емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. 2.Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. 3.Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. 4.Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 5.Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз, қолғапты киіңіз. 6.Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. 7.Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. 8.Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. 9.Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз. 10.Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. 11.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 6 ________________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші») Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру. Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы). Іс- әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2.Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 3.Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда). 4. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 5.Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз. 6.Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз). 7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 8.100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз. 9.Қақпақпен контейнерді жабыңыз. 10.Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз. 11.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз. 12.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады; зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды. 2.Нечипоренко әдісімен зәрді жинау Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер). Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында). Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. 2.Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз 4.Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 5.Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз. 6.Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз 7.Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз. 8.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады. Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау. Формалы элементтердің қалыпты көрсетілімдері: лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін; эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін; цилиндрлер – жоқ. 3.Зимницкий байқауына зәрді жинау Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурездерді анықтау. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары. Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: 1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз: зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын; зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады. 2.Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 3.Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз. №1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін, №2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін, №3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін, №4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін, №5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін, №6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін, №7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін, №8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін. 4.24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек. 5.Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарыңыз. Ескерту: Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»; порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі. Зимницкий байқауы – бұл бүйрек қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек кызметіне тән: Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады. Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді. Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы. Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы. Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі. 4.Диастазаға зәрді жинау Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін). Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары. Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, алған күнін көрсетіңіз). Іс әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз. 2.Таңертең жаңа бөлінген зәрдің мөлшерін контейнерге жинаңыз. 3.Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз). 4.Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде лабораторияға апарыңыз. Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбеюі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды. 5.Қантты анықтауға зәрді жинау Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау. Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу. Дайындаңыз: бір рет қолданылатын контейнерді, сыйымдылығы 3 л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. 2.Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет. 3.3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай). 4.Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін). 5.Қолғапты киіңіз. 6.3 литрлік банкідегі бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз. 7.3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз. 8.100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз). 9.Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз). 10.Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз. 11.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады. 6.Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу. Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары. Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. 2.3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады деп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады. 3.Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады. 4.Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады. 5.Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз: нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет; ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады. 6.Науқас қолғапты шешіп контейнерге салады, қолын жуып, құрғатады. 7.Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын). Ескерту: тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар; клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды. 7.ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу. Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртының түрін анықтау. Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы). Іс-әрекет алгоритмі: Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз: науқас нәжісті алар алдында қолғапты киюі қажет; үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, науқас нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады. Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салады, қолын жуып және құрғатуы қажет. Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минуттен кешіктермей). |