Главная страница
Навигация по странице:

  • Инсульттің келесідей түрлері бар: 1) Геморрагиялық инсульт

  • ХІІ Қарттарға күтім жасау мен оңалту негіздері 11.1 Қимыл-қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім жасау қағидалары

  • 11.2 Реабилитация негіздері. Реабилитация туралы түсінік, себебі, ерекшелігі, түрлері Реабилитация немесе оңалту емі

  • Реабилитацияның бірнеше турлері бар: 1. Медициналық

  • 2. Психологиялық

  • Гериатриялық оңалтудың міндеті

  • Оңалту шарасын жүргізу ұзақтығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді

  • Табиғи жолмен өмір сүру ұзақтығына жоғарылатуға

  • . Тағамдық рационның емдік-алдын алу шарасына үлкен мағына берілген. Оның құрамына

  • геронтология және гериатрия кітап. азастан республикасыны денсаулы сатау


    Скачать 276.63 Kb.
    Названиеазастан республикасыны денсаулы сатау
    Дата29.07.2021
    Размер276.63 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагеронтология және гериатрия кітап.docx
    ТипДокументы
    #225750
    страница14 из 15
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

    9.5 Инсульттер

    Инсульт - ми қанайналымының жіті бұзылысы, яғни ми қантамырларының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы. Инсульт геморрагиялық (миға қан құйылу) және ишемиялық инсульт (ми инфарктісі) болып бөлінеді.

    Инсульттің келесідей түрлері бар:

    1) Геморрагиялық инсульт. Бұл артериялық гипертонияның асқынуы болып табылады. Жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылады да, қан ми заттегіне келіп түседі. Құйылған қан миды басып, оны ісіндіреді және мидың бір бөлігі өледі. Мұндай инсульт көбінесе ауыр, күйзеліске толы күннен соң туындайды. Кешке қарай бас жарылып кетердей қатты ауырады. Заттардың барлығы қызыл түсті болып көріне бастайды, жүрек айнып, құсады, бас ауруы күшейеді - соққының алғашқы белгісі осындай.

    Сонан соң қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезгіштік қабілеттері бұзылады, құлақ естімеуден бастап, естен тануға, тіпті кома жағдайына дейін барады - ал бұл инсульттің өзі.

    2) Ишемиялық инсульт.

    Бұл жағдайда тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтап қалады, алайда қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалады. Тромбылар - қантамыр қабырғасының жас ерекшелігіне қарай өзгерістері - кез келген ағзадағы қантамырды бітеп, жүрек, бүйрек, ми инфарктісіне алып келеді. Қантамырлар жалпы қан ағысына келіп түсетін май тіндерінен де тығындалуы мүмкін, мысалы, бұл жағдай ұзын түтікше тәрізді сүйектер сынғанда немесе толық адамдардың

    қуыстық операциялар кезінде орын алуы ықтимал. Газды эмболия -тамырлардың газ көпіршіктерімен тығындалуы - өкпеге операция кезінде туындауы мүмкін. Жеке бастың шаруалары мен стресстер, ауа қысымының құбылмалылығы, қажу, шаршау, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, артық салмақ, қандағы қант деңгейінің күрт өзгеруі – ми қантамырларының ұзақ уақыт түйіліп, ишемиялық инсульт белгілерінің

    туындауына ықпал ететін факторлар. Көбінесе ишемиялық инсульт - қарт адамдарға тән. Ол көбінесе түнде немесе таңға қарай туындайды, бірнеше күн ағымында бірте-бірте дамуы мүмкін, ауыспалы сипатқа да ие бола алады (шағын инсульт).

    9.6 Инсультпен ауыратын науқастарға күтім жасау ерекшеліктері.

    Инсультке ұшыраған науқастарды амбулаторлық-емханалық реабилитациялауИнсультке байланысты ауытқулар тез арада жойылады, адам бірнеше айдан соң бұрынғы жұмысына орала алады. Басқа жағдайларда бұзылған қызметтердің қалпына келуі ұзаққа созылады. Инсульттен кейінгі қалпына келу үдерісі нәрестенің дамуының алғашқы айлары мен жылдарын еске түсіреді: алдымен аяқ-қол қимылдарын үйлестірді, содан кейін аунау, отыру, тұру, жүру амалдарын үйренеді, ағзаның шығару қызметі қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар әлеуметтік дағдылары да

    қалыптасады: сөйлеу қабілеті дамиды, адам өзбетінше тамақтануды, киінуді, жуынуды үйренеді, телефон, электр құралдарды меңгереді, тұрғылықты үйін жайландырады. Инсультке шалдыққан адам да дәл осылай өмір сүруге қайта бейімделеді. Жас сәби секілді ол да өз жақындарының сүйіспеншілігіне, қолдауына мұқтаж. Инсульттен кейінгі

    күтімнің жақсы болуы аса маңызды. Егер науқасқа жылы сөйлесек, оның

    сауығып кетуіне сенетінімізді сезіндірсек, бұл оған күш беріп, бойына

    сенім ұялатады. Бір науқастардың қозғалысы мен сөйлеу қабілеті

    инсульттен кейінгі алғашқы айлар апталар мен айлар ағымында қалпына

    келіп қойса, біреулердің қимыл-қозғалысы мен сөзі біршама қиындайды,

    ал тағы біреулерде айтарлықтай шектеулер қалыптасады. Сөйлеу мен қимыл-қозғалыстың қалпына келу дәрежесі, ең алдымен, бас миындағы осы қызметтерге жауапты аймақтардың зақымдану көлеміне байланысты.

    Зақымдану аймағы үлкен болған сайын, бұзылған қызметтердің қалпына келу барысы баяу әрі нашар жүреді. Инсульттен кейінгі оңалту үдерісі алғашқы жылы қарқынды түрде жүреді, сонан соң біршама баяулайды, бұдан кейін негізінен науқасты бойындағы ақауларға бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Егер инсультке шалдыққандардың қолы немесе аяғы әлі де нашар қимылдайтын болса, олар жаттығуларын жалғастырып, өздігінше әрекет ету дағдыларына ерекше көңіл бөлуі керек.

    Инсульттің алдын алу

    Инсульттің алдын алу (қайталануын болдырмау) үшін еңбек және демалыс тәртібін дұрыс орнату, дұрыс тамақтану, ұйқыны реттеу, отбасында және жұмыста жақсы психологиялық климат қалыптастыру, жүрек-қан тамырларының ауруларын: ишемиялық жүрек ауруын, гипертониялық ауруды дер кезінде емдеу керек. Ми қантамырларының микрциркуляциясын жақсартатын дәрілік препараттарды, сонымен қатар ми гипоксиясының (оттегі жетіспеуі) алдын алатын препараттарды қабылдау қажет. Инсульттің алдын алу шаралары қантамыр ауруына шалдыққан науқастарды жүйелі бақылап отыруды, тамақтану, ұйқы және демалыс ұйымдастыруды, ұйқыны реттеуді, жүрек-қан тамырларының ауруларын, әсіресе атерсклероз бен гипертониялық ауруларды өз уақытында және дұрыс емдеуді қамтиды.

    Х. Гериатриялық науқастың анамнезі

    Гериатриядағы диагностикалық қиындықтар баршаға мәлім, оны туғызатын себептер де түсінікті. Сондықтан да анамнез жинақтау гериатрия тәжірибесіндегі науқастарды тікелей бақылаудың негізгі әдісі ретінде үлкен маңызға ие. Егде және қарт жастағы науқастарға

    бейімделген классикалық анамнез үлгісі анықталып, ол келесідей бөлімдерді қамтуы керек:

    1) жүйелер бойынша сұрақ алу;

    2) медициналық және хирургиялық анамнез (шалдыққан аурулары, жасалған оталар);

    3) отбасылық анамнез;

    4) әлеуметтік анамнез;

    5) тамақтану;

    6) бұрын қабылдаған немесе қабылдап жатқан емі;

    7) сексуалды;

    8) психиатриялық анамнез.

    Әлеуметтік анамнез тұрғылықты жері мен тұрмыс жағдайы, отбасы құрамы мен жанұядағы кәрі немесе қарт адамға қолдау көрсетуге байланысты өзара қарым-қатынастар, туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға жәрдем беретін достар мен таныстар туралы сұрақтарды қамтиды. Қандай медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетіліп жатқанын, науқас кәсіби немесе басқа да еңбек қызметін жалғастырып

    жатыр, оның қандай көлемде екенін, жұмыспен қаншалықты дәрежеде қанағаттанатынын, қызмет бабындағы жүктемені қалай көтеретінін, ал жұмыс істемейтіндер үшін - өзіне қызмет көрсете алу мүмкіндіктерін анықтау керек. Еңбек қызметінің тоқтатылуынан кейін өзін қалай сезінеді және қоғамдық жұмысқа араласады ма? Жұмыс істемейтін зейнеткер

    ретіндегі жаңа өмір жағдайына бейімделуі. Хоббиі бар ма? Абайлап отырып, әйелінің (ерінің) өлімінің қалай тигенін, достары мен

    жақындарынан, т.б. алшақтап, өзін-өзі оқшаулап қою үдерісі дамыған ба,

    деген жайттарды анықтау керек.

    Тағамдық анамнез – ас қабылдау жиілігі, оның ішінде ыстық тамақ

    ішу жиілігі, жақсы шайнайды ма, тіс протездері бар ма. Бұрынғы және қазіргі кездегі диетасы қандай? Диетаны үйлестіру мәселелерін (майлар мен көмірсулардың арақатынасы; олардың тағам рационындағы құрамы төмен болуы керек) және ақуыздық тағамның толыққанды болуын (ет, балық, жұмыртқа ақуызы, сүт өнімдері, әсіресе майсыз сүзбе және сүт) анықтау маңызды. Өзі ыстық тағам дайындай алады ма? Алкоголь

    пайдаланады ма және қанша мөлшерде? Соңғы айларда, жылдарда салмақ тастады ма? Үйден азық-түлік дүкеніне, базарға немесе асханаға т.б. дейінгі арақашықтық қандай?

    Психиатриялық анамнез. Науқаста мазасыздық-күйзеліс жағдайлары немесе суицидтік ойлар болады ма, олардың немен байланысты екенін, туыстарында психикалық сырқаттардың бар-жоқтығын анықтау керек.

    ХІІ Қарттарға күтім жасау мен оңалту негіздері

    11.1 Қимыл-қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім

    жасау қағидалары

    Гериатрияда қартайып жатқан ағзаның ерекшеліктерін, олардың бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуін, кәрі адамдардағы сырқаттардың өзіндік ерекшеліктерін және жас ерекшелігіне байланысты психикалық өзгерістерді ескере отырып күтім жасалады. Кәрі және қартаң жастағы адамдардың көптеген аурулары баяу, қалыптан тыс, айқын дене қызуы болмай, өзгеріссіз өтеді. Ауыр асқынулардың шұғыл пайда болуы да тән.

    Кәрі және қартаң науқастардың қатаң төсек режиміне негізделген кезеңде адамдарды мүмкіндігінше азайту керек, тез арада қалыпты қозғалы с режиміне келтіру үшін массаж және іркілген пневмонияның алдын алу үшін тыныс алу жаттығуларын ертерек тағайындау керек. Кәрі адамдар жұқпалы ауруларға, қабыну үдерістеріне бейім келетіндіктен, олар мұқият гигиеналық күтімді қажет етеді. Кәрі адамдар микр оклиматтың, тамақтану рационы мен режимінің өзгеруіне, жарыққа, шуға ерекше сезімтал келеді.

    Қарт адамның мінез-құлқы мен психикалық ерекшеліктері (эмоционалды тұрақсыздық, ерекше көңілшектік, ал ми қантамырларының аурулары кезіндегі есте сақтау қабілетінің, интеллектісінің, сыни ойларының төмендеуі, әлсіздігі, тазалықты сақтауға қабілетсіздігі) қызметкерлердің ерекше зейінін, шыдамдылығы мен аяушылығын талап етеді.

    11.2 Реабилитация негіздері. Реабилитация туралы түсінік, себебі, ерекшелігі, түрлері

    Реабилитация немесе оңалту емі - бұл денсаулық ақауларына байланысты туындаған өмірлік шектеулерді жоюға немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар үдерісі мен жүйесі. Оңалту кезіндегі біздің басты мақсатымыз - бұрынғы қалпына келе алмайтынын біле тұра, науқасқа мүмкіндігінше функционалдық тұрғыдан, өзгелердің жәрдеміне мұқтаж болмайтындай жағдайға жетуіне толыққанды көмектесу.

    Реабилитацияның бірнеше турлері бар:

    1. Медициналық – функциясы жойылған дене мүшелері мен ағзаларын

    қалпына келтіру:

    а. физикалық реабилитацияның әдістері (электрлік ем, электростимуляция,

    лазеротерапия, баротерапия, бальнеотерапия);

    б. механикалық реабилитация әдістері (механотерапия, кинезотерапия);

    в. уқалау;

    г. дәстүрлі емдеу әдістері (акупунктура, фитотерапия, мануалды терапия, еңбек терапиясы);

    д. шипа жай мен курортта емдеу.

    2. Психологиялық – науқастарды ішкі және сыртқы орта өзгерістеріне адекватты реакциясын қалпына келтіру.

    3. Әлеуметтік – науқастың қоғамда ешкімге тәуелді болмай өзін-өзі асырауын қалпына келтіру.

    4. Еңбектік – науқастың жалпы еңбектік және кәсіби-мамандық қабілетін қалпына келтіру (емдік дене шынықтыру).

    Қарт жастағы науқастарды оңалтудың минимальды міндеті болып -олардың өздеріне-өзі қарай алатындай жағдайға жетіп,максимальды кәсіби қабілетін қалпына келтіріп, тәуелсіз бола алатынын сезіндіру.

    Гериатриялық оңалтудың міндеті:

    1. Қайта белсендендіру – науқастың қозғалысы мен танымын арттыру.

    2. Қайта әлеуметтендіру – қарт жастағы кісілерді әлеуметтік мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

    3. Қайта интеграциялау – гериатриялық науқастарды микро әлеуметтік ортаға бейімдеу болып табылады.

    Оңалту келесі бағыттарда жүзеге асады:

    1. Медициналық – бұл медициналық көмек көрсету.

    2. Геронтологиялық күтім – науқастың жалпы физиологиялық және психикалық мәселелерін шешу.

    3. Әлеуметтік – бұл әлеуметтік көмек көрсету.

    4. Ағартушылық – бұл қоғамда қартайып жатқан ағзаның ерекшеліктері, қарт жастағы кісілердің мүмкіншіліктері мен олардың қажеттіліктері туралы жалпы мағлұмат беру.

    5. Экономикалық – бұл науқастарды материалды қамтамасыз ету, олардың басқа да адамдармен бірдей материалдық жағдайда болуын қадағалау.

    6. Кәсіптік – қалған кәсіби мүмкіндігін жүзеге асыруын қадағалау.

    Оңалту шарасын жүргізу ұзақтығы бойынша бірнеше топқа бөлінеді:

    1. Жіті жағдайлар кезіндегі оңалту (басты әрекет етуші дәрігер).

    2. Жіті алды жағдайлар кезіндегі оңалту (дәрігер мен медбике қатысуымен жүргізіледі).

    3. Ұзақ уақытты оңалту (медбике мен әлеуметтік қоғам қатысуымен жүреді).

    Науқаспен жұмыс жасау ережелері:

    1. Қысқа әрі нұсқа сөйлемдерді қолдану.

    2. Науқасқа нақты нұсқаулар беріп, оларды қаншалықты түсінгенін білу үшін қайталауын сұрау .

    3. Кейде өзі жасай алуы үшін науқасқа кейбір емшараларды іс жүзінде көрсетіп беру.

    4. Науқастарға дағдыларды үйрету барысында сабырлы болуын қадағалау.

    5. Олардың дағдыларды меңгеруге деген ынтасын әрқашан ескеріп отыру.

    6. Науқасты өздігінше тапсырманы орындауға ынталандыру.

    7. Науқасқа тапсырманы орындау барысындағы қабілеті мен жетістіктері туралы айта отырып, кемшіліктерге көп көң іл бөлмеу.

    Реабилитация бағдарламаларының орындалу қағидалары:

    • Тізбекті реабилитацияны қажет ету көрсеткіштерін анықтау, науқасты сұраққа алу және клиникалық бақылау кезіндегі, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік бақылау барысындағы жағдайын анықтау, реабилитацияның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу,

    реабилитацияның тиімділігін анықтау және оны түзету, реабилитацияның жоспарланған мақсаттарына қол жеткізу, реабилитация тобының қорытындысы мен ұсыныстары.

    • Кешенді реабилитация барысында емдеу және емдік-профилактикалық сипаттағы мәселелер, науқастың еңбекке жарамдылығын анықтау, оны еңбекпен қамтамасыз ету, жұмыс бойынша оқыту және қайта мамандандыру мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек және зейнетақы заңнамасы, науқас пен оның отбасының қарым -қатынасы, қоғамдық өмірі сияқты сұрақтар шешімін табады.

    • Үздіксіз - қалпына келтіру емі аурудың немесе жарақаттың пайда болған кезінен бастап адамның қоғамға қайта толығымен оралуына дейінгі реабилитацияның барлық түрлерін қолдана отырып жүргізу.

    Ұзақ өмір сүрудің факторы мен негізгі себептері.

    Өмірді ұзарту жолдары

    Адам дүниежүзіндегі тірі ағзалардың бірі оған өмір сүру ұзақтығы анықталып қойған, өмірге деген белсенділігін әлсірететіні соншалық өлімнен қашып құтылу мүмкін емес.

    Бұл түрлік шектеу қазіргі уақытта нақты анықталмаған, бірақ көптеген ғалымдар өмір сүру ұзақтығын 100-ден сәл ерте немесе кеш деп есептейді.

    Соған қарамастан өмір сүру ұзақтығы түрлік шектеуге жетпейді (орташа өмір сүру ұзақтығы Ресейде ерлер үшін 57 жас , әйелдер үшін 72 жас).

    Өмір сүру ұзақтығын биологиялық, әлеуметтік –экономикалық және саясаттық факторларға байланысты да анықтап отырады.

    Халық денсаулығының маңызды көрсеткіші болып орташа өмір сүру ұзақтығын анықтау саналады. Бұл жылдар, орташа алып қараға нда қазіргі уақыттағы туылған ұрпақтың өмір сүру жағдайы, киімі өмір ағымындағы әрбір жастық топтың өлім коэффициенті осы жастағы ұрпақтың өлім кестесіне сай болады.

    Бұл берілген мәліметтер міндетті емес: ол өмір ағымына байланысты өзгеруі мүмкін, өмір сүрудің ұзаруы немесе қысқаруы өмір сүрудің жағымды және жағымсыз жағдайларына тәуелді болып келеді.

    Адамның денсаулығы оның өмір сүру жағдайына байланысты, яғни бұл адамдардың өмірді ұзартуы әсер ете алатындығын айқындайды.

    Табиғи жолмен өмір сүру ұзақтығына жоғарылатуға:

     геродиетиканың қағидаларын ұстау;

     қозғалыс белсенділігі;

     жасының өзгеруіне байланысты әлеуметтік психикалық бейімделуі;

     күшейген еңбек;

     герогигиенаның ережесін сақтау жатады.

    Қозғалыс белсенділігі

    Қозғалыс - бұл өмір! Қимыл белсенділіктікке мүмкіндік бергендіктен, қарт жастағы адамдар үшін төмендегілерді білу өте маңызды:

     моторлы-висцеральдық рефлекстер қағидасы бойынша зат алмасу үдерістерін, вегетативті мүшелер мен жүйелер қызметін ынталандыру;

     бас ми қыртысындағы қозу және тежелу үрдістерінің тиімді қатынасын ұстау;

     резервті капиллярлардың ашылуына орай бастағы мидың қанайналымын жақсарту, миокардтың қысқарту қабілетін жоғарылату,

    коронарлық қанайналымды жақсарту;

     өкпелік желдендіруді және өкпедегі газ алмасу қарқындылығын жоғарылату;

     асқазан – ішек жолындағы тегіс салалы бұлшықеттің жиырылуын қамтамассыз ету;

     тінде майдың көп жиналып қалғанын ескертіп қанда липидтердің деңгейін төмендетіп,тамыр қабырғаларында холестерин пайда болуының алдын алу;

     эндокриндік жүйені белсендендіру.

     бұлшықеттерді нығайту, байланыс аппараттарын, буындар қимылын сақтау, остеопороз көрінісін төмендету;

     жасы келген адамның эмоционалдық жағдайының жақсаруына ықпал ету;

     өмірге деген қуанышын арттыру;

     өзін сергек сезінуге мүмкіндік беру;

     ағзаның бейімделу мүмкіндігін жоғарылату.

    Осындай мақсатпен, қимылдың белсенділік үдерісін ынталандырып, өмір ұзақтығына әсер етіп қана қоймай, оның сапасының жоғарлауына да әсер етеді.

    Жасы келген адамдар дене жаттығуларын жасап тұру керек. Бірақ олар кәрі ағзадағы өзгерістерді ескерулері керек, себебі ауыр жүктемелер ағзаның функциясының декомпенсациясын дамытып ынталандыруы мүмкін.

    Жасы келген адамдар физикалық жаттығулар жасағанда төмендегілерді сақтау керек:

     қимыл белсенділігін арттырар алдын емдеуші дәрігерден кеңес алуы керек;

     қатты бірден қимыл жасамау, ауыр заттар көтермеу.

     тыныстың тоқтауына алып келетін жаттығулардан бас тарту (бұл кіші қан айналымдағы қысымды жоғарылатады, бастағы мидың тамырларына, жүрекке қанның келуін қиындатады, өкпе эмфиземасының дамуына әсер етеді);

     жаттығуларды баяу темпте орындау;

     жас адамдарға қарағанда қарттардың ауыртпалықтарға бейімделуі өте баяу жүреді, сондықтан да жүктемелерді біртіндеп көтеру тағайындалады (5-10% аптасына);

     жасы келген адамдардың жағдайын жүйелі түрде бақылап отыру қажет:

    әр жаттығу кезінде пульсті анықтау (максималды жиілігі 180-200) ,дәрігерге жылына 2 рет қаралу, жағдайы туралы ақпараты бар күнделік арнау;

     жаттығу кезінде қимылдарды мұқият жасау.

    Жаттығу жүйелі түрде жасалуы тиіс. Физикалық ауыртпалықтың келесі түрі тағайындалады, мысалы: таңертеңгілік және кешкілік гигиеналық гимнастикалар әр бұлшықет тобына арналған жаттығулардың 8 -10 түрлерін қарастыру керек, серуендеу, жаяу жүру, би, жүзу үйірмелеріне қатысу, тенниспен ойнау, велосипед айдау (жаттығулар 45-60 минуттан,аптасына 2-3 рет).

    Егде жастағы адамдардың рациональды тамақтануы (геродиетика)Қарт жастағы адам ағзасының және асқорыту жүйесінің өзгеруі, әлеуметтік және физикалық белсенділігінің төмендеуіне байланысты тамақтану қағидалары да өзгереді.

    Ас мәзіріндегі ең басты қағидалардың бірі энергетикалық теңдестіру болып табылады. Ағзаның қанша энергия жұмсауына байланысты, сонша каллорияны тағаммен қабылдау. Ол әр адамда әрқалай, бірақ орта жағдайда әйелдерде 1900, ерлерде 2000ккал/тәулігіне құрайды. Тағамдық рационның емдік-алдын алу шарасына үлкен мағына берілген. Оның құрамына:

    • холестеринге бай жануар майын қабылдауды азайту (35% аспау қажет).

    Бұл жануар және құс еттерін балық етімен алмастыру арқылы іске асырылады;

    • рацион құрамына липотропты затты: холин, метионин, лецитин көп мөлшерде қосу ;

    • 1кг адамның таза салмағына 0,8г ақуыз қабылдау. Ол көбіне жануар ақуызының есебінен(ірімшік пен сүзбенің майлы емес түрлері, басқа да сүт тағамдары,майсыз ет) болуы тиіс;

    •өсімдік пен жеміс-жидектерде кездесетін өсімдік клетчаткалары мен пектинді қажетті мөлшерде қолдану;

    • тез сіңірілетін көмірсуларды азайту: тәуліктік қант мөлшерін (50г) балмен (2 шәй қасықтан көп емес) болмаса фруктозамен алмастыру;

    • көп мөлшерде кальцийді йогурт және ірімшікпен, балықтар, көкөністерді қабылдау;

    • рационды йод, селен, мыс, цинк, магний микроэлементтерімен байыту;
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


    написать администратору сайта