емтихан. Ибраемова Шолпан Кунделик-1-5. ЭЭэээээ атырау жоары медициналы колледжі Алмалы протез саланнан кейін кілегейде,альвеолярлы сіндіде ісіну
Скачать 1.36 Mb.
|
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы. Дайындаңыз: клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз. 4. Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек. 5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз. 6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз. 7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз. 8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз. 9. Тырнақтарын алып тастаңыз. 10. Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз. 11. Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 12. Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз. 13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "мамыр" 30 _______________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші) Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.Ішкі киімді ауыстыру Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау. Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі. Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, терінің мейірбике қолымен жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы. Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз. 4.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз. 5.Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз. 6.Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз. 7.Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз). 8.Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз). 9.Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз. 10.Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз. 11.Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз. 12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды. 1.Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс) (екі мейірбикемен орындалады) Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады. Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа жайлы жағдай жасау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау. Дайындаңыз: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді). 4.Бір мейірбикенің алақандарын жоғары қаратып ұстап науқастың басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз. 5.Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап науқастың беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз. 6.Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған науқастың басын түсіріңіз. 7.Науқастың жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз. 8.Науқастың жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Науқастың үстін жабыңыз. 9.Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз. 10.Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Білім алушының қолы ________________ 2020 ж. "маусым" 1 _______________________________________________________________________________ («Әдістемелік жетекші) Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Бүгінгі тақырып бойынша: 1.Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу. Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 2 науаны, 2 пинцетті, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпательді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолданылған заттарды салатын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз. 3.Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз. 4.Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз. 5.Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз. 6 Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 7.Науқастан тістерін сығылыстыруын өтіңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз). 8.Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз. 9.Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз. 10.Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетіне де дәке тампондарын ауыстыра отырып, тазарту жүргізіңіз. 11.Тілді залалсыздандырылған дәке сүрткісімен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке сүрткісімен тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз. 12.Дәке сүрткісімен антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз. 13.Пинцетті, шпательді, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған науаға салыңыз. 14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз. 15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз. 16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 17.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар; халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек. Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды. 2.Көзге дәрі тамызу Қ ажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, тамызғыш. Іс- әрекеттер: 1. Дәрігердің тағайындаған дәрісінің атын, тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. 2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. 3. Залалсыздандырылған тамызғышқа тағайындаған ерітіндіні сорып алыңыз. 4. Науқастың басын артқа қарай шалқайтып және жоғары қарауын сұраңыз. 5. Сол қолдың екінші саусағымен төменгі қабақты төмен тартып, тамызғышты кірпікке тигізбей (1,5 см жақын ұстамаңыз) дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне әуелі бір тамшы, аз уақыттан кейін екінші тамшыны тамызыңыз. 6. Қабақты босатыңыз, айналасын жайлап мақта тампонымен сүртіңіз. 7. Екінші көзге дәріні осылайша тамызыңыз. Көзді жуу Қ ажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан). Іс - әрекеттер: 1. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз. 2. Арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйып, пациенттің алдына қойыңыз. 3. Науқасты еңкейтіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып, су ақпайтындай етіп, көтеріп алады. 4. Кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады. 5. Стаканды көзінен алмай, үстел үстіне қояды. 6. Жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраңыз. Мына тәртіппен де көзді жууға болады: 1. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз. 2. Залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығыңыз. 3. Сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуыңыз. 4. Сол қолмен басқа мақта тампонын алып, оң көзді жоғарыдағыдай тәртіппен жуыңыз. 5. Қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз. Көзге май жағу Қажетті заттар: көзге жағатын май, шыны қалақша. Іс- әрекеттер: 1. Шыны қалақшаның бүтіндігін тексеріңіз, майдың атын, мерзімін оқыңыз. 2. Пациентті алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз. 3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап, кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз. 4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына салыңыз. 5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап, қабыстырыңызда, ақырындап қалақшаны шығарып алыңыз. 3.Құлақты күту Мақсаты: құлақтың көп жиналғанынан естудің төмендеуінің алдын алу. Қажетті заттар:астауша, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған турунда, тамызғыш, Жане шприці, 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі, фурациллин ерітіндісі және зарарсыздандыру ерітіндісі. Іс- әрекеттер: 1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз. 2. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып, тамызғышпен бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын тотығын тамызыңыз. 3. Мақтадан жасалған таяқшамен құлықты шығарыңыз. 4. Құлақта құлық көп болса, құлақтың ішін жуыңыз. 5. Жана шприцына 150-200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алыңыз. 6. Науқасты отырғызып немесе жатқызып, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп, астаушаны қолына ұстатыңыз. 7. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің ағынын, оның жоғарғы, артқы қабырғасына бағыттап жіберіңіз. 8. Ем шараны істеп болғаннан кейін құлақты салфеткамен сүртіңіз. 9. Мақта тампонымен аз уақыт жауып қойыңыз, сосын алып тастаңыз. Құлаққа дәрі тамызу Қажетті заттар: дәрі, залалсыздандырылған мақта, салфетка Іс - әрекеттер: 1. Дәріні 36ºС жылытыңыз. 2. Ал егер науқастың құлағына дәрі тамызу керек болса, басын сау жағына қисайтыңыз. 3. Сол қолмен құлақтың сырғалығынан тартып, оң қолмен 2-3 тамшы жылы ерітіндіні тамызыңыз. Науқас сол қалпында 10-15 минут жату керек. 4. 10-15 минут өткеннен кейін, ол басын ауырған құлағы жағына қарай қисайтып тамызған дәріні қайтадан сыртқа шығарады. 5. Содан кейін құлаққа бірнеше минут шағын домалақтанған мақта салып қояды. 4.Мұрын қуысын күту Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу. Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин немесе өсімдік майын, науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз. 3.Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз. 4.Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз. 5.Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз. 6.Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз. 7.Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз. 8.Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (катып қалған қабыршықтар болған кезде). 9.Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді. 10.Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз. 11.Қолғапты шешіңіз. 12.Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. |