдром пайда болады: гиперсаливация, кекіру, тәбеттің төмендеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі, жиі көп мөлшерде құсу, іштің өтуі, шаршағыштық, жұмысқа қабілеінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы. Тексергенде. Дене салмағының төмендеуі байқалады, тері тургорының төмендеуі, терінің қурғақтығы, шашпен тырнақтарының сыңғыштығы, еріндер бұрыштарының жарылуы. Пальпацияда ұйқы без проекциясында ауырсыну, теріде қызыл нүктелер «қызыл нүктелер симптомы», терінің жоғары сезімталдығы анықталады. Іш құысына сұйықтық жиналуы мүмкін, кейде геморрагиялық, экссудативті плеврит, пневмония, нефрит, тахикардия. Лабораториялық және аспаптық зерттеудің нәтижелері. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы және жедел фазалық белоктардың көбеюі байқалады. Қан мен несепте ұйқыбез ферменттерінің ( диастазаның, липазананың) көбеюі. Копрограммада – стеаторея, креаторея және нәжісте трипсиннің немесе химотрипсиннің азаюы. Бездің эндокриндік жетіспеушілігінде гипергликемия анықталады. УДЗ – бездің ұлғаюы,контурының бұдырлануы. Эхо тығыздығы жоғары, ошақтар,псевдокисталар жақсы анықталады. Емі. 1. Диетотерапия. Оның мақсаты – ұйқыбездің секрециясын неғұрлым төмен деңгейде ұстау. Өршудің ауыр түрінде 2-3 күн науқасты аш ұстайды, «Боржоми», «Нарзан» тәрізді сілтілі минеральді суларды тәулігіне 6 стақаннан аз-аздап жұтқызып ішкізеді.Сырқаттың жағдайы дұрыстала келе және ремиссия кезінде диетада белокты 130-150 г/ тәул, жеткізеді.Тағамды суға пісіріп немесе бүға бұқтырып дайындайды. Тамақты аз-аздан тәулігіне 4-6 рет ішкізеді. 2. Дәрмектік ем. Ұйқыбез секрециысын тежейтін дәрілер: - антацидтер (алмагель, фосфалюгель т.б.). - Н2 –рецепторлардың блокаторлары (квамател 20 мг ) - холинолитиктер (гастроцепин, атропин, платифиллин) - миолитиктер (но-шпа, галидор, одестон ) - ұйқыбезі ферменттерінің ингибиторлары: пантрипсин 12-20 Б тәулікке 1-2 рет; контрикал ( трасилол, цалол) 10-20 мың Б. тәулігіне 1-2 рет; гордокс 100 мың Б. тәулігіне 1-2 рет. - қабынуға қарсы антибиотиктер қолданады. - сыртқы секреция шамасыздығын емдеу: Өт жоқ ферменттік дәрмектер: панкреатин, панкурмен, мезим-форте, креон. Алдын алу. Майлы, құырған тағамдардан, ішімдіктен бас тарту. Дер кезінде өт бөлу жүйенің, асқорыту жүйенің ауруларын емдеу. Созылмалы панкреатиті бар науқастардың күтімі
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1.Созылмалы панкреатитке анықтама беру. 2.Созылмалы панкреатиттің негізгі себептері. 3.Созылмалы панкреатиттің симптомдары. 4.Созылмалы панкреатиттің диагностикасы. 5. Панкреатитте ауырсыну синдромының себебі. 6.Созылмалы панкреатиттердің емдеуіне жаңа көз қарас. 