Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 деңгей -4

  • 2 денгей -10

  • 3 денгей -6

  • Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


    Скачать 1.62 Mb.
    НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
    Дата01.07.2021
    Размер1.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаtest vop.docx
    ТипДокументы
    #222732
    страница9 из 25
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

    3 денгей-4

    7.К., науқас ЖҚЖ (СКВ) мен ауырады. Клиникаға ентігу, бас айналу, журек қағу, бас ауруға шағымданып түсті. Объективті: тері және склер сарғаюы, гепатомегалия, спленомегалия, жүрек ұшында систоликалық шуыл, тахикардия. Қанында: эритроциттерге антиденелер. ЖҚА: жалпы холестерин 3,9 - 5,2 ммоль/л, жалпы билирубин 41,5 мкмоль/л, тіке билирубин 0,1 мкмоль/л, тіке емес билирубин 41,4 мкмоль/л, гемоглобин 80 г/л, уробилин +++. ЖЗА: түсі қанық сары, ақуыз жоқ, уробилин +++. Неғұрлым болжамды диагноз:

    1. Маркиафавы-Микели синдромы

    2. Аутоиммунды гемолитикалық анемияның салдарынан дамыған гемолитикалық сарғаю

    3. Жедел гепатитсалдарынан дамыған паренхиматозды сарғаю

    4. Токсикалық әсер салдарынан дамыған  бауыр-жасушалы сарғаю

    5. Шенлейн-Генох ауруы

    ANSWER:B

    8. 5 жасар бала әлсіздікке, дене қызу көтерілуі, аяқтары ауруына шағымданды. Анамнезінде: 3 ай бойы тез шаршайды, тәбеті төмендеді. Лимфа бездері ұлғайып, қызуы 39,3 дейін көтеріліп жағдайы 10 кунде нашарлады. Қарағанда: жағдайы ауыр, интоксикация симптомдары бар. Аяқтарында және ауыз қуысының кілегей қабатында айқын геморрагический синдром. 1 см дейін тығыз, ауырсынусыз жақ асты, мойын, шап лимфа туйіндері пальпацияланады. Бауыры +4 см, талағы + 2 см қабырға доғасынан төмен. ЖҚА: гиперлейкоцитоз 200 000/мкл дейін, бластылар 76%, анемия, тромбоцитопения. Миелограммада: бластылар 96%, эритроидты өсіндісі 1%, нейтрофильды өсіндісі 3%, мегакариоциттер жоқ. Диагноз қойыныз:

    1. жедел лимфобластты лейкоз

    2. созылмалы лимфобластты лейкоз

    3. Ходжкина лимфомасы

    4. Ходжкин емес лимфома

    5. апластикалық анемия

    ANSWER:A

    9. 7 жасар бала тамағы ауруы, жақ асты, мойын, лимфа туйіндері ұлғаюы, ауырсынуы, қызба, терілік папулезді бөртпелерге шағымданады. Қарағанда: спленомегалия. ЖҚА: лимфоцит, плазматикалық клеткалар саны көбеюімен лейкоцитоз, атипиялы мононуклеарлар 10 % тен жоғары. БХА-де: АлАТ, АсАТ көрсеткіштері жоғары. Болжамды диагноз қойыңыз:

    1. «Мысық тырнауы» ауруы

    2. Иерсиниоз

    3. Инфекционды мононуклеоз

    4. Аденовирусті инфекция

    5. Жедел лимфобластты лейкоз

    ANSWER:C

    10. Қабылдауға 13 жастағы қыз бала лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып келді. Анамнезінен: 1 ай бұрын лимфа түйіндерінің ұлғаюына байланысты мойын лимфаденит диагнозы қойылып, антибактериалбды ем тағайындалған,нәтижесі жоқ, физиотерапия лимфа түйіндерінің прогрессивті өсуіне алып келген. Қараған кезде мойын конфигурациясы, сол жақ мойын лимфа түйіндерінің конгломераты, өлшемі 5,0 х 7,0 см, ішінде өлшемі 1,0х1,5 см бөлек-бөлек лимфа түйіндері пальпацияланады, ауырсыну бар. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы. Лимфа түйінінің пунктатында Березовский-Штернберг жасушалары анықталады. Диагноз?

    1. Жедел лимфобластты лейкоз

    2. Жедел миелобластты лейкоз

    3. Ходжкин лимфомасы

    4. Гистиоцитоз.

    5. Созылмалы миелобластты лейкоз

    ANSWER:C
    НЕФРОЛОГИЯ

    2 деңгей -4

    1. Зәр жүйесі инфекциясының ең жиі қоздырғышы:

    1. стафилококк

    2. стрептококк

    3. ішек таяқшасы

    4. гемофильді таяқша

    5. клебсиелла

    ANSWER:С

    2.Емшек жасындағы балаларда зәр жүйесінің инфекциясының клиникалық манифестациясын көрсетіңіз:

    1. Фебрильды қызба

    2. Полиурия

    3. Энурез

    4. Іш ауырсынуы

    5. Цианоз

    ANSWER:A

    3. Төменде көрсетілгендерден гломерулонефриттің экстраренальды белгілеріне не жататынын көрсетіңіз:

    1. Цилиндрурия

    2. Эритроцитурия

    3. Протеинурия

    4. Гипертензия

    5. Гематурия

    ANSWER:D

    4. Гломерулонефриты бар балаларда глюкокортикоидтардың ең ықтимал емдік әсерінің механизмі:

    1. Жасушалар бөлінуінің бұзылысы

    2. Кардиопротективті әсер

    3. Иммунитетті белсендіргіш әсер

    4. Айқын қабынуға қарсы әсер

    5. Зәр айдағыш әсер

    ANSWER:D

    3 деңгей-4

    5. 14 жасар қыз балада, жалпы несеп анализінде – лейкоциттер 5-6 в к/ай. Осы пациентке қатысты қандай тактика дұрыс болады?

    1. Патология жоқ, анализін қайталау

    2. Фурагин тағайындау

    3. Гинеколог кеңесі

    4. Антибиотик тағайындау

    Е. Цистограф

    6. Бала 12 жаста. Профилактикалық тексеруде протеинурия мен лейкоцитурия анықталған. Соңғы 2 жылда лейкоцитурия қосылған. АҚҚ- 130/90мм с.б.б. Жалпы жағдайы өзгермеген. Тері және кілегей қабаттары бозғылт, қабағы ісіңкі. Биохимиялық қан анализінде: жалпы белок-62г/л, мочевина-7,84ммоль/л, креатинин-140мкмоль/л. Жалпы зәр анализінде: меншікті салмағы-1020, ақуыз-1г/л, макрогематурия, гиалинді цилиндр-10к/а. Сіздің болжам диагнозыңыз:

    1. Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымы

    2. Жедел пиелонефрит, активті фаза

    3. Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

    4. Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром

    5. Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма

    ANSWER:C

    7. 10 жасар балада бетінің, аяқтарының айқын ісінуі, асцит, олигоурия анықталды. Несіп анализінде протеинурия 6,0 г/л, қан б/х анализінде – гипопротеинемия, гиперлипидемия. Диагноз:

    1. пиелонефрит

    2. нефритикалық синдроммен гломерулонефрит

    3. цистит

    4. тұқым қуалайтын нефрит

    5. нефротикалық синдромды гломерулонефрит

    ANSWER:E

    8. Бала 3 жаста. Ауруханаға бетінің, балтырларының ісігіне және асцитке шағымданып бірінші рет түсті. АҚ 90/60 мм рт ст, несепте белоктың мөлшері 3,3 г/л, эритроциттер саны 3-5 к/а, лейкоциттер 2 к/а., түйіршікті цилиндрлер 5-6 к/а., қанда жалпы белок 50 г/л, холестерин 9 ммоль/л. Қандай ауру болуы мүмкін:

    1. Пиелонефрит

    2. несептас ауруы

    3. жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдроммен

    4. жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдроммен

    5. интерстициальды нефрит

    ANSWER:D

    ЭНДОКРИНОЛОГИЯ

    2 деңгей -2

    1. Инсулинтерапиясының асқынуына жатады?

    1. Кетоациботикалық кома

    2. Гипергликемиялық кома

    3. Сомоджи синдромы

    4. Нобекур синдромы

    5. Менкеберг атериосклерозы

    ANSWER:C

    2. Пубертаттық кезеңдегі гипоталамиялық синдромға тән симптом?

    1. Жыныстық жетілуінің жылдамдауы

    2. Терінің гиперпигментациясы

    3. Дислипопротеинеия

    4. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

    5. Стриялар

    ANSWER:E

    3 деңгей -4

    3. Қыз бала 16 жас, семіздіктен зардап шегеді ( салмағы 116кг, бойы 172см).Ретсіз менструация, бас ауруы, терісінде алқызыл жолақтар. 5 жылдан бері артық салмақ. Диета сақтамаған. АҚҚ-160/100 мм.сб.бағ.. Болжам диагноз:

    1. Микроролактинома

    2. Семіздік

    3. Иценко-Кушинга ауруы

    4. Иценко-Кушинга синдромы

    5. Пубертатты кезеңдегі гипоталамиялық синдром

    ANSWER:E

    4.15 жастағы науқас қозғыштық, салмағының төмендеуі, шаршағыштық, жүрек соғуына, жүрек жұмысының өзгеруіне шағымданып келді. Қалқанша безінің пальпациясында 2 бөлігінде ұлғайған, жұмсақ, эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз. Көздік симптомдар оң: экзофтальм, жиі көз жыпылықтату, конвергенция бұзылысы. Пульс 110 соққы минутына. УДЗ кезінде қалқанша безінің диффузды ұлғаюын, көлемі-25мм. Бұл науқаста қандай ауру болуы мүмкін?

    1. Жедел тиреоидит

    2. Қалқанша безінің рагы

    3. Де Кервена тиреоидиті

    4. Диффузды-токсикалық зоб

    5. Тиреотоксикалық аденома

    ANSWER:D

    5.Науқас К 15 жаста, шаршағыштық, әлсіздік, буындардағы ауырсыну және қалқанша без аймағындағы жағымсыз сезімдер-қысым сезімі, тамақтағы бөгде дене сезімі мазалайды. Қалқанша безі УДЗ кезінде без эхогенділігі төмендеуі және айқын диффузды өзгерістер. Мүмкін болатын диагноз:

    1. Қалқанша без қатерлі ісігі

    2. Аутоиммунды тиреоидит

    3. Біріншілік гипотиреоз

    4. Екіншілік гипотиреоз

    5. Диффузды токсикалық жемсау

    ANSWER:B

    6.Науқас Ю, студент 17 жаста, «жедел жәрдеммен» қабылдау бөліміне ессіз жағдайда жеткізілді. Туысқандарының айтуы бойынша, соңғы күндері әлсіздік, шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа шағымданған, сұйықтық көп ішкен. Дәрігерге қаралмаған. 3 апта бұрын басынан ауыр ЖРВИ өткізген. Объективті: науқас ессіз. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне әлсіз жауап береді. Тері жамылғылары құрғақ, тері тургоры төмендеген. Көз алмасы пальпацияда жұмсақ. Аузынан ацетон иісі шығады. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ-120 рет/мин. АҚҚ-80/40 мм.сб.бағ. Тынысы шулы, жиі. ТЖ-26 рет/мин. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған, кілегей қабаты құрғақ. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасында. Мүмкін диагноз:

    1. Қант диабеті ІІ тип, алғаш анықталған Лактоацидотикалық кома

    2. Қант диабеті І тип, алғаш анықталған Гиперосмолярлы кома

    3. Қант диабеті І тип, алғаш анықталған Гипогликемиялық кома

    4. Қант диабеті ІІ тип, алғаш анықталған Гипергликемиялық кома

    5. Қант диабеті І тип, алғаш анықталған Кетоацидотикалық кома

    ANSWER:E

    Педиатриялық бөліміндегі медициналық құжаттардың ұйымдастыру және жүргізу

    1 денгей -2

    1. ЖРВИ мен ауырған 5 жасар баланың анасы ЖТД дәрігерге келді. Қандай медициналық құжат толтырылады?:

    1. науқастың медициналы амбулаторлы картасы(Ф 025/у-04);

    2. дәрігерлік аймақтық паспорты ( санақ Ф 030/у);

    3. дәрігердің үйге баруы, поликлиникалық есеп қағазы ( Ф 039/у-02);

    4. диспансерлік бақылау картасы ( Ф030/у) ;

    5. инфекциялық ауру туралы шұғыл хабарлама ( 058/у);

    ANSWER:A

    2. Нормативті құжаттарға сай жалпы дәрігердің жұмыс уақытының ұзақтығы:

    1. күніне 3 сағаттан кем емес;

    2. күніне 4 сағаттан кем емес;

    3. күніне 5 сағаттан кем емес;

    4. күніне 6 сағаттан кем емес;

    5. күніне 8 сағаттан кем емес;

    ANSWER:E

    3. 3 жастағы баланы бала бақшаға орналастыруға қандай құжаттандыру қажет?

    1. 025 ф

    2. 112/у

    3. 026/у

    4. 025-2/у

    5. 030ф/у

    ANSWER:C

    4. Саша 9 жаста емдеу-сауықтыру лагеріне жолдама алу үшін ЖТД дәрігерінің қабылдауына келді. Осындай жағдайда қандай құжаттама толтырылады?

    1. 076у

    2. 072у

    3. 074у

    4. 077у

    5. 079у

    ANSWER:D

    2 денгей -10

    5. Бала 9 жаста ауруханадан тыс пневмония бойынша стационардан шығарылды, анасының күтімі қажет. Анасының уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріле ме?

    1. берілмейді;

    2. 5 күннен артық емес;

    3. 7 күннен артық емес;

    4. 10 күннен артық емес;

    5. 14 күннен артық емес;

    ANSWER:D

    6. ҚР-дағы алғаш медициналық санитарлық көмек ұйымының стандартына сәйкес дәрігерді үйге шақырту көрсеткіш болатыны:

    1. жедел патологиялық жағдаймен науқастың өзіндік қаралуына кедергі болатын жағдайлар;

    2. қоршаған ортаның шынайылығын қабылдау өзгерістері және психологиялық қолайсыздықпен жүретін жағдайлар;

    3. науқастың өзін ұстауының девиантты формасына тән жағдайлар;

    4. науқастарға арналған санитарлық ағарту жұмыстарын талап ететін жағдайлар;

    5. науқастарды әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жағдайлар;

    ANSWER:A

    7. Қолданыстағы нормативтік құжаттардың мазмұнына сәйкес, тіркелген халықты аймақтық қызмет көрсету аймағына бөлу туралы шешімді кім қабылдайды?

    1. облыстық акимат өкілі;

    2. қалалық акимат өкілі;

    3. областық денсаулық сақтау орталығының басқармасы;

    4. денсаулық сақтау ұйымының басшысы;

    5. тіркелген халықтың сұранысымен белгіленеді;

    ANSWER:D

    8. ЖТ дәрігер 1 жасқа дейінгі балаларды қарау кезінде ф112/у этаптық эпикризді қай мерзімде толтырады?

    1. Кварталына бір рет;

    2. Жарты жылда бір рет;

    3. Ай сайын;

    4. Жылдың соңында;

    5. Жылына 3 рет;

    ANSWER:A

    9. Бала консервіленген баклажаннан уланып, ЖТД-ға қаралды. Инфекциялық ауру туралы қандай форма және қайда жолданады?

    1. ф.063/у бактериологиялық лабораторияға;

    2. ф.030/у дезинфекция станциясына;

    3. ф.112/у денсаулық сақтау басқармасына;

    4. ф.058/у аймақтық СЭС-ке;

    5. ф.057/у аймақтық СЭС-ке;

    ANSWER:D

    10. Н., есімді 29 жастағы әйел жаңа туған нәрестесімен босану үйінен шықты.Қанша уақыт аралығында дәрігер нәрестенің біріншілік патронажын өткізу керек?

    1. босану үйінен шыққан соң бірінші күні;

    2. босану үйінен шыққан соң 2 тәулік ішінде;

    3. босану үйінен шыққан соң 3 тәуліктен кеш емес;

    4. босану үйінен шыққан соң 5 күн ішінде;

    5. босану үйінен шыққан соң 3 тәуліктен кейін;

    ANSWER:C

    11. Алина 3 жаста, алғаш рет балабақшаға баратын болды. Мектепке дейінгі мекеменің жоспарлы профилактикаға арналған есеп формаларын атаңыз

    1. ф.063/у және ф.026/у;

    2. ф.026/у және ф.112/у;

    3. ф.063/у және ф.058/у

    4. ф.026/у және ф.112/у;

    5. ф.063/у және ф.058/у;

    ANSWER:A

    12. 8 күндік баланың анасында ауыр дәрежелі анемия. Дәрігер нәрестенің қауіп тобын қай құжатқа толтырады?

    1. ф.063/у;

    2. ф.030/у;

    3. ф.112/у;

    4. ф.058/у;

    5. ф.065/у;

    ANSWER:C

    13. Мақсат 5 жаста жедел ларинготрахеитпен ауырды. Балабақшаға сауыққаннан кейін қай уақытта барады?

    1. клиникалық сауығудан кейін 1 айдан кейін барады;

    2. клиникалық сауығудан кейін 2 аптадан кейін барады;

    3. клиникалық сауығудан кейін 1 аптадан кейін барады;

    4. клиникалық сауығудан кейін 1күннен кейін барады;

    5. клиникалық сауығудан кейін 2 күннен кейін барады;

    ANSWER:C

    14.Тұрақты ремиссия сатысында және жүрек зақымдану жоқ ревматизмді басынан кешірген 10 жастағы бала. Диспансерлік тексеру бұйрығына сәйкес науқастың диспансерлік қадағалау мерзімін көрсетіңіз:

    1. 1 жыл;

    2. 2 жыл;

    3. 3 жыл;

    4. 5 жыл;

    5. 10 жыл.

    ANSWER:C

    3 денгей -6

    15. Бала 9 жаста бронхиальды астма диагнозы бойынша амбулаторлық ем алып жатыр. Анасына осыған байланысты 10 күнге уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы берілді, бірақ бала әлі жазылған жоқ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парақты толтыру бойынша ЖТД іс-әрекеті:

    1. уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын жабу;

    2. уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын 3 күнге созу;

    3. уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын 6 күнге созу;

    4. жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын 3 күнге ашу;

    5. жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын 6 күнге ашу;

    ANSWER:A

    16. Бала 5 жаста бронхиальды астма бойынша стационардан шығарылды, анасының қарауын қажет етеді. Анасының уақытша еңбекке жарамсыздық парағы қанша күнге беріледі?

    1. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру;

    2. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге беру;

    3. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 5 күнге беру;

    4. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 10 күнге беру;

    5. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы берілмейді

    ANSWER:D

    17.ЖТД қабылдауында 3 айлық бала. V2 -АКДС, ОПВ, Hib. Екпелерін уақытында қабылдаған. Алдыңғы екпелер ауыр асқынумен өткен. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық. Ішкі мүшелері патологиясыз. ҚР ДС бұйрығы бойынша екпелер балаға жүргізу керек пе?

    1. Жалпы қабылдаған күнтізбе бойынша жүргізіледі;

    2. Жалпы қабылдаған жеке күнтізбе бойынша жүргізіледі;

    3. Жалпы қабылдаған жеке күнтізбе бойынша жүргізіледі, бірақ көкжөтелсіз;

    4. Жүргізілмейді, дәрігер уақытша мед. жарамсыздық толтырады

    5. Жүргізілмейді, дәрігер тұрақты мед. жарамсыздық толтырады

    ANSWER:E

    18. Анасы 1 жас 3айлық баламен ВОП дәрігерінің қабылдауына келді Анасының айтуынша соңғы айларда мазасыздау,аз ұйықтайды, терлегіш. Тәбеті төмен. Қарағанда: Физикалық және психикалық дамуы қалыс қалған,тісі жоқ. Бала отырмайды. Бұлшық ет тонусы дамымаған, басы төртұрышты,енбегі 3,0*2,5 см шектері жұмсақ, білегінде браслеттер, аяқтары деформацияланған О- тәрізді. Дәрігер: 3 дәрежелі сатысындағы рахит, қайталану ағымы диагнозын қойып Д бақылауға алды. ЖТД қай құжатты толтыруы керек?

    1. 112/у,025/у;

    2. 25/е, 030/y;

    3. 063/y,112/y;

    4. 058/y, 030/y

    5. 063/у,058/у;

    ANSWER:B
    19. Қазақстанға шетелден 2 жастағы баласы бар отбасы келді. Осы бала үшін негізгі жоспарлы алдын-ала егу бұйрығын көрсетіңіз:

    1. ҚР ДМ №229 бұйрық;

    2. ҚР ДМ №375 бұйрық;

    3. ҚР ДМ №673 бұйрық;

    4. ҚР ДМ №350 бұйрық;

    5. ҚР ДМ №190 бұйрық;

    ANSWER:E

    20. 9 жастағы қыз бала, диагнозы созылмалы гломерулонефрит, аралас түрімен ауырады. Диспансерлік тексеру хаттамасына сәйкес диспансерлік бақылаудың ұзақтығын көрсетіңіз:

    1. 1 жыл;

    2. 3 жыл;

    3. 5 жыл;

    4. 10 жыл;

    5. өмір бойына

    ANSWER:E

    БЖАБЖ (ИВБДВ)
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25


    написать администратору сайта