Главная страница

Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеБиология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
АнкорОтветы
Дата14.12.2021
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5447616108838260937.docx
ТипДокументы
#302720
страница3 из 22
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

болғандықтан

Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе: Дұрыс гүл

Дұрыс гүлдің дәл ортасында орналасқан бөлімін белгіле: Аналық

Дұрыс гүлді өсімдіктер: Алма, итмұрын, мақта, лалагүл, қызғалдақ

Бұрыс гүлді өсімдіктер: Үрмебұршақ, сәлбен, соя

Қызғалдақ гүлінің формуласы: К3+3А3+3Ж(3)
Гүлшоғырлар

Гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы: Гүлшоғыр

Гүлшоғырдың биологиялық маңызы: Тозаңданып, ұрықтануға

Жанама сабақшалары бұтақтанбайты, оны ұшы гүлмен бітеді: Жай гүлшоғырда

Жеке гүлдер бірінен соң бірі кезектесіп ,ортақ кіндіктен таралатын ұзын гүлсағақтары бар

гүлшоғыры:Шашақ

Шашақ гүлшоғыры: Орталық сабаққа жеке гүлдері гүлсағақтарымен кезектесіп орналасуы, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады

Шашақ гүлшоғырлы өсімдіктер: Мойыл, мия, қараған, қарақат, қырыққабат

Гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтарынсыз кезектесіп орналасатын гүлшоғыр: Жай масақ

Гүлдері сағақсыз бекінетін гүл шоғыры: Жай масақ

Жай масақ гүлшоғырлы өсімдік:Жолжелкең

Негізгі сабағы жуан және орама жапырақтары бар гүлшоғыры: Собық

Кіндігі жуан, етжеңді және орауыштары бар гүлшоғыр: Собық

Собық гүлшоғырлы өсімдіктер: Жүгері, калла

Сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден таралатын гүлшоғыр, негізгі сабағы қысқа: Жай шатыр

Жай шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер: Пияз, наурызшешек, ақшұнақ, адамтамыр

Қысқарған негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады: Шоғырбас

Шоғырбас гүлшоғырлы өсімдіктер: Жоңышқа, беде

Гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ жуан негізгі сабаққа ұқсас гүлдер орналасқан: Себет

Жиегін орама жапырақшалар көмкерген гүлшоғыры:Себет

Гүлшоғыры себет өсімдіктер: Гүлкекіре, өгейшөп, бақбақ, күнбағыс

Гүлшоғыр ең үлкен гүл: Күнбағыс,бақбақ

Күрделі гүлшоғырлар:Сыпыртқы, сырға, күрделі масақ, күрделі шатыр

Негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады: Күрделі шашақта

Күрделі шашақ (сыпыртқы) гүлшоғырлы өсімдіктер:Күріш, тары, жүзім, гүлшетен, сұлы

Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер орналасады, әр масақшада 2-3 гүлден болады: Күрделі масақта

Күрделі масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:Бидай, бидайық, қарабидай

Сырға гүлшоғырының масақ пен шашақ гүлшоғырынан айырмашылығы: Негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп қалады

Сырға гүлшоғырлы гүлді өсімдіктер:Қайың, тал, терек, көктерек

Жай шатыр гүлшоғырынан құралады: Күрделі шатыр

Күрделі шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:Аскөк, сәбіз, балдырған

Гүлдердегі гүл сағақтарының ұзындығы әр түрлі болғанымен бір деңгейде орналасқан гүлшоғыр: Қалқанша

Қалқанша гүлшоғырлы өсімдіктер:Алма, алмұрт, долана
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану. Ұрықтану

Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы: Жынысты көбею

Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі:Тозаңдану

Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:Өздігінен тозаңдану

Гүлдері ашылмай тұрып тозаңдану:Өздігінен

Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер:Тары, бетеге, шегіргүл, саумалдық, жер жаңғағы

Айқас тозаңдану:Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі

Айқас тозаңданудың түрлері: Бунақденелілер арқылы, жел арқылы

Өсімдіктердің гүлі ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шырын бөледі: Бунақденелілер арқылы тозаңдану

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын:Асқабақ, шие, шай, алма, алхоры, лимон

Жел арқылы айқас тозаңданатындарға тән:Тозаңдары майда жеңіл көп, аталық жіпшелері ұзын, әрі төмен иіліп тұрады, аналығының аузы үлпек қауырсынды

Желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері:Ұсақ, жеңіл, құрғақ тозаңды

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:Қант қызылшасы, емен, қайың, қарасора, қарабидай, жүгері, құлмақ

Жарғанатармен тозаңданатын өсімдіктерді гүлдері ашылады:Түнде

Көбею кезінде гүлді өсімдіктерде тозаңданғаннан кейін жүретін процесс: Ұрықтану

Гүлді өсімдіктерінің қосарлы ұрықтануы:2 жұп жасушалардың спермия мен жұмыртқа жасушасының және спермия мен диплоидты жасушамен қосылуы

Аналық жыныс жасуша түйінінде гүлді өсімдіктердің сперма саны: 2

Гүлді өсімдіктердің ұрықтануына қатысатын спермий (аталық гаметалар) саны: Екеу

Тозаңның екінші спермиясы тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қозғалғаннан кейін

түзілетіні:Тұқым

Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән түрі:Қосарлы

Өсімдіктің қосарлы ұрықтануын ашқан ғалым:С.Г.Навашин

Өсімдіктер ұрықтанғаннан кейін жатыннан дамиды: Жеміс

Ұрықтанған жұмыртқажасушадан пайда болады: Ұрық

Ұрықтанған соң жатынның тұқым бүршігінен дамиды:Тұқым
Жемістер

Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері екі топқа бөлінеді: Шырынды, құрғақ

Шырыны мол, жұмсақ шырынды жемістер: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті

Шырынды жемістер тобы: Жидек, жидек тәрізді, сүйекті

Сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды жеміс: Жидек

Жидек жеміс:Қызанақ, қарлыған, алқа,жүзім,қарақат,картоп, баклажан

Көптұқымды жидек жемістер:Қызанақ

Көп ұялы, көп тұқымды шырынды жеміс:Жидек тәрізді жеміс

Жемісінің сыртқы қабатында эфир майы көпжемістер: Жидек тәрізді

Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы жемістер: Жидек тәрізді

Жидек тәрізді жемісті өсімдік:Апельсин,мандарин,лимон

Ішінде бір ғана тұқымы бар жеміс: Сүйекті

Сүйекті жеміс сипаты: Сырты жұқа, ортасы қалың етті-шырынды, іші қатты сүйектенген

Бір тұқымды жеміс:Шие, алхоры, өрік, шабдалы

Сүйекті шырынды жемісі бар өсімдік:Шие, алхоры, өрік, шабдалы

Сүйекті шырынды жемістердің құрғақ түрі: Грек жаңғағы, бадам, кокос пальмасы

Құрғақ жемістердің түрлері: Бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, қанатты, дәнек, тұқымша, жаңғақ, жинақталған

Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс: Бұршаққап

Бұршаққап жемісінің сипаты: Тұқымдары жемісжақтауының жиегіне бекиді, піскенде екі жақ жіктері (тістері) өздігінен қақырап ашылады, тұқымдары сыртқа шашылады

Бұршаққапты жемісті өсімдіктер: Беде, асбұршақ

Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс: Бұршаққын

Көптұқымды құрғақ жеміс:Бұршаққын

Жемісі бұршаққынды өсімдік:Орамжапырақ, шомыр, шалқан

Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды қақырауыш құрғақ жеміс: Қауашақ

Тұқымдары саңылауынан төгілетін жеміс: Қауашақ

Қауашақ жемісті өсімдіктер:Пияз, қызғалдақ, шегіргүл, сүттіген, меңдуана, темекі

Қауашағының қақпақшасы ашылып қақырайтын өсімдік: Меңдуана

Жіктер шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды: Сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ

Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарған, қанатқа айналған жеміс: Қанатты

Жел арқылы таралатын құрғақ жеміс: Қанатты

Қанатты жемісі бар өсімдіктер: Үйеңкі, қайың, шаған, шегіршін

Тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен бір тұқымды жеміс: Дәнек

Дәнек жемістің басқа құрғақ жемістерден айырмашылығы: Жеміс қабығымен тұқым қауызы бірігіп кеткен біртұқымды жеміс

Дәнек жемісті өсімдіктер: Бидай, жүгері, арпа, күріш

Жеміс серігі тұқыммен бірікпеген құрғақ жеміс:Тұқымша

Тұқымша жемісті өсімдіктер: Қалуен, күнбағыс, бақбақ, кекіре, өгейшөп, таусағыз

Жемістің жеміссерігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымымен бірікпеген жеміс: Жаңғақ

Жаңғақ жемісті өсімдік: Емен жаңғағы, жаңғақша

Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген: Жинақталған жеміс

Көп жаңғақшалы жинақталған жеміс:Итмұрын, құлпынай

Көп сүйекті жинақталған жемісі бар өсімдік:Таңқурай, бүлдірген

Біріккен жеміс: Ананас, тұт, інжір

Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктердің жемістері: Бөлшекті жаңғақша

Сәбіз, балдырған, аскөктердің жемісі: Біріккен көп ұялы
Тұқым. Тұқымның өнуі

Жатынның тұқым бүршігінен дамиды: Тұқым

Ұрықтанған тұқымбастамадан дамиды:Тұқым

Әрбір тұқымбүршігінен пайда болады: 1 тұқым

Тұқымның құрамына кіретін заттар:Су, минералды заттар, ақуыз, краxмал, май

Тұқымның құрамындағы органикалық заттар:Май, ақуыз, краxмал

Тұқымның саны байланысты:Тұқымбастама санына

Тұқымбастаманың орналасқан жері:Аналық түйінінде

Тұқымның спорадан айырмашылығы: Көп жасушалы түзіліс

Тұқымның ең негізгі бөлігі: Ұрығы

Тұқымның ұрығы зақымданса өсімдік:Өспейді

Тұқым кіндігі дегеніміз:Тұқымның жеміске бекінген жері

Тұқым ішіне ауа, су енеді: Тұқым кіндігі арқылы

Тұқым (қабығы) қауызының қызметі: Кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден қорғайды

Үрмебұршақта ұрыққа қорек болатын заттар жиналады: Жарнақта

Тұқымында екі тұқымжарнағы болатын гүлді өсімдіктер:Қос жарнақты

Қосжарнақты өсімдік:Күнбағыс, қияр, қауын, қарбыз, асқабақ, емен, үрмебұршақ

Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымында қор заттарының жинақталатын орны: Ұрығында

Қосжарнақты тұқымдағы тұқымжарнағының қызметі: Қоректендіру

Ұрықтың құрылысы:Алғашқы тамырша, сабақша, бүршікше

Даражарнақты өсімдіктер:Баршынгүл, қияқөлең, бамбук, қызғалдақ, бидай

Даражарнақты тұқымның құрылысы: Қауыз, жарнақ, эндосперм, ұрық

Эндоспермді жемісқабы бар, тұқымқауызымен біріккен: Дара жарнақты тұқым

Даражарнақты тұқымда қорек жиналады: Эндосперм

Дәнекте қоректік заттар қоры жиналады:Эндоспермде

Тұқымның қоректік заттар жинайтын жасушалары: Эндосперм

Ұрықтанған орталық жасушадан пайда болады:Эндосперм

Дәнектің едәуір үлкен бөлігі: Эндосперм

Ұрықтағы май қоры жұмсалады: Өнуге

Ұрықтан өскіннің дамуы:Тұқымның өнуі

Өнген тұқымның: Қауызы жарылады

Тұқымның өнуіне қажет жағдай:Жылу, су, ауа

Өнген тұқым тыныс алады:Судағы еріген ауамен

Тұқымның өнуіне,шыдамдылығын сақтауына, бөртуіне қажет: Су

Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтеді: Ауа

Тұқым бөртіп өнгенде өсімдіктер дамып, өсу кезінде: Тынысалу жылдамдайды

Тұқым құрғақ болғанда өсімдіктің тыныс алуы: Баяу

Қосжарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен дамитыны: Негізгі тамыр

Даражарнақты өскінде ұрық тамыршасынан алдымен өседі: Қосалқы тамыр

Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдік:Өскін

Жел арқылы таралатын тұқымдарының құрылысының ерекшелігі:Майда, жеңіл, құрғақ

Түкті,қанатты, морт сынғыш тұқымдар мен жемістердің таралу жолы: Жел

Тұқымы мен жемісі жел арқылы таралатын өсімдіктер:Емен, қайың, қарабидай, жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қарағаш, тал, терек, мақта, қарағай, орхидея

Су арқылы таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі: Сыртында су жұқпайтын түктер, су өткізбейтін тоз қабықтары бар, өсінділер ауаға толы, батпайды

Тұқымы мен жемісі су арқылы таралатын өсімдіктер: Қамыс, жалбыз, қияқ, тұңғиық, бөденешөп, қоға, түкті күреңот

Жануарлар, бунақденелілер арқылы таралатын тұқымдардың құрылысының ерекшелігі: Тұқымсыртында тікенектер, ілмешек, желімтек түктер болады, тұқымы майлы

Ашық реңді, шырынды жемістердің таралуы: Жануарлармен

Тұқым мен жемісі жануарлар арқылы таралатын:Долана, шоңайна, итошаған, кәріқыз, иттікен, айдаршөп, бүлдірген, таңқурай

Тұқымы мен жемісі құстар арқылы таралатын өсімдік:Шие, шетен

Өздігінен таралатын тұқымдардың құрылысы:Жемістері қақырағыш, ширатылғыш

Тұқымы өздігінен шашылып таралатын өсімдіктер:Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, шытырлақ, ат талшын, жауқазын

+50С температурада тұқымның тыныс алуы:Тоқтайды

+10С өнетін:Жүгері, күнбағыс

+15С өнеді:Қауын, күріш, қияр, асқабақ, мақта, темекі

+1-5С өнеді:Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақ

Егер тұқым тіршілігін жойса: Топырағы тығыз, ауа, су, қоректік зат жетіспегені

Өсімдіктер тыныс алуына қажет газ: Оттегі

Өсімдіктерде органикалық заттардың тотығуы дегеніміз: Тыныс алу

Өсімдіктерде тыныс алуға жұмсалатын негізгі заттар: Органикалық заттар

Тыныс алу кезінде өсімдікте болатын өзгерістерді белгілеңіз:Салмағы кемиді

Бір тұқымбастамасы бар жатын: Шиеде

Көп тұқымбастамасы бар жатын: Мақтада
Вирустар

1892ж. темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты:Д.И.Ивановский

1899ж. алғаш рет «вирус» терминін ғылымға енгізген:М.Бейерник

Вирустар өз алдына жеке патшалық болып саналу себебі:Жасушасы жоқ

Анциттерге жатады:Вирустар

Жасуша ішінде өмір сүретін паразит:Вирус

Тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайтын:Вирус

Тек тірі жасушада өсіп өнуге,көбеюге бейімделген жасушасыз тіршілік иесі:Вирустар

Жасушадан тысқары жерде зат алмасу жүрмейді:Вирустар

Вирустың көбеюі: Тек қожайын жасушасының ішінде

Жоғарғы температурада және қысымда:Вирустар қырылады

Латынша «у» деген: Вирус

Вирустың құрылысы:Нуклеин қышқылы, нәруызды қабығы

Вирустың сыртын қаптайды:Нәруыз қабаты (капсид)

Вирустың пішіні:Шар, сопақ, таяқша, цилиндр,жіп тәрізді, итшабақ тәрізді

Вирустың өлшемі: 0,0000002 см

Бактерияларды зақымдайтын вирус:Бактериофаг

Бактериофагтың құрылысы: Нәруызды қабықша

1915ж. бактериофагты ең алғаш сипаттаған ағылшын вирусологі мен бактериологі: Ф.Туорт

1898ж. топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды ең алғаш рет анықтаған орыс микробиологі: Н.Ф.Гамалея

1917ж. іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагті байқаған канадалық бактериолог: Ф.Эррель

Бактерия жасушасында тіршілік етіп, ерітпей, тек көбейгенде зақымдайтын фагтарды тасымалдаушы бактериялар: Лизогенді

Вирустың жануарларда кездесетін түрі: 500

Өсімдікте тіршілік ететін вирустың саны: 400

Темекі теңбілі вирусының жапырақ жасушасының зақымдайтын бөлігі:Хлоропластарын

Темекі теңбілі вирусымен зақымданған жапырақтың сарғаю уақыты:9-11 күннен кейін

Темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзетіндігін дәлелдеген ғалым: У.Стэнли

Вирус тудыратын ауру түрлері: Шешек, тұмау, ұшық, қызылша, ИТИС, аусыл, құтыру, полиомиелит, сары ауру, балалардың сал ауруы

Балалар арасында кең таралған вирустық ауру: Полиомиелит,қызылша

Полиомиелит ауруында вирустардың зақымдайтыны: Жұлынның қозғаушы нейрондарын

Нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды: Тұмаудың
Прокариоттар(Бытыранықтар)

Жасушасында толық қалыптасқан ядросы болмайтын ағзалар: Прокариоттар

Прокариотты ағзалар: Бактерия, цианобактериялар

Бактерия мөлшері, пішінін сипаттап, Лондондағы король қоғамына хат жіберді:А.Левенгук

Ең алғаш ұсақ ағзаларды сипаттап жазған: Антони Ван Левенгук

Микроорганизмдердің өздігінен пайда болмайтындығын дәлелдеген:Луи Пастер

1807-1880ж. ауру тудыратын ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеген: Л.Пастер

Ұсақ ағзаларды зерттеген ғалымдар: А.Левенгук, Луи Пастер

Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л.Пастер

Микробиология ғылымында күкіртті бактерияны зерттеген: С.Н.Виноградский

Тек қана микроскоп арқылы көрінеді:Бактерия

Бактерияларды зерттейтін ғылым:Микробиология

Бактерия грекше:«Бактерион» - таяқша

Бактерияның құрылысы:Қабықша, цитоплазма, ядро заты, сақина тәрізді ДНҚ

Бактерия органоиды: Рибосома, вакуоль, мезосома

Бактерияларға талшық қажет: Қозғалуға

Бактерияларда болмайды:Ядро

Бактериялардың пішіндері:Таяқша, оралма, шар, үтір

Таяқша тәрізді бактериялар:Бациллалар

Үтір тәрізді бактериялар: Вибрион

Қолайсыз тіршілік жағдайында бактерия түзеді: Спора

Бактериялардың спорасының атқаратын қызметі: Қорғаныштық

Бактерияның споралары топырақта сақталады: 20-30 жыл

Спораның өніп тіршілікке бейімделіп бактерияға айналуы: Барлық қажетті қолайлы жағдайлар жеткілікті болғанда

Бактериялардың көбеюі: Дамуына қолайлы жағдай туғанда

Бактериялар көбейеді: Бөліну арқылы (жыныссыз)

Қолайлы жағдайда бактериялардың көбею циклі: 20 мин сайын

Бактериялардың көбеюіне, дамуына қолайлы температура: +10+40С

Бактерия 0С өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды, себебі: Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша түзеді

Бактериялар қоректенуі бойынша:Паразитті, сапрофитті

Тірі ағзаның жасушаларында органикалық заттармен қоректенетін бактериялар:Паразиттер

Ауру туғызатын бактериялар: Паразитті

Жұқпалы ауру қоздырғышын тарататын бактерия: Патогенді

Өлі ағзалардың ішінде тіршілік ететін ағза:Сапрофит

Сапрофитті бактерияларға жатады: Шіріту бактериялары

Өлген ағзаларды қарашірікке айналдыратын бактериялар: Шіріту

Шіріту бактериялары: Топырақта қарашіріктің түзілуіне қатысады, тау жыныстарын ыдыратады, қарашірікті минералды заттарға айналдырады

Ғаламшарымыздың тазалаушысы:Шіріту бактериялары

Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы: Індет (эпидемия)

Бактерия тудыратын аурулар:Іш сүзегі, оба, сіреспе, баспа, туберкулез, топалаң, құздама, қызамық, сарып, қантышқақ, ботулизм, пневмония

Туберкулез таяқшалары лас шаңды ауада тіршілік етеді: 3 ай

Оба бактериясы топырақта сақталады: 25 күн

Іш сүзегінің бактериясы топырақта сақталады: 3 ай

Бактериялар әсерінен өкпені жарақаттайтын ауру: Туберкулез

1882ж. адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды анықтады: Р.Кох

Туберкулез қоздырғыш:Бактерия. Коx таяқшасы.Туберкулез таяқшасы

Туберкулез таяқшасының кездесетін жері: Ауада

Ауыратын сиырдың сүті арқылы таралатын ауру: Сарып (бруцеллез)

Бактерияның пішен таяқша деген түрі қайнатқанда: Өлмейді

Сүрлемеленген көкөністің құрамында қайнатқаннан кейін де спорасы сақталатын бактерия:Клостерум, ботулинус

Бактериялардың өсімдіктерде туғызатын ауруы: Бактериоз

Мақтада бактериялар тудыратын ауру: Гоммоз

Бактериялардың өте көп кездесетін жерлер: Топырақ

1 грамм қара топырақта кездесетін бактерия саны: 5-6 млрд

Бактерилар аз кездесетін жерлер: Биік таулы жердің ауасында

Қарашірікті минералды заттарға айналдыратын бактерия: Топырақ бактериясы

Ауадағы азотты сіңіріп топырақты азотпен байытады: Түйнек бактериялар

Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады:Нитрлеуші

Түйнек бактериясымен селбесіп тіршілік ететін: Соя, беде, жоңышқа (бұршақтұқымдас)

Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын микрооргонизмдер:Ашытқы бактериялары

Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын бактериялар:Сүтқышқыл бактериялары

Бактериялардың халық шаруашылығындағы маңызы: Сүт ашыту

Алма, қарбыз, саңырауқұлақ жемістерін тұздау үшін қолданылатын бактерия: Сірке қышқылы бактериялары

Табиғатта бактерияның рөлі: Зат айналымға қатысатын болғандықтан, өте зор

Фотосинтез құбылысы жүретін бактериялар: Цианобактерия

Цианобактерия деп аталатын балдыр: Көк-жасыл

Цианобактериялардың пішіні: Цилиндр, шар

Цианобактериялардың сыртқы боялған бөлігі: Хроматоплазма

Цианобактериялардың ішкі түссіз бөлігі: Орталық плазма

Шар тәрізді, бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталған жеке жасушалар: Хроококкалар

Жер асты ыстық суларында, балшық жерлерде, тастың бетінде, тоқтау суларда кездесетін цианобактерия:Хроококкалар

Ұлудың бақалшағында, теңізде, жартаста, ағаш діңдерінде кездесетін цианобактерия: Хамесифондар

Жіп тәрізді, көк жасыл балдырлардың көбею әдісімен, өсімді жолмен көбейетін:Гормогония

Цианобактерияларды көрсет: Спирулина, носток, глеокапса, толипотрикс

Носток көбірек кездеседі: Қынаның құрамында, далалы жерлерде

Нәруыз өндіру үшін суқоймаларда арнайы өсірілетін балдыр: Спирулина

Бактерияның біржасушалы балдырдан айырмашылығы:Қалыптасқан ядросы жоқ

Прокаритоттардың эукариоттардан айырмашылықтары: Толық жетілген ядро жоқ, сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы бар

Тікелей күн сәулесіне бактериялардың көпшілігі: Қырылып бітеді

Терідегі бактерия тудыратын іріңді аурудың себепшісі:Стрептококкалар және стафилококколар

Стафилококк: Жүзім тәрізді шоғырланған кокктар

Эктопаразиттер: Маса, кене, қандала

Эндопаразит: Вирус, бактерия, гельминт
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


написать администратору сайта