Главная страница
Навигация по странице:

  • Диагностикасы.

  • Жедел аллергоздар. Аллергия

  • ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР: 1.Презентация (слайдтар)ӘДЕБИЕТ: Негізгі

  • 5. Дәріс кешені- ишки ауру стом. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк


    Скачать 245.15 Kb.
    Названиеазастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк
    Дата21.09.2022
    Размер245.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5. Дәріс кешені- ишки ауру стом.docx
    ТипДокументы
    #689437
    страница12 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Клиникасы. Ауру семіздікпен, артериялық гипертензиямен жиі қабаттасады. Басты белгісі – полиартриттен басталады. Ауру «подагралық криз» аталатын жедел артриттің кенет ұстамаларымен өтеді. Әдетте, ұстаманың дамуына алкогольді ішімдік, тамақты тоя ішу, жарақат, сорығу (моншада), суықтау, диуретиктерді қабылдау түрткі болады.

    Алғашқы ұстамаларда көбіне бас бақайдың буыны зақымданады, бірақ өзге буындарда зақымдануы мүмкін. Ерекшелігі – таң ата «әтештер шақыруымен» буынның кенет ұстамалы ауруы. Қабынған буын ісініп, беті өте қызарып, қатты батып ауырады, 7-10 кұнге созылып басылады. 5-6 жыл өткен соң , ураттардың жинақталуынан буындар бұзыла бастайды, деформацияланады.

    Диагностикасы. Қанда зәр қышқылының концентрациясы көтеріледі. Рентгенде – сұйек эпифиздерінде көлемі 3-4 мм – ден 2-3 см-ге дейін тесіктер пайда болады.

    Емі. Емдік тәртіп. Дене салмағын азайту. Ішімдікті тоқтату. Тағаммен ем. Физиоемдеу. Санаторлық ем. Хирургиялық ем.

    Үстаманы басу: колхицин 0,5 мг әр 2 сағат сайын ұстама кезінде ғана қолдану.

    Дәрмектік ем - урикодепрессантар: аллопуринол тәулігіне 100мг нан бастап 800мг жеткізу. 6-12 ай емдейді. Арасында 2-3 аптаға үзіліс жасайды. Урикоэлиминаторлар: этамид, дезурик, уродан, кетазон. Стероидтық қабынуға қарсы дәрмектер.

    Жедел аллергоздар.

    Аллергия —ағзаның қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді.

    Этиопатогенезі. Аллергендер организмге сырттан түсетін экзогендік және ағзаның өзінде өндірілетін эндогендік болып ажыратылады.

    Экзогендік аллергендер: өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар,кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдері.

    Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен ағзаның өзінде пайда болады.

    Аллерген ағзаға алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайсъда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Квинке ісінуі, поллиноздар және анафилаксиялық шок жатады.
    Есекжем мен Квинке ісінуі – көбінесе теріні зақымдайтын аллергиялық ауру.

    Клиникасы. Есекжем кезінде науқаста тез арада терінің қышуы, қалақай шаққандай, теріде кейде тұтас бөртпелер пайда болады, бөртпенің алғашқы элементі күлдіреулер. Кейде дене температурасы 38-390С дейін көтеріліп, басында, бұлшық еттерінде, буындарында және ішінде ауырсыну пайда болады.

    Квинке ісінуінде бірнеше минут ішінде теріде тығыз бозарған қышымайтын инфильтрат пайда болады. Үстінен басқанда ойық қалмайды. Ісіну дененің борпылдақ тері асты майында болады – ерін, қабық, тіл, таңдай, еркектерде ұмасында.

    Көмей кеңірдектің ісінуі өте қауіпті, асфиксияға ұшырайды, оның белгілері – дауысы бітіп қырылдап, үргендей жөтел пайда болып, дем алуы қиындай бастайды. Тынысы шулы болып кетеді, бетінде цианоз басталады. Науқас мазасыз, орын таппайды. Квинке ісінуі 1 сағаттан 1 тәулікке дейін созылады.
    Жедел жәрдем:

    Аллергенді ағзадан тез арада шығару үшін теріні жуады, аллерген ішке енсе науқасқа сорбенттер беру керек (белсендірілген көмір), бір неше рет қайталап тазалау клизмасын жасайды. Антигистаминдік дәрілерді енгізу: 1 мл пипольфен немесе 1 мл супрастин ерітіндісін.

