Главная страница

5. Дәріс кешені- ишки ауру стом. азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк


Скачать 245.15 Kb.
Названиеазастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі шж Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк
Дата21.09.2022
Размер245.15 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5. Дәріс кешені- ишки ауру стом.docx
ТипДокументы
#689437
страница10 из 12
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



5 ДӘРІС



ТАҚЫРЫБЫ: Эндокринді жүйесінің аурулары: Эндемиялық зоб, тиретоксикоз, гипотиреоз. Қантты диабет. Асқынулары. Семіздік.

МАҚСАТЫ:

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Диффузды уытты жемсау туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

  2. Гипотиреоз туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

  3. Эндемиялық жемсау туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

  4. Қантты диабет туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.

  5. Семіздік туралы анықтама, түрлері, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, диспансеризациялау.



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Эндокринді жүйенің аурулары.
Диффузды уытты жемсау.
Диффузды уытты жемсау (тиреотоксикоз, гипертиреоз, Базедов ауруы) – бұл тиреоидті гормондардың секрециясының жоғарлауынан ағзадағы мүшелердің және жүйелердің қызметінің өзгеруімен өтетін қалқанша безінің ауруы.

Этиологиясы. Психикалық жарақаттар, инфекциялы аурулар (тонзиллит, ревматизм т.б.), бақада ішкі секреция бездерінің (гипофиз) қызметінің өзгеруі.

Бейімдеушң фактор. Генетикалық бейімділік.

Клиникасы. Науқастардың шағымы – әлсіздік, қалқанша бездің ұлғаюы (жемсау), көз белгілері, жүректің қатты соғуы, кейде жүрек тұсында шаншийтын ауырсыну, жүйкесінің тозуы, қозғыштық, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы, тәбеттің жоғарлауы, бірақ тез жүдеу, жиі іші өту, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, терлегіштік, тынымсыздық, әйелдерде етеккір циклының бұзылуы.

Объективті: науқастар тынымсыз, жыбырлап қимылдай береді, саусақ қолдары дірілдейді (тремор), көп сөйлейді бірақ ойын аяқтамай басқа мәселеге айналып кетеді, терісі нәзік, жұмсақ, ылғал, ыстық, тері асты майы жұқарған, тахикардия - минутына 100-150-ге дейін, кейде аритмия, жүрек ұшында систолалық шу. Ауыр түрде – жүрек шамасыздығы байқалады: бауыр ұлғаяды, аяғы ісінеді, көгеру байқалады.

Көз белгілері: көзінің жылтырауы, экзофтальм(бадрақ көз), кірпігін сирек қағуы, «қадалып» қарау ( Штельгваг белгісі), көз алмасын төмен түсіргенде жоғарғы қабағының қалып қалуы (Грефе белгісі), конвергенциясының әлсіздігі (Мебиус белгісі).

Қалқанша бездің ұлғаюы дәрежесі:

0 – қалқанша без сипағанда анықталмайды.

І-дәрежесі – қалқанша без көзге көрінбейді, сипағанда анықталады.

ІІ-дәреже - қалқанша без көзге көрінеді, сипағанда анықталады, бірақ мойын конфигурациясын өзгертпейді.

ІІІ-дәреже - без мойын түрін өзгертеді, жуандатады.

ІV-дәреже – жемсау үлкен, жақсы көрінеді.

V-дәреже – жемсау көрші мүшелерді қысады.

Диагностикасы. Перифериялық қанда – анемия, лейкопения. Биохимиялық зерттеуде – гипохолестеринемия, гипоальбуминемия, кейде – гиперкалиемия. Негізгі зат алмасу көтерілген. Қанда қалқанша без гормондары өзгерген: трийодтиронин(Т3), тироксин(Т4) мөлшері көбейген, гипофиз тиреотропты гормоны(ТТГ) қалыпты немесе төмендеген. Аспапты зерттеулерден – қалқанша безді сканерлеу және УДЗ.

Асқынулары. Тиреотоксикалық криз, қан айналымының шамасыздығы, қалқанша безінің рагі.

