геронтология және гериатрия кітап. азастан республикасыны денсаулы сатау
Скачать 276.63 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., Абдукаримова Ж.М., Ибрагимова Р.Б. ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ШЫМКЕНТ, 2012 ӘОЖ 613.98 (075.8) ҚБЖ 51 Б 42 Рецензенттер: 1. Қауызбай Ж.А. - ОҚМФА, «Емхана» кафедрасының меңгерушісі, доцент, м.ғ.к.. 2. Қойбақов М.Б. - ХҚТУ, «Госпиталды терапия» кафедрасының доценті, м.ғ.к. Б42. Геронтология және гериатрия. Оқу құралы/ Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., Абдукаримова Ж.М., Ибрагимова Р.Б. – Шымкент. – 2012. – 120б. ISBN 978-601-7309-13-8 Оқу құралы гериатриядағы мейірбикелік үдерістің ерекшеліктеріне арналған. Геронтологияның жалпы сұрақтары, мүшелер мен жүйелердің қартаю ерекшеліктері, қарт және егде жастағы науқастар арасында кең таралған аурулар және олардың емі сипатталған. Оқу құралы медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарында қазақ бөлімінде білім алатын студенттерге арн алған материал ретінде ұсынылады. ӘОЖ 613.98 (075.8) ҚБЖ 51 ОҚМФА әдістемелік кеңесте бекітіліп, баспаға ұсынылған. 19.04.2012 жылғы №9 хаттама сәйкес қосымша оқу құралы ретінде бекітілді және басылымға рұқсат берілді. Қысқарған сөздер тізбесі: АГ - артериалды гипертензия АҚ - артериалды қысым ЕДШ - емдік дене шынықтыру ЖИА - жүректің ишемиялық ауруы БАБГ - біріншілік ашық бұрышты глаукома ТЖОД - торқабықтың жастық орталық дистрофиясы ТПЭ - торқабықтың пигментті эпителийі ӨӨС - өкпенің өмірлік сыйымдылығы РАЖ - ренин-ангенотензинді жүйесі САЖ - систолалық активтігінің жоғарылауы АТ I - ангиотензин І ААФ - ангиотензинге айналдырушы фермент АТ II - ангиотензин II ЮГА - юкстагломерулярлы аппарат САҚ - систолалық артериалды қысым ДАҚ - диастолалық артериалды қысым ГК - гипертониялық криз МСС - максималды стимуляцияланған секреция БСС - базалды стимуляцияланған секреция ҚД - қант диабеті ИТҚД - инсулинге тәуелді қант диабеті ИТЕҚД - инсулинге тәуелді емес қант диабеті ДОА - деформациялаушы остеоартроз ЛБ - лизосомалық бірлік ДДҰ - Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы МАЗМҰНЫ: Кіріспе - 6 І. Гериатриялық науқастарға жалпы көмек көрсету мен күтім жасауды ұйымдастыру - 6 1.1 Гериатриядағы мейірбике ісінің қазіргі замандағы аспектілері - 6 1.2 Гериатриялық науқастарға фармакотерапиялық ем жүргізу кезіндегі ерекшеліктер - 8 1.3 Үлкен жастағылар ауруының жалпы клиникалық ағымы мен даму ерекшеліктері - 8 1.3.1 Аурушаңдық құрылымы - 8 1.3.2 Гериатриялық тәжірибенің нозологиясы - 10 II. Қарт адамдардың сезім мүшелерінің ерекшелігі. Аурулары - 13 2.1 Қарт адамдарда кең тараған тері ауруларының (кәрілік сүйелі, гиперкератоздар, кәрілік қышыма) клиникалық ағымның ерекшелігі, емі, күтімі - 13 2.1.1 Тері қартаюының сыртқы белгілері - 13 2.1.2 Аллергиялық дерматит - 14 2.1.3 Квинке ісінуі - 14 2.1.4 Шектелген обыр алды гиперкератоздар - 15 2.2 Көрудің өзгеруі (қарттық қатаракта, глаукома, тор қабықтың дегенерациялануы, пресбиопия) - 16 2.2.1 Көз қосалқыларының өзгеруі - 16 2.2.2 Көздің өзгеруі - 17 2.2.3 Біріншілік глаукома - 18 2.2.4 Кәрілік қатаракта - 20 2.2.5 Торқабықтың жастық орталық дистрофиясы - 20 2.3 Қарттық жаста дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің өзгеруі - 21 III. Қарттардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесінің аурулары, емі - 22 3.1 Тыныс алу жүйесінің қартаю ерекшеліктері: кеуде қуысының сүйектері мен бұлшықеттерінің, бронхтардың, өкпе тінінің және газ алмасу ерекшеліктерінің жасқа байланысты өзгеруі - 22 3.2 Пневмонияның, бронх демікпесінің, созылмалы бронхиттің ағымының клиникалық ерекшеліктері. Емі. Күтім ерекшеліктері. Бронх демікпесінің ұстамасында жедел жәрдем көрсету - 23 3.2.1 Пневмония - 23 3.2.2 Созылмалы бронхит - 27 3.2.3 Бронх демікпесі - 29 IV. Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі - 32 4.1 Атеросклероз - 32 4.2 Артериалды гипертония. Қауіпті факторлары. Қарттардағы клиникалық ағымының ерекшеліктері. Гипертоникалық кризде жедел жәрдем - 33 4.3 Миокард инфаркті. Қарттардағы клиникалық ерекшеліктері. Жедел жәрдем - 51 V. Асқорыту жүйесінің жас ерекшелігіне байланысты өзгеруі. Созылмалы гастрит және асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының клиникалық ағымының ерекшелігі - 55 5.1 Созылмалы бронхит - 56 5.2 Ойық жара ауруы - 58 5.3 Геродиететиканың негізгі принциптері. Тамақтану тәртібі - 64 VI. Эндокриндік жүйе ауруларының егде және қарт жасқа байланысты ерекшеліктері. Қант диабетінің диетасы - 67 VII. Қарттардағы сүйек-буын жүйесінің аурулары. Деформациялаушы остеоартроз. Остеохондроз. Клиникалық ағымының ерекшеліктері. Емі - 73 7.1 Деформациялаушы остеоартроз - 73 7.2 Омыртқа остеохондрозы - 78 7.3 Остеопороз. Қауіп факторлары. Клиникалық әйгіленуі, асқынуы. Алдын алу шаралары. Тұрмыстық жарақаттың алдын алу - 82 VIII. Зәр шығару жүйесінің аурулары - 85 8.1 Гломерулонефрит - 85 8.2 Созылмалы пиелонефрит - 90 IХ. Қарттардың психикасының өзгеруі. Альцгеймер ауруы. Психикалық статусты зерттеудің экспресс-әдісі, бағалау. Стрессті азайту. Ұйқысыздықпен күресу. Инсульт. Күтімі - 97 9.1 Альцгеймер ауруы - 97 9.2 Стрессті жою әдістері - 100 9.3 Ұйқысыздықпен күресу шаралары - 101 9.4 Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй жағдайында күтім жасау - 101 9.5 Инсульттер - 105 9.6 Инсультпен ауыратын науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Инсультке ұшыраған науқастарды амбулаторлық-емханалық реабилитациялау - 106 Х. Гериатриялық науқастың анамнезі - 107 ХІ. Қарттарға күтім жасау мен оңалту негіздері - 108 11.1 Қимыл-қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім жасау қағидалары - 108 11.2 Реабилитация негіздері. Реабилитация туралы түсінік, себеб і, ерекшелігі, түрлері - 109 Тесттік тапсырмалар - 116 Тесттік тапсырмаларының жауаптары - 119 Қолданылған әдебиеттер - 120 Кіріспе Қазіргі таңда халықтың арасында егде жастағылар мен қарттардың саны күрт өсуі байқалады. Медициналық көмекті 60 және одан жоғары жастағылар көбірек қажет етеді. Сондықтан квалификацияланған гериатриялық көмектің көлемін арттыру керек. Бұл жағдайда гериатрия бойынша медицина қызметкерлерін дайындау мен оқыту өзекті мәселе болып табылады. «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттық кезеңдегі ауруларды зерттейтін ғылым. Оның қалыптасуы, дамуы, диагностикасы, емі, қарттарға әлеуметтік-медициналық көмекті ескерту мен ұйымдастыру. Геронтологияның негізгі міндеттерінің бірі - егде және қарт адамдардың өмірінің сапасын жақсарту және ұзартуды қадағалау, ерте қартаюдың алдын алу. І. Гериатриялық науқастарға жалпы көмек көрсету мен күтім жасауды ұйымдастыру 1.3 Гериатриядағы мейірбике ісінің қазіргі замандағы аспектілері«Мейірбике ісі» денсаулық сақтау саласындағы негізгі бөлімді құрайды, егде және қарт жастағы науқастардың денсаулығын жақсартуда аурудың алдын-алу шараларын, психикалық және физикалық ауруларында, еңбекке қабілетсіз жандарға психоәлеуметтік көмек пен күтім жасаудағы ролі жоғары». (Халықаралық мейірбике кеңесі, 1987 ж., Жаңа Зенландия). Науқастарға күтім жасау мейірбикенің әдістемелік ұйымдастыру