Главная страница

ЕМТИХАН СҰРАҚ ПЕН ЖАУАПТАР. Бактерия капсуласына анытама берііз жне атаратын ызметін сипаттаыз


Скачать 245.71 Kb.
НазваниеБактерия капсуласына анытама берііз жне атаратын ызметін сипаттаыз
Дата25.05.2022
Размер245.71 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕМТИХАН СҰРАҚ ПЕН ЖАУАПТАР.docx
ТипДокументы
#549843
страница10 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аллантоис қуысына жұқтыру әдісінде

Тауық эмбрионының доғал жағын жоғары қаратып бекітеді. Ауа камерасының шекарасынан 5-6 мм жоғарыға қарай диаметрі 1 мм көлемінде қауызды ойып, вирустық материалы бар шприц инесін жұмыртқа осін бойлай 10-12 мм тереңдікке енгізу арқылы жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін инені алып, қауыздағы тесікті бекіту үшін балқытылған стерильді парафинді тамызады. Бұл әдістің екінші нұсқасында ауа камерасының үстіңгі жағын ауаның біраз бөлігін шығару үшін теседі. Ал материалды жұқтыру үшін ХАҚ аймағының қан тамырлары жоқ жерінің қауызын тесіп, иненің ұшын небәрі 2-3 мм-ге дейін енгізген соң 0,1- 0,2 мл вирустық материалды жұқтырып, ол жерді парафинмен бекітеді.

Хорион-аллантоис қабықшасына жұқтыру әдісі

Жұқтырудың бұл түрінде вирустық материалды табиғи (а) ауа камерасы мен (б)жасанды ауа камералары арқылы енгізеді.

(а) Табиғи ауа камерасы арқылы жұқтыру үшін штативка эмбрионның доғал жағын қаратып (ауа камерасы жоғарғы бетінде болуы керек) бекітеді. Ауа камерасының ортасынан диаметрі 15-20 мм көлемінде қауызды ойып, пинцеттің көмегімен қауыздың астыңғы қабықшасын ашады. ХАҚ-ның жалаңаштанған жеріне 0,2 мл вирус суспензиясын енгізіп, тесікті лейкопластырьмен немесе жапқыш шыныны балқытылған парафинмен бекіту арқылы жабады.

(б) Жасанды ауа камерасы арқылы жұқтыру біріншісіне қарағанда жиі қолданылады. Бұл әдісте эмбрионды штативке горизонталды жағдайда, ұрықтың арқасын жоғары қаратып бекіткеннен кейін, қауызды екі жерден теседі. Біріншісінде ауа камерасының ортасынан кішкене ғана, ал екіншісінде қауыздың ұрық жатқан жағынан диаметрі 2-5 мм болатын тесік жасап, ХАҚ-ын жарақаттамай қауыздың астыңғы қабықшасын ауа кіретіндей етіп ажыратады. Сонан соң бірінші тесіктен табиғи ауа камерасы арқылы ХАҚ бетіне жұқтыратын материалды енгізіп, тесікті лейкопласырьмен бекітеді.

Сарыуыз қапшығына жұқтыру

Сарыуыз қапшығына жұқтырудың екі жолы бар. Біріншісінде эмбрионды вертикальды жағдайда бекітіп, ауа камерасының ортасының тесігі арқылы инені 3,5-4 см тереңдікке, ұрықтың қарама-қарсы жағына қарай 450С-қа қиғаштап енгізу арқылы вирустық материалды жұқтырады. Екіншісінде горизонтальды күйде (ұрық астыңғы жағында, ал сарыуызқапшығы үстіңгі бетінде болуы керек) бекітілген жанынан жұқтырылады.

Амнион қуысына және ұрықтың денесінежұқтырудың жабық және ашық әдісі болады

Жабық әдісімен жұқтыру қараңғыланған бокста жүргізеді. Жұмыртқаны овоскопқа горизонталды жағдайда (ұрық жоғарғы жағында болуы тиіс) орналастырады. Ауа камерасының үстіндегі тесіктен ұшы мұқал инені ұрыққа бағыттай амнион қуысына енгізу арқылы жұқтырады.

Ашық әдісте вертикальды орналасқан жұмыртқаның ауа камерасы бетінен диаметрі 1,5-20 см болатын тесік жасайды. Осы жерден пинцет көмегімен қауыздың астыңғы қабықшасын ашады да анатомиялық пинцетпен амнион қабықшасын ХАҚ-мен бірге тартып тұрып, вирусы бар материалды шприцпен енгізеді. Қабықшаларды босатып, тесікті лейкопластырьмен бекіткен соң вертикальды жағдайда термостатта өсіреді.

Хорион-аллантоис қабықшасының қан тамырларына жұқтыру

Хорион-аллантоис қабықшасының қан тамырларына жұқтыру 11-13 күндік тауық эмбриондарын овоскопиялау нәтижесінде қан тамырлары көрінген жерінің қауызын ашады да, сол жерге 1-2 тамшы спирт тамызып (қауыздың астыңғы қабықшасын біраз уақытқа дейін мөлдірлендіру үшін), қан тамырына жұқтыратын суспензияны енгізеді. Қауыздың жалаңаштанған жерін лейкопластырьмен бекітеді

Жоғарыдағы әдістермен жұқтырылған тауық эмбриондарын +33-370С температураға реттелген термостатта инкубациялайды. Жұқтырылған эмбриондарды күнделікті овоскоппен бақылап отырады. Жұқтырғаннан кейін алғашқы 24 сағат аралығында өлімге ұшыраған эмбриондар алып тастайды. Себебі бұл уақыт аралығында бөгде микрофлоралармен ластанған, жұқтыру кезінде жарақаттанудан өлген эмбриондар жарамсыз болып есептеледі. Одан кейінгі эмбриондардың өлімге ұшырауы вирустардың көбеюі әсерінен болады. Мұндай эмбриондарды таңдап алып, тез арада тоңазытқышқа (+40С) ауыстырады. Тоңазытқыштағы эмбриондардың құрамындағы вирутардың белсенділігі ұзақ сақталады және ұлпалар тығыздалып, тамырлары босап, оларды жарып алуға жеңілдік тудырады.

Тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу. Құрамында вирусы бар материалдар ретінде ХАҚ, ұрықтың ұлпалары, сарыуыз қапшығы, аллантоис пен амнион сұйықтықтары алынады. Аллантоис пен амнион сұйықтықтары құрамында вирусы бар дайын суспензия болып табылады. Эмбрионды ашардан бұрын қауызды йодталған спиртпен өңдейді. Стерильді саймандардың көмегімен ауа камерасының үстіңгі жағындағы қауызды кесіп алады. Бұл жағдайда қайшыны ауа камерасының астындағы қабықшасына тигізбеу және қауыз ішкі жағына түспеуі керек. Жалаңаштанған ХАҚ-ын пинцетпен көтеріп патологоанатомиялық өзгеріске ұшырағандығын байқап, сол жерін қайшымен кесіп алады. Ал ХАҚ-ының барлық жерлерін қарау үшін ұрықты, сарыуыз қапшығы мен белогын алып тастаған соң ХАҚ-ын қауыздан ажыратып, стерильді физиологиялық ерітінді құйылған Петри шынысына салады. ХАҚ шайып, екі пинцеттің көмегімен жазып, тексереді. Қабықшаның патологоанатомиялық өзгеріске ұшыраған жерлерін анық көру үшін Петри шынысының астына қара түсті қағаз қояды. Қауыздың астыңғы қабықшасы мен ХАҚ-ын тесіп, аллантоис сұйықтығын (10 мл) Пастер түтікшемен сорып алады. Аллантоис сұйықтыығн алғаннан кейін ұрықтың мойнының тұсынан түтікшемен амнион сұйықтығын (1 мл) сорып алады. Сарыуыз қапышығын Петри шынысына салып, қайшымен кескеннен кейін физиологиялық ерітіндімен шаяды да сарыуыз қапшығының қабырғасын вирусы бар материал ретінде алады. Ұрықты пинцеттің көмегімен алып шығады. Тауық эмбриондарын ашқаннан кейін міндетті түрде вирусы бар материалдардың тазалығын анықтау үшін бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Ол үшін материалдардан ЕПС, ЕПА, ЕПБС және Сабура ортасына себінді жасайды. Вирусы бар материалдарды минус 250С немесе одан төменгі температурада сақтайды.
48.Фагтардың индикациялау және титрлеу әдістерін көрсетіңіз.

