емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
ФЛАКОННАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз. 2.Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеріңіз 3. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 4.Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара). 5.Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз. 6.Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз. 7.Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз. 8.Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз. 9.Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз. 10.Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз. 11.Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде). 12.Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды. 13.Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 14.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: антибиотиктерді езу: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 пункттерді жоғарыдан қараңыз. 1. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз). 2. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз. 3. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флакон ортасындағы тығынын тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз. 4. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай антибиотик толық ергенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз. 5. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, тағайындалған дозада антибиотикті сорып алыңыз. 6. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек. 7. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 8. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 2. ТЕРІ ІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: диагностикалық. Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін. Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары. Асқынулар: инфильтрат. Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 4.Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 5.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 6.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. 7.Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз. 8.Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз. 9.Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз. 10.Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. 11.Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 12.Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). 13.Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз). 14.Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 15.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 17.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз. 3.ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы. Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәрілерді қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис. Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетінің жоғары бөлігі, санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 4.Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). 5.Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз. 6.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. 7.Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз). 8.Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз. 9.Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз. 10.Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. 11.Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз. 12.Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 13.Тері антисептигімен суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. 14.Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен шығарыңыз. 15.Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз. 16.Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 17.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 18.Науқастың хал-жағдайын сұраңыз. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 12 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар. Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі. Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. 2.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз. 3.Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз: - бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз; - санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз; - иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. 4.Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз. 5.Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі). 6.Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек. 7. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 8.Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 9.Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара). 10.Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз. 11.Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз. 12.Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек). 13.Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз. 14.Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз. 15.Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 16.Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. 17.Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз. 18.Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. 19.Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 20.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін; майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз; инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз; майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз. 2.КӨК ТАМЫРҒА ИНЬЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит). Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары. Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: Көлемі 10-20 мл бір рет қолданылатын шприцті (иненің ұзындығы 40 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, тері антисептигін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Демперде мен қолғапты киіңіз. 3.Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара). 4.Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара). 5.Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз. 6.Науқастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін). 7.Резеңке бұрауды (венозды манжетаны) иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз. 8.Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек. 9.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін) сұраңыз. 10.Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, қолдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін). 11.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз. 12.Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз. 13.Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерімен екі рет тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз. 14.Оң қолға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясын, V саусақпен – шприцтің поршенін, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз. 15.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз. 16.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын «қуысқа» түскенін сезгенше көк тамырға енгізіңіз. 17.Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. 18.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз. 19.Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз. 20.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, шприцтің поршенін тірелгенге дейін жібермей, жайымен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. 21.Залалсыздандырылған, спирттелген 3-ші мақта шаригін тесілген жерге басып, инені шығарыңыз. 22.Тесілген жерді тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастан қан толық тоқтағанға дейін шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз. 23.Мақта шаригін контейнерге салыңыз. 24.Шприцті инесімен, иненің қалпағын кигізбей қолғапты арнайы контейнерге салыңыз. 25.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. |