емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады. 3.Қанды вакуумдық жүйесімен алу Көк тамырдан қан алған кезде жабық вакуумдық жүйесі жұмыс барысында толық қауіпсіздікпен қамтамас етіп, қоршаған ортамен ұласуды болғызбайды. Қан алу процедурасы 5-10 секунд болады, пациентке ауыртпаушылық әкелмейді. Бұл жүйесі әдеттегі шприц тәрізді, бірақ поршеннің орнында пробирканың ішіндегі вакуум арқылы теріс қысым қолданылады.Көк тамырдан алынған сарысумен қанның сұйық бөлігін осы пробиркада тікелей центрифугадан өткізеді, сол себептен зерттеуге арналған материалдардың, атмосфералық ауаның антигендық агенттерімен ұласудын көлемі төмендейді. Қанды вакуумдық жүйесімен алу күрделігі: медициналық персоналдың қан алу барысында ең жоғарғы деңгейде қауіпсіздігін -вакутайнердің құрылысы толығымен пациенті айналадағы ортамен ұласуын болғызбайды; қанды тез арада алуын(5-10 секунд); қанды көк тамырдан алғанда инені қайта талдау алдындағы қателіктерін мүмкіншілігін ең жоғары деңгейде төмендетеді; қан алу шартын стандартау; мүлде вакуумдық жүйесін қайталап қолдануға мүмкіншілігінің жоқтығы; қанды көк тамырдан алғанда бір инъекция арқылы қысқа мерзім уақытында екі және бірнеше түрін зерттеуге алуға болады; тасымалдауда және белгілеуде үлгілерінің қарапайымдылығы; пробиркаларды бірнеше автоматтық анализаторлармен жұмыс істеу барысында қолдану мүмкіншілігі; қан-антикоагулянт қатынасын ұқыпты ең жоғарғы деңгейде сақтау; вакуумдық жүйе құрылысының қарапайымдылығымен сенімділігі. Вакутайнер— көк тамырдан қан алған кездегі жабық вакуумдық жүйе.Бұл жүйесі әдеттегі шприц тәрізді, бірақ поршеннің орнында пробирканың ішіндегі вакуум арқылы теріс қысым қолданылады. Вакутайнер жүйесі үш компоненттен құралады: арнайлы екі жақты ине; иненің дағдылы тастауышы бар ине ұстағышы; қақпағы бар вакуумдық пробирка. Қанды вакуумдық жүйесімен алу процедурасы Керекті құралдар:бір рет қолданылатын биялайлар,бұрау,спиртпен малынған залалсыздырылған тампон,мақта. 1. Инені боялған жағынан алып, қағаз орауын жыртады. 2.Инені ине ұстағышқа енгізіп, инеден түрлі түсті қабыршығын алып тастайды. 3.Инені алып қорғаныш қалпақшаны жабық резенке мембрана жағынан шешу. 4.Инені ұстағышқа салып, тіреуішке дейін бұрап бекіту. Керекті пробиркаларды дайындау. 5.Иненің екінші жағынан қорғаныш қалпақшаны шешіп, қақпағы бар таңдап алған пробирканы ұстағышқа кіргізу. 6.білектен 10см жоғары бұрауды байлап, пункция жасау үшін көк тамырды таңдайды. 7.ине салатын жерін спиртпен малынған залалсыздырылған мақта түйіршегімен сұртіп, құрғағанша тосады. 8. Инеден қақпақшаны шешіп, пациенттің шынтағына жастықшаны салып, инені көк тамырға жіберу. 9. жинағыш пробирканы ине ұстағышқа жалғау. Көк тамырдағы инені қозғалтпай, бірақ іле қатты қозғалумен пробирканы ине ұстағышың аяғына дейін итеру. Қан пробиркаға аққаннан бастап бұрауды ағытады. Жинағыш пробирканы қан толғаннан кейін алып тастайды. 10. Инемен ине ұстағышты осы қалпында ұстауын, тағыда басқа пробиркаға қан алу үшін жалғастырады. 11. Пробирканы ине ұстағыштан айырады. Пробирканы 8-10 рет, пробиркадағы қан стабилизатормен араласу үшін төнкереді. 12. Ине ұстағышты көк тамырдан алып, мақта түйіршігін салып, 1-2 мин ұстауын сұраймыз. 13.Инемен ине ұстағышты қауіпсіздік техника талабына сәйкес кәдеге жарату. Сынақты лабораторияда қабылдаған ережелер бойынша таңбалау. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 13 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫ КӨК ТАМЫРҒА ТАМШЫЛАТЫП ЕНГІЗУДІ ОРЫНДАУ Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю). Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою. Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішкі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың беткейлік веналары.. Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауа эмболиясы (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қанды ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, вирустік гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (тін бөлігінің қатаюы). Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын системаны, мақта шариктерін, салфеткаларды, лотокты, қолғапты, масканы, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке жабысқыш пластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды (венозды манжетаны), штативті, науқастың аты-жөні, палатаның № көрсетілген дәрілік ерітіндісі бар флаконды, анафилактикалық шокқа арналған жиынтықты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз. 4.Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. 5.Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз. 6.Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз. 7.Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз.. 8.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз 9.Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз. 10.Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басыңыз. 11.Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз. 12.Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз. 13.Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді. 14.Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз. 15.Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз. 16.Жүйенің қысқышын ашыңыз. 17.Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз. 18.Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз. 19.Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз. 20.Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз. 21.Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып алыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз. 22.Жүйені және инені, қалпағын кигізбей қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 23.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: - қосымша дәрілік ерітіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік тері антисептигімен суландырған мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады, флаконда енгізілген дәрілік заттың аты көрсетіледі - тамызғыш босамағанынша флакондарды ауыстыру жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконның тығынын алдын ала антисептикпен тазартып, жүйенің қысқа шетіндегі инені тірелгенше енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз, егер де ауа кіргізетін болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз. - енгізіліп жатқан уақытта бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ерітіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ерітіндінің ағымы тоқталған жоқ па? - науқастың хал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды, бас айналуды, лоқсуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жауып және инені шығару қажет. 2.Перифериялық көктамыр катетеризациясы Перифериялық көктамыр катетеризациясы – бұл ұзақ мерзімді көктамырға дәрілерді құю үшін көктамыр катетерін қою.Әлемде 1жыл ішінде 500 миллионнан астам перифериялық көктамыр катетері орнатылады. Өндірісте сапалы катетерлердің көбеюі нәтижесінде перифериялық көктамыр катетеризациясын жүргізу әдісі жиі қолданылып келе жатыр. Бұл әдістің тиімді екенін медицина қызметкерлерімен қоса пациенттер де мойындап отыр. Катетеризация пациентті мобильді етеді,қимыл – әрекет кезінде көктамыр зақымдануларының алдын алуға мүмкіндік береді. Көктамыр катетеризациясы жиілігінің өсуімен қатар қан ағымында катетер – ассоциацияланған инфекциялар сиқты асқынулар жиілігі де өсті.Олар нозокомиальді инфекция ішінде үшінші орынды және бактериемия себептері ішінде бірінші орынды алады. Шеткі көктамыр катетеризациясы медицинада жиі қолданылатын инвазивты емдеу әдістеріне жатады.Бұл емшара перифириялық венозды катетер көмегімен орындалады. Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері: Пациент ауыз арқылы сұйықтықтар қабылдай алмаған жағдайда су балансын қолдау және коррекциялау үшін Дәрілік ерітінділерді жиі енгізу үшін Қан және оның компоненттерін құю үшін Парентеральді тамақтандыру Ота жасау Аймақты анестезия Перифериялық көктамыр катетері құрылысы,түрлері: Перифериялық көктамыр катетері келесі бөліктерден тұрады : Катетер (жұмсақ,иілгіш),Ине – өткізгіш (қатты),Бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша),Қорғаныс қақпақшасы,Кейде қосымша құрылғы – кішкене қанаттар Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері Катетер таңдаудың негізгі принципі - қолжетімді перифериялық көктамырлардың ең ірісіне қажетті енгізу жылдамдығын қамтамасыз ететін өлшемі кішкентай катетер қолдану. Катетер таңдауда пациенттің ерекшеліктерін,емдеу жоспарын,катетерді қолдану мерзімін ескеру керек. Перифериялық венозды катетермен жұмыс істегенде асептика қатаң сақтау,стерильді қолғаппен жұмыс істеу,дәрілік заттарды әр енгізген сайын стерильді бітеуішті ауыстырып отыру қажет. Перифериялық катетер қою үшін көктамырды таңдау: Көктамырдың келесі қасиеттерін ескеру ұсынылады: 1. Бүйір тамырлары жақсы дамыған , жақсы көрінетін көктамырлар 2. Бүйір болмаған дене жағының көктамырлары оңқайларда – сол жақ, солқайларда –оң жақ көктамырлары 3. Алдымен дисталды орналасқан көктамырларды қолдану 4. Ұстағанда жұмсақ және иілгіш көктамырларды қолдану 5. Оталық араласу жағына қарама қарсы жақтағы көктамырларды пайдалану 6. Диаметрі үлкен болған көктамырлар. Перифериялық катетер қойылатын анатомиялық орындар: Алақанның сырт жағындағы көктамырлар Білектің ішкі бетінің көктамырлары. Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ Манипуляциялық үстелше,клеенкалық жастықша Стерильді астауша Қолданылған заттарға арналған астауша Шприц көлемі 10мл 0,9 % NaCl ерітіндісімен Стерильді мақта шариктері мен салфеткалар Лейкопластырь Қайшы Тері антисептигі Бұрау Перифериялық венозды катетерлер Стерильді қолғап Бинт Утилизацияға арналған контейнер П ерифериялық көктамыр катетерін қою техникасы Қажет заттарды жинап,көктамырды таңдап алған соң,қолды өңдеп,қолғап киіп канюляцияны бастаймз.Перифериялық көктамыр катетерін дұрыс қою үшін катетерді колденең немесе тігінен ұстаймыз. Көбіне көктамырды инемен тесуге үйреніп қалған медбикелер көлденең ұстауды таңдайды. Ал тігінен ұстау инені канюляға қарай сенімді бекіту үшін (әсіресе теріс доғал пациенттерде) және иненің канюля ішіне «кетіп қалмауы» үшін қолайлы. Теріні антисептикпен өңдегеннен соң ине канюлясымен енгізіледі. Индикатор камерасында қан көрінген жағдайда инені әрі қарай енгізілу тоқтатылады. Ине-өткізгіштігі бір қолмен бекітіп,көктамырға әрі қарай тек катетер енгізіледі, ол біртіндеп ине-өткізгіштен шешіледі.Катетер қажетті ұзындыққа енгізілген соң ине- өткізгіш алып тасталады.Содан соң катетер арнайы бітеуішпен жабылады, лейкопластырь немесе арнайы пластырьмен бекітіледі. Порт немесе арнайы жүйе арқылы (портталмаған катетерлерде) катетер жуылады. Катетерге күнделікті күтім жасау 1. Катетерге әр кез жүйе немесешприцті жалғастыру- бұл инекция егу жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды,қатаң асептика сақтап тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет. 2. Стерильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған бітеуіштерді қолдануға болмайды. 3. Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін,қан репараттарыненгізгеннен соң катетерді аз мөлшердегі физиологиялық ерітіндімен жуу керек. 4. Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап,қажет жағдайда ауыстырып отыру керек. 5. Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункция орнын үнемі қарау керек. Ісіну ,қызару, жергілікті қызба,катетер өткізгіштігінің бұзылуы,катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып тастау қажет. 6. Тромбофлебриттің алдын алу үшін пункция орнын жоғары тромболитикалық майларды (мысалы «гепаринді» «троксевазин») жұқа етіп жағу керек. 7. Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ертіндімен (5мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіи+ 2500Б гепарин ) жуу қажет. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 15 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: |