Главная страница

Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеБиология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
АнкорОтветы
Дата14.12.2021
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5447616108838260937.docx
ТипДокументы
#302720
страница5 из 22
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қырықбуын

Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын өсімдік: Қырықбуын

Қазіргі кезде қырықбуынның тіршілік формасы:Көп жылдық шөптесін

Қазіргі кезде кездесетін қырықбуын туысының түр саны: 30-35

Қырықбуындар өсетін жер: Барлық ылғалды жерлерде

Тармақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптектік өсімдік: Қырықбуын

Тамырсабағының қосалқы бұтақтары бар споралы өсімдік: Қырықбуын

Қырықбуын жапырағының түсі: Қоңыр

Қырықбуында болмайды: Гүл

Қырықбуынның жерүсті өркендері: 2

Далалық қырықбуынның жерүсті өркен түрлері: Жаздық, көктемгі

Қырықбуынның жаздық өркенінің тамырсабағының жанама бұтақтары ... айналған: Түйнек

Қырықбуынның жаздық өркенінде жүретін үдеріс: Қарқынды өсу, фотосинтез

Қырықбуынның жапырақтары болмайтын өркен: Жаздық

Қырықбуынның жаздық өркені: Жасыл

Қырықбуынның жаздық өркенінің қызметі: Өсу

Қырықбуынның көктемгі өркені дамиды: Тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен

Қырықбуыннан көктемде дамитыны: Масақшасы бар қоңыр өркендер

Қырықбуынның көктемгі өркенінің қызметі: Көбею

Қырықбуынның сабақ қырларының астында жетілетін ұлпа:Тірек

Тірек ұлпасының астында шоқ түзіп орналасады:Өткізгіш

Қырықбуынның өзегіндегі ұсақ шоқ түзетін ұлпалар:Өткізгіш

Қырықбуынның сабақ қырларының астында жетілетін ұлпа: Фотосинтездеуші

Қырықбуын сабағында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі:Ойыс жерінің астында

Қырықбуындар көбейеді: Жыныссыз, жынысты, өсімді

Қырықбуынның өсімді көбеюі: Тамырсабақ, түйнек

Қырықбуынның жыныссыз көбеюі жүзеге асады: Споралары арқылы

Қырықбуынның спорасы жетілетін орны: Споралы масақшаларында, тамырсабағында

Қырықбуындардың споралы пісіп жетіледі: Көктемгі өркен масағында

Қырықбуынның ұшында орналасқан спорангийлер тобының орны: Бүр

Егістік арамшөптері: Қырықбуындар

Қырықбуындардың бірқатар түрлері: Улы өсімдіктер

Дәрілік өсімдік:Далалық қырықбуын

Қырықбуынды дәрілік шикізат ретінде пайдаланады: Ісікке, несеп жүргізуге

Қырықбуынның споралар түзетін масақтарын мен сабақтарын пайдаланады: Тамаққа

Бақшадағы қырықбуыннан құтылу өте қиын, себебі: Тамырсабағында өркендер көп түзілетіндіктен
Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер

Қазіргі кезде қырықжапырақтектестердің белгілі түрлері: 10 мыңнан астам

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ішіндегі ең ерте пайда болған өсімдік: Қырықжапырақ

Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімденген өімдік:Қырықжапырақ

Жер шарына кең таралған қауырсын жапырақты көне өсімдік:Шаңжапырақ

Қырықжапырақтылардың тропикте өсетін түрі: Ағаш, лиана

Қырықжапырақтылардың ағаш болып өсетін биіктігі 20м жететін түрлері кездеседі:Жаңа Зеландия мен Австралияда

Қазақстанда қырықжапырақтәріздестің ағаш тектес түрлері кездеседі:Ботаникалық бақтар

Шаңжапырақтың мүшелері: Жапырақ, тамырсабақ, қысқарған сабақ

Қырықжапырақтәріздестер: Усасыр, шолпаншаш сүмбілі, мыңжылқы

Тең және әртүрлі споралы өсімдіктер: Қырықжапырақ

Усасыр қырықжапырағы: Тең споралы өсімдік

Тамырсабақты өсімдік: Усасыр қырықжапырағы

Жапырағы өте баяу, үш жыл бойы дамиды: Усасыр қырықжапырағы

Қырықжапырақтың жапырақтары бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады: Бірінші жылы

Усасыр қырықжапырағының дамуында жапырақтың сыртында түктері болатын мерзім: Екінші жылы

Қырықжапырақтың нағыз қауырсында тілімденген жапырақтары:Үшінші жылы

Усасыр қырықжапырағы өскіншесінің астыңғы бетінде дамып жетілетін: Гаметалар

Усасыр қырықжапырағының спорангийлері жапырақтың астыңғы бетіндегі негізгі жүйкеге бекінетін бөлігі: Ұзын аяқшалары

Қырықжапырақтылардың жыныссыз көбеюі: Өскіншелерімен

Қырықжапырақтардың өсімді көбеюі жүзеге асады: Тамырсабақтары мен өнім бүршіктері арқылы

Қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде түзілген қоңыр төмпешіктер: Сорустар

Топтасып жинақталған спорангийлер тобы:Сорус

Споралар дамып жетілетін қалта: Спорангий

Қырықжапырақтәріздестердің өскіншесі:Жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 мм

Қырықжапырақтылардың жапырақтары ... түрлі қызмет атқарады: 2

Қырықжапырақтылардың жапырақтарының қызметі:Көбею, фотосинтез

Усасыр қырықжапырағын қарсы қолданатын аурулар: Ішекқұрт

Усасыр жапырағынан алынады: Жара жазатын тұнба, суық тигенде ауырғанда жазатын препарат

Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары: Вайялар

Миллиондаған жылдар бойы нығыздалған қырықжапырақтәріздестерден түзіледі: Тас көмір

Тас көмір бетіне ізі қалған өсімдік: Шаңжапырақ

Қызыл кітапқа енген қырықжапырақтәріздестер: Мыңжылқы, шолпаншаш сүмбілі

Ең кішкене қырықжапырақ: Хецистортерис пумила

Тек су бетінде қалқып өсетін шаңжапырақ:Сальвиния
Ашық тұқымды өсімдіктер

Өсімдіктердің ең ежелгі тобы: Ашық тұқымдылар

Тұқымдары қорғанышсыз,қабыршақта, бүрде ашық орналасатын өсімдіктер: Ашық тұқымды өсімдіктер

Жалаңаштұқымдылардың споралары өсімдіктерден айырмашылығы:Тұқыммен көбейеді

Ашықтұқымды өсімдіктердің ерекшелігі: Барлығы сүректі, бұталы болады, гүлдері, жемістер болмайды, тұқымнан көбейеді, көпшілігі мәңгі жасыл өсімдіктер

Ашықтұқымдылардың гүлді өсімдіктерден айырмашылығы: Тұқымдары бүр қабыршақтарында ашық жатады

Ашықтұқымдыларға да жабық тұқымдыларға да тән сипаттама: Желмен тозаңданады

Жер ғаламшарында таралған қылқанжапырақты өсімдіктер саны: 600-ге тарта

Қылқанжапырақтыларға тән ерекшелік: Сүрегінде шайырлы өзекше

Ашық тұқымдылар:Қарағай, секвоя, самырсын, шырша, арша, қос масақшалы қылша

Ашықтұқымды өсімдіктерге жатпайды: Емен

Ашықтұқымды ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі: Сүрек

Сүректі өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді: Жапырақта

Жапырақтары ине тәрізді өсімдіктер: Қылқан жапырақтылар

Ашық тұқымдылар көбейеді:Тұқыммен

Ашықтұқымдылардың тұқымдары дамитын орны: Бүр

Кәдімгі қарағай:Қылқан жапырақты, жарық сүйгіш, бірүйлі

Қылқан жапырақтары өркендерінде 3-6 жылға сақталады:Қарағай

Қарағай қылқанының тіршілік ұзақтығы: 2-3 жыл

Қарағайдың әрбір қысқарған өркенінде дамитын жапырақ: 2 қылқан (қос қылқан)

Кәдімгі қарағай жапырақтарының орналасу ерекшелігі: Қос-қостан

Қарағайдың ағаш сабағының атауы: Дің

Қарағай сүрегінде өлі жасушалардағы өткізгіш ұлпа мөлшері:90-95 %

Қарағай сүрегінен химиялық жолмен алынатын зат:Жасанды талшық

Қарағайдағы тозаңдану мен ұрықтану арасы: 13 ай

Қарағайдың жас өркенінің ұшында орналасады: Бүрлер

Көктемде қарағайда пайда болатын үлкендігі 5 мм аспайтын қызғылт түсті бүрлер: Аналық

Қарағайдың аналық бүрінің құрылысы: Өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақ

Қарағайдың аталық бүрлерінің сипаттамасы: Ұсақ, жасылдау сары түсті

Қарағайдың тозаңдануы:Жел арқылы

Фитонцид бөлетін: Қарағай, грек жаңғағы, терек, жиде

Қолайлы жағдайда өскен қарағайдың биіктігі: 30-40метр

Қолайсыз жағдайда өскен қарағайдың жасы: 350-400 жыл

Жапырақтарын жылда түсіретін ашықтұқымды өсімдік: Балқарағай

Жапырағы сәл жалпақтау, сызықты - қандауырша тәрізді қылқан жапырақты:Секвоя

Қылқанжапырақты жұмсақ, шыршаға ұқсас, жылу сүйгіш өсімдік: Самырсын

Өскінінде қабыршақтар қапталған енділеу келген жапырақтар орналасады: Туйя (бозарша)

Кәдімгі арша:Екіүйлі, халық «бүржидек» атайды, бүрінен мармелад дайындайды

Бүрінің етті бөлігі тәтті ашықтұқымды өсімдік: Кәдімгі арша

Тұмау тигенде түтінін иіскеуге болады: Арша

Сібірлік қарағайдың жапырақтарының қысқарған өркенде орналасуы: 5-5тен

Сібірлік қарағай тұқымынан алынады: Азықтық самырсын майы

Бұта болып өсетін ашықтұқымды өсімдік: Жатаған шырша, арша

Қылқаны төрт қырлы өсімдік: Жатаған шырша

Теріскей, Күнгей, Іле Алатауында сирек кездесетін ашықтұқымды бұта: Жатаған шырша

Тұқымы пісіп жетіле алмайтындықтан қалемше арқылы көбейтіледі: Жатаған шырша

Биіктігі 5-10м, жуан дінді, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты:Зеравшан аршасы

Талас Алатауы, Қаратаудың оңтүстігінде өсетін ағаш: Зеравшан аршасы

Мың жылға дейін тіршілігін сақтайды:Зеравшан аршасы

Зеравшан аршасы жеміс береді:50 жылда

Қызыл кітапқа тіркелген қылқан жапырақты: Жатаған шырша, зеравшан аршасы

Жапырақтары ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта:Қос масақшалы қылша

Қос масақшалы қылшаның қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан, фотосинтез жүреді: Бұтақтарында

Қос масақшалы қылшаның бұталарын медицинада пайдаланады: Орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесіне, аллергияға

Қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат:Шырша

Шыршаның қысқа және үшкір қылқандары түспей бұтақта сақталу мерзімі: 6-7 жыл

Шыршаның тіршілік ұзақтығы:300 жыл

Топырақты эрозиядан сақтайтын өсімдіктер: Ашық тұқымды өсімдіктер

Ғаламшардағы биіктігі жағынан екінші реттегі дуглыстық самырсынды ең алғаш сипаттаған шотландиялық хируруг, әрі ботаниг: Арчабальд Менинез

«Қылқан жапырақты орман жүзімі» аталатын ашық тұқымды: Арша

Американың ең әйгілі ағашы «секвойяны» сипаттаған неміс ботанигі: Ф.Эндлихер

Жер бетіндегі ең қомақты да салмақты ағаш:Алып секвойядендрон

Жер бетінде сақталып қалған ағаштардың ең алғашқы түрі болып саналады: Екіқалақты гингко

Жапонияда «күміс өріс» деген атаумен белгілі ашық тұқымды: Гинкго

Қытай мен Моңғолияның солтүстік-батысынан табылған өсімдік: Потанин балқарағайы

Орманда өсетін өсімдік: Қарағай
Жабықтұқымды өсімдіктер

Барлық өсімдіктер дүниесі аталады: Флора

Жабық тұқымды өсімдіктерге тән:Тұқымы жемістің ішінде жетіледі, көбею мүшесі-гүл, тұқымнан көбейеді

Жабық тұқымдылардың негізгі белгісі: Тамыр, өркен, гүл, тұқымды жеміс

Жабықтұқымдылардың негізгі ерекшелігі:Гүлінің болуы

Жабық тұқымды өсімдіктерге тән қасиет:Жеміс пен тұқым береді

Жабық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі:Гүл

Жабық тұқымдылардың әлемдегі түр саны:250 мың

Жабықтұқымдылардың жер бетіне таралу себебі:Автотрофтыларғы жататындығында және тұқымдары жемістермен қорғалғандығына

Жабық тұқымды өсімдіктердің басқа өсімдіктерден айырмашылығы:Тұқымы бар жеміс түзеді

Жабықтұқымдыларда ұрықтанған жұмыртқа жасушадан пайда болады:Ұрық

Гүлді өсімдіктердің тұқым бүршігінен пайда болатын түзіліс: Тұқым

Жабық тұқымдылардаорталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып түзіледі: Эндосперм

Ұрықтың өсуіне қажет зат қоры: Эндосперм

Тіршілігінде тым болмаса бір рет гүлдейтін өсімдіктің аталуы:Гүлді

Тұқымы жемістің ішінде жетілген өсімдіктер:Гүлді өсімдіктер

Тек гүлді өсімдікке тән мүшені белгілеңіз:Гүл

Гүлді өсімдіктердің көбеюі: Тұқымымен

Гүлді өсімдіктерде жатынның қабырғаларынан пайда болады: Жемісқап

Гүлді өсімдіктердің суды буландыратын негізгі мүшесі: Жапырағы

Барлық гүлді өсімдіктер екі үлкен класқа біріктіріледі: Даражарнақты, қосжарнақты

Гүлді өсімдіктердің неше пайызы қосжарнақтыларға жатады: 75%

Қосжарнақтылардың негізгі белгісі: Кіндік тамыр жүйесі, жапырағы тор жүйкелі, қос жарнақты ұрық жарнағы

Қосжарнақтылар класына жататын тұқымдастар: Көкнәр, алабота, асқабақ, орамжапырақ, құлқайыр, раушангүлділер, бұршақ, алқа, күрделігүлділер

Даражарнақтылар класына тән белгілері: Тұқым жарнағы біреу, шашақ тамырлы жүйе, жапырағы параллель (қатар) жүйкелі

Даражарнақты өсімдіктің қосжарнақты өсімдіктен ерекшелігі:Тұқым жарнағында

Жапырақтары параллель немесе доға тәрізді жүйкеленуі:Дара жарнақтыларға тән

Даражарнақтылар класына жататын тұқымдастар: Астық, лалагүлділер, құртқашаш

Жапырағы доға жүйкеленген, шашақ тамырлы, бірақ қосжарнақты өсімдік: Жолжелкен

Жапырағы торлы жүйкеленген, бірақ даражарнақты өсімдік: Қарғакөз

Орманда өсетін шөптекті өсімдік: Қарғакөз

Гүл бөлімдерінің жазықтықтағы қимасын шартты түрде бейнелеп, сызбанұсқасын сызу: Диаграмма

Тұңғыш рет гүлді өсімдіктерді тұқым жарнағының санына байланысты бөлген ғалым: Д.Рей

Ең алғаш кеппе өсімдік жасаған италиялық ғалым: Лука Гини

1920-1930ж. «Өсімдіктану» оқулығын жазған: Ж.Күдерин

Өсімдіктерді танып білудің негізін қалаған: Теофраст

Түр саны ең аз (130) өсімдіктер тұқымдасы: Қайың

Қазақстанда өсірілетін дәрілік өсімдіктердің түрі: 500
Көкнәр мен Алабота тұқымдасы

Көкнәр тұқымдасының түр саны: 700

Қазақстанда өсетін көкнәр тұқымдасының түр саны: 44

Көкнәр тұқымдастарының гүлінің формасы: Т2К2+2АЖ

Көкнәрлардың гүлі: Қосжынысты

Көкнәр тұқымдасының жемісі:Қауашақ

Көкнәр тұқымдастарының тозаңдану түрі: Бунақденелілер арқылы

Көкнәр тұқымдасына жатады: Жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген көкнәр тұқымдас:Жіңішке көкнәр

Жіңішке көкнәр кездеседі: Қарқаралы тауы, Кент, Қызыларайда

Көкнәр тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік: Ұйықтататын көкнәр (апиын)

Көкнәр тұқымдасына жататын улы өсідік: Үлкен сүйелшөп

Көкнәрдан әзірленетін майды пайданылады: Ас әзірлейді

Алабота тұқымдасының түр саны:1500

Алабота тұқымдасының тозаңдануы: Жел, бунақденелілер арқылы

Алабота тұқымдасына жатады:Алабота, шпинат, сексеуіл, қызылша, көкпек, сораң, теріскен, бұйырғын

Өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп: Ақ алабота

Топырақты құнарсыздандыру, зиянды бунақденелілердің жасырылуына қолайлы жағдай жасайтын арамшөп:Ақ алабота

Ертеде күлінен сақар алынып және сабын жасауға пайданылатын өсімдік: Ақ алабота

Ақ алабота гүлінің формуласы: Т4А4Ж1

Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдасы өсімдіктердің туысы: Сексеуіл Құмды жерде өсетін жапырағы жетілмеген өсімдік: Сексеуіл

Сүректің қаттылығынан сабағы өңдеуге келмейтін өсімдік: Сексеуіл

Сексеуіл гүлінің сипаттамасы: Ұсақ, қосжынысты, бірүйлі

Сексеуілдің жемісі: Қанатты жаңғақша

Қазақстанда өсетін сексеуіл түрлері: Қара, ақ, зайсандық

Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі аңғарларында тоғай болып өседі: Қара сексеуіл

Биіктігі 6 метрге жететін, тұзды, сораң топырақта өсетін өсімдік: Қара сексеуіл

Жапырақтары болмайтын, діңдері қисық, жиі бұтақталған өсімдік: Қара сексеуіл

Қара сексеуілдің тамыры 8-12 тереңдікке еніп, жер асты тұзды суын соратындықтан: Жасыл өркендері тұзды

Шөлдің құмды жерлерінде өсетін алабота тұқымдасының өкілі: Ақ сексеуіл

Алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы: Қызылша

Қант қызылшасында болатын қанттың мөлшері: 23%

Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы қоректік затын жинайды: Жемтамырында

Қызылша екінші жылы қоректік затын жинайды: Гүлдері мен тұқымында

Жапырақтары тамаққа пайдаланылатын,нәруызға және витаминдерге бай алабота тұқымдас өсімдік:Шпинат

Құрамындағы нәруыз мөлшері етке пара-пар алабота тұқымдасының бір туысы: Шпинат

Бақша шпинатының аталық гүлнің формуласы: К4А4Ж0

Бақша шпинатының аналық гүлінің формуласы: К0А0Ж(1)

Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің түр саны: 17

Өте улы жапырақсыз бұйырғын: Итсигек

Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі алынады: Итсигек
Асқабақ пен Орамжапырақ тұқымдасы

Парсы тілінде «шағын бақ» сөзі: Бақша

Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшелігі: Шөптекті біржылдық

Қаратау маңында кездесетін көпжылдық асқабақ тұқымдасының бір өкілі: Құтырған құяр

Бақша өсімдіктерінің жалпы түр саны: 900

Асқабақ тұқымдасының түр саны:900

Қазақстанда өсетін асқабақ тұқымдасының түр саны: 9

Асқабақ тұқымдасының аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0

Асқабақ тұқымдасының аналық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А0Ж(3)

Асқабақ тұқымдастарының жемісі: Қабақ

Жемісі ең ірі өсімдіктер тұқымдасы: Асқабақ

Асқабақ тұқымдас өсімдіктер тобы:Асқабақ,қауын, итжүзім, қияр, қарбыз, қауақ

Өркендері шырмалып, төселіп өсетін асқабақ тұқымдас өсімдіктер: Асқабақ, қияр, қарбыз

Жабайы өсетін екіүйлі көпжылдық өсімдік: Итжүзім

Тамыры өте жуан, сабақтары жіңішке, жемісі нағыз жидек өсімдік: Итжүзім

Халықтық медицинада итжүзім тамырын пайдаланады: Іш босатуға

Ірі жемісті тағамдық, дәрілік, біржылдық жылу сүйгіш өсімдік: Асқабақ

Асқабақ тұқымдастарының жабайы түрі: Чайот

Жыл санауға дейін 3000 жыл бұрын асқабақ өсіріле бастады: Мексикада

Мексикалық бір тұқымды қияр: Чайот

Кәдімгі асқабақтың іріктемелері: Қауақ, бәлішқауақ

Жылу және жарық сүйгіш өсімдік:Қауын

Қауынның өніп-өсуіне қажет: Сазды-құмдауыт, құмды жерлер

Күн жылынғанда егілетін тұқым: Қауын

Тұқымынан 25-30% май алынатын өсімдік: Қауын

Қауынның іріктемелері: Әңгелек, қара күләбі,торлама,дәбілше,

Лазерлік сәулеге төзімді дақылдар:Қарбыз, қауын, қияр, қауақ

Орамжапырақгүлді тұқымдастардың басқаша атауы: Шаршыгүлділер

Орамжапырақгүлділердің түр саны: 3000

Шаршыгүлділер: Шомыр,шалғам,ақбасқурай

Орамжапырақгүлділердің формуласы: Т2+2К4А2+4Ж(2) (жабайы шомыр)

Орамжапырақ тұқымдасының тостағанша жапырақшасының саны: 4

Шаршыгүлділер тұқымдасында: 6 аталық, 2 аналық

Шаршыгүлділер тұқымдасыны өсімдіктерінің жемісі: Бұршаққын, бұршаққынша

Орамжапырақгүлділер тұқымдасының гүлшоғыры: Шашақгүл

Орамжапырақгүлділер тұқымдастардың ішіндегі мәдени өсімдік:Қырыққабат

Орамжапырақ тұқымдастардың жапырақтарының орналасуы: Кезектесіп

Крестгүлділер гүлінің құрылысы: Шашақгүл

Аққауданды орамжапырақ: Екіжылдық

Көкөністік дақыл: Орамжапырақ (қырыққабат)

Орамжапырақ тұқымдасына жататын көкөністік дақылдар: Тарна, шомыр, шалғам

Сыртын балауызды өңез қаптаған май және малазық үшін пайданылатын мәдени дақыл:Рапс

Рапстан алынады:Май, бал

Орамжапырақгүлділерге жататын дәрілік өсімдік: Ақбасқурай

Орамжапырақгүлділердің арамшөп түрлері: Қышабас, жұмыршақ, қанатжеміс

Орамжапырақгүлділердің татымды түрлері:Қыша, ақжелкек

Өсімдік майын алу үшін өсірілетін өсімдік: Қыша

Аспаздық, медицинада пайданылатын ең әйгілі татымды өсімдік: Күнзе (кориандр)

Жемісінің құнарлығы бойынша ең төмен өсімдік: Қияр

Қызыл кітапқа тіркелген екіжылдық орамжапырақгүлді: Жирен сарбасқурай
Құлқайыргүлділертұқымдасы

Құлқайыргүлділердің түр саны: 1000

Қазақстанда өсетін құлқайыргүлділердің түр мен туысы: 18 түр, 7 туыс

Құлқайыргүлділер тұқымдасының гүлдері: Қосжынысты, қосгүлсерікті

Құлқайыргүлділер тұқымдасының жемісі: Қауашақ, бір тұқымды жаңғақша

Құлқайыргүлділер тұқымдасының ең маңызды өкілі:Мақта

Оңтүстік Қазақстанда, көпжылдық бұталы түрлері тропиктік елдерде кездеседі: Мақта

Мақтаның көпжылдық бұталы түрі өседі: Тропиктік елдерде

Мақтаның көпжылдық бұталы түрі өседі: Түрікменстан

Тек жылы жақта өседі:Мақта

Мақтада болатын бұтақтың екі түрлі: Өсетін, жеміс беретін

Мақтаның жеміс беретін бұтағы: Қысқарған өркен

Жеміс беретін бұтақтың ұшында өседі: Гүл

Мақтаның биіктігі: 1,5-2 метр

Мақта өсімдігі гүлдейтін ай: Маусым

Қысқа күндік өсімдік: Мақта

Оңтүстік Қазақстанның шитті мақта өсірілетін аудандары: Келес, Бөген

Мақтаның ұрық шашатын тұқымы: Шит

Таза мақта өндіріледі: Шитті мақтадан

Мақта гүлінің формуласы: Т3+(5)К5А(∞)Ж(∞)

Мақтаның жемісі: Қауашақ

Мақтаның қауашағы ашылатын жақтау саны: 3-5

Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағы: Көсек

Мақтаның тұқымынан алынатын құнды өнімдер: Май, күнжара, мақта мамығы

Мақта тұқымының 24-26% тұрады: Майдан

Мақтадан мол түсім алу үшін қажет температура: 15-17С

100гр шитті мақтадан алынатын таза талшық мөлшері: 25-42 кг

Жыл санауға дейін 3000жылдан бері мақта шаруашылығымен айналасып келеді: Үндістан

Талшығын арқан есіп, қап, мата тоқуға пайданылатын өсімдік: Бұйдакендір, кенеп, мақта

Медицинада дәрі ретінде қолданылатын құлқайыргүлділердің түрі: Жалбызтікен

Сәндік үшін өсірілетін құлқайыр түрлері: Айдарша, қытай раушаны

Жалбызтікеннен алынған тұнба ем болатын ауру:Жөтелге,қақырық түсіруге

Халықтық медицинада жалбызтікенді пайдаланады: Іш жүргізу, дизентерия мен асқазан жарасына, тіс түбінің еттері босағанда,алқым бездері ауырғанда, ауызды,тамақты шаю

Африканың құрғақ саваннасында өсетін құлқайыргүлділердің өкілі: Баобаб

Баобаб: Түспежапырақты өсімдік

Құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік: Баобаб
Раушангүлділер тұқымдасы

Раушангүлділердің түр саны: 3000

Республикамыздағы раушангүлділердің түр саны: 35

Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер: Алма, алмұрт, итмұрын, таңқурай, теңгежапырақ, қойбүлдірген, қазтабан, тікенгүл

Раушангүлділер тұқымдасының көпшілігі: Жеміс ағаштары

Раушангүлділер тұқымдасының бұталы өсімдік: Итмұрын, раушан

Раушангүлділер тұқымдасындағы көпжылдық шөптесін өсімдік:Теңгежапырақ, шыршай, қойбүлдірген

Раушангүлділерге жататын шөптесін өсімдіктер: Қазтабан, қойбүлдірген

Жай жапырақты раушангүлділер: Алма, алмұрт, өрік

Үшқұлақты күрделі жапырақты раушангүлділер: Құлпынай. таңқурай

Қауырсын тәрізді күрделі жапырақты өсімдік: Итмұрын, шетен, қараған

Саусақ салалы күрделі жапырақты раушангүлді: Жатаған қазтабан

Раушангүлділердің гүлсеріктері: Қосқабатты

Раушангүлділерде күлте жапырақша саны: 5

Раушангүлділер тұқымдасынданың гүлінде аталық саны: Көп

Раушангүлділердің тозаңдануы: Бунақденелілер арқылы

Раушангүлділердің жемістері таралады: Құстар, жарқанаттар, су арқылы

Раушангүлділер тұқымдасына тән: Жемісі алуан түрлі, аналығы мен аталығы көп

Раушангүлділердің жемісі: Көп жаңғақшалы құрғақ, көп сүйекті жаңғақ, сүйекті шырынды

Раушангүлділер мен алқа тұқымдасының өсімдіктерінде кездесетін жеміс түрі: Жидек

Шырында жемісті раушангүлді өсімдік: Алма, шие

Құрғақ жемісті раушангүлділер: Шыршай, теңгежапырақ

Сүйекті-шырынды раушангүлділер: Мойыл, шие

Раушангүлділердің жинақталған құрама (көп) жаңғақшалы түрлері:Құлпынай, итмұрын

Жемісі пісіп жетілген кезде гүлтабанынан және тостағанша жапырақшадан оңай ажырайды: Таңқурай

Таңқурай мен бүлдіргеннің көпсүйектері жиналады: Гүлтабанда

Жемісін тосап, компот, шырын дайындайтын раушангүлділер: Таңқурай

Раушангүлділер тұқымдасының жабайы өсетін түрі: Тікенгүл, итмұрын, шетен

Итмұрын гүлінің формуласы: Т(5)К5АЖ

Жабайы алхоры гүлінің формуласы: Т(5)К5А20Ж1

Раушангүлділер тұқымдасына жататын жабайы өсетін шөп: Итмұрын

Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме: Раушан

Өте бағалы май, хош иісті заттар алуға қолданылатын өсімдік: Раушан

Күлтесінен май алынатын раушангүлділер тұқымдасының өкілі: Раушан

Қазіргі деректер бойынша раушанның шығарылған іріктеме саны: 25000

Халықтық медицинада тері бөртпелерін емдеуге қолданылады: Шие шайыры

Бағалы дәрі-дәрмек дайындалады: Бадамнан
Бұршақ тұқымдастар

Бұршақ тұқымдастарының түр саны: 12000

Қазастанда бұршақтұқымдастардың өсетін түрлері: 650-ге жуық

Бұршақ тұқымдасының құрылысына тән белгілер: Тамыр түйнекшелері, күлтесі әр түрлі, бұршаққап

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өкілі: Жоңышқа, соя, асбұршақ, үрмебұршақ, қараған

Сиыр жоңышқа, қызылбас жоңышқа, шалғындық жоңышқалар тұқымдасы: Бұршақ тұқымдас

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшелігі: Тамыр түкшелері

Бұршақ тұқымдас өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді: Түйнек бактериялары

Тамыр түйнекшелерінде бос азотты сіңіреді: Бұршақ тұқымдас

Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тіршілігінде түйнек бактерияларының маңызы: Ауадағы бос азотты қабылдап сіңіру

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырында жинақталады: Азот

Бұршақ тұқымдастарының ерекшелігі: Жемісі бұршаққап, гүл бөлігі желкен, бос азотты сіңіреді

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүлінің формуласы: Т(5)К3+(2)А9+(1)Ж1

Бұршақ тұқымдастарының тостағаншасы: 5 біріккен

Бұршақ тұқымдастарының күлте жапырақшаларының саны: 5

Бұршақ тұқымдас өсімдікке тән: 10 аталық, 1 аналық

Бұршақ тұқымдастарда қайықшаны қоршайтын аталық саны: 10

Бұршақ тұқымдастарда қайықшаның ішіндегі аналық саны: 1

Бұршақ тұқымдасының гүлшоғыры: Шоғырбас, шашақ, шатыршагүл

Өздігінен тозаңданатын бұршақ тұқымдастың түрі: Егістік асбұршақ

Бұршақ тұқымдасының жемісі: Бұршаққап

Бұршақ тұқымдасының гүліндегі ең ірі күлте жапырақшасының атауы: Желкен

Бұршақ тұқымдас гүлінің екі бүйіріндегі 2 күлте жапырақшасының атауы: Ескек

Бұршақ тұқымдасында төменгі тұтасып өскен күлте жапырақшалары: Қайықша

Бұршақ тұқымдасындағы тұқымжарнағы топырақ астында қалып қоятындар: Асбұршақ

Бұршақ тұқымдас өсімдік тұқымдары өте бай: Ақуыз

Бұршақ тұқымдасының мал азықтық өкілі:Жантақ, беде, сиыржоңышқа, бөрібұршақ

Тағамдық бұршақ тұқыммдастар: Жержаңғақ, нұт

Жөтелге қарсы дәрі ретінде қолданылатын бұршақтұқымдас түрі: Жалаң қызыл мия

Бұршақ тұқымдастардың ішті босататын дәрі ретінде пайданылатын түрі:Кассия (сана)

Бұршақ тұқымдасының сәндік түрі: Қараған

Бұршақ тұқымдасының улы түрі: Тентекмия

Топырақ құнарлығын арттыратынөсімдік: Қызылбас жоңышқа

Май алынатын бұршақ тұқымдас өсімдік: Соя

Асбұршақ гүлінің формуласы: Т(5)К1+2+(2)А(9)+1Ж1

Асбұршақтың гүлшоғыры: Шашақгүл
Алқа тұқымдас - кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдасының түр саны: 2900

Қазақстанда өсетін алқа тұқымдастарының түр саны: 23

Алқа тұқымдасының екінші атауы: Кіріккенкүлтелілер

Алқа тұқымдастарына жататын өсімдіктер: Баклажан, темекі, картоп, қызанақ, меңдуана, қызан, қаражидек, шырайгүл

Алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп өседі: Оңтүстік Америка

Алқа тұқымдасы гүлінің формуласы:(5)К(5)А5Ж(2)

Алқа тұқымдастардың гүлсерігі: Бес біріккен күлте, бес біріккен тостағанша

Алқа тұқымдасындағы гүліндегі аталық саны: 5

Дұрыс гүлді өсімдіктер тұқымдасы: Алқа

Алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі: Жидек мен қауашақ

Алқа тұқымдасы жапырақтарының орналасуы: Кезектесіп

Алқа тұқымдастарға жататын дәрілік өсімдік: Меңдуана, қаражидек

Алқа тұқымдасының нағыз улы өсімдігі: Меңдуана, сасық меңдуана, қара меңдуана

Өте ірі, түтікше тәрізді, күлтесі ақ түсті гүлдері, өте үшкір тікенекті жемісі бар, алқа тұқымдастарға жататын өсімдік: Сасық меңдуана

Меңдуана жапырағы мен тұқымы пайданылады: Демікпеге, құрыспаға қарсы дәрі

Қара меңдуана ... өсімдік: Екі жылдық шөптесін

Улы өсімдік қара меңдуана жемісі: Қауашақ

Алқа тұқымдасындағы сәндік өсімдік:Шырайгүл (петуния), қызылқұлақ (физалис)

Алқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден сәндік мақсатта гүлзарға өсіретіндерін белгілеңіз: Петуния, хош иісті темекі

Алқа тұқымдасына жататын тағамға пайданылатын өсімдік: Қызанақ, баклажан, бұрыш

Баклажанның жабайы түрі өседі: Үндістанда

Баклажанның жемісі: Жидек

Баклажанның 1 гектарынан алынатын түсім: 15-30 тонна

Баклажанның маңызы: Кальций,фосфор тұзы бар, қан құрамындағы зиянды түзілісті азайтады, бауыр ауруын емдеуге пайданылады

Жемісінде органикалық қышқылдар бар өсімдік:Қызанақ

Ерекше жарық сүйгіш мәдни өсімдік:Қызанақ

Картоптың шыққан жері: Оңтүстік Америка, Анд тау жүйесі, Чили мен Перу таулары

«Екінші нан»: Картоп

Жемісі улы мәдени өсімдік: Картоп

Картоптың түрін өзгерткен мүшесі: Сабағы

Картоптың түрі өзгерген жер асты өркені: Түйнек

Картоптың гүлдері: Қосжынысты

Картоптың гүлшоғыры: Шашақгүл

Картоптың улы жемісі: Жидек

Картоп, жүзім жемісі:Жидек

Картоптың топырақтан шығып қалған түйнегінің түсі: Жасыл

Картоп крахмалының жиналатын мүшесі:Түйнегі

Картоп түйнегінен алынатын заттар: Крахмал, сірне, спирт

Картоптың көбеюі: Көзшелі түйнек

Картопты тұқымнан көбеюге бола ма:Тек жаңа іріктеме шығару кезінде ғана тұқымнан көбейеді

Медицинада, мал дәрігерлік салада жасалған дәрілер асқазан және ішек ауруларына, демікпеге қарсы қолданылады: Итжидек

Ауа температурасы 12-20С аралықта себіледі:Темекі
Ерінгүлділер тұқымдасы

Гүлі аузын ашқан адамның кескісін бейнелейтін тұқымдас атауы: Ерінгүлділер

Гүлінің 5 күлтесі түтікше құрайды, оның ішінде 2 жоғарғы, 3 төменгі күлтелері біркелкі тұқымдас: Ерінгүлділер

Ерінгүлділердің түр саны: 3500

Қазақстан аумағындағы ерінгүлділердің түр саны: 234

Ерінгүлділердің екінші атауы:Тауқалақайгүлділер

Сабағы 4 қырлы,жапырақтары қарама-қарсы, күлтесі қосерінді бірігіп кеткен:Ерінгүлділер

Ерінгүлділер тұқымдасының жапырақтары орналасады: Қарама-қарсы

Ерінгүлділер тұқымдастарының гүлінің формуласы: Т(5)К(2+3)А4Ж(2)

Ерінгүлділердің жемісі: Сүйекті жеміс, жаңғақша

Парфюмерия есебінде қолданылатын: Лаванда, көкжалбыз,гүлшетен, молдав жыланбасы

Ерінгүлділертұқымдасының дәрілік өсімдіктері: Кермек жалбыз, жебір, сәлбен

Эфир майы бар ерінгүлді дәрілік өсімдік: Кермек жалбыз

Кермек жалбыздың басқаша атауы: Бұрыш жалбыз

Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болатын, хош иісті өсімдік: Кермек жалбыз

Бас сақинасы, асқазан, тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі: Кермек жалбыз

Ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады: Жалбыз майы

Жапырақтары ірі, сабағы тармақталған биіктігі 1 метрге жететін шөптекті дәрілік өсімдік:Көкжалбыз

Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны: Жерорта теңізі

Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан оны халықтық медицинада пайдаланады: Көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаю үшін

Құрамында эфир майы бар тіс пастасына, сабынға қосатын ерінгүлді:Кәдімгі жебір

Ежелгі Мысырда мәйіт бальзамдау үшін қолданған: Жебірді

Ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі: Сәлбен

Халық «тіршілік шөбі» деп атайтын өсімдік:Сәлбен

Халықтық медицинада жапырағы ойық жараны емдеуге қолданылатын: Сәлбен

Эфир майы өндірілетін балды өсімдік: Сәлбен

Дәрілік жөтелшөп жатады: Ерінгүлділер тұқымдасына

Халықтық медицинада дәрілік жөтелшөпті пайдаланады:Асқорыту мұшелеріталаурауына, демікпеге, жүйкені тыныштандыруға

Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайданылатын түрі: Кәдімгі жұпаргүл

Ерінгүлділердің ағаш тәрізді түрлері өседі: Тек тропикте

Ағаш тәрізді ерінгүлділердің ең биігі: Жарғақты хиптис
Күрделігүлділер тұқымдасы

Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған түрі: Күрделігүлділер

Күрделігүлділердің түр саны: 20000

Қазақстандағы күрделігүлділер тұқымдасының түр саны: 700

Кұрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А5Ж(2)

Күрделігүлділер тұқымдасының ерекшелігі:Тостағаншасы жоқ,гүлшоғыры - себет

Тек қана күрделігүлділер тұқымдасына тән негізгі белгілер:Гүлшоғыры-себет

Күрделігүлділер тұқымдасының себетгүліндегі гүлінің пішіні:Шұқырақ, тілшелі, жалған тілшелі, қосерінді, түтікше

Күрделігүлділер тұқымдасының жемісі:Айдарлы мен айдарсызтұқымша

Себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасқан күрделігүлді: Бақбақ

Себетгүлінде тек түтікшелі гүлдер орналасқан күрделігүлді: Сарықалуен, түйетікен

Себет гүлшоғырының ортасында сары түсті түтікше гүлдер, жиегінде ақ түсті тілше гүлдер орналасқан өсімдік: Түймедақ

Себетгүлінде шұқырақ гүлдер орналасқан күрделігүлді: Гүлкекіре

Күрделігүлділер тұқымдасына жататын көкөністік өсімдіктер: Ассүтіген, бөрігүл

Күрделігүлді дәрілік өсімдіктер:Түймедақ, бақбақ, дермене, итошаған, қырмызыгүл

Күрделігүлділерге жататын малазықтық дақыл:Жералмұрт

Күрделігүлді сәндік өсімдіктер: Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина)

Күрделігүлділердің арамшөп түрлері: Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікен

Күрделігүлділердің тозаңданбай жеміс түзетін түрі:Бақбақ

Майы тағамдық,техникалық мақсатта пайданылатын күрделігүлді:Мақсыр

Мақсырдың тұқымшаларының құрамындағы май мөлшері:25-37%

Мақсыр майынан алынады:Бояу, сабын, эмаль

Тұқымшаларын ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде береді:Мақсырдың

Қазақстанда 1 ғана түрі кезедесетін күрделігүлдіөсімдік: Өгейшөп

Көпжылдық тамырсабақты, шөптекті қосжарнақты өсімдік: Өгейшөп

Дәрілік күрделігүлді өсімдік: Өгейшөп

Жапырағын ауатамырдың қабынуына, туберкулезді емдеуде пайданылатын:Өгейшөп

Жапырақ тақтасының үстіңгі беті тегіс-жылтыр,астыңғы беті жұмсақ - түкті өсімдік: Өгейшөп

Бақбақ гүлінің формуласы:Т0К(5)А5Ж(2)

Май алынатын күрделігүл тұқымдасына жататын өсімдік: Күнбағыс

Май алынатын негізгімәдени дақыл: Күнбағыс

Күнбағыстың өсуіне қолайлы топырақ: Қара топырақ

Ең жарық сүйгіш өсімдік: Түймедақ

Қазақстанның эндемик өсімдігі: Дермене

Ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар: Эндемик
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


написать администратору сайта