Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Скачать 1.62 Mb.
|
2 деңгей -10 3. Нәрестеге біріншілік дәрігерлік патронаж жүргізіледі: ата анасының шақыртуы бойынша босану үйінен шыққан соң кез келген күні Босану үйінен шыққан соң үш күн ішінде Босану үйінен шыққан соң 5 –ші күні Босану үйінен шыққан соң бір жеті ішінде ANSWER:C 4. Біріншілік медицина-санитарлық көмек жағдайында (БМСК) жаңа туған сәбидің ажырату диагнозында физиологиялық сарғаюға қандай тұжырым тән екенін бағалаңыз: Сарғаюы бар жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылады; Зәрде өт пигменттері жоқ Толқын тәрізді ағымды Баланың жалпы жағдайы нашарлайды Нәрестені жасанды қоректендіруге көшіру ANSWER:B 5. Жалпы тәжірибелік дәрігер үйге шақыру: әйел адам босанғаннан 10 күн өткеннен кейін тез шаршау, психоэмоциональды тұрақсыздық және сүт мөлшерінің азайғандығын айтады. Гипогалактияны алдын-алу үшін сіздің ұсынысыңыз: емізу арасындағы аралықты кеңейту қолданылатын сұйықтық көлемін азайту және өзінің ұйқысын арттыру ыстық ванналарды және серуендеуді азайту никотин қышқылын қабылдауды тез арада бастау емізудің қайталануын арттыру және күн тәртібін дұрыстау ANSWER:E 6. Нәрестелерде физиологиялық салмақ жоғалту қанша пайызды құрайды: 1-2 % 3-5 % 7-10 % 15-20 % 25-30 % ANSWER:C 7. 15 күндік бала кейде бірден, кейде тамақтандырғаннан кейін біраз уақыттан кейін құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспалары жоқ, диурез қалыпты. Анамнезінен: босануы тез, Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл. Өмірінің алғашқы күнінен құсады. Болжам диагноз: Пилороспазм Пилоростеноз Перинатальды энцефалопатия Ішек дисбактериозы Лактазды жетіспеушілік ANSWER:A 8. Мерзімінде дүниеге келген баланың өмірінің алғашқы аптасында сарғаю дамып, 4 апта бойына тұрақты сақталды, іш қатуы, брадикардия пайда болған. Ажырату керек: сепсис гипотиреоз пилоростеноз нәрестенің гемолитикалық ауруы нәрестенің физиологиялық сарғаю ANSWER:B 9. 24 күндік ұл бала. Соңғы аптада пайда болған, емгеннен кейін фонтан тәрізді көп мөлшерлі құсуға шағымданып түсті. Қарағанкезде: тері жамылғысы алқызыл, бөртпе жоқ, аз тамақтанудан. Ішкі мүшелер жағынан патология анықталға нжоқ. Нәжісі сары, ботқа тәрізді, күніне бір рет. Диагноз?: Пилоростеноз Ішек өтпеушілігі Гастроэнтерит Пилороспазм Адреногенитальды синдром ANSWER:A 10.Екі апталық ер бала туылған бері бейімделген «Малютка» сүт қоспасымен жасанды тамақтандырылады. Көлемді кәдіс бойынша қоспаның тәуліктік көлемін есептепшығыңыз: дене салмағының 1/7 бөлімін дене салмағының 1/8 бөлімін дене салмағының 1/6 бөлімін дене салмағының 1/5 бөлімін дене салмағының 1/4 бөлімін ANSWER:D 11.10 күндік ұл бала. Анамнезінен: бала 2- жүктіліктен, 37-38 аптада 1-ші босанудан. Жүктілік созылмалы пиелонефриттің асқыну фонында өтті, бала 2-ші денсаулық тобына жатады. Клиникалық қан анализінде: эритроцит: 4,8*10/12л, гемоглобин: 145 г/л, лейкоцит: 11,4*109/ л, таяқшаядролы 3%, сегмент ядролы 41%, эозинофил 3%, моноцит 6%, лимфоцит 47%, ЭТЖ 2 мм/сағ. Қан көрсеткішінің сипаттамасы: Жеңіл дәрежелі анемия Жасына сәйкес қалыпты Нейтрофилез Лейкоцитоз Лимфоцитоз ANSWER:B 12. Жаңа туған бала өмірінің алғашқы 4-тәулігінде босану үйінен шықты. Босануы ұзаққа созылды, туғандағы салмағы 4400 гр, балада төбе сүйегінде тығыз ісік анықталды. Түзіліс жанындағы сүйекке өтпейді, пульсация жоқ. Науқаста қандай патология туралы ойлау қажет: Кефалогематома Ми жарығы Абсцесс Флегмона Сүйек сынуы ANSWER:A 3деңгей- 8 13. Жаңа туған сәбидің анасы 16 жаста. Жүктілігі анемия фонында өткен. Босану қызметінің, босанудың қозуының әлсіз болуы. Жаңа туған сәбидің Апгар шкаласы бойынша бағалауы 7-8 балл. Өмірінің 3-нші күні шығарылды. Жаңа туған сәбиде «ОЖЖ» зақымдалуының қауіп факторын бөліп қарастырыңыз: Анасының жасы, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл Жүкті анемиясы, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл Босану қызметінің әлсіздігі, Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл Босану қызметінің әлсіздігі, өмірінің 3-ші күні шығарылуы Босану қызметінің, босану қозуының әлсіздігі ANSWER:E 14. Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+), баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай: Фетальдық гепатит Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы физиологиялық сарғаю асфиксия кезіндегі сарғаю. ANSWER:D 15. Өмірінің 4-ші күніндегі жаңа туған нәрестені қарағанда дәрігер Моро рефлексінің жоқтығын байқайды, нәресте шынтағына дейін тартылады, тіреу және қадамдау рефлексін жасамайды, жұлын рефлекстері кенет ауырсынады және төмендеген. Анасы дұрыс ембейтініне, жеткіліксіз зәр шығаруына шағымданады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз және тактикаңыз: перинатальды энцефалопатия,соматикалық бөлімшеге госпитализациялау бас миына қан құйылу, госпитализациялау туу жарақаты, невролог кеңесі церебральды ишемия, невролог кеңесі туу жарақаты, мамандырылған бөлімшеге шұғыл госпитализациялау ANSWER:E 16. 7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін, серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз: Туа біткен буллезді эпидермолиз Туа біткен сифилис Синдром Лайелла Эксфолиативті Риттер дерматиті Пемфигус (нәресте көпіршігі) ANSWER:A 17. 12 күндік қыз бала. Өмірінің алғашқы күнінен бастап өт араласпаған құсу байқалады. Құсық массасы қабылдаған тамақ көлемінен аспайды. Жағдайы нашарлаған. Тері жамылғысы құрғақ, сұрғұлт түсті, үлкенең бегі түскен, емуі төмен, салмақ қоспайды. Жыныс мүшесінің дұрыс емес қалыптасуынан баланың жынысын анықтау қиын. Зәр шығару жиілеген. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек: Ашқарынға қаннан қантты зерттеу Аддис-Какковский бойынша зәр анализі Қаннан жалпы белокты Қан холестеринін Тәуліктік зәрден 17 КС және 17 ОКС анықтау ANSWER:E 18. Бала гестациялық жасы 39 аптада, 3750 г салмағымен дүниеге келді. Айқайы кенет болды. Омырауға алғашқы тәулігінде салынды, емуі белсенді. Бала үшінші тәулігінде дене массасы 3450 гр. Кеуде терісінде, ішінде, аяқ-қолдарында қызғылт реңмен боялған дақты-папулезды бөртпе анықталды. Қарау кезінде жаялығында қызғылт-кірпіш түсті дақ анықталды. Ең мүмкін болатын диагноз қандай? Дене массасының транзиторлы төмендеуі, токсикалық эритема, несеп қышқылдық инфаркт Физиологиялық эритема, дене массасының транзиторлы төмендеуі, олигурия Дене массасының транзиторлы төмендеуі, несеп қышқылдық инфаркт, мелена Меконий, физиологиялық эритема, дене массасының транзиторлы төмендеуі Дене массасының транзиторлы төмендеуі, олигурия, тері бөртпесі ANSWER:A 19. Жаңа туған бала 2200 г салмағымен, жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Апгар шкаласы бойынша 7-8 баллмен бағаланды. Сильверман шкаласы бойынша 0-1 балл. Алдын ала диагнозыңыз қандай? 34 апталық шала туылған бала 34 апталық шала туылған бала. Туғанда дене массасының төмен болуы. 34 апталық. Жеңіл дәрежелі асфикция 34 апталық шала туылған бала. РДС жеңіл дәрежелі 34 апталық шала туылған бала. Орташа дәрежелі асфиксия ANSWER:B 20. Г. есімді қыз бала, өмірінің алғашқы 10 тәулігі, 24 жастағы анасының анамнезі бойынша, қан тобы А (II) Rh теріс. Бірінші жүктілігі 3 жыл бұрын болған, 9 аптасында медабортпен аяқталған, асқынуы болмаған. ЖҚА мен БҚА тексергенде – анемия үдеуде, тіке емес билирубин деңгейі жоғарылаған. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал: Жаңа туған баланың гемолитикалық ауруы, Rh факторы бойынша сәйкессіздік Жаңа туған баланың гемолитикалық ауруы, АВО жүйесі бойынша сәйкессіздік Гемолитикалық анемия Гипопластикалық анемия Туа пайда болған инфекция ANSWER:A ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ 1 деңгей -4 1. Балалардағы темір тапшылық анемиясының дамуындағы қауіптілік факторыны: Қарқынды босану Тар жамбастық (анасының) Ұзаққа созылған сусыз кезең Ұрықтың асфиксиясы Көп ұрықты жүктілік ANSWER:E 2.Тамақтанудың рационына ет пюресін қосуға болатын баланың жасын көрсетіңіз: 5 7 9 10 12 ANSWER:В 3. Ұйымдасқан мекемелерде респираторлы вирусты инфекциялармен ауырған балаларға жүргізіледі: 1-2 аптада физикалық тәрбиелеудің негізгі сабақтарын босату Арнайы физкультуралық топ ұйымдастыру Физкультурадан арнайы дайындық тобын ұйымдастыру Жарыстардан босату 1 айға сабақтан босату ANSWER:A 4.Клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаторлы жағдайда балалардағы ТТА диагностика мен емінің қауіпсіз әдістерін және тиімді емдеу индикаторларын таңдаңыз? Тәбетінің, физикалық белсенділігінің жақсаруы Ретикулоциттердің қалыпқа келуі Тері және көзге көрінетін жамылғылар түсінің қалыпқа келуі Темір қорының толықтыруы Hb 110 г/л болғанда жағдайының жақсаруы ANSWER:D 2 деңгей -10 5. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 3 жасар бала. Анамнезінен: бала 3 күннен бері ауырады, ауру температура жоғарылауы, жөтел, тұмаумен жедел басталған. Түнде жағдайы нашарлаған, мазасыздық, дауыс қарлығуы, жөтелдің үрмелі түрге айналуы пайда болған. Тынысы шулы, тынысты алуы алыстан естіледі, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, бозарған, жұтқыншықтың кілегейі қызарған, дәнді бөртпелер бар. Жұмсақ жерлерінің ішке кіруі байқалады, сырылдар естілмейді, пульс минутына 120 рет. Осы клиникалық симптоматика қай патологиялық жағдайға тән? бронхопневмония обструктивті бронхит бронхиальді астма бронхтардың бөгде денесі ларинготрахеит ANSWER:E 6. 2,5 айлық бала қараша айының басында туылды, ана сүтімен қоректенеді. Соңғы 2-3 аптада мазасыз, нашар ұйықтайды, ұйықтап жатқанда шошынып оянады, тершең. Емшекті бұрынғыға қарағанда нашар емеді. Ұлы дәреті тұрақсыз. Қарағанда бозғылт, терісі ылғал, шүйдесінде шашы жоқ. Тіндерінің тургоры азайған. Қаңқаның көзге көрінетін деформациясы жоқ. Үлкен еңбектің жиектері басыңқы. Ішкі мүшелері патологиясыз. Осындай жағдайда аурудың қандай сатысы болуы мүмкіндігін бағалаңыз? бастапқы кезең өршу кезеңі реконвалесценция кезеңі қалдық өзгерістер кезеңі продромальды кезең ANSWER:A 7. 3 жасар баланы қараған кезде жалпы тәжірибелік дәрігер тері жамылғысының және кілегей қабаттарының бозғылттануына назар аударған. Талақ пен бауыр ұлғаймаған. Темір тапшылық анемиясы бар науқастардың геммограммасына тән: Гипохромия, ретикулоциттер төмен Гипохромия, ретикулоциттер саны қалыпты Эритроциттердің гиперхромиясы, ретикулоциттер жоқ Нормохромия, ретикулоциттер санының жоғарлауы Нормохромия, ретикулоциттер саны қалыпты ANSWER:B 8. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 14 жастағы бала. Шағымдары: әлсіздік, мазасыздық, құрғақ жөтел. Дәрігердің алғашқы болжам диагнозы: «ЖРВИ. Аденовирусты инфекция» Келтірілген клиникалық көріністердің қайсысын сіз балада анықтай аласыз A. фарингит, конъюнктивит B. хориоретинит, синусит C. лимфаденит, синусит D. артралгия. эпиглоттит E.эритема, увеит ANSWER:A 9. Дәрігер қабылдауында тамақтың ауырсынуы мен сұйықтық қабылдау алмауына шағымданып келген бала. Анамнезінен ауру симптоматикасы жедел, катаральды көріністер фонында дамығаны белгілі. Осы клиникалық симптоматика қай жағдайға сәйкес? стрептококкты емес фарингит стрептококкты фарингит аран дифтериясы лакунарлы ангина жұтқыншақ абсцес ANSWER:E 10. 3 жастағы балада интоксикация түрінде зәр жүйесінің инфекциясы, зәрінде өзгерістер бар. Бастапқы жүргізу тактикасы қандай? эмпириялық антибиотик тағайындау Симптоматикалық терапия Несеп себіндісінің нәтижесі келгенше күту тактикасы Несеп айдайтын және қабынуға қарсы шөптермен фитотерапия жүргізу гормонотерапия ANSWER:A 11.Алдын ала қарауда бір жастағы бала. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. ЖРВИ дан кейінгі реконвалесцент. Церебралды ишемия II дәрежелі, жедел кезең диагнозымен невропатологта «Д» есепте тұрады. Екпелерін уақытында алған. Бала қандай денсаулық тобына жатады: I II III IV V ANSWER:C 12. 2,5-жасар бала, мәліметтер: ФД – гипосомия, I дәрежелі салмақ жетіспеушілік; ЖПД – III топ, I дәрежелі; гемоглобин деңгейі – 85 г/л; анамнезінде ремиссия сатысындағы атопиялық дерматит. Қай денсаулық тобына жатқызасыз: бірінші екінші үшінші төртінші бесінші ANSWER:C 13. 8 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз лимфатүйін анықталады. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Күнтізбемен екпелер жасалған. Алғашқы диагноз: лимфоаденопатия лимфа түйінінің ісігі лимфа түйін гиперплазиясы жайылмалы БЦЖит регионарлы лимфоаденит ANSWER:E 14. 1 жастағы балада диафрагманың өңеш тесігінің жырығы анықталды. Қандай негізгі диагностикалық әдіс осы патологияны анықтауға көмектеседі? Рентгенологиялық тексеру Эндоскопиялық тексеру Өңешішілік рН-метрия Ультрадыбысты тексеру Асқазанды зондтау ANSWER:A 3 деңгей -10 15.Сіз жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызда 3 жасар бала. Респираторлы шағымдармен, интоксикация және фебрильді қызбамен шағымданған науқастағы қандай объективті зерттеу кезінде анықталған физикальды өзгерістер пневмониялық процесске тән? Крепитация көріністері, барлық алаң бойынша тимпаникалық дыбыс Барлық алаң бойынша тимпаникалық дыбыс, жайылмалы әр түрлі калибр сырылдар Өкпе дыбысының локальды тынықталуы, тыныстың локальды әлсіреуі Барлық өкпе алаңы бойынша қорап дыбысы, кеуденің эмфизематозды өзгеруі Қабырға аралардың кеңеюі, өкпе экскурсиясының шектелуі ANSWER:C 16. Қабылдауда 8 айлық бала. Анамнезінен 1-ші жүктіліктен, мерзімінде туылған, 3400 салмақпен. 1,5 айынан жасанды тамақтанады. Тамақтануы бұзылған, қосымша тамақтану уақытында берілмеген. Анасының айтуынша басын 2,5 айынан бастап ұстайды, 7 айында отырған, тұрмайды. Ұлы дәреті тұрақсыз. Қарағанда: әлсіз, тершең. Тері жамылғылары бозғылт. Жалпы бұлшық ет гипотониясы. Басы төрт бұрышты, маңдай томпағы шығыңқы. Үлкен еңбегі 2,0х 2,5 см., жиектері басыңқы. Тістері жоқ. Кеуде клеткасы бүйірінен қысылған, апертура ашық. Айқын «білезіктер». Іші «бақа тәрізді», жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығыңқы. Балада қанның биохимиялық анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Р төмендеуі, алкалоз, сілтілі фосфатазаның артуы Са төмендеуі, ацидоз, сілтілі фосфатазаның азаюы Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазаның артуы Сілтілі фосфатазаның артуы, Р төмендеуі, диспротеинемия Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазаның төмендеуі ANSWER:С 17. 1 жастағы балада тыныс алу жүйесінің көріністерімен қатар дене температурасы фебрильді дәрежеге дейін көтерілген кезде мазасыздық пен тонико-клоникалық құрысу эпизоды болған. Анамнезінен бала перинатальді энцефалопатия бойынша диспансерлік есепте тұрғаны белгілі. Бұрын фебрильді құрысу жағдайлары болған. Шұғыл терапия құрамында қандай бағыттар болуы тиіс? вирусқа қарсы терапия, құрусыға қарсы терапия антибактериальді терапия, құрусыға қарсы терапия муколитикалық терапия, құрусыға қарсы терапия қызуды түсіруге бағытталған терапия, құрусыға қарсы терапия қабынуға қарсы терапия, иммуномодуляциялық терапия ANSWER:D 18. Үй жағдайында 2 жастағы бала айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, 38*С температура жоғарылауы. Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультацияда: әр жерден сырылдар естіледі, оң жақтан жауырын астында – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар, рентгенограммада – оң жақтан жауырын астында – ошақтық инфильтрация. Осы ауру кезінде мақсатты алғашқы терапия қандай? Макролидтар Аминогликозидтар Карбапенемдар Аминопенициллиндар Фторхинолондар ANSWER:D 19.ЖТД қабылдауында 3 жасар бала. Тез шаршау, сол жақ қарынша пульсациясы күшейген, ІІ қабырға аралықта діріл анықталды. ЭКГ бойынша: сол жақ қарыншаның жүктемесі жоғарылаған. Рентгенограммада: кіші қанайналым шеңберінде гиперволемия, сол жақ қарынша ұлғаю белгілері. Осы клиникалық жағдайдағы ең ықтимал болжам диагноз? Өкпе артериясының стенозы Қарыншааралық перде ақауы Субаортальді стеноз Ашық артериальді өзек Аорта коарктациясы ANSWER:D 20. Бала 5 жаста, ЖРВИ-мен ауырып шықты. Диагноз: «Ревматикалық емес кардит». Ем жүргізілді. Баланың жағдайы жақсарды, бірақ ЭхоКГ-да жүрек шекараларында және өзгерістерде оң динамика жоқ. Баланың стационарда жатқанына 5 ай. Аурудың клиникалық ағымы қандай сипатқа ие? A. Жедел B. Жеделдеу C. Созылмалы D. Найзағай тәрізді E. Торпидты ANSWER:B 21.Учаскелік педиатр қабылдауына 6 жасар қыз анасымен келді. Балабақшада 8 күн бұрын қызылшаға қарсы ревакцинация жасалды. Сол күні кешке ата-анасымен циркте болған. Келесі күні кенеттен дене температурасы 37,5° C дейін көтерілген, жөтел және мұрын бітелуі пайда болған. Учаскелік педиатр ЖРВИ диагнозын қойып симптоматикалық ем тағайындады. Екпеден 12 күні қайтадан дене температурасы 38,5 ° C дейін көтерілген, мұрын бітелуі, жөтел, тамағындағы ауырсыну, қышитын бөртпе пайда болды. Үй жағдайында қарау кезінде: интоксикация симптомдары айқын, конъюнктивада жеңіл дәрежелі гиперемия. Өзгермеген бет аймағында, кеуде және аяқ-қолдарында қосылмаған нүктелі-папулезді дақ. Екпе салған жерде диаметрі 1 см-ге дейін тығыздалу. Араны қызарған. Балада екпеден кейін жағдайды қалай бағалайсыз: Қызылшаға қарсы ревакцинациядан кейінгі асқыну Жедел респираторлы вирусты инфекция Ерекше вакцинациядан кейінгі жағдай ЖРВИ қосылған Вакцинациядан кейінгі аллергиялық реакция Екпеден кейінгі қалыпты реакция ANSWER:C 22. Учаскелік дәрігер қабылдауына жоспарлы түрде 6 айлық қызымен анасы келді. Босану уақытында. Туғандағы дене салмағы 4100 гр, ұзындығы 53 см. Объективті жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы 8700 г, ұзындығы 67 см, кеуде торы шеңбері 44 см. Тәбеті күшейген. Баланың денсаулық жағдайын бағалаңыз. А. Орташа физикалық даму В. Гипостатура С. Гипотрофия ІІ дәрежелі D. Паратрофия І дәрежелі Е. Паратрофия ІІІ сатысы ANSWER:C 23.Учаскелік дәрігер қабылдауына биологиялық жасын анықтау қажет, құжаттары жоқ (белгілі бір себептерге байланысты ) баланы алып келді. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағым айтпайды. Қарым қатынасқа жақсы түседі. Қарау кезінде өз мүмкіншілігіне сәйкес дәрігердің барлық талаптарын орындады.Қандай критерий биологиялық жасты анықтауда негізгі болып табылады? жетілуі (екіншілік жыныс белгілері арқылы анықталады) сүйектік жетілуі (сүйектің қалыптасу дәрежесі мен уақытына байланысты) тістік жетілуі (сүт тістері мен тұрақты тістердің жарып шығу мерзімімен тістердің толқындылығына байланысты) әртүрлі мүшелердің микроқұрылымдық жастық өзгерісіне морфологиялық және психологиялық жетілу ANSWER:C 24. Учаскелік дәрігерге 3 айлық бала келді. Анамнезінен белгілі босану үйінде гемолитикалық ауру сары аурулық түрі (Rh фактор сәйкессіздік) диагностикаланды. Екі рет қан құю болған. Қазіргі уақытта бала табиғи тамақтануда, 3 айда 2200 г салмақ қосқан. Балаға инфекцияларға қарсы спецификалық алдын алуды қандай уақытқа (ай) шегеруге болады? А. 1 В. 3 С. 4 D.6 Е.12 ANSWER:D ПУЛЬМОНОЛОГИЯ |