Главная страница
Навигация по странице:

  • Антибактериалдық емнің басты ережелері

  • Несептің қышқыл реакциясында әсері жоғарылайтын дәрмектер

  • Осы салада кең қолданудағы дәрмектер

  • 9.2 Стрессті жою әдістері

  • 9.3 Ұйқысыздықпен күресу ережелері

  • 9.4 Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй жағдайында күтім жасау

  • Науқастың үйінде күтім жасаушы туысқандары үшін арнаулы нұсқаулық әзірлеп, онда орындалуы қажет әрекеттер мен нұсқауларды рет -ретімен көрсету керек. 1. Күн тәртібін орнату

  • геронтология және гериатрия кітап. азастан республикасыны денсаулы сатау


    Скачать 276.63 Kb.
    Названиеазастан республикасыны денсаулы сатау
    Дата29.07.2021
    Размер276.63 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагеронтология және гериатрия кітап.docx
    ТипДокументы
    #225750
    страница13 из 15
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

    Этиологиялық ем және оның негізгі салалары

    1. Несеп жолдарының обструкциясын жою (хирургиялық әдістермен

    бүйректегі, несепағардағы тасты алу, қуықасты безінің аденомасын емдеу, несеп жолдарының пластикасын жасау, т.б.)

    2) Антибактериалдық ем. Емнің жобасы зәрдің себіндісінен анықталған флораның сезімталдығына қарап құрастырылады.

    Антибактериалдық емнің басты ережелері:

    - зәр микрофлорасының антибактериалдық дәрмекке сезімталболуы;

    - антибактериалдық дәрмектердің бүйрекке уытты әсер ету мүмкіндігін есте сақтау және айқын нефротоксиндік әсері бар дәрмектерді қолданбау;

    - антибактериалдық дәрмектерге микрофлораның тез бейімделуінен дәрмектерді әр 7-10 күнде ауыстыру;

    - қолданған дәрмек 2-3 күнде әсер етпегенде, оны ауыстыру;

    - өршудің биік активтілігінде 2-3 антибактериалдық дәрмектерді (үйлесімділігін ескеріп) қосарласа қолдану;

    - несептің рН-ын дәрмектің түріне сәйкестендіруге тырысу;

    - бүйректің шамасыздығында дәрмектердің дозасын бүйрек функциясының жетіспеу дәрежесіне сәйкестеп азайту.

    Несептің қышқыл реакциясында әсері жоғарылайтын дәрмектер:

    пенициллиндер, жартылай синтезделген пенициллиндер, тетрациклиндер;

    сілтілі реакциясында мына дәрмектердің әсері жоғарылайды –макролидтердің, аминогликозидтердің, линкозаминдердің, сулъфаниламидтердің, невиграмонның. Дәрмектердің өзге түрлері несептің реакциясына тәуелсіз әсер етеді.

    Антибактериалдық дәрмектердің саны пиелонефриттің өршу деңгейіне тәуелді, 2-3 дәрмекті қосарлап қолданғанда бұлардың бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі (синергизмі немесе антагонизмі).

    Синергизмді арақатынастағы дәрмектерге пенициллин, цефалоспориндер, аминогликандар, налидикс қышқылы жатады; антагонизмдік әсер ететіндер – налидикс қышқылы және нитрофурандар.

    Миелотоксикалық әсер ететін дәрмектерді бір-бірімен қосарлауға болмайды: левомицетинді, нитрофурандарды, сулъфаниламидтерді.

    Пиелонефриттің қоздырғыштарына басым әсер ететін антибактериалдық дәрмектер - уроантисептиктер.

    Ішек таяқшасына: левомецитен, ампициллин, цефалоспориндер, карбенициллин, гентамицин, тетрациклиндер, хинолондар, фторхинолондар, нитрофурандар, сулъфаниламидтер.

    Энтеробактерге: левомицетин, гентамицин, цефалоспориндер, нитрофурандар, хинолондар, тетрациклиндер.

    Протейге: әсері жоғарылар – ампициллин, азлоциллин, гентамицин, карбенициллин; әсері орташа – тетрациғклиндер, цефалоспориндер, хинолондар, нитрофурандар, сулъфаниламидтер.

    Көк іріңді таяқшаға: гентамицин,карбенцилин,азлоциллин.

    Энтерококке: әсері жоғары – ампициллин; орташа әсерлі –карбенициллин, гентамицин, тетрациклиндер, нитрофурандар.

    Алтынсары стафилококқа: оксациллин, метициллин, цефалоспориндер, гентамицин.

    Микозплазмалық инфекцияға: тетрациклиндер, макролидтердің ІІ,ІІІ қатардағы туындылары.

    Антибактериалдық ем екі этаптан тұрады. Бірінші этапта (үздіксіз антибактериалдық ем сатысы) лейкоцитурия мен бактериурия тұрақты жойылғанға дейін, антибактериалдық емді ең кем дегенде 2-3 ай үздіксіз жүргізеді (әр 7-10 күнде дәрмектерді ауыстырып).

    Содан кейін екінші-үзілмелі этапқа ауысады. Екінші этапта антибактериялық дәрмекті өсімдікті уросептиктермен кезектестіріп қолданады. Әр курстан кейін дәрмектің түрін ауыстырады.

    Пиелонефриттің ауырлығына қарай, әртүрлі сызбаларды қолданады:

    әр айдың басында 7 күн антибактериалдық дәрмек, содан кейін 10 күн фитоуросептик (7 күн +10 күн) немесе 10 күн антибактериалдық дәрмек, 20күн фитоуросептик (10 күн+20 күн), немесе 15 күн антибактериялық дәрмек, 15 фитоуросептик (15күн+15 күн).

    Үзілмелі ем осылайша 6-12-24 ай жүргізіледі. Артериялық гипертензиясы бар науқастардың бірқатарында осындай емнен 1-2 жылдан кейін артериялық қысымның тұрақты төмендеуі байқалады.

    Созылмалы пиелонефриттің емінде өсімдік дәрмектері маңызды ролъ атқарады. Бұлардың көбі спазмолитиктік, қабынуға қарсы және антисептиктік әсер етеді.

    Осы салада кең қолданудағы дәрмектер:

    фитолизин, уролесан, бүйрек шайы, ит бүлдіргеннің жапырағы мен жемістері, мүкжидек, дала қырықбуыны, атқұлақ, қарақаттың жапырағы, аққайыңның бүршіктері т.б.

    3. Бүйректің функциялық дренажы (пассивті жаттығуы). Бұл әдісті алғаш ұсынған Ю.А.Пытелъ. Емнің негізгі мақсаты - аптасына 1-2 рет салуретиктің көмегімен , мәселен 40 мг фурасемидті таңертең ашқарынға ішкізіп, диурезді күшейту. Полиурияның емдік әсері туралы жоғарыда айтылып кеткен.

    4. Бүйрек қанайналымын жақсарту. Қабыну ошақтарының тығыздығынан, фиброздың салдарынан, зақымданған аймақтарда ишемия және флобостаз туындайды. Қан ағуының жақсаруынан шумақтық филътрацияның көлемі ұлғаяды және қабыну ошақтарына антибактериалдық дәрмектердің түсуі жеңілдейді. Осы мақсатта антиагреғанттар мен антикоагулянттарды қолданады.

    Трентал – 0,2-0,4 г 3 рет 1-2апта,содан кейін дозасын төмендетіп, 0,1 г күніне 3 рет береді. Емнің ұзақтығы – 3-4 апта.

    Курантил – 0,025 г 3 рет 3-4 апта.

    Гепарин – 5000 Б күніне 2-3 рет құрсақ терісінің астына енгізіп, емнің ұзақтығы 2-3 апта, содан кейін дозаны 7-10 күн біртіндеп азайтып,емді тоқтатады.

    5. Ағзаның жалпы реактивтілігін, иммундық жүйенің қорғаныс

    қасиетін арттыру. Осы мақсатта айырша безінің дәрмектерін (тактивин,

    тимоген,тималин), адаптогендерді (женъшенъ, қытай лимоннигі, элеутерококк сіріндісін, пантокринді) және поливитаминдер комплексін қолданады.

    6. Физиотерапиялық шаралар:

    - Бел аймағын қыздыру (балшық, парафин, озокерит аппликациялары)

    - Электрофорездің көмегімен бүйректің тұсынан уросептиктерді енгізу (фурадонинді, эритромицинді).

