Главная страница

ЕМТИХАН СҰРАҚ ПЕН ЖАУАПТАР. Бактерия капсуласына анытама берііз жне атаратын ызметін сипаттаыз


Скачать 245.71 Kb.
НазваниеБактерия капсуласына анытама берііз жне атаратын ызметін сипаттаыз
Дата25.05.2022
Размер245.71 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕМТИХАН СҰРАҚ ПЕН ЖАУАПТАР.docx
ТипДокументы
#549843
страница4 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қатаң анаэробтарға молекулалық оттегі улы болады, ол микроорганизмдерді өлтіреді немесе өсуін тежейді. Қатаң анаэробтар энергияны майқышқылды ашыту жолымен алады. Қатаң анаэробтарға мысалы кейбір клостридиялар (C. botulinum, C tetani), бактероидтар жатады.

Аэротолерантты микроорганизмдер энергия алуда оттегіні қолданбайды, бірақ оттегі бар ортада тіршілік ете алады. Бұл топқа гетероферменттік сүтқышқылды ашыту жолымен энергия алатын сүтқышқылды бактериялар жатады.

Факультативті анаэробтар. Оттегі бар әрі оттегі жоқ ортада да өсіп-өнуге қабілетті. Оларда зат алмасудың аралас түрі бар. Энергияны алу процесі оттегімен тыныстану кезінде оттегіні пайдалану арқылы, ал оттегі жоқ жерде ашытуға көшу арқылы энергия алуға қабілетті. Бактериялардың бұл тобына анаэробты нитратты тыныс алу тән.
38.Залалсыздандыру және оның түрлерін сипаттаңыз.

Залалсыздандыру (стерилизация) әдістері: химиялық, механикалық, физикалық 
 Залалсыздандырудың ең қолайлы әдістері болып термиялық, сәулелік залалсыздандыру және этилен тотығымен заласыздандыру жатады. Термиялық (автоклавта қөрғақ бумен 100°С - 140°С дейін) немесе құрғатқыш шкафтарда құрғақ ыстықпен (160°С - 200°С) Залалсыздандыру жатады. Жоғарғы температурамен залалсыздандыру кезінде келесі жұмыс фазаларына бөледі:  

 Ыстық бу қысымымен залалсыздандыру -  таңу материалдарын, медициналық аспатарды, төсек-орындарды залалсыздандыру. 
 Құрғақ ыстық ауамен залалсыздандыру арнайы шкафтарда жүзеге асырылады. Залалсыздандыру температурасы 160º-200ºС болуы керек. 180ºС температурада стерилизация уақыты 60 минутты құрайды. 
Сәулемен залалсыздандыру - залалсыздандыруды ионмен сәулелену арқылы жүргізу.  
 Бактерицидті шамдардың мықтылығы мен саны бір болу керек: 6-15 мауаға бір лампа ВУВ-15 жеткілікті. Себебі, тура сәулелену кезінде 1 шаршы метр аумаққа 1Вт электроэнергиядан аз болмау керек. Тура сәулелену мекеменің жоғары бөлігінде жүргізіледі, аспалардың биіктігі 2-2,5 м болу қажет. Әдістің тиімділігі ауадағы микробтар санының 25-55%-ға, 2-3 сағат сәулеленуден кейін 50-80%-ға төмендітеді. 30ºС температурада шамдарды қолдануға рөқсат етілмейді, себебі құралдардың қызып кету қауіпі бар. Бөлмеде ылғалдылықтың болмауын есепке алу қажет, өйткені ылғалдылық 80-95% болса, бактерицидті әсердің тиімділігі 30-40%-ға төмендейді. Тазалық - ең бастысы болып табылады. Егерде микроорганизмдер бір қабатта орналасқан болса, ультракүлгін сәулеленудің әсері жоғары, ал көп қабатта орналасқан болса, төмегі қабаттағы микроорганизмдерді беткі қабаттағы микроорганизмдер қорғайды (қоғауыш қалқан құбылысы). Негізінен, мекемелерге комбинирленген (аралас) сәулелену әдісін қолданамыз: бір шамдар мекеменің төменгі жағын, сонымен қоса еденді сәулелендіреді, ал басқасы жоғарғы жағын.  
 Инфрақызыл сәулесімен залалсыздандыру – залалсыздандыру арнайы аппараттарда жүргізіледі (терең вакуумды инфроқызыл және конвейерлі пештерде). 
Химиялық залалсыздандыру – иммунобиологиялық препараттар (вакцина, сарысу) мен қоректік орталардың бактериямен ластанбауын алдын – алатын стерилизация түрі. Қоректік орталарға көбінесе мынандай заттарды хлороформ, талуол, эфир қосады. 
Биологиялық залалсыздандыру. Биологиялық зарасыздандыру антибиотиктерді қолдануда негізделген. Бұл әдісті вирусты дақылдандыруда қолданады. 
Дезинфекция – микробтармен ластанған заттардан патогенді және шартты потагенді микроорганизмдерді жоюға арналған өндеу процедурасы.  
Зарарсыздандыру мақсаты - инфекцирленген индивидумнан қоздырғыштардың сыртқы орта объектілері арқылы берілуін болдырмау.  
 Зарарсыздандырудың екі түрін ажыратады; 
 1.Ошақты 
 а.күнделікті 
 б.қорытынды 
 2.Профилактикалық  
 Күнделікті зарарсыздандыру – ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өндеп отыру мақсатында, күнсайын (науқас бөлінділерін, киімдерін, ыдыстарын және т.б.) жасалады. Күнделікті зарарсыздандыру тиімдірек болады. Арнайы күнделікті зарарсыздандыру бақылауын- ішсүзегі, бактериальді дезинтерия, туберкулез, дифтерия, саңырауқұлақты ауруларда жүргізеді. 
 Қорытынды дезинфекцияны инфекция қоздырғыштарының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта жасалады. Оның мақсаты жасалып отырған күнделікті зарарсыздандырудан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою. Қорытынды зарарсыздандыру инфекция ошақтарында обаға, холераға, ішсүзегіне, Ку қызбасына, Сібір түйнемесіне, сальмонеллезге күдектену болғанда жасалады.  
 Зарарсыздандыру түрлері.зарарсыздандыруда физикалық және химиялық тәсілдері қолданылады. 

 Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өндеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады. Механикалық заттар - тазалау, дымқыл жинастыру, жуу, қағу т.с.с. жатады. Мысалы; шаңсорғыштын көмегімен микробтардың 98% кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микроб мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы – тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады. Термиялық – бұл жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өндеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданылады. Дезинфекциялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенелер өледі. Сәулелер – ионды сәулелер әсері. Ультра күлгін сәулелерге әсіресе бактериялар мен вирустардың вегатативті формалары сезімтал (таяқшалар, кокктар). Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар тұрақты болып келеді. Ультракүлгін сәулелермен көбіне кең бөлмелерді зарарсыздандыруда қолданылады; микробиологиялық зертханалар, медициналық бөлмелердің, палаталардың ауасын т.б. гамма – сәулелердің жоғары антимикробты әсері бар. Ол барлық микроорганизмдердің, бактериялардың вегатативті түрлері мен спораларға, саңырауқылақтарға, вирустарға жоғары әсері бар. Қайнату - зарарсыздандырудың қиын емес түрі. Инелер, шприцтер, стерилизаторға салып, су құяды. Суға 1-2% натрий бикарбонатын қосқанда судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін тоттанудан қорғайды.  Күйдіру - (от жалының) ілмектерді, инелерді, пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.  Пастеризация - 70 - 80ºС-қа дейін (30 мин) қыздыру, бактериялардың вегатативті формаларын өлтіреді.  Тиндализация - 56°С температурада 5–6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі. 
Ылғалды булы - камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады. Кептіру - көптеген микрооргонизмднрді өлтіреді. Бірақ кейбір бактериялар, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегатативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды зертхана жағдайында концервациялау үшін кеңінен қолданылады.  
 

