Главная страница

Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеБиология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
АнкорОтветы
Дата14.12.2021
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5447616108838260937.docx
ТипДокументы
#302720
страница9 из 22
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Тікентерілілер типі

Соңғы ауызды, көпжасушалы, екіжақты симментриялы теңіз жәндіктері: Тікентерілілер

Соңғы ауыздылар деп аталатын жәндік:Тікентерілер

Ғаламшарымызда тікентерілілердің саны: 6000

Тікентерілілер жабынының қабаттары: Сыртқысы эпителий, ішкісі талшықты дәнекер

Тікентерілілердің ішкі қабатынан дамиды: Әктенген тері қаңқасы

Тікентерілілердің желілерге ұқсас болу себебі: Соңғы ауыздың пайда болуы

Тікентерілілерге ғана тән жүйе: Сутүтікшелі

Целомның бастамасынан дамитын, ауыз маңындағы шеңберленген және сәулелі өзекшерлерден құралған күрделі жүйе:Сутүтікшелі

Тікентерілілердің қозғалуын, тынысалуын, бөліп шығаруын реттейді: Сутүтікшелі жүйе

Тікентерілілерде жұтқыншақ маңында орналасқан: Жүйке шеңбері

Теңізжұлдыздары мен теңізкірпілерінің тыныс алу мүшесі: Тері желбезектері

Төсемікке сабағымен жабысып, отырықшы өмір сүретін тікентерілі: Сабақты рухгүл

Теңізрухгүлдері, жыланқұйрықтарда болмайтын мүше: Тынысалу

Тікентерілілердің қантарату жүйесі: Шеңберленгенекі түтік

Тікентерілілердің сезім мүшесі:Нашар дамыған

Тікентерілілердің дернәсілі:Екіжақты симметриялы

Регенерацияға аса бейім тікентерілі: Теңіз жұлдызы

Тағамға пайданылатын тікентері: Трепанг (теңізқияр), теңізжұлдыз, теңізқұндыз

Теңізде көркем тау жыныстарын құруға қатысады: Теңіз сәулелілер

Ежелгі тікентерілілердің қалдықтар жиынтығы: Бельгиялық мәрмәр

Тікентерілілер суды тазартады: Радиоактивті заттардан

Нәлім, көзауық (камбала) секілді ірі балықтардың қорегі: Жыланқұйрық, теңізкірпісі

Тікентерілілер типінің класстары:3

Тікентерілілер типінің класстары: Теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі, теңіз қияры (голотурии)

Теңізжұлдыздардың түрлерінің саны: 1500, 8 отряд

Денесі сәулелі симметриялы: Теңіз жұлдызы

Теңізжұлдыздардың денесі: Бес тармақты

Қарынын айналдырып, ауызынан шығарып, қорегін аулайды: Теңіз жұлдызы

Аузында бестісті жақсүйегі бар, денесін әктенген тікенектер қаптап тұрады: Теңізкірпісін

Теңізкірпілерінің түр саны: 800

Теңізқұндыздың (калан) негізгі қорегі: Теңізкірпісі

Су түбінде ұсақ жәндіктер, балдырлармен қоректенетін тікентерілілер класы: Теңізқиярлар

Тікентерілілердің ішінде арнаулы тынысалу мүшесі-суға толы өкпе кездеседі:Теңізқияр

Теңізқиярларының топтастырылған: 5 отряд, 1100 түр

Теңізқиярдың тыныс алудың, бөліп шығару қызметін атқарады: Өкпе

Күбі пішіндес тікентерілілердің түрі: Теңізқияры

Қосжынысты тікентерілілердің ұрықтануы жүретін орын: Суда
Желілілер (хордалылар) типі

Жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы тип:Желілілер

Соңғы қуысты, екіжақты симметриялы жануарлар: Желілілер

Желілілерге тән белгілер: Дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симметриялы жоғарғы сатыдағы жануарлар

Желілілердің ортақ белгісі:Желінің болуы

Барлық желілерде болатын мүше: Ішкі қаңқа

Желінің қызметі: Ішкі қаңқа, тірек

Төменгі сатыдағы жануарларда ішкі қаңқа қызметін атқаратын құрылым: Желі

Хордалылардың тынысалу жүйесі мүшелерінің реті:Танау тесігі-көмекей-кеңірдек-өкпе

Хордалылардың тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі: Өкпе

Желілілердің тип тармақтары: Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар

Омыртқасы жоқ желілі жануар: Қандауырша

Төменгі сатыдағы желілі жануар: Қандауырша

Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы-қандауырға ұқсас, бассүйексіздер тип тармағының өкілі:Қандауырша

Желісі, жүйке түтігі және желбезектері өмір бойы сақталатын жануарлар: Қандауырша

Алғашқы рет қандауыршада пайда болған мүше: Желі

Қандауыршада қаңқаның қызметін атқарады:Желісі

Қандауыршаның дене тұрқы: 5-8 см

Қандауыршада жоқ мүше: Бассүйек

Қандауыршаның терісі: Жұқа

Қандауыршаның тері қабаттары: Эпидермис-нағыз тері-сірқабық

Қандауыршаның терісінің сыртқы қабаты:Эпидермис

Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік: Терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы

Қандауыршаның онтогенезінде энтодермадан түзілетіні: Өкпе, желбезек

Қандауырша жұтқыншағының қызметі: Асқорыту, тыныс алу

Қандауыршаның қанайналым жүйесі: Тұйық

Қандауыршаның қаны: Түссіз

Қандауыршада болмайды: Жүрек

Қандауыршада жүректің қызметін атқарады: Құрсақ қолқа қантамырлары

Қандауыршаның зәршығару түтікшелері орналасады: Жұтқыншақтың маңында

Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады:Жүйке түтігі

Қандауыршаның жүйке түтігінің орналасуы:Желінің үстіңгі жағында

Қандауыршаның жыныс бездері орналасады: Жұтқыншақ маңында

Қандауыршаның жыныстық жетілуі:2-3 жыл

Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген эмбриолог ғалым:А.О.Ковалевский

Теңіз түбіндегі құм арасынан сүзіп алып, тағам ретінде пайданылады: Қандауыршаларды

Қабықтылар тип тармағының өкілі: Асцидия

Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын,қалың тығыз қапталған жануар: Асцидия

Қосжынысты жануар: Асцидия

Шоғырлы асцидиялардың көбею жолы: Жыныссыз, бүршіктеніп

Асцидияның бүйірінде орналасқан қажетсіз заттарды шығаратын мүшесі:Клоакалық сифон

Асцидияның жүрегі: Қысқа түтікше тәрізді

Шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы: Ішектыныстылар класы

Ішектыныстылардың дене құрылысы: Еттұмсықты бас, жаға, тұлға

Баланоглосты желілі жануарлар қатарына қосқан орыс зоологы: А.О.Ковалевский

Ішектыныстылардың дернәсілі - торнарияны ашқан ғалым: И.Мюллер

Торнария баланоглосстың дернәсілі екенін дәлелдеген ғалым: И.И.Мечников

Дөңгелек ауыздылардың өкілі: Миксина, минога

Омыртқалы жақсүйексіздер: Миксина, минога

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген жақсүйексіз омыртқалы жануар: Каспий миногасы

Омыртқалы жануарларға ортақ тән белгі: Ішкі қаңқа

Омыртқалылардың сезім мүшелері: Дәм, иіс сезу, көру, есту, сипап сезу

Омыртқалы жануарлардың зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Құрлықтағы омыртқалылардың тыныс алу мүшесі: Өкпе

Іштей ұрықтанатын қағанақты омыртқалы жануарлар: Жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер

Салқынқанды жануар: Балықтар, қосмекенділер, дөңгелекауыздылар

Жылықанды жануарлар: Құстар, сүтқоректілер
Балықтар класы

Балықтың мекен ортасы: Су

Балықтарға тән белгі:Омыртқалы жануар

Балықтың түрлерінің саны: 20 мыңдай

Балықтың денесінің бөлімдері: Бас, тұлға, құйрық

Балықтың қозғалу мүшесі: Жүзбеқанаттары

Балықтың денесін қалыпты ұстауын қамтамасыз ететін жүзбеқанат:Арқа, аналь

Балықтың денесін берік ұстауға көмектесетін жүзбеқанат: Құйрықасты

Балықтың құйрық жүзбеқанаттары: Бағыт береді

Балықтың бас сүйектері: Ми сауыты, жақтары, желбезек доғасы, желбезек қақпақшасы

Балықтың тынысалу мүшесі: Желбезек

Балықтың қаны оттегімен қанығып, артерия қанына айналады: Желбезекте

Балықтың желбезегіндегі сүзгіш аппараттың түзетіні: Желбезек талшықтары

Балықтың желбезегіндегі газ алмасу қызметін атқарады: Желбезек қақпақшасы

Балық желбезегі доғаларының саны: 3-4 жұп

Балықтың қанайналым жүйесі: Тұйық, 1 шеңбер, жүрегі 2 қуысты

Балықтың жүрегінің құрылысы: 1 жүрекше, 1 қарынша

Балықтың жүрегі орналасады: Дененің құрсақ жағында

Балықтың дене температурасы байланысты: Қоршаған ортаның температурасына

Балықтың қанын қорытылған астың қалдығынан тазартатын мүше: Бүйрек

Балықтың зәр шығару мүшелері: Бүйрек, қуық, несепағар

Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Балықтың тік ішегінің кеңейген бөлігі: Клоака

Балықтың жүйке жүйесі: Екі бөлімді

Балықтың ми бөліктері: Алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша, мишық

Балықтың қимыл-қозғалысын және тепе-теңдігін реттейді: Мишық

Балықтың омыртқа жотасының өзегінде орналасады: Жұлын

Балықтың есту мүшесі орналасқан: Бассүйектің ішінде, сырттай байқалмайды

Балықтың ауыз айналасындағы мұртшасы:Сипап сезу мүшесі

Балықтың арнайы сезім мүшесі:Бүйір сызығы

Балықтың бүйір сызығы:Су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді

Балықтың жасын ажыратады: Қабыршақ сызықтарына қарап

Балықтың көбеюінің атауы: Уылдырықтама

Балықтардың көбею кезіндегі күрделі инстинкті мінез-қылығы: Уылдырықтау

Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық:Шоғал - аталық бездің ұрығы

Балықтың даму сатысы: Уылдырық-ұрық-дернәсіл-шабақ-ересек балық

Балықтың дернәсілі:Шабақ

Балықтың уылдырықтан шығып, өздігінен жемін тауып жеуі:Туа пайда болған

Сүйекті және шеміршекті балықтарға тән ортақ белгілер: Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады, желбезегі арқылы тыныс алады, миы 5 бөліктен тұрады
Шеміршекті балықтар класы

Шеміршекті балықтардың ерекшелігі: Қаңқасы шеміршекті

Шеміршекті балықтардың сыртқы тері қабаты: Эпидермис - көп қабатты эпителий

Шеміршекті балықтардың терісі қапталған: Плакоидты қабыршақ

Шеміршекті балықтардың желбезек саңылауының саны: 5-7 жұп

Шеміршекті балықтарда басқаларға қарағанда жоқ мүше: Торсылдақ

Шеміршекті балықтардың көбеюі: Дара жынысты, іштей ұрықтанады

Шеміршекті балықтардың класс тармақтары: Тақтажелбезектілер, тұтасбастылар

Тақтажелбезектілерге жатады: Акулалар мен скаттар

Басқа балықтармен салыстырғанда акула мен скатта жоқ мүше: Желбезек қақпағы

Шеміршекті балық: Аратұмсық, балғабас,жұпбалықтар (скат), тұтасбастылар

Акуланың нағыз тері қабаты түзіледі: Дәнекер ұлпасынан

Акуланың тік ішегінін кеңейген бөлігі: Клоака

Акуланың үнемі қозғалыста болу себебі:Торсылдағы жоқ

Акуланың миынан денесіне таралады:10 жұп жүйкелер

Акула көзінің қасаң қабығы: Жазық, көзбұршағы шар пішінді

Акуланың өте жақсы дамыған сезім мүшесі:Иіс сезу

Акула қанның иісін сезетін арақашықтық: 0,5 км

Акуланың дене қуысында орналасқан таспа тәрізді созылыңқы мүше:Жұп бүйрек

Адам үшін ең қауіпті акула: Сұр акула

Акулалардың кеңінен таралған түрі: Жолақ акула

Скаттардың желбезек саңылаулары орналасқан: Құрсақ жағында

Скаттардың ең ірі түрі: Манта

Теңіз түбінде жәндіктермен қоректенетін, кәсіптік маңызы жоқ балықтар: Тұтасбастылар

Тұтасбастылардың дене пішіні ұқсас: Ұзынша ұршыққа

Ең ірі теңіз балығы: Китпошымды акула

Теңіз етқоректі балықтарының ең үлкені: Ақ акула, каркарадон
Сүйекті балықтар класы

Ең жас балықтар тобы: Сүйекті

Сүйекті балықтар:Жалпақ ірі қабыршақты, торсылдағы болады, қаңқасы сүйекті

Сүйекті балықтар түрлерінің саны: 20000

Сүйекті балықтардың тепе-теңдігін сақтайтын мүше: Торсылдақ

Сүйекті балықтардың тірілей шабақтайтын түрі: Шортан

Сүйекті балықтардың асқорыту жүйесінде жоқ мүше: Клоака

Сүйекті балықтың желбезек доғасының саны: 3-4 жұп

Ең алғаш сүйекті балықтарда пайда болды:Қуық

Торсылдақ ... пайда болады: Ішектен

Торсылдақтың қызметі: Дене салмағын өзгертеді, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды, жүзгіштігін реттеу

Торсылдақтың қызметі:Тыныс алуға қатысады, дыбыс шығарады, дыбыс толқының күшейтетін резонатор

Торсылдағы болатын балықтар:Сазан, алабұға

Қосжынысты балық: Теңіз алабұғасы

Өрістегіш балықтарға жататын:Бекіре, албырт, шортан

Сүйекті балықтардың класс тармақтары: Сәулеқанатты, қалаққанатты

Қалаққанатты балықтарға жатады: Қостынысты, саусаққанатты

Бекіренің жеке түрлерін ажырату белгілері:Шытыралардың санына қарап

Бекіретәріздестер отрядына жатады: Бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай

Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланатын балық:Бекіре

Майшабақтектестер отряды: Сардинка, қылқа, түлкібалық

Албыртектестердің басқа балықтардан айырмашылығы: Құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаттар

Албырттектестер:Кета, нерка, құнысбалық, таймен, сылан, ақбалық, бахтах, жеңсік

Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырықтайтын балық: Кета

«Патша балығы» деп аталатын:Бахтах

Алабұғаның жүрегінің қаны: Венозды

Алабұғаның көктамыр қаны ағатын қантамыры: Құрсақ қолқасы

Бауырынан алынатын майы мешел ауруына ем ретінде пайданылады: Сетінектер

Арқа жағы қарақошқыл, ал құрсақ жағы ақшыл балықтар: Көзауықтар (камбала) отряды

Тұлғасы жалпақ, екі көзі денесінің арқа жағында орналасқан: Камбала

Арал теңізінде жерсіндірілген көзауықтар отрядының өкілі: Тілбейне, қалқан

Тұқы балықтардың желбезек доғаларында орналасады: Жұтқыншақ тістері

Тұқытәрізділер отрядының өкілдері:Аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, қаяз, тұқы, ақ амур, дөңмаңдай

Қостынысты балықтар тыныс алады: Желбезек, өкпе

Дене пішіні ұршық тәрізді, жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған балық: Қостынысты

Саусаққанатты балықтардың өкілі: Латимерия

Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық:Латимерия

Теңіз өнеркәсібінің негізі болып табылады: Теңіз алабұғасы, жойын, шортан

Тұщы су балықтарына жатады: Алабұға, мөңке, бахтах, шортан

Тұщы су қоймаларындағы өнеркәсіп негізі: Сазан, жайын, табан балық

Тұщы су қоймасындағы балық шабақтарының негізгі қорегі: Дафния, циклоптар

Қазақстанның эндемиктер балықтары: Балқаш алабұғасы, іле шармайы
Қосмекенділер класы

Өкпесі нашар дамыған жануарлар: Қосмекенділер

Құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалылар:Қосмекенділер

Қосмекенді деп аталу себебі: Суда және құрлықта мекендейді

Қосмекенділердің негізгі ерекшелігі: Суда да, құрлықта да мекендейді

Қосмекенділерге тән:Жүрегі 3 қуысты, мишығы нашар дамыған,тері тыныс алуға қатысады

Қосмекенділердің қаңқасы: Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі, жамбас белдеуі

Бақаның мойын мен сегізкөз омыртқасы саны: Біреуден

Қосмекенділердің алдыңғы аяқ бөлімдері: Қар, білек,алақан

Қосмекенділердің артқы аяқ бөлімдері: Сан, сирақ, табан

Қосмекенділердің терісі:Жұқа, тегіс, безді, тыныс алуға қатысады

Қосмекенділерде ең алғаш пайда болды: Ортаңғы құлақ қуысы, кіші қанайналым шеңбері, сілекей бездері

Қосмекенділердің құрлыққа шығуына байланысты: Өкпе пайда болды

Қосмекенділердің басым көпшілігінің тыныс алу мүшесі: Өкпе

Қосмекенділердің өкпесінің пішіні: Сопақша

Қосмекенділердің тыныс алу мүшесі: Өкпе, тері

Қосмекенділердің қосымша газалмасу жүреді: Теріде

Қосмекенділердің жүрегі: 3 қуысты

Қосмекенділердің жүрегі: 1 қарынша, 2 құлақша

Қосмекенділердің қанайналым шеңбері: 2

Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділердің сирек таралу себебі: Қоршаған ортаның температурасына тәуелді болуы

Қосмекенділердің зәр шығару мүшесі: Бүйрек

Қосмекенділердің жүрегінің қарынша бөлімінде ... қан болады: Аралас

Клоака деген не: Артқы ішектің кеңейген жері

Клоакасы бар жануар: Бақа

Қосмекенділердің миының ерекшелігі: Алдыңғы ми сыңарлары айқын бөлінген, мишық нашар дамыған

Қосмекенділердің жақсы дамыған мидың бөлігі:Ортаңғы ми

Қосмекенділердің баяу қозғалуы: Мишықтың нашар дамуынан

Қосмекенділердің жақсы дамыған сезім мүшесі:Иіс сезу

Қосмекенділерде жақсы дамыған сезім мүшелері: Көру, есту

Қосмекенділердің есту мүшесі тұрады: Ортаңғы және ішкі құлақ

Жер тарихындағы алғаш құрлықта ұрығы дамыған омыртқалылар класы: Қосмекенді

Қосмекенділерге тән:Сырттай ұрықтану

Түрленіп дамитын омыртқалылар:Қосмекенділер

Қосмекенділердің дернәсілі: Итшабақ (шөмішбалық)

Қосмекенділердің дернәсілі тыныс алады: Желбезекпен

Қосмекенділер пайда болды:Ежелгі саусаққанатты балықтардан

Аяқсыз қосмекенділер тіршілік етеді: Жер астында ін қазып

Аяқсыз қосмекенді: Сақиналы құртпошым, құртжылан

Аяқсыз қосмекенділерде болмайды:Көз, дабыл жарғағы, аяқ

Құйрықтылар отрядына жататын: Тритон, саламандра, Жетісулық бақатіс

Жетісулық бақатістің құрылысы: Тұрқы 20-25см, оның жартысы құйрық, құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар, басы жалпақ, тұмсығы доғал, алдыңғы аяғында 4, артқысында 5 саусақ

Құйрықты қосмекенділердің шығу тегі: Ежелгі саусаққанатты балықтардан

Құйрықсыз қосмекенділер: Бақа, құрбақа, колбақа, тоған бақасы

Құрбақаның қаңқасы: Сүйекті

Құрбақа терісінің құрылысының ерекшелігі: Терісі бұдырлы кілегейлі безбен қапталған

Құрбақаның қабақтарының қызметі: Көзді ылғал мен ластанудан сақтайды

Құрбақаның қанайналым жүйесі: Тұйық, 2 шеңберлі, 3 қуысты

Қазақстанда мекендейтін құрбақалар тұқымдасы:Жасыл, кәдімгі, даната құрбақалары

Ең алғаш шөп бақаны сипаттап жазған ғалым: К.Линней

Бақаның денесі:Бас, тұлға, төрт аяқ

Бақаның табаны ... саусақтары: 5

Бақа қаңқасында болмайды: Қабырғалары

Бақаның есту мүшесі: Құлақ (ішкі және ортаңғы бөлім)

Бақаның дернәсілі дамиды:Сулы ортада

Бақалардың насекомдарды аулау кезіндегі қатысатын ең негізгі мүше:Көздері

Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында мекендейді:Қызылаяқ бақа

Қызыл кітапқа енген қосмекенді: Бақатіс, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22


написать администратору сайта