Главная страница
Навигация по странице:

  • Инъекциялар кезіндегі асқынулар және оның алдын алу. Жергілікті

  • Медикаментозды эмболия майлы

  • Нерв тармақтарынын зақымдануы

  • Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

  • ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАТЕТЕРІ АРҚЫЛЫ БЕРУ Мақсаты

  • Қолдану көрсетілімдері

  • ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ Мақсаты

  • 1.АСҚАЗАНДЫ ЖУУ Мақсаты

  • емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну


    Скачать 1.36 Mb.
    НазваниеЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
    Анкоремтихан
    Дата20.06.2022
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИбраемова Шолпан Кунделик-1-5.docx
    ТипДокументы
    #606329
    страница13 из 18
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

    Қолданылуы

    - артериялық гипертензияда (соның ішінде, мидың ісінуі құбылыстарымен гипертониялық криз)

    - полиморфтық қарыншалық тахикардия («пируэт» типті)

    - құрысу синдромы (эклампсия кезіндегі құрысуларды бәсеңдету үшін; ауыр преэклампсия кезіндегі құрысулардың алдын алу үшін; жатырдың қатты жиырылуын басу үшін)

    - ауыр металдардың тұздарымен улануда (сынап, мышьяк, тетраэтилсвинец)

    - гипомагниемияда (соның ішінде, магнийге жоғары қажеттілік және тетания кезіндегі жедел гипомагниемияда).

    Инъекциялар кезіндегі асқынулар және оның алдын алу.

    Жергілікті:инфилтрат, абсцесс. иненің тромбозы, флебит, тканнің некрозы, гематома. II.

    Жүйелі:ауалы эмболия, майлы эмболия, сепсис, анафилактикалық шок, вирусты гепатит, ЖИТС.

    Инфильтрат -тері астылық және бұлшықет ішілік инъекцияларынан соң, инъекция жасаған жерде болатын қатаюдың пайда болуы. Егер

    • Инъекция өткір емес инемен жасалса;

    • Бұлшыкет ішілік инъекцияға кыска ине колданса;

    • Инъекцияның орны дұрыс болмаса:

    • Бір орынға жиі инъекция жасалса;

    • Суық ерітінділер қолданса, инъекция жасаған жерде қолға сезілетін инфильтрат пайда болады. Инфильтрат болған жерге жылытқыш компрестер және қыздырғыш қою қажет.

    Абсцесс -пиогенді мембранамен жан жағындағы ткандерден шектелген жұмсақ ткандердің іріңді кабынуы. Себебі асептикамен антисептика ережелерін сақтамауға байланысты. 

    Медикаментозды эмболия майлы- ерітінділерді тері астына немесе бұлшықетке салғанда кан тамырларына түсіп,оны бітеп қалады,соның салдарынан тканің некрозына алып келеді.

    Некроздың белгілері-инъекция жасаған аймақта ауру сезімі үдеп, ісініп ,жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер май көк тамырда болса, кан ағымымен ол өкпе қан тамырларына барады.Өкпе қан тамырларының эмболиясының белгілері: кенеттен пайда болатын тұншығу ұстамасы, жөтел, ентігу, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі(цианоз), кеуденің қысылу сезімі. Тіпті өлімге алып келуі мүмкін.

    Ауалық эмболия-көк тамыр ішіне инъекция жасағанда немесе ерітінді кұйғанда ауа кету салдарынан пайда болуы . Бұл аскынуда майлы эмболия сияқты қауіпті болып табылады. Клиникалық белгілері де соған ұқсас.

    Нерв тармақтарынын зақымдануы-көк тамырға және бұлшықетке инъекция жасағанда болуы .

    • Механикалық- инъекция жасайтын орынды дұрыс таңдамағанда;

    «Химиялық - дәрілік препараттардың депосы нерв талшықтарына жакын орналасқанда.Асқыну ауырлығы әртүрлі невриттен(нервтің

    кабынуы) параличке(нерв қызметінің болмауы) дейін болуы мүмкін.

    Тромбофлебит -тромбтың түзілуімен қатар жүретін көк тамырдың қабынуы. Белгілері: ауру сезімі,терінің кызаруы, көк тамыр бойында инфильтраттың пайда болуы, дене қызуының көтерілуі. Бір көк тамырды жиі венепункция жасағанда немесе жиі өткір емес инені қолданғанда кездеседі.

    Гематома (тері астына қаннын ұйылуы) венепункцияны дұрыс жасамағанда, тері астында каракөк дақ пайда болады. Бұл жағдайда венепункцияны тоқтатып, бірнеше минут инъекция жасаған орынға спиртке батырылған мақтаны басу керек. Тағайындалған инъекция басқа көк тамырға жасалынады. Ал гематома орнына спирттік компресс қойылады.

    Сепсис -жалпы жұқпалы ауру, көк тамырға инъекция жасағанда және көк тамырға стерильді ерітінділерді құйғанда асептикалык ережелерді қатаң бұзғанда дамиды.

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "маусым" 16

    ________________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші») 

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


    Р/с




    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы


    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



    Әдістемелік жетекшісінің қолы


    басталуы



    аяқталуы



    1.


    Дымқыл оттегін жастықша арқылы бердім

    09:00

    11:00




    2.


    Оттегін мұрын катетрі арқылы бердім

    11:00

    12:00




    3.

    Қалталы ингаляторды қолдандым

    12:00

    13:00




    4.

    Жеке түкіргішті қолдандым

    13:00

    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:

    ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАТЕТЕРІ АРҚЫЛЫ БЕРУ

    Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

    Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

    Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    3.Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

    4.Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

    - таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

    - жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

    - ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

    5.Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

    6.Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

    7.Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

    8.Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

    9.Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

    10.Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

    11.Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

    12.Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

    13.Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

    14Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

    15.Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.

    16.Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

    17.Катетерді алап тастаңыз.

    18.Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    19.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    Ескерту:

    - катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

    - қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

    - ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын ала ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.

    ОТТЕГІ ЖАСТЫҚШАСЫНАН ЫЛҒАЛДАТЫЛҒАН ОТТЕГІН БЕРУ

    Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

    Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

    Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2.Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

    Ол үшін:

    - оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

    - жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

    - оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

    3. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    4.Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

    5.Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

    6.Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

    7.Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

    8.Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

    9.Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

    10.Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

    11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

    13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "маусым" 17

    ________________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші») 

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


    Р/с




    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы


    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



    Әдістемелік жетекшісінің қолы


    басталуы



    аяқталуы



    1.


    Науқастың асқазанын жудым

    09:00

    10:00




    2.


    Науқасқа жел шығару түікшесін қолдандым

    10:00

    11:00




    3.

    Науқасқа тазарту клизмасын қойдым

    11:00

    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:

    1.АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

    Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

    Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүңгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды, шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

    2.Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

    3.Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

    4.Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса).

    5.Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

    6.Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

    7.Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

    8. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    9.Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

    10.Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырыңыз.

    11.Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

    12.Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

    13.Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

    14.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз.

    15.Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

    16.Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

    17.Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

    18.Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.

    19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

    20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.

    21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

    22.Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    23.Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

    24.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    25.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

    26.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

    27.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.

    28.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.

    Ескерту:

    - сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

    - егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

    - шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

    - егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

    - сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


    написать администратору сайта