39.Вирустардың жіктелуінің және номенклатурасының заманауи принциптерін атаңыз.

Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:

• нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);

• липопротеидті қабатының болуы;

• вирус геномының стратегиясы;

• вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;

• генетикалық өзара әсерлесу феномендері;

• қабылдағыш иелер шеңбері;

• патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;

• географиялық таралуы;

• антигендік қасиеттері.

Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты
40.Антибиотиктердің жіктелуінің принциптерін атаңыз.

Антибиотиктер шығу тегі бойынша жіктелуі:

1)Табиғи- өсімдік пен жануар тіндерінен пайда болады.

2)Жартылай синтетикалық- табиғи молекула модификациясы арқылы алады.

3)Синтетикалық- жасанды түрде өндіріледі.

Антибиотиктердің әсер ету бағыты бойынша жіктелуі:

1)Антибактериалды

2)Саңырауқұлақтарға қарсы

3)Ісікке қарсы
41. Микроорганизмдер экологиясына анықтама беріңіз.

Микроорганизмдер экологиясы (oikos-грек сөзінен аударғанда – үй, тіршілік ету орны ) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіпті космоста да табылады. Микроорганизмдер – биоценоздың құрамдас бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы су қойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп: жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды. Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұрады. Олар адам организімінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.

42.Топырақ микрофлорасын сипаттаңыз.

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін - өзі тазарту процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд.-қа жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т.б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады. Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН- ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-450С температурада дамуға қабілетті. Топырақта азот бекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Топырақ- Bacillus және Clostridium туыстығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac.megaterium. Bac. subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың ыдырауына қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum). Ішек бактериялары ( тұқымдасы. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді.

Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.

Топырақтың санитарлық жағдайының және оның өзін өзі тазалау қасиетінің маңызды критериі болып топырақтың перфингенс-титрі болып табылады (топырақтың Clostridium perfringens анықталып жатқан минималды мөлшері). Топырақтың нәжістік ластануынан 4-5 айдан кейін эшерихиялар жойылады, ал клостридиялар 0,01 титрде анықталады. Перфрингенс-титрді Вильсон-Блер ортасына топырақтық суспензияны 10 есе сұйылтып терең егеміз. Термофильді бактериялар санын тығыз ортада 60°С та 1 тәулік бойы инкубациялап санаймыз. Ал нитрифицирлейтін бактериялар титрін топырақтық суспензияны 10-есе сұйылтып сұйық синтетикалық Виноградский ортасына егіп анықтаймыз. Жаңа нәжістік зақымдану көрсетеді: Термофильді бактериялардың анықталуы топырақтың көңмен, шыммен немесе ағын сумен ластануын және органикалық субстраттың ыдырау стадиясын көрсетеді. Нитрифицирлейтін бактериялардың пайда болуы өздігінен тазару процесінің дамуын көрсетеді. Өздігінен тазарудың толық бағасын беру үшін топырақта органикалық субстраттардың жылдам ыдырытатын микроорганизмдерді анықтаймыз:
43. Су микрофлорасын сипаттаңыз.

Су түрлi микроорганизмдар табиғи тiршiлiк ортасы болып табылады.

Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар, аэромонадалар және т.б), кокк тәрізді (микрококтар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар су қоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы организмдермен өңделетін,органикалық қалдықтардан өзін өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Адам мен жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк, клостридии) және ішек жұқпасының қоздырғыштары (іш сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспероз, энтеровирустар және т.б) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және жауын-шашын сулармен өзен, көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады.Кейбір қоздырғыштар суда көбейе алады (тырысқақ вибрионы, легионеллалар). Мұхит және теңіз суының микрофлорасының құрамында әртүрлі, жарқырауық және галофильді (тұз жақсы көретін) микроорганизмдер болады. Мысалы галофильді вибриондар молюскалар мен кейбір балық түрларін зақымдайды, оларды тамаққа қолданғанда тағамдық токсиноинфекция дамиды. Микроорганизмдер топырақтың жоғарғы қабатында болғандықтан, артезиан скважинасының суында микроорганимздер болмайды.

Суда өмір сүруге бейімделген микроорганизмдер кұрамында тұрақты болатын микроорганизмдерді судың арнайы флорасы деп атайды.. Оларға аэробты кокктар жатады: Micrococcus candicans, Micrococcus roseus, Sarcina lutea Pseudomonas fluorescens, Proteus , Leptospira өкiлдерi.

Таза ластанбаған сутоғандарында оттегiні қажетсінбейтін бактерия аз. Көбінесе Serratia marcescens, Bacillus cereus, Bacillus mycoides, Chromobacterium violaceum, Clostridium және басқалары болады.

Су түбінде және жағалаудағы аймақта микробтар саны көп болады, себебі жаңбыр суы және жағажайдың топырағынан бактериялардың көптеп түсуінен болады.

Судың микроорганизмдері табиғаттағы заттар айналымында түбегейлi рөл ойнайды. Су тоғандарындағы биологиялық белсенділік жазғы-күзгi мерзiмде ең жоғары дәрежеде болады.

Судың ластану аймақтарын сапробтық аймақтар деп атайды, олар - полисапробтық – ең ластнған аймақ (органикалық қалдық пен минерал қалдықтар), мезасапробтық – орташа ластанған аймақ, олигосапробтық аймақ – ең таза аймақ деп аталады.

Су түрлi микроорганизмдердің табиғи тiршiлiк ортасы болып табылады. Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады.

Судың сапробтық дәрежесі – су қоймасының органикалық заттармен ластану дәрежесі. Су қоймасының сапробтық дәрежесі онда тұратын сапробты организмдердің түрлік құрамымен анықталады.

Сапробтықтың шкаласы бойынша 3 аймақ ажыратылады:

1. полисапробты,

2. мезосапробты,

3. олигосапробты.

Полисапробты аймақтар - күштi ластанатын аймақтар. Судың 1 мл-дегі бактериялардың саны бұл аймақта миллионнан жетіп асады.

Мезосапробты аймақтар - орташа ластанған аймақтар.Микроорганизмдердің жалпы саны 1 мл-де 100-1000-ға жетеді.

Олигосапробты аймақтар – аз ластанған немесе таза аймақтар. Судың 1 миллитрiнде бактериялар саны 10-нан 100-ға дейiн болады. Су тазалығының жоғарғы дәрежесiмен ерекшеленедi.
44. Ауа микрофлорасын сипаттаңыз.

Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді және таяқша тәрізді бактериялар, клостридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорганизмдер өте аз.Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақытылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б байланысты болады. Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б. ) қолданылады.

Ауаны зерттеудің сандық микробиологиялық зерттеу әдісі тұндыру (седиментация), аспирация немесе фильтрация принциптеріне негізделген.

Седиментациялық әдіс. Қоректендіретін агары бар екі Петри табақшасын 60 минут бойы ашық күйде қалдырады содан соң термостатта 370С-да инкубациялайды. Нәтижелерді екі табақшадағы колониялардың жалпы санымен бағалайды: егер 250-ден аз колония табылатын болса ауа таза деп есептеледі, 250-500 колония орта дәрежеде ластанған, 500-ден көп колония ластанған деп есептеледі.

Аспирациялық әдіс. Ауаның микробтық өлшемін анықтайтын нақтырақ әдіс. Ауаның дақылдандырылуы құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі бір жылдамдықпен ауаны өткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта микробтық өлшемді мына формула бойынша санайды:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта