Главная страница

Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеБиология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
АнкорОтветы
Дата14.12.2021
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5447616108838260937.docx
ТипДокументы
#302720
страница1 из 22
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Биология ғылымының салалары

Тірі табиғаттағы өзгерістер жиынтығын зерттейді:Биология

Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым:Биология

Жасушаның құрылысын, химиялық құрамын зерттейтін ғылым:Цитология

Вирустарды зерттейтін ғылым: Вирусология

Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым: Микробиология

Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым:Микология

Қыналарды зерттейтін ғылым саласы: Лихенология

Балдырларды зерттейтін ғылым саласы:Алгология

Мүктерді зерттейтін ғылым: Бриология

Өсімдіктерді зерттейтін биология ғылымының саласы:Ботаника

Жануарларды зерттейтін биология ғылымының саласы:Зоология

Паразитті құрттарды зерттейтін ғыдым:Гельминтология

Өрмекшітәріздестерді зерттейтін зоология саласы: Арахнология

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым:Энтомология

Балықтарды зерттейтін ғылым:Ихтиология

Қосмекенділерді зерттейтін ғылым:Батрохология

Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым:Герпетология

Құстарды зерттейтін ғылым:Орнитология

Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым:Маммалогия (териология)

Ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым:Анатомия

Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейтін ғылым: Физология

Ішкі секреция бездерін зерттейтін ғылым: Эндокринология

Жүйке жүйелерін емдейтін медицина ғылымының саласы:Невропатология

Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым: Диетология

Тісті зерттейтін ғылым:Стоматология

Бүйрек ауруларын зерттейтін ғылым саласы:Урология

Тері ауруларын зерттейтін ғылым: Дерматология

Ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым: Геронтология

Биологиялық ырғақты зерттейтін ғылым: Хронобиология

Әр адамның жеке қасиеттерін зерттейтін ғылым: Психология

Адам ағзасының құрылысын,атқаратын қызметін және дамуын зерттейтін ғылым:Тәнтану

Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шараларытуралы ғылым: Гигиена

Адам мен жануарлардың мінез-құлыған зерттейтін ғылым: Этология

Тұқым қуалашылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым: Генетика

Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен шұғылданатын ғылым: Селекция

Генетика мен молекулалық биологияның жетістіктері негізінде қалыптасқан биология ғылымының жаңа бір саласы: Генетикалық инженерия

Организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым: Эмбриология

Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдерді зерттейтін ғылым: Антропология

Тірі ағзалардың қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым: Палеонтология

Ертедегі өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым: Палеоботаника

Ағзалар құрамына енетін химиялық заттарды зерттейді: Биохимия
Ұлғайтқыш құралдар

1590-1610ж. микроскопты ойлап тапқан:әкелі-балалы Янсендер

Микроскоптың ең негізгі бөлігі:Көру түтігі

Микроскоптың үлкейтіп көрсететін әйнектері бар негізгі бөлігі:Көру түтігі

Микроскоптың линзасы бар бөліктері:Окуляр, объектив

Микроскоптың көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан:Окуляр

Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігі:Окуляр

Микроскоптың көру түтігінің төменгі жағында орналасқан бөлім:Объектив

Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлігінің атауы: Объектив

Микроскоптың жарықты қабылдайтын бөлігі:Айна

Микроскоптың препаратқа жарық түсіретін бөлімі:Айна

Қарайтын затты орналастырады: Заттық үстелшеге

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі: Штатив

Жарық микроскопынын басты бөлігі:Үлкейткіш шыны

Үлкейткіш шынысы бар түтіктің атауы: Көру түтігі (тубус)

Пияз өңіндегі ядроны анық көру үшін қолданылатын ерітінді:Йод ерітіндісі

Молярлы сахароза тамызу арқылы пияздың жұқа өң қабатынан жасалған микропрепаратты микроскоп арқылы қарағандағы құбылыс:Плазмалеманың қатты қабықшадан бөліну

Объективте 15 саны, окулярда 7 саны көрсетілген микроскоптың үлкейтуі: 105 есе
Өсімдік жасушасының құрылысы

1665ж. жасушаны алғаш рет көрген: Р.Гук

Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін ең алғаш микроскоппен қараған: Р.Гук

“Жасуша” терминін алғаш қолданған ғалым: Р.Гук

Тіршіліктің негізгі өлшем бірлігі: Жасуша

Өсімдік жасушасының сыртын қаптайды: Қабықша

Жасушаның ішкі бөліктерін зақымданудан,кеуіп кетуден қорғайды:Жасуша қабықшасы

Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді:Қабықша

Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі:Зат алмасу, қорғаныштық

Өсімдік жасушасының қабықшасына тән ерекшелік: Қалың, тығыз, қатты, ерімейді

Өсімдік жасушасының қабықшасы тұрады:Жасунықтан (целлюлоза)

Жасунық табиғаты жағынан жатады:Көмірсуға

Өсімдік жасушасының қабықшасын құрайтын органикалық зат: Целлюлоза

Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиет беретін полисахарид: Целлюлоза

Өсімдік жасушасында кездесетін күрделі көмірсу: Крахмал, целлюлоза

Өсімдіктердегі көмірсудың негізгі қоры: Крахмал

Жасуша қабықшасының жұқарған жері: Саңылау

Жасуша қабықшасындағы саңылаулары: Көп

Бір жасуша мен екінші жасуша арасындағы өзара газ және зат алмасулар жүреді: Жасушалар саңылаулары арқылы

Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір,желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма

Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекетіне қатысып, үздіксіз қозғалыста болатын: Цитоплазма

Цитоплазмада жүреді:Қоректену, тыныс алу

Жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжын зат: Цитоплазма

Жасушаның әр түрлі органоидтарының орны: Цитоплазма

Өсімдік цитоплазмасы құрамы:60-90% су,10-20% нәруыз,2-3% май,бейорганикалық зат 1%

Грекше «плазма» сөзінің мағынасы: Сұйықтық

Жоғарғы температурада цитоплазмада зат алмасу процесі:Жылдамдайды

Жасуша шырынында болады: Су, қант, тұз

Өсімдік жасушасындағы ең ірі органоид:Вакуоль

Өсімдік пен жануар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс:Вакуоль

Жасушада біртіндеп пайда болатын шырынға толы бөлік:Вакуоль

Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді: Вакуоль

Вакуоль шырынының құрамы: Органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар

Вакуольдің атқаратын қызметі: Су алмасуды сақтайды, улы заттарды ыдыратады, сұйықтықтағы қысымды реттейді

Өсімдік қурап қалады, егер: Вакуольде қысым өзгерсе

Жасушаның көбеюіне қатысатын органоид:Ядро

Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады: Ядро

Ядро:Жасушаның реттеуші орталығы

Ядроның құрамдас бөлігі:Ядрошық, мембрана

Жасушаның ядросы:Шағын тығыз денешік

Шар тәрізді тығыз денешік:Ядрошық

Тек өсімдік жасушасына тән,құрамындағы бояғыш заттары бар органодтар:Пластидтер

Органикалық зат түзу, қор жинау, түс беруге қатысатын: Пластид

АТФ синтезделетін өсімдік жасушаларының органоидтары: Пластидтер

Пластидтердің түрлері: Хлоропластар, хромопластар, лейкопластар

Хлоропластың мөлшері: Ұзындығы 5-10 мкм, ені 2-4 мкм

Хлоропласт құрылысына кіретін:Тилакоид, грана, матрикс, строма

Хлоропластың ішкі қабатындағы жалпақ мембраналы құрылым: Тилакоид

Ішкі мембранасы граналарды түзетін органоид: Хлоропласт

Хлоропласттың құрылысына кірмейді: Криста, каротиноид

Хлоропласттыңатқаратын қызметі:Органикалық зат түзу, өсімдікке жасыл түс беру

Жасушада фотосинтез процесіне қатысады:Хлоропластар

Хлоропласт пен жасушаның цитоплазмасын бөлетін қабықша: Строма

Хлоропластың матриксін құрайтын нәруыз: Строма

Хлоропалстын матриксінде болады: Рибосома, нуклеин қышқылдары

Хлоропластың көбеюі: Бөліну арқылы

Жасыл түсті пластидтерде болатын пигмент: Хлорофилл

Хлорофилл пигменті: Көк, қызыл сәулелерді сіңіріп, жасылды шығарады, жасыл түс

Хлорофилі бар өсімдік мүшесі: Жас өркені, жапырақ

Өсімдіктердегі қант түзіледі: Хлоропласта

Өсімдікке түрлі түс беретін пластид:Хромопласт

Жапырақтардың қызаруы ,сарғаюы мына пластидтерге байланысты:Хромопластарға

Хромопластардың қызметі: Гүл мен жеміске қызыл, сары түс беру

Хромопласт кездеседі:Гүлде, піскен жеміс, күзгі жапырақ

Жасушада қор жинауға қатысатын түссіз пластид:Лейкопласт

Лейкопластар кездеседі: Тамыр, түйнек, тұқым

Лейкопластардың қызметі: Өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады

Өсімдік жасушасындағы крахмал жиналатын құрылым: Лейкопласт

Пластид пен хромотофорды сипаттады: Левенгук

Пластидтер болмайды:Жануарларда, саңырауқұлақда, бактерияда

Өсімдікке ... жетіспегенде қурайды: Су

Жасушасында толық қалыптасқан ядросы болатын ағзалар:Эукариотттар

Жасушасында толық қалыптасқан ядросы болмайтын ағзалар: Прокариоттар
Өсімдік ұлпалары

Шығу тегі бір, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиыны:Ұлпа

Өсімдік ұлпасының түрлері: Тірек, жабын, түзуші, негізгі, өткізгіш, бөліп шығарушы

Түзуші үлпа екінші атауы: Меристема

Жасушалары өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ірі ядросы жасушаның дәл ортасында орналасқан:Түзуші ұлпада

Жасушалары жас, ұдайы бөлінетін ұлпа:Түзуші

Жасушалары үнемі бөлінуге қабілетті жәнеөсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа:Түзуші

Түзуші ұлпаның қызметі: Өсімдіктің ұзарып өсуі, ағаш жуандауы, жапырақтың үлкеюі, сыланған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіру

Тамырдың ұшынан өсуін қамтамасыз ететін жасушалар:Түзуші ұлпа

Тамыр мен бүршіктің өсуіне қатысатын ұлпа:Түзуші

Бүршіктің өсу нүктесі: Түзуші ұлпа

Бүршіктің жарылуы байланысты: Түзуші ұлпа

Көлеңкеге қарғанда,жарық жақтағы жапырақтарда:Түзуші ұлпалар жақсы жетілген

Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа:Жабын

Өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынанқорғайтын ұлпа: Жабын

Тамырларды қорғайтын ұлпа:Жабын

Өң, тоз, қыртыс деп бөлінетін ұлпа түрі: Жабын

Жабын ұлпаның өң бөлімі: Жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан,өсіндісі-түктер

Өңнің қызметі: Зақымданудан,судың артық булануынан сақтайды

Жапырақтың түссіз,астыңғы және үстіңгі өң қабатын түзетін ұлпа:Жабын

Көпжылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат: Тоз

Тоз дегеніміз: Өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы

Өсімдіктердің барлық мүшелерінде және ұлпаларында кездесетін ұлпа: Негізгі

Өсімдіктерде органикалық заттар түзуге қатысады: Негізгі ұлпа

Жапырақтың жұмсақ бөлігін құрайтын жасыл ұлпа жатады:Негізгі ұлпаға

Қоректік заттар қоры жиналатын үлпа: Негізгі

Негізгі ұлпаның түрлері:Фотосинтездеуші, су, қор, ауа жинаушы

Жасушаларының қабырғалары жұқа,жасушаралықтары кең,хлоропластары көп ұлпа: Фотосинтездеуші

Хлоропластары көп болатын ұлпа: Фотосинтездеуші ұлпа

Жасушалары өте ірі ,онда қоректік заттарды қорға жинайды:Қор жинаушы

Өсімдік сабағында, жемтамырында, пиязшығында, тамырсабағында орналасқан ұлпа: Қор жинаушы

Жасушаларының қабығы қалың ,вакуолінде желімтік ,созылғыш заттары бар ұлпа:Су жинаушы

Арасындағы кеңістіктер ауаға толы болтын жасуша: Ауа жинаушы

Өсімдіктің «қаңқасы» саналатын ұлпа:Тірек

Жасуша қабықшалары қалың, қатты,тірек қызметін атқарушы ұлпа:Тірек

Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:Тірек

Өсімдіктерге беріктік қасиет беретін ұлпа: Тірек

Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі:Тірек ұлпасы жетілмеген

Жапырақ тақталарының керіліп,дауыл соқса да төтеп беруі байланысты: Тірек ұлпа

Жапырақ жүйкелері құралатын ұлпалар:Өткізгіш, тірек

Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін ұлпа:Тірек

Өрік, шабдалы, шие, жаңғақ сүйектері: Тірек ұлпасы

Қоректік заттарды өсімдіктіңбір мүшесінен, екінші мүшесіне өткізуші ұлпа:Өткізгіш

Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді:Өткізгіш ұлпа

Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелеріне өткізетін ұлпа:Өткізгіш

Сүзгілі түтіктері болатын ұлпа:Өткізгіш

Сүзгілі түтіктердің қызметі: Органикалық заттар тасымалы

Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа: Бөліп шығарушы

Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде қатты және сұйық заттар бөлінеді: Бөліп шығарушы ұлпа арқылы

Хош иісті, тәтті шырын бөледі: Бөліп шығарушы ұлпа

Иіссудың,сабынның, бетке жағатын майдың,шаш жуатын сұйық сабындардың құрамына

қосады: Эфир майын

Шірнеліктер жататын ұлпа: Бөліп шығарушы

Қысқы тыныштық қалпына көшкен өсімдіктер ұлпасының ерекшелігі: Зат алмасуы өте баяулайды
Өсімдіктердің өсімді мүшелері

Өсімдік мүшелері бөлінеді: Өсу және көбею мүшелеріне

Өсімдіктердің вегетативті (өсімді) мүшелері:Тамыр, сабақ, жапырақ, өркен

Өзіне тән құрылысы бар, белгілі бір қызмет тақаруға бейімделген ағзаның бір бөлігі: Мүше

Ұлпалардың жиынтығынан түзіледі: Мүше

Өсімдік мүшелері құрайтын екі түрлі жүйе: Өркендер мен тамырлар жүйесі
Тамыр. Тамырдың түрөзгерістері

Өсімдіктің жер асты мүшесі: Тамыр

Тамырдың қызметі: Қоректік затты қорға жинайды, топыраққа берік орналастырады, су,минералды тұзды сабаққа өткізеді, көбеюге қатысады

Өсімдіктің тамыр арқылы топырақтан сіңіретіні: Су, минералды тұздар

Тамырлар шығу тегіне қарай бөлінеді:Негізгі, жанама, қосалқы

Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр: Негізгі

Төмен қарай бағытталып,топыраққа тереңдей беретін тамыр:Негізгі

Негізгі тамырданжан-жағына таралып, топырақтан қоректік заттарды соруға қатысатын тамыр: Жанама

Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатынтамыр: Қосалқы

Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтетін тамыр: Қосалқы

Өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығы: Тамырлар жүйесі

Тамыр жүйесі бөлінеді:Кіндік,шашақ

Кіндік тамыр жүйесіне кіреді: Негізгі, жанама

Кіндік тамыр жүйесіндегі өте тез жетілетін бөлігі:Негізгі

Дамуының алғашқы сатысында сабаққа қарағанда тезірек ұзарады: Тамыр

Дамуының алғашқы сатысында тамырдың сабаққа қарағанда тез өсу себебі: Суды терең қабатынан сорады

Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: Асқабақ, қауын, күнбағыс, асқабақ,жоңышқа

Негізгі тамыры айқын байқалатын өсімдік: Асқабақ, бақбақ

Негізгі тамыры ерекше білінетін өсімдік: Жолжелкен

Негізгі тамыры нашар дамып, жуандамай басқа тамырлармен бірдей өседі: Шашақ тамыр

Негізгі тамыры болмайтын тамыр жүйесі:Шашақ

Шашақ тамырлы: Бидай, самырсақ, пияз

Тамыр бөлімдеріне жатады: Бөліну,өсу, сору, өткізу

Тамыр бөліміне кірмейді:Тамыр оймақшасы

Тамырдың ең ұшын жауып тұратын:Тамыр оймақшасы

Тамыр оймақшасы жасушалары:Тірі болады, шырышты зат бөледі

Тамыр оймақшасының қызметі:Қорғаныш

Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді:Тамыр оймақшасы

Тамырдың бөліну аймағының орналасуы:Тамыр оймақшасының ішінде

Тамырдың жасушалары ұдайы бөлініп басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын аймағы: Бөліну

Бөліну аймағының қызметі: Басқа бөлімдердің қалыптасуы, оймақша түзу

Тамырдың бөліну аймағының ең сыртқы қабатындағы жасушалардан түзіледі: Тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасы

Тамырдың бөліну аймағының ортанғы қабатынан түзіледі:Алғашқы қабық

Тамырдың бөліну аймағының ішкі қабатынан түзіледі: Орталық цилиндр

Жасушалары бөлінбей,ұзыннан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:Өсу аймағы

Тамырдың сору бөлімінің орналасуы:Өсу аймағының үстінде

Өсу бөлімінен кейінгі орналасқан, қалың түктері бар бөлік: Сору

Өсімдік тамырының сыртқы жасушаларының ұзын өсіндісінің атауы: Түктер

Жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуоль бар жеке ұзын жасуша: Түк

Тамырдың сору бөлігінің түктерінің қызметі:Тірек, су мен еріген минералды тұздар сору

Минералды заттар мен суды сору және тірек қызметін атқаратын тамырдың: Сору аймағы

Тамырдың түктері болмайтын,жанама тамырлары дамитын бөлімі:Өткізу

Тамырдың минералды заттармен суды тамырдан сабаққа, сабақтан басқа мүшелерге өткізетін аймағы: Өткізу аймағы

Тамырдың қарқынды өсу мезгілі:Көктемде

Өсімдіктің тамырынан сабаққа судың көтерілу себебі: Тамыр қысымы

Өсімдіктердің тамыры өте тереңге кететін аймақ: Шөлді

Тамырға топырақтың құрамындағы ауа қажет: Тыныс алу үшін

Тамыр тыныс алу кезінде сіңіретіні: Оттегі

Өсімдік мүшелерінің әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуі: Түрөзгеріс (метаморфоз)

Өсімдіктердің негізгі тамырының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертетін тамыр: Жемтамыр

Жемтамырдың түйнек тамырдан айырмашылығы:Қоректік заттар тек негізгі тамырға жиналады

Жемтамырлы өсімдіктер:Қызылша, сәбіз, шомыр,шалғам,ақжелкек,тарна,шашыратқы

Паразиттік тіршілік ететін өсімдік тамырлары: Емізік тамыр

Топырақта болмайтын,өсімдікке инеше қадалып тұратын тамыр түрі:Емізік тамыр

Емізік тамырға жататын өсімдіктер: Арамсояу, сұңғыла

Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр:Тіреу

Қосалқы тамырының саны көбейіп, жуандайтын тамыр:Тіреу

Тіреу тамырға жатады:Үнді фикусы, баньян

Тіреу тамыр: Қосалқы тамыр

Тыныс алу қызметін атқаратын тамыр:Ауа тамыры

Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өсетін өсімдік тамыры түрі:Ауатамыр

Ауа тамыр:Мангр ағашы,монстера,айұрық (плюш),сауыр (кипарис),сүйсін (орхидея)

Түйнекті тамырлары бар өсімдіктер:Нарғызгүл(георгин),батат,шырыш,таушымылдық

Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі: Минералды қоректену

Минералды қоректену:Өсімдіктің тамыры арқылы керекті элементтерді сіңіруі

Үстеп қоректендіру: Топыраққа тыңайтқыш шашу

Топырақты құнарландыру үшін қажет:Тыңайтқыштар

Минералды тыңайтқыштар: Азот, фосфор, калий, күл

Минералды тыңайтқыштарға жататындар: Селитра

Топырақты құрғақ тыңайтқанда қосылатын:Күл

Күл: Калий тыңайтқышы

Азотты тыңайтқыштары: Сабақтар мен жапырақтардың өсуін күшейтеді

Өсімдікке азот жетіспесе: Өте баяу өседі, жапырағы бозарып, жанама бұтағы дамымайды, бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, қурап қалады

Азот әсер ететін қырыққабаттың мүшелері: Жапырақ пен сабағы

Жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент:Фосфор

Егер өсімдікке фосфор жетіспесе, онда: Жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді

Тамырдың,пиязшықтың,түйнектің өсуін тездететін:Калий

Топырақта жеткіліксіз болғанда өсімдікт өте аласа болып өседі:Калий

Жапырақ пен сабақтың дамуына,тірек ұлпасының жетілуіне қажетті элемент:Калий

Картопқа ерекше көп қажет тыңайтқыш:Калий

Картоптың түйнегіне қажетті тыңайтқыштар: Фосфор,калий

Органикалық тыңайтқыш:Қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы

Органикалық тыңайтқыштарды топыраққа себетін тиімді мезгіл: Күзде

Топыраққа күзде себілетін тыңайтқыш: Суперфосфад

Топыраққа күзде шашады:Көңді,қарашірікті

Көңді топыраққа күзде шашу себебі: Шіруі үшін

Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны: Көң, қарашірік

Ең маңызды органикалық тыңайтқыш: Көң(қи)

Көңнің құрамында болатын заттар:Азот,фосфор,калий
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


написать администратору сайта