Главная страница

Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеБиология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
АнкорОтветы
Дата14.12.2021
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5447616108838260937.docx
ТипДокументы
#302720
страница2 из 22
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Өркендер мен бүршіктер

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ:Өркен

Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі:Сабақ

Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері: Буын

Жапырақтың сабаққа орналасқан жері: Жапырақ қолтығы

Бүршіктер орналасуына қарай бөлінеді: Төбе, қолтық

Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік: Төбе

Өркен дамитын бүршік: Төбе бүршік

Жапырақ қолтығында орналасады:Қолтық (жанама) бүршік

Жапырақ қолтығында бірнеше бүршіктер болады: Сарымсақ, қарабүлдірген

Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамитын бүршік: Қосалқы

Тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамитын бүршік атауы: Қосалқы

Қосалқы бүршіктері айқын байқалатын өсімдік:Бриофиллум (каланхое)

Тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өсетін бүршік: Бұйыққан

Бүршіктері ашылмаған, тыныштық күйдегі бүршік: Бұйыққан бүршік

Бұталардан түптенуі байланысты: Бұйыққан бүршікке

Өсімдік зақымданғанда ғана қарқынды дамитын бүршік: Бұйыққан

Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяуланған кезде дереу белсенді өсетін бүршік: Бұйыққан бүршік

Бұйыққан бүршігі болатын өсімдік: Гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы

Бүршіктің сыртын қаптайды: Қабыршақ

Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болу себебі: Су булануын азайтып, үсуден, зақымдауынан қорғайды

Бүршіктің ішкі құрылысы: Бастапқы сабақ, бастапқы жапырақ, өсу нүктесі, қабыршақтар

Ұзарған өркенде орналасқан бүршік: Өсу бүршігі

Өсу бүршігінде болмайды: Гүлшанақ

Өсу бүршігінің ішкі құрылысы: Бастама сабақ, бастама жапырақ

Қысқарған өркенге ғана тән:Гүл бүршігі

Гүл бүршігінің ішкі құрылысы:Гүлшанақ,бастама сабақ

Ашылмаған гүлдер: Гүлшанақ

Гүл шығарып, жеміс береді: Гүлшанақ

Гүл бүршігінің жапырақ бүршігінен айырмашылығы: Гүлшанағы бар

Бүршіктің бастама жапырақтарының орналасқан орны: Бастама сабақ

Жасыл өркендерді қараңғы жерге қойса, көмірсулардың жетіспеуінен: Тыныс алуы төмендейді
Сабақтың құрылысы мен түрлері

Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек: Сабақ

Сабақтың қызметі:Органикалық заттарды қорға жинайды, көбеюге қатысады, қоректік заттар қозғалады, бүршік,жеміс,гүл,жапырақ бекінеді

Сабақтың қабық қабаттары:Өң, тоз, тін

Қабықтың ішке күн сәулесін өткізетін қабаты: Өң

Жас сабақтардың сыртын қаптайды, түссіз (мөлдір) қабат:Өң

Қабықшасы қалың өлі жасушалардан тұратын қабықтың қабаты: Тоз

Тірі жасушалардан тұратын саңылаулар - жасымықшалар орналасқанқабат: Тоз

Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушалар: Жасымықша

Сабақ жасымықшасының қызметі: Ішке оттегі өткізу

Өсімдік қабығына мықтылық, беріктік қасиет беретін: Тін

Тін талшықтары жақсы дамыған өсімдік: Зығыр, кендір, мақта

Сабақтың қабығынан кейін орналасатын қабат:Камбий

Қабық пен сүректің арасында орналасқан сабақтың қабаты: Камбий

Камбий дегеніміз:Жасушалары үнемі бөлінетін түзуші ұлпа

Камбий жасушаларының бөлінуінен: Ағаш жыл сайын жуандайды

Жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі: Камбий

Жылдық шеңбер түзетін қабат:Камбий

Жылдық шеңбері арқылы анықтай аламыз:Өсімдік жасын, оңтүстік пен солтүстікті

Жылдық шеңбер қабат:Бір жылда пайда болған сүрек қабаты

Ағашта (сабақта) камбийден кейінгі қабат: Сүрек

Сабақтың едәуір бөлігін алып жатқан қабат:Сүрек

Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі: Сүрек

Өсімдік сүрегінің элементтері: Түтікше талшықтар

Су мен минералды заттар қозғалады ... арқылы: Сүректі түтіктері

Сабақтың орталық бөлігі:Өзек

Органикалық заттардың қорға жиналуы: Өзекте

Суда еріген қоректік заттар ерітіндісі тұқымнан жапыраққа қозғалуы: Сабағы арқылы

Өркен мен тамырлардың бойлай өсуін тоқтату үшін қолданылатын әдіс: Шырпу

Бұтақтары көп болуы үшін: Өсу нүктесі кесіледі

Ең аласа сабақты өсімдіктер: Австралия орхидеясы, вольфия

Тік сабақты өсімдіктер:Бидай, жүгері, терек, емен, қайың

Жатаған (желі) сабақты өсімдіктертер:Асқабақ,қияр,қарбыз,қауын

Шырмалғыш сабақты өсімдіктер: Шырмауық, құлмақ

Өрмелегіш сабақты өсімдіктер: Жүзім, асбұршақ

Жабысқақ сабақты өсімдік:Плющ, жабысқақ қызылбояу

Қысқарған сабақты өсімдіктер:Жолжелкен, бақбақ, пияз, ақ қауданды қырыққабат

Түрі өзгерген жер асты өркен:Пиязшық, тамырсабақ, түйнек

Долана ағашының түрін өзгерткен жер үсті сабағының атауы: Сояулар

Сояу сабаққа айналған: Долана, жабайы алма, жабайы алмұрт

Шырынды сабақты өсімдік: Сүттіген, кактус

Орамжапырақтың түрі өзгерген жерүсті бөлігі: Қаудан

Қауданды өсімдік: Орамжапырақ (қырыққабат)

Түрі өзгерген жер асты өркендерге жатады: Тамырсабақ, түйнек, пиязшық

Жапырақ шығармайтын көпжылдық жер асты өркен:Тамырсабақ

Тамырсабақ дегеніміз:Көлбеу жататын жер асты өркен

Тамырсабаққа тән белгілер:Ұшында бүршік болады, қабыршақ қолтығында бүршіктер болады, буын және буынаралықтан тұрады, бүршіктен дамиды, тек көпжылдық өсімдіктерде болады

Тамырсабағындағы түрі өзгерген қоңыр түсті жапырақтар:Қабыршақтар

Түйнекті өсімдік:Картоп, жералмұрт

Түрін өзгерткен шырынды,қысқарған жер асты өркен:Пиязшық

Түрін өзгерткен жапырақтармен түбіртектен тұрады:Пиязшық

Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жері:Түбіртек, қысқарған сабақ

Тіршілік формасы ағаштар: Емен, шырша

Тіршілік формасы бұталар: Қарақат, итмұрын, бөріқарақат

Тіршілік формасы бұташықтар: Қаражидек, көкжидек

Тіршілік формасы шөптер: Шалғындық беде, ақбас беде, қызғалдақ
Жапырақ. Жапырақтың түрөзгерістері

Түзсіз үстіңгі,астыңғы өңі мен жұмсақ ортаңғы қабаты бар өсімдік мүшесі: Жапырақ

Жапырақтың қызметі:Артық суды буландыру, газ алмасу, органикалық затты қорға жинау, фотосинтез, көбеюге қатысады

Жапырақтың жалпақ, кеңейген бөлімі: Тақтасы (алақаны)

Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі:Сағақ

Бөбешік жапырақты өсімдіктер: Асбұршақ, итмұрын, раушан, қараған, беде

Жапырақ тақтасының негізгі ұзарып өсіп,сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылып

орналасуы:Қынап

Қынапты жапырақты өсімдіктер: Бидай, қамыс, жүгері, балдырған, күріш

Жапырақ тақтасының пішіні ине тәрізді өсімдік: Қарағай, шырша

Жапырақ тақтасының пішіні таспа тәрізді өсімдік: Арпа, бидай, жүгері, қарабидай

Жапырақ тақтасының пішіні жүрек тәрізді өсімдік: Жөке, гүлшетен

Жапырақ тақтасының пішіні бүйрек тәрізді өсімдік: Құсшөп

Жапырақ тақтасының пішіні жебе тәрізді өсімдік: Шырмауық

Жай жапырақты өсімдіктер: Терек, қарағаш, қайың, жөке

Күрделі жапырақ жапырақшаларының орналасуына қарай: Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді

Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер: Беде, соя

Саусақ салалы күрделі жапырақты өсімдіктер: Атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора

Күрделі жұп қауырсынды жапырағы бар: Асбұршақ, чина, қоянбұршақ, сары қараған

Күрделі тақ қауырсынды жапырағы барөсімдік: Қызыл мия, ақ мия, итмұрын, шаған, ақ қараған, шетен, грек жаңғағы

Жапырақ жүйкелері құралады:Өткізгіш шоқтар (өткізгіш, тірек, қоректік ұлпа)

Жапыраққа жүйке арқылы өтеді: Су, минералды тұздар

Жапырақ жүйкелерінің негізгі қызметі:Беріктілік, серпімділік қасиет береді

Жапырағы қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер:Терек, тал, алма, алмұрт

Жапырағы саусақ салалы жүйкеленген: Үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония

Жапырағы параллель жүйкелі өсімдіктер: Бидай, жүгері

Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдіктер:Інжугүл, жолжелкен

Жапырақтың сабаққа бекінуінің 3 түрі бар: Кезектесіп, қарама-қарсы, топтанып

Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, онда ол: Кезектесіп орналасу

Жапырақтары кезектесіп орналасатын өсімдік: Терек

Сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі: Қарама-қарсы орналасу

Қарама-қарсы орналасқан жапырақтар: Үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз

Бір буынында жапырақ саны үш немесе одан артық орналасу түрі: Топтанып

Топтанып орналасқан жапырақтар: Сарыағаш, қызылбояу, қарғакөз, талгүл (олеандр)

Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын қабықша:Өң

Жапырақтың хлорофилі жоқ, түссіз жасушалары: Өң

Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша:Жанаспалы

Газ алмасу және су буландыруға қатысады:Тыныс саңылауы

Жапырақтың тыныс саңылауының қызметі: Артық суды буландыру, О2 мен СО2 шығару

Саңылау арқылы жапыраққа енеді: Ауа

Атмосфераға су буы, оттегі, көмірқышқыл газы шығарылып тұратын жапырақ жасушалары: Жанаспалы жасушалар

Тарнспирация дегеніміз: Судың булануы

Хлоропластар орналасады: Жанаспалы жасушаларда

Жанаспалы жасушада болатын хлорофил дәндерінде түзіледі:Органикалық зат

Өсімдікке жарықтың негізгі қажеттілігі: Органикалық заттар түзу

Өсімдіктерде хлорофил түзілу үшін қажетті жағдай: Жарық

Жапырақта қант түзілуі үшін керек:Жарық

Бұл мезгілде жапырақ саңылаулары күндіз де, түнде де жабық болады: Күзде

Лептесік дегеніміз: Жасушамен шектелген саңылау

Жапырақта газ алмасу, судың булану қызметін атқарады:Лептесік

Лептесігі жасушаның ортасында орналасқан ұлпа: Жабын

Лептесіктер болады: Өң жасушалары арасында

Егер өсімдік бойында су жеткілікті болса, онда лептестік: Түнде ашық, күндіз жабық

Жапырақ құрылысының ішкі бөлімдері:Бағаналы жасушалар, борпылдақ жасушалар

Жапырақтың жарық мол түсетін үстіңгі өңінің астына жанаса орналасқан жасушалар:Бағаналы жасушалар

Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болатын жасуша: Борпылдақ

Жапырақ жүйкелері орналасқан қабат: Борпылдақ жасушалар

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: Шамшат,жөке, інжугүл, қырықжапырақ

Фотосинтез кезінде өсімдіктің ауадан сіңіретіні: Көмірқышқыл газы

Жапыраққа күн сәулесі түскенде,хлоропластар ауадан сіңіреді:Көмірқышқыл газы

Жапырақта көмірқышқыл газы мен су қосылғанда түзіледі: Глюкоза (қант)

Жапырақта қанттың крахмалға айналу процесі өтеді:Хлоропласта

Жапырақта күн энергиясықатысуымен болатын құбылыс:Фотосинтез

Өсімдіктің тыныс алуына қарама-қарсы процесс: Фотосинтез

Фотосинтез барысында жапырақта түзіледі: Крахмал

Фотосинтез процесі кезінде атмосфераға бөлінетін газ: Оттегі

Өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген ғалым: Ван Гельмонт

Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы: К.А.Тимирязев

Жапырақтың суды буландыруының маңызы: Жапырақты салқындату

Ылғалдың тапшылығынан өсімдіктердің жер үсті мүшелері бозғылт түсті түктері ақшыл болуының себебі: Судың булануынан қорғайды

Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы: Суды аз буландырады

Жапырақтары тікенектерге айналған өсімдік: Кактус, сарыағаш, кәріқыз, қарлыған

Жапырақ түктері тікенекке айналған өсімдік:Итмұрын

Жапырағы мұртшаға айналған өсімдіктер:Асбұршақ, үрмебұршақ

Асбұршақтың жапырақ сағағының ұшындағы мұртшасы әлсіз сабақтарын басқа өсімдікке орады: Жарыққа қарай жоғары көтеру үшін

Түрі өзгерген қорғаныштық қызмет атқаратын жапырақ: Қабыршақ

Қабыршаққа айналған жапырақтың маңызы: Улы газдардан сақтайды

Су қорын жинайтын түр өзгерген жапырақ: Шырынды жапырақ

Шырынды жапырақты өсімдіктер: Пияз, қырыққабат, бозкілем, сарысалма, түбіртек

Бозкілем, сарысалма жапырақтарында су қоры жиналады. Себебі: Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланады

Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде, азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған:Ұстағыш құралға

Жапырақтары бунақденелілерді аулау құралына айналған өсімдіктер:Шықшылдық, шыбынжұт

Шықшылдықтың жапырақ тақтасының үстіңгі беті мен жиектерінде қармалағыш безді түктерінің маңызы: Қонған бунақдене жабысып қалады

Жетілмеген жапырақты өсімдік: Сұңғыла, жүзгін, қылша, арамсояу, сексеуіл

Жапырақтың күзгі түсі:Жасуша шырынына байланысты

Бүтін жиекті: Терек, қараған, қияқ, жүгері

Дөңес жиекті: Жалбыз

Ойыс жиекті: Өгейшөп
Өсімдіктің көбею мүшелері

Өсімдіктердің генеративті (көбею) мүшелері:Гүл, жеміс, тұқым, аталық, аналық

Жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен: Гүл

Жеміс пен тұқым дамитын мүше:Гүл

Гүл бөлімдері: Гүлсағақ, табаны, тостағанша, күлте, аталық және аналық

Гүлдің құрылысына кірмейтін мүше: Сабақ, жапырақ

Гүлдің жапырақ сағағына ұқсас гүлдің жіңішкерген бөлімі: Гүлсағақ

Гүлсағақ дегеніміз:Гүлдің сабаққа бекінетін жері

Отырмалы гүлде болмайды: Гүлсағағы

Отырмалы гүлдер: Беде, қашқаргүл (астра)

Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының кеңейген жері: Гүл табаны, тұғыры

Жасыл түсті, гүлдіңсыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалар:Тостағанша

Гүлдің қорғаныштық қызметін атқаратын бөлімі: Тостағанша жапырақша

Гүл күлтесінің сыртын қаптайтын жапырақша: Тостағанша

Тостағанша жапырақшалары піскен жемістерінде түспей сақталатын өсімдік: Баклажан, бұрыш, құрма

Тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады:Күлте

Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткен өсімдік: Қоңыраугүл, інжугүл

Күлте жапырақшалары бірікпей жеке орналасатын күлтелер: Қызғалдақ, итмұрын, көкнәр

Шірнеліктер болады: Гүлтабаны, аталық жіпшесінің түбі, аналық жатыны, күлте түбі

Хош иісті, тәтті шірнелі, ашық реңді: Күлте

Күлтенің қызметі: Бунақденелілерді еліктіру

Бунақденелілер қоректенеді: Гүл шірнесімен

Гүлсеріктің қызметі: Гүлдің ішкі бөлігін қорғау

Гүлсерігін түзеді:Тостағанша мен күлте жапырақшалар

Тек тостағаншадан немесе тек күлтеден тұратын гүлсерік:Жай гүлсерік

Жай гүлсерікті өсімдік:Інжугүл, қызылша, қызғалдақ

Тостағанша жапырақшасы ғана болады:Қызылша, қалақай, қымыздық, қарағаш, еменнің аталық гүлдері

Тостағаншасы жоқ,тек күлтеден тұратын жай гүлсерікті гүл:Қызғалдақ, лалагүл, інжугүл

Гүлінде тостағанша да, күлте де болады: Қос гүлсерікте

Қос гүлсерікті өсімдіктыр:Алма,өрік, шие

Гүлсерігі жоқ өсімдік: Терек, тал, шаған, еменнің аналық гүлі

Күлте ішінде орналасады: Аталықтар

Гүлдің ең негізгі бөлімдері: Аталық пен аналық

Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі: Аталық, аналық

Жіпше мен тозаңқаптан тұратын: Аталық

Аталықтың жіңішкерген жері: Жіпшесі

Тозаң түйіршіктерінің түзілетін орны:Аталық тозаңқабында

Сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша: Тозаң

Тозаң түйіршіктерінің пішіндері әр өсімдікте:Әртүрлі

Гүлден дамиды: Жеміс пен тұқым

Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі: Аналық

Аналықтың қызметі: Тұқым, жеміс түзеді

Гүлдің дәл ортасында орналасады:Аналық

Аналықтың бөлімдері:Аузы, мойны, жатын

Аналықтың ең жоғарғы ұшына жатады: Ауыз

Жабысқақ сұйықтық бөледі:Аналық аузы

Аналық аузындағы жабысқақ сұйықтық қажет:Тозаңды ұстап, аналық аузына түсуі үшін

Гүлдің аузы мен жатының жалғастыратын бөлігі: Аналықтың мойны

Мойны болмайтын аналық: Көкнәр, қызғалдақ

Гүлдегі аналықтың төменгі жуандаған жері: Жатын (түйін)

Аналықтың ең негізгі, бір және көп ұялы бөлігі: Жатын

Жеміс түзіліп дамитын орын:Аналық жатынында

Аналықтың жатынының қабырғаларынан түзіледі:Жемісқап, жеміссерігі

Бір гүлде аталық немесе аналық қана болса, ол: Дара жынысты

Даражынысты гүлдер:Асқабақ, жүгері, қияр, қауын

Бір гүлде аталығы да, аналығы да болса: Қос жынысты

Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте дамыса: Бір үйлі

Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса:Екі үйлі

Бір үйлі өсімдік:Орман жаңғағы, асқабақ, жүгері, қайың

Екі үйлі өсімдік:Қарасора, қалақай, терек, тал

Күнбағыс жеміс бермейді. Себебі: Себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер жыныссыз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


написать администратору сайта