7. Панкреатиттердің алдын-алу. Созылмалы гепатит Созылмалы гепатит – бауырдың 6 айдан артық созылып дәнекер ұлпаның өсуімен сипатталатын , бірақ бауыр бөліктерінің құрылысында өзгерістер болмайтын полиэтиологиялық диффузды қабыну ауруы. Этиологиясы. Созылмалы гепатиттің даму себептері әр түрлі, бірақ ең жиі кездесетін себеп-жедел вирусты гепатитпен ауырғаны В, С, Д түрлері. Басқа себептер: алкоголь, дәрі-дәрмектер, химиялық заттар, нашақорлық, гомосексуализм, созылмалы диализ және қан құю вирустарды жұқтыруды көбейтті. Клиникалық көрінісі. Науқас оң жақ қабырға астының , сыздап ауыратынын айтады және жалпы әлсіздік, шамасыздық, тез шаршағыштық, ипохондрия, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, тершендік, ұйқының бұзылуы, артралгиялар, субфебрилитет, иектерінің қанауы, терінің қышуы, несеп түсінің қоңырлануы, нәжістің ағаруы, гепатомегалия, спленомегалия, терінің сарғаюы және диспепсиялық бұзылыстар; тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, кекіру, майлы тағамның жақпауы, асқазан толып және қысып тұру сезім, метеоризм, іштің өтуі. Тексергенде. Терінің сарғаюымен қатар нәжіс ақшылданады, зәрдің түсі қоңырланады. Билирубин 50 ммоль/л жеткен кезде тері мен кілегей жамылғылардың сарғайғандығы көзге еленеді. Пальмарлы эритема, гинекомастия, терінің трофикалық өзгерістері, шаштың сиреуі, тамыр жұлдызшалар, қансырағыштық, теріде қанталау дақтары. Іштің пальпациясында аздап ауыратын үлкейген бауыр, кейбір науқастарда үлкейген көкбауыр анықталады. Қанда билирубин, ақуыз және оның фракциялары көтеріледі. Аспапты зерттеулерден УДЗ, бауырды радиоизотопты зерттеу, бауырдың пункционды биопсиясы қолданылады. Емі. Созылмалы гепатитте емді неғұрлым ерте бастау науқастың тағдырын едәуір жақсартады. Гепатиттің барлық түрлерінде жасалатын ем – бауырға зиян келтіретін ықпалдарға жол бермеу. Диетотерапия.Бауыр ауруларында берілетін №5 диета. Витаминдер жеткілікті болуы тиіс- бұл кезде тәулігіне берілетін майдың мөлшері 100гр (50гр өсімдік, 50 гр мал майы).Белоктың мөлшері тәулігіне 120 гр, көмірсулар500гр шамасында болуы керек. Дәрмектік ем. Парентеральді детоксикация: глюкоза,гемодез. Метаболизмді жақсарту: поливитаминдік комплекстер – витамин Е, фосфаден, рибоксин, эссенциале, липой қышқылы, легалон, Д-пеницилламин, реамберин және преднизолон мен азатиопринді қатар қолдану. Алдын алу. Жедел вирусты гепатиттің таралуынан сақтандыру. Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату. Улы заттармен жанасуды дер кезінде тоқтату. Диета сақтау. Алкогольдік ішімдікті доғару, әсіресе С гепатитте. Инсоляциядан, вакцинациядан, қыздырынудан сақтану. Ауыр дене қызметімен шұғылданбау. Диспансерлік тіркеуге алынады. Науқас жылына 3-4 рет дәрігерге қаралып билирубин мөлшерін, тансаминазаларын, сілтілі фосфатазасын тексеріп түрады. Көрсеткіштері бойынша стационарға жатқызылады. Бауыр циррозы Бауыр циррозы- бауыр паренхимасы мен стромасының дистрофиялық және некроздық зақымдануынан бауырда түйінді регенерация және дәнекер ұлпасының жайылма өрбуін тудыратын бауырдың созылмалы және ауруы. Сонымен қатар бауыр паренхимасы мен оның тамыр жүйесінің құрылысы өзгеріп, портальді гипертензия дамиды. Бауыр ұлпасының дәнекер ұлпамен алмасуы бауыр функцияларының бұзылуына себеп болады. Этиологиясы: 1. Созылмалы вирусты гепатит. 2. Алиментарлы фактор(маскүнемдік, ақуыз және витаминдер жетіспеуі). 3. Токсико-аллергиялық фактор (иммундық өзгерістер, жоғары сезімталдық). 4. Бауыр ішілік және бауырдан тыс өт жолдарының аурулары. 5. Гепатотропты әсер ететін улар мен дәрмектер. 6. Конституциялық-генетикалық фактор. Клиникасы. Цирроздың негізгі белгісі – бауырдың тығыздығы, қаттылығы және бетінің бұдырлығы, көкбауырда ұлғаяды консистенциясы тығыз, шеті жұмыр келеді. Басты белгілері: оң жақ қабырға астының ауырсынуы немесе салмақ сезіну, диспепсиялық шағымдар, жүдеу, қызу көтерілу, сарғаю, өнеш веналарынан қан кету және терінің қышуы. Аурудың белсенді фазасында ғана метеоризм, жүрек айнуы, іштің өтуі, эпигастрий аймағында жайылма ауырсыну байқалады. Декомпенсация фазасында спленомегалия, асцит, «медуза басы» қосылады. Тексергенде: терісінің түсі сұрғыл тартқан, не сарғыш, еріндері мен тілдерінің ұшы қызарған, тілі қызыл, жылтыр, аяқтары жіңішкеріп, іші шектен тыс өскен, терінің қышынуы, ксантомалар, тері пигментациясы, тырнақтардың ағаруы, саусақ ұштарының дабыл таяқшалары тәрізденуі, бет, жауырын, иық белдемесінің терісіндегі және ауыз, мұрын кілегей қабықтарындағы тамыр жұлдызшалары, қызыл бауыр алақандар, кіндік аймағының көк тамырлары «медуза басындай» ісінген, остеопороз, қанағыштық, ерлерде гинекомастия. Пальпацияда бауыр тығыз, қатты, тақтайдай болады, ауырсыну бермейді, шеті үшкір, қабырға доғасынан 2-5 см төмен түсіп тұрады. Іш қуысында асцит болады. Зертханалық тексерулер: қанда – анемия, лейкопения, тромбоцитопения, ЭТЖ көбеюі. Биохимиялық анализде билирубин көбейген, альбумин азайып, гамма- глобулин көбейеді. Несепте уробилин мөлшері өте көп болады. Аспапты зерттеулер: бауырды радиоизотопты зерттеу, бауырдың пункционды биопсиясы қолданылады. УДЗ –зерттеуде: бауырымен көк бауыры ұлғайған, эндоскопиялық зерттеуде - өнешпен асқазанның көк тамырлары варикозды кенейген. Емдеу принциптері. 1. Төсек тәртібі. 2. №5 диета: майлы, өткір, ащы, тұзды тамақты азайту. Бауыр шамасыздығында тамақта белокты, портальді гипертензияда тұзды азайту. 3. Гепатопротекторлар: витаминдер, ККБ, ЛИВ- 52, карсил, эссенциале, гепабене, гепабар т.б. 4. Глюкокортикоидтер: преднизолон 5. Қабынумен күресу үшін антибиотиктер. 6. Өт айдайтын препараттар: холосас, холензим, аллохол. 7. Диуретиктер ( лазикс, гипотиазид, верошпирон). 8. Калий препараттары. Алдын алу. Жедел вирусты гепатиттің таралуынан сақтандыру. Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату. Улы заттармен жанасуды дер кезінде тоқтату. Диета сақтау. Алкогольдік ішімдікті доғару, әсіресе С гепатитте. Созылмалы гепатитті ұзақ, үзбей емдеу. Инсоляциядан, вакцинациядан, қыздырынудан сақтану. Ауыр дене қызметімен шұғылданбау. Диспансерлік тіркеуге алынады. Науқас жылына 3-4 рет дәрігерге қаралып билирубин мөлшерін, тансаминазаларын, сілтілі фосфатазасын тексеріп түрады. Көрсеткіштері бойынша стационарға жатқызылады. Бауыр жетіспеушілігі Бауыр жетіспеушіліктің негізінде гепатоциттердің өлуі жатады, соңдықтан бауырдың қызметі төмендеп, қанға токсикалық заттар түседі. Бірінші компенсация фаза, декомпенсация фазасына ауысып келесі клиникалық белгілер пайда болады: жүйкелік - психикалық