Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

  • 1. Дәрілік заттарды сақтауда қойылатын негізгі талаптар

  • 2.Науқасқа дәрілік заттарды ауыз,тіл асты енгізу

  • Энтералды

  • 3.Дәрілік заттарды тарату Дәрілік зат

  • Қатты түрдегі дәрілік формаларға

  • Сұйық түрдегі дәрілік формаларға

  • Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға

  • Дәрілік заттарды тарату ережелері

  • резорбты

  • энтеральды

  • Емдеу бөлмелерін (палаталар, дәліз, дәретхана, жуынатын бөлме) жинастырудың ерекшеліктері: Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты

  • Тұтас (генеральный) жинау ерекшеліктері

  • емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну


    Скачать 1.36 Mb.
    НазваниеЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
    Анкоремтихан
    Дата20.06.2022
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИбраемова Шолпан Кунделик-1-5.docx
    ТипДокументы
    #606329
    страница8 из 18
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

    Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
    8.Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
    Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

    Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

    Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнердің сыртына желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет (рационнан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

    2. Науқасқа түсіндіріңіз: нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.

    3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кету, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір келу), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

    4. Егер де жауап дұрыс болса нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын нұсқау беріңіз:

    • 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

    • егер науқастың мұрнынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

    1. Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.

    2. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

    3. Үлкен дәретке отырған соң нәжістің қара әртүрлі учаскесінен 5-10 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.

    4. Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.

    5. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    6. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "маусым" 8

    ________________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші»)

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


    Р/с




    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы


    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



    Әдістемелік жетекшісінің қолы


    басталуы



    аяқталуы



    1.


    Дәрілік заттарды сақталуына қойылатын талаптармен таныстым

    09:00

    10:00




    2.


    Науқасқа дәрілік заттарды ауыз,тіл асты енгіздім

    10:00

    11:00




    3.

    Науқастарға дәрілік заттарды тараттым

    11:00

    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:

    1. Дәрілік заттарды сақтауда қойылатын негізгі талаптар

    Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.

    Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65%.

    Тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалық сауда залының терезелері перделермен жабылады.

    Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрімен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады.

    Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5-1,7 м жоғары және есіктен 3м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.

    Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды.Сырқаттардың диагностикасы, алдын-алуы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:

    • резеңке бұйымдары;

    • пластмассадан жасалған бұйымдар;

    • байлау-таңу материалдары;

    • медициналық техника құралдары мен жабдықтары.

    Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет.Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтарға анықталады:

    • жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;

    • ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;

    • ұшып кетуден қорғауды талап ететін;

    • жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

    • төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;

    • қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;

    • иісті, бояғыш заттар;

    • дезинфекциялау заттары;

    • улы заттарды бөліп шығаратын т.б.;

    • тұтанғыш және жарылғыш заттар.

    2.Науқасқа дәрілік заттарды ауыз,тіл асты енгізу

    Дәрілерді емдік немесе аурудың алдын алу шаралары мақсатымен қолдануында, оларды ағзаға енгізуден басталады. Дәрілерді енгізу жолдары келесі топтарға бөлінеді:

    а) Энтералды(enteron - кишка) енгізу жолы - ас қорыту жолдары арқылы, ол келесіге бөлінеді: ауыз арқылы (per os), тіл астына (suв lingua), ұртқа, қызыл иекке жапсыру, тік ішекке (per rectum), он екі елі ішекке зонд арқылы енгізуі. Тиімді енгізу жолдары – тілдің асты мен тік ішек, себебі онда препараттар бауырға түспестен бірден үлкен қан айналымына өтеді.

    б) Парентералды енгізу жолы – дәрілерді ас қорыту жолынан тыс егу арқылы беретін жол: тері астына, бұлшық етке, көк және күре тамырға, жүрекке, буынға, құрсаққа, сүйекке, ми қабының астына, қуыстарға және т.б жолдары.



     

    Дәрілердің ауыру ошағына толық жеткізілуі, сонымен қатар оның тиімділігі мен қауіпсіздігі енгізу жолына байланысты болады.

    3.Дәрілік заттарды тарату

    Дәрілік зат - бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.
    Қатты түрдегі дәрілік формаларға: таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
    Сұйық түрдегі дәрілік формаларға: ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
    Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға: майлар, паста мен ем балауыздар жатады.

