5. Дәріс кешені- ишки ауру стом. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк
Скачать 245.15 Kb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК Бекітемін» Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары _________ Кумарова А.Б. «_____»___________2022ж. ДӘРІС КЕШЕНІ Мамандық 09110200 – "Стоматология " ___________ (шифр мен атауы) Біліктілік__4S09110102 "Дантист"_______________________ __ (шифр мен атауы) Курс __III__Cеместр____Топ (топтар) ___V_____ Сағат саны __48___кредиттер___2____ Пәннің/модульдің дәрістік кешенін құрастырған оқытушылар: 1. 2. №___Циклдік әдістемелік комиссияның отырысында қаралды Хаттама №____________________________2022 ж. ЦӘК төрайымы: ____________Филимонова А.А. /аты-жөні, қолы/ Колледждің Әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды Хаттама № ___________________________2022 ж. Колледж әдіскері: _______________ Дуванбекова Г.С. /аты-жөні, қолы/ №1ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Тыныс алу жүйесінің аурулары: Бронхиттер, бронх демікпесі. Жедел пневмониялар. МАҚСАТЫ: Оқулық: білімгерлерге өтіп жатқан тақырыптың өзектілігін жеткізу, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулармен таныстыру.ДӘРІС ЖОСПАРЫ: Бронхиттер туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Өкпенің обструктивті ауруы туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. Бронх демікпесі туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит – бронхтардың қабынуы – тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде жиілігі бойынша бірінші орын алатын ауру. Бронхитпен көбіне балалармен жасы ұлғайған адамдар, мамандық зияндылықтары бар және шылым шегетін ер адамдар ауырады. Суық, ылғалды климат тұрғындары мен ызғарда жұмыс жасайтын адамдарда жиі кездеседі. Жедел бронхит - бронхтар кілегей қабығының жедел диффузды, сирегірек – қабырғасының барлық қабаттарының бір мезгілде қабынуы. Этиопатогенезі. Жедел бронхиттің 90%-да анықталатын қоздырғышы – вирус немесе микоплазма. Бронхтық эпителийге вирустардың енуінен, ондағы зат алмасу бұзылып, эпителийлік жасушалар түлеп жойылады, оған бактериялар қосылып, қабыну басталады. Клиникалық көрінісі. Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері – құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауруы байқалады. Көп ұзамай қабыну процессі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға өтеді. Бронхиттің көрінісі қинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәуліктегі жөтел құрғақ, кейін болар болмас қақырық түсе бастайды. Қақырық әдетте кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді, оның тәуліктік мөлшері шамалы, 50 мл аспайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагмаға бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауруы мүмкін. Ұсақ бронхтар қабынса онда жөтелге ентікпе қосылады. Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, немқұрайлық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Бірақ грипп болғанда дене қызуы 38-390 С көтерілуі мүмкін, сонымен қатар мұрынның , ауыздың айналасында ұшық шығуы және көмекейдің гиперемиясы байқалады. Объективті. Перкуссиялық дыбыс әдетте өзгермейді. Тыңдағанда күшейген қатаң везикулалық тыныс және құрғақ сырылдар, сиректеу ылғал сырылдар естіледі. Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін. Қаның анализі онша өзгермейді, қабыну белгілері - нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ –ның жоғарлауы. Жедел бронхиттың барысы жеңіл 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады. Асқынулары: пневмония, бронхтар түйілу синдромы. Емі. Ауру асқынбаса амбулаторлы емделеді, жылы жайдағы төсек тәртібі. Қабынуға қарсы аспирин немесе парацетамол 0,5 г3 рет, обструкция болғанда – теофедрин немесе эфедрин 0,025 г 3 рет. Аскорбин қышқылы немесе Ревит дәрумені 1-2 драже. Дезинтоксикациялық ем: тәулігіне 2-3 литр сұйықтық (бал, лимон, қарақат, таңқурай қосылған т.б.) ішкізу. Антибиотиктерді тек пневмония қосылған немесе ірінді қақырық болған жағдайларда ғана қолданады. Созылмалы бронхит - ең кемінде соңғы екі жыл, қатарынан 3 ай қақырықты жөтелмен білінетін бронхтардың қабыну процессі. Этиологиясы. Белсенді немесе пассивті темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіптік зиянды ықпалдар, ауа райының жағымсыздығы, инфекциялық қоздырғыштар, ауаны кондиционерлеу, зат алмасу бұзылыстары. Патогенезі. Бронхтардың қабырғасына терең еңген инфекция панбронхитке (барлық қабаттарының қабынуы) алып келеді, оның салдарынан бронхтар біртіндеп деформацияланады, кілегей қабығы атрофияланады да - бронхоэктаздар, пневмосклероз, эмфизема, өкпе гипертензиясы яғни өкпетекті жүрек дамиды. Клиникалық корінісі. Негізгі шағымдар: жөтел, қақырық тастау, ентікпе. Ең алғашқы белгісі - таңертеңгілік жөтел , ұйқыдан тұрып қималдай бастағанда жөтелу. Кейіннен жөтел тәулік уақытымен санаспай жиіленеді – жылыдан салқынға шыққанда немесе салқыннан жылыға кіргенде мазалайды. Жөтел салқын, ылғалды маусымдарда күшейіп, жазғы уақыттарда тиылады. Аурудың өршу фазасында әр түрлі тітіркендіргіш ықпалдардан жөтел ұстамалары пайда болады. Таң ертеңгілік қақырық өте қою оның тәуліктік мөлшері 50 мл аспайды, өршу кезінде қақырықтың іріндігі көбееді. Интоксикацияға байланысты шамасыздық, субфебрильді қызба, әлсіздік, әсіресе түнгі тершеңдік байқалады. Жиі және қатты жөтелуден, жөтелге қатысты бұлшық еттер аурсынады. Объективті.Бронхиттің жаңа басталған шағында перкуссиялық өзгерістер байқалмайды, эмфизема қалыптасса, онда қорапты дыбыс. Өршу кезіндегі аускультациялық белгілер- қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. Диагностикасы. ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Міндетті түрде қақырықтың себіндісінен микрофлораның түрін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Рентгендік зерттеуде өкпе өрнегінің деформациясы. Бронхоскопияда – жалпылама эндобронхит көріністері. Сыртқы тыныс функциясын тексергенде – бронхтық обструкция белгілері, пневмотахометрия арқылы – тыныс шығару күшінің азаюы. Емі. Этиологиялық себептерін жою: темекі тартуды доғару, кәсіптік зиянды ықпалдардан құтылу, инфекциялық ошақтарын тиімді емдеу. Тағаммен емдеу – дәрумендері жеткілікті, балансы келтірілген диета, жас көкөністерді, жемістерді, шырындарды қосқан тиімді. Антибактериалдық ем. Ірінді өршуінде және пневмония қосылған жағдайда қолданылады: Рокситромицин – 150 мг 2 рет, ровамицин – 3 млн 2 рет, гентамицин – 0,08 гр 2 рет, эритромицин - 0,5 4 рет, цефазолин 1 г 2 рет. Сульфаниламидтер. Бисептол 480 мг 2 рет, Сульфатон 0,35 г, сульфадиметоксин 0,5 г. Қақырық түсіргіш дәрмектер. Бромгексин – 0,016 3 рет, амброксол 30 мг 3 рет Бронходилятаторлар. Теофедрин – 1/2 таблетканың 2 – 3 рет , эуфилин – 0,15 гр 3-4 рет Организмнің бейспецифакалық резистенттігің арттыру адаптогендер. Элеутеррокок – 40 тамшы 3 рет, женьшень 30 тамшы 3. Дезинтоксикациялық ем.400 мл гемодез, 5% глюкоза ерітдісін тамшылап және сусынды мол ішкізеді. Фитотерапия. Қызылмия түбірі (солодка), эхинацея т.б. Физиотерапия. Ультра жоғары жиілікті тоқтар, парафин аппликациялары, индуктотермия. Емдік дене шынықтыру – дренажды жақсартатын жаттығулар, тыныс алу гимнастикасы. Бронхтық астма. Бронхтық астма (демікпе) – бронхтардың әр түрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Этиологиясы. Бұл экологияға тәуелді аурулардың бірі – бактерия, вирус, өсімдік тозаңдары, саңырауқұлақшалар, шаң, өндірістік аллергендер, дәрмектер, тағамдар, микроскопиялық кенелер, жәндіктер мен жануарлардың аллергендері, металлдардың, ағаштың, мақтаның, селикаттың шаңдары, қышқыл, сілтінің булары, өндіріс түтіні, марганец, хром, формальдегид қосындылары, стресстік және психикалық ықпалдар, физикалық күш түсу. Ішкі эндогендік факторлар – иммундық, эндокриндік, вегетативтік нерв жүйесінің бронхтар сезімталдығының және реактивтілігінің, өкпе тамырларының кемістіктері. Патогенезі. Негізгі патологиялық өзгерісі – бронхтардың ұстамалы тарылуы. Оның себептері: бронхтық спазм, бронхтар кілегей қабығының ісінуі, бронхтар қабырғасының эозинофильдермен инфильтрациясы, кілегейдің гиперсекрециясы. Клиникасы. Ауру тұншығу ұстамаларымен өтеді, клиникалық белгілері келесі синдромдарға бөлінеді: Брохообстукция синдромы – экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, құрғақ ысқырықты сырылдар. Қабыну синдромы - қақырық бөліну, ЭТЖ жоғарылау, қызудың көтерілуі. Аллергиялық синдром– аллергендермен жұғысқанда болатын ұстама, аллергиялық ринит, конъюктивит, есекжем, қышыну, белгілі бір тағам немесе дәрінің жақпауы, эозинофилия, қан немесе несепте биологилық белсенді заттардың – гистамин, брадикинин, серотониннің көбеюі. Астманың ұстамасы 3 кезеңнен дамиды. Продромдық, хабаршы белгілер кезеңі – жаршы белгілер пайда болады –мұрын көмекейдің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, кеуденің қысылу сезімі, есінеу. Тұншығу ұстамасы – алдымен қиналдыратын құрғақ жөтел пайда болады, содан кейін науқас ентіге бастайды, тыныс шығаруы 3-4 есе ұзарады, алыстан естілетін құрғақ сырылдар болады, ал аса қатаң ұстамада бронхоспазм күшейе келе сырылдар бәсеңдейді, тіпті жойылады. Дене мәжбүр қалыпты - науқас қолдарын тізесіне немесе отырғыштың арқалығына тіреп отырады – тыныс қызметіне иық белдемесінің, кеуденің, құрсақтың қосымша бұлшық еттері белсенді қатысады. Ұстама бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Эмфиземаға қатысты кеуде кеңейеді, перкуссиялық дыбыс қорап реңді, өкпенің шеті төмен түседі, тыңдағанда тыныс шығару ұзарған, әлсіз везикулалық тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Ұстаманың басылу кезеңі – науқас қайталап үст-үстіне жөтеліп, әйнек тәріздес, мөлдір кілегейлі, түйіршікті қақырық тастайды, қақырық түскен соң тыныс шығару жеңілденіп қысқарады, құрғақ сырылдар азаяды. Асқынулар. Астмалық статус – бронх қабырғаларының жалпылама ісінулерінен, өзектерінің қою кілегеймен бітелуімен дамитын, аса ауыр бронхтық обструкция: қақырықсыз жөтел, «үнсіз өкпе», жедел тыныс шамасыздығының тез дамуы. Ұстама 12 сағат, одан да ұзақ емге берілмейді. Комаға дейін алып баруы мүмкін. Жедел, жеделдеу өкпетекті жүрек Өкпе эмфиземасы Ателектаз Миокардтың дистрофиясы Спонтанды пневмоторокс Емі. Себепші аллергендердің немесе аллергендер тобын анықтау, науқастың олармен жанасуын тоқтату. Гипоаллергендік диета, ашығу, энтеросорбция – белсендірілген көмір. Ұстама кезінде - сальбутамол 1-2 ингаляциядан, эуфиллин 5-10 мл көк тамырға, ылғалданған оттегі. Ұстамалардың алдын алу үшін қабынуға қарсы - серетид 1-2 ингаляция күнделікті ертенгісін және кешкісін Антигистаминді дәрмектер – кестин 1 таб 1 рет, лоратидил 10мг 1рет, зетринал, супрастин, тавегил. Астмалық статус кезінде – преднизолон к/т. Иммундық жүйені қалпына келтіру – элеутерококк, лимонник, женьшень, эхинацея, корень солодки, А, В, Е, С витаминдер. Пневмония. Пневмония –өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі. Этиологиясы. Пневмококк, стафилококк, клебсиелла, микоплазма, хламидия, легионелла, саңырауқұлақшалар, қарапайымдар. Патогенезі. Инфекциялық қоздырғыштар өкпенің респирациялық бөліктеріне бронхтар, қан, лимфа арқылы түседі. Бронхтардың қорғаныс механизімі бұзылғанда (салқындау, мастық, наркоз,операциялар, кифосколиоз) тітіркендіргіш газдар, микробтар альвеолаларға түсіп қабыну процесті дамытады. Жіктемесі. І.Пневмонияның эпидемиологиялық дамуына қарай түрлері. Ауруханадан тыс (біріншілік, амбулаторлық, ұй жағдайында дамыған). Әдетте ауруханадан тыс жағдайда, ұй-тұрмысының жағдайында дамитын пневмония. Жиілеу ауыратын ер адамдар Ауруханалық (ауруханаішілік, нозокомиальдік, госпитальды). Ауруханада жатқан науқастарда басқа патологиялық процесстердің үстінде немесе солармен бір уақытта пайда болады. ІІ.Пневмонияның орналасуы және көлемі: а) тотальді; б) бөліктік; в) сегменттік; г)бөлшектік; д) орталық. Клиникалық көрінісі. Ауру жедел басталады, дене қазыуының көтеріліуі, сілемейлі - іріңді қақырық пен жөтел, ентікпе, кеуде сарайының шаншып ауырсынуы. Ерін мен ауыздың айналасына ұшық шығады. Интоксикациялық белгілері – әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің жойылуы, бастың ауруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, жүрек қағуы, ұйқысының бұзылуы, терлегіштік, стоматит болуы мүмкін, іш қату. Объективті. Перкуторлық дыбыстың қысқаруы, әлсізденген ауыр бронхиальді тыныс, крепитация , дымқыл ұсақ түйіршікті сырылдар. Зертханалық зерттеулер – лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Пневмония ағымының ауырлық критерийлері. Жеңіл ағым – уыттанудың айқын емес симптомдары, дене қызуы субфебрильді, тыныс алу жеткіліксіздігімен гемодинамика бұзылыстары жоқ, өкпелік инфильтрация бір сегмент шеңберінде, лейкоциттер (9-10)-109 қосарланған аурулар жоқ. Орташа ағымы - дене қызуы 380 С, өкпелік инфильтрат 1-2 сегмент шеңберінде, ТАЖ - 22 мин. дейін, ЖЖЖ - 100 соғу мин, артық. Асқынулар жоқ. Рентгенде - қарайған ошақтар. (Ошақталған пневмония). Ауыр ағым – науқастың жағдайы ауыр, t – 39-400C-ға дейін тез көтерілуі, тыныс үстірт - 25-50-ге дейін жиіленеді. АҚ 90/60 мм с.б, ЖЖЖ 100 соғу мин. артық. Жөтелі басында қурғақ бір- екі күннен кейін қанды «тат басқан» түсті қақырық тастайды, септикалық шок, лейкопения немесе лейкоцитоз, сананың бұзылуы,екі жақтық пенвмониялық инфильтрация. Рентгенде - бір бөліктің тұтас гомогенді қараюы. (Крупозды пневмония). Диагностикасы. Тікелей проекциядығы кеуде сарайының рентгенографиясы. Жалпы қан анализі. Қақырықтың жалпы анализі, себу, антибиотикограмма, туберкулез микобактериясына қақырық анализі. Спирометрия. Онколог, фтизиатр консультациясы. Емдеу. Ауырлығына байланысты антибактериальдік ем. Спиромицин 3мл күніне 2 рет Азитромицин 500мг күніне 1 рет Кларитромицин 250мг 2 рет Терапия ұзақтығы 7-10 күнді құрайды, ауыз арқылы қабылдау. Дренажды функцияны жақсарту үшін карбуцистеин, амброксол 1 таб күніне 3 рет қабылданады. Науқастарға көп мөлшерде сұйықтық ішу, тыныс алу жаттығулары, фитотерапия ұсынылады. Асқынулар. Өкпе абсцесі, плеврит, миокардит, пиелонефрит, плевра эмпиемасы, ірінді инфекциялық токсикалық шок Алдын алу: Салауатты өмір сүру Мұрын – көмей жедел респирациялық инфекцияларын уақытында тиімді емдеу. Иммунитетті жоғарлату үшін – витаминотерапия, шөптер –корень солодки, эхинацея Пневмонияны тиімді антибиотиктермен емдеу. №2ДӘРІС |