Главная страница

Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


Скачать 1.62 Mb.
НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Дата01.07.2021
Размер1.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаtest vop.docx
ТипДокументы
#222732
страница8 из 25
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

3 денгей -6

7. 7 айлық баланың казіргі салмағы 5000г., туған кездегі салмағы 3500г. 3 апталық кезінде барлық жүрек аймағында және ІV-V сол жақ қабырғааралықта p.max тырнаған сипатты систолалық шу естілген. Қарағанда: салмақ қосуы төмендеген, терісі бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, тынысы пуэрильді, өкпенің төменгі бөліктерінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ- минутына 60 рет. Жүректің перкуторлы шекарасы аксиллярлы сызыққа дейін ұлғайған. Аускультативті: өзгеріссіз. Бауыр оң жақ қабырғадан 5см+ , талақ 2см+. Жамбас артерияларында пульс қалыпты. Туа пайда болған жүрек ақауына күмән туғандай зерртеулер көлемі қажет?

  1. Электрокардиография, эхокардиография

  2. Кардиоинтервалография, коронарография

  3. Пульсоксиметрия, эхокардиография

  4. Электрокардиография, допплерометрия

  5. Эхокардиография, коронарография

ANSWER:A

8. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 2 жасар бала. Шағымдары ата-анасының айтуы бойынша: ентігу ұстамаларына, физикалық және эмоционалдық жүктеме кезінде ентігу белгілерінің пайда болуы. Қарағанда: «сия реңкті» диффузды ционаз назар аудартады. Физикалық дамуы жасына сай. Дене қалпы дұрыс. Тері қабаты мен көзге көрінетін кілегей қабаттарының диффузды цианозымен қатар тырнақтары «сағат әйнегі» және саусақтары «барабан таяқшалар» типі бойынша өзгерген. Тыныс везикулярлы. Ылғал жөтел жоқ және бұрын болмаған. Жүрек тұсы визуальді өзгермеген. Салыстырмалы жүрек тынықтығы шекаралары өзгермеген. Тондары қатты. Сол жақ кеуде қуысында интенсивті систолалық шу естіледі. Фалло тетрадасының анатомиялық белгілеріне жатады:

A. Аорта стенозы, декстрокардия, аорта коарктациясы

B. Өкпе артериясының стенозы, қарыншааралық перденің ақауы, аорта декстрапозициясы

C. аортаның оңға ығысуы, аорта коарктациясы

D. Жүрекшеаралық перденің ақауы, ірі қан тамырлардын транспозициясы

E.қарыншааралық перденің ақауы, жүрекше аралық перденің ақауы, он жақ бөліктердің дилатациясы

ANSWER:B

9. 5 жасар балада қарағанда айқын цианоз, ойнағанда және тыныш күйде цианоз байқалған. Анамнезінен: балада кезеңді түрде жағдайы нашарлайтын ұстамалар болып тұрады, ұстамалар кезінде бала отырып қалады. ЭхоКГ: Лақтыру фракциясы – 64%. Қарыншааралық пердеде 1,6 см болатын аортаасы ақау анықталды. Сол қарыншаның гипоплазиясы. Осы клиникалық жағдайдағы ең ықтимал болжам диагноз?

A. Фалло тетрадасы

B. Фалло триадасы

C. Магистральді тамырлардың қосарланып ажырауы

D. Магистральді тамырладың транспозициясы

E. Жүрекшеаралық перденің ақауы

ANSWER:A

10. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 10 жасар бала. Шағымдары: тыныш күйде ентігуге, ісіктер, тез шаршағыштық. Кардиолог маманда қарыншааралық перде ақауы диагнозы бойынша диспансерлік есепте тұр. Қарағанда: жағдайы ауыр, мәжбүр қалыпта. Акроцианоз, бетінің, алдыңғы іш қабырғасының, тобықтың, табанның ісінуі, тыныш күйде ентігу. ТЖ-минутына 40 рет, өкпеде ылғал кіші көпіршікті сырылдар.Жүрек шекаралары ұлғайға, тахикардия – минутына 128рет. Бауыры қабырға доғасынан 4,0см шығыңқы. Жалпы тәжірибиелік дәрігер клинико-анамнестикалық мәліметтерге сүйене отырып созылмалы жүрек жетіспеушілігін диагностикалады. Осы науқаста қан айналымының жетіспеушілігінің (ҚЖ) қандай типі орын алған?

  1. Сол қарыншалық ҚЖ ІІб

  2. Оң қарыншалық ҚЖ ІІб

  3. Тотальді ҚЖ ІІб

  4. Тотальді ҚЖ ІІа

  5. Оң қарыншалық ҚЖ ІІа

ANSWER:C

11. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында 5 жасар қыз бала бас ауруына, делсалдыққа, ентігуге, жүрек соғуына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 апта бұрын – гастроэнтерит. Объективті: баланың жағдайы ауыр, делсалдық, бозару бар, тахикардия 120 рет/мин., галоп ритмі, жүрек тондары анық емес, шу жоқ, өкпеде ылғал сырылдар, бауыр 2см+. Шеткі пульс әлсіз, жүрек көлемінің ұлғаюы. ЭКГ: ST сегменті және T тісшесінің өзгеруі, аритмия. Осы симптоматика қай ауруға сәйкес келеді?

  1. Ревматикалық емес кардит

  2. Инфекционды эндокардит

  3. Жедел ревматикалық қызба

  4. Кардиомиопатия

  5. Жедел пневмония

ANSWER:A

12. 8 жастағы балада 3 апта бойы қалтыраумен интермитирлеуші қызба, арасында полиартрит кезеңдерңмен, дақты-папулезді бөртпелері болады. Гепатолиенальді синдром. Жалпы қан анализінде: нормохромды анемия, нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-58 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: гематурия, протеинурия. Қанды қоректік ортаға себу: стерильді. Осыған байланысты айтарлықтай оң нәтиже бермеген антибактериальді терапия жүргізілген. Мүмкін диагноз?

  1. Ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі варианты

  2. Жедел ревматикалық қызба, артрит

  3. Геморрагиялық васкулит, нефрит

  4. Жүйелі қызыл жегі, люпус-нефрит

  5. Жүйелі склеродермия, локализацияланған формасы

ANSWER:A
ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ

1 деңгей -2

1. 14 жасар қыз балада оң қабырға доғасы астында ұзақ мерзімді ауыру мен кернеу сезімі. Тексергенде: сарғаю жоқ, Кер симптомы оң (+), дене қызуы субфебрилді, ЭТЖ — 30 мм/сағ. Болжамды диагнозыңыз:

  1. созылмалы холецистит, өршу кезеңі

  2. созылмалы пакреатит, өршу кезеңі

  3. асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі

  4. созылмалы гепатит

  5. басқа ауру

ANSWER:A

2. 12 жастағы бала, ЖТД бөлімшесінде хеликобактерлі созылмалы гастродуоденитімен эрадикациялық терапия жасағаннан кейін күніне 4 рет диарея пайда болды. Копрограммада лейкоциттер 2-3-ке дейін к/а, кілегей ++, иодофильді флора +++. Осы ішек дисфункциясында қандай топ препараты бірінші болып қолданады?

  1. ферментті препарат

  2. ішектік антисептик

  3. адсорбент

  4. пробиотик

  5. нитрофурандар

ANSWER:D

2 деңгей -8

3. Ұл бала, 10 жаста. 3 жыл бойына ревматизммен ауырады. Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында тамақтанған кезде және тамақтан соң ауырсыну және ауырлау сезімі пайда болды, кезеңді жүрек айну, қыжылдау мазалайды. ФГДС-да: асқазанның антральды бөлімінің кілегей қабығының гипертрофиялық зақымдануы, гастроэзофагальды рефлюкс. Ең алдымен қандай қосымша зерттеу тәсілін қолдану қажет?

  1. Іш қуысының УДЗ-сі

  2. Жалпы қан анализі

  3. Дуоденальды зондтау

  4. Неlicobacter pylori зерттеу

  5. Асқазанды зондтау

ANSWER:D

4. Он екі елі ішектің жара ауруы бар науқаста ауырсынудың түрі өзгерді, ауырсыну ас қабылдағаннан кейін күшейе түсті, тез жүргенде және жүгіргенде пайда бола бастады. Қабынудың лабораторлы көріністері анықталды. Аталған клинико-лабораторлы көріністер келесі асқынулардың дамуын көрсетеді:

  1. Қан ағу

  2. Перфорация

  3. Пенетрация

  4. Перивисцерит

  5. Асқазан қақпасының тарылуы

ANSWER:D

5.Қыз бала, 5 жаста. Шағымы: қобалжудан кейін, кейде тамақ ішкенен кейін пайда болатын эпигастрии аймағындағы жайсыздық сезімі. Логоневрозға байланысты невропатологта қаралады. ЭФГДС-те: дуодено-гастральді рефлюкс анықталды. Сіздің болжам диагнозының:

  1. Асқазанның моторлы тип бойынша функциональды бұзылысы

  2. Асқазанның секреторлы тип бойынша функциональды бұзылысы

  3. Созылмалы гастрит

  4. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы

  5. Созылмалы дуоденит

ANSWER:A

6. Науқаста артриттің белгілері бар және сонымен бірге ішінің толғақ тәрізді ауырсыну, қан аралас іш өту, тенезмдер байқалады. Ректороманоскопияда ішектің сілемейлі қабаты гиперемияланған, ісіңкі, бірен-саран ойық жаралар анықталған. Сіздің диагнозыңыз?

  1. ревматизм

  2. жедел аппендицит

  3. арнайы емес жаралы колит

  4. жүйелі қызыл жегі

  5. жедел сальмонеллез

ANSWER:C

7. 10 жастағы ұл бала тәбетінің төмендеуіне, ауызға ащы дәмнің келуіне, әлсіздікке, майлы және қуырылған тағамнан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Диагнозды нақтылау үшін біріншіден қай зерттеуді жүргізу қажет:

  1. Дуоденальді зондтау

  2. Фиброгастродуоденоскопия

  3. Қандағы биллирубин мөлшері

  4. Жалпы қан анализі

  5. Өт шығару жолдарының ультрадыбыс зерттеу

ANSWER:E

8. Қыз бала, 13 жаста. ЖТД есебінде созылмалы гастритпен 2 жыл бойы тұрады.Тамақтан соң пайда болатын эпигастрий аймағында ауырсыну және ауырлау сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, диарея. Қарағанда бозғылт, склерасы субиктериялық, тілі «лакталған», кейде тілінің ашуы, қол-аяқтарында «құмырсқа жүргендей» сезім мазалайды. Осы ауруға тән жалпы қан анализіндегі қандай өзгеріс сәйкес келеді?

  1. гиперхромды, микроцитарлы анемия.

  2. гипохромды, темір тапшылық анемия.

  3. гиперхромды, макроцитарлы анемия.

  4. гипохромды, ауыр дәрежелі анемия

  5. Тіке емес билирубин жоғарылауы

ANSWER:C

9. Қабылдауға 14 жасар бала келді. Іштің сол жағында тамақтанудан кейін, салқындаудан кейін, селкілдек жолдан кейін болатын ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну но-шпа, анальгин қабылдағаннан кейін басылады. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, сол жақ қабырға астын пальпациялағанда ауырсынады. Диагнозы: Созылмалы рецидивті панкреатит. Ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметі бұзылысына қандай симптомдар тән?

  1. Тері жамылғысының құрғауы

  2. Шөлдеу, булемия

  3. Салмағының төмендеуі, креаторея, стеаторея

  4. Беткей құрсақ ішілік веналарының кеңеюі

  5. Аяқ-қол, бет ісінуі

ANSWER:C

10. Кач, Гротт белгілері, пальпация кезінде кіндіктен 3 см жоғары және Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну қандай ауруға тән?

  1. Созылмалы панкреатит

  2. Созылмалы пиелонефрит

  3. Асқазанның жара ауруы

  4. 12 елі ішек жара ауруы

  5. Несеп-тас ауруы

ANSWER:A

3 деңгей -6

11. Жасөспірім бала тамақ қабылдағаннан кейін l-l,5 сағаттан кейін пайда болатын қышқыл кекіруге, іш қатуға шағымданады. Эпигастрий аймағындағы дискомфорт тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Объективті: іші жұмсақ. Қан анализі: эритроцит – 4,5* l0¹²г/л, гемоглобин - l45г/л, лейкоцит-5,2*l0л, т/я- l0%, с/я- 62%, лимфоцит-23%, моноцит- 5%, ЭТЖ-8мм/сағ.Төменде көрсетілген, қайсы дәрілік заттар емдеуде ең дұрыс деп саналады?

  1. Спазмолитиктер

  2. Протонды помпаның ингибиторлар

  3. Ферменттер

  4. Анальгетиктер

  5. Пробиотиктер

ANSWER:B

12. Ер бала, 12 жаста. Фиброгастродуоденоскопия жүргізгенде келесі өзгерістер анықталды: өңештің абдоминальды бөлімінің кілегей қабатының шамалы эритемасы мен болбырлығы, өңещтің төменгі сфинктерінің тонусының төмендеуі. Осы эндоскопиялық белгілер қайсы ауруға тән:

  1. Дуоденогастральды рефлюкс

  2. Барретт өңеші

  3. Гастроэзофагеальды рефлюкс

  4. Диафрагманың өңеш бөлімінің жырығы

  5. Өңештің стриктурасы

ANSWER:C

13. Қыз бала, 13 жаста созылмалы гастритпен 2 жыл шамасында ауырады. Тамақтан соң пайда болатын эпигастрий аймағында ауырсыну және ауырлау сезімі, кекіру, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, диарея. Қарағанда бозғылт, склерасы субиктериялық, тілі «лакталған», кейде тілінің ашуы, қол-аяқтарында «құмырсқа жүргендей» сезім мазалайды. ЖҚА-да гиперхромды, макроцитарлы анемия. Осы клиникалық жағдайға созылмалы гастриттің қандай эндоскопиялық түрі сәйкес:

  1. Атрофиялық түрі

  2. Эрозивті түрі

  3. Гипертрофиялық түрі

  4. Беткей түрі

  5. Аралас түрі

ANSWER:A

14. 8-жасар Саша сол жақ жаурын және бел аймағына берілетін (белді айнала ауыратын) эпигастрия аймағының ауырсынуына, жүрек айнуға, құсу, шөлдеуге, іштің кебуіне шағымданады. Жағдайының нашарлағаны диета бұзғаннан кейін болды. Ауырғанына 2-і жыл. Ауру тарихынан – 6 жасында эпидемиялық паротитпен ауырған. Дене қызуы 38,8 C. Сипағанда эпигастрия, сол қабырғаастындағы ауырсыну, Кач, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9///////л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәрдегі диастаза – 132 бірлік. Қандағы қант – 6,8 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

  1. созылмалы панкреатит

  2. созылмалы энтероколит

  3. созылмалы холецистит

  4. созылмалы гастродуоденит

  5. жедел аппендицит

ANSWER:A

15. Баланы аса шаршағыштық, майлы тамақтан кейін ұстама-тәрізді, өткір қысқа мерзімді іштегі ауырсыну мазалайды. Қарағанда тері жамылғысы қызғылт, таза. Ішті сипағанда Мерфи, Кер симптомдары - оң. Қан зерттеуінде: Нв-126г/л, эр-3,96*1012 /л, л-5,0*10 9///////л, ЭТЖ-2 мм/сағ, э/4, с/67, л/29. Дуоденалдық зондтау кезінде: өт порциясының бөліну уақыты – 10 минут, Одди сфинктерінің жабылу уақыты – 9 мин, қайтадан тітіркендіргеннен кейін қою қара өт бөлінді. Сіздің диагнозыңыз:

  1. жедел гастродуоденит

  2. дуоденопанкреатит

  3. өт шығару жолдары дискинезиясының гипомоторлық түрі

  4. өт шығару жолдары дискинезиясының гипермоторлық түрі

  5. Жедел гастрит

ANSWER:D

16. 12-жасар Саша сол қабырғаастына берілетін ішінің қатты ауруына шағымданады. 2-і рет жеңілдік әкелмейтін құсу болған. Анамнезінен 2-і ай бұрын вирусты гепатит А-мен ауырған. Терісі боз, сәл сарғайған. ҚҚ-70/50 мм.сын.бағ. ЖСЖ – 120 соққы минутына. Сипағанда кіндік үстінде медиалды сызықта ауырсыну анықталады. Үлкен дәреті тәуілігіне 4 рет, пішінсіз, өңі кәдімгідей. Қан зерттеуінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Ажырату диагнозын жүргізу мақсатында ең маңызды биохимиялық зерттеу тұрғысынан ненің деңгейді анықтаукерек?

  1. билирубин

  2. қан және зәрдегі альфа-амилаза

  3. альбумин және глобулиндер

  4. сиал қышқылы

  5. трансаминаза

ANSWER:B
ГЕМАТОЛОГИЯ

1 деңгей - 2

1. . «А» Гемофилияға тән:

  1. Қан ағу уақытының ұзаруы, тромбоциттер санының жлғарылауы

  2. Қан ағу уақыты қалыпты, қан ұю уақытының ұзаруы

  3. Лейкоцит санының жоғарылауы, ЭТЖ жылдамдауы

  4. Қан ұю уақытының жылдамдауы

  5. Тромбоцит, эозинофильдер санының жоғарылауы

ANSWER:B

2. Аутоиммунды гемолитикалық анемия анықтау үшін төменгі аталған тесттердің кайсысы қолданылады?

  1. Хем сынамасы

  2. Шиллингтесті

  3. Кумбс сынамасы

  4. Хартманн сынамас

  5. Грегерсон сынамасы

ANSWER:C

2 деңгей- 4

3. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурада (ИТП) геморрагиялық синдром негізделген:

  1. гемопоэздің мегакариоцитарлы өсуінің тежелуі

  2. тромбоциттердің деструкциясы жоғарлауы

  3. сүйек миының бластты клеткалармен инфильтрациясы

  4. сүйек миының майғы ауысуы

  5. фибринолиз жүйесінің патологиясы

ANSWER:B

4. 5 жасар ер бала ішінің ауруына, терісінде ұсақ таңдақты бөртпелерге шағымданып келді. Бір жеті бұрын ЖРВИ мен ауырған, содан кейін сирақ табан буынында ауырсыну, сонда ісіну, терісінде таңдақты папулезды бөртпелерге пайда болды. Келесі күні ішінің ауруы қосылып, бөртпелер көбейді. Жағдайы орташа ауырлыкта, ұсақ таңдақты бөртпелер, аяқ қолдарының жазу үстінде, бөксесінде және буын айналасында басым орналасқан. Оң сирақ табан буыны ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, қозғалыс көлемі шектелген. Іші жұмсақ, кіндік аймағы ауырсынумен. Болжамды диагноз:

  1. Идиопатилық тромбоцитопениялық пурпура

  2. Геморагиялық васкулит

  3. Гемобластоз

  4. Апластикалық анемия

  5. Екіншілік тромбоцитопения

ANSWER:B

5. Жедел лейкоз ем тиімділігінің негізгі көрсеткіштері (ремиссияға жету) болып табылады:

  1. Шеткі қанда бласттыы жасушалардың жоғалуы

  2. Гемоглобин және лейкоцит деңгейінің қалыпты болуы

  3. Баланың клиникалық жағдайының жақсаруы

  4. Сүйек миындағы бластты клеткалар 5% аз

  5. Сүйек миындағы бластты клеткалар 10% аз

ANSWER:D

6. 14 жасар науқас қыз, үдемелі әлсіздікке, бас айналуына, саусақтарының шаншу және ұюына шағым айтып келді.6 ай бойы ауырады, тексеруде «орташа анемия» табылды. Созылмалы гастритпен ауырады. Жағдайы қанағаттанарлық Тері жамылғысы боз жеңіл сарғыш түсті. Мүшелер бойынша өзгерістер жоқ. Алақандарының үстінде сезімталдығы төмендеген. Қолдарында діріл бар. Жүрісінің ыңғайсыздығы. Дәрігермен сөйлескенде кішігірім тежеліп қалуы байқалады. ЖҚА: Hb - 88 г/л;ТК-1,6, эр. - 2,4х1012/л; лейк. - 6,8х109/л, ЭТЖ - 28 мм/с. Кандай метод диагностика әдісі неғұрлым ақпаратты?

  1. десфералмен сынама

  2. диэпоксибутанмен сынама

  3. Дезоксиуридинді тест

  4. кальциурияға сынама

прозеринмен сынама

ANSWER: C
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25


написать администратору сайта