    Дәрілік заттарды таратудың неғұрлым ұтымды тәсілі :
    1) жылжымалы үстелшеге қатты дәрілік формалар бар ыдысты, сұйық дәрілік формалар бар флаконды. пипеткаларды (әрбір флаконға жеке-жеке), мензуркаларды, суы бар графинді, қайшыларды, тағайындау қағаздарын қойыныз;
    2) науқастан науқасқа өте отырып, дәрілік заттарды науқастың төсегінің жанында, тағайындау қағазына сәйкес, берген жөн
    3) дәрілік заттарды науқас сіз жанында тұрғанда қабылдағаны жөн. Дәрілік заттарды таратудың осындай ретінің артықшылығы айқын.
    Біріншіден, мейірбике науқастың дәріні қабылдағанын қадағалай алады. Екіншіден, мейірбике науқастың қандай дәрілерді қабылдайтыны және оның тағайындалуы туралы сұрақтарына жауап бере алады. Үшіншіден, дәрілік заттарды тарату кезінде қателіктер болмайды.
    Кейбір емдеу бөлімшелерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу үшін дәрілік заттарды науқастың аты-жөні, палатасы көрсетілген торларға бөлінген астаушаға алдын ала салып қояды да күніне үш рет науқастарға таратады.

    Дәрілік заттарды тарату ережелері:
    1) дәрінің сыртындағы этикетканы және тағайындау қағазындағы белгілеуді мұхият оқыңыз;

    2) дәрілік заттарды тек науқастын төсегінің жанында ғана таратыңыз;
    3) науқас дәрілік затты сіз тұрғанда қабылдауы қажет (ас кезінде қабылдайтын дәрілерден басқасын);
    4) асқа дейін қабылдау белгіленген дәрілерді науқастар тамақ ішер алдында 15 минут бұрын қабылдауы керек; астан кейін қабылдау белгіленген дәрілер тамақ ішкеннен кейін 15 минуттан соң қабылдануы керек; аш қарынға қабылдауға белгіленген дәрілер таңертең таңғы асқа дейін 20 - 60 минут бұрын қабылдануы керек (кұртқа қарсы, босаңсытатын);
    5) ұйықтататын дәрілерді науқастар ұйқыға дейін 30 минут бұрын қабылдауы керек;
    6) нитроглицерин мен валидол үнемі науқастын төсегінің жанындағы үстелшеде болуы керек;
    Мейірбикенің дәрілік заттарды тағайындауға немесе алып тастауға немесе басқа дәрілермен ауыстыруға кұкысы жоқ. Науқас шұғыл көмекті қажет ету немесе дәрілік заттарды көтере алмау жағдайы бұған жатпайды. Кез келген жағдайда тағайындауға енгізілген өзгерістер туралы дәрігерге ескерткен жөн. Егер дәрілік зат науқасқа қателесіп берілсе немесе оның бір реттік мөлшері асып кетсе, бұл туралы дәрігерге бірден айтылуы керек.

    Дәрілік заттар резорбты (кан аркылы) және жергілікті әсер етуі мүмкін. Дәрілік заттардың әсер ету механизміне байланысты оларды енгізу жолдарын ажыратады.

    Резорбты әсер ету энтеральды (асқорыту жолдары арқылы, мысалы, таблеткалар, микстуралар қабылдау) және парентеральды (асқорыту жолына соқпай, мысалы, бұлшық еттік инъекциялар) жолдар аркылы жүзеге асырылады.
    Сыртқы қолдануға арналған дәрілік заттар жергілікті әсер етеді (мысалы, майлар, ингаляциялар).

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "маусым" 9

    ________________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші»)

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


    Р/с





    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы


    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



    Әдістемелік жетекшісінің қолы


    басталуы



    аяқталуы



    1.


    Кезекшілікті қабылдау және тапсыру құжаттарымен жұмыс жасадым

    09:00

    11:00




    2.


    Емшара бөлмесін күнделікті, қортынды жинастырдым

    11:00

    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:

    Емдеу бөлмелерін (палаталар, дәліз, дәретхана, жуынатын бөлме) жинастырудың ерекшеліктері:
    Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты: санитарлық-гигиеналық талапты сақтау, ауруханаішілік жұқпаның алдын алу. Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру 2 рет ылғалды әдіспен, кей жағдайларда жиірек жүргізіледі. Ол үшін қажетті заттар: шелек, швабра, шара, еден жуу үшін шүберек, таза шүберек (шаң сүртуге), зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.
    Іс-әрекеттер: Орамалды тағып, халатты, алжапқышты киіп, резеңке биялайды киіңіз. Зарасыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып, жиһаздарды, терезенің алдын сүртіңіз. Еденді мынандай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға жинаңыз, содан соң төрден төмен қарай жуамыз. Ылғалды жинастырудан соң бактерицидты шамды 30 минутқа қосыңыз, терезе есікті 10-15 минутқа ашып желдету.
    Коридор (дәліз) жинастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі бұл барлық жатқан науқастар, науқастардың туыстары, медицина қызметкерлерінің және көрінуге келген науқастардың бәрі жүретін жер. Күніге 2 рет ылғалды жинау және ластануына қарай тазалау керек. Бактериоцидты шамды 30 минутқа қолданады. Оның өзінің шелегі, швабрасы, шаңдарды сүртуге (терезе есік) арналған шүберегі, еденді жууға арналған шүберегі болады және бәрінде белгісі болуы керек. Аптасына 1 рет қорытынды жуу, бактерицидты шамды 1 сағатқа қою.
    Дәретхана – аурухананың әр бөлімшесінде бірнешеуі болуы керек, себебі: медицина қызметкерлеріне арналған, ер адамдарға және әйел адамдарға арналған болады. Бөлімшенің санитарлы - гигиеналық бөлмесіне жақын жерде орналасқан болуы керек. Әжетхана ішінде дезинфекциялық ерітіндісі бар үлкен ыдыс болуы керек, оған дәрет ыдыстарын 1 сағатқа салып қою қажет және терезесі ашылатын желорай болуы шарт. Әрі су жақсы ағатын, қағаз салатын шелек, өзінің еденін жуу үшін шелек, шүберек, швабрасы оның өзінің белгісі (маркировка) болуы керек, күніне бір неше рет жуылады және ластануына қарай сүртіледі.

    Жуынатын бөлмені тазарту ерекшеліктері бар: бір айда бір рет қорытынды жуу, күніне екі рет ылғалды жуу. Аяқтың астына ағаштан жасалынған тор таяқша немесе резеңке төселінеуі керек. Терезесі ашылатын, жарық әрі әйнектерден адам бойы көрінбейтіндей етіп бояу жағылуы керек. Бөлме термометрі, су термометрі және жеке сабын, жеке жөке, жеке сүлгі және жеке сыртқы киімдеріне арналған шкаф болуы қажет. Дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған ыдыс, арнайы су құйғыш болуы керек. Медициналық шкафта қайшы, стакан, станок тағы да басқа керекті заттар әр науқасқа бір біреуден болуы керек.
    Тұтас (генеральный) жинау ерекшеліктері
    Емдеу бөлімшесінің палаталары кең, жарық, көп дегенде 6 адамға есептелген болуы керек.
    Қабырға майлы бояумен боялып, еденге линолеум төселінеді, палаталар ең қажетті жабдықтармен (төсек, үстел, тумба, орындықтармен) жабдықталады. Төсектер ыңғайлы болуы тиіс. Ауруханалық жиһаздардың беті жұмсақ, жеңіл жуылатын болу керек.
    1-2 адамдық палаталарға бірінші кезекте ауыр науқасты емделушілер жатқызылады.
    25-30 емделушіге бекітілген мейірбикелік бекет болады.
    Бекет орнында дәрі-дәрмек құралдарына арналған шкаф, үстел, орындық, күту жабдықтарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмек құралдарына арналған мұздатқыш, дәрі-дәрмек құралдары тарататын жылжымалы үстелше, әртүрлі манипуляциялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек. Мейірбикелер бекетінен барлық палаталар көрініп тұруы қажет. Бекет орны ауыр науқасты емделушілермен байланысты болу керек. Бекетте барлық ауруханалық бөлімшелердің телефон тізімінің болғаны дұрыс.

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "маусым" 10

    ________________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші»)
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


    написать администратору сайта