Главная страница

Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеБиология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
АнкорОтветы
Дата14.12.2021
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5447616108838260937.docx
ТипДокументы
#302720
страница6 из 22
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Даражарнақтылар класы

Лалагүлділер. Құртқашаш тұқымдасы

Даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер: Лалагүлділер тұқымдасы

Лалагүлділердің түр саны: 1300

Қазақстанда лалагүлділердің кездесетін түрі: 57

Лалагүлділер тұқымдасы: Лапыз, сүмбілшаш, шырыш, тамырдәрі, қырлышөп,кірпішөп, секпілгүл, қызғалдақ

Лалагүлділер тұқымдасына тән белгілер: Тамырсабақ пен пиязшық, күлтелер 2 шеңберде орналасқан, жай гүлсерікті

Жапырақтың қатар, доға жүйкеленуі:Лалагүл тұқымдастарыда

Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарының пішіні: Қандауыр, таспа

Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің тозаңдануы: Бунақденелілер арқылы

Гүлшоғыры шашақгүлді өсімдік тұымдасы: Лалагүл тұқымдасы

Лалагүл тұқымдасының гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3)

Лалагүл тұқымдасының гүлінде болмайтыны: Тостағанша

Лалагүл тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшалар саны: 6

Лалагүл тұқымдасының гүлінде: 6 аталық, 1 аналық

Лалагүл тұқымдасының жемісі: Қауашақ, жидек

Лалагүлділер түұымдасының маңызы: Сәндік, техникалық, медициналық

Лалагүлділер тұқымдасына жататын сәндік түрлері:Секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ

Лалагүл тұқымдасындағы жеке ірі гүлі бар өсімдік: Қызғалдақ (жауқазын)

Лалагүлділер тұқымдасындағы техникалық өсімдік: Шырыш (эромурус)

Лалагүлділер тұқымдасының дәрілік түрлерін ата: Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп

Тұқымынан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынатын өсімдік:Лапыз

Қияр, қызанақ түсімін арттыру үшін қолданылатын өсімдік: Лапыз

Лапыз гүлінің жатыны орналасады:Топырақ астында тереңірек

Бөлмеде өсетін лалагүл тұқымдас өсімдік: Аспарагус, кірпішөп

Лалагүлділер тұқымдасының дәрілік бөлме өсімдігі:Алоэ

Алоэ суды жинайды:Жапырағына

Қазақстанда өсетін лапыздың түрлері: Сары лапыз, Кессельринг лапыз

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген лалагүлділер саны: 14

Лалагүлдер тұқымдастарының ең кішкене түрі: Қазжуа

Түйінпиязшықты құртқашаш тұқымдас көпжылдық өсімдік: Баршынгүл

Жапырағы семсер пішінді және қатқыл келетін сәндік өсімдік: Баршынгүл

Құртқашаш тұқымдастарының түр саны: 1800

Қазақстанда өсетін құртқашаштың түр саны: 36

Құртқашаш гүлінің формуласы: *Гс6А3Ж1

Құртқашаш тұқымдасының жемісі:Үш ұялы қауашақ

Халық «жыланқияқ» деп атайтын дәрілік өсімдік: Құртқашаш

Қазақстанда кездесетін құртқашаштың ғылыми атауы: Германдық құртқашаш

Сабағаның биіктігі 1м, топырақта шырынды, ақ түсті тамырсабағы бар: Құртқашашта

Құртқашаш тамырсабағы медецинада пайдаланылады:Қақырық түсіру

Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында құртқашашты көбейтеді:Тамырсабағынан
Пияз және інжугүл туыстастары

Пияз туыстарының түр саны: 650

Қазақстанда пияз туыстарының түр саны: 110

Пияз тұқымдастар тозаңданады: Бунақденелілер арқылы

Пияз тұқымдастарының жемісі: Қауашақ

Пияз қабығының өңіндегі пластидтер: Лейкопластар

Пияздың сыртында қоңырқай түсті қабыршақтар: Түбіртек

Пияз түбіртегінің шырынды жапырақтарының қолтығында орналасқан: Бүршіктер

Қара түсті ұрығы үш қырлы, бұжырлы ұсақ болады: Пияздың

Басты пияздың гүлінің формуласы: *Гс3+3А3+3Ж(3)

Пияздың жемісі: 6 тұқымды қауашақ

Пияз тұқымын себу тереңдігі: 0,5-2 см

Эрфурттегі халықаралық көрмеде күміс медельға ие болған пияз тұқымдасының іріктемесі: «Дүнген-56»

Пиязшық құрамында болатын витаминдер: С, В, РР

Көп пиязшықтардан тұратын көкөніс: Сарымсақ

Сарымсақ пиязшығандағы өте көп пиязшықтардан құралады: Тілшелерден

Ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданылады: Сарымсақ

Құрамында С витамині көп өсімдік: Сарымсақ

Күздік сарымсақтың егілу мерзімі: Қысқа қарай

Жаздық сарымсақтың егілу мерзімі: Көктемде

Ерекше ұшпа зат «фитонцид» бөлетін өсімдіктер: Пияз, сарымсақ

Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшқыш зат: Фитонцид

Жайықтың оң жағалауында өсетін, тамырсабағы арқылы көбейетін улы өсімдік: Інжугүл

Інжугүлдің түрі өзгерген жерасты өркені: Тамырсабақ

Барлық мүшелері улы болатын өсімдік: Інжугүл

Сәндік үшін өсірілетін тамырсабақты өсімдік: Інжугүл

Інжугүл тұқымдарының таралу жолы: Құстар арқылы

Інжугүл гүлдерінің сипаты: Қоңырау пішінді, жай гүлсерікті

Інжугүлдің гүл формуласы: Гс(3+3)А3+3Ж(3)

Гүлдерінде шірнелік болмайтын өсімдік: Інжугүл

Інжугүлдің жемісі: Қызылсары-қызыл түсті домалақ жидек

Дәрі үшін інжугүлдің мына бөлігі пайданылады: Жапырағы

Өте аз бөлікте таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген: Май інжугүлі

Улы болса да дәрілік мақсатта пайданылатын лалагүлдер тұқымдасына жататын өсімдік: Қарғакөз, інжугүл

Тамаққа пайдаланылатын лалагүл тұқымдас өсімдік:Пияз

Жылан шаққанда жәрдемі тиетін, авитаминозда көмектесетін өсімдік: Пияз

Тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерленіп, фараондар мазарында мүрдемен бірге көмілген: Пияз бен сарымсақ
Астық тұқымдастар

Астық тұқымдастарының түр саны: 10000

Қазақстанда өсетін астық тұқымдастың түр саны: 418

Дәнді дақылды өсімдіктер біріктірілген тұқымдас: Астық

Жапырақ негізін кеңейтіп қынап түзетін тұқымдас:Астық тұқымдастар

Жапырақтары сабаққа қынап арқылы орналасқан өсімдік:Астық тұқымдастар

Жапырақтары паралель жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасатын тұқымдастар:Астық

Астық тұқымдасына тән белгілер: Көпшілігінде буын аралықтары қуыс, гүлшоғыры сыпыртқыгүл, собық, сабағы - сабансабақ

Барлық астық тұқымдастар: Шөптесін, көпжылдық өсімдік

Астық тұқымдасқа жататын өсімдік: Бидай, жүгері, бамбук, сұлы, т.б.

Астық тұқымдастарының гүлі: 1 аналық, 3 аталық

Астық тұқымдастарының тамыр жүйесі: Шашақ

Астық тұқымдас өсімдіктерінің сабағы: Сабансабақ

Астық тұқымдастарының ұрық жарнағының екінші аты: Қалқанша

Астық тұқымдастарының гүлшоғыры: Күрделі масақ, сыпыртқыгүл, собық, шашақ

Астық тұқымдасының жемісі: Дәнек

Бағалы ауыл шаруашылық дақылдар Жүгері, бидай, қарабидай, күріш

Тағам ретінде пайдаланатын астықтар: Күріш, бидай, жүгері, қант қамысы

Астық тұқымдасының малазықтық түрі: Атқонақ,бидайық,қарабас,бетеге,тарғақ,арпабас

Астық тұқымдастардағы қағаз өндірісінің шикізаты: Қамыс, бамбук

Астық тұқымдастардағы арамшөп: Жатаған бидайық, қара сұлы, арпабас, қонақ

Егістікке ең зиянды арамшөп болып келетін қонақтың түрі: Тауық тарысы

Астық тұқымдастарының ішінде сабағының буыны мен буынаралығыұлпамен толып тұратын түрлері бар:Жүгері, қант қамысы

Астық тұқымдас өсімдік - құмайдың отаны:Африка

Суды көп мөлшерде қажет ететін дақыл: Күріш

Ылғалды сүйетін дақыл: Күріш

Тек суда өнетін өсімдік:Күріш

Тұқымында краxмал мөлшері ең көп өсімдік: Күріш

Күріш гүлінің формуласы:Гс2А3+3Ж(3)

Күріштің өсу мерзімі: 90-165 күн

Екпе күріштің дәнегіндегі нәруыз мөлшері: 9-12%

Қазақстанның атақты күріш өсірушісі: Ы.Жақаев

Әрбір гектардан 174 центнерден күріш алған: Ы.Жақаев

Ерте көктемде егілетін тұқым: Сұлы

Барлық аймақтарда өсетін өсімдік: Бидай

Ең маңызды дәнді дақыл: Бидай

Бидайдың гүлшоғыры: Күрделі масақ

Бидайдың әрі тұқымы, әрі жемісі: Дәнегі

Бидай дәнегінің едәуір бөлігін алып жатады: Эндосперм

Бидайда қоректік заттар қоры жиналатын орын: Эндоспермде

Бидай тұқымы өне бастағанда қоректік заттардың эндоспермнен ұрыққа келуі: Тұқымжарнақ арқылы

Қазақстанда өсірілетін бидайдың түрлері: Еділдік, польшалық, көжелік, жұмсақ, көбең, қатты

Жаздық және күздік іріктемелері болады: Бидай

Жаздық бидайдың себілу мерзімі: Көктемде

Жұмсақ бидайдың қатты бидайдан айырмашылығы:Эндоспермді жұмсақ, ұнтақты,ақуыз аздау болады

Жүгері жақсы дамып жетілу үшін қажетті жағдай: Жылу мен жарық

Жұгерінің гүлдері: Даражынысты

Жүгері өсімдігінің гүлшоғыры Собық пен шашақ

Жүгерінің аналақ гүлінің гүлшоғыры: Собықгүл

Жүгерінің аталық гүлшоғырының атауы: Сыпыртқыгүл

Жүгері тұқымын егу температурасы: +12С+20С

Жүгері тұқымының өну температурасы: +10С

Әйгілі тары өсіруші: Ш.Берсиев

Құрғақшылыққа төзімді, жылу сүйгіш өсімдік:Тары

Сөктің тарыдан айырмашылығы: Тарының жармасы

Қазақстанда өспейтін даражарнақты: Бамбук

Өте тез өсетін өсімдік:Бамбук

Тамырсабақты арамшөп:Бидайық

Бидай, қарабидайдың сабағы: Сабансабақ
Мәдени өсімдіктер

Мәдени өсімдіктер: Адамның қолымен өсірілетін өсімдіктер

Жабайы өсімдіктерге жатады: Табиғатта өздігінен өсіп өнетін өсімдіктер

Мәдени өсімдік: Зығыр

Сұлатпа бұтақ арқылы көбейетін өсімдік: Тұшала (қарлыған)

Қалемше дегеніміз: Тамырдың сабақтың,жапырақтаң жаңа өркен түзе алатын бөлігі

Қалемшені дайындайды: 3-4 бүршігі бар өркеннен

Жапырақтары арқылы көбейетін бөлме өсімдігі: Бегония

Жапырақ қаламшелері арқылы көбейеді: Бегония

Қарақаттың көбейетін өсімді мүшесі: Сабақ қалемшесі

Хризантеманы көбейтуге болады: Қалемшесімен

Таңқурайды көбейту әдісі: Тамыр қалемшелері арқылы

Тамыр кесінділері арқылы көбейтуге болатын өсімдік: Таңқурай

Тамыр қалемшесі арқылы көбейе алады: Ақжелкен

Өсімдіктен бөліп алатын биіктігі 8-10 см шамасындағы жас өркен: Қаламша

Өсімді мүшелері арқылы көбейеді: Традесканция

Тамырсабағынан көбейе алатын өсімдік: Бидайық

Май алынатын мәдени дақылдар: Қыша, рапс, күнбағыс, зәйтүн, соя

Майға бай: Күнбағыс, зығыр, мақта, үпілмәлік

Шалқанды себу керек: Ерте көктемде

Шалғындықта өсетін өсімдік: Қоңыраугүл

Біржылдық өсімдіктер аталады: Эфемерлер

Итжидек,сасық мендуана, қара алқаны өсіреді: Дәрілік мақсатта

Кез келген мүшелерінің өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер: Техникалық

Дақылдар

Теxникалық дақылдарға жататын өсімдік: Үпілмәлік

Ерте егілетін мәдени өсімдіктер (1-4С): Арпа, бидай, сұлы, шалқан, пияз, сәбіз

Бидай тұқымын егу температурасы: 1-4 С

Крахмалға бай:Бидай, қарабидай, тары ,жүгері,күріш

Күзде себілетін өсімдік: Қарабидай
Жануарларды жіктеу

Жануарлардың өсімдіктен негізгі айырмашылығы:Гетеротрофтылығы мен автотрофтылығы

Жануар ағзасына тән қоректену:Дайын органикалық заттармен қоректенеді

Қазір ғаламшарымызда жануарлардың түр саны: 1,5 млн

Ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды сәйкестендіріп, ретке келтіру: Жүйелеу

Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру:Жүйелеу

Бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру:Жіктеу

Ең кіші таксон: Түр

Жануарларды жіктеудегі ең төменгі деңгей:Түр

Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік: Түр

Құрылысы жағынан ұқсас түрлер бірігеді: Туысқа

Бір-біріне өзара жақын туыстар тобы біріктіріледі:Тұқымдасқа

Бір тұқымдас өсімдіктердің туыстығын білдіреді: Гүлінің, жемісінің құрылысындағы ортақ белгі

Ең ірі систематикалық бірлік: Патшалық

Жануарларды жүйлеудің сызбанұсқасы:Түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-тип

Жануарларды жіктеу:Түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-тип-жануарлар дүниесі

Жануарларды жіктеу барысыдағы ең жоғарғыдеңгей: Жануарлар дүниесі

Жануарлар дүниесін жүйеледе болмайтын таксономиялық бірлік:Бөлім, қатар

Жануарлар дүниесінің ең дамыған отряды:Приматтар

Жануарлар дүниесінің тармағы: 2

Жануарлар дүниесінің жіктелетін тармақтар: Біржасушалы, көпжасушалы

Дене құрылысының ортақ белгісі бойынша жануарлардың бөлінуі: 2

Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша бөлінеді:Омырытқалылар, омыртқасыздар

Өсімдіктердің жүйелеудің сызбанұсқасы: Түр-туыс-тұқымдас-қатар-класс-бөлім

Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы: Бөлім

Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік: Түр

Ақ жоңышқа, қызыл жоңышқа, шалғындық жоңышқалар түрлерінің жүйелеудегі тобы: Туыс

Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп,жүйелеу атасы атанған: К.Линней

Өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғаш жүйелім ғылымының негізін қалады: К.Линней

Жануарларды жіктеудегі тибиғи жүйенің негізін қалаған:К.Линней

К.Линней жануарларды жүйелік топқа жүйелеу кезінде негіз етіп алды: Түрді

Ағзалардың қосарланған атауын-қосарлы атау тізімді ғылымға енгізді:К.Линней

Туыс пен түрді латынша қосарынан атау принципін ұсынған ғалым: К.Линней

Ағзалардағы жіктеу кезінде туыстық екі атау беру:Қосарлы атау тізімі

К.Линнейдің еңбегі:«Табиғат жүйесі», «Ботаника философиясы»,«Жануарлар тіршілігі»

К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» еңбегі мына жылы жарыққа шықты:1735

1735ж. адамды сүтқоректілер класы, приматтар тобына жатқызған: К.Линней

1753ж. К.Линнейдің жарияланған еңбегі: «Өсімдік түрлері»

«Бастапқы кезде қанша түр болса, сонша түр сақталады» деген қате пікірде болған ғалым:К.Линней

К.Линней тірі ағзаларды жүйелеуде жіберілген кемшіліктері: Сыртқы ұқсастығына ғана негізделген жүйе

К.Линней жануарлар дүниесін қанайналым, тынысалу мүшелерінің құрылысына қарай ... класқа жіктеді: 6

К.Линнейдің эволюциялық еңбектері: Ағзаларды жүйеге келтіру, ағзаның қос атаутізімі

Омыртқасыздарды 10 класқа бөлу арқылы жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады:Жан Батист Ламарк

«Зоология философиясы» еңбегінің авторы: Ж.Б.Ламарк

Ж.Б.Ламарктің тірі ағзаларды жүйелеудегі жіберген кемшіліктері:Табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндірді

Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлар:Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер

ХІ ғасырда республикамызда мекендейтін жануарлар туралы жазба дерек қалдырған ғалым: Махмұд Қашғари

Жануарларды тіршілік ортасына байланысты жіктеген ғалым: Гиппократ

Құс пен анның 45 түрін жүйелеген ғалым:П.С.Паллас

Балқаш қазаңшұңқырындағы омыртқалылар туралы алғашқы ғылыми жинақтарды жариялады: Г.В.Никольский

Арал теңізі мен Балқаш көлінің балықтарын зерттеген ғалым:Л.С.Берг

Арал теңізі мен Балқаш көлінің құс фаунасын зерттеген: Н.А.Зарудный, П.П.Сушкин

Ішекқұрттарға қарсы күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынған: К.И.Скрябин

Жүйелеу үшін класс ұғымын енгізген француз ботанигі: Жозеф Питон де Турнефор

Ең алғаш туыс ұғымын қалыптастырған: Ж.П.Турнефор

1825ж. «Тип» терминін ұсынған француз зоолог-анатомы: Анри Мари Блендвиль

Тұңғыш рет ана тілінде 1992 жылы «Жануарлар» оқулығын жазған ғалым:Х.Досмұxамедов

1817ж. ең алғаш «протоза» (қарапайымдылар) терминін пайдаланған: Г.А.Гольдфус

Ағзалардың жасушадан тұратынын алғаш тұжырымдаған:А.Левенгук

1668ж. ең алғаш ұсақ ағзаларды сипаттап жазған ғалым: А.Левенгук

Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым: Антони Ван Левенгук

Ашқан жаңалығы микробиологияның дамуына жол ашқан: А.Левенгук
Қарапайымдар - біржасушалы жәндіктер

Денесін бір жасушадан тұратын микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар: Қарапайымдар

Біржасушалы жәндіктер: Бір жасушадан тұрады, қарапайым құрылысты,ядросы бар

Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасы болмайды: Қарапайымдарда

Қарапайымдылардың түр саны: 70 мың

Біржасушалылардың типтері: Саркодиналар, кірпікшелілер, споралылар

Біржасушалы жәндіктер типіне жататын ағза: Саркоталшықтылар

Қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат: Пелликула

Қарапайымдылардың дене пішінін тұрақты етіп сақтайтын қорғаныш қабаты:Пелликула

Қарапайымдарда жасуша мембранасы:Зиянды заттарды тазартуға қатысады

Қарапайымдарды қолайсыз жағдайдан қорғайтын қабықша:Циста

Суда тіршілік ететін қарапайымдылардың тыныс алуы: Еріген оттегімен

Қарапайымдылардың қоректенген кезде түзілетін бөлігі:Асқорыту вакуолі

Қарапайымдардың зәр шығару мүшесі: Жиырылғыш вакуоль

Қарапайымдардағы жиырылғыш вакуольдің қызметі: Зиянды заттарды шығару

Тітіргеніштік қасиет арқылы қарапайымдар:Өз тіршілігін сақтай алады

Су планктондарының және балық шабақтарының қорегі: Қарапайымдылар

Қарапайымдардың табиғаттағы маңызы: Балықтарға қорек, суды тазартады

Бақалшақтарының қалдықтарынан топырақ әктеніп, қалдықтары тау жынысын түзуге қатысатын жәндіктер:Саркодиналар

Теңіз түбінде әкті минерал түзетін қарапайым:Бақалшақты тамыраяқтылар

Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер: Бақалшақты біржасушалылар

Геологтарға мұнай қалдықтары мен жердің жасын анықтауға көмектеседі: Саркодиналар

Жалған аяқ түзіп,денепішінін үнемі өзгерте алатын қарапайымдылар:Саркодиналар

Дене пішіні тұрақты саркодиналар:Сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме, сәулелі күншар,шұрықденелі бунақай, сәулелі күнқұлақ, бақалшақты амеба

Дене пішіні тұрақты, денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайтын саркодиналар түрі: Сәулелі өрмекаяқ

Дене пішіні тұрақсыз қарапайымдылар типі: Саркодиналар

Дене пішіні тұрақсыз жалғанаяқты қарапайым біржасушалы жәндік:Амеба

Қарапайымдардың өте қарапайым құрылысты өкілі: Жалаңаш бақалшақсыз амеба

Амеба терісін қаптап тұратын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық Плазмолемма, мембрана

Кәдімгі амебаның жалғанаяқтарының саны: Тұрақсыз

Амеба үшін жалғанаяқтың қызметі: Қозғалу, қорегін қармау

Сағатына амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы: 1 см

Амебаның денесінде цитоплазманың қозғалысы әсерінен ең алдымен пайда болды:Бүртік

Кәдімгі амебаның қорегі: Ұсақ балдырлар, бактериялар

Амебаның тыныс алуы: Бүкіл денесімен, суда еріген оттегімен

Амеба көбейеді:Екіге көлденеңінен бөліну арқылы

Кәдімгі амебаның тіршілік мекені:Су қойма түбінде

Амебаның ірі түрінің бірі: Амеба протей

Денесінде бақалшақ болатын амебаның бір түрі: Арцелла

Дизентерияның тура мағынасы, грекше: Бұзу-дис, ішек-ектерон

Дизентерия ауруының қоздырғышы: Бактерия және қарапайымдылар

Дизентерия амебасы тудыратын ауру: Қантышқақ

Адам мен жануарлардың ішегінің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын паразиттік тіршілік ететін жалғанаяқты:Дизентерияамебасы

Дизентерия қоздырғышының сілемейлеп зақымдайтын мүшесі: Аш ішек, тоқ ішек

Дизентерия амебасының цисталары сау адамға жұғады:Жемісті жумай жегеннен, лас су

Тәулігіне нәжіспен бірге ... амеба цистасы сыртқа шығады: 300 млн

Дер кезінде емделмесе ажалға душар ететін ауру: Дизентерия амебасы

Дизентерия ауруын тарататын: Құмырсқа, шыбын, тарақан

Талшықты жәндіктер типі: Пішіні тұрақты, сыртын пелликула

Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайымдарды атайды: Талшықтылар

Талшықтылар класына жататын жәндіктер: Жасыл эвглена, вольвокс, бодо, түншырақ

Біржасушалы паразитті талшықтылар: Опалина, лейшмания, лямблия, трипаносома

Өсімдіктер мен жануарлардың аралық формасы: Жасыл эвглена

Екі түрлі әдіспен қоректенетін жәндік: Жасыл эвглена, вольвокс (домалаңғы)

Жарықта жасыл өсімдіктер тәрізді, ал қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенетін қарапайымдылар:Жасыл эвглена, вольвокс

Жасушасында хлоропластары болатын қарапайымдылар: Жасыл эвглена, вольвокс

Денесі созылыңқы тұрақты сопақша пішінді талшықты жәндік: Жасыл эглена

Жасыл эвгленаға тән ерекшеліктер: Дене пішіні тұрақты, екі түрлі әдіспен қоректенеді , денесінде хлоропластары бар

Жасыл эвгленаның ерекшелігі: Жарықсезгіш көзше болады

Жасыл эвглена қозғалады:Талшығымен

Жасыл эвглена денесіндегі жасыл тақташалар:Хлорапласт

Жасыл эвгленанын қоректенуі:Фотосинтез

Жасыл эвгленаның жататын тобы:Суда жүзіп жүретін планктондық топ

Жасыл эвгленаның көбеюі:Жыныссыз, ұзыннан бөліну арқылы

Тіршілік барысында шоғырланып, көпжасушалыларға бастама берген топ: ДомалаңғыВольвокстың жеке жасушалары байланысады:Цитоплазмалық көпірше арқылы

Вольвокстың жасыл эвгленадан ерекшелігі: Шоғырланып тіршілік етуге бейімделген

Вольвокс шоғырының пішіні: Шар

Тері ауруына ұшыратын талшықтылар тобы:Лейшмания

Лейшманиоз ауруын тудыратын қарапайым: Лейшмания

Лейшманиоз ауруын тарататын жәндік: Құм шіркейлер

Дер кезінде емделмесе асқынып кететін ауру: Тері лейшманиозы

Дене тұрқы 1 мм. жуық бақаның артқы ішегінде болатын паразиттік жәндік: Опалина

Дене тұрқы 15 мк., екі ядролы, төрт жұп талшығы бар, адамның ішегінің жоғарғы бөлігінде қауіпті ауру туғызатын талшықты паразит: Лямблия

Адам аш ішегінің жоғарғы бөлігінде, өтте жиі кездесіп, қауіпті ауру туғызатын паразитті талшық:Лямблия

Қан сарысуымен қоректенеді:Трипаносома

Ұйқы ауруының қоздырғышы:Трипаносома

Трипаносома қоздырғышы болып келетін ауру:Нагана, суауру, қараталақ

Қазақстан даласында түйе зардап шегетін ауру:Суауру

Жылқы зардап шегетін ауру: Қараталақ

Ұйқы, ногана ауруын таратушы қансорғыш шыбын:Цеце шыбыны

Суауруды таратушы қансорғыш шыбын: Сона

Шығыс Үндістан мен Бангладешке індет болып тиген ауру: Кала-азар

Кала-азар ауруының адам ағзасына әсері: Бүйрекүсті безінің қыртысы зақымданып, дене қатты қызып, терісі қараяды, лимфа түйіндері ұлғайып кетеді

Түнге қарай теңізді нұрға бөлейді:Түншырақ

Суды тазартатын талшықты жәндік:Бодо

Ең алғаш шіріген ағзалы қалдықтары бар тұнбадан табылған жәндік: Инфузория

Инфузориялар типіне тән:Кірпікшелер, 2 ядро, жынысты,жыныссыз көбею, жасуша ауызы

Дене пішіні кебіске ұқсайтын біржасушалы қарапайым жәндік:Кірпікшелі кебісше

Дене тұрқы 0,2 мм. алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты біржасушалы қарапайым жәндік: Кірпікшелі кебісше

Қарапайымдардың ішінде құрылысы мен тіршілігінде күрделену байқалады: Кірпікшелі кебісше

Кірпікшелі кебісшенің жасушасының құрылысы: Цитоплазма, кірпікшелер, 2 вакуоль, 2 ядро бар, қылаулатқыш

Кірпікшелі кебісшенің құрылысындағы ерекшелік: Үлкен және кіші ядро

Кірпікшелі кебісше - инфузория: Су жануарлары үшін қорек

Кебісшенің қозғалуы: Кірпікшелерімен

Кірпікшелі кебісшенің сыртында кірпікшелердің жалпы саны: 2000-2500

Кірпікшелі кебісшенің денесіндегі сезімталдық қызметін атқарады:Арнайы талшықтар

Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді ауызы бар жәндік: Кірпікшелі кебісше

Кірпікшелі кебісшенің жиырылғыш вакуолі: Екеу

Кірпікшелі кебісше қылаулатқышының маңызы: Қорытылмаған қалдықтарды шығару

Кірпікшелі жәндіктердің өзге біржасушалы жәндіктерден көбею өзгешелігі: Жанасу арқылы жынысты жолмен

Кірпікшелі жәндіктерде қоректену, тынысалу, қозғалу және зат алмасуқызметін атқаратын органоид: Үлкен ядро

Отырықшы дөңгелек, жауқазынның гүліне ұқсас кірпікшелі жәндік:Сувойка

Сувойканың дене пішіні ұқсайды:Жауқазынға

Паразиттік тіршілік ететін біржасушалы, көбінесе пішіні амеба тәріздес жәндік:Споралылар

Споралы қарапайымдыларда болмайтын органоид: Қозғалыс органоиды,жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі

Споралылар типінің тіршілік ерекшелігі: Тек паразитті

Споралыларда спорадан түзілетін тығыз қабықшасыз жасуша: Спорозоит

Споралылар типіне жататын біржасушалы жәндік: Құртамыш, қантұрғын

Тауық, үй қояны, сиыр, балық, тіпті адам ауыратын ауру: Кокцидоз

Кокцидоз ауруының қоздырғышы:Құртамыш

Құртамышқа тән белгі: Спора түзеді

Ішекте паразитті тіршілік ететін біржасушалылар: Құртамыш, балантидий

Безгек паразиті: Қантұрғын

Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді: Қантұрғын

Безгек ауруының қоздырушысы:Қантұрғын

Безгек ауруының қоздырғышын таратады: Маса

Суда да, құрлықта да тіршілік ете алады: Безгек масасы

1880ж. безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан француз дәрігері: А.Лаверан

Безгек паразитінің таралуы мен көбеюі:Эритроциттер арқылы

Безгек паразитінің көбеюі:Қанның қызыл түйіршігі арқылы

Безгекпен ауырған адамның денесі бір ысып, бір салқындауының себебі: Безгек паразитінің қанда көбейіп улы зат бөлуінен

Безгек паразиті орныққан қан түйіршігін зақымдап бүлдіретін уақыт: 3-4 күн ішінде

Безгек ауруын емдеу үшін қолданылатын дәрілер: Хинин, акрихин

Безгек масаларын құрту үшін қолданылатын улы химикат: Гексахлоран

Безгек ауруының таралуына кедергі жасау үшін өсірілетін балық:Гамбузия

Қантышқақ тудыратын амебаны ашқан ғалым: Ф.Леш

Қантышқаққа «сатқақ» деп ат берген: Ө.Тілеуқабылұлы

1861ж. безгекке диагностика жасап, оны «қара қан» деп атаған: Г.Ф.Логинович

Қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген ғалым: И.Мечников

Анофелес туыстас маса: Безгек ауруын қоздырғышын таратушы

Безгек тасымалдаушысының анофелес туыстас маса екенін дәлелдеген: Дж. Грасси

Амеба және эритроцитті дистилденген суға салса:Екі жасушада бұзылады

Адам мен үй жануарларына ауру тарататын кемірушілер:Кәдімгі атжалмандар

Қарапайымдарға әсер ететін тітіркендіргіштерге жатпайтыны: Шу
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


написать администратору сайта