емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
.ЭЭэээЭЭ Атырау жоғарғы медициналық колледжі «Алмалы протез салғаннан кейін кілегейде ,альвеолярлы өсіндіде «ісіну» пайда болу себептері 14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан Әдістемелік жетекші: Мухитова Альфинур Толеповна 2020 жыл Мамандығы 0304000 «Стоматология» біліктілігі 0304023 «Дантист» «Мейіргер ісінің негіздері» пәні бойынша «Пациенттерге мейіргерлік күтім» бойынша оқу өндірістік тәжірибесінің игеруге тиісті дағдылар тізбегі 2 курс IV семестр практика 180 сағат 30 күн Аты жөні: Ибраемова Шолпан топ:14 топша: І Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп Білім алушы __Ибраемова Шолпан ________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Мен 106 топ «Емдеу ісі» бөлімінің студенті Жайғалиева Нұрай «Мейіргер ісінің негіздері» пәні бойынша «Пациенттерге мейіргерлік күтім» циклі бойынша оқу өндірістік тәжірибені бастадым. Менің әдістемелік жетекшім – Гимиранова Акат Бурибаевна. Бүгінгі тақырып бойынша: 1. Қабылдау бөлімінің құрылысы: Қабылдау бөлімі тіркейтін, қабылдайтын,біріншілік қарау мен анторпометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлық-гигиеналық өңдеуден өткізетін және алғашқы медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық көмек көрсететін бөлімше. 1.Күту залы- өз аяғымен келетін науқастарға жіне оларды әкелетін туыстарына арналған. Ол арнайы кресло және дивандармен жабдықталған. 2.Кезекші мейіргер бөлмесі-бұл жерде жаңадан келген науқастарды тіркеу, қажетті құжаттарды толтыру өткізіледі. 3.Қарау бөлмесі-дәрігерлердің (терапевт, хирург, гинеколог) науқастарды қарауға арналған бөлмесі. 4.Егу бөлмесі-шұғыл көмек көрсетуге арналған. 5.Кіші операциялық бөлме 6.Санитарлық өткізгіш-науқастарды санитарлық өңдеуге арналған 7.Оңашалайтын бөлме(изолятор)-диагнозы анықталмаған науқасқа арналған. 8.Рентген және УДЗ бөлмесі 9.Зертхана 10.Дәретхана Қабылдау бөлімшесінің міндеттері: Науқастарды қабылдау және тіркеу Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою; Антропометрия жүргізу; Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу; Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету; Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау. 2.Қабылдау бөлімшесіндегі мейіргердің қызметтері: Жолдамамен танысу және науқасты дәрігерге шығарып салу Антропометриялық өлшем жасау Педикулезды анықтау (табылған жағдайда СЭС-ке телефонограмма жіберу) Дәрігерге дейінгі көмек көрсету Лабораториялық зерттеуге материал алу Наркотикалық және қатты әсер ететін дәрілерді тіркеу тәртібін сақтау Жұмыс орнын даярлау Кіші мейіргердің жұмысын бақылау Санитарлық-эпидемиялық ережені сақтау 3.Науқасты ауруханаға қабылдау: Қажет заттар: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз. Іс- әрекеттер : 1) Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз. 2) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз. 3) «Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналына енгізіледі. 4) Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз. - Алынған мәліметті (антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз. - Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.(Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.) 5) Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз. 6) Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. " мамыр" 25____________________ ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: Антропометриялық өлшеу Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек. Бойды өлшеу (дененің ұзындығы) Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар. Шараның орындалуы: 1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу. 2. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу. 3. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау. 4. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру. 5. Науқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз). 6. Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны. 7. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру. 8. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай). 9. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді. 10. Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды. Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін. Дене салмағын өлшеу: Шараның орындалуы: 1. Таразыны қосу 2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет. 3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну (аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу. 4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет. 5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу. 6. Нәтижені тіркеу қажет. 2.Педикулезге бақылау Педикулёз (pediculosis, биттілік, лат. Pediculus - «бит») — тері мен шаштың паразиттік ауруы. Адамда: бас биті (Pediculus Humanus Capitis), көйлек биті (Pediculus Humanus Corporis) мен қасағалық бит (Phtyrus Pubis) паразиттік етуі мүмкін. Осыған сәйкес педикулёзді : бастық, көйлектік және қасағалық деп бөледі. Мақсаты: АІИ таралуынан сақтандыру, дененің түкті бөліктеріндегі жұмыртқаларды, дернәсілдер мен биттерді жою. Ресурстар: Педикулезге қарсы жинақ: медициналық халат, үшкіл орамал (полиэтилен, маталық), сірке қышқылының 6%-дық ерітіндісі, тістері жиі тарақ, педикулицидтердің біреуі («Ниттифор», «Антибит» лосьондары, «Педилин» сусабыны), марлілік тампондар, лупа, ұстаралық жиын, киімді дезинфекциялық камераға жіберуге арналған қапшық, клеенка, резеңке қолғаптар, мырышталған шелек пен тұғырық, медицинская карта стационарлық науқастың медициналық картасы, инфекциялық ауру туралы төтенше хабарлама (№058/у нысаны), инфекциялық ауруларды есепке алу журналы (ф- 060/у). Құжаттандыру Пациенттерді педикулезге, қышыма, дерматомикозға қарап-тексерулерді есепке алу журналы. ҚР ДСМ-нің 11.03.2004 ж. № 236 бұйрығы. Инфекциялық ауруларды есепке алу журналы (060/у нысаны). Инфекциялық ауру туралы төтенше хабарлама (№058/у нысаны). 3. Емшара 1. Пациентпен сенімгерлік құпия қарым-қатынас орнатыңыздар. 2. Емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіздер. 3. Қосымша халат, үшкіл орамал, қолғаптарды киіңіздер. 4. Пациентті (егер оның жай-күйі мүмкіндік берсе) клеенка жабылған ағаш төсекшеге немесе орындыққа отырғызыңыздар. Иығын сүлгімен жабыңыздар. 5. Пациенттің шашын педикулицидтердің бірімен ылғалданған тампонмен бастың шашты бөлігінің шеттерінен бастап өңдеңіздер (мол ылғалдаңыздар). 6. Басты полиэтилен үшкіл орамалымен, оның үстінен мата үшкіл орамалмен байлаңыздар, ұстап тұру уақыты қолданылатын педикулицид түріне байланысты. 7. Шашты жылы ағын сумен, одан кейін сусабынмен немесе сабынмен жуыңыздар, сүлгімен құрғатыңыздар. 8. Шашты сірке қышқылының 6%-дық жылы ерітіндісімен өңдеңіздер, басты қайтадан 20 минутқа полиэтилен үшкіл орамалмен, үстінен мата үшкіл орамалымен байлаңыздар. 9. Шашты жылы ағын сумен жуыңыздар, сүлгімен құрғатыңыздар. 10. Пациенттің басын ақ қағаздың үстіне еңкейтіп, шашты 10-15 минут бойы тістерінің арасына сіркемен мол ылғалданған жіп өткізілген, тістері жиі тарақпен мұқият тараңыздар. 11. Мәрлілік тампондарды, қағазды өртеу үшін шелекке тастаңыздар. 12. Пациент киімі мен медициналық бикенің киімін қапшықтарға салыңыздар және дезинфекциялық камераға жіберіңіздер, ал тарақ, қайшыны дезқұралы бар сыйымдылыққа салыңыздар. 13. Стационарлық науқастың медициналық картасының титулдық парағына айқындалған педикулез туралы «Р» белгісін қойыңыздар, өңдеу күнін, уақытын және оны жүргізген медбикенің қолын көрсетіңіздер. 14. Педикулезі бар пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіндегі инфекциялық ауруларды есепке алу журналына 060/у нысаны бойынша тіркеңіздер. 15. Бұдан кейін 058/у нысанындағы жолдаманы толтырумен науқастың айқындалған жері бойынша санэпидстансаға телефон арқылы педикулез туралы шұғыл хабарлама беріңіздер. 16. Пациентті емдеу бөлімшесінде күн сайын қарап-тексеріңіздер және биттер айқындалған жағдайда санитарлық өңдеуді қайта жүргізіңіздер. Ескертпе: шаш қырқуды және қырып тастауды қажет болған жағдайда жүргізеді. 3.Санитарлық өңдеу ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА ЖАСАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау. Жабдықтау: -ысқыш (мочалка) -сабын -щетка -су термометрі -жайма -орамал -таза киім -ағаш орындық. Іс-әрекет алгоритмы: 1.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз. 3.Алжапқышты , қолғапты киіп, аузыңызға масканы тағыңыз. 4.Жуынатын бөлме температурасын анықтаңыз (25-27 ◦ С). 5.Ваннаны сабын немесе басқа жуғыш заттарды қолданып щетканың көмегімен ысқылап жуыңыз. 6.Ваннаны ыстық сумен шайып жіберіңіз. 7.Ваннаны суға толтыру барысында судың температурасын су термометрімен өлшеп отырыңыз, судың температурасы 37-38 ◦-С болу керек. 8. Пациентке ваннаға ыңғайлы жатуына көмектесіңіз, бетін бұранғыш қаратып жату керек. Су деңгейі төс сүйегінің семсер тәріздес өсіндісі тұсынан келу керек. 9.Аяғының астына тіреуіш ретінде ағаш подставканы беріңіз. 10.Пациенттің алдымен басын, кеудесін, сосын аяқ- қолдарын сабынды ысқышпен ысқылап жуыңыз. 11.Жылы сумен шайындырыңыз 12.Пациенттің ваннадан шығуына көмектесіңіз, жылы орамалмен немесе жылы жайма сүртінуіне көмек жасаңыз. 13.Пациентті киіндіріп, палатасына апарыңыз. 14.Ваннаны және ванна қабылдауға арналған бұйымдарды жуып, өңдеңіз. 15.Пациенттің ауру тарихына ванна қабылдағаны жайында белгі қойыңыз. Ескертпе: ваннаны 3 % хлорамин ерітіндісімен арасына 15 минут салып екі рет жуып шығыңыз. ГИГИЕНАЛЫҚ ДУШ ҚАБЫЛДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты:жеке бас тазалығын сақтау. Жабдықтау: -дене ысқыш -сабын -щетка -аяқ астына салынатын ағаш -ақ жайма -орамал -таза іш киім. Іс әрекет алгоритмы: Бірінші кезең. 1.Пациентке алдағы іс- шара жайында түсіндіріп, келісіміналыңыз. 2.Ваннаға кішкентай орындық қойып, оған пациентті отырғызыңыз 3.Пациенттің ваннаға тұруына көмектесіңіз, арт жағынан тұрып, шынтағынан ұстаңыз, сосын оны отырғызыңыз. 4.Пациентті өз бетімен жуынуына ықпал етіңіз, қажет болған жағдайда ғана көмектесіңіз. Екінші кезең: 1.Алжапқыш киіп, пациенттің басын жуыңыз: - жаялықты бірнеше қабат етіп орап алып, онымен көздерін жабуын талап етіңіз - душтан суды құя отырып, шаштарын сулап, жуыңыз - пациенттің шашына аздап щампунь жағыңыз - екі қолыңызбен шаштарын жақсылап жуыңыз - сабын көпіршіктерін сумен жуып тастаңыз - пациенттің басын құрғатып сүртіңіз 2.Пациентке көмектесіңіз, қажет болса, денесін де гигиеналық ванна жүргізу тәртібі бойынша жуыңыз. 3.Пациенттің орындықтан тұруына көмектесіңіз ( қажет болған жағдайда көмектесіңіз, екі жақтап, дененің дұрыс қозғалуын қолдана отырып). Үшінші кезең: 1.Пациентке ваннадан шығуына көмектесіңіз. 2.Денесін сол тәртіппен құрғатып, сүртіңіз. 3.Пациенттің шаштарын тарауына көмектесіңіз, іш- киімдерін кигізіңіз. 4.Қолдары мен аяқтарының тырнақтарын алыңыз. 5.Пациентке киімдерін киюге көмектесіңіз. 6.Алжапқышты шешіп, оны су өткізбейтін қапшыққа салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 7. Орындалған іс- шара жайында журналға жазыңыз. |