    7. Симптомдық ем. Артериялық гипертензия болса, әдеттегі гипертензиялық дәрмектерді қолданады (ангиотензин айналдырушы ферментінің ингибиторлары, калъций антагонистері, b-адреноблокаторлар, орталық әсерлі симпатолитиктер).

    IХ. Қарттардың психикасының өзгеруі. Альцгеймер ауруы.

    Психикалық статусты зерттеудің экспресс-әдісі, бағалау. Стрессті азайту. Ұйқысыздықпен күресу. Инсульт. Күтімі

    9.1 Альцгеймер ауруы

    Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды.

    Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі.

    Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

    Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі. Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.

    Бұл ақпараттар басымызда сақталып қала береді. Осылайша бастағы «сандықша» біртіндеп тола бастайды да, елу жыл шамасында адам есінде артық ақпарат сақтау қиынға түседі. Осы кезде адамда ұмытшақтық пайда болады екен. Өйткені «сандықшаға» сыймай қалған ақпараттар адам жадынан өше бастайды. Шаршаған ми да бұрынғыдай жұмыс істемейтіндіктен қариялар ұмытып қалған ақпаратын қайта

    есіне түсіре алмай әлек болып жатады. (Ағза да бұл кезде қартая бастайды). Алжудың қартаюмен тығыз байланысты болатыны сондықтан.

    Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы - білімге, көп білуге құштар адамдардың тез алжып, ал ештеңеге қызықпайтын, жалқау жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында. Өйткені «сандықшасы» толмағандардың милары онша шаршай бермейді. Көп жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен ұмытшақтықты шатастырып алады. Егер осы екеуінің аражігін дұрыс ажырата алса және уақтылы емделсе, алжудың да, ұмытшақтықтың да алдын-алуға болады екен. Ал оны қалай ажыратады?

    Ең алдымен адамның іс-әрекетін бақылау керек. Ұмытшақ адам затты қайда қойғанын білмей, кешегі оқиғаны есіне түсіре алмай қиналады, адамдардың атын шатастырады. Альцгеймер ауруында адам өзімен-өзі сөйлесуі, елес көруі, бірнеше жыл бұрынғы өмірмен өмір сүруі мүмкін.

    Күнделікті қызмет барысында адамның психикалық қызметі туралы түсінік алу үшін науқасқа келесідей сұрақтар беруге болады :

     Ұйқыңыз қалай?

     Тәбетіңіз жақсы ма?

     Әдетте күні бойы немен айналысасыз?

     Тез шаршайсыз ба?

     Бір нәрсеге зейін қоюыңыз қиын ба?

     Сіз өзіңізге ұмытшақ болып қалғандай көрінбейсіз бе?

    Шұғыл еске түсіру

     Есте сақтау қабілетіңізді тексеріп көрейік (мен қазір айтатын үш

    сөзді есте сақтап, қайталаңыз, мысалы, көйлек, Мәскеу, жасыл).

    Зейін және есеп

     дауыстап 1-ден 20-ға дейін санаңыз;

     бұдан кейін кері ретпен санаңыз;

     «құм» сөзін жеке дыбыстары бойынша оқыңыз;

     осы сөзді әріптері бойынша кері бағытта оқыңыз.

    Кештетіп еске түсіру

     Бірнеше минут бұрын мен есте сақтап қалыңыздар деген үш сөзді

    қайталаңыздар. Егер науқас жауап беруге қиналса, жетелейтін сұрақтар

    қойыңыз, мысалы: «Қандай қала?», «Киімнің қандай бөлігі?», «Қандай

    түс?»

    Сөйлеу

     заттардың атауын ұмытқан кездеріңіз болған ба?;

     өтініш, осы заттарды (қалам, сағаттың бауы, тіс щеткасы т.б.)

    атаңыз;

     осы қағазда жазылған сөйлемді оқып, орындаңыз. Парақта "Көзіңізді

    жұмыңыз" деп жазылған;

     құрамында бастауыш пен баяндауышы бар мағыналы кез келген

    сөйлем жазыңыз;

     конвертті сол қолыңызға алыңыз, ортасынан бүктеңіз. Оны еденге

    қойыңыз.

    Оқу

     мына әріптерді оқыңыз;

     мына (үйреншікті) сөздерді оқыңыз;

     мына (сирек кездесетін) сөздерді оқыңыз;

     мына сөздерді оқыңыз және қатесін табыңыз.

    Бағдар беру

     өтініш, конвертке мекен жайыңызды: ел, қала, көше, үй нөмірін

    жазыңыз;

     өтініш, қағаз бетіне бүгінгі күнді, ай, жыл, апта күнін, жыл мезгілін

    жазыңыз.

    Интеллектуалдық үдерістер

     қарапайым әңгіменің мазмұнын айтып беріңіз;

     қарапайым арифметикалық тапсырманы шешіңіз;

     өтініш, сөз орамын аяқтаңыз;

     мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз (үлкен - …, қымбат - …

    және т.б.);

     мақалдың мағынасын түсіндіріңіз;

     ұқсастарын таңдаңыз (раушан - гүл, ит - түбіт, ұстара - …, әмиян - …

    т.б.)

    9.2 Стрессті жою әдістері

    Стрессті жою әдістері толық физикалық және психикалық қалпына келтіруге ықпал етеді. Олар заманауи адамды босаңсып, дене қысымынан арылуға үйретеді, соның нәтижесінде адам анағұрлым еркін, толыққанды және ашық тұлғаға айналады. Эмоционалдық тұрғыдан тыныштану, мазасыз ойлардан, қажетсіз бақылаудан арылып, ми жарты шарының қызметін реттеу үшін үш жаттығу жеткілікті.

    1. Миллиметр сайын миллиметр

    Тік тұрыңыз, аяқты иық деңгейіне қойыңыз, денеңізді босаңсытып, көзіңізді жұмыңыз. Енді өте баяу, мүмкін болғанша оң қолыңызды көтеріңіз. Миллиметр сайын баяу көтеріңіз. Кейін сол қолыңызбен де осындай әрекет жасаңыз. Соңында дәл осылай екі қолыңызды да көтеріңіз.

    Нәтижесінде сіз қолдарыңыз салбырап тұрғандай сезінуіңіз керек.

    2. Тынысты реттеу

    Жаттығуға бірнеше минут кетеді. Ыңғайлы орналасыңыз, өзіңіздің тыныс алу ырғағына назар аударыңыз және демді ішке тартқанда «ауа» сөзінің бірінші әрпін айтып, тынысты сыртқа шығарғанда сөздің соңғы әрпі шығатындай болсын. Бірнеше рет қайталағаннан кейін тыныштыққа шомып, жайланғаныңызды сезінесіз.

    3. Өзіңізді қолыңызға алыңыз

    Стрессті жоюдың бұл әдісін дәрігер-психиатр Хасай Алиев құрастырған. Әдіс үш кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі. Алдымен дайындаламыз (көзімізді жұмып): баспен, иықпен, жамбаспен, тіземен өте баяу қимыл жасап, мейлінше аз күш жұмсап, мейлінше көп ұнамды сезімге бөлену. Енді өзіңізді екі қолыңызбен құшақтап, басыңызды біраз бүйірге қарай еңкейтіңіз. Алға және артқа қарай қимылдатыңыз.

    Негізгі кезең. Қолдарыңызды алға қарай көтеріңіз. Және ешнәрсе жасамастан, қолдарыңызға тарқауды бұйырыңыз. Кеңістіктің ұлғайып, қолдарыңызды жан-жаққа итеріп, ал білезіктеріңізді біреу тартып жатқандай елестетіңіз. Қолды түсіріп, қайталаңыз. (Психологиялық реттеудің бұл әдісін дәрігерлер, психологтар, спортсмендер, әртістер мен басқа да шығармашылық адамдары өз жұмысында қолданады).

    Релаксациялық-тұрақтандыру кезеңі. Соңғы кезеңде жай ғана отырып, он минут көзіңізді жұмып үнсіз отырыңыз. Осы сәтте сіз «бос бас» әсерін сезіне аласыз - яғни, басыңызда ешқандай ой болмайды. Дәл осы уақытта сіздің ойыңызға қандай да бір күрделі мәселенің шешімі қызықты идея келуі мүмкін. Күтілмеген еркіндік жағдайында көп нәрсені бастан кешіруіңіз мүмкін!

    9.3 Ұйқысыздықпен күресу ережелері

    Ұйқы – адам денсаулығының құрамдас бөліктерінің бірі. Ұйқыңыз жақсы болу үшін қарапайым әрі оңай ережелерді сақтау керек. Ең алдымен күн тәртібін сақтау керек. Күнделікті, тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, таңертең бір уақытта тұру керек. Кешке ұйықтау қиын болса, күндіз ұйықтамаңыз. Төсекте жатқанда өз проблемаларыңызды ойламаңыз.

    Жатын бөлме немесе ұйықтауға арналған бөлме жақсы желдетілген болуы керек. Жастық пен матрац ыңғайлы, дұрысы ортопедиялық болғаны жөн.

    Жатын бөлменің қабырғалары мен терезелері дыбыс өткізетіндей болуы керек. Ұйықтар алдында жарты сағат жаяу серуендеген пайдалы. Алайда денеге көп күш салуға да болмайды.

    Түнге қарай тамақтануға болмайды. Кемінде ұйқыдан екі сағат бұрын тамақтану керек, кешкі ас ауыр болмағаны дұрыс. Түнге қарай алкоголді, қоздыратын (кофе, қою шай) және газдалған сусындарды ішуге болмайды, ұялы телефонды да өшірген абзал.

    Ұйықтататын дәрілерден гөрі, түнге қарай жылы сүт, шөптерден қайнатылған бал қосылған шай ішу немесе босаңсытатын ванна қабылдаған дұрыс. Егер мұндай қарапайым ұсыныстардың ұйқыңызды реттеуге көмегі болмаса, маман дәрігердің көмегіне жүгінуіңіз керек.

    Ұйқыңыз толыққанды болмаса, денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.

    9.4 Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй жағдайында күтім жасау

    ДДҰ сарапшылары тарапынан Альцгеймер ауруы қоғамдағы маңызды әлеуметтік, экономикалық және психологиялық проблемалардың бастау көзі болып танылған. Сондықтан да науқастар медициналық -әлеуметтік қызметкерлердің ерекше назарына мұқтаж болады. Ал мұндай қызметкерлерде сыпайылық, шыдамдылық, науқасқа деген құрмет сезімі болуы керек.

    Науқасқа сапалы жәрдем көрсетіп, оның азап-қайғысын мейлінше жеңілдету үшін, қызметкерлер Альцгаймер ауруының бастапқы және соңғы сатысындағы негізгі сиптомдары мен белгілерін білуі шарт.

    Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың күтімі кәсіби біліктілікті қажет етеді, ал егер бұл міндет туысқандарға жүктелсе, бұл науқасты үлкен эмоционалдық стреске алып келуі мүмкін. Туысқандар өзінің жақын немесе сүйікті адамының кері кетіп жатқанына қиналады, бірақ көмектесе алмайды. Ал жақын адамдардың әлсіздігі тек науқастың ғана емес, олардың өздерінің де денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

    Осыған байланысты мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлер науқасқа үй жағдайында күтім жасаушыларға психологиялық жәрдем көрсетіп, көптеген қиындықтардың алдын алу амалдарын үйрету керек.

    Науқастың үйінде күтім жасаушы туысқандары үшін арнаулы нұсқаулық әзірлеп, онда орындалуы қажет әрекеттер мен нұсқауларды рет -ретімен көрсету керек.

    1. Күн тәртібін орнату

    Науқастың өмірін ұйымдастырып, реттеу арқылы сіз оны өзі үшін қиын шешімдерді қабылдаудан арылтасыз. Күн тәртібі адам үшін қалыпты әрекеттерден тұруы керек: таңертең ояну, таңғы гигиеналық шараларды орындау, гимнастикалық жаттығулар жасау (тұлғаны айналдыру, қолдарды айналдыра қимылдату сияқты жеңіл жаттығулар болса да жаман емес), дәрі қабылдау, таңғы ас ішу, серуендеу, дәрі қабылдау, түскі ас, күндізгі ұйқы, бесіндік ас, өзіне күтім жасау немесе жеңіл үй шаруаларымен

    айналысу (аурудың бастапқы кезеңінде) сияқты әрекеттерді қамтитын еңбек терапиясы, дәрі қабылдау, кешкі ас, кешкі гигиеналық шараларды орындау, ұйықтау.

    2. Өзін қадірлеу сезімі

    Науқасқа өзін қадірлеуге көмектесу маңызды. Туысқандар оның аса маңызды нәрсені ұмытып кеткенін немесе өзінің басқаша әрекеттер жасайтынын көрсетіп, кейімеуі керек. Көпшіліктің қателігі мынада: науқас олар үшін толыққанды, сана-сезімі дұрыс адам болудан қалады да, науқастың көзінше оның денсаулық жағдайын талқыға салады, ал бұл науқастың мазасыздығын тудырып, жағдайын нашарлатады. Ашу мен

    реніш пайда болса, мәселе де қиындай түседі, өйткені науқас жақындарына деген сенімін жоғалтып, өз ішінде тұйықталып қалады. Қиын жағдайды жеңудің ең тиімді тәсілі – бірге көбірек күлу. Әзіл-қалжың – стрессті жеңудің ең жақсы құралы.

    3. Қауіпсіз орта

    Науқас жадын жоғалтса немесе қозғалыс үйлесімділігі бұзылса, оның зақымдану немесе жарақаттану мүмкіндігі де артады. Сондықтан оның туыстары әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып, үйде мейлінше қауіпсіз орта қалыптастыру керек.

     қамқорлықтағы адамды мүмкіндігінше жалғыз қалдырмау;

     шаруамен кету қажет болса, газды өшіру;

     қауіпті электр құралдарды тығып тастаңыз;

     кесетін немесе тесетін құралдарды, дәрі-дәрмекті науқастың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

     тамақты жылыту үшін қысқатолқынды пешті жақсы орнатып қойыңыз;

     түнде білте шамды жағып қойыңыз;

     науқастың қатты суықтауына немесе ысуына жол бермеңіз, оған ауа райы жағдайына сай киім таңдауға және киінуге көмектесіңіз.

    Бөлменің немесе үйдің жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі керек:

     терезелерге құлып салып, пәтер немесе бөлме есіктері іштен жабылмайтын болуы керек;

     науқасқа үйреншікті болып қалған жиһаздардың орнын ауыстырмау;

     жуынатын бөлмеде немесе дәретханада арнайы тұтқалар орнату;

     жуынатын бөлме немесе дәретхана құлпы сырттан ашылуы керек;

     едендер тайғанақ болмай, ондағы кілем-төсеніштер жылжымайтындай болуы керек;

     жиһаз мықты болуы керек.

    4. Тығыз байланыс

    Ауру дамыған сайын науқас пен оны күтуші адам арасындағы қарым-қатынас қиындай түседі. Қомқорлықтағы адамға шаршағаныңызды білдірмей, бойыңыздан оны соңына дейін тыңдауға күш табудың маңызы зор. Науқаспен неғұрлым көп қарым-қатынас жасалса, сырқат та соғырлым баяу дамиды.

     әңгімеге тартып немесе бір нәрсе сұрар алдында, науқастың сізді тыңдап жатқанын тексеріңіз. Егер тыңдамаса, оны қызықтыруға тырысыңыз;

     науқаспен анық, асықпай сөйлесіңіз. Көзіңізді оның көзінің деңгейінде ұстауға тырысыңыз;

     сүйіспеншілік пен жан жылуын көрсетіңіз. Науқасты қайта -қайта құшақтап, қолын ұстаудан, оған қарап күлімсіреуден қорықпаңыз;

     науқас жаңылысып жатса да, оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Абайлап, сыпайылықпен оны дұрыс бағытқа салыңыз;

     оның қандай қимылдарға немесе сөздерге жақсы назар аударатынын анықтап, қарым-қатынас барысында соларды қолдануға тырысыңыз.

    5. Сыртқы көрінісі

    Альцгеймер науқастарын сыртқы көрінісі бойынша бірден тануға болады. Егер бұған көңіл бөлмесек, науқас дұрыс, үйлесімді киінуден қалады.

     бірінен кейін бірі киілетін киімді ретімен орналастырыңыз;

     киім таңдаған кезде пішімі күрделі, түймесі мен ұсақ ілгегі көп киімдерден аулақ болыңыз. Резеңке немесе жабыс қаққа негізделген киімдер ыңғайлы. Матасына да көңіл аударыңыз, ол денеге жағымды тиетіндей болуы керек;

     науқастың үстіндегі дұрыс киілмеген киімді дұрыстап, оның жақсы кигенін, бірақ осылай болса, одан да жақсы болатынын айтыңыз;

     аяқ киімі де үлкен немесе тар болмауы керек.

    6. Науқас гигиенасы

    Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастар жуыну немесе басқа да тазалық шараларын қажет етпейді. Бұл әрекеттердің қалай орындалатынын ұмытатындар да болады. Өз жәрдеміңізді сыпайылықпен, оның намысына тимейтіндей етіп көрсетіңіз.

     жуыну барысын ұнамды етуге тырысыңыз;

     науқасқа душ немесе ванна қабылдау қажеттілігін сезіндіріңіз. Егер ол көнбесе, көңіл-күйі өзгергенге дейін біраз күте тұрыңыз;

     науқасты қимылсыз қалдырмаңыз. Шамасы келгенше барлық нәрсені өзі жасасын;

     ванна қабылдау барысында пациент қысылмауы үшін, дененің кейбір аймақтарын жауып қойыңыз.

    Үй жағдайында науқастарды жуынатын бөлмеде орнатылған орындықта жуындырған ыңғайлы. Орындық алдын ала төселген резеңке кілемшеге орналастырылады. Науқасты шешіндіріп, орындыққа отырғызады да, аяқтарын мұқият ванна ішіне өткізеді (егер ваннаның аяқтары өте биік болмаса). Мұндай қалыпта сізге де, оған да ыңғайлы болады.

    7. Дәретханаға бару

    Науқастар дәретхананың қайда екенін ғана емес, онда не үшін баратынын да ұмытып қалуы мүмкін.

     дәретхана есігін үлкен түсті әріптермен белгілеп қойыңыз;

     дәретханаға барудың өзіндік тәртібін орнатыңыз;

     науқастың киімі оңай шешілетініне көз жеткізіңіз, ал егер өзі шеше алмайтын болса, әдептілікпен өз көмегіңізді ұсыныңыз;

     ұйқыға жатар алдында сұйықтық ішуді шектеңіз;

     егер адам дәретханаға қашан баратынын сезбесе, памперс пайдаланыңыз.

    8. Тамақтану

    Сырқаттану барысында тамақтанудың маңызы зор екенін ескерсек, күтім жасаушы адамдар келесідей ережелерді сақтауы қажет:

     науқас қақалып қалмауы үшін, асты майдалап турау керек. Аурудың кейінгі сатысында науқасқа езбе немесе сұйық тағам беріледі;

     асты жақсы шайнау керектігін науқастың есіне ұдайы салып отырыңыз;

     сезу қабілетін жоғалтқан науқас ыстық тамаққа күйіп қалуы мүмкін, сондықтан тамақ жылы болуы керек;

     науқастың шектен тыс көп мөлшерде тамақ жемеуін бақылаңыз.

    9. Егер науқас сандырақтаса

    Альцгеймер науқастарында галлюцинациялар мен сандырақ ойлар пайда болуы мүмкін. Жиі оларды біреу улап өлтіргісі келетіндей немесе біреу аңдып жүргендей көрінеді. Науқаста көру немесе есті галлюцинациялары болуы мүмкін, сонда ол шын мәнісінде болуы мүмкін емес нәрсені көрдім немесе естідім деп нандыруы ықтимал.

     ешқашан науқаспен көргені немесе естігені туралы дауласпаңыз;

     егер науқас үрейге салынып, қорықса, оның қолынан ұстап, басынан сипап тыныштандыруға тырысыңыз;

     онымен ұстамды әрі жұмсақ, бірақ нық дауыспен сөйлесіңіз;

     науқастың көңілін басқа жаққа аударуға тырысыңыз
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


    написать администратору сайта