Главная страница

Гинекология все в одном 2. Госпитализациялау 3 дегейдегі стационