Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 денгей -10

  • Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


    Скачать 1.62 Mb.
    НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
    Дата01.07.2021
    Размер1.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаtest vop.docx
    ТипДокументы
    #222732
    страница7 из 25
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

    1 денгей- 4

    15. Дені сау 3 жасқа дейін балада кенеттен жөтелу болса себебі не болуы мүмкін ?

    1. Бронхиальді астма

    2. Обструктивті бронхит

    3. Бронхтың бөгде денесі

    4. Бронхиолит

    5. Көкжөтел

    ANSWER:C

    2. Жедел бронхит кезінде респираторлы жолдарында қандай симптом тән?

    1. Ұзарған ысқырықты дем шығару

    2. Дем шығарғанда шашыраған құрғақ және ылғалды сырылдар

    3. Дем шығарғанда құрғақ сырылдар

    4. тыныс алғанда қосымша бұлшық еттің қатысуы/

    5. тыныс жеткіліксіздігі

    ANSWER:B
    3. Ерте жастағы балалардағы бронхиальді обструкцияның патогенезіндегі жетекші симптомы:

    1. Бронхоспазм

    2. Бронхтың кілегей қабатының қабынуы

    3. мукоцилиарлы клиренстің бұзылысы

    4. бронхтар дискинезиясы

    5. бронхтардың сырттан жаншылып қалуы

    ANSWER:B
    4.Қайсы респираторлы-вирусты инфекцияға фарингоконъюктивиальды қызба тән?

    1. Риновирусты инфекция

    2. Респираторлы-синцитиальді инфекция

    3. Аденовирусты инфекция

    4. Герпетикалық инфекция

    5. Паротит инфекция

    ANSWER:C

    1 денгей- 4

    5. 1 жастағы бала жедел ауырды, 39,8*С температура көтерілуі, инспираторлы ентігу, жиі үрмелі жөтел, минутына 60 ретке дейінгі тахипноэ. Болжам диагноз?

    1. Жедел респираторлы вирусты инфекция, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәреже

    2. Обструктивті бронхит, тыныс жетіспеушілік І дәреже

    3. Жедел респираторлы вирусты инфекция, тыныс жетіспеушілік ІІ дәреже

    4. Жедел респираторлы вирусты инфекция, ларинготрахеит, көмей стенозы І дәреже

    5. жоғарғы тыныс жолының бөгде денесі

    ANSWER:A

    6. Бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, температурасының жоғарылауына шағымданады. Өкпесінде қатқыл тыныс, жөтел кезінде азаятын құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

    1. бронхиолит

    2. жедел бронхит

    3. бронхопневмония

    4. созылмалы бронхит

    5. обструктивті бронхит

    ANSWER:B

    7. 7 айлық балада ЖРВИ фонында 4 күні жағдайы нашарлады: температурасы 37,8*С жоғарылаған, экспираторлы сипаттағы ентікпе, оральды сырылдар пайда болған. Аускультацияда: ұзарған тыныс алу, екі жақтық әр түрлі калибрлі ылғал сырыладар. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    1. Бронхиолит

    2. Обструктивті бронхит

    3. Қайталамалы бронхит

    4. Пневмония

    5. Плеврит

    ANSWER:B

    8. Мектеп жасындағы балаларда және жас-өспірімдердегі атипиялық пневмонияның жиі болатын қоздырғышы болып табылады?

    1. Легионелла

    2. Пневмоциста

    3. Гемофильды таяқшасы

    4. Токсоплазма

    5. Микоплазма

    ANSWER:E

    9. 2 жасар бала. 4 апта бойы құрғақ,жалықтыратын жөтел мазалап, соңғы 5 күн бойы ұстама тәрізді сипатта болған. Жөтел ұстамасынан тыс уақытта жағдайы жақсы. Дене қызуы қалыпты. Қарау кезінде тіл жиегінде жара және

    склерасында қан құйылу. Екпе алмаған. ЖҚА: лейк-17,0х109/л,т/я-3%,c/я-14%,л-83%ЭТЖ-5 мм/сағ. Болжам диагноз:

    1. көкжөтел

    2. бронхиолит

    3. жедел бронхит

    4. бронхопневмоня

    5. обструктивті бронхит

    ANSWER:A

    10. 2 жастағы балада 5 күн бойы фебрильді қызба. Осы фонда интоксикация, гипертермиялық синдром әсерінен жағдайы ауыр. Ылғалды жөтел, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының керілуі, көз астарында көлеңке байқалады. Өкпеде оң жақта жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының локальді қысқаруы, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды кіші көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жағдай қай болжам диагнозды негіздейді?

    1. Жедел пневмония

    2. Обструктивті бронхит

    3. Жедел бронхиолит

    4. Жедел бронхит

    5. Плеврит

    ANSWER:A

    1. Егер науқаста бронхиальді астма симптомдары күнделікті байқалса және 1 секунд ішіндегі форсирленген тыныс шығару көлемі (ФТК1) қалыптыдан 57% тең болса, заманауи классификация бойынша аурудың қандай клиникалық формасына сәйкес?

    1. Жеңіл интермиттирлеуші

    2. Жеңіл персистирлеуші

    3. Орташа ауырлықтағы персистирлеуші

    4. Ауыр персистирлеуші

    5. Астматикалық статус

    ANSWER:D

    12. Бала 5 жаста. Ерте жастан қайталамалы бронхобструктивті синдром байқалады, көп мөлшерде майлы нәжіс. Қарағанда бірден тамақтанудың төмендеуі. Жабысқақ қиын бөлінетін қақырықты жөтел. Перкуторлы өкпе дыбысы қорапты. Аускультативті: бүкіл өкпе алаңында ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Төменде көрсетілгендердің ішінен ең бірінші қайсысын жүргізу керек?

    1. Сулкович сынамасы

    2. Терілік тест

    3. Уреазды тест

    4. Апта сынамасы

    5. Грегерсен сынамасы

    ANSWER:B

    13. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына 14 жастағы бала ылғалды жөтелге, жалпы әлсіздікке, мазасыздануға шағымданып келді. Температуралық реакция жоқ. Анамнезінен: бұл симптоматика соңғы 3 жыл бойы жылына 2-3 рет жиілігімен 2-3 аптаға созылып байқалады. Дәрігер «Созылмалы бронхит» диагнозын қойды. Қосымша қандай зерттеу әдісі осы клиникалық жағдайда ақпаратты болып табылады?

    A. Ішкі тынысты зерттеу

    B. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы

    C. Қанның клиникалық анализі

    D. Қақырықты бактериологиялық зерттеу

    E.Бронхоскопиялық зерттеу

    ANSWER:E

    14. Жалпы тәжирибелік дәрігердің қабылдауында 2 айлық бала. Анасының сөзінен: өмірінің алғашқы апталарынан бастап аздаған қақырықпен үнемі жөтеледі. Тамақтануы қанағаттанарлық. Физикалық дамуының айқын қалыс қалуы байқалады. Өкпесі бойынша: перкуссияда – қорап дыбысы, аускультацияда – диффузды әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек жұмысы қанағаттанарлық. Нәжісі көп мөлшерде сасық иіспен, қоймалжың, майлы және қорытылмаған тамақ бөлшектерімен араласқан, күніне 6 рет жиілігімен. Клинико-анамнездің мағлұматтар қай ауруға көбірек сәйкес келеді?

    1. Муковисцидоз

    2. Обструктивті бронхит

    3. Жедел бронхит

    4. Жедел пневмония

    5. Қайталамалы бронхит

    ANSWER:A

    3 денгей -10

    15. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 5 жасар бала бронхиттің жиі, қайталамалы жылына 5-6 рет жағдайларына шағымданып келді. Анамнезінен: осы шағымдар өмірінің алғашқы жылдарынан бастап пайда болған. Қайталамалы бронхит факті бойынша симтоматикалық терапия жүргізілген. Кейде антибактериальді дәрі-дәрмектер қолданылған. Ұзаққа созылған және қайталамалы ағымды бронхиттер кезінде қандай тактика мақсатты?

    1. Бронхоскопия, иммунограмма, спирография

    2. Протеинограмма, тері хлоридтері, өкпе томографиясы

    3. Бронхография, жасушалық иммунитет зерттеу, спирометрия

    4. Иммуноглобулиндерді анықтау, туберкулинді сынама, протеинограмма

    5. Т және В-лимфоидты жүйе көрсеткіштерін анықтау, өкпе томографиясы, серологиялық сынамалар, бронхография

    ANSWER:D

    16. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауына 12 жастағы науқас фебрильді қызбаға, «тат» түсті қақырықпен болатын ылғал жөтелге, ентікпеге шағымданып келді. Анамнезінен: ауру дене температурасының фебрильді көрсеткіштерге көтерілуімен жедел басталған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Объективті зерттегенде: бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде крепитациялаушы сырылдар анықталды. Сипатталған клиникалық жағдай қандай диагнозға сәйкес келеді?

    1. Жедел бронхит

    2. Обструктивті бронхит

    3. Бронхоэктатикалық ауру

    4. Крупозды пневмония

    5. Эксудативті плеврит

    ANSWER:D

    17. Бала төртінші жүктіліктен, 2-ші босанудан, гестацияның 27 аптасында туылған. Жүктілік 2-ші жартысындағы токсикоз, токсоплазмоз тасымалдаушылық, ұрықтық плацентарлық жетіспеушілік, жеңіл дәрежелі анемия фонында өткен. Туылған кездегі салмағы 1050 г, бойы 32 см. Туылған кезде қойылған диагноз: «РДС ІІ дәреже». Өмірінің 14 күні әлсіздік, бұлшықеттік гипотония, туа біткен автоматизм, құсу рефлекстері төмендеген, дене массасының динамикасы жоқ екені байқалады. Тері жамылғысы құрғақ, сарғыш. Өкпеде тыныс барлық өкпе алаңы бойынша әлсірегне, сырыл жоқ. ТАЖ-70. Тахикардияға бейімділік, дұрыс ритмді. Іші жұмсақ, аздап үрленген, перистальтикасы белсенді. Осы клиникалық жағдай қандай болжам диагнозға сәйкес?

    1. Адаптация кезеңі. Шала туылғандық 27 апта

    2. Респираторлы дистресс-синдром. Шала туылғандық 27 апта

    3. Неонатальды сарғаю. Шала туылғандық 27 апта

    4. Екі жақты пневмония. Неонатальды сарғаю

    5. Туа біткен токсоплазмоз

    ANSWER:D

    18. 8 жасар балаға үйде қарауға дәрігер шақырылды. Баланы қиындаған тыныс шығарумен жүретін тұншығу ұстамалары және қиын бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Анамнезінен соңғы 3 жыл бойы тыныс шығару қиындауымен, түнгі уақытта және күнделікті тұншығу ұстамалары сальбутамол ингаляцияларымен басылады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін ысқырық сырылдар, ТАЖ – минутына 32 рет. Өкпе үстінде қорап дыбыс, тынысы қатқыл ұзарған тыныс шығарумен, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырық сырылдар естіледі. Қандай препараттарды тағайындаған дұрыс?

    1. Муколитикалық препараттар

    2. Антигистаминді препараттар

    3. Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

    4. Антибактериальды препараттар

    5. Бронхолитикалық препараттар

    ANSWER:C

    19. Қызбала 4 жаста дене қызуының 39 жоғарылауына, тәбетінің төмендеуіне, ылғалды сырылға, ентігуге шағымданып ауруының 5 күні түсті. Қарау кезінде жағдайы ауыр, тері жамылғысының бозаруын, мұрын қанаттарының үрілуін байқалады. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, әлсіз тыныспен ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ-56 рет мин. ЖҚА-эритроцит-4,4*10г/л, НВ-115 г/л, ТК-0,9, лейкоцит-12*10 г/л, базофил-1, эозинофил-2, метамиелоцит-2, т/я-10, с/я-52, лимфоцит-20, моноцит-3, ЭТЖ-30 мм/сағ. Рентгенде өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде ошақтық қараюлар. Науқаста қандай ауру:

    1. Бронхиальды астма

    2. Жедел обструктивті бронхит

    3. Жедел бронхиолит

    4. Жедел пневмония

    5. Жедел обструктивті емес бронхит

    ANSWER:D

    20.Бала 5 жаста жиі респираторлы аурулармен және іріңді отитпен ауырады. Объективті физикалық дамуы қалыс қалған, іріңді қақырықпен жөтел, саусақ фаланглері барабан таяқшасы, тырнақтары сағат әйнегі тәрізді деформацияланған. Мұрнымен демалысы іріңді көп мөлшерде бөлініске байланысты қиындаған. Өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық-өкпенің кері орналасуы, жүректің оң жақты орналасуы. Қай клиникалық диагноз туралы ойлау керек?

    1. Хамана-Рич синдромы

    2. Гудпасчер синдромы

    3. Муковисцидоз

    4. Картагенер синдромы

    5. Өкпенің идиопатиялық гемосидероз

    ANSWER:D

    21. Бала 3 айлық. ЖРВИ-мен контактіден кейін катаральді белгілер пайда болды. Қарау кезінде жағдайы нашар. Кеуде клеткасындағы шығыңқы жерлерінің кірігуі байқалады, мұрын қанатының керілуі, периоралбді цианоз. ТЖ-60 рет/мин. Перкуссияда-өкпеде қорап дыбысы. Аускультацияда-дем шығарудың барысында ұсақ көпіршікті және крепитацияланған сырылдар естіледі. ЖҚА НВ-115 г/л, эр-4,1*10 г/л, лейк-6,5*10 г/л, т/я-1, с/я-30, л-58, м-8, ЭТЖ-15 мм/сағ. Кеуде клеткасының рентгенографиясы өкпе суреті мөлдір. Қандай ауру?

    1. бронх демікпесі

    2. ошақты пневмония

    3. обструктивті бронхит

    4. созылмалы бронхит

    5. жедел бронхиолит

    ANSWER:E

    22. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына 6 айлық баласымен анасы келді. Жалпы қарау барысында баланың жағдайы ауыр, мазасыз, мұрын қанаттарының керілуі байқалады. Периоральды цианоз байқалады. Тері жамылғысы бозғылт «мәрмәр» түсі. Дене температурасы 38,5ºС. Араны қызарған, миндалиналары жабындысыз. Перкуторлы қорапты дыбыс. Өкпеде қатқыл тыныс, екі тыныс фазасында да диффузды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі 70 рет минутына. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ 140 рет минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    A. Жедел обструктивті бронхит.

    B. Жедел бронхит

    C. Бронхиолит

    D Құрсақішілік пневмония

    E. Стеноздаушы ларинготрахеит

    ANSWER:C

    23. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына әйел адам 2 жасар баласының бірнеше күн дене температурасының жоғарылауына, жөтелге, мұрыннан бөліністің болуына шағымданып келді. Жалпы қарау барысында инспираторлы ентікпе, қатқыл тыныс,мұрынерін үшбұрышында цианоз белгілері байқалады. Бала ауырсыну тітіркендіргіштеріне жаймен қарсылық білдіреді, қойылған сұрақтарға баяу жауап береді. Дене температурасы38,5°С. ТЖ 48 рет 1 минутта. АҚҚ 95/55 мм.сбб. ЖСЖ 120 рет минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    A. Бронх демікпесі

    B. Обструктивті бронхит

    C. Ауруханадан тыс пневмония

    D. Муковисцидоз

    E. Стеноздаушы ларинготрахеит

    ANSWER:E

    24. Жедел рецидивирлеуші респираторлы инфекциямен науқастанған 12 жасар ұл балаға мектептегі медициналық пункте жоспарлы түрде грипке қарсы екпе жасалынды. Екпе еккеннен 10 минут өткен соң ауа жетпеу, дөрекі ит үрген тәрізді жөтел пайда болды. Объективті: кеуденің ішке кірігу белгілері, дем алудың қиындауы байқалады. Теріде генерализацияланған сипатта цианоз белгілері бірден пайда бола бастады. Өкпенің барлық бөлігінде везикулярлы тыныс. ТЖ 1 минутта 54 рет, ЖСЖ 110 рет минутына. АҚ 120/70 мм.сб. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    1. Стеноздаушы ларинготрахеобронхит

    2. Жоғарғы тыныс алу жолдарының бөгде денесі

    3. Бронх обструкциялы синдром

    4. Көмейдін аллергиялық ісігі

    5. Біріншілік цилиарлы дискинезия

    ANSWER:D

    КАРДИОЛОГИЯ

    1 денгей -2

    1. Бала жүрек зақымдалуынсыз болған біріншілік ревматикалық шабуылдан кейін толық клинико-лабораторлық ремиссиясында дене шынықтыру сабағында қандай топта болуы тиіс?

    1. Арнайы топта

    2. Негізгі топта

    3. Дайындық тобында

    4. Қосымша топта

    5. Спорттық топта

    ANSWER:B

    2.Жүректің жетіспеушілігі субкомпенсациясы саты бар жүрген балалар дене шынықтыру сабағында қандай топта болуы тиіс?

    1. Арнайы топта

    2. Негізгі топта

    3. Дайындық тобында

    4. Қосымша топта

    5. Спорттық топта

    ANSWER:А

    2 денгей -4

    3.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 13 жасар қыз. Шағымдары: буындардың зақымдалуы, кардиалгия, әлсіздік. Анамнезінен: жедел респираторлы инфекциямен ауырғаннан кейін осы жағдай пайда болған. Шағымдары мен клинико-анамнестикалық мәліметтеріне сәйкес болжам диагноз: «Жедел ревматикалық қызба, белсенді фазасы». Диагностика және емдеу шараларының хаттамасына сәйкес осы жағдайда стрептококкты инфекцияның этиологиялық маңызы бар екенін дәлелдейтін ең ақпаратты әдіс?

    1. Қанның клиникалық анализі

    2. ЭКГ

    3. АСЛ-О анықтауы

    4. Қанның биохимиялық анализі

    5. ЭхоКГ

    ANSWER:C

    4. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 12 жасар ер бала. Ішінің ауырсынуы, сол жақ тізе және балтыр буындарының ауырсынуы және қозғалсының шектелуіне шағымданып келді. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, тамағы ауырсынып, дене тмпературасы 39,0*С дейін көтерілген. Амбулаторлық жағдайда симптоматикалық терапия жүргізілген. Қараған кезде: балтыр буынында ісіну мен қозғалысының шектелуі, жүрек тынықтығы шекараларының сол жаққа 2см+ ығысуы, тахикардия 120рет/мин, І тон әлсіреуі, жүрек ұшында «жұмсақ» систолалық шу. Ең мүмкін диагноз?

    1. Жүйелі қызыл жегі, кардит

    2. Ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі түрі

    3. Ревматикалық емес кардит

    4. Реактивті артрит

    5. Жедел ревматикалық қызба, кардит

    ANSWER:E

    5. 7 жастағы балаға «Ревматикалық емес кардит, жүректің өткізгіш жүйесінің идиопатикалық зақымдалуы, созылмалы ағымы, ауыр, ҚЖ ІІБ» диагнозы қойылды. Осы балада қанайналым жетіспеушілігінің симптомдары бар?

    1. Бетінде ісіну, асцит, жөтел, ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

    2. Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 3-4см шығыңқы, гидроперикард

    3. Жөтел, ентігу, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әртүрлі калибрлі ылғал сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5см шығыңқы

    4. Аяқтарының ісінуі, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпедегі құрғақ сырылдар

    5. Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4см шығыңқы, гидроперикард

    ANSWER:C

    6.Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 5 жастағы бала ауруының 7-күні дене температурасының 37,5*С-ке дейін жоғарылауына, дене ауыстырған кезде күшейетін жөтелге шағымданып келді. Қарағанда: аранында катаральды өзгерістер, өкпесінде артқы төменгі бөліктерінде шамалы тынықталған перкуторлы дыбыс, ұсақ көпіршікті сырыл, ТАЖ – 40рет/мин. Жүректің сол жақ шекарасы бұғанаорта сызығы бойынан солға қарай 2 см ығысқан, ЖСЖ – 126 рет/мин. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Тәуліктік диурез төмендеген, зәр шығару бұзылмаған. Мүмкін диагноз?

    1. Жедел пневмония

    2. Жедел бронхит

    3. Жедел обструктивті бронхит

    4. Ревматикалық кардит

    5. Жедел ревматикалық емес кардит

    ANSWER:E
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25


    написать администратору сайта