Аппельман әдісі – бұл әдіс арқылы фагтарды ет пептонды сорпада титрлейді.

Фаг титрін Грация әдісі бойынша анықтау. Тәжірибені жасау алдында атқарылатын жұмыстар: а) қоректік агарды Петри табақшасына құйып, термостатта кептіреді; б) дайындалып, 3-4 мл-ден шыны түтікшелерге құйылған жартылай сұйық (0,7%) қоректік агарды су моншасында жібітеді. Зерттелетін фагқа натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде 10 мәртелік сұйылту ( 10-2, - 10-7 ұйғарылған титрге байланысты) жүргізеді. Сонан соң фагтың соңғы (10-7) сұйылтпасынан 0,5 мл алып, сондай мөлшердегі фагқа сезімтал бактерияның тәуліктік сорпалық дақылымен араластырады да 45°С-қа дейін суытылған жартылай сұйық агары бар шыны түтікшеге құяды.
49.Преципитация реакциясын тәжірибеде қолдануын көрсетіңіз.

Преципитациялық реакция - ПР (лат. praecipito – тұнбаға түсіру). Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана құрылады. Егерде біреуінің өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс құрылуының мүмкіншілігі төмендейді. Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), қоймалжыңда (гель), қоректік орталарда тағы басқада қоюға болады (25-сызбанұсқа). Күнделікті жағдайда преципитациялық реакцияның кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза қоймалжыңында қойылатын Оухтерлонидың қос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундық электрофорез жатады.

Сақиналы преципитациялық реакция. Реакция иммунды сарысу бар арнайы жіңішке пробиркаға ерітілетін антигенді қабаттап қосу арқылы жүргізіледі. Антиген мен антидененің капталы теңесінде екеуінің арасында сақина тәрізді күңгірт преципитат пайда болады. Антигеннің артық өлшемі реакцияның нәтижесіне ешқандай зиянды әсер етпейді. Преципитациялық реакция иммуноглобулин түрлерін анықтау үшін қажет.
50.Кумбс реакциясын тәжірибеде қолдануын көрсетіңіз.

Бұл реакцияны құрамында 1 ғана белсенді орталығы бар және антигеннің бір детерминантты тобымен байланысатын толық емес (моновалентті, тежеуші) антиденені анықтау үшін қолданады. Сондықтан да пайда болған антиген-антидене комплексі микроагрегат, тұнба түзбейді, лайланбайды және басқа да өзгерістерге ұшырамайды. Ал Кумбс реакциясы нәтижені көзбен қарап-ақ бағалауға мүмкіндік береді. Диагностика үшін: резус-келіспеушілікте, бруцеллезде, аутоиммунды ауруларда (қызыл бөрі ауруы, полиартрит) қолданады.

Мақсаты: Жүкті әйелдің зерттелетін сары су құрамында, резус-антигенге қарсы толық емес антиденені анықтау үшін. Ингредиенттері: зерттелетін сары су, қоянның антиглобулинді сарысуы (АГС), құрамында резус-антигені бар эритроцит. АГС-ті қоянды адамның глобулиндерімен иммунизациялау жолы арқылы дайындайды. АГС-тің құрамында адамның әртүрлі глобулиндеріне қарсы толық, бивалентті антиденелер бар.

Техникасы және нәтижесі:Зерттелетін сарысуға резус-антигені бар эритроцит қосылады. 1 сағат инкубациядан кейін АГС-ті енгізеді. Реакция нәтижелі болса, гемагглютинация байқалады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта