емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1. №111 бұйрыққа сәйкес қолды өңдеу Мақсаты:транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында. Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350-400С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизм-дермен қолдың жанасуын қорғайды. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз: алақанды алақанмен; сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз. Ескерту: қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады; 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз. Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындап қолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек; тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды. Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін. Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы. Іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. 3.3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз: алақанды алақанмен, сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше, алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында, оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше, үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен, сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше, қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз. Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады. 2.Залалсыздандырылған қолғапты кию Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді. Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 2.Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз. 3.Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек. 4.Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. 5.Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. 6.Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек. 7.Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз. 8.Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. 9.Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. 10.Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз. Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес. Қолғапты шешу Іс-әрекет алгоритмі: 1.Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз. 2.Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз. 3.Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз. 4.Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз. 5.Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз. 6.Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз. 7.Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді. 3. Ойылу – бұл ұзақ жаншылу салдарынан терi және жұмсақ тiндердiң терең зақымдалуы, өлiеттенуiне дейiн. Бейiмделушi факторларға жергiлiктi қан айналым, иннервация және тiндердiң қоректенуiнiң бұзылуы жатады. Науқас арқасымен жатқанда ойылулар құйымшақта, өкше, жауырындар, шүйде және шынтақ аймақтарында пайда болады. Отырған жағдайда отырғыш төмпектерi, табан, жауырын аймақтарында iшiмен жатқанда қабырға, тiзе, аяқ саусақтары, мықын сүйектiң қырқалары аймағында.Ойылулардың пайда болуын үш негiзгi фактор шақырады: қысым, қиюшы күш және үйкелiс. Қысым - өз денесiнiң қысымы әсерiнен тiндердiң қысылуы болады, тiндер басылғанда тамырлар диаметрi кiшiрейедi, ишемия салдарынан тiндер қоректенуi бұзылады. Сезiмтал тiндердiң қысылуы ауыр төсек орын, тығыз таңғыштар, киiм салдарынан күшейедi. Қиюшы күш - тiндердiң бұзылуы және механикалық зақымдалуы тiкелей емес қысым салдарынан болады. Ығысу науқас төсектен төмен жылжығанда немесе төсек басынан қарай көтерiлгенде пайда болады. Үйкелу – »қиюшы » керi компонентi, терiнiң мүйiздi қабатының түсiп, оның бетiнiң жаралануына әкеледi. Үйкелiс терi ылғалданғанда күшейедi.Бұндай жағдайда зәрiн ұстай алмайтын науқастар, көп терлейтiн, ылғалды сiңiрмейтiн және iш киiмдегi науқастар жатады. Ойылудың белгiсiне ағарған терi ошағының пайда болуы жатады, одан кейiн ол көгередi, шеттерi тегiс емес, эпидермис жұқарады, көпiршiктер пайда болады. Соңымен тiндер некрозы дамиды, ол тiндер тереңiне және жан жағына тарайды. Ем тiндердiң зақымдану дәрежесiне сәйкес жүргiзiледi. I дәреже – эпидермальды және терi қабаттарымен шектелген. Терi бетi бұзылмаған көгерген-қызыл дақпен гиперемия тұрақты болады, қысым әсер етпеген кезде де жоғалмайды. Ем- консервативтi. II дәреже – терi жабындыларының бүтiндiгiнiң терең емес беткей бұзылыстары, бұзылыстар терi асты май қабатына да тараған көгерген қызыл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермистiң ажырауы болады. Ем-консервативтi. III дәреже – терi жабындыларының бүкiл тереңдiгiнен бұлшық ет қабатына дейiн толық бұзылуы, бұзылыс бұлшық еттiң өзiне де өтедi. IV дәреже – барлық жұмсақ тiндердiң зақымдалуы төмендегi тiндердiң бұзылысымен қуыстың пайда болуы (сiңiрлер, сүйектерге дейiн) Үшiншi және төртiншi дәрежелер дәрiгер – хирург емiн қажет етедi. Күтiм және ойылулар алдын алу Мақсаты: ойылулардың пайда болуының алдын алу. Жабдықтану: стерильдi. лоток, салфеткалар, мақта тампондары, пинцеттер; 10% камфора спиртi ерiтiндiсiне немесе 40% этил спиртi ертiндiсiне арналған шыны банка, iш-киiм және төсек орын, жастық тысындағы поролон шеңберлерi, поролонды мақта-марлялы сақиналар.
Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 11 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.АМПУЛАДАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз. 2.Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз. 3. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 4.Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара). 5.Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек. 6.Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 7.Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз. 8.Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 9.Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек. 10.Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз. 11.Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек. 12.Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз. 13.Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз. 14.Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде). 15.Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз. 16.Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 17.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. |