Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау. Мақсаты

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Тамыр соғу параметрлері

  • 3.Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу- іс әрекет алгоритмі: АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет

  • Алған мәліметіне сипаттама беріп бағала у

  • Науқасты тексергендегі мәліметтерді жазып алу үлгісі

  • Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

  • 2.Пост мейірбикесінің міндеттері

  • Медбике жұмысынын негізгі бөлігі - кезекшілікті тапсыру болып табылады.

  • 3. ҚОЛДАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ Мақсаты

  • 4.АЯҚТАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ Мақсаты

  • 5.ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ

  • емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну


    Скачать 1.36 Mb.
    НазваниеЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
    Анкоремтихан
    Дата20.06.2022
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИбраемова Шолпан Кунделик-1-5.docx
    ТипДокументы
    #606329
    страница3 из 18
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

    Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.

    Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

    4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.

    5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

    6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

    7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

    8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

    9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

    10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

    11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

    14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    2.Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау.

    Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

    Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

    Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.

    Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

    2.Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

    3. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    4.Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпаңиялынады.

    5.Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

    6.Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік - бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

    7.Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

    8.Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

    9.Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

    10.Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

    11.Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына - графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына - сандық әдіспен жазыңыз.

    12.Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

    13.Қолынызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту:

    - қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;

    3.Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу- іс әрекет алгоритмі:

    АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет:

    1.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі. Тіреу болмаған жағдайда, өлшегенде алынған сандар шын мәнінде 7/11мм.с.б.б. жоғары көрсетеді.

    2.Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды.

    3.Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары).

    4.АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10 мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.

    5.Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.

    6.Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді.

    7.Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатып, ыңғайлы отырғанына тексеру керек.

    2. Манжетті сол жақ қолға орналастырып, қолдың жүрек деңгейінде орналасқанына көзді жеткізу керек.

    3. Манжетті дұрыс орналастыру (манжетпен қолдың арасынан бір саусақ өту керек).

    4. Иық артериясындағы пульсті анықтағаннан кейін, шынтақ шұңқырына фонендоскопты орналастыру керек.

    5. Сфигмоманометрдің вентилін жауып, пульс жоғалғанға дейін грушамен ауаны толтырамыз.

    6. Вентилді ашамыз және баяу (2 мм/ сек артпай) манжеттен аyаны шығару керек.

    7. Бір мезгілде фонендоскоппен иық артериясын тыңдап және манометрдің шкаласындағы көрсеткішті бақылап отыру керек.

    8. Алғашқы тонның пайда болуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті систолалық қысым ретінде белгілеу.

    9. Тонның жоғалуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті диастолалық қысым ретінде белгілеу.

    10.Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.

    11.Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.

    12. АҚ көрсеткішін жазу.

    Алған мәліметіне сипаттама беріп бағалау:

    қалыпты АҚ қысым:

    » САҚ 3 <120 с.б.6.6

    » ДАҚ 3 «80 с.б.6.; »

    Өзгерістері: жоғарылайды, төмендейді;

    Науқасты тексергендегі мәліметтерді жазып алу үлгісі:

    PS саны минутына 76, реті, ырғақты, толықтығы мен кернеулі қанағаттанарлық, АҚ-— 120/80 мм сын.бағ.

    Білім алушының қолы ________________

    2020 ж. "мамыр" 29

    _______________________________________________________________________________

    («Әдістемелік жетекші)

    Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

    Р/с

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып бомлған) жұмыстардың атауы

    Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

    Оқу өндірістік практиканың жетекшісінің қолы

    Басталуы

    Аяқталуы

    1

    Кезекшілікті қабылдадым және құжаттармен жұмыс жасадым

    9:00

    10:00




    2

    Пост мейірбикесінің міндетімен таныстым

    10:00

    11:00




    3

    Халі ауыр науқастың тырнағын алдым және аяғын жудым

    11:00

    14:00




    Бүгінгі тақырып бойынша:

    1.Кезекшілікті қабылдау және құжаттарды толтыру

    1. медициналық пунктте болуға; қызмет істері бойынша кеткенде өз орнына медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшіні қалдыруға және оған қайда және қанша уақытқа кететінін хабарлауға;

    2. медициналық пунктте стационарлық емделудегі науқастардың санын, сырқаттану сипатын, әрбір науқасқа тағайындалған ем мен тамақтануды білуге, дәрігердің тағайындауларын орындауға;

    3. белгіленген уақытта асханаға берілетін азық-түліктердің дұрыс сапасын айқындау және оларды ас тарату мәзіріне сәйкес қазандарға салу үшін келуге;

    4. тамақты таратар алдында оның сапасын, тағамдардың температуралық режимін, тамақтануды ұйымдастыруға, сондай-ақ асхананың санитарлық-гигиеналық жай-күйін тексеруге, ол туралы тамақ дайындау сапасын есепке алу кітабына жазба жазуға;

    5. амбулаторлық қабылдау басталғанға дейін рота бойынша кезекшілерден қабылдауға жазылған әскери қызметшілердің медициналық кітапшаларын жинап алуға және науқастардың температурасын өлшеуге;

    6. медициналық пунктке кенеттен сырқаттанған әскери қызметшілер келіп түскен кезде оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, жұқпалы сырқаттарды оқшаулау жөнінде шаралар қабылдауға және медициналық пункт бастығына баяндауға;

    7. рота (бөлімше) бойынша кезекшінің немесе бөлім бойынша кезекшінің шақыруы бойынша сырқаттанғанға медициналық көмек көрсету үшін дереу келуге, ал шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуді талап ететін жағдайларда сырқаттанғанды медициналық пунктке дереу жіберуге және бұл туралы кезекші дәрігерге баяндауға;

    8. демалыстан, іссапарлардан келген, қарауыл және асхана бойынша нарядқа тағайындалатын жеке құрамды, сондай-ақ рейске шығар (парктен шығар) алдында жүргізушілерді (механик-жүргізушілерді) медициналық тексеруді жүргізуге;

    9. медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілерден сырқаттанғандарды мұқият бақылауды және қарауды талап етуге;

    10. тағамдардың сапасын, температуралық режимін, сырқаттанғандар үшін тағам тасымалдау ережелерін сақтауға және оны уақтылы таратуға, медициналық пункт үй-жайларын жинауға және залалсыздандыруға, олардағы температураны және оларды уақтылы желдетуге бақылауды жүзеге асыруға;

    11. кезекшілікті қабылдау (тапсыру) кезінде улы және есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды және олар сақталатын шкафтардың кілттерін қол қоюмен қабылдауға (тапсыруға) және күзет дабылдамасының ақаусыздығын тексеруге;

    1. кезекшілікті қабылдаған кезде шұғыл медициналық көмек көрсетудің санитарлық техникалық көлік құралының әзірлігі мен медициналық жабдықтармен жабдықталуын тексеруге;

    2. оны бөлімнің медицина қызметі (медициналық пункт) бастығының және бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен тікелей арналуы бойынша қолдануға;

    3. кезекшілікті қабылдағаннан кейін бөлім бойынша кезекшіге медициналық пунктте

    4. стационарлық емделудегі сырқаттардың саны туралы мәліметтерді ұсынуға;

    5. медициналық пунктке медициналық пункт бастығы және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі келген кезде оларға өзін таныстыруға міндетті.

    2.Пост мейірбикесінің міндеттері:

    Бөлімшедегі әр 25 - 30 орынға 1 пост тағайындалады. Медбике посты өзіне қатысты палаталардан алыс орналаспауы керек. Пост, ішінде ауру тарихтарын сактайтын бекітілетін жәшіктері бар столмен, медбикеге арналған кресломен, медикаменттерге және медициналық құрал-саймандарға арналған шкафпен, А және Б тізімдегі дәрілік препараттарды сактауға арналған сейфпен, тез бұзылатын дәрілік препараттарды сактайтын тоназытқышпен, дәрілік препараттарды тарататын қозғалмалы столмен, әртүрлі манипуляцияларды дайындауға арналған столмен, стол лампасы және телефонмен жабдықталған. Егер сейф болмаған жағдайда, медбике столының үстінде А және Б тізімдегі дәрілік препараттарды сактауға арналған шкафтар болады. Медбикенің жұмыс орны таза болуы керек. Столының үстінде палаталардан келетін сигнализация болады.

    Сонымен қатар, қолды жууға арналған раковина болуы керек. Егер бөлімшеде жеке егу бөлмесі болмаса, онда постта егуге арналған стол, стерильді материал, құрал-саймандары бар бикс болуы керек. Постта медикаменттері бар шыны шкаф болады. Шкафтың әрбір сөресінде «Ішке», «Сыртқа», «Инъекция» деген жазулары болуы керек. Аурухана тәртібіне байланысты медбике постынын жүмысы ұйымдастыры-лады:

    Медбике жұмысынын негізгі бөлігі - кезекшілікті тапсыру болып табылады.

    1.Егер сменаға келмесе медбике өзінін постын тастап кетпеуі керек.

    2. Сменаға келген медбике кезекшілігін аяқтаған медбикемен палаталарды аралап, бөлімшенің санитарлык жағдайын тексеруі, ауыр жағдайдағы науқастарға аса көңіл бөлуі керек. Кезекшілікті тапсырып жатқан медбике, науқастар жағдайларындағы өзгерістер жөнінде хабарлайды. Дәрігер нұскауларын, оның орындалуын айтады. Келесі кезекшіліктегі орындалатын нұскауларды айтады. Кезекшілікті атқарған медбике келесі кезекшілікке келген медбикеге мыналарды тапсырады:

    1.Медициналык кұрал-саймандарды (шприцтер, термометрлер) және дәрілік препараттарды;

    2.А және Б тізімдердегі дәрілік препараттары бар сейфтің кілтін;

    3.Наркотикалық дәрілік препараттарды есепке алу және жұмсау журналына тапсырғаны және қабылдап алғаны жөнінде медбикелер кол кояды;

    4. Ауру тарихынан көшіріп алынған манипуляциялар, егулер, лабораторлы және ннструментальды зертгеулер сиякты дәрігердін тағайындаған нұсқаулар жазылған журналды;

    5.Улы және күшті әсер ететін препаратгарды есепке алу журналын;

    6. Кезекшшкті тапсыру және кабылдап алу журналын;

    7.Онда науқастардын жалпы саны, ауыр жағдайдағы және кызбасы бар науқастардын саны, жедел көрсетілетен нұскаулар, медициналық кұрал-саймандардын саны, техникалық жағдайы көрсетіледі.

    8. Медбикелік кұжаттардың негізгі түрлері: ауру тарихының сыртқы беті, дәрігерлер тағайындаған нұскаулар егу және дене кызуын тіркеу парағы пориионник «наркотикалык дәрілік препараттарды есепке алу және жүмсау» журналы «кезекшілікті тапсыру және қабылдау» журналы.

    3. ҚОЛДАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ

    Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке

    қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты,

    сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын

    түсіндіріңіз.

    2. Аз ғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың

    алдына қойыңыз.

    3. Науқастың қолының саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар

    ыдысқа салыңыз.

    4. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

    6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс

    сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.

    7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп,

    тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың

    саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.

    8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.

    9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

    10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал

    сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

    11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

    4.АЯҚТАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ

    Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

    Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке

    қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты,

    сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

    3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

    4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың

    аяқ басын салыңыз.

    5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп,

    сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістеуікпен немесе

    қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

    6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

    7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

    8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар

    ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.

    9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

    5.ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


    написать администратору сайта