    Квинке ісінуінде 2-4 мл фуросемид ерітіндісін к/т, ауыр жағдайда, кеңірдек ісіп кеткенде қосымша: 10 мл натрий изотониялық ерітіндісімен 60-90 мг преднизолон ерітінідісін көк тамырға енгізеді. Қан қысымы төмендегенде тері астына 0,15- 0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісі және науқасты ауруханаға жеткізу қажет.
    Анафилаксиялық шок - ағзаға аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция, нәтижесінде өмірге қауіпті паталогиялық процесс пайда болатын және қан айналымы,тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.
    Клиникасы.Ағзаға аллерген түсе салысымен немесе инъекция кезінде науқаста кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас айналу, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі, құлағында шу, қозу, мазасыздану, денесінде күйдіргендей сезім немесе өте күшті қышыну пайда болады. Аяқ қолы суып, пульсі жиілеп, қан қысымы түсе бастайды.Үлкен, кіші дәретке отырғысы келеді, жүрегі айнып, құсып, ішінде ауырсыну пайда болады. Одан кейін есінен танып коматозды жағдайға ұшырайды. Анафилаксиялық шоктың найзағайдай түрінде алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды мүшелердің зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.

    Объективті.Тері жабындары бозарған, цианозды, тыныс алуы қиындаған, суық тер басады. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған.

    Анафилактикалық шок өтуін 5 түрге бөледі: кәдімгі, гемодинамикалық, демікпелік, церебралды, абдоминалды.

    Жедел жәрдем.

    Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.

    Аллергеннің ағзаға одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 1 мл 0,1% , адреналин ертіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу. Аллерген дәріні қолға немесе аяққа енгізсе, сол жерден, жоғары жгут байлау (3-4 минут сайын алып тұру).

    Шоққа қарсы шаралар: 1 мл адреналин ертіндісін көк тамырға. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылау. Антигистаминді препараттар: 1 мл супрастин немесе 1 мл димедрол ерітіндісі бұлшық етке. Көк тамырға инфузионды ем: натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде. Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
    Симтомды ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне систолалық артериалдық қысым 90 мм-ге жеткенге дейін 5 мл допамин 400 мл натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде. Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.

    Бронхоспазмда көк тамырға: 10,0 мл эуфиллин ерітіндісі натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе сальбутамол 2,5- 5,0 мг небулайзер арқылы.
    Қажет болса трахея интубациясын, жасанды өкпе вентиляциясын, трахеостомия жасайды.

    Жүрек жетіспеушілігінде көк тамырға натрий хлорид ерітіндісімен жүрек гликозидтерін: 1 мл строфантин немесе 1 мл корглюкон ерітіндісін, зәр айдайтын: 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізу керек.

    Барлық науқастар реанимация бөліміне жеткізіледі. Реанимациялық шаралар сол жерде, бара жатқанда және арнайы бөлімде жүргізіледі.
    Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.
    ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

    1.Презентация (слайдтар)

    ӘДЕБИЕТ:

    Негізгі:

    С.Қ. Асауова, С.Қ. Валишаева «Ішкі аурулар» І,ІІ том

    Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі».

    Қ.А.Жаманқұлов «Ішкі аурулар».

    Г.М.Заликина «Науқастардың жалпы күтімі».

    Қосымша:

    И.Н.Денисов, Б.Л.Мошович «Общая врачебная практика. Внутренние болезни –энтерология. Практическое руководство» М.2001.

    Е.Н.Набиев «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» оқулығы Астана 2015

    С.К.Мухина «Мейірбике негіздері»

    Баулин С.И. Егу бөлмесінің медбикесіне арналған анықтамалар . - Ростов-на-Дону, 2008.

    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


    1. Ревматоидті артрит туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

    2. Деформациялық остеоартроз туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

    3. Коллагеноздар туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

    4. Подагра туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

    5. Аллергоздар туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта