Главная страница

Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


Скачать 1.62 Mb.
НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Дата01.07.2021
Размер1.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаtest vop.docx
ТипДокументы
#222732
страница3 из 25
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

+азитромицин//

гентамицин

***

5 жастағы балада туберкулин сынамасының виражы анықталды. төменде көрсетілгендердің қайсысын бірінші жасау керек?//

Жалпы зәр анализі //

Қанның биохимиялық анализі//

+кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы//

Құрсақ қуысының ультрадыбысты зерттеуі//

Зәрді БК егу

***

10 жасар балада АҚ өлшеу кезінде 90 және 95 центил арасындағы белгі анықталды. Дәрігер тактикасы://

Бала сау, бақылауды қажет етпейді//

+балада жоғары қалыпты қысым, қауіп тобын бақылауына жатады//

Балада гипертензияның қатерлі формасы, шұғыл госпитализация қажет//

Балада қалыпты жоғары қысым, стационар жағдайында емдеу көрсетілген//

Жағдайы гипертониялық криз ретінде диагностикаланады, шұғыл көмек көрсету және стационарға госпитализациялау

***

Бала 8 жаста, буындарының ауырсынуына шағымданады. 2 апта бұрын стрептококкты баспамен ауырған. Қарау кезінде жағдайы орташа дәрежелі, тізе және балтыртабан буыны ұлғайған, ісінген, ауру әсерінен қозғалыс шектелген. Жүрек тондары: бірінші тон әлсіреген, ритм дұрыс, тахикардия, жүрек ұшында систолиялық шу. Жүректің шекаралары солға кеңейген. Болжамды диагноз «Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚАЖ 0» . дәрігердің тактикасы?//

+жедел госпитализация//

Үй жағдайындағы стационар, антибактериалды терапия және СЕҚҚП тағайындау//

Күндізгі стационар, антибактериалды терапия және СЕҚҚП тағайындау//

Үй жағдайындағы стационар, гормональды терапия

күндізгі стационар, гормональды терапия

***

Бала 13 жаста, диагнозы ревматикалық қызба. Соңғы жарты жылда аяғында ісік пайда бола бастаған, бауыры 4 см дейін ұлғайған, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Балада негізгі ауруының қандай асқынуы пайда болуда?//

Жіті солжаққарыншалық жеткіліксіздік//

Жіті оңжаққарыншалық жеткіліксіздік//

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі//

+жіті тотальды жүрек жеткіліксіздігі//

Септикалық эндокардит.

***

6 айлық бала омыраумен тамақтанады. Дамуы қанағаттанарлық. Осы жағдайда тамақтану бойынша қандай ұсыныс тиімді?//

Сәбіз шырынын қосу//

Қосымша тамақтауды жарма ботқасынан бастау//

+көкөніс езбесін қосу//

рационға дайын ет езбесін қосу//

сүзбе беру

***

Анастасия 7 айлық, дене салмағы 10000 г (болу керек салмағы 8400). Жасанды тамақтанады, бала күніне 400мл бейімделген қоспа және 600гр ботқа (жарма, күріш, жүгері). Осы жағдайда бала тамақтануы бойынша сіздің ұсынысыңыз?//

коррекция қажет етпейді, бала рационын өзгеріссіз қалдыру//

қоспа көлемін 1000 мл ге ауыстыру, қосымша тағамды 9 айлық жасында беру//

тамақтану схемасын өзгеріссіз қалдыру, бірақ 600 гр ботқа көлемін сұлы, қарақұмық, жүгеріге ауыстыру//

+тәулігіне 600 мл бейімделген қоспа, ботқа күніне 1 реттен жиі емес, рационға көкөніс езбесін қосу//

Бейімделген қоспаны сиыр сүтіне сол көлемде ауыстыру, ботқа күніне 1 реттен жиі емес, рационға көкөніс езбесін қосу

***

Балаға 3,5 ай, ЖРВИ және отит өткерген. Енжар емеді. Гипотрофия ІІ дәрежесі диагностикаланған. Стандартты бейімделген қоспаны алады. аралық тамақтану этапында баланы тамақтандырудың дұрыс тәсілін таңдаңыз?//

Ақуыз бен көмірсуды болу керек салмағына , майды – қазіргі салмағына өлшеу//

Барлық ингредиенттерді болу керек салмағына өлшеу//

+Барлық ингредиенттерді қазіргі салмағына өлшеу//

Тамақтану коррекциясы үшін рационға ботқа қосу//

донорлық сүтті тағайындау

***

Дима 8 жаста. Шағымы дене температурасыеың субфебрилді санға дейін жоғарылауы, әлсіздік, жөтел, салмақ жо,алтқан. 2 айдан бері ауырады, ең алғаш әлсіздік, тәбетң төмендеген, бас айналу байқалған, есінен танған. ЖҚА - - Нв 98г/л, лейкоциттер - 2,8х109/л, ЭТЖ 20мм/с, тромб. 98мың. т/1, с/12, л/25, бласттар 12%. Жіті лейкоз диагнозын нақтылау үшін келесі зерттеуді жүргізу керек://

Биохимиялық зерттеу//

ЭКГ//

Құрсақ қуысы ағзаларынығ УДЗ//

+сүйек кемігі пункциясы//

Кеуде клеткасының рентгенографиясы

***

Бала 6 жаста, Минковский-Шоффар анемиясы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Ауру жиі гемолитикалық кризбен өтеді. Науқасты ары қарай жүргізу үшін қандай тактика тиімді?//

+спленэктомия//

Дәрумендер тағайындау//

Темір препараттарын қабылдау//

Фолий қышқылын қабылдау//

Жаңа мұздатылған плазма құю

***
9 жасар қыз бала эндокриногқа жіберілді. Құйылу сезімі, тершеңдік мазалайды. 3 айда 5 кг азған. Обьективті қарауда: эмоционалды тұрақсыз, қозған,жылауық. Қимылдау белсенділігі жоғарыла,ан – қол саусақтарының майда треморы байқалады. Тері жабындылары ылғалды, ұстағанда ыстық, төмен қарағанда над радужкой склера аймағы көрінеді. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыз эластикалы консистенциялы, без астынан тамырлық шу естіледі. Тыныштықта тахикардия, жүрек шекаралары солға кеңейген, жұрек ұшы түрткісі күшейген. Нәжіс жиі. Болжамды диагноз қойыңыз://

пароксизмальды тахикардия//

+диффузно-токсикалық зоб//

гипотиреоз//

эутиреоидты зоб//

мишық атаксиясы

***

Ұл бала 8 айлық, бірінші жүктіліктен мерзіміне, дейін. Туғандағы салмағы 2300 гр, бойы 45 см. Жүктіліктің бірінші жартысында анасы тұмаумен ауырған. Туғаннан бастап балада іш қату, даусының төмендеуі, адинамия. Қарау барысында: басын ұстамайды, тістері жоқ, терісі құрғақ, бұлшықеттік гипотония, тері асты май қабатының ісінуі, тілінің ұлғаюы. Жүрек тондары тұйықталған. Бауыры қабырға асты доғасынан 4 см-ге шыққан. Дене салмағы 6 кг, бойы 59 см. Қан талдауында: холестерин-10,8ммоль/л, глюкоза-3.4ммоль/л, ақуыз-89г/л; Білезік буынының рентгенограммасында: сүйек дефференциациясы құрсақішілік дамудың 9 айлығына сәйкес. Ең ықтимал диагноз://

Хашимото тиреоидиті//

туа пайда болған гипотиреоз//

эндемиялық зоб//

+туа пайда болған микседема//

тиреотоксикоз

***

Бала 4 жаста, клиникаға бел аймағындағы көбінесе оң жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті, Т 37,5С, бұлынғыр зәр бөлінеді. Анамнезінде екі апта бұрын ішек инфекциясымен ауырған. Объективті: уыттанудың орташа айқын симптомдары, ісіну жоқ, пальпация кезінде оң жақ бүйрек проекциясында ауырсыну байқалады, АҚ 90/60 мм с.б. ЖҚА: лейкоциттер 16*109/л, ЭТЖ 35 мм/час, ЖЗА: ақуыз 0,66 г/л, лейкоциттер барлық көру аймағында, эритроциттер 3-4 к/а,гиалинді цилиндрлер бірең сараң. Науқаста ең ықтимал диагноз://

нефроптоз//

зәртас ауруы//

+жедел пиелонефрит//

созылмалы пиелонфрит//

жедел гломерулонефрит

***

1,5 жастағы балада айқын сүйектік рахиттік өзгерістер көрінеді. Анамнезінде – омыраумен емізу, күтімі қалыпты, Д дәруменімен алдын алу жүргізілген. Бүйрек УДЗ-туа пайда болған патология жоқ. Зәр талдауында – ерекшеліксіз. Бүйрек қызметі сақталған. Қанның биохимиялық талдауында: Р – 0,6 ммоль/л, Са – 2,5 ммоль/л. Науқаста ең ықтимал диагноз://

Дәрумен Д – дефицитті рахит, қалдық көріністер//

+Дәрумен Д – резистентті рахит (фосфат-диабет)//

СБЖ сатысындағы ренальды остеопатия//

жедел гломерулонефрит//

хондродистрофия

***

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы баланы санаторлы-курорттық емге жіберуге қарсы көрсеткіш болып табылады://

гипотоникалық тип бойынша вегетотамырлық дистония//

IA дәрежелі гипертониялық ауру//

I Б дәрежелі гипертониялық ауру//

IIA дәрежелі гипертониялық ауру//

+генезіне тәуелсіз екіншілікті гипертензия

***

Баладағы жедел аурулар жиілігінің индексі 0,5. Сіздің бағаңыз://

резистентілігі жоғары//

резистентілігі жақсы//

резистентілігі төмендеген//

+резистентілігі төмен//

резистентілігі өте төмен

***

Жиі ауыратын балалар қандай денсаулық тобына кіреді://

I топ//

IIА тобы//

+II Б тобы//

III топ//

IV топ

***

14 жастағы бала ауруханадан «Қайталамалы ревматикалық қызба, кардит,қосарланған митральды клапан ақауы, ҚЖ I дәр.» диагнозымен шығарылды. Балаға қай уақыт аралығында диспансерлік қадағалау жүргізу қажет?//

2 жыл аралығында//

3 жыл аралығында //

5 жыл аралығында //

диспансерлік тіркеуге жатпайды//

+тіркеуден шығарылмайды, поликлиникада жасөспірім кабинетіне берілгенге дейін қадағаланады.

***

Кіші қан айналым шеңберінің кедейленуімен жүретін ақаудың коррекциясынан кейін жалпы топтағы балаларға дене шынықтырумен айналысуға рұқсат беріледі://

оперативті емнен соң 6 айдан кейін//

оперативті емнен соң 12 айдан кейін //

оперативті емнен соң 2 жылдан кейін//

оперативті емнен соң 3 жылдан кейін//

+жалпы бағдарлама бойынша дене шынықтырумен айналысу тұрақты қарсы көрсеткіш болып табылады.

***

Кіші қан айналым шеңберінің кедейленуімен жүретін ақаулардың оперативті емінен кейін мектепке баруға рұқсат етіледі://

дереу ауруханадан шығарылғаннан кейін//

шығарылғаннан кейін 1 айдан соң//

шығарылғаннан кейін 3 айдан соң //

шығарылғаннан кейін 6-12 айдан соң //

+үй жағдайында оқытылу ұсынылады

***

ДДСҰ ұсынысы бойынша жасөспірімдер гипертензиясының унифицирленген жалпыға бірдей критериі болып табылады://

АҚ 100/65 дәреже//

АҚ 110/70 дәреже//

АҚ 120/80 дәреже//

АҚ 130/85 дәреже//

+АҚ 140/90 дәреже

***

ҚР ДСМ соңғы ұсынысы бойынша өмірінің бірінші жылындағы сау балаға қасымша тамақтану мына уақыттан ерте берілмеу қажет://

өмірінің 3 айында//

өмірінің 4 айында//

өмірінің 5 айында//

өмірінің 6 айында//

өмірінің бірнінші жылында қосымша тамақтану ұсынылмайды

***

Профилактикалық қарауда 3 айлық бала. Тексеру барысында шағымдары жоқ. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. анасының ауруына байланысты бала жасанды тамақтануға ауыстырылды. Көлемді есептеу әдісі бойынша бала қанша көлемде қоспа алу қажет://

дене салмағының 1/5//

+дене салмағының 1/6//

дене салмағының 1/7//

дене салмағының 1/8//

дене салмағының 1/9

***

Бала 4 айлық, краниостеноз бойынша невропотологтың тіркеуінде тұр. Рахиттың алдын алу шараларын қалай жүргізесіз://

Минимальды дозадағы Д дәруменімен //

Максимальды дозадағы Д дәруемнімен //

УФС-мен бірге минимальды дозадағы Д дәрумені //

УФС-мен бірге максимальды дозадағы Д дәрумені //

+ алдын алудың тек бейспецификалық тәсілдері көрсетілген//

***

Емізулі әйелде бір жақ омырауында тығыздалу пайда болды. Сауған кезде сүт түсі өзгеріссіз, қан мен ірің жоқ. Баланы емізудің тиімді тәсілін көрсетіңіз.//

омыраумен емізуге тыйым салу//

сауылған пастерильденген омырау сүтімен тамақтандыру//

+Омыраумен емізу, қалдығын сауып тастау//

омыраумен емізуді жалғастыру, балаға антибиотик тағайындау//

Тек сау жақпен емізу

***

1 жасар баланы қарап тексергенде «Секреторлы диарея» диагнозы қойылды. Бастапқы кезеңде салмақ тастауы 6%. Балаға оральды регидратациның бірінші кезеңінде сұйықтықты қандай көлемде тағайындау керек?//

20 мл/кг//

30 мл/кг//

50 мл/кг//

+80 мл/кг//

осы уақыттағы сусыздануда оральды регидратация жүргізгеннен көмек жоқ, инфузионды терапия көрсету керек

***

12 айлық бала, дене салмағы 9000гр. Анасы дәрігерге 3 күннен бері сұйық нәжіске шағымданып келді. Дәрігер қарап тексеріп, аздаған сусыздану белгілерін анықтап, оральды регидратация тағайындады. Балаға оральды регидратация жүргізуде сұйықтықты қандай көлемде тағайындау керек?//

50 мл/кг//

+75 мл/кг//

100 мл/кг//

20 мл/кг//

150 мл/кг

***

Б жоспары бойынша 12 айлық балаға оральды регидратация жүргізу барысында 1реттік құсу байқалды. Дәрігердің әрекеті://

+10минут күте тұрып, ОР жалғастыру, бірақ баяулау//

ОР тоқтатып, ерітінділерді тамыр ішіне құюға көшу//

құсып болысымен ОР жалғастыру, бірақ баяулау//

сұйықтық көлемін 100мл- ге көбейтіп, регидратацияны жедел түрде жалғастыру//

сұйықтық көлемін 100мл- ге көбейтіп, регидратацияны құсып болған соң 30 минуттан кейін бұрынғы қалыппен жүргізу

***

Б жоспары бойынша 12 айлық балаға оральды регидратация жүргізу барысында тоқтаусыз құсу байқалады. Дәрігердің әрекеті://

10минут күте тұрып, ОР жалғастыру, бірақ баяулау//

+ОР тоқтатып, ерітінділерді тамыр ішіне құюға көшу//

құсып болысымен ОР жалғастыру, бірақ баяулау//

сұйықтық көлемін 100мл- ге көбейтіп, регидратацияны жедел түрде жалғастыру//

сұйықтық көлемін 100мл- ге көбейтіп, регидратацияны құсып болған соң 30 минуттан кейін бұрынғы қалыппен жүргізу

***

6 айлық бала А жоспары бойынша – диареяны үй жағдайында ем алып жатыр. Баланың анасына тағамдану бойынша қандай нұсқаулық бересіз?//

баланы қатаң түрде сағат бойынша емізу, міндетті түрде түңгі үзіліспен//

+ балаға жиі емшек беру және ұзағырақ емізу//

балаға жиі емшек беру, бірақ әрбір емшек беру уақытын қысқарту//

күнделікті емізу тәртібін сақтап, түңгі үзіліспен//

баланы ауырып жатқанда төменгі молекулярлы қоспаға ауыстыру

***

8 айлық бала сұйық нәжіске шағымданып жалпы практикалық дәрігерге келді. Қарап тексергенде аздаған сусыздану белгілері байқалады. Баланың анасына тағамдану бойынша қандай нұсқаулық бересіз?//

баланы қатаң түрде сағат бойынша емізу, міндетті түрде түңгі үзіліспен//

+баланың қалауы бойынша емізуді жалғастыру//

балаға жиі емшек беру, бірақ әрбір емшек беру уақытын қысқарту//

күнделікті емізу тәртібін сақтап, түңгі үзіліспен//

баланы ауырып жатқанда төменгі молекулярлы қоспаға ауыстыру

***

Жалпы практикалық дәрігерге 3 жасар қыздың анасы 3 аптадан бері мазалайтын сұйық нәжіске шағымданып келді. Қарап тексергенде анықталды: баланың жағдайы ауыр, тежелген, реакцияларға әлсіз жауап береді, көзі төмен түскен, сұйықтықты нашар ішеді, тері қабаттары өте баяю жазылады. Нәжісінде қан қоспалары жоқ. Сіз ауруды қалай жіктейсіз?//

ауыр сусыздану//

аздаған сусыздану//

сусыздану жоқ//

+ауыр созылыңқы диарея//

созылыңқы диарея

***

Жанұялық дәрігерге 10 айлық баланың анасы келді, дене салмағы 8кг. 15 күннен бері сұйық нәжіс мазалайды. Қарап тексергенде баланың жағдайы қанағаттанарлық, тыныш, сұйықтықты жақсы ішеді, бірақ шөлдеу белгілері жоқ, тері қабаттары тез жазылады. БЖАҮЖ бойынша баланың жағдайын калай жіктейсіз?//

ауыр сусыздану//

аздаған сусыздану//

сусыздану жоқ//

дизентерия//

+созылыңқы диарея

***

Алия, 3 айлық. Анасы жалпы тәжірбиелік дәрігерге 3 күннен бері дене температурасының 39 дейін көтерілуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: тыныс жиілігі 70рет минутына, кеуде торының тартылуы анықталады, бала ұйқышыл, емшекті әлсіз емеді. Құсу және тырысулар болмады. БЖАҮЖ бойынша баланың жағдайын калай жіктейсіз?//

+ауыр пневмония немесе өте ауыр жағдай//

пневмония//

Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//

Пневмония жоқ, астмоидты тыныс//

БЖАҮЖ классификациясына сәйкес келетін мәліметтер аз

***

Галия, 6 айлық, баланың салмағы 8 кг, дене қызуы 38 градус. Анасының айтуы бойынша, 2 күн бойы жөтел мазалайды, үнемі емшек қажет етеді, құсу және тырысулар болмады. Қарап тексергенде бала есі анық, қарағанда жылап жауап береді, тыныс жиілігі тыныштықта 58, кеуде торының тартылуы жоқ. БЖАҮЖ бойынша баланың жағдайын калай жіктейсіз?//

ауыр пневмония немесе өте ауыр жағдай//

+пневмония//

Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию//

Пневмония жоқ, астмоидты тыныс//

БЖАҮЖ классификациясына сәйкес келетін мәліметтер аз

***

5 жасар қыз бала клиникаға мына диагнозбен түсті: паротитті инфекция, комбинирленген формасы: паротит + менингит. Зерттеу іс-шарасында ең маңызды әдісті көрсетіңіз://

жалпы қан талдауы//

зәрді диастазаға зерттеу//

+люмбальді пункция//

қанды диастазаға зерттеу//

компьютерлі томография

***

Қайрат 2 жаста, аурудың бірінші күні. Т- 400С, үшреттік құсу, табиғи қатпарларда эритематозды фонда қалыңдаған майда нүктелі көкшіл түсті бөртпелер, мұрын-ауыз үшбұрышының ағаруы. Іріңді баспа. Жүрек тондарының тұйықталуы. Есі тежелген, гепатомегалия. Болжамды диагноз: Жәншәу. Ем тағайындаңыз://

ПДС, дезинтоксикация//

+пенициллин б/е, дезинтоксикация, преднизолон//

гентамицин энтеральді, дезинтоксикация//

пенициллин т/і, дезинтоксикация, интерферон б/е//

левомицитин ауыз арқылы, гормондар

***

12 айлық қыз бала "Энтеровирусты инфекция, серозды менингит" диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ауруға дейін 4 күн бұрын герпетикалық баспамен ауырған апасымен қатынаста болған. Этиологиялық диагнозды қай лабораторлық әдіс нақтылайды://

ЖҚТ и ЖЗТ//

Нәжістің бак себіндісі//

+жұптық сарысуда антидене титрінің жоғарылауы//

ликворограмма//

лабораторлы жануарлардың жұқпасы

***

5 жасар бала айран ішкеннен кейін жедел түрде ауырды. Ішінде ауру сезімі, көп мөлшерлі құсу, тәулігіне 5 ретке дейін сұйық қан аралас шырышты нәжістің болуы. Іші жұмсақ, сигматәрізді ішек спазмдалған. Сіздің диагнозыңыз://

эшерихиоз//

+дизентерия//

стафилококкты энтероколит//

протеоз//

сальмонеллез

***

9 жастағы бала ауыз-жұтқыншақтың токсикалық күлі, II дәрежелі, ерте миокардитпен асқынған, ем тағайындаңыз://

корглюкон, допамин//

гепарин, магний сульфаты//

стрихнин, кордиамин. АТФ//

+стрихнин, кордиамин, АТФ, ККБ, преднизолон, антибиотики//

стрихнин, кордиамин, АТФ, ККБ, Преднизолон

***

Балада ауыз-жұтқыншақ күлі, II дәрежелі. Күлге қарсы сарысуды енгізген кездегі анафилактикалық шоктың алдын алу үшін қай тәсілмен енгіземіз://

Цуверкалова//

Пастиа//

+Безредко//

Нисевич//

Дэвидсона

***

10 жастағы қыз бала аурудың 10-шы күнінде кіші дәреті қарайып кеткен, тері қышымасы мазалайды. Бауыры қабырға доғасының астыңғы жағында 3 см-ге, көкбауыры қабырға ұшында пальпацияланады. Іштің ортаңғы сызығында – операциядан кейінгі тыртық. Сіздің диагноз://

+вирусты гепатит В//

вирусты гепатит А//

сепсис//

иерсиниоз//

перитонит
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


написать администратору сайта