үдерісі болып табылады. Ол негізгі 5 кезеңнен тұрады: 1 – науқас туралы объективті және субъективті ақпарат жинау 2 – мейірбикелік диагностика 3 – мейірбикелік іс-әрекетті жоспарлау 4 – жоспарды іске асыру 5 – жасалған жұмысты тиімді бағалау. Мейірбикенің негізгі мақсаты егде және қарт жастағы науқастардың жасына байланысты ауруларға күтім жасау. Бірінші кезеңде мейірбике мына жағдайларға баға беруі керек: • ағзадағы негізгі жүйелердің жағдайы; • психологиялық статусы; • науқастың өз-өзіне күтім жасай алуы; • қоршаған ортадағы құбылыстардың науқасқа оң және те ріс әсер етуі; • әлеуметтік статус. Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек: • әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу; • әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек; • әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу; • науқасты аты-жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс-қимыл қолданбау; • құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ерніңізден оқуға» мүмкіндік беру; • науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу; • сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру; • науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау. Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары. Екінші кезеңде мейірбикелік үдеріс, науқастармен жұмыс істеу барысында көп білімді қажет етеді. Психикалық, әлеуметтік қиыншылық жағдай туғанда дұрыс шешім қабылдау керек. Мысалы, қыс уақытында ауылды жерде тұратын қарт кісілер үй шаруашылығымен өздігімен айналыса алмайды, сол кезде уақытша пансионатта және арнайы медико -әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына орналастыру керек. Үшінші кезеңде мейірбикелік күтім жасауда алдын-алу шаралары мақсатында жоспар құру қажет. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін науқастың жағдайын жақсарту керек. 60 жастан асқан қарт кісілерге көрсетілетін мейірбикелік көмектің негізгі ерекшеліктері: 1) Күтім жасау мақсатының нәтижесіне жету үшін ұзақ мерзім кетеді. 2) Денсаулығына байланысты қиыншылықтарды шешу кезінде науқастың белсенділігінің төмен болуы. 3) Күтім жасау барысында мүшелер мен жүйелердің қаншалықты қартайғандығын ескеру керек. Төртінші кезеңде мейірбикенің күтім жасау жоспары 3 типті араласуымен болады: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелділік. Тәуелді араласу – дәрігердің бақылауымен, оның нұсқаларын мейірбике бұлжытпай орындайды (наркотикалық заттарды енгізгенде, науқасқа, қатаң тәртіп пен емдәм тағайындағанда), және де әрдайым мейірбике дәрігермен кеңесіп тұруы қажет. Тәуелсіз араласу – дәрігердің талабынсыз мейірбике өзі әрекет жасай береді. Мысалы, науқастың өзіне күтім жасау барысында көмек көрсету, науқастың өз ауруына реакциясы мен бейімделуін қадағалау, науқастың ауру дәрежесіне сай өзіне күтім жасауы мен тазалықты қалай сақтау керектігін үйрету және т.б., науқастың денсаулығына байланысты кеңес беру. Өзара тәуелділікпен араласу – мейірбикенің физиотерапевт, диетолог, ЕДШ дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі. 1.2 Гериатриялық науқастарға фармакотерапиялық ем жүргізу кезіндегі ерекшеліктер • дәрі-дәрмекті әр науқасқа жеке таратып, бір реттік ішетін дәрмекті қайта-қайта қабылдау ережесін түсіндіру; • ауыз арқылы қабылданатын дәрілерді қабылдау аралығы 40 – 60 минут болу керек; • қабылдаған дәрілер ағзаға кештеу әсер етуі мүмкін, себебі ағза қартайғандықтан асқазан-ішекте сіңірілу үдерісі төмендейді, шеткері қанайналым төмендегендіктен теріастына немесе бұлшықетке енгізілген ерітінді ұзақ уақыт кешігіп сіңіріледі; • енгізілген дәрмектердің бүйрек, ішек, бауыр арқылы сыртқа шығарылуы төмендейді; • бұрын қабылдаған дәрілерге де аллергия туындауы мүмкін; • орта терапевтік ½-1/3 көрсеткішінен дәрі мөлшері азаяды; • созылмалы ауруларда қабылдаған дәрілерге бақылау жасау. Мейірбике бірнеше егде және қарт жастағы науқастармен жұмыс істегенде, бәріне бірдей көңіл бөлуі керек, науқасты бөлектемеу керек. Науқастың физиологиялық және эмоционалдық жағдайына көп көңіл бөлу керек, себебі бұл нәрсе келешекте науқастың тез айығып кетуіне жол береді. Бесінші кезеңі. Науқасқа күтім жасау барысында оның сапасына мейірбике баға беру керек. Жасаған іс-әрекетіне анализ жасап, қателіктерін түзеуге, дұрыс шешім қабылдауға бағытталған шараларды игеру керек. Мейірбикелік үдеріс орталығында – науқасты жеке тұлға ретінде қарап, белсенді медқызметкерлермен жұмыс жасайды. 1.3 Үлкен жастағылар ауруының жалпы клиникалық ағымы мен даму ерекшеліктері 1.3.1 Аурушаңдық құрылымы Жас ұлғайған сайын аурушаңдық жоғарылайды. Қала тұрғындарының денсаулық жағдайын әртүрлі жылда таңдамалы зерттегенде 60 жастан асқан адамдардың ешқайсысы өзін саумын деп есептемейтінін, ал 80-86% қарттардың созылмалы аурулары бар екендігі анықталды. 40 жастан төмен жастағы адамдармен салыстырғанда бұл жастағы аурушаңдық 2 есеге дейін артады. Мысалы, 20-29 жастағыларға қарағанда қарттардағы тыныс алу мүшелерінің аурушаңдығы 2,4 есе, ал жүрек -тамыр жүйесінің аурушаңдығы 6,8% есеге дейін жиі кездеседі. 40-44 жаста ЖИА аурушаңдық 6,8% құраса, ал 55-59 жаста ол-23,0% құрайды, яғни 3-3,5 есе артық. Қарт және егде жаста асқазан ойық жара ауруының жартысы және қатерлі түзілістердің көп бөлігі орын алады. 70 жастан жоғары жастағы ер адамдарда 3,9-2,6% және әйелдерде 2,5-2,0% ғана созылмалы аурулары болмайды. 20-29 жастағы адамдармен салыстырғанда, бұл жастағы науқастардың субкомпенсациялық және декомпенсациялық сатыларындағы созылмалы аурулармен аурушаңдығы 14 есе жоғары. Бұл, өз кезегінде, терапиялық стационарлардың 80% жуығын және хирургиялық стационарлардың 30-50% гериатриялық жастағы науқастар құрайтынын айқындайды. Қарт науқастардың урологиялық көмекке деген қажеттілігі жүрек-тамыр жүйесінің патологияларымен байланысты аурулардан кейінгі 2 орынды алады. Гериатриялық науқастардың негізгі ерекшеліктерінің біріне -полиморбидтілігі, яғни созылмалы ауруларының көптігі жатады. Сонымен, 50-59 жастағы науқастарда 2-3 аурудан, 60-69 жаста 4-5, ал 70 жастан жоғары жастағыларда 5 аурудан келеді. Жас келе аурушаңдық құрылымы өзгеріске ұшырайды. 30 жастан кіші адамдарда барлық аурулардың 1/3 бөлігін тыныс алу мүшелерінің ауруы құрайды, кейін қанайналым жүйелерінің аурулары, жарақаттар, уланулар, жүйке және сезім мүшелерінің аурулары орын алады. 40 жастан асқан адамдардың аурушаңдық құрылымында да тыныс алу мүшелерінің аурулары құрайды, бірақ оның деңгейі төмендейді, яғни барлық аурулардың 1/5 бөлігін қамтиды, ал қанайналым жүйелерінің ауруларының деңгейі жоғарылайды. Зейнетке дейінгі жаста уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша аурулардың негізі тыныс алу мүшелерінің, қанайналым жүйесінің, асқорыту, жүйке жүйелері мен сезім мүшелерінің ауруларынан түзіледі. 60 жастан асқан адамдарда ең жиі таралған патология түріне, қанайналым жүйесінің аурулары жатады. Келесі орынды сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндер, тыныс алу мүшелері, асқорыту, жүйке жүйелері мен сезім мүшелерінің аурулары иеленеді. Осы 5 класқа қарт және егде жастағы адамдардың барлық ауруларының 85%-ы сай келеді. Жылдар бойы жинақталған созылмалы патологиялар, қарттық жасқа дейін сақталған еңбекке жарамдылыққа, мүгедектікке, қозғалу және өзін -өзі қамтамасыз етуіне әсер етеді. Бұл бірінші кезекте жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы патологияларына, оның ішінде жасы мен жынысына тәуелсіз ЖИА, цереброваскулярлы аурулар, гипертониялық ауру және көктамыр аурулары жатады. Аталған 4 нозологиялық түрлер қарттардағы қанайналым жүйесінің барлық ауруларының 80% жуығын құрайды, соның ішінде ЖИА және гипертониялық ауру осы аурулар класының тең жартысына сай келеді. Тыныс алу мүшелері ауруларының ішінде жоғарғы тыныс жолдарының жіті инфекциялық аурулары (40-45%), пневмониялар (30%) маңызды бөлігін құрайды, содан соң өкпе эмфиземасымен жүретін созылмалы бронхит, бронх демікпесі енеді. Қартайған сайын тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының жиілігі тоқтаусыз ұлғая береді. Әртүрлі зерттеулер мәліметтері бойынша, аталған топтағы тұрғындардың барлық ауру жағдайларының ішінде тыныс алу мүшелерінің аурулары әртүрлі аймақтарда 10-нан 24%-ға дейінгі үлесін құрап отырады. Қарт және егде жастағы адамдардың жүйке жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары барлық аурулардың 9-17% құрайды. Бұл топтағы аурулардың ішінде көру мүшелерінің аурулары алдыңғы қатарға шығады, оның ішінде, бірінші кезекте глаукома, қатаракта, көздің қабыну аурулары кездеседі. Паркинсонизмнің тамырлық түрінің таралуы жиілеген. Өмірдің 4-ші онжылдығынан соң омыртқа аралық дискілерінің дистрофиялық – дегенеративті өзгерістерімен байланысты, жүйке жүйелерінің патологиялары жиі байқала бастайды. Қарт және егде жастағылардың барлық патологияларының 4-15% асқорыту жүйесінің аурулары құрайды. Кейбір аудандарда бұл топтың аурулары жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ауруларына қарағанда жиі кездеседі. Бұл класс ауруларының нозологиялық түрлерінің ішінде созылмалы гастрит, созылмалы колит, бауыр мен өт жолдарының аурулары жиі кездеседі. Қартайған сайын тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы, әсіресе тұрмыстық жарақаттар жиі кездеседі. Сүйек-буын аппаратындағы жастық дистрофиялық және деструктивті өзгерістердің дамуымен байланысты, кәрі жастағы адамдарда 80%-ы жағдайда сан сүйегінің сынуы құрайды. 70 жастағыларда сүйек-буын аппаратының ауруларының жиілігі 86%-ын құрайды. Бірінші рет анықталған аурулардың көп бөлігі үлкен жастағы адамдарға, соның ішінде ерлерге қарағанда, әйелдерге сай келеді. Қарт жастағыларда тек жаңа аурулар ғана жиі анықталып қоймай, сонымен бірге бұрын пайда болған, созылмалы ауруларының жинақталуы да жиі кездеседі. 50-59 жас гериатриялық патологиялардың жинақталу мағынасында қолайсыз деп қарастыруға болады. 50-59 жастық топпен салыстырғанда, 70 және одан жоғары жастағы адамдар арасында дені сау адамдар 6 есе аз, ал ауру адамдар 5 есе көп кездеседі. Жастармен салыстырғанда, қарт науқастардағы декомпенсациялық жағдайдың үлкен жиілікте кездесуінің себептерінің біріне, қартайып жатқан ағза жүйелерінің бірінің зақымдалуы, басқа жүйелер қатарының тез зорығуына және күрт кетуіне алып келу жағдайы жатады. Патология - деп, сондай-ақ қартаю деп түсіндірілетін күрделі функционалдық бұзылыстар тізбегі, оңай қайтымсыз болып, ағзаны әлсіретіп және титықтатады. Осы құйын тәрізді үдемелі морфофункционалдық деструкцияны уақтылы тоқтата алмаса, онда декомпенсация қысқа уақытта мүгедектікке, өзін -өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін жоғалтуға, жалпы болбыратуға және соңында өлімге де алып келеді. |