Главная страница

Берілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады


Скачать 1.62 Mb.
НазваниеБерілген симптомдарды айсысы пневмонияны жоа шыарады
Дата01.07.2021
Размер1.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаtest vop.docx
ТипДокументы
#222732
страница12 из 25
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
200 мл

ANSWER: В

9. Бала 4 айда,дене салмағы 6000г. Сироптағы парацетамол мөлшерін анықтаңыз?:

  1. 2,0 мл

  2. 2,5 мл

  3. 3,0 мл

  4. 3,5 мл

  5. 4,0 мл

ANSWER: В

10. ЖРВЖ ауырған 5 айлық баланы қарап тексергенде үлескелік педиатр тері қабатының бозаруын байқаған. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан талдауында: Hb – 96 г/л, эритроциттер – 3,2 х 1012/л, түсті көрсеткіш – 0,8; полихроматофилия, анизоцитоз айқын. Балада мүмкін болатын анемия түрін анықтаңыз?:

  1. ақуыз тапшылық

  2. дәрумен тапшылық

  3. теміртапшылық

  4. гемолитикалық

  5. апластикалық

ANSWER: C
ПУЛЬМОНОЛОГИЯ

1. Балада рентген суреттемесінде плеврит анықталған. Нақтылау үшін жүргізу керек?:

  1. бронхоскопия

  2. бронхография

  3. томография

  4. плевра қуысының диагностикалық пункциясы

  5. спирометрия және пикфлоуметрия

ANSWER: D

2.Бір жастағы балада ЖРВИ-дің екінші күнінде шулы респираторлы тыныс, қабырға аралықтың айқын кірігуі, мұрын қанатының шодыраюы және үрмелі жөтел. Аса айқын диагноз?:

  1. эпиглоттит

  2. бронхиолит

  3. вирусты круп

  4. бронх демікпесі

  5. бронхтағы бөгде зат

ANSWER: C

3.Бір жастағы бала стационарға айқын токсикозбен, ентікпемен, дене қызуының 38 оС дейін көтерілуіне шағымданып келді. Перкуссия кезінде қораптық реңмен перкуторлық тыныс анықталады. Шашыраңқы сырылдар, жауырынның оң жақ төменгі бұрышынан тұрақты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагноз қойыныз?:.

  1. Бронхиолит

  2. Альвеолит

  3. Пневмония

  4. Обструктивті бронхит

  5. Бронх демікпесі (ұстама)

ANSWER: C

4. Плевральды сұйықтықта нейтрофильдер басым 3 жастағы балада эксудативті плевриттің аса мүмкін себебі?:

  1. туберкулез

  2. обструктивті бронхит

  3. бейарнамалы бактериальды плевропневмония

  4. муковисцидоз

  5. созылмалы бронхит

ANSWER: C

5. Бала 5 жаста. 2 сағатқа созылған жедел бронх демікпесінің ұстамасы. Ата-анасы балаға бромгексин және эуфиллин берген. Сіздің әрекетіңіз?:

  1. Эуфиллинді бұлшықетке енгізу

  2. ингаляционды кортикостероидтар

  3. қысқа әсерлі ингаляционды В2-агонистері

  4. ұзақ әсерлі ингаляционды В2-агонистері

  5. кромонглицин қышқылы

ANSWER: C

6.Бала 10 жаста, есі анық, сөйлей алады, сырылдар үнемі емес, пульсоксиметрия ≥95%, шамалы тахикардия, цианоз жоқ. Бронх демікпесінің өршуінің ауырлығын бағаланыз?:

  1. өршудің жеңіл дәрежесі

  2. өршудің орташа дәрежесі

  3. өршудің ауыр дәрежесі

  4. өршудің аса ауыр дәрежесі

  5. өршу жоқ

ANSWER: A

7. Бала 5 жаста, анамнезінен бронх демікпесі, есі күңгір, ұйқышылдық, бөлек сөздерді айтады, пульс жиілігі ≥ 180рет/мин, айқын цианоз. Пульсоксиметрия < 92%. Бронх демікпесінің өршу деңгейін бағаланыз?:

  1. өршудің жеңіл дәрежесі

  2. өршудің орташа дәрежесі

  3. өршудің ауыр дәрежесі

  4. өршудің аса ауыр дәрежесі

  5. өршу жоқ

ANSWER: C

8. Бала 1 жаста. Бала жағдайының нашарлауына, әлсіздік, тамақтан бас тарту, дене қызуының 38,8 С дейін көтерілуіне, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: Тері жабындылары бозғылт, ауыз маңындағы көгеру, ему кезінде мұрын қанатының шодыраюы, ТЖ 60 рет/мин., қабырға аралықтың кірігуі. Перкуторлы өкпе үстінде қораптық рең, оң жақ жауырын асты аймағында тұйықталу, сол аймақта ұсақ көпіршікті және крепитациялы сырылдар естіледі. ЖСЖ 160 /1 мин. Зертханалық: ЖҚТ: Нв-122г/л, Эр 3,8 х10 12/л, L – 10,8 х10 9/л, п/я - 4%, с- 53%, л-36%,м – 7%, ЭТЖ 17 мм/с R – граммада: Оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті көлеңкелер анықталады. Өкпе суретінің күшеюі. Сіздің диагнозыңыз?:

  1. Оң жақты интерстициальды пневмония, ауыр ағымды ДН I

  2. Оң жақты ошақты (ауруханадан тыс) пневмония, жедел ағымды, өкпе абцессімен асқынған, ДН 1

  3. Оң жақты сегментарлы (S9) пневмония, жедел ағымды, ДН 0 ст

  4. Оң жақты ошақты (ауруханадан тыс) пневмония, жедел ағымды, асқынған ДН I

  5. Оң жақты ошақты (ауруханадан тыс) пневмония, жедел ағымды, асқынған ДН II.

ANSWER: D

9.Бала 1 жаста, дене салмағы 10 кг. Диагноз Оң жақ ошақты (ауруханадан тыс) пневмония, жедел ағым, асқынбаған. Емінде амоксициллин тағайындаңыз?:

  1. Амоксициллин 250 мг 1 таб х күніне 2 рет

  2. Амоксициллин 250 мг 1 таб х күніне 3 рет

  3. Амоксициллин 250 мг 1/2 таб х күніне 2 рет

  4. Амоксициллин 250 мг 1 таб х күніне 4 рет

  5. Амоксициллин 250 мг 1 таб х күніне 1 рет

ANSWER: А

10. Бала 6 жаста, бір апта бойы дене қызуының 37,2-37,5, дейін көтерілуіне, қиын бөлінетін құрғақ үдемелі жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен ауру біртіндеп үдемелі жөтелден, дене қызуының субфебрильді сандарға дейін көтерілуімен басталды. Объективті: Салмағы 25 кг. Тері жабындылары таза, қызғылт. Араңында шамалы катаральды белгілер. Қасаң қабықтың қызаруы. Өкпесінде перкуторлы өкпелік тыныс, шашыраңқы ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚТ: нейтрофильді лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы. Кеуде қуысының рентген суретінде – Өкпе алаңының біртекті емес ошақты инфильтрациясы. Тәуліктік азитромицин тағайындаңыз?:

  1. азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1рет күніне, 3 күн бойы

  2. азитромицин125 мг х 1рет күніне,5 күн бойы

  3. азитромицин 250 мг х 1рет күніне 5 күн

  4. азитромицин 250 мг х 1 рет күніне алғашғы тәулікте, 2-5 күні 125 мг

  5. азитромицин 500 мг х 1 рет күніне алғашқы тәулікте, 2-5 250 мг тәулігіне

ANSWER: D
КАРДИОЛОГИЯ

1.Қолдарда артериалды қан қысымының жоғары болуы мен аяқтарда төмен болуы ТЖА қайсы түріне тән?:

  1. Ашық артериалды өзек

  2. Қарынша аралық перденің ақауы

  3. Жүрекше аралық перденің ақауы

  4. Қолқа коарктациясы

  5. Фалло ауруы

ANSWER: D

2.10 жастағы ұл балада тізе және балтыр-табан буындарында ауырсыну мен ісіну байқалады, дене қызуы 38,00С дейін жоғарылаған. Жүректің сол жақ шекарасы 2 см ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. Бір апта бұрын бала баспамен ауырған. Балада диагнозды нақтылау үшін, қандай биохимиялық қан талдауын жүргізу керек?:

  1. RF қанды тексеру

  2. АСЛО қанды тексеру

  3. LE жасушаларына қанды тексеру

  4. СРБ қанды тексеру

  5. Антинуклеарлы факторға қанды тексеру

ANSWER: В

3. Бала 4 жаста. Тыныштықтағы ентігудің пайда болуына, жиі жүрек қағуға шағымданады. Объективті қарағанда жүрек шекарасы солға қарай 2 см кеңейген. Тыныштықта ТАЖ минутына 120 рет, тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Жүрек аускультациясы кезінде 1 тонның әлсіреуі байқалады, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Өкпенің артқы беткейінде төменгі бөлігінде екі жағынан да ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЭхоКГ- жүрек қуысының шамалы дилатациясы, миокардтың гипертрофиясы. Жүректің рентгенограммасында жүрек шар тәрізді пішінде. Сіздің диагнозыңыз?:

  1. Туа біткен жүрек ақауы

  2. Пневмония

  3. Ревматизм

  4. Миокардит

  5. Екіншілік кардиопатия

ANSWER: D

4. К деген ұл бала, 11 айлық, стационарға физикалық дамудан артта қалуына шағымданып түсті (дене салмағы 7,0 кг), физикалық немесе эмоционалды күштеме кезінде ентігу мен периоралды цианоз байқалады. Бронхитпен және пневмониямен ауырмаған. Объективті: тері жабындылары цианоздық реңмен, перифериялық цианоз, «даңғара таяқшалары» симптомы мен «сағат әйнегі». Перкуторлы жүрек шекарасы: сол жағы – сол жақ ортаңғы-бұғана сызығ бойынша, оң жағы – оң жақ парастерналды сызық бойынша, жоғарғысы – II қабырғааралық. Жүрек тондары қатты, ЖСЖ минутына 140 рет, ТАЖ минутына 40 рет. Кеуденің сол жақ қыры бойымен қатқыл тембрдегі систолалық шу естіледі, сол жақ II қабырғааралықта II тон әлсіреген. Қандай рентгенологиялық өзгерістер ауруға сәйкес келеді?:

  1. Жүректің сол жақ бөлімдерінің ұлғаюы, кіші қан айналымында іркілу белгілері

  2. Жүректің қалыпты немесе аздап кеңейген көлеңкесінде жүрек контурларының пульсациясы азайған

  3. Жүрек көлеңкесі кеңейген – шар тәрізді, ұшбұрыш немесе трапеция тәрізді

  4. Жүрек көлеңкесі сол жақ қарыншаның гипертрофия белгілерімен «етікші» пішінде

  5. Жүректің оң жақ бөлімінің ұлғаюы мен кіші қан айналымындағы іркілу белгілері

ANSWER: С

5.Қабылдау бөліміне 7 жастағы ұл бала келіп түсті, ол мектепте есін жоғалтқан. Объективті – бала боз, мұрын-ауыз ұшбұрышы мен аяқ-қолдардың цианозы. Пульсі аритмиялық, минутына 50 соққы, АД-80/40 мм. сын. бағ., электрокардиограммада жүрекше мен қарыншада тәуелсіз қызмет анықталған (Р тісшесінің саны QRS кешенінің санынан асыа түседі). Себебі болып табылады?:

  1. синусты брадикардия

  2. қарыншаның уақытынан бұрын жиырылу синдромы

  3. атриовентрикулярлы тосқауыл I дәрежесі

  4. антриовентрикулярлы тосқауыл II дәрежесі

  5. атриовентрикулярлы тосқауыл III дәрежесі

ANSWER: Е

6.Бала 6 жаста. Анасының айтуынша соңғы жылдары белсенділік азайған, тез шаршайды. Соңғы жарты жылда екі рет созылыңқы ағымдағы пневмонияны басынан өткерген. Даусы мыңқылдаған, тамақ ішу кезінде шашалады. Объективті: боз, көз айналасында периорбиталды ісінумен эритема. Бұлшықет күші төмендеген (көбінде иық аймағының бұлшықеті), қолдардың проксималды бұлшықетінің тығыз ісігі. Фаланга аралық және алақан-фалангалық буындардың бүккіш беткейінің терісінің құрғауы байқалады. Болжам диагноз?:

  1. Жүйелі қызыл жегі

  2. Жүйелі склеродермия

  3. Ювенилді дерматомиозит

  4. Дәнекер тінінің аралас аурулары

  5. Ревматикалық полимиалгия

ANSWER: С
Гастроэнтерология
1. 11 жастағы балада фиброгастродуоденоскопия нәтижесінде эрозивті гастродуоденитбелгілері анықталды. Балада бұл аурудың дамуының негізгі себебі?:

  1. H. pylori

  2. Генетикалық бейімдеушілік

  3. Асқазанға өттің рефлюксы

  4. Стрестік жағдайлар

  5. Аутоантиденелер

ANSWER: А

2. Бала 15 жаста диареялық синдроммен ауырады. Соңғы 3 жылда науқас жағдайы нашарлаған, салмағы азайған, жалпы әлсіздік, буындағы ауырсыну, кейде балтыр бұлшықеттеріндегі тырысуға шағымданады. Педиатрда созылмалы энтероколит пен «полиартрит» бойынша жақсарусыз ем алған. Қанды электролит пен микролэлементтерге биохимиялық зерттеуде кальций мен фосфордың азаюы анықталған. Копрологиялық зерттеуде креаторея және көп мөлшерде сабын анықталды. Объективті науқаста сүйектері мен буындары өзгермеген, сипағанда ауырсынбайды, соққылағанда аяқ пен қолдың саңылаулы сүйектерінде аздаған ауырсыну анықталады. Мүмкін диагноз?:

  1. созылмалы панкреатит

  2. арнайы емес жаралы колит

  3. мальабсорбция синдромы

  4. созылмалы гастрит

  5. гранулематозды колит (Крон ауруы)

ANSWER: C

3. 14 жастағы бала майлы тағам жегеннен кейін арқаға тарайтын сол жақ қабырға астындағы ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда Шоффар мен Мейо-Робсон аймағындағы ауырсынуға, қан араласпаған сұйық нәжіс, әлсіздік, солға ығысусыз нейтрофильді лейкоцитоз, қысқа мерзімді амилазурия. Мүмкін диагноз?:

  1. Созылмалы пакреатиттің өршуі

  2. гиперкинетикалық тип бойынша ӨШЖД

  3. Жедел холецистит

  4. Өршу фазасындағы жара ауруы

  5. Гепатит

ANSWER: A

4.Қыз бала 14 жаста, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, тәбетінің жоғарылауына, қыжылға шағымданады. Бір жыл бойы ауырады, тексерілмеген. Қыздың әкесінде ойық жара ауруы бар. Фиброгастродуоденоскопия жасағанда келесі өзгерістер анықталды: асқазан шырышты қабаты ісінген, қызарған, антрумда көптеген эрозиялар бар. Биоптатпен уреазды тест оң. Жіктеме бойынша диагноз қойыңыз?:

  1. Созылмалы эрозивті гастродуоденит, өршу кезеңі

  2. Созылмалы эрозивті гастродуоденит, Нр, өршу кезеңі

  3. Созылмалы эрозивті антральды гастрит, Нр, өршу кезеңі

  4. Асқазан ойық жара ауруы, Нр, өршу кезеңі

  5. Созылмалы эрозивті антральды гастрит, орташа дәрежелі ауырлықта, Нр, өршу кезеңі

ANSWER: С

5. Ұл бала 13 жаста. Қыжылға, қышқылмен кекіруге, аш қарынға және тамақтан кейін бір сағаттан соң эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағындағы ауырсыну анықталады. Эндоскопиялық: асқазан шырышты қабатында дөңгелек пішінді терең ойылу ақ жабынмен жабылған, қабыну ошағымен қоршалған. Диагноз қойыңыз?:

  1. Асқазан ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа жара, перевисцерит.

  2. Асқазан ойық жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз.

  3. Асқазан ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа жара, асқынусыз.

  4. Асқазан ойық жара ауруы, өршу кезеңінің басылуы, жараның жазылуы, асқынусыз.

  1. Асқазан ойық жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз.

ANSWER: С

6.Қыз бала 15 жаста, жүрек соғу жиілеуіне, жүрек айнуға, құсуға, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауырсынуға шағымданады. Рентгенологиялық өт қабының жылдам босауы анықталды.Диагноз қойыңыз?:

  1. Өт шығару жолдарының дискинезиясы, гиперкинетикалық түрі

  2. Өт шығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық түрі

  3. Өт шығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық түрі

  4. Холецистохолангит

  5. Холангит

ANSWER: А
ГЕМАТОЛОГИЯ

1.Гемофилия «А» – дегеніміз...?:

  1. VIII фактордың жетіспеушілігінен қан ұюдың баяулауымен және қан кетумен жүретін тұқым қуалайтын ауру.

  2. Тромбоцитарлы жүйенің жетіспеушілігінен болатын гемостаздың бұзылысы.

  3. Тромбоциттердің қалыпты мөлшері болғанымен олардың сапалық жетіспеушілігінен болатын гемостаздың бұзылысы

  4. Жүйелі васкулитпен сипатталатын иммунды патологиялық ауру

  5. Плазмалық факторлардың көп мөлшерде пайдалану мен олардың синтезінің бұзылысы салдарынан болатын гемостаздың бұзылысы

ANSWER: А

2.Бала 7 жаста. Туылғаннан терісінің бозғылттығы байқалады. Тұмаудан кейін жағдайының нашарлауымен стационарға түсті. Объективті белгілері: терісі сарғыш, ішінің көлемі ұлғайған. Бауыры 1,0 см бауыр асты доғасынан шығынқы, көкбауыры кіндік маңайында. ЖҚА: Нв-75 г/л, Эр.-2,0х1012/л, Л.-5,0х109/л, тромбоциттер-230,0х109/л, ЭТЖ-12 мм/сағ, ретикулоциттер- 25%о. Эритроцит диаметрі 6,2μ. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин-60,5 ммоль/л, тура емес-55,5 ммоль/л, тура-5,0 ммоль/л. Диагноз қойыңыз?:

  1. Жильбер синдромы

  2. Вирусты гепатит «А»

  3. Тұқым қуалайтын микросфероцитоз

  4. Темір жетіспеушілік анемия

  5. Апластикалық анемия

ANSWER: С

3.Қыз бала О., 7 жаста, емханада 2,5 апта бойы баспаға байланысты ем алуда. Антибиотикпен емдеуден әсер болмады. Селқостық, шаршағыштық, тіс иегінің қанауы, дене қызуының 390С жоғарлауы пайда болды. Қарау кезінде: терісі бозғылт, геморрагиялық бөртпе байқалады. Полилимфоаденопатия II-III мөлшерде. Жаралы-некротикалық баспа. ЖҚА: Нв-85 г/л, Э-2,8х1012/л, Л-50,0х109/л, тромбоциттер-100,0х109/л, ЭТЖ-65 мм/сағ., бластты жасушалар-46%. Цитохимиялық реакция пероксидазамен -теріс. Болжам диагноз?:

  1. Апластикалық анемия

  2. Созылмалы миелолейкоз

  3. Жедел лимфобластты лейкоз

  4. Лимфогрануломатоз

  5. Гистиоцитоз

ANSWER: С

4.Саша 4 жаста. Жағдайы ауыр. Мұрыннан көп мөлшерде қан кету. Бозғылт. Кеуде терісі мен аяқтарында геморрагиялық бөртпе, полиморфты, полихромды, симметриялы емес. Пульсі 100 рет 1 мин. Көкбауыры 1,0 см. Жайылмалы қан анализінде: Нв-92 г/л, эр.-2,7х109/л, лейк.-4,5х10 9/л, тромб.-15,0х109/л, с-68, л-32, ЭТЖ-18мм/сағ, Дюк бойынша қан ағу уақыты-15 мин, қан ұю-3 мин. 40 секунд. Балаға емінде тағайындау керек?:

  1. Гепарин

  2. Антигемофильді плазма

  3. Преднизолон

  4. Аспирин

  5. Метотрексат

ANSWER: С

5. 10 жастағы балада иық алды, балтыр, ірі буындар маңайындағы терісінде ұсақ нүктелі геморрагиялық симметриялы бөртпелер пайда болды, таңдайдың шырышты қабатында бірен-саран петехиялар бар. Дене қызуының жоғарлауы субфебрильді көрсеткіштерде. Анамнезінде тамаққа аллергия, жиі суық тиюмен ауырады. Сіздің диагнозыңыз?:

  1. Геморрагиялық васкулит, терілік түрі, жедел ағым

  2. Геморрагиялық васкулит, буындық түрі, жедел ағым

  3. Геморрагиялық васкулит, аралас түрі, жедел ағым

  4. Геморрагиялық васкулит, терілік түрі, толқын тәрізді ағым

  5. Геморрагиялық васкулит, аралас түрі, толқын тәрізді ағым

ANSWER: A
Нефрология

1.Бала 1,5 айда. Анасының шағымы: дене қызуының 37,80С дейін жоғарылауы, жиі, ауырсынумен зәр шығару. Зәрінде лейкоцитурия 10-15 к/а., эритроцитурия 7-9 к/а. Қандай қоздырғыш болуы мүмкін?:

  1. Стафилококк

  2. Стрептококк

  3. Ішек таяқшасы

  4. Цитомегаловирус

  5. Саңырауқұлақтар

ANSWER: С

2. Бала 5 жаста. Іштегі ұстама тәрізді ауырсыну кезеңді түрде, зәрінде гематурия, протеинурия, лейкоцитурия, цистин кристаллдары. Мүмкін диагноз?:

  1. пиелонефрит

  2. цистинурия

  3. бүйректік тубулярлы ацидоз

  4. зәр тас ауруы

  5. цистит

ANSWER: В

3.ЖТД алғашқы патронажында өмірінің 4-ші күнінде тұнық емес, жаялықта дақ қалдыратын сары қоңыр түсті зәр анықталды. Жалпы жағдайы өзгермеген,емуі белсенді, құспайды.Бала 3-ші жүктіліктен,1-ші жедел босанудан. Туғандағы салмағы 3650 гр. Омырауға босану бөлмесінде салынған. ЖТД шұғыл зәрдің жалпы талдамасын жасады: түсі сабан сары, серпіліс қышқылды, салыстырмалы тығыздығы – 1004, ақуыз жоқ, жалпақ эпителий – көптеген, лейкоциттер 6-7 к/а, эритроциттер – жоқ, гиалинді цилиндрлер . Бұл жағдай тән?:

  1. жыныстық кризге

  2. зәр шығару жолдарының жұқпасына

  3. дизметаболикалық нефропатияларға

  4. десквамативті вульвовагинитке

  5. зәр қышқылды инфаркт

ANSWER: Е

4.Қыз бала 2,5 жаста. Зәр шығару кезіндегі ауырсынуға, жиі, аздаған мөлшердегі зәрге шағымданады. Екі күн бұрын ЖРВЖ ауырған. Зәр талдауы: зәрі тұнық емес, белок 0,058 г/л, эпителий 10 – 12 к/а., лейкоциттер 15-18 к/а., эритроциттер (жаңа) 8-10 к/а. Мүмкін диагноз?:

  1. зәр шығару жолдарының жұқпасы. Жедел цистит

  2. жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром

  3. липоидты нефроз

  4. созылмалы цистит

  5. дизметаболикалық нефропатия

ANSWER: А
Балалар жасындағы ауруларды ықпалды жүргізу (БЖАЫЖ)

1.6 айлық қыз бала, 3-ші күн ауырады. Анасының айтуынша қыз балада тәулігіне 7-8 ретке дейінгі сұйық нәжіс, қайталамалы құсу байқалады. Қарағанда: қыз бала мазасыз, көзі кіртиген, сұйықтықты шөлдеп ішеді. Тері қатпары 2 секунд бойы жазылады. БЖАЫЖ сызбанұсқасы бойынша сусыздану дәрежесі бойынша диареяны жіктеңіз?:

  1. сусыздану жоқ

  2. жеңіл сусыздану

  3. аздаған сусыздану

  4. ауыр сусыздану

  5. өте ауыр сусыздану

ANSWER: C

2. Қыз бала 1 жас 8 ай, ЖТД дәрігерімен қаралған. Қарап тексергенде: қыз бала белсенді, дене қызуы 36,90С, тері қабаттары бозарған, тері эластикалығы мен жұмсақ тіндер тургоры кожные покровы бледноватые, эластичность кожи и тургор мягких тканей сохранены, жидкий стул до 5 раз в сутки. Какое количество дополнительной жидкости мать должна давать этому ребенку после каждого жидкого стула, согласно схеме лечения ИВБДВ?:

  1. 20 мл

  2. 40 мл

  3. 90 мл

  4. 4.120 мл

  5. 5.150 мл

ANSWER: C

3. Симптомокомплекс – ұйқышылдық, есінің бұлыңғырлануы, аяқ қолдың және беттің ісінуі, бұлшықет массасының азаюы, дерматит, бауыр ферментінің белсенділігінің төмендігі тән?:

  1. гипотрофии I дәрежелі

  2. гипотрофии II дәрежелі

  3. алиментарлы маразм

  4. квашиоркор

  5. паратрофия

ANSWER: D

4. 2айлық балада жөтел анықталады, тамақ ішуден және судан бас тартады. Карап тексерген кезде кеуде қуысының кірігуі анықталады. БЖАЫЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеніз?:

  1. Пневмония

  2. Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию

  3. Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс.

  4. Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

  5. Өте ауыр фебрильді ауру

ANSWER: D

5. Бала 2 айлық. Омыраудан бас тартады. Қарап тексерген кезде кеуде қуысының айқын кірігуі, қосымша бұлшықеттің тыныс актісіне қатысуы байқалады. БЖАЫЖ бағдарламасына сәйкес дәрігер тактикасы?:

  1. антибиотиктің алғашқы дозасын беру, учаскілік дәрігер бақылауына қалдыру

  2. антибиотиктің алғашқы дозасын беру, емханаға жедел жіберу

  3. антибиотиктің алғашқы дозасын беру, қайта қарау екі күннен кейін

  4. антибиотиктің алғашқы дозасын беру, тексеруге жіберу

  5. антибиотик қажет емес, үйде бақылау

ANSWER: B

6.Бала 4 айлық. Омыраудан бас тартады, сұйықтық іше алмайды. Температура 37,70С. Қарап тексерген кезде кеуде қуысының кірігуі, қосымша бұлшықеттің тыныс актісіне қатысуы байқалады, басының иілмелі қозғалысы. ТЖ – 45 рет минутына. БЖАЫЖ бағдарламасы бойынша жағдайын жіктеу?:

  1. Пневмония

  2. Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию.

  3. Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс.

  4. Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру.

  5. Өте ауыр фебрильді ауру.

ANSWER: D

7.Бала 3 жаста. Шағымдары: дене қызуының 37,40С дейін көтерілуіне және ішінің өтуіне. Балада іш өту 10 күн бойы жалғасуда, нәжісінде қан жоқ. Қарап тексергенде: бала мазасыз және ауырсынумен тітіркенгіш, шөлдеу жоқ. Көзі жабылмаған. Тері жабындылары баяу жазылады. Балада диареяны қалай жіктеу керек?:

  1. сусыздану жоқ

  2. шамалы сусыздану

  3. ауыр сусыздану

  4. созылған іш өту

  5. гемоколит

ANSWER: B

8.балаға 12 ай, іш өтуге, қайталанбалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарап тексергенде: ұйқышылдық, тері қабаты 4 секундта жазылады, көзі кіртиген, сұйықтықтан бас тартады. Жағдайын жіктеніз және ем тағайынданыз?:

  1. Диарея. Шамалы сусыздану. Жоспар Б 4 сағат бойы

  2. Диарея. Шамалы сусыздану. Жоспар Б 6 сағат бойы

  3. Диарея. Ауыр сусыздану. Жоспар В 3 сағат бойы

  4. Диарея. Ауыр сусыздану.Жоспар В6 сағат бойы

  5. Диарея. Шамалы сусыздану. Жоспар А. Регидрон әрбір іш өтуден кейін.

ANSWER: C

9. Бала 4 жаста. Тамағындағы жұтыну кезіндегі ауырсынуға, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданады. Бала су іше алады. Қарап тексерген кезде: араңында гиперемия, лакуналарында іріңді жабын. Мойын астында лимфа бездері пальпацияланады, қозғалмалы, айналасындағы тінмен бітіспеген. БЖАЫЖ сәйкес жіктеніз?:

  1. жұтқыншақ абсцесі

  2. стрептококкты фарингит

  3. стрептококкты емес фарингит

  4. іріңді тонзиллит

  5. асқынбаған қызба

ANSWER: B

10. Қыз бала А 3,5 жаста. Анасының айтуы бойынша дене қызуы 38,4С. Қыз баланы тамағындағы ауырсыну мазалайды. Бала сұйықтық іше алады. Медицина қызметкері баланы қарап тексерді және жалпы қауіп белгілерін таппады. Содан кейін ол анасынан тамағында ауырсыну бар жоқтығын сұрады. Анасының айтуы бойынша бала тамағындағы ауырсынуға шағымданып, жылады. Медициналық қызметкер балаға ауызын ашуды сұрады. Ол араңынан ақ жабынды бар екенін анықтады. Одан кейін мойын лимфа бездерін тексерді. Мойын лимфа бездері ұлғайған. Қыз баланың жағдайын жіктеніз?:

  1. жұтқыншақ абсцесі

  2. стрептококты фарингит

  3. стрептококты емес фарингит

  4. жеңіл круп

  5. іріңді тонзиллит

ANSWER: B

11.3айлық балаға шақырту жасалды. Анасының айтуы бойынша баланың шағымдары екі күн бойы жөтел, дене қызуының 38,30С дейін көтерілуі, тәбетінің төмендеуі. Бүгін таңертеннен тамақ және су ішуден бас тартады, қабырға аралықтың айқын кірігуі байқалады, ТЖ- 65 рет минутына. Вызов к ребенку 3-х месяцев. БЖАЫЖ бағдарламасына сәйкес ЖТД дәрігерінің әрекеті?:

  1. Қауіпсіз заттар арқылы тамағын жібіту және жөтелін басу, келесі келу 3 күннен кейін.

  2. Тез әсер ететін бронхолитикалық заттың бірінші дозасын беру, келесі келу 5 күннен кейін

  3. Тез әсер ететін бронхолитикалық заттың бірінші дозасын беру, жедел түрде стационарға жіберу

  4. Пневмонияға антибактериальды препарат беру, келесі келу 2 күннен кейін

  5. Сәйкес антибиотиктің бір дозасын беру, жедел түрде емханаға жіберу

ANSWER: E

12. 8 апталық балаға шақырту жасалды, салмағы 4 кг. БЖАЫЖ бойынша жағдайы «өте ауыр фебрильді ауру» болып жіктеледі. Амоксициллин дозасы, БЖАЫЖ бағдарламасы бойынша алдағы әрекетініз?:

  1. Сироп 250мг/5 мл - 2,0 мл x 2 р/күніне, МККП-ға тексеруге жіберу

  2. ампициллин – 200 мг гентамицин 16 мг – б/ке, жедел стационарға жіберу

  3. ампициллин – 100 мг x 4 р/күніне гентамицин 16 мг x 2 р/күніне, қайта тексеру 2 күнннен кейін

  4. бициллин-1 – 600 мың. БК- б/ке, жедел стационарға жіберу

  5. Сироп 250мг/5 мл - 5,0 мл, жедел стационарға жіберу

ANSWER: B

13. Бала 6 айлық. ЖРВи мен ауырған науқаспен қатынаста болған. Жедел ауырған. Қараған кезде: бала мазасыз, тітіркенгіш. Мазасызданған кезде шулы тыныс, инспираторлы ентікпе, тыныс жиілігі 60 рет минутына, үрмелі ұстама тәрізді жөтел көрініс береді. Тыныштықта тыныс қалыпты, кеуде қуысының кірігуі және стридор жоқ.. Дауысы қарлыққан. БЖАЫЖ бойынша жіктеме?:

  1. ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз I дәрежелі; Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию.

  2. ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз II дәрежелі; Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

  3. ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз II дәрежелі; Пневмония

  4. ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз I дәрежелі; Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

  5. ЖРВИ, обструктивті бронхит; Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс

ANSWER: A

14. 2 айлық балаға үйге шақырту жасалды (салмағы 5,0кг). Жөтелге және тыныс алудың қиындауына шағымданады. Қарап тексергенде: ТЖ – 55 рет минутына, кеуде клеткасының шамалы кірігуі байқалады. Тәбеті төмендеген, сұйықтық іше алады. Амоксициллин дозасы (БЖАЫЖ бағдарламасы бойынша), алдағы әрекетініз?:

  1. Сироп 125 мг/5 мл - 2,5 мл x 2 р/күніне, БМСКО-ға тексеруге жолдау

  2. Сироп 250мг/5 мл - 2,5 мл x 2 р/күніне, жедел стационарға жіберу

  3. Сироп 125 мг/5 мл - 5,0 мл x 2 р/күніне 3 күн бойы, келесі тексеру 5 күннен кейін

  4. Сироп 250мг/5 мл - 5,0 мл, емханаға жедел жолдау

  5. Сироп 250мг/5 мл - 2,5 мл x 2 р/күніне 5 күн бойы, қайта тексеру 2 күннен кейін

ANSWER: E

15. Бала 3 ай (салмағы 5,0кг). Шағымдары: дене қызуының 37,40С дейін көтерілуі және сұйық нәжіс. Балада диарея 6 күн бойы жалғасуда, нәжісінде қан жоқ. Қарап тексергенде: бала мазасыз және тітіркенгіш, шөлдеп ішеді. Көзі кіртимеген. Тері қабаты баяу жазылады. Балаға қандай көлемде және қанша уақыт аралығында сұйықтық беру қажет ?:

  1. 50-100 мл әрбір сұйық нәжістен кейін

  2. 500 мл 6 сағат бойы

  3. 375 мл 4 сағат бойы

  4. 600 мл 4 сағат бойы

  5. 100-200 мл әрбір сұйық нәжістен кейін

ANSWER: C

16. Бала 2 жаста, салмағы 12кг, 3 күн бұрын жедел ауырған. Дене қызуы 38,80С, құлағындағы ауырсынуға шағымданады. Қарап тексергенде: Құлақ артында ісінеген ауырсыну, терісі қызарған. Жағдайын жіктеніз, БЖАЫЖ сызбаңұсқасына сәйкес ем тағайынданыз?:

  1. мастоидит; амоксициллин сироп – 6,0 мл, парацетамол сироп – 5,0 мл; емханаға жіберу

  2. мастоидит; амоксициллин сироп – 6,0 мл, парацетамол сироп – 5,0 мл; келесі келу 5 күннен кейін

  3. жедел құлақ жұқпасы; ампициллин – 600 мг – б/ке, парацетамол сироп – 5,0 мл; емханаға жіберу

  4. мастоидит; амоксициллині бар құлақ тамшылары, парацетамол сироп – 5,0 мл; емханаға жіберу

  5. жедел құлақ жұқпасы; ципрофлоксацині бар құлақ тамшылары, парацетамол сироп – 5,0 мл; емханаға жіберу

ANSWER: A

17.Қыз бала 18 ай, салмағы – 8,0кг. Дене қызуы38,5C.Анасының айтуы бойынша қызбаға және бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ол «тері және сүйек» сияқты көрінеді. Бала сұйықтық іше алады, құсу жоқ, тырысу болған жоқ, ол летаргиялық емес және есі анық. Қызба 4 күн бойы созылған. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі жоқ. Генерализденген бөртпе және көзінің қызаруы бар. Оның ауыз қуысында жара, қасаң қабықтың бұлдырауы және көзінен іріңді бөліністердің болуы жоқ. Ауыр көзге көрінетін арықтау бар. Алақанының бозаруы және екі табанының ісінуі жоқ. Ара қатынас: салмағы/жасы <-2СО. Қызбаны жіктеніз және тамақтану бұзылысы?:

  1. Созылыңқы қызба. Қызамық. Салмағы төмен немесе анемия.

  2. Асқынбаған қызба. Қызамық. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе ауыр анемия.

  3. Мүмкін бактериальды жұқпа. Қызамық. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе ауыр анемия.

  4. Асқынбаған қызба. Қызамық, ауыз және көздің асқынуларымен. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе ауыр анемия.

  5. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе ауыр анемия.

  6. 5.Ауыр асқынған қызамық. Тяжелая осложненная корь. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе ауыр анемия.

ANSWER: B

18.11 айлық бала 3 апта бойына созылған жөтелге шағымданып келді. Ол балада жалпы қауіп белгілер жоқ. ТЖ- 41 рет минутына. Кеуде қуысының кірігуі жоқ, тыныштықта стридор және астмоидты тыныс. Ол ауру кезінде балада кызба болған жоқ. Балада құлақ және тамағы жағынан ауырсыну жоқ. Балада ауыр салмақ жоғалту жоқ. Оның алақандары бозғылт және аса ақшыл болып көрінеді. Балада екі табанында ісіну жоқ. Ара қатынас: салмақ/жас - медиана «0». Жөтел және тамақтану бұзылысын жіктеніз?:

  1. Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию. Салмағының төмендігі немесе анемия жоқ.

  2. Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию. Салмағының төмендігі немесе анемия.

  3. Пневмония жоқ. Жөтел немесе суық тию. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе анемия.

  4. Пневмония. Салмақ аздығы немесе анемия.

  5. Пневмония. Ауыр тамақтану бұзылысы немесе анемия.

ANSWER: C
Педиатриялық үлескіде медициналық құжатты жүргізу және ұйымдастыру

1.Екпеге ерекше серпіліс немесе екпеден кейінгі асқынулардың болуында қандай медициналық құжат толтырылады?:

  1. 063-у

  2. 058/у

  3. 026/у

  4. 112-у

  5. 039-у

ANSWER: B

2.Жасалынған профилактикалық екпе жөнінде мағлұмат қай құжатта толтырылады?:

  1. 063-у

  2. 030-у

  3. 076-у

  4. 112-у

  5. 039-у

ANSWER: A

3.Қыз бала 3 айда, АжКДС полиомиелит екінші екпеленуі жүргізілді. Алдыңғы АжКДС полиомиелит екпелерін жақсы көтерген. Екінші күні дене қызуының 380С дейін жоғарылаған, мазасыздық; екпе салған жерде гиперемия және тығыздалу анықталады. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,80С. Ағзалар мен жүйелері бойынша патологиялар анықталмады. Дәреті ботқа тәрізді. Екпе салған орында – диаметрі 1 см инфильтрат, диаметрі 3 см жұмсақ тіндердің қызаруы мен ісінуі. Диагноз қойыңыз және екпелену кезінде толтырылатын медициналық құжатты көрсетіңіз?:

  1. АжКДС екпесіне кәдімгі серпіліс; форма 063-у

  2. Енгізу орындағы абсцесс; форма 058-у

  3. Аллергиялық серпіліс; форма 058-у

  4. Екпеден кейінгі асқыну: энцефалопатия; форма 112-у

  5. АжКДС екпесіне кәдімгі серпіліс; форма № 030/у

ANSWER: A

4. 22.08.2014ж № 19 «Туберкулез бойынша алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша Нұсқауларды бекіту жөнінде» Қаулысы бойынша Манту сынамасы мен БЦЖ екпесін қою аралығындағы интервалды көрсетіңіз?:

  1. 2 аптадан артық емес

  2. 4 аптадан артық емес

  3. 2 айдан артық емес

  4. 72 сағаттан артық емес

  5. 45 күннен артық емес

ANSWER: A

5. ЖТД қабылдауында 3,5 айлық бала. Дене салмағы 5600 гр., бойы 62 см. Гемоглобин 127 г/л. Бала екінші жарты жылдықта гестозбен өткен қайталамалы жүктіліктен, бірінші босанудан, дене салмағы 3300 гр. Апгар межесі бойынша бағалау 8 балл. Омыраумен тамақтанады, дамуы қалыпты. 3 айында ЖРВЖ орташа дәрежелі ауырлықта ауырған. ЖТД әрекеті, медициналық құжаттардың қандай түрі толтырылады?:

  1. Медициналық әкету 1 аптаға; форма 112-у, 063-у

  2. Медициналық әкету 1,5 аптаға; форма 112-у, 058-у

  3. Медициналық әкету 2 аптаға;форма 026-у, 063-у

  4. Медициналық әкету 3 аптаға; форма 112-у, 063-у

  5. Медициналық әкету тағайындалмайды, форма 112-у, 063-у

ANSWER: E

6.Қабылдауда 13 жастағы бала. Анамнезінде мерзімдік аллергиялық ринит.Үш апта бұрын ұстама тәрізді жөтел, содан кейін ысқырықты тыныс пен ентігу пайда болды.Түнде жөтел күшейді, ентігу ұлғайған, бала бозарған және ауа жетіспеушілікке шағымданады. Мұндай жағдай жарты жыл бойы 10-14 күнде 1 рет қайталанады. Бұл балаға 16.03.2011ж. ҚР ДСМ №145 «Тұрғындардың арнамалы топтарына профилактикалық медициналық қарауларды жүргізу ережелерін бекіту жөнінде» Қаулысына сай денсаулық тобын анықтаңыз?:

  1. денсаулық тобы I

  2. денсаулық тобы II

  3. денсаулық тобы III

  4. денсаулық тобы IV

  5. денсаулық тобы V

ANSWER: B

7. Ұл бала 1 жаста. Психомоторлы дамудың артта қалуы 6 айынан байқалады, 9 айдан кейін тырысулар дамыған. Объективті: терісінің түсі мен шашының түсі ақшыл. Невропатологта және дерматологта «Д» есепте тұрады. Анасы зәрдің «тышқан» иісті екенін байқаған. Диагноз қойыңыз және нәресте 2010 жылдың 09 қыркүйегіндегі №704 «Скринингті ұйымдастыру Ережелерін бекіту жөнінде» Қаулысына сай қандай ауруларға скринингті өту керек?:

  1. Тума гипотиреоз; гипотиреоз, феникетонурия, галактоземия

  2. Балалар церебральды салдануы; гипотиреоз, феникетонурия

  3. Фенилкетонурия; гипотиреоз, феникетонурия

  4. Гликогеноз; гипотиреоз, феникетонурия, галактоземия

  5. Фенилкетонурия; гипотиреоз, феникетонурия, муковисцидоз

ANSWER: C

8. 7 күндік ұл бала. Анамнезінен: жүктілік бірінші, анасының 18 жаста, анасы шылым шегеді, жүктіліктің I және II жүктілігінде токсикоз. Босану ынталандырумен, сусыз кезең 8 сағат, туғанда мойны кіндік бауымен оралған. Анасы жұмыс істемеген, тұрмысқа шықпаған, ата-анасымен тұрады, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттанарлық. Тұқым қуалаушылық асқынбаған. Бала омыраумен тамақтанады. 16.03.2011ж ҚР ДСҰ №145 «Тұрғындардың арнамалы тобына алдын алушы медициналық қарауларды жүргізу ережелерін бекіту жөнінде» Қаулысына сай бала қандай денсаулық тобына жатқызылады?:

  1. денсаулық тобы I

  2. денсаулық тобы IIA

  3. денсаулық тобы IIБ

  4. денсаулық тобы III

  5. денсаулық тобы IV

ANSWER: B

9. Қыз бала 4 жаста, жедел ауырған, дене қызуы 38,50С дейін жоғарылаған, денесінде бөртпе бар. Қарағанда: дене қызуы 36,70С,өзін жақсы сезінеді, бетінде, денесінде дақ, папула және көпіршік түрінде бөртпе бар. Қатынаста болғандарды бақылау мерзімі мен толтырылатын құжатты атаңыз?:

  1. қатынаста болғаннан 7 күнге дейін бақылау, форма №63, №112

  2. қатынаста болғаннан 11-ші күннен 21-ші күнге дейін бақылау №30, №112

  3. қатынаста болғаннан 8-ші күннен 17-ші күнге дейін бақылау, форма №60, №112

  4. теріс бактериологиялық тексеру нәтижесін алғанша дейін бақылау, форма №30, №112

  5. қатынаста болғаннан 17 күн бойы бақылау, форма № 63, №112

ANSWER: B

10.Отбасылық дәрігерде профилактикалық қарауда 6 айлық бала. Дене салмағы – 8200 грамм, бойы –66см. Жүйке психикалық дамуы жасына сай. Энцефалопатия себебінен невропатологта есепте тұрады. Профилактикалық екпелерді күнтізбе бойынша алған. 2011 жылдың 16 наурызынан № 145 «Тұрғындардың бағыттамалы топтарының алдын алушы медициналық қаралуларын жүргізу ережелерін бекіту жөнінде» Қаулысына сәйкес бала келесі скрнингті қаралуды өту керек?:

  1. ЖҚА, ЖЗА, жағынды,невропатолог, хирург, Лор, окулист қарауы

  2. ЖҚА, ЖЗА, невропатолог, хирург, окулист қарауы

  3. ЖҚА, ЖЗА, невропатолог, хирург, Лор, окулист қарауы

  4. Невропатолог, хирург, Лор, окулист қарауы

  5. ЖҚА, невропатолог, хирург қарауы

ANSWER: А

Балалар жұқпалы аурулары

1. Ауруханаға 6 айлық бала келіп түсті. Жедел ауырған, дене қызуы 400С-ге жоғарлаған, температура фонында естен танумен тонико-клоникалық тырысулар болған. Эпидемиологиялық мәліметтер: әжесінде - ЖРВИ. Объективті мәліметтер: тері жабындылары бозарған, «мрамор тәрізді»; бетінде, кеудесінде – петехиальды бөртпелер. Аранында бадамша бездері қызарған. Конъюнктиввлары қызарған. Жүрек тондары тұйықтаған, ЖСЖ- 160 рет минутына. Жұлын сұйықтығында - ликвор қысыммен ағады, мөлдір, цитоз - 10 жасуша. Болжам диагноз қойыңыз?:

  1. энтеровирусты инфекция: менингит

  2. тұмау, типті форма, орташа ауырлық дәрежесі, токсико-катаральды форма

  3. тұмау, типті форма, ауыр дәрежесі, асқынуы–нейротоксикоз

  4. менингококкты инфекция: менингит

  5. менингококкты инфекция: менингококкцемия

ANSWER: С

2. Қыз бала 8 айлық. Дене қызуы39°C. Анасының айтуы бойынша бала омыраудан және өзге де сұйықтықтан бас тартады. Бала летаргиялы. Медицина қызметкерлері және ата-анасы сөйлескен кезде оларға назар аудармаған. Дәрігер қараған кезде ТАЖ минутына 55 рет екенін және кеуде клеткасының ішке тартылуын анықтаған. Балада тыныс алған кезде күрт дыбыс естіледі. Баланың жағдайын БЖАИЖ бағдарламасы бойынша жіктеңіз?:

  1. ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат

  2. өте ауыр пневмония немесе ауыр сырқат

  3. пневмонияжоқ, жөтелнемесе суық тию

  4. пневмония жоқ. Астмоидты тыныс

  5. мүмкін бактериальды инфекция

ANSWER: A

3. 5 жастағы бала қызба және бүкіл денедегі бөртпеге байланысты үйде ем алған. Аурудың 9-шы күні жүрісінің бұзылуы пайда болған. Түскен кездегі дене қызуы 36,50С, бүкіл денеде қабыршықтар;менингиальды белгілер теріс, Ромберг қалпындатұрақсыз, басын нашар ұстайды. Ликвор: нәруыз 0,66 г/л, цитоз-8 жасуша. Диагноз қойыңыз?:

  1. қарапайым герпес, энцефалитпен асқынған

  2. желшешек, энцефалитпен асқынған

  3. қызамық, энцефалитпен асқынған

  4. жәншау, энцефалитпен асқынған

  5. қызылша, энцефалитпен асқынған

ANSWER: B

4. Қыз бала 2 айлық. Баланың әкесінде 2 апта бойы құрғақ жөтел болған. Қалыпты температура фонында балада жөтел пайда болып, біртіндеп жиілеген. Екінші апта соңында жөтелі күшейіп, ұстама тәрізді болған. Осындай бір ұстама кезінде бала көгерген, тынысының тоқтағаны байқалған. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 128 г/л, эритроциттер – 3,8*10 12/л, лейкоциттер – 28,2*109/л, п/я -2%, с/я – 20%, э – 5%, л – 73%, ЭТЖ – 8 мм/сағ. Диагноз қойыңыз?:

  1. туберкулезді бронхоаденит

  2. көкжөтел

  3. аденовирусты инфекция

  4. бронхопневмония

  5. ларинготрахеит

ANSWER: B

5. Бала 4 жаста, дене қызуының жоғарлауымен, қайталап құсумен, ішінің ауырсынуымен, сұйық нәжістің пайда болуымен жедел ауырған. Екінші күні сол жақ мықын аймағының ауырсынуына, дефекацияда алдында күшейетін шағымданды, нәжісі аз мөлшерлі, шырышты, қан жіпшелерімен. Іші тартылған, сигма спазмданған. Диагноз қойыңыз?:

  1. эшерихиоз

  2. сальмонеллез

  3. шигеллез

  4. Кампилобактериоз

  5. Энтероинвазивті эшерихиоз

ANSWER: C

6. Қыз бала М., 10 жаста,жедел ауырған, дене қызуының 38,50С жоғарлауы, қайталанған құсу, бас аурудан басталған. Объективті мәліметтер: дене қызуы 38,00С.Аранында бадамша безі қызарған, жұмсақ таңдай шырышты қабығында, таңдай доғаларында везикулалар. Желке бұлшықеттер ригидтілігі 3 саусақ, жоғарғы Брудзинский симптомы оң. Ликвора анализі : мөлдір, цитоз200 жасуша, олардың 160 лимфоциттер, нәруыз – 0,99 г/л. энтеровирусты антигенменРПГА : бірінші сарысу – 1:85, екіншісі -1:340. Диагноз қойыңыз?:

  1. энтеровирусты инфекция, типтіжайылған форма (герпангина, менингит), ауыр дәрежесі

  2. энтеровирусты инфекция, шектелген форма: герпангина. Серозды менингит, орташа ауырлық дәрежесі

  3. энтеровирусты инфекция, комбинирленген форма (герпангина, менингит), орташа ауырлық дәрежесі

  4. энтеровирусты инфекция: герпангина, ауыр дәрежесі. Асқынуы: іріңді менингит

  5. энтеровирусты инфекция, комбинирленген форма (тонзиллит, жүйкелік форма), орташа ауырлық дәрежесі

ANSWER: C

7. Науқас М., 7 жастажедел ауырған, дене температурасы 390С жоғарлаған, қайталамалы құсу болған, сұйық нәжіс. Ауруының 3 күні нәжісі ағарған және зәрі қошқылданған.Түскен кезде: склерасы мен терісі сарғыш түсті. Бауыры қабырға доғасынан3 см шығыңқы, эластикалы консистенциялы, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: жалпы билирубин 130 мкмоль/л, тура билирубин 90 мкмоль/л, тура емес билирубин 40 мкмоль/л, АЛаТ-2,0 мккат/л, HAV-IgM-оң. Диагноз қойыңыз?:

  1. вирусты гепатит «А», типті форма холестатикалық синдроммен, орташа дәрежелі ауырлықта

  2. вирусты гепатит «В», типті форма, орташа дәрежелі жедел ағымды

  3. вирусты гепатит «А» типті форма, орташа дәрежелі созылмалы «В» гепатит фонында

  4. вирусты гепатит «А», типті форма, жеңіл дәрежелі

  5. вирусты гепатит «А» вирусты гепатит «В»мен бірге, типті форма, орташа дәрежелі

ANSWER: C

8. Бала 9 айлық, ауруы жедел дене қызуының 38,50Сқа жоғарылауынан, жөтел және бас ауруынан басталған. Объективті: беті ісінген, қабақтары ісінген, екі жақтылы конъюнктивит. Жөтелі дөрекі, күркілдеген. Жұмсақ және қатты таңдай шырышты қабатында анық энантема бар, шырышы болбыр, күңгірт. Осы ауруға қарсы өзіне тән алдын алу әдісінің мерзімін көрсетіңіз?:

  1. 12 айда АКДС; ревакцинация 18 айда АКДС

  2. 18 айда ККП; ревакцинация 12 жаста ККП

  3. 12 айда ККП;ревакцинация 6 жаста КП

  4. 12 айда ККП; ревакцинация 6жаста арнайы иммуноглобулинмен

  5. 12 айда, ККП; ревакцинация 6 жаста ККП

ANSWER: E

9. Бала, 4 жаста, ауруы дене қызуының 38оСқа жоғарылауынан, катаральды өзгерістерден және бөртпе пайда болуынан басталған. Объективті: кеуде аймағында және қолдың жазғыш беткейінде ұсақдақты бөртпелер бар, мойын арты және желке лимфа түйіндері ұлғайған, жұтқыншақ шырышты қабаты қызарған, жұмсақ таңдайда энантема. Диагноз қойыңыз?:

  1. қызылша, бөртпе кезеңі

  2. жәншау

  3. энтеровирусты инфекция

  4. қызамық

  5. желшешек, продром кезеңі

ANSWER: D

10. Стационарға 8 айлық бала түсті (салмағы 8 кг), келесі шағымдармен: дене қызуының 390С дейін жоғарлауына, қайталап құсуға, 3 күн бойы, тәулігіне 10 ретке дейінгі сұйық, сулы нәжіске. Объективті: бала ауырсына қобалжыған, көздері кіртейген, құмарлана ішеді. Тері қатпарлары дереу жазылады. ребенок болезненно раздражим, глаза запавшие, пьет с жадностью. Кожная складка расправляется немедленно. «Диарея» мәселесін БЖАИЖ бағдарламасы бойынша жіктеңіз және оральды регидратация көлемін көрсетіңіз?:

  1. «диарея. Сусыздану жоқ», регидрон ішке-100 мл әр сұйық нәжістен кейін

  2. «шамалы сусыздану», регидрон ішке-600 мл 4 сағат ішінде

  3. «ауыр сусыздану», 240 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісі көктамыр ішіне 2,5 сағат ішінде

  4. «диарея.Сусыздану жоқ», регидрон ішке - 200 мл әр сұйық нәжістен кейін

  5. «ауыр сусыздану», 800 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісі көктамыр ішіне 6 сағат ішінде

ANSWER: B
Балалар хирургиясы

1.6 айдан асқан балаларда сан сүйегі басының туа біткен шығуының консервативті емі?:

  1. жаялыққа бос-кең орау

  2. функциональдық тарту

  3. Лоренц бойынша гипстік таңғыш салу

  4. Фрейк жастығында функциональдық емдеу

  5. скелеттік тарту

ANSWER: C

2.Бала бір жаста. Жамбас-сан буындарында қозғалысшектелген. Екі жақта сан сүйек басына аддукторотомиямен жабық түзету жасалған. Гипстік «шорты»салынған.Қайта түскен кезде гипстік «шорты» алынған. Тура проекциядағы рентгенограммада жамбастың ұршық шұңқырларының ернеулері қиғаш. Сан сүйегі бастарыы ұршық ойығында. Ядроның сүйектенуі әлсіз. Сфералануы дұрыс емес. Шентон сызығы үзікті. Виленский шинасы салынды. Диагноз?:

  1. дисплазия негізінде екі жақты сан сүйегінің туа пайда болған шығуы

  2. жамбас-сан буынында екі жақты коксартроз

  3. спастикалық паралич негізінде жамбас-сан буынында екі жақты шығуы

  4. остеомиелиттен кейінгі жамбас-сан буынында екі жақты шығуы

  5. жамбас-сан буынында екі жақты коксавара

ANSWER: A

3.6 айлық балада сан тері қатпарларының ассиметриясы, сыртқы ротациясы байқалады, рентгенограммада ацетабулярлы бұрыш 450, һ=0,5 мм.Болжам диагноз?:

  1. жамбас-сан буынында спастикалық паралич негізінде шығу

  2. жамбас-сан буынында әлсіз паралич негізінде шығу

  3. жамбас-сан буынында миопатия негізінде шығу

  4. сан сүйегібасының туа біткен шығуы

  5. аяқтың туа қысқаруы

ANSWER: D

4. Бала 1 жаста. Жамбас-сан буындарында қозғалыс шектелген. Стационарлық емдеуге жолдама берілген. Екі жақта сан сүйек бастарына аддукторотомиямен жабық түзету жасалған. Гипстік «шорты» салынған. Қайта түскен кезде гипстік «шорты» алынған. Тура проекциядағы рентгенограммада жамбастың ұршық шұңқырларының ернеулері қиғаш. Сан сүйегі бастарыы ұршық ойығында. Ядроның сүйектенуі әлсіз. Сфералануы дұрыс емес. Шентон сызығы үзікті. Виленский шинасы салынды. Диагноз?:

  1. дисплазия негізінде екі жақты сан сүйегінің туа пайда болған шығуы

  2. жамбас-сан буынында екі жақты коксартроз

  3. спастикалық паралич негізінде жамбас-сан буынында екі жақты шығуы

  4. остеомиелиттен кейінгі жамбас-сан буынында екі жақты шығуы

  5. жамбас-сан буынында екі жақты коксавара

ANSWER: A

5.Жаңа туған нәрестеде сол жақ бұғана-төс-емізікше бұлшықетінің ортанғы 1/3 бөлігінде домалақ, диаметрі 2.5 см, тығыз «ісік» тәрізді ауырсынатын түзіліс, басының қозғалысы шамалы шектелген. Сіздің диагнозыныз?:

  1. сол жақ бұғана-төс-емізікше тәрізді бұлшықет миозиті

  2. сол жақ қисық мойын, сүйектік түрі

  3. сол жақ қисық мойын, спастикалық түрі

  4. сол жақ қисық мойын, бұлшықетті түрі

  5. сол жақ Клиппель-Фейльауруы

ANSWER: D

6.Науқас Б.,3 айлық.Жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық тұрғыдан дені сау. Объективті:аяқ басының бұралуы, супинация, аяқ басының ішке бұрылуы, табаның латеральды қырына басылуы, табан күмбезінің ұлғаюы. Сіздің диагнозыныз?:

  1. маймақ аяқ

  2. жалпақ табан

  3. жалпақ вальгусты табан

  4. артрогриппоз

  5. амниотикалық маймақ табан

ANSWER: A

7.Сколиоз бұрышы 30-500. Алдыңғы және артқы жақтан бір жақты қабырғалық өркеш. Рентгенограммада - кеуде бөлігінде кифоз, ал бел бөлігінде лордоз анықталады.бел аймағында омыртқалардың айқын торсиясы. Сколиоздың дәрежесі қандай?:

  1. Чаклин бойынша І дәрежелі сколиоз

  2. Чаклин бойынша ІІ дәрежелі сколиоз

  3. Чаклин бойынша ІІІ дәрежелі сколиоз

  4. кифоз ІУ дәрежелі сколиоз

  5. лордоз І дәрежелі сколиоз

ANSWER: D

8.Науқас З., 3,5 жаста. Табан деформациясы келесі компоненттерден тұрады: табанның қисаюы, табан бетінің сыртқы қыры ішке қарай түсіп айналуы, табан күмбезінің алдыңғы бөлігінің ішке бұрылуы. Балтыр бұлшықетінің гипотрофиясы, жіліншік сүйегінің ішкі торсиясы. Хирург дәрігердің тактикасы?:

  1. консервативті- аяқ басын дұрыс қалыпта ұстап бинттеу

  2. консервативті- этапты коррекциялаушы таңғыш салу

  3. консервативті-ЕДШ, табан сүйегі мен бұлшық етіне массаж

  4. операция – Зацепин бойынша лигаментокапсулотомия

  5. лигаментокапсулотомия, табан сүйегінің сына тәріздес резекциясы

ANSWER: E

9.Бала 4 жаста. Объективті қарау кезінде бет және бас сүйегінің айқын асиметриясы. Зақымданған бас сүйегінің жайпақтануы. Көз ұясы кішірейген және төмен орналасқан, бетінің контуры тегіс, ауыз бұрышы көтеріңкі. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің, мұрын қуыстары асимметриясы. Кеуде-бұғана-емізікшелі бұлшық еті қалыңдаған, қысқарғын, қатайған. Артынан қараған кезінде мойын асимметриясы көрінеді, контуры зақымданған жаққа көбірек бүгілген. Жауырын мен иық жоғары орналасқан. Клиникаға сүйене отырып қандай ем тағайындалады?:

  1. емдік физкультура

  2. Шанц жағасын тағу

  3. күнтізбе бойынша мануальды терапия

  4. мақта – мдәкелі таңғышты таңу, массаж

  5. операциялық ем - Микулич операциясы

ANSWER: C

10.Бала У., 3 жаста. Жағдайы орташа ауырлықта. Аяқ-қолдарының қысқаруы бар. Қолдары кіндікке әрең жетеді. Дистальді бөлікке қарағанда (предплечье және балтыр), иық және санның проксимальді сегменті көп қысқарған. Вальгусты және варусты деформация бар. Лордоз, жалпақ табан. Макроцефалия, брахицефалия. Хирургтың емдеу тактикасы қандай және неге?:

  1. ортопедиялық– аяқ-қолдың барлық бөлігін дұрыс қалыпта фиксациялайды

  2. сүйек резекциясы – аз жарақаттайды, буынның контрактурасына әкелмейді

  3. Илизаров апаратын салу –сүйектің өсу зонасы бұзылмайды

  4. сүйектің аутопластикасы– физиологиялық,буын анкилозына әкелмейді

  5. артродез –аз жарақаттайды, буынның анкилозына әкелмейді

ANSWER: A
Неонатология

1.Жаңа туған баладағы рефлексті анықтаңыз: қатты дыбысқа бала қолдарын жаяды, саусақтарын бүгеді және қайта қалпына келтіреді?:

  1. Қорғаныш

  2. Ұстап алу

  3. Іздеу

  4. Моро

  5. Перес

ANSWER: D

2. Жетіліп туған нәрестеде пренатальды гимпотрофияның I дәрежесі сипатталады?:

  1. Бойының 2-4 см және көп болуы

  2. салмақ-бой көрсеткіші 55-59,9

  3. іш пен аяқ қолдардағы тері асты май қабаттарының азаюы

  4. даму ақауының болуы

  5. паренхиматозды ағзаларының ұлғаюы

ANSWER:B

3.Жаңа туған нәрестенің бүйректерінің транзиторлы ерекшеліктеріне жатады?:

  1. олигурия

  2. протеинурия, лейкоцитурия,

  3. олигурия, лейкоцитурия, зәр қышқылды нефропатия

  4. протеинурия, лейкоцитурия, зәр қышқылды инфаркт

  5. олигурия, протеинурия, зәр қышқылды нефропатия

ANSWER:E

4. Туғанннан кейін 12 сағаттан соң балада сарғаю өршуде. 24 сағаттан кейін билирубин 360 мкмоль/л, тура емес 344 мкмоль/л, билирубиннің сағаттық өсуі 14мкмоль/л. Анамнезінде: жүктілік кезінде антиденелер титрінің өсуі. Алмастырушы қан құюға көрсеткіш?:

  1. Жүктілік кезінде антиденелер титрінің өсуі

  2. Алмастырушы қан құюға көрсеткіш жоқ

  3. билирубиннің сағаттық өсуі жоғары болуы

  4. Тура билирубиннің жоғары болуы

  5. Алғашқы тәулікте сарғаюдың болуы

ANSWER:C

5. Неліктен респираторлы дистресс синдромдары бар жетілмей туған балаларға А,Е тобындағы дәрумендер беру керек?:

  1. Дене салмағының жоғарылауына әсері бар

  2. Жұқпаға төзімділікті дамытады

  3. Бронхөкпелік дисплазияның даму мүмкіндігін азайтады

  4. Пневмония дамуын азайтады

  5. Гипоксемияны жояды

ANSWER: C

6. Жаңа туылған балаға резус-фактор бойынша НГА қойылды, консервативті ем жасалды. Өмірінің 6 күнінде жағдайы ауырлады: бірден терісінің сарғаюы, «милық» айғай пайда болды, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, “күн бату» симптомы , Бауыр 3см. Нв - 98 г/л, Эр. - 2,4х10*12. билирубин 126 мкмоль/л тура емес. Жағдайының нашарлеуының себебі неде?:

  1. дефициттік анемия

  2. билирубинді энцефалопатия

  3. бас ми ішілік қан кету

  4. гепатит

  5. ауруханаішілік инфекция

ANSWER: B

7. Бала өмірінің 4 күнінде. Туылғандағы салмағы 3300. Анасының айтуы бойынша терісінің сарғыштығы 2 тәулікте пайда болды Объективті: Бала белсенді, жақсы емеді, лоқсымайды. Тері жабындылары сарғыш, сарғаю аймағы бас, мойын, кеудесін алып жатыр.Нәжіс түсу мен зәр түсі өзгермеген. Осы жағдады немен байланыстырасыз?:

  1. Фетальды гемоглобин мен эритроциттердің өмір сүруінің қысқаруына байланысты тура емес билирубиннің жоғарлауы

  2. гипоальбуминемияға

  3. глюкуронилтрансферазаның белсенділігіне байланысты

  4. Фетальды гемоглобин мен эритроциттердің өмір сүруінің қысқаруына және гипоальбуминемиға байланысты тура емес билирубиннің жоғарлауы

  5. Фетальды гемоглобин мен эритроциттердің өмір сүруінің қысқаруына гипоальбуминемиға және глюкуронилтрансферазаның белсенділігіне байланысты тура емес билирубиннің жоғарлауы

ANSWER:E

8. 4 күндік бала. Туғандағы салмағы 3300.Анасының айтуынша сарғаю екінші тәулікте дамыған. Объективті: Бала белсенді, емуі жақсы,құспайды. Тері қабаттары сарғайған, сарғаю аймағы басынан, мойын, денеден кіндікке дейін.Нәжіс пен зәр түсі өзгермеген. Диагноз қойыңыз және Крамер шкаласы бойынша билирубин деңгейін анықтаңыз?:

  1. Физиологиялық сарғаю; билирубин деңгейі 80 мкмоль/л дейін

  2. Физиологиялық сарғаю; билирубин деңгейі до 100 мкмоль/л дейін

  3. Физиологиялық сарғаю; билирубин деңгейі до 150 мкмоль/л дейін

  4. Патологиялық сарғаю, билирубин деңгейі до 200 мкмоль/л дейін

  5. Патологиялық сарғаю,билирубин деңгейі до 250 мкмоль/л дейін

ANSWER:С
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25


написать администратору сайта