бұзылыстар, ұйқышылдық, ашуланшақтық, тері қышымасы, әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, диспепсиялық бұзылыстар, сарғаю, ісінулер, асцит, қантаулар, мұрыннан, іштен қан кету, эндокринді өзгерістер/ ер адамдарда - гинекомастия, әйелдерде-еттекір циклының бұзылуы/. Осы кезенде барлық бауыр пробалар төмендейді: протромбин,альбумин, холестерин, сарысу фибриноген. Келесі үшінші фазада айтылған өзгерістер тереңдейдіде адамның есі бұзылып комаға ұшырайды - бұл естүссіз жағдай. Бауыр комасы өліммен аяқталады, өте сирек жағдайларда ғана науқас жазылу мүмкін. Бауыр аурулары бар науқастардың күтімі
Бақылау сурақтары. Бауырдың қурылысы Созылмалы гепатит ауруының анықтамасы. Гепатиттің этиологиясы. Клиникасы. Болжамы Диагностикасы және емдеуі. Гепатиттің емдеу принциптері. Гепатиттердің алдын алуы. Бауыр циррозының анықтамасы. Бауыр циррозының этиологиясы. Клиникасы. Диагностикасы және емдеуі. Цирроздың емдеу принциптері. Цирроздың алдын алуы Холецистит Холецистит - бұл өтқабы қабырғасының зақымдануына , моторикасының бұзылысына әкелетін және өт тастарының түзілуіне септігін тигізетін өтқабының бейспецификалық қабыну ауруы. Әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі. Этиологиясы: бактериялық инфекция, әсіресе ішек таяқшасы, лямблиялар. Бейімдеуші фактор: семіздік, сирек тамақ қабылдау әсіресе ертеңгісін тамақ қабылдамау, жүктілік, гиподинамия. Аурудың қозуы көп мөлшерде майлы қуырған тағам, алкоголь қабылдағанда болады. Клиникасы. Майлы қуырған тамақ ішкеннен кейін 1-3сағат өткеннен кейін оң жақ қабырға астында сыздағандай керіп түрғандай ауырсыну басталады. Біртіндеп күшейіп оң жақ иыққа, бұғанаға, жауырынға иррадиация береді. Диспепсиялық бұзылыстар болады: ауамен кекіру, ащы дәм сезіну, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі. Ауырсыну кезінде көңіл күйі нашарлайды, мінездің ұстамсыздығы пайда болады, басы ауырады. Ауру рецедив ремиссия түрінде өтеді, аурудың ағымы қауіпсіз диета сақтап сақтанса рецидив болмайды.Жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Тексергенде. Пальпацияда: оң қабырға астында өт қабының проекциясында ауырсыну анықталады. Температура 370-37,50 – тен жоғары, қанда ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз. Дуоденальді зондтауда - Б порциясында көп мөлшерде шырыш, эпителиальді клеткалар, лейкоциттер анықталады.Холецистографияда өт қабының түрі өзгереді, кейде тас анықталады. Асқынулар: гепатит, панкреатит және өт тас ауруы дамуы мүмкін. Емі. Диетотерапия: №5 емдәм. Өршу кезінде қуырған, өткір майлы тағамдар берілмейді.Тағамдарды суға пісіріп немесе буға бұқтырып дайындайды. Липотроптық заттарға бай тағамдарды( сүзбе, ірімшік, балық, бұршақ дәндіктері) ұсынған жөн. Дәрмектік ем. 1. Кең спекторлі антибиотиктер: эритромицин, олететрин левомицетин, фуразолидон 1-2 апта уақытта 2.Спазмолитиктер: но-шпа, папаверин, баралгин, спазган, церукал 3.Өт айдайтын препараттар: аллахол, холензим, фламин Ауырсыну басылғаннан кейін физиотерапиялық процедуралар. Ремиссия кезінде санаторлы курортты ем. Өт тас ауруы Өт тас ауруы - өт қабында кейде өзектерінде тастардың байлануы. Ауру көбінесе орта жасты және жасы ұлғайған әйелдерде кездеседі. Бейімдеуші фактор: семіздік, гиподинамия, сирек тамақ қабылдау, жиі жүктілік, созылмалы холецистит Клиникасы - шағымдары холецистит ауруына ұқсайды, бірақ шаншу ұстамаларын береді. Оны бауыр шаншуы немесе өт шаншуы дейді. Майлы қуырылған тамақтан кейін басталады. Ауырсыну біртіндеп басталып, күшейе береді, сонымен қатар жүрек айну, лоқсу, құсу қосылады. Ауырсыну оң жақ иыққа, жауырынға, бұғанаға беріледі. Ауырсынудың күштілігі соншалықты күшті, сондықтан наркотикалық анальгетиктермен басылады. Өт шаншуы әр түрлі аяқталады. Тас жылжып ұлтабарға өтіп кетуі мүмкін немесе өт қабына қайта оралуы. Егерде тас жалпы өт өзегінде тұрып қалса онда оны бітеп механикалық сарғаю дамиды: нәжісі ағарып, зәрі қоңырланады, қанда билирубин көбееді. Тексергенде.Ұстама кезінде ЭТЖ жоғарлайды, лейкоцитоз. Іштің пальпациясында өтқабының тітіркену белгілері анықталады. Холецистографияда және УДЗ - да: өт қабында конкремент көлеңкелері. Емі. Хирургиялық ем қолдану немесе лазер саулелерімен ыдырату. Одди сфинктерін кеңейтуге одестон береді. Өт шаншу ұстамасын наркотикалық аналгетиктермен бірге атропин басады. Қабыну процесі қосылса антибиотиктер тағайындайды. Алдын алу 1. Диетаны және тамақтану тәртібін сақтау. 2. Өте майлы тамақ қабылдамау. 3. Қимыл қозғалыс белсенділігі. 4. Созылмалы инфекция ошақтарын жою Өт шығару жолдарының дискинезиясы Өт шығару жолдарының дискинезиясы – өт қабымен Одди сфинктерінің ретсіз, мезгілсіз, толық емес немесе тым артық жиырылуы. Этиологиясы. Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстары, эндокринді аурулар, аллергоздар, аппендицит, созылмалы аднексит, гепатит және т.б. Клиникасы. Гиперкинетикалық (гипертониялық) және гипокинетикалық (гипотониялық) түрлерін ажыратады. Гиперкинетикалық түрде тәулігіне бір неше рет оң қабырға астында оң иыққа, қолға және жауырынға берілетін шаншу түрінде ауырсыну ұстамалары пайда болады. Ауырсынулар қысқа уақытты және дене қызуы көтерілмейді. Жиі нейровегетативті синдром байқалады; терлегіштік, тахикардия, гипотензия, әлсіздік, бас ауру, ашуланшақтық, жүрек тұсында ауырсыну. Гипокинетикалық түрде үнемі оң қабырға астында сыздаған, тұйық ауырсынулар, тәбеттің төмендеуі, кекіру, жүрек айну, ауызда ашты дәм, іштің кебуі, іш қатпасы, өт қабының проекциясында аздап ауырсыну. Екі түріндеде ауырсынулардың психикалық – эмоциональды күйзелістермен байланысы бар және қан анализінде өзгерістер байқалмайды. Емі. Емді невротикалық өзгерістерді жоюдан бастайды. Гиперкинетикалық түрінде: седативті дәрмектер – элениум, седуксен, Бехтерев микстурасы, Морозов тұнбасы; холиноспазмолитиктер - атропин, метацин, но-шпа, папаверин; холеретиктер – хологон, урохолесан, холензим, урсофальк; жылытқыш процедуралар – батпақтар, озокерит аппликациялары, диатермия, индуктотермия; аз минералданған сулар. Гипокинетикалық түрінде: тонус көтеретін - женьшень, элеутерококк, пантокрин; холецистокинетиктер - магний сульфаты, сорбит, ксилит, питуитрин; көп минералданған сулар, тюбаждар. Алдын алу 1. Невротикалық өзгерістерді емдеу. 2. Конфликтті жағдайларды болдырмау. 3. Қимыл қозғалыс белсенділігі. 4. Таза ауада серуендеу 5. Ұйқысын қандыру 6. Күніне 4 рет бір уақытта тамақтану. Өт шығару жолдарының аурулары бар науқастардың күтімі
Бақылау сурақтары. Созылмалы холециститке анықтама беріңіз. Созылмалы холециститтің негізгі себептері. Созылмалы холециститтің симптомдары. Созылмалы холециститтің емдеу принциптері. Өт тас ауруы дегеніміз не? Өт тас ауруының себептері. Өт тас ауруының симптомдары. Өт тас ауруының емі. Өт шығару жолдары ауруларының диагностикасы. Ұлтабарды зондтау, науқасты зерттеуге дайындау. Холецистография, науқасты зерттеуге дайындау,зерттеудің маңызы. Өт шығару жолдары ауруларының алдын алуы. БАҚЫЛАУ СУРАҚТАРЫ: Гастриттер туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Асқазан және өнекелішек ойық жаралы ауруы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Асқазан обыры туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Созылмалы панкреатит туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Созылмалы гепатит туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Бауыр циррозы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Холецистит туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Өт тас ауруы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Өт жолдарының дискинезиясы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Созылмалы энтерит туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Созылмалы колит туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:Презентация (слайдтар) ӘДЕБИЕТТЕР:Негізгі: С.Қ. Асауова, С.Қ. Валишаева «Ішкі аурулар» І,ІІ том Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі». Қ.А.Жаманқұлов «Ішкі аурулар». Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі». Б. Қалимурзина, «Ішкі аурулар I,ІІ том С.А. Мукина И.И.Тарновская «Мейірбике ісі негіздері» С.К. Мұратбекова «Мейірбике негіздері» «Күтім және медициналық манипуляция стандарттарының жинағы» 0302000 «Мейірбике ісі» мамандығы студенттерінің практикалық дағдыларының кәсіби стандарттары. Медициналық колледждердің одағымен бекітілген. Е.Н.Набиев «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» оқулығы Астана 2015г Қосымша: И.Н.Денисов, Б.Л.Мошович «Общая врачебная практика. Внутренние болезни –энтерология. Практическое руководство» М.2001. Е.Н.Набиев «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» оқулығы Астана 2015 С.К.Мухина «Мейірбике негіздері» Баулин С.И. Егу бөлмесінің медбикесіне арналған анықтамалар . - Ростов-на-Дону, 2008. Кулешов К.П. «Мейірбике ісі негіздері» - Ростов н/Д: Феникс, 2012. Морозова Р.С. «Мейірбике ісі негіздері» - M .: Эксмо, 2013. Нұрманова М.Ш., Матакова Ж.Т., Бейскулова Е.Т. Стандарттар жинағы «Мейірбике ісі негіздері» - Алматы, 2011. Обуховец ТБ «Мейірбике ісі негіздері» - Ростов-на-Дону: медицина, 2011 ж. Обуховец ТБ «Мейірбике ісі негіздері». Оқу құралы. - Ростов-на-Дону, 2011. № 4ДӘРІС |