Главная страница
Навигация по странице:

  • Іс-әрекетінің алгоритмы

  • ДЕНЕНІ ЫСҚЫЛАУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты

  • Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

  • Науқастарды зембілмен тасмалдау ережелері

  • Науқасты зембілден төсекке ауыстыру

  • Науқастарды каталкамен тасмалдау

  • Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш- каталкамен тасымалдау

  • Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік есеп

  • 1.Қабылдау бөлімінің бұйрықтары

  • 2.Жоспарлы госпитализация үшін: 1-қадам

  • 3-қадам

  • 5 қадам

  • 7-қадам

  • Жедел госпитализация үшін

  • 1-қадам

  • Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік – есеп

  • Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу Мақсаты

  • емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну


    Скачать 1.36 Mb.
    НазваниеЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
    Анкоремтихан
    Дата20.06.2022
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИбраемова Шолпан Кунделик-1-5.docx
    ТипДокументы
    #606329
    страница2 из 18
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

    ПАЦИЕНТТІ ЖУЫНДЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

    Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау

    Жабдықтау:

    -жылы су құйылған ыдыс

    -дәкелер

    -қолғаптар

     Іс-әрекетінің алгоритмы:

    1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғапты киіңіз.

    2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

    3.Дәкені сулап алыңыз.

    4.Ылғалды дәкемен пациенттің бетін, содан соң құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіп алыңыз.

    5.Екінші дәкемен құрғатып сүртіңіз.

    6.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

    ДЕНЕНІ ЫСҚЫЛАУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

    Мақсаты:жеке бас тазалығын сақтау

    Жабдықтау:

    -қолғап

    -жылы су

    -дәкелер

    -клеенка

    -көрпе

    -суға антисептикалық әсері бар заттарды қосуға болады. (калий перманганатын).

    Іс - әрекет алгоритмы:

    1. Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғапты киіңіз.

    2.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

    3.Пациенттің астына клеенка салыңыз.

    4.Пациенттің денесін тұтас ашып тастамай ,суланған дәкемен дене бөліктерін кезекпен жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз, әсіресе қолтық, шап аймақтары сияқты қатпарлы жерлерді, одан соң орамалмен құрғатып сүртіңіз, құрғатқан дене бөліктерін одеялмен жауып отырыңыз. Дәл осылай дененің қалған бөліктерін ысқылап сүртіп шығыңыз.

    5. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

    6.Ауру тарихының бірінші бетіне пациентке санитарлық өңдеу. жүргізілгені жайында белгі соғыңыз.
          Білім алушының қолы ________________

          2020 ж. " мамыр "26 ____________________

          ________________________________________________________________________________

          («Әдістемелік жетекші»)

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

    Р/c №

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

    Әдістемелік

    жетекшісінің қолы

    басталуы

    аяқталуы

    1.


    Науқастарды зембілмен тасмалдадым

    09:00



    10:00




    2.


    Науқастарды каталкамен тасмалдадым


    10:00

    11:00




    3.

    Науқастарды отырғыш каталкамен тасмалдадым



    11:00



    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:
    НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ

    Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.


    1. Науқастарды зембілмен тасмалдау ережелері

    Медицина қызметкерлері зембілмен тасымалдағанда мына ережелерді сақтауы керек.

    1. Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең ұстап жатқызып салады.

    2. Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелітпей, бұрылыстарда ақырын бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек.

    3. Баспалдақпен көтерілгенде аяқ жағын көтеріп және тегістікте зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқ жағын көтеріп жүрді.

    4. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын бақылайды.

    5. Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы керек.

    6. Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда үш адамның болғаны дұрыс.

    1. Науқасты зембілден төсекке ауыстыру

    Науқасты зембілден төсекке ауыстыру кезінде зембілді дұрыс қою қажет. Науқасты ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос жер есепке алынады.

    Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны дұрыс. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене биомеханикасының шарттарын қолдануы қажет.

    Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:

    • параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта орналастыру

    • бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қояды

    • реттік әдіс: зембілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына  қою.

    Ауырлықты көтерер алдында табандарды бір-бірінен 30 см қашықтықта орналастырып және бір табанды аздап алдыға қою қажет. Мұндай қалып жақсы тірек береді, тепе-теңдікті дұрыс ұстап құлаудан сақтайды. Адамды немесе затты көтерер алдында, науқастың орналасуы алдыға еңкеймеуді талап етпейтініне көз жеткізу керек. Науқасты көтергенде өз денесіне жақын қысып ұстап, дененің жоғарғы бөлігінің вертикальді қалпын сақтай отырып, тек аяғын тізе буынында бүгу керек. Науқасты оқыс қимылсыз баяу көтеру керек. Бұрылу үшін алдымен науқасты көтеріп, содан кейін табанға тіреліп денені бүкпей баяу бұрыламыз.
    Науқасты зеңбілден (каталкадан) кереуетке ауыстыру реттілігі:

    1. Зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қою. Егер палата көлемі кішірек болса зеңбілді кереуетке параллельді қоямыз.

    2. Медициналық қызметкер каталка мен кереует арасында науқасқа бетін қаратып тұрады (параллельді әдісте).

    3.  Науқас астына қолды қою: бір санитар қолдарын бас жағына және науқастың жауырын астына салады, екіншісі – жамбас астына және санның жоғарғы жағына қойып, үшіншісі – сан ортасына және сирақ астына қолды қойып көтереді. Егер тасымалдауды екі санитар жүргізсе, біреуі науқастың қолдарын мойын және жауырын астына, ал екіншісі бел және тізе астына қойып көтереді

    4. Бір сәтте келісілген қозғалыспен науқасты көтеру және онымен бірге 90 °(егер зеңбіл параллельді орналасса - 180°-қа) кереуетке бұрылу және науқасты жатқызу.

    5. Зеңбілді кереуетке тығыз орналастырып және оны кереует деңгейімен ұстап, екеулеп (үшеулеп) науқасты зеңбіл жиегіне жаймамен тартып, содан кейін жоғары көтеріп төсегіне ауыстыру.

    Медициналық қызметкер күнделікті жұмысында науқасты ауыстыру кезінде жиі қолданатын әдісі, бұл науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру. Кереуетке тығыз қойылған зеңбілден науқасты ауыстыру нақты күшті талап етеді және көбіне қолдана беруге рұқсат етілмейді.

    1. Науқастарды каталкамен тасмалдау


    Іс-әрекет алгоритмі:


    • Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек

    • Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастын басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.

    • Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.

    • Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.

    • Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімщеге жіберілді деп хабар береді.

    • Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.




    1. Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш- каталкамен тасымалдау




    • Мейірбике аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай енкейтеді.

    • Аяққа арналған тірегішке науқастын тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.

    • Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтіреді

    • Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш- каталканың шынтақ сүйектін маңынан шықпауы керек.


    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "мамыр" 27

    ________________________________________________________________________________

          («Әдістемелік жетекші)

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік есеп

    Р/с

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері


    Әдістемелік

    жетекшісінің қолы

    Басталуы

    Аяқталуы

    1

    Қабылдау бөлімшесінің бұйрықтарымен таныстым

    9:00

    10:00




    2

    Жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызумен таныстым

    10:00

    11:00




    3

    Триаж жүйесімен таныстым

    11:00

    14:00





    Бүгінгі тақырып бойынша:

    1.Қабылдау бөлімінің бұйрықтары:

    1) Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен медициналық іріктеу жүргізіледі.

    2) Қ. Р. Медициналық ұйымдарының қолын өңдеу туралы әдістемелік ұсыным 23.04.2013 ж. N 111 бұйрығымен қолды өңдейді.

    3) «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығында медициналық қалдықтар туралы міндеттелген.

    4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 885 бұйрығымен аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын (стандарттарын) бекітеді.

    5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығымен профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын бекітеді.

    6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығымен "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекітеді.

    7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығымен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекітеді.

    1-қадам'>2.Жоспарлы госпитализация үшін:

    1-қадам – дәрігерге тіркелу орны бойынша жүгіну;

    2-қадам - емхана жағдайында минималды көлемде (қажетті) өту;

    3-қадам – дәрігердің жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсеткіштерді анықтаған жағдайда, Сіз медициналық ұйым дәрігерімен бос төсектер бар болуын талқылау керексіз;

    4 қадам – дәрігер госпитализация Бюросының порталына сіздің деректеріңізді енгізеді және қолыңызға код жазылған «Жоспарлы госпитализацияға талонын» береді, талон бойынша www.bg.eisz.kz сайтында жоспарлы емдеуге жатқызуға өз кезегіңізді бақылай аласыз,сондай-ақ стационарда бос төсек-орын туралы ақпаратты көре аласыз. Мәліметтер құпия болып табылады.

    5 қадам – стационар өтініштің тіркелген кезден бастап 2 күн ішінде Порталда жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтайды;

    6-қадам – стационармен госпитализация күні анықталғаннан кейін дәрігер Сізге жоспарлы госпитализацияға Жолдама береді. Жолдаманы Сіз емдеуші дәрігерден немесе үйге жеткізу арқылы ала алсыз.

    7-қадам – емдеуге жатқызуды күткен мерзімде Сіз емдеуші дәрігердің бақылауында боласыз. Бақылаудың үздіксіздігі міндетті болып табылады.

    8-қадам - Сіз жолдамада көрсетілген уақытта госпитализацияға келуге міндеттісіз. Күтпеген жағдаяттар туындаған болса (басқа жіті аурудың болуы, кету, билеттің болмауы т. б.) Сізге учаскелік дәрігерді уақытында хабардар ету керек.

    Жедел госпитализация үшін:

    Кенеттен болған қатты жай-күйлер және өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және шұғыл жағдайлар пайда болғанда жүктілік кезінде емделуші шұғыл тәртіпте ауруханаға жатқызылады.

    1-қадам – жедел жәрдем дәрігерін шақыру, учаскелік дәрігерді үйге шақыру, оған тұрғылықты тіркелген жеріндегі емханаға немесе стационардың қабылдау бөліміне тікелей жүгіну;

    2-қадам – дәрігер (жедел жәрдем, емхана) шұғыл емдеуге жатқызуға көрсеткіштердің болуын анықтайды және тиісті бейіндегі стационарға жолдама береді;

    3-қадам – жолдама арқылы жедел госпитализация үшін тасымалдау жедел жәрдем машинасымен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлікпен жүзеге асырылады;

    4-қадам – жедел госпитализация кезінде медициналық көмекті уәкілетті аумақтық денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен стационарлық медициналық ұйымдар көрсетеді.

    3.«Triage» — француз тілінен аудармасы «сұрыптау» дегенді білдіреді.Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде арнайы оқытылған мейіргер 3Н — жүйесі (триаж — жүйесі) бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауы үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі. Екі немесе одан да көп пациент келіп түскен жағдайда медициналық іріктеуді екі немес одан да көп қызметкер бір уақытта жүгізе алады.Пациенттің жағдайын бағалау 60 секундтан аспайды.Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:

    • бірінші топ (жасыл аймақ) –медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.

    • екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;

    • үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.

    Бағалау аяқталғаннан кейін пациент арнайы іріктеу санатының түсімен белгіленіп, білегіне бирка байланады.

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "мамыр" 28

    _______________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші)

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік – есеп

    Р/с

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері



    Әдістемелік

    жетекшісінің қолы

    Басталуы

    Аяқталуы

    1

    Қолтықтан дене қызуын өлшедім

    9:00

    10:00




    2

    Кәріжілік артериясындағы тамыр соғысын есептедім

    10:00

    11:00




    3

    Иық артериясынан артериальды қысымды өлшедім

    11:00

    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:

    1. Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу

    Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

    Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


    написать администратору сайта