емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
2.Жел шығару түтікшесін қолдану Мақсаты: ішектен газдарды шығару. Көрсеткіші: метеоризм. жел шығаратын түтікшені қолдану әдісі Қарама – қарсы көрсеткіштері: - ішектен қан кетуінде; - тік ішектің түсуінде; - тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында; - тік ішектің қатерлі ісігінде; - тромбоцитопенияда. Жабдықтар: залалсыздырылған жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно. Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады. Процедура барысы: процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз; халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз; бикстен жел шығаратын түтікше оралған ораманы шығарыңыз; кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңы; пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз; оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікшені алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майын жағыңыз; сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап сағат тілімен айналдыра отырып жел шығаратын түтікшені 20-30 см тереңдікке енгізіңіз; сыртқы ұшын дәрет қабылдағышқа немесе суы бар лотокқа салыңыз; газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтікшенің сыртқы ұшын дәкеге үш бұрыштап ораңыз. әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз; жел шығаратын түтікшені қажетіне қарай алып тастаңыз, (бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін); жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз; тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз; егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек. 3.ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату. Көрсеткіші: -іш қату; -дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында; -пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау; -операцияларға дайындау; -тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау. Қарсы көрсеткіші: -асқазаннан немесе ішектен қан кету; -тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу; -тік ішектің қатерлі ісіктері; -тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі; -қанайтын геморрой; -асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері. Жабдықтау:қолғап, халат, алжапқыш, таза Эсмарх кружкасы, клеенка, жаялық,тегене,судно, вазелин немесе глицерин, штатив, судно, су термометрі, 1,5-2 литр көлемде сумен құмыра, залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка, корнцанг, зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс, қолданылған материалдарға арналған ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмы: 1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз. 2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз. 4.Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз. 5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз. 6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз. 7.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз. 8.Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз ( егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға). 9.Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз. 10.Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте. 11.Корцангты ашып , түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз. 12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз. 13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін. 14.Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз. 15.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны. 16.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз. 17. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз. 18. Қолғапты шешіп,қолды жуу. Ескерту: Атониялық іш қату кезінде су температурасы 12- 20 градус болу керек, спастикалық іш қату кезінде -37 -42 градус. Егер су ішекке кетпей жатса, кружканы жоғары көтеріңіз, немесе ұшындағы түтікті қозғап, жағдайын өзгертіңіз: оны тереңдете енгізіңіз немесе 1-2см. кейін қарай шығарыңыз. Егер бұл көмектеспесе, онда ол нәжіспен бекітіліп қалған. Онда түтікті алып, қатты ағынды сумен жуу керек, немесе басқасына айырбастап, тік ішекке түтікті қайта енгізіңіз. Газ болған жағдайда және іш кебу сезімі пайда болған жағдайда Эсмарх кружкасын кушеткадан төмен түсіріңіз, газ шыққан соң қайтадан біртіндеп көтеріңіз. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 18 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру. Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалык іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін. Қарсы көрсетілімдері: жоқ Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, алжапқыш, вазелин майын, майлы ерітінді 50-100мл көлемінде, қолғапты, салфеткаларды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз 2. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатының 3. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріңіз 4. Емшараны орындау үшін келісімін алыңыз 5. Емшараны орындауға керекті заттарды дайындаңыз 6.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз. 7. Ажапқышты киіп,маска тағыңыз 8.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек. 9. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 10. Залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын жел шығаратын түтікті бүтіндігін және жарамдылық мерзімін қараңыз 11. «Су» моншасында t-37°-38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз. 12.Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз. 13.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз. 14.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз. 15.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз. 16.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз. 17.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз. 18. Жел шығаратын түтікті оң қолыңызбен шығарып алып, қауіпсіз жоюға немесе жинауға арналған контейнерге салыңыз және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. 19. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз. 20. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап және терең дем алуын сұраңыз. 10-12 сағаттан кейін дәретке отыруын сұраңыз. 21. Қолғапты шешіп, масканы, салфетканы және қолғапты қауіпсіз жоюға немесе жинауға арналған контейнерге салыңыз 22. Қолыңызды жуыңыз. Ескерту:емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет. 2.ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі бөліктерін газ және нәжістен ішек қуысына гипертониялық тұзды ерітінділер енгізу нәтижесінде сұйықтықтың көптеп өтуі есебінен босату болып табылады. Көрсеткіштері: Сусіңдену мен қатар (ісік) іш қату болған жағдайларда . Қарсы көрсеткіштері:тоқ ішектің төменгі жақтарындағы жедел қабыну процестері, ойық жаралар, аналь тесігі айналасындағы жарықшалар. Жабдықтау:халат, алжапқыш, қолғап, залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе шприці, залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет, залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік, вазелин майы, залалсыздандырылған дәкелер, тұздың гипертониялық ерітіндісі (10% натрий хлор, 20-30 % , магний сульфат немесе натрий сульфат), бикс, залалсыздандырылған лоток, ыстық су және су термометрі, залалсыздандырылған стакан, жаялық және клеенка, қолданылған заттараға арналған ыдыс, дез. ерітіндісі бар ыдыс. Іс - әрекет алгоритмы: 1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.Халатты ауыстырыңыз, алжапқыш киіп, қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 2.Стақанға 100- 200 мл. 10% натрий хлор ерітіндісін құйыңыз. 3.Осы ерітіндіні ыстық суы бар ыдыста 37-38 градусқа дейін жылытыңыз. 4.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған жылытылған 10% натрий хлор ерітіндісінен 100-200мл. сорып алыңыз. 5.Толтырылған Жане шприцін лотокқа орналастырыңыз. 6.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық салыңыз. 7.Залалсыздандырылған бикстен жел шығаратын түтікті алыңыз. 8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті оң қолымызға аламыз және оған вазелин майын жағамыз. 9.Сол қолмен пациенттің ..... арасын ашамыз, ал оң қолмен ақырындап жел шығаратын түтікті тік ішекке 15 -20 см. тереңдікке , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, сосын омыртқа жотасы бағытының бойымен. 10.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына Жане шприцін жалғаймыз , сосын гипертониялық ерітіндіні баяу енгіземіз. 11.Сол қолмен шприцтің алдыңғы жағынан түтікті қысамыз, сосын Жане шприцін ажыратамыз. Шприцті қолданылған заттарды салуға арналған лотокқа саламыз. 12.Оң қолымызбен жел шығаратын түтікті шығарамыз, бір мезгілде сол қолмен түтікті сипалап сеземіз, ондағы ерітіндіні ішек қуысына шығару үшін. 13.Пациентке арқасымен жатуды ұсынамыз. 14.Жел шығаратын түтікті және Жане шприцін зарарсыздандырыңыз. 15.Клизманы ұйықтар алдында жасайды, 8-10 сағаттан соң нәжіс сыртқа шығарылуы тиіс. 3.ДӘРІЛІК КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты: емдік. Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын қойыңыз. Жабдықтау: халат, алжапқыш, қолғап, жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс, залалсыздандырылған Жане шприці, залалсыздандырылған стақан, залалсыздандырылған корнцанг, залалсыздандырылған лоток, дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауымен – облепиха майы, түймедақтың қайнатпасы және т.б.)ыстық су, су термометрі, клеенка, жаялық, вазелин майы, қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс. Іс - әрекет алгоритмы: 1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз. Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз. 2.Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз. 3.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцангпен жел шығаратын түтік пен дәкелерды бикстен алып залалсыздандырылған лотокқа салыңыз. 4.Биксті жауып, шеткері ығыстырып қойыңыз. 5.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз. 6.Шприцті залалсыздандырылған лотокқа қойыңыз. 7.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз. 8.Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз. 9.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз. 10. Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен. 11.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына және шприцін жалғап, сосын дәрілік затты баяу жібереміз. 12.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз. 13. Жане шприцін қолданылған материалдарды салатын лотокқа салыңыз. 14.Жел шығаратын түтікті шығарыңыз, қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз. 15.Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз. 16.Жане шприцімен жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз. 17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 19 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: |