Главная страница
Навигация по странице:

  • Өкпе обыры Өкпе обыры (рагі)

  • Этиологиясы.

  • Диагностикасы.

  • Асқынулары.

  • Туберкулез. Туберкулез

  • Эпидемиологиясы мен патогенезі

  • Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу

  • Туберкулезге қарсы қолданылатын бірінші қатардағы дәрілердің мөлшері және дәрілік түрі

  • Дәрінің атауы Дәрілік түрі Белсенді заттардың мөлшері

  • Емнің стандарттық кестелері Санат

  • Диспансерлік есепке алуды ұйымдастыру

  • Туберкулез профилактикасының шаралары

  • Бактерия бөлетін ошақтарға қарсы санитарлық-эпидемиялық шараларды ұйымдастыру

  • 5. Дәріс кешені- ишки ауру стом. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк


    Скачать 245.15 Kb.
    Названиеазастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк
    Дата21.09.2022
    Размер245.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5. Дәріс кешені- ишки ауру стом.docx
    ТипДокументы
    #689437
    страница2 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



    ТАҚЫРЫБЫ:. Өкпе обыры,өкпе туберкулезі.

    МАҚСАТЫ: Оқулық: білімгерлерге өтіп жатқан тақырыптың өзектілігін жеткізу, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулармен таныстыру.



    Өкпе обыры

    Өкпе обыры (рагі)- бронхтардың сілемейлі қабатының эпителийінен немесе өкпе альвеолаларының эпителийінен дамитын қатерлі ісіктер. Ауру көбіне ер адамдарда 40 жастан асқанда дамиды.

    Этиологиясы. Аурудың нақты себебі анықталмаған.

    Бейімдеуші ықпалдар. Темекі шегу, асбестоз, үлкен қалалардың тұрғындары, радиациялық сәулелену, тыныс алу жүйесінің созылмалы қабыну процесстері.

    Клиникалық көрінісі. Аурудың бастапқы кезеңінде белгілері айқын емес, көбіне соңғы кезеңдерде анықталады. Клиникалық белгілерін үлкен 3 топқа бөлу болады: жергілікті, екіншілік, интоксикациялық.

    Жергілікті белгілер.Ауру жөтелден, кеуденің ауырсынуынан басталады. Жөтел басында құрғақ, кейін сілемейлі-іріңді қақырық қосылады. Ісік бронх қабаттарына өсе бастағанда қан қақыру, бронх өзегін жаба бастағанда ентігу, жүйке талшықтарын қысқанда дауысы қарылып өзгеруі (афония) пайда болады. Мойынның симпатикалық жүйке талшығын қысқанда, бастың сол жағының терісінің қызуы көтеріліп, көз алмасы ішіне шуңірейіп батып кетеді де шырағы тарылады.

    Екіншілік белгілер – метастаздардың белгілері. Өкпе обыры бауырға, лимфа түйіндеріне, өнешке, бүйрекке, миға, сүйектерге (омыртқа, қабырға, бас қаңқасына) метастаз береді: бауыры будырланып үлкееді, лимфа түйіндері ұлғаяды, жұтыну қиындап ішкен тамақты құсып тастайды, омыртқалар, қабырғалар сынады т.б.

    Интоксикациялық белгілер. Қатерлі ісіктің токсикалық әсерінен – әлсіздік, қалтырау, салмақ тастау – кахексияға дейін.

    Диагностикасы. Жалпы қан анализі( жоғарлаған ЭТЖ , анемия), өкпе рентгенографиясы, қақырықты атипті клеткаға тексеру.

    Емі. Кәзіргі кезде жалғыз эффективті емдеу әдіс – операция. Операцияны ісік өкпенің басқа бөліктеріне тарамағаныныда, аймақтық лимфа түйіндеріне метастаз бермегенде жасайды.

    Консервативті ем: саулелі және химиотерапия.

    Саулелі терапия –ісіктің өсуін уақытша тоқтатады.

    Химиотерапияға цитостатиктер қолданады: циклофосфан, циклофосфамид, метатрексат, винкристин.

    Қабыну белгілеріне антибиотиктер, ауырсынуға қарсы кетонал, кетонаф, соңғы кезеңдерінде – наркотикалық анальгетиктер: промедол, морфий, омнопон.

    Симптоматикалық терапия: жүрек дәрмектері, өттегі.

    Науқаспен психологиялық жұмыс жүргізу - барлық медицина қызметкерлері үшін өте маңызды міндет болып табылады - аурудың сипаты және емдеу тәсілдері жайында ең аз уақытта түсіндіріліу шарт.

    Асқынулары. Өкпеден қан кету, асфиксия.

    Алдын алу. Дәрігерлер мен денсаулық сақтаудың алғашқы тізбегіндегі медбикелер тиісті:

    • өкпе рагіның алғашқы белгілері мен симптомдарын білуі және осындай белгілері бар науқастарды клиникалық зерттелуге жіберуі

    • темекі шегуге қарсы бағытталған үгіт насихаты мұмкін болғанынша барлық күш жігерімен жүргізу.

    • егер науқаста жоғарыда айтылған симптомдар болса, онда шүғыл түрде пульмонолог, онколог кенесіне жіберілуі тиіс.


    Туберкулез.

    Туберкулез – әр түрлі мұшелерді зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, ағзаның улануымен, клиникалық көрінулер полиморфизмімен сипатталатын, толқын тәрізді өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Тырнақтар мен шаштан басқа адам ағзасының барлық мүшелерін, улпаларын зақымдап, туберкулездің өкпеден тыс түрлерінің дамуы мүмкін.

    Этиологиясы. 1882 ж 24-ші науырызда неміс ғалымы Роберт Кох туберкулез қоздырғышын – туберкулез таяқшасы деп ашты.Сондықтан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 24 –ші Науырызды ресми Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады.

    Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі болады.

    1. Mycobacterium bovis – бұқалар түрі.

    2. Mycobacterium tuberculosis – адамдар түрі.

    3. Mycobacterium avium - құстар түрі.

    4. Mycobacterium murium - тышқандар түрі.

    Олар, көлемі жіңішке таяқшалар, аэробтар, өсу орталғы 37-380С, эндотоксин бөледі, аллергендік қасиеті бар, құрамында антиген бар. ТБ сыртқы ортада үлкен төзімділікпен ерекшеленеді: көше шанында 10 күнге дейін, кітап парақтарында – 3 айға дейін, науқастың киімдерінді және ішкі киімінде 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін, ал қарда өте ұзақ уақыт олардың өміршендігі сақталады.

    Эпидемиологиясы мен патогенезі: Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратың науқас. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас емделмесе жылына орта есеппен 10-15 адамға туберкулез жұқтырады.

    Құрамында ТБ бар, шикі сүт және басқа сүт өнімдерін қолданғанда, сондай-ақ ауыру жануарларды күтіп баққанда адам туберкулезбен ауыруы мүмкін. Жуғу жолдары – аэрогендік (ауа арқылы), қарым қатынас арқылы.

    Инфекция жұқтырғандардың бәрі бірдей туберкулезбен ауырмайды, атап айтқанда иммундық жүйесі нашарлаған адам туберкулезбен ауыру ықтималдығы жоғарлайды.

    Жұқтырған адамдарда ағзасында біріншілік туберкулезді комплекс дамиды. Дене қызуы кенеттен 38-390С-қа көтеріледі, 2-3 апта вирустық инфекцияға уқсап ауырып, сауығады.Кейін оларда Манту байқауы оң көрсетеді. Өкпеде рентгенге түсіргенде Гон ошақтары байқалуы мүмкін: диаметрі 1 см –ге дейін қальций мен қапталған, ішінде МТ таяқшалары сақталған ошақтар. Жұқтырғандардың ішінен 10-15% ғана кейін иммунитеті төмендесе екіншілік туберкулезбен ауруы мүмкін.

    Жіктемесі: орнығу орнына сәйкес туберкулездін мынадай түрлерін ажыратады:

    1. Өкпе туберкулезі – өкпе паренхимасы зақымданады.

    а) ашық түрі – қоршаған ортаға МТ (+), таратады

    б) жабық түрі – қоршаған ортағаМТ (-), таратпайды

    1. Өкпеден тыс туберкулез - барлық басқа мүшелермен ұлпалардін туберкулезі (плевраның, лимфа түйндерінің, іш құысының , несеп- жыныс жүйесінің, бұындармен сүйектердін, бас миы және жұлын қабықшаларының).

    Клиникасы. Туберкулездің негізгі белгілері: 2 аптадан артық жөтелу, әлсіздік, салмақ жоғалту, тершендік, әсіресе түнгі уақытта шылқылдап терлеу, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан қақыру, ұзақ уақыт бойы дене қызуының субфебрильды жоғарлауы. Науқастың беттерінің үші қызарып, көзі жылтырап, жасарып кеткендей болады.

    Диагностикасы.

    1. Ауру белгілері бар науқастардан қақырықты бактериоскопиялық әдісімен зерттеу.

    2. Туберкулезбен ауыру қауіпі жөғары халық арасында флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау.

    3. Өкпе рентгенографиясы.

    Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу: туберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат бойынша тіркеуге алынады.

    І санат – өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар, өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар, өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бір сегменттен аса зақымдануы бар, бактерия бөлмейтін науқастар.

    ІІ санат – туберкулез ауыруы қайталанған, емі сәттсіз аяқталған, үзілістен кейін емі жалғастырушы науқастар.

    ІІІ санат – алғаш рет ауырған, бактерия шығармайтын шектелген – бір сегменнтің көлемінде – асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.

    IV санат – зертханалық дәлелденген көптеген дәрілерге төзімді және кең көлемді дәріге төзімді туберкулезі бар науқастар, І,ІІ,ІІІ, ІV санат кестелері бойынша ем нәтижесі сәттсіз болған полирезистенттік туберкулезі бар науқастар.

    Туберкулезді емдеу.

    Туберкулезге шалдыққан науқастардың емдеуі ДОТС – стратегия бойынша үзіліссіз, тегін, медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен (дәріні жұтқанын бақылау) екі кезеңде жүргізіледі:

    1. Бірінші кезең –емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия (ОДКК) шешеді.

    2. Екінші кезең – емнін жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі. (әлеуметтік жағдайы қолайсыз, турмыстық жағдайы нашар науқастар ОДКК шешуімең стационарда емделеді)



    Туберкулезге қарсы қолданылатын бірінші қатардағы дәрілердің мөлшері және дәрілік түрі

    Дәрінің атауы

    Дәрілік түрі

    Белсенді заттардың мөлшері

    Изониазид (H)

    Таблетка

    100, 300 мг

    Рифампицин (R)

    Таблетка немесе капсула

    150, 300 мг

    Пиразинамид (Z)

    Таблетка

    400, 500 мг

    Этамбутол (E)

    Таблетка

    100, 400 мг

    Стрептомицин (S)

    Егуге арналған ұнтақ

    1000 мг


    Емнің стандарттық кестелері

    Санат

    Қарқынды кезең

    Жалғастыру кезеңі

    І

    2-4 HRZE (S) 2 ай

    4(7)H3R3 немесе 4(7) HR немесе 4(7) HRE

    ІІ

    3(5) HRZE S 2 ай

    5 H3R3E3 немесе 5 HRE

    ІІІ

    2 HRZE

    4 H3R3 немесе 4 HR немесе 4 HRE


    Кейінгі жылдары мультитөзімді түрлері пайда болды: бес негізгі препарат әсер бермейді.

    Диспансерлік есепке алуды ұйымдастыру:

    Диспансерлік есеп және бақылау төмендегі топтар бойынша жүргізіледі:

    1. Нөлдік топ (0) - туберкулезі белсенді күмәнді адамдарда

    2. Бірінші топ (І) - белсенді туберкулезі бар науқастар

    3. Екінші топ (ІІ) – туберкулездін белсенділігі жоқ адамдар

    4. Үшінші топ (ІІІ) – туберкулезбен ауру қауіпі жоғары адамдар

    Туберкулезбен ауыратын науқастар мекен жайы, оқу орны орналасқан жердегі немесе түзету мекемелеріндегі ТҚҰ-да диспансерлік есепке алынып бақылануы тиіс.

    Туберкулез профилактикасының шаралары

    1. Салауатты өмір салты: құнарлы тамақтану ( тамаққа етті, сүт өнімдерін, балықты, дәнді дақылдарды, көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану), үнемі дене шынықтырумен айналысу, жақсы демалу, салауатты қоршаған орта, темекі шегуден, алкогольден, есірткілерден бас тарту.

    2. Туберкулезді дер кезінде, уақытысымен диагностикалау және емдеудің толық курсы аяқталғанға дейін емдеу.

    3. Сәби туылған кезде міндетті түрде БЦЖ вакцинациялау және 6-7 жаста ревакцинациялау. БЦЖ – туберкулез таяқшалары бар тірі вакцина. БЦЖ – иммунитетті қолдайды және организімнің қорғаныс реакциясың күшейтеді.

    4. Жеке гигиена ережелерін сақтау (жуу құралдарын және ағынды суды пайдаланып қолдарды, ыдысты жуу, тұрғын бөлмелерді сулы шүберекпен сүрту және желдету).

    5. Етпен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеу.

    6. Гигиенаның жеке құралдарын және ыдысты қолдану.

    7. Туберкулезбен науқастың қақырығын, төсек – орынын зарарсыздандыру

    8. Тік түскен күн көзі туберкулез бактерияларын 5 минут ішінде өлтіреді

    9. Кальцийдің 1% гипохлориті қақырықты ерітеді және МТ тез өлтіреді. Қыздыру: МТ 600 С 20мин кейін және 700С 5 мин кейін өледі.

    10. Қағаз бет орамалдарын отқа жағу қажет (ескі газеттерді және басқада өртелетін материалдарды пайдалануға болады).

    11. Бөлмелерді желдету және көрпелерді, жүннен жасалған заттарды күн көзіне жаю зарарсыздандырудың қарапайым әдісі болып табылады.

    12. Қоршаған орта гигиенасы. Мақсаты – дерті анықталмаған, демек уақытымен ем қабылдамайтын науқастардың ауруды жұқтыру қауіпін төмендету.

    1. Үйлердегі вентиляцияны жақсарту.

    2. Түкіру – ауру инфекцияларының таралуына ықпал ететін жарамсыз және зиянды дағды екенін қоршаған қауымға меңгерту.

    3. Көшелер мен аула аймақтарын жаяу жүргіншілердің жаппай қозғалысынаң бұрын тәнсәріде сыпырып, тазалау, кұрамында Кох таяқшалары бар шаңмен тыныс алу қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді.


    Бактерия бөлетін ошақтарға қарсы санитарлық-эпидемиялық шараларды ұйымдастыру:
    1.Ошақтағы шаралар біріншілік, күнделікті және қорытынды болып бөлінеді.

    2.Біріншілік шараларға кіреді:

    - науқасты жекелендіру;

    - күнделікті зарарсыздандыру жүргізу, оны бақылау;

    - қарым –қатынаста болған адамдарды есепке алып оларды тексеру;

    3.Науқасты есепке алғаннан кейін, алғашқы 3 күн арасында ошақта біріншілік эпидемиологиялық тексеріс жүргізіледі, тексеріс барысында – эпидемиологиялық тексерістің картасы Ф 33-У толтырылады.

    4.Ошақты алғашқы рет тексергенде науқастың және жанұя мүшелерінің төл құжаттық ақпараты, науқастың жұмыс істейтін орны анықталады.

    5.Науқастың дерт алдындғы 1 жыл бойы мекен-жайларын тексеру

    6.Медицина қызметкерлері науқасты және жанұя мүшелерін туберкулезді жұқтырмау шараларына үйрету.

    7.Ошақты тексергеннен кейін сауығу жоспарын құру;

    - науқасты жекелендіру және емдеу,

    - көрсеткіштер бойынша балаларға және жасөспірімдерге химия-профилактикасын жүргізу;

    - науқастың санитарлы-гигиеналық жағдайын жақсарту;

    - қатынаста болған адамдарды тексеру; (флюорография, ЖҚА, ЖЗА);

    - қатынаста болған ересек адамдарды, науқасты эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиениалық тәртіпке үйрету: бөлмені желдету (30-40 минут күніне 3-4 рет), күнделікті зарарсыздандыру.


    3 ДӘРІС
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта