емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады. Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру. Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім. Іс-әрекет алгоритмі: Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз. Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі. Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады. Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет. Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді. Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады. Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері: Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда: ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады; көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді; тыныс алуы қалпына келеді; терісінің түсі жақсарады. Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды. Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу. Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз. Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз. Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтын тоқтауы. Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады: тыныс алуы толық тоқталады (апноэ); қан айналымы тоқталады (асистолия); ес-түсі жоқ (кома); көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды; «мысық көз» белгісі; дене қызуы төмендейді; өлік дағы пайда болады; өлік сіресіп қатып қалады. ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі. Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін. Іс- әрекет алгоритмі 1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек. 4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз. 5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз. 6.Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың медициналық картасына тіркеңіз. 7.Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз. 8.Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады. 9.Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз. 10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілген толтырылған құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз. 11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егер де туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз. 12. Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі. 13.Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады. 14.Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі. Ескерту: - паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады, - Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімнің клиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді. - Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 22 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.Мұрын қуысынан жағынды алу Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда. Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мұрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз. Науқастың мұрын қуысын қараңыз. Қажет болса мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастан мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазартып шығарыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз. Беті жабық «Мұрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, тампонды (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиюі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз. Науқастың мұрнының ұшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысына 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғалары мен пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай тампонды енгізіңіз. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз. Ескерту: материалды апарғанға дейін t 4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет. 2.Жұтқыншақтан жағынды алу Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия). Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; жолдама бланкісін, пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге келісімін алыңыз. Бактериологиялық лабораторияға жолдама жазыңыз. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, ал шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз. Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей тізбектілікпен жағынды алыңыз: оң жақ көмекей безі, оң жақ таңдай доғасы, тілшік, сол жақ көмекей безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен. Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық лабораторияға жөнелтпес бұрын 370С термостатқа орналастырыңыз. Ескерту: жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады; бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса; егер де жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады. 3.Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау Мақсаты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: туберкулез, тыныс алу жолдары аурулары және басқа да жұқпалы аурулар. Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, тұнық жабылатын қақпағы бар залалсыздандырылған арнайы шыны контейнерді, металды биксті, қайнатылған суы бар ыдысты, салфетканы, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады. Контейнерді нөмірлеңіз. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырыңыз. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз,бет масканы киіңіз. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескертіңіз. Науқастан сұраңыз: таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды; ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды; тік тұруын немесе тік отыруын; контейнердің қақпағын ашуды; аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен контейнерге шығаруын; қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруы тиістігін. Контейнердің қақпағын бұрап жабыңыз. контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісінде суландырылған салфеткамен сүртіңіз. Жиналған қақырықты қарап, контейнерді темірлі бикске орналастырыңыз. Бактериологиялық лабораторияға 2 сағат ішінде қақырықты апарыңыз. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолды жуып, кептіріңіз. Ескерту: қақырық бөлу қиындаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды; антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 23 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») |