Емі. Жеңіл түрде – амбулаториялық ем, орташа, ауыр түрінде – стационарлық ем.

Науқастарға физикалық, психикалық тыныштық тағайындайды. Емдәмінде – ақуызға, дәрумендерге (А,В,С) мол тағамдар.

Консервативті ем: Тиреостатикалық препараттар – тирозол, мерказолил (метилмазол) 30-60 мг/т бастап 5 мг/т түсу, 1-1,5 жылға дейін; дийодтирозин 0,05 х 2 рет/т; Люголь ерітіндісі 5-10 тамшы х2р; метилурацил 0,2 х 2-3р 6-8 айға.

Радиобелсенді йод 2-4 мг к/т;

Анаприлин 40-100 мг/т, тразикор 40-200 мг/т, спесикор, корданум.

Глюкокортикоидтер: преднизолон 15-30 мг/т.

Иммунотүзетушілер: Т-активин, зимозан, левамизол 150 мг х 1 рет 5 күнге.

Гемосорбция, плазмаферез.

Симптоматикалық ем: феназепам, жүрек гликозидтері, капотен, коринфар, диуретиктер, эссенциале, карсил.

Витаминотерапия. Хирургиялық ем. Диспансерлік бақылау.
Тиреотоксикалық криз. Бұл жағдайда тиреотоксикоздың белгілері кенеттен, тез арада пайда болады: науқаста қозу байқалады, тынымсыздық, дене қызуы 39-400 С, бұлшық еттерінің әлсіздігі, кейде парез, паралич болуы мүмкін, адинамия. Терісі қызарады, тершеңдік, қан қысымы төмендейді, тахикардия - минутына150 ретке дейін, қусу, іштің өтуі, кейде сарғаю, лейкоцитоз. Науқаста жедел жүрек- тамыр шамасыздығы және бауырдың жедел атрофиясы дамуы мүмкін. 1,5-2 тәуліктің ішінде 30-50% науқастарда криз өліммен аяқталады.

Тиреотоксикалық криздің емі.

1.Тиреостатиктерді үлкен дозада беру: мерказолил, тирозол 200-300 мг -6 сағат сайын, науқас өзі іше алмаса назогастральды зонд арқылы беру.

2.В – адреноблокаторлар –анаприлин160-480 мг.

3.Глюкокортикоидтер: гидрокортизон 50 -100мг. немесе преднизолон 60мг. 4 сағат сайын.

4.Дезинтоксикационды терапия: к/т 1-1,5 литр изотоноикалық ерітіндісі немесе 1 литр глюкоза.

5. Камфора, кофеин, кордиамин, строфантин немесе корглюкон.

6.Хлоралгидрат, фенобарбитал.

7.Эффективті ем: плазмаферез.

Диспансерлеу. Пациенттер жылына 6 рет эндокринологта,1-2 рет офтальмолог және невропатологта қаралады.
Диффузды уытты жемсаумен науқастың күтімі.


Пациенттің проблемалары

Науқасты күтуде мейірбикенің ісі

1.Жылдам қозғыштық, ашуланшақтық

2.Жылауықтық

3.Жүректің соғуы

4.Тершеңдік

5.Ұйқысыздық

6.Аяқ қолдарының дірілдеуі

7.Салмақтың төмендеуі

8.Бұлшық еттерінің әлсіздігі

9.Тынымсыздық

10.Жылдам шаршау

11.Ыстық көтере алмау

12.Тиреотоксикалық криз даму мүмкіндігі

1.Емдеу-сақтану тәртібін бақылау(жеке палата, қоздыру факторларын жою, деонтологиялық принциптерін сақтау,т.б.)

2.Қунарлы тамақтануын бақылау

3.Тері қабаттарының жағдайын бақылау

4.Дәрігер тағайындауын дер кезінде, бұлжытпай орындау

5.Дене салмағын бақылау

6.Бөлмені тазалауын және желдетуін бақылау

7.Тиреотоксикалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету



Гипотиреоз.

Гипотиреоз - қалқанша безінің функциясының төмендеуі немесе толық жойылуы. Жиі 30-60 жасқа келген әйелдерде кездеседі.

Гипотиреоз біріншілік және екіншілік болып екі түрге бөлінеді.95% біріншілік гипотиреоз кездеседі. Аурудың ауып түрі микседема деп аталады.

Этиологиясы. Біріншілік гипотиреоз туа болған бездің кемістігінен және радиобелсенді йодпен немесе антитиреоидті(мерказолил, тирозол) дәрілерімен емдегенде, жедел қабыну пролцесстерден және қалқанша безге операциядан кейін дамиды.

Екіншілік гипотиреоз гипоталамус немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің зақымдануында дамиды.

Клиникасы. Ауру баяу басталады, кейде науқастар аурудың алғашқы белгілерін есіне түсңре алмайды. Негізгі шағымдары - апатия, әлсіздік, ұмытшақ, тоңғыш, іш қатуы, қоршаған ортаға немқұрайлық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі.

Объективті: науқас адам бір-біріне ұқсас келеді – сөйлеуі жәй, естуі төмен, дауысы жуан, қарлыққын, қимылы баяу, тежелген, жылы киінеді,көруы нашар, мимикасы төмен, көзі кішірейген, жылтыры жоқ, науқас ісінген- жоғарғы және төменгі қабақтары, еріні, беттері,ауыз қуысы,көмейі, сондықтан тілі аузына сыймай шығып турады.Кейде тілдің шетінде тістің іздері. Тері қабаттары боз, құрғақ, қалын, суық, ісінген теріге басқан кезде іздер қалмайды. Тырнақтары, шашы сыңғыш. Дене қызуы төмен, брадикардия, жүрек тондары әлсіз. Жиі жүрек ишемиялық ауру қосылады.

Орталық жүйке жүйесі жағынан - интеллект төмен, депрессия, психоз, сандырақтау, галлюцинациялар болуы мүмкін. Науқастарды емдемесе кретинизм дамиды.

Диагностика. Қанда – анемия, гиперхолестеринемия, гипоальбуминемия. Негізгі зат алмасу 50%-ға дейін төмендеген. Қанда қалқанша без гормондары: трийодтиронин(Т3), тироксин(Т4) мөлшері төмендеген. Аспапты зерттеулерден – қалқанша безді сканерлеу.

Емі.

Жеңіл түрде – амбулаториялық ем, орташа, ауыр түрінде – стационарлық ем.

Науқастарға физикалық, психикалық тыныштық тағайындайды. Емдәмінде – ақуызға, дәрумендерге (А,В,С) мол тағамдар.

Консервативті ем: Тиреоидты гормондардың орнын толтыру терапия – тиреоидин, тиреотом, тирекомб, үшйодтиронин, Л- тироксин.

Симптоматикалық ем, жақсы күтім, массаж, суға жүзу, дене шынықтыру, иглорефлексотерапия.

Кретинизм дамыған кезде науқасқа толық күтім қажет: тамақтандыру, үлкен дәретке отырғызып одан кейін астын жуу, жуындыру.

Диспансерлеу.
Гипотиреозбен науқастың күтімі.

Пациенттің проблемалары

Науқасты күтуде мейірбикенің ісі

1.Апатия, депрессия, галлюцинациялар

2.Әлсіздік

3.Баяу қимылдау

4.Есту, көру, есте сақтаудың төмендеуі

5.Сөйлеудің тежелуі

6.Тоңғыштық

7. Терісі құрғақ, қабыршықтанған, ісінген

8.Бұлшық еттерінің әлсіздігі

9.Тырнақтарының сыңғыштығы

10.Шашының түсуі

11. Іш қату

12.Интелекттің төмендеуі

1. Қунарлы тамақтануын бақылау(қажет болса тамақтандыру)

2.Терімен шашын күту

3. Дәрігер тағайындауын дер кезінде, бұлжытпай орындау

4. Дәретке отыруын бақылау

5. Бөлмені тазалауын және желдетуін бақылау

6. Салқын тиіп қалуын бақылау

7. Жүруге көмектесу


Эндемиялық жемсау

Эндемиялық жемсау – қалқанша безінің ұлғаюы негізгі белгі боп табылатын ауру. Кең тараған ауру, йодқа эндемиялық белгілі аймақтарда кездеседі. Дүние жүзінде 200 млн астам науқас адам кездеседі.

Этиология. Негізгі себебі топырақпен суда йодтың жетіспеуінен, сол аймақта өңген тағамдада жетіспейді. Ағзаға йодтың аз мөлшерде түсүінен қалқанша безі гормондарының жеткіліксіздігі дамып, гипофиздың тиреотропты гормоны көп мөлшерде бөліне бастап, қалқанша бездің гиперплазиясын дамытып, жемсауды өсіреді.

Клиникасы. Негізгі клиникалық белгі – қалқанша безінің ұлғаюы. Аурудың басқа белгілері қалқанша бездің функциясының өзгерунен байқалады. 70-80 % жағдайларда қалқанша бездің қызметі сақталған, сондықтан жемсау эутиреоидті болып саналады.

Қалқанша бездің өсуіне байланысты түйінді, дйффузды, аралас болып бөлінеді. Түйінді жемсау – қалқанша без ұлпасының бір бөлігінің буын тәрізді дөнгеленіп өсуі. Диффузды жемсау – қалқанша без ұлпасының бір келкі жайіліп өсуі. Жемсау үлкейген сайын көрші жатқан мүшелерді қысады, әсіресе жатқан кезде. Науқасты ң тынысы нашарлау, жұтынуы қиындау, басы соққылап ауруы мүмкін. Қалқанша бездің функциясы төмендегенде, әлсіздік, бас ауру, жылдам шаршағыштық, жүрек тұсында жағымсыз сезім дамиды. Ал, функциясы жоғарласа тиреотоксикоз белгілері пайда болуы мүмкін – қозғыштық, жүдеу, жүрек соғуы.

Қалқанша бездің ұлғаюы дәрежесі:

0 – қалқанша без сипағанда анықталмайды.

І-дәрежесі – қалқанша без көзге көрінбейді, сипағанда анықталады.

ІІ-дәреже - қалқанша без көзге көрінеді, сипағанда анықталады, бірақ мойын конфигурациясын өзгертпейді.

ІІІ-дәреже - без мойын түрін өзгертеді, жуандатады.

ІV-дәреже – жемсау үлкен, жақсы көрінеді.

V-дәреже – жемсау көрші мүшелерді қысады.

Емі. Эутиреоидты жемсауда йод препараттары тағайндалады: 1 таблеткада йод мөлшері 100, 200 мкг/ тәулігіне.

І-дәрежелік жемсауда – йодбаланс. 2 дәрежеден бастап левотироксин, йодтирокс қолданады. Көрші мүшелер қысылған кезде және жемсау тез өскен кезде операция жолымен емдейді.

Алдын алу. Эндемиялық жемсауда йодталған ас тұзы қолданылады. Малдың жеміне йод қосып береді. Ағзаға түсетін йодты көбейту үшін теңіз тағамдарын көп қолдану керек: теңіз оражапырағы ( ламинария, ламинекс), теңіз балықтары.


Қантты диабет.

Қантты диабет – ағзада мүлдем немесе жартылай инсулин жетіспеушілігімен белгіленетін ауру, сондықтан зат алмасуының барлық түрлерінің бұзылуы әсіресе көмірсу алмасуының.

Бұл кең тараған ауру созылмалы ауру. Эндокринді ауруларының ішінде жиілігі бойынша 50% құрайды. Ағымы бойынша 2 түрге бөлінеді:

І типті қантты диабет - инсулинге тәуелдді, жиі жас адамдарда дамиды.

ІІ типті қантты диабет – инсулинге тәуелсіз, жиі жасы ұлғайған адамдарда дамиды.

Этиологиясы және патогенезі.

1. Инсулинге тәуелді қантты диабеттің негізгі себебі - ұйқы безінің органикалық немесе функциональды Лангенгарс аппаратының жасушаларының зақымдануы, сондықтан инсулин синтезінің жетіспеушілігі дамиды. Ол мына себептерден дамиды: ұйқы безінің резекциясы, тамырларының склерозы, вируспен зақымдануы, панкреатит, психикалық жарақат, уытты заттар

2. Инсулинге тәуелсіз қантты диабеттің себептері: басқа эндокринді мүшелердің қызметінің жоғарлауы, тұқым қуалаушылық, семіздік, мөлшерден көп жеңіл қорытылатын көмірсуларды қабылдау, көп тамақ ішу, ішімдікке салыну.

Аурудың негізінде инсулин жетіспеунен тамақпен түскен қантты мүшелермен ұлпалардың сіңіре алмауы, сондықтан қанттың қан мен зәрде шамадан тыс артық болуы.

Клиникалық көрінісі: Қантты диабет ағымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді: диабет алды кезең, жасырынды және анық диабет.

Диабет алды кезеңі – бұл кезең кәзіргі зерттеу әдістерімен анықталмайды, бұл топқа тікелей тұқым – тұяғында диабет аурулары барлар, семіз адамдар, әйелдер өлу немесе тірі салмағы 4,5 кг және артық бала туса, өзі де баласыда кіреді.

Жасырынды диабет – бұл диабет глюкозамен күш түсіру байқауын жүргізгенде анықталады

(глюкозаға толеранттықты зерттеу), пациентке 200 мл суға 50 гр глюкоза ерітіп бергенде қанында глюкоза мөлшері көтерілсе:

1 сағаттан кейін – 9,99 ммоль/л ден артық

2 сағаттан кейін – 7,15 ммоль/л ден артық.

Анық кантты диабет клинико – лабораториялық нәтижелер көрсеткіштері бойынша қойылады. Аурудың басталуы көбінесе баяу, бірінші белгілерін дамытқан себептерін анықтау қиын. Кенеттен клиникалық белгілері бір неше күнде дамитын түрі сирек жас балалармен жасөспірімдерде кездеседі. Қарт адамдарда жасырынды түрде өтеді де, байқаусыз анықталады.

Қантты диабетті клиникалық ағымы бойынша 3 түрге бөледі: жеңіл, орташа, ауыр.

Аурудың негізгі белгілері:

  • қатты шөлдеу (полидипсия)

  • тәбеттің көтерілуі (полифагия)

  • көп мөлшерде зәрдің бөлінуі (полиурия)

  • зәрмен глюкозаның бөлінуі (глюкозурия)

  • глюкозаның қанда көп болуы (гипергликемия)

Қосымша белгілері: әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, жүдеу, терісінің қышуы әсіресе шат аймағында.

Асқынулырдың белгілері: көрудің нашарлауы, жүрек және бүйрек қызметінің бұзылуы, аяқтарының балтырында трофикалық жаралар.

Объективті: терісі құрғақ, қатты, қабыршықтанады, тырнақ іздері, шиқандар, экзематозды ойықты ошақтар. Инсулин инъекциясын салған жерде тері асты шелінің семуі немесе атрофиясы, жалпы тері асты шелі жұқа. Семіздіктің әсерінен дамыған түрінде ғана тері асты шелі қалын.Қантты диабетте тамыр жүйесі толық зақымданады (диабетикалық ангиопатия), бүйрек, көз, аяқ тамырлары гангрена дамығанша, жүрек, ми тамырлары инсульт, инфаркт дамығанша. Жиі бронхит, пневмония, туберкулез кездеседі. Ауыр түрінде кетоацидоз, диабетикалық кома дамуы мүмкін.

Диагностикасы. Қанда гипергликемия – 7 ммоль/л ден жоғары, тәуліктің кез келген уақытында 11 ммоль/л. Зәрде глюкозурия және зәрдің шартты тығыздығы жоғары болуы 1025 тен артық, кетон денелері ( ацетон),сондықтан қанда – ацидоз.

Асқынулары.

1.Гипергликемиялық кома(кетоацидозды, диабетикалық комалар) .

2.Гипогликемиялық кома.

Емі.

Емдеудің негізгі әдістері – диетотерапия, инсулинотерапия және қант мөлшерін төмендететін пероральды препараттар.

1.Диетотерапия - № 9 емдәм, ақуыз-16%, май-24%, көмірсулар-60%, күніне 6 рет тамақтану.

«Нан бірліктері» таблицасын қолданып күнделікті рационын санау.

2.Инсулинотерапия инсулинге тәуелді І типті кантты диабетте қолданылады. Инсулин препараттары қысқа, орташа, ұзақ әсер ететін түрлерге бөлінеді.

- Қысқа әсерлі инсулин 4-7 сағат әсері: жай инсулин, суинсулин.

- Орташа әсерлі инсулин 10-18 сағат әсері: инсулин Б, «Семиленте» т.б.

- Ұзақ әсерлі инсулин 24-36 сағат әсері: «Ленте», «Ультраленте» т.б.

Науқастарға көбінесе ұзақ әсерлі инсулин тағайындалады. Инсулиннің тәуліктік дозасын зәрдің тәуліктік глюкозуриясынан есептейді: 4 гр глюкозаны 1ЕД инсулин қорытады.

3. Қант мөлшерін төмендететін пероральды препараттар инсулинге тәуелсіз ІІ типте қолданылады – сульфаниламидтер (карбан, оранил, манинил, глюренорм, букарбан, бутамид т.б. ); бигуанидтер (диботин, силубин, буформин, адебит т.б.).

Алдын алу. Рациональды тамақтану,белсенділік, семіздіктің алдын алу және емдеу, рационда тоң майларды шектеу, өсімдік майларды көбейту. Жастарға екі жағынанда тікелей тумаларында қантты диабет болса бір-бірімен неке қию қауптілігін түсіндіру. Диспансерлік тіркеуге өмір бойына алынады: эндокринолог кабинетінде тіркеледі «Диабет мектебін» өтеді. Ақысыз тегін емделеді, жағдайы ауырласа стационарға жатқызылады.
Қантты диабетпен науқастың күтімі.


Пациенттің проблемалары

Науқасты күтуде мейірбикенің ісі

- қатты шөлдеу (полидипсия)

- тәбеттің көтерілуі (полифагия)

- көп мөлшерде зәрдің бөлінуі (полиурия)

- зәрмен глюкозаның бөлінуі (глюкозурия)

- әлсіздік

- есту, көру, есте сақтаудың төмендеуі

- жұмысқа деген қабілетінің төмендеу

- жүдеу

- терісінің қышуы әсіресе шат аймағында.

-терісі құрғақ, қабыршықтанған, ісінген

- бұлшық еттерінің әлсіздігі

- тырнақтарының сыңғыштығы

- шашының түсуі

Ешқашанда жалаңаяқ жүрмеу

Аяқ киім киер алдында тексеріп кию

Жылытқышты қолданбау

Ваннадағы суды термометрмен өлшеу

Күнделікті душ қабылдау

Теріні ылғалдайтын майлармен майлау

Тамақ дайындағанда қолғап кию

Аяғын кір сабынмен ғана жуу

Дурыс кептіріп сүрту

Синтетикалық аяқ киім, носки кимеу

№ 9 емдәмді сақтау

Калораж рационын есептеп ұйрету

Дәрі-дәрмекті уақытымен,үзбей қабылдау

Инсулин еңгізу ережелерін үйрету

Глюкотест қолдануды үйрету

Қан қысымын өлшеуді, пульсті санауды үйрету

Іш киімін жиі ауыстыру

Ауа райына қарай киіну

Дене салмағын бақылау



Гипергликемиялық кома

Гипергликемиялық кома (кетоацидозды, диабетикалық комалар) – ағза кетон денелерімен ұланғанда дамиды.

Этиопатогенезі. Емделуді жай бастау және дурыс емделмеу, диетаны сақтамау, жедел инфекциялармен жарақаттар, операциялар, психикалық жарақаттар, жүктілік жіне басқа себептерден қанда қорытылмаған қант көбейіп, кетонға айналып ағзаны ұландырады.

Клиникасы. Баяу басталады. Қатты шөл пайда болады, полиурия, басы, іші аурады, құсады, іші өтеді, тәбеті жойылып, аузынан ацетон иісі шығады (шірік алманың иісі). Науқас қатты қозып кетеді, ұйқысы қашып, тырысулар пайда болады. Тынысы Куссмауль типтіге айнала бастайды. Біраздан кейін науқас қанауланады: ұйқышыл, немқұрайлық, ақырында есінен танады.

Объективті. Науқас ес түссіз қозғалмайды.Терісі құрғақ, көз алма тонусы төмендейді, жүмсақ, шырақтары тарылған. Біраз жерден үлкен куссмауль тынысы естіледі. Қан қысымы төмендеген. Зәрде көп мөлшерде глюкоза және кетон денелері анықталады.

Жедел жәрдем. Жылдам к/т 40-60 ЕД инсулин (қолдаушы хатқа белгілеу); 1-1,5 л изотоникалық ерітіндісін; 2,5% -натрий гидрокарбонатын 200-400 мл еңгізу. Тез арада стационарға жеткізу.
Гипогликемиялық кома.
Гипогликемиялық кома – көбінесе инсулин қабылдайтын қантты диабетпен ауыратын науқастарда, қанда жедел түрде қант мөлшері төмендеген кезде дамиды.

Этиологиясы. Ең жиі себебі – инсулинді көп мөлшерде еңгізіп қойғанда немесе инсулинді еңгізгеннен кейін аз тамақ ішу. Сирек көп мөлшерде инсулин түзетін ұйқы безінің ісігі инсулинома болады.

Клиникасы. Аяқ асты аштық сезу, дірілдеу, терлеу. Бір бөлік қант немесе конфет, печенье, 100гр нан қабылдаса, бұл жағдай демде қайтады. Егер бір себептердің әсерінен бұл жағдай қайтарылмаса гипогликемия белгілері күшеедң: жалпы мазасыздық, қорқу, үрей, әлсіздік, дірілдеу күшееді, науқас есінен танып тырысулар пайда болады.

Объективті. Терісі дымқыл, бұлшық еттерінің тонусы жоғары, клоникалық және тоникалық тырысулар. Шырақтары кеңіген, көз алмаларының тонусы қалыпты. Ауызда ацетон иісі жоқ. Тыныс алуы өзгермеген. Қанда қант мөлшері 3,33 ммоль/л ден төмен. Зәрде глюкоза жоқ, ацетонға реакция теріс (-).

Жедел жәрдем. Тез арада к/т 40-80 мл 40% глюкоза еңгізу, стационарға тасымалдау.Эффект болмаса, қайтадан глюкоза салу, есін жинамаса тамшылап 5% глюкоза еңгізу, сонымен қатар 125-250 мг гидрокортизонды к/т немесе б/е. Осы шаралардан кейін науқас есін жинайды.
Гипофиз аурулары.

Гипофиз – эндокринді жүйенің ең негізгі безі. Гипофиз гормондары ағзадағы барлық эндокринді мүшелермен ағзаның көптеген функцияларына әсер етеді. Гипофиз гормондарының артық немесе аз бөлінуі әр түрлі ауруларға соқтырады.

Гипофиз гормондарының аз бөлінуінен дамиды:

Гипофизарлы нанизм немесе ергежейлік

Жыныстық дамудың кешігуі немесе мүлдем дамымауы.

Екіншілік гипотиреоз

Гипопитуитаризм – барлық гормондардың жетіспеуі

Гипофиз гормондарының артық бөлінуінен дамиды:

Гиперпролактинемия – әйелдерде етеккір циклы және лактациясы бұзылады, ерлерде жыныстық сезімнің төмендеуі, импотенция, кейде – лактация.

Гигантизм

Иценко-Кушинга ауруы, қантты диабет, остеопороз, семіздік, қан қысымның жоғарлауы.

Диагностикасы. Гормон мөлшерлерін анықтау.

Емі: Жетіспейтін гормондардың орнын толтыру немесе мөлшерін азайтуға гипофизға операция жүргізу. Симптоматикалық ем.
Бүйрек үсті безінің аурулары
Бүйрек үсті бездері – бүйрек үстінде орналасқан жүп мүшелер.Ағзадағы барлық процесстерді реттейтін гормондарды бөледі. Олардың бөлінуінің өзгеруінен әртүрлі симптомдар дамиды:

Қан қысымының көтерілуі

Бет қызарып ай тәріздес болып, салмақтың көбеюі.

Бұлшық еттер атрофиясы

Тері астының жыртылуы ( стриялар)

Диабет

Остеопороз

Ағзаның инфекцияларға қарсылығының төмендеуі.

Диагностика. Гормон мөлшерлерін анықтау.

Емі: Жетіспейтін гормондардың орнын толтыру немесе мөлшерін азайтуға адреналэктомия операциясы( бүйрекүсті безін алып тастау). Симптоматикалық ем.
Семіздік.

Семіздік – мөлшерден тыс ұлпалармен тері асты шеліне майдың жиналып, ағзаға зиянын тидіретін ауру.

Бұл өте кең тараған ауру. Семіздіктің жиілігі әйелдерде 50%, ал еркектерде 30% кездеседі. Қалыпты жағдайда адам салмағы бойынан 100 см алғандай болады. Мысалы бойы – 168 см, салмағы 68 кг. Сондықтан семіруді бір неше дәрежеге бөледі:

І дәреже – салмағы 10-20% артық

ІІ дәреже – салмағы 20-30% артық

ІІІ дәреже – салмағы 30-50% және оданда артық.

Этиопатогенезі. Семіздіктің себебі зат алмасудың бұзылуы. Семіздіктің екі түрін ажыратады:

  1. Алиментарлы семіздік біріншілік немесе конституциональды – тұқым құалаушы болады. Бұның негізінде тәбетті реттейтін гипоталамус орталығының кемістігі жатыр, сондықтан адам көп мөлшерде тамақ және су қабылдайды. Зат алмасу төмен болған соң артық тағам заттары май болып денеге жиналады.

  2. Екіншілік симптоматикалық семіздік бір аурудың белгісі болып табылады: эндокринді бездердің қызметінің бұзылуы (Кушинга синдромы, гипотиреоз, гонадизм т.б.) немесе жүйке орталығының жарақаттары, ісіктері, энцефалит т.б.

Бейімдеуші фактор. Гиподинамия, генетикалық бейімділік, көп мөлшерде май, көмірсуға бай тағамдарды қабылдау, ішімдік, 49 дан жоғары жас.

Клиникасы. ІІ-ІІІ дәрежелік семіздікте науқастардың шағымдары: дене салмағының көбейгеніне, ентігуге, тез шаршағыштыққа,әлсіздікке, тершендікке, ұйқышылдыққа, басында, жүрек тұсындағы ауырсынуға, іш қатуға және жыныстық белсенділігінің төмендеуне.

Объективті: Май денеде бір келкі орналасады, бірақ салмақ қосқан сайын көбінесе іште, кеудеде, мойында, арқада және белде жиналады. Терілері құрғақ (гипергидроз), майланған. Жиі экземалар,шиқандар, іріндіктер және кіндік, шат аймағының жарықтары (грыжалар). Жиі дамитын асқынулар: атеросклероз, жүрек ишемиялық ауруы, бронхиттер, пневмониялар, қантты диабет, түнде қатты қорылдау.

Диагностикасы. Қанда гиперхолестеринемия, зәр қышқылдарының көтерілуі.

Емі және күтімі. № 8 диетаны сақтау. Тұзды, суйықтықты 1л тәулігіне азайту. Аптасына 1-2 рет салмақ түсіргіш күн сақтау: мысалы тәулігіне 1,5 кг алма немесе 2кг қияр және т.б.. Науқастар көп қимылдау керек: жаяу жүру, жүзу, массаж, салқын сумен сүртіну, циркулярлы душ. Кері көрсеткіш болмаса санаторлы – курортты ем.
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1.Презентация (слайдтар)

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

Қосымша:

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


написать администратору сайта