Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Енгізілетін жерлері

  • Саудалық атауы

  • Құрамы

  • Фармакотерапиялық тобы Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Тікелей антикоагулянттар. Гепарин.АТХ коды В01АВ01Фармакокинетикасы

  • Қолдану тәсілі және дозалары

  • Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді

  • Фармакотерапиялық тобы

  • Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Фармакотерапиялық тобы Плазмаламастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Электролиттік ерітінділер АТЖ коды: B05ХА05Фармакологиялық қасиеттері

  • емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну


    Скачать 1.36 Mb.
    НазваниеЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
    Анкоремтихан
    Дата20.06.2022
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИбраемова Шолпан Кунделик-1-5.docx
    ТипДокументы
    #606329
    страница12 из 18
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

    ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ

    Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы емдеу.

    Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

    Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

    Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және жамбастың ортаңғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймағы іш пердесінің алдынғы беті.

    Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, залалсыздандырылған: лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцтерін, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз;

    2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    3.Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз.

    4.Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

    5.Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

    6.Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылытыңыз.

    7.Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

    8.Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

    9.Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз.

    10.Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

    11.Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

    12.Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

    13.Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен тазартыңыз, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек.

    14.Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз.

    15.Оң қолыңызға шприцті алыңыз.

    16.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз.

    17.Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

    18.Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

    19.Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексеріңіз.

    20.Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

    21.Науқасты тамақтандырыңыз.

    22.Қолғапты шешіңіз.

    23.Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    24.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    2. Бициллин ерітіндісін дайындау

    Қолданылатын жағдайлар: Ревматизм, мерез, соз, ауруларында

    Қолданылмайтын жағдайлар: Пенициллинге аллергиялық реакция байқалғанда

    Әзірле:

    • Бициллині бар флакондар (бициллин - 1, бициллин - 5)

    • Бициллин ерітінділері (0,25%; 0,5% новокаин ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді (физ.ертінді), иньекцияға арналған сұйықтық

    • Шприц 5,0 – 10,0 мл, инелер, кескіш, зарарсыздандырылған мақта тампоны

    • Залалсыздандыру ерітінділері, спирт, пинцет, зарарсыздандырылған лоток

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    2. Флакондарды тексеру: этикеткасын қарау, мөлшері, сақтау мерзімі, мөлдірлігі және бүтіндігін тексеру.

    3. Шприц, инені құрастыру.

    4. Иньекциялық ине өткізгіштігін алдын ала тексеру.

    5. Бициллині бар флаконның металл қақпағын пинцет көмегімен алу.

    6. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен сүрту.

    7. Бициллин ерітетін ампуланы кескіш көмегімен кесіп, антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен ампула ұшын сындыру.

    8. Ерітіндіні қажетті мөлшерде сорып алу, алдын ала дайындалған флаконның резеңке қақпағын тесу арқылы енгізу.

    9. Шприцті инеден босатып алып, флакондағы бициллин ерітіндісін араластыру, ақ суспензия пайда болады.

    10. Нұсқауға сәйкес бициллин суспензиясын сорып алу, ауасын шығару.

    11. Иньекциялық инені алмастыру, бұлшық етке енгізу.

    12. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен теріні баса отырып инені шығару, уқалау.

    13. Пайдаланған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.

    14. Қолды жуу, кептіру.

    Ескерту: Бициллин суспензиясы ақ сүт тәріздес, тез қатады, иненің бітелуі жиі байқалады. Иньекциялық иненің (ІІ) алдымен тексеру, тез бұлщық етке енгізу.

    Ауаны ерітінді дайындаған ине (І) арқылы шығару.

    Саудалық атауы: Гепарин

    Халықаралық патенттелмеген атауы: Натрий гепарині

    Дәрілік түрі: Инъекцияға арналған 1000 ХБ/мл, 5000 ХБ/мл ерітінді

    Құрамы:1 мл ерітінді құрамында белсенді зат – 1000 ХБ, 5000 ХБ натрий гепарині (мукозадан алынған)қосымша заттар: натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.

    Сипаттамасы

    Тұну кезінде шөгетін бөлшектерден бос және бұлыңғыр емес, түссіз немесе сабан түстес-сары сұйықтық.

    Фармакотерапиялық тобы

    Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Тікелей антикоагулянттар. Гепарин.

    АТХ коды В01АВ01

    Фармакокинетикасы

    Тері астына енгізуден кейін ең жоғары концентрациясына жету уақыты 4-5 сағат құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына 95% жағдайда жетеді, таралу көлемі өте төмен және 0,06 л/кг құрайды (қан плазмасы ақуыздарымен күшті байланысуына орай, тамыр арнасын тастамайды). Гепарин плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелий жасушаларымен және мононуклеарлы-макрофагтық жүйе жасушаларымен (ретикула-эндотелий жүйесінің жасушаларымен) қарқынды қармалады, бауырда және көкбауырда шоғырланады. Ингаляциялық енгізу тәсілінде (деммен ішке тартқанда) қылтамырлардың, үлкен қан және лимфа тамырларының альвеолярлы макрофагтарымен, эндотелийімен сіңіріледі: осы жасушалар гепариннің негізгі жинақталу орны болып табылады, одан қан плазмасында қажетті концентрациясын сақтап, біртіндеп босап шығады. Бауырда N-десульфамидазаның және тромбоциттер гепариназасының қатысуымен метаболизденеді. IV тромбоцитарлық фактор (гепаринге қарсы фактор) метаболизміне қатысуы, сондай-ақ гепариннің макрофагтар жүйесімен байланысуы биологиялық белсенділігінің жылдам жойылуын және әсер етудің қысқа мерзімділігін түсіндіреді. Десульфаттанған молекулалар бүйрек эндогликозидазасының әсер етуімен төмен молекулалық фрагменттерге айналады. Гепариннің жартылай шығарылу кезеңі – 1-6 сағат (орта есеппен – 1,5 сағат); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде ұзарады; өкпе артериясының тромбоэмболиясында, инфекцияларда, қатерлі ісіктерде азаяды. Бүйрекпен көбінесе белсенді емес метаболиттер түрінде бөлінеді және тек жоғары дозалар енгізілгенде өзгермеген күйде (50% дейін) шығарылуы мүмкін. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.

    Фармакодинамикасы

    Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, ол гемокоагуляцияның барлық фазаларында қан ұю факторларына тікелей ықпал етеді. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo анықталып, көктамыр ішіне қолданудан кейін бірден басталады.

    Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның белсендірілген қан ұю факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші – III антитромбинмен (ерекше маңыздысы – тромбин мен белсендірілген Х факторды тежеу қабілеті) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.

    Бүйректегі қан ағымын ұлғайтады; ми тамырларының кедергісін арттырады, ми гиалуронидазасы белсенділігін азайтады, липопротеинлипазаны белсенділендіріп, гиполипидемиялық әсерге ие болады. Гепарин өкпедегі сурфактант белсенділігін төмендетеді, бүйрек үсті бездері қыртысында альдостеронның артық мөлшерлі синтезін бәсеңдетеді, адреналинді байланыстырады, аналық бездердің гормональді жандану реакциясын реттейді, паратгормон белсенділігін күшейтеді. Ферменттермен өзара әрекеттесу нәтижесінде ми тирозингидроксилазасы, пепсиноген, ДНҚ-полимераза белсенділігін арттыруы және миозиндік АТФаза, пируваткиназа, РНҚ-полимераза, пепсин белсенділігін төмендетуі мүмкін.

    Қолданылуы

    - терең көктамырлар тромбозы, жедел артериялық эмболия немесе тромбоз, тромбофлебит, коронарлық тамырлар эмболиясы сияқты тромбоэмболиялық бұзылуларды емдеуде

    - терең көктамырлар тромбозының профилактикасында

    - аталған патологияға ұшыраған науқастардағы коронарлық артериялар тромбоэмболиясы профилактикасында

    - қан айналымының экстракорпоральді әдістері пайдаланылатын операциялар кезіндегі қан ұюының профилактикасында, гемодиализ жүргізгенде

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Гепарин үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе жүйелі көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аумағына) тағайындалады.

    Профилактика мақсатында – 8-12 сағат аралықтармен тері астына 5000 ХБ/ тәулік. Теріастылық инъекциялар салу үшін әдеттегі жер іштің алдыңғы-бүйірлік қабырғасы болып табылады (айрықша жағдайларда иық немесе санның жоғарғы аумағына енгізіледі), осы орайда жіңішке инені пайдаланып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ұсталатын тері қатпарына ерітіндіні енгізіп біткенше перпендикулярлы терең енгізу керек. Әр жолы енгізу орнын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін). Алғашқы инъекцияны операция басталғанша 1-2 сағат бұрын салу қажет; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы, қажет болған жағдайда ұзақтау уақыт енгізеді.

    Емдік мақсатта енгізілетін Гепариннің бастапқы дозасы, әдетте, 5000 ХБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, сонан соң емдеуді көктамырішілік инфузияларды пайдаланумен жалғастырады.

    Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:

    - үздіксіз көктамырішілік инфузия кезінде Гепаринді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, 1000-2000 ХБ/сағаттан (24000-48000 ХБ/тәулік) тағайындайды;

    - мезгіл-мезгіл жасалатын көктамырішілік инъекцияларда әр 4 сағат сайын 5000-10000 ХБ Гепарин тағайындалады.

    Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тромбоздар кезінде ересектерге препарат 40000-50000 ХБ/тәулік дозада 3-4 ретке бөлініп, көктамыр ішіне тағайындалады; ауыр тромбоз және эмболияда – көктамыр ішіне 6 сағат аралықпен 4 ретке бөлініп, 80000 ХБ/тәулік дозада. Тіршілік көрсеткіштері бойынша, көктамыр ішіне бір рет 25000 ХБ (5 мл), артынан 80000-120000 ХБ тәуліктік дозаға жеткенше әр 4 сағат сайын 20000 ХБ. Көктамыр ішіне тамшылатып құю кезінде инфузиялық ерітіндінің тәуліктік көлеміне кемінде 40000 ХБ Гепарин қосу қажет. Көктамыр ішіне енгізу кезінде Гепарин дозаларын ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты (ІБТУ) бақылануынан 1,5-2,5 есе көбірек болатындай таңдайды.

    Саудалық атауы: Кальций хлориді

    Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ

    Дәрілік түрі: Көктамыр ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл ерітінді, 10 мл

    Құрамы:1 л препараттың құрамында белсенді зат-кальций хлориді гексагидраты (кальций хлориді) – 100.0 г қосымша заттар – 1 л дейінгі инъекцияға арналған су

    Сипаттамасы:Түссіз мөлдір сұйықтық

    Фармакотерапиялық тобы: Электролитті ерітінділер

    АТЖ коды В05ХА07

    Фармакокинетикасы

    Препараттың 45%-ға жуығы плазма ақуыздарымен кешенде болады. Бүйрек (20%) және ішек (80%) арқылы шығарылады. Гломерулярлық сүзілу жолымен шығарылатын 95% Ca2+ Генле ілмегінің жоғарылаған сегментінде, сондай-ақ бүйректің проксимальді және дистальді өзекшелерінде сіңірілуге ұшырайды.

    Фармакодинамикасы

    Кальций препараты жүйке импульстарының берілуі, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуы, миокард қызметтері, сүйек тіндерінің қалыптасуы, қанның ұюы үрдістерін жүзеге асыруға қажетті кальций иондары тапшылығын толықтырады, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін азайтады. Көктамыр ішіне енгізгенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін көтермелейді, бүйрек үсті безінің эпинефрин бөлуін күшейтеді, орташа диуретикалық әсері бар.

    Қолданылуы

    - кальцийдің жоғары қажеттілігінде (жүктілікте, лактация кезеңінде, организмнің қарқынды өсуі кезеңінде)

    - қан кетулерде (өкпеден, асқазан-ішек жолдарынан, мұрыннан, жатырдан)

    - аллергиялық ауруларда (қансарысуы ауруы, есекжем, ангионевротикалық ісіну, пішен қызбасы, дәрілік аллергия)

    - бронх демікпесінде

    - дистрофиялық алиментарлы ісінулерде

    - спазмофилияда

    - тетанияда

    - өкпе туберкулезінде

    - рахитте

    - остеомаляцияда

    - қорғасын шаншуларында;

    - гипопаратиреозда, гипокальциемияда, тамырлардың жоғары өткізгіштігінде (геморрагиялық васкулит, сәуле ауруында), паренхиматозды гепатит, уытты гепатит, нефрит, эклампсия, босану әрекетінің әлсіздігінде

    - магний тұздарымен, қымыздық және фторлы қышқылдармен уланғанда

    - пароксизмальді миоплегияда (гиперкалиемиялық түрі)

    - қабынбалы және экссудативті үдерістер (пневмония, плеврит, аднексит, эндометрит және т.б.)

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Көктамыр ішіне минутына 0,75-1,5 мл аспайтын жылдамдықпен сорғалатып немесе тамшылатып енгізіледі. Дәрілік затты енгізу аяқталған соң емделуші біраз уақыт «жатқан» қалпында қалуы керек.

    Аллергиялық ауруларда (есекжем, ангионевротикалық ісіну, аллергодерматоздар, сарысу аурулары), қорғасынды шаншуда, магний препараттарымен артық дозаланғанда – 7,5-15 мл. Жедел гипокальциемияда – 1-3 күн бойы 7,5-15 мл, қажет болғанда енгізуді әр 1-3 күн сайын қайталайды. Гипокальциемиялық тетанияда – 5-17,5 мл. Емдік әсерге қол жеткізу үшін енгізуді әр 8 сағат сайын қайталайды. Гиперкалиемияда (ЭКГ бақылауымен) – 2,45-15 мл, қажет жағдайда қайталама дозаны 1-2 минуттан кейін енгізеді.

    Балаларға – 0,3 мл/кг, ең жоғары тәуліктік доза - 15мл.

    Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін кальций хлориді ерітіндісін алдын ала 5% декстроза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады.

    Жағымсыз әсерлері

    - ыстықты сезіну

    - бет терісінің гиперемиясы

    - брадикардия

    - жүрек қарыншаларының фибрилляциясы

    - жергілікті реакциялар (көктамыр ішіне енгізгенде): көктамыр жолы бойының ауыруы және гиперемиясы

    - ауызда бор дәмін сезіну

    - артериялық қысымның төмендеуі

    - естен тану

    - гиперкальциемия

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

    - тромб түзілуге бейімділік

    - айқын атеросклерозда

    - гиперкальциемияда

    - гиперкальциурия

    - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

    - несеп-тас ауруы

    - қарыншалардың фибрилляциясы

    - саркоидоз

    - жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау

    - жүктілік, лактация кезеңі

    - тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізуге.

    Саудалық атауы: Магний сульфаты

    Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ

    Дәрілік түрі: Көктамыр ішіне енгізуге арналған 250 мг/мл, 10 мл ерітінді

    Құрамы:1 мл препараттың құрамында:белсенді зат: магний сульфаты – 250.0 мг қосымша зат: инъекцияға арналған су – 1.0 мл-ге дейін

    Сипаттамасы: Мөлдір түссіз сұйықтық

    Фармакотерапиялық тобы

    Плазмаламастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Электролиттік ерітінділер АТЖ коды: B05ХА05

    Фармакологиялық қасиеттері

    Фармакокинетикасы Жүйелік әсерлері көктамыр ішіне енгізгеннен кейін әп сәтте дерлік дамиды, әсер ету ұзақтығы – 30 минут.

    Тепе-теңдік концентрациясы (СSS)-2-3,5 ммоль/л. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді, ана сүтінде плазмадағы концентрацияларынан 2 есе асатын концентрация құрайды.

    Бүйрек арқылы шығарылады, бүйрекпен шығарылу жылдамдығы плазмадағы концентрациясына және шумақтық сүзілу деңгейіне пропорционалды.

    Фармакодинамикасы

    Парентеральді енгізуде құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, гипотензивтік, спазмолитикалық әсер береді, жоғары дозаларда – жүйке-бұлшықет берілісін бәсеңдетеді, токолитикалық әсер береді, тыныс алу орталығын бәсеңдетеді.

    Магний «баяу» кальций өзектерінің «физиологиялық» бөгегіші болып табылады және оны байланысқан орыннан ығыстыруға қабілетті. Алмасу үдерістерін, нейрон аралық беріліс пен бұлшықет қозғыштығын реттейді, кальций иондарының пресинаптикалық жарғақша арқылы түсуіне кедергі келтіреді, шеткергі және орталық жүйке жүйесіндегі (ОЖЖ) ацетилхолин мөлшерін төмендетеді. Тегіс бұлшықеттерді босаңсытады, артериялық қан қысымын (АҚ) төмендетеді (көбінесе жоғарғы), диурезді күшейтеді.

    Құрысуға қарсы әсері – магний жүйке-бұлшықет синапстарынан ацетилхолиннің босап шығуын азайтады, сонымен бірге жүйке-бұлшықет берілісін бәсеңдетеді, орталық жүйке жүйесіне тікелей бәсеңдеткіш әсер береді.

    Аритмияға қарсы әсері – магний кардиомиоциттердің қозғыштығын төмендетеді, ион тепе-теңдігін қалпына келтіреді, жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады, натрий ағымын, кальцийдің баяу келу ағымы мен калийдің біржақты ағымын бұзады.

    Кардиопротекторлық әсері коронарлық артерияларды кеңейтуіне, жалпы шеткергі қантамырлық қарсыласу мен тромбоциттер агрегациясын төмендетуіне негізделген.

    Токолитикалық әсері – магний миометрийдің жиырылғыштық қабілетін бәсеңдетеді (кальцийдің тегіс бұлшықет жасушаларында жұтылуын, байланысуы мен таралуын төмендетеді), жатырдағы қан ағымын, оның тамырларын кеңейтуі нәтижесінде күшейтеді.

    Ауыр металдардың тұздарымен уланғанда у қайтарғы болып табылады.

    Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жүйелік әсерлері әп-сәтте дерлік дамиды. Көктамыр ішіне енгізгендегі әсер ету ұзақтығы – 30 минут.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18


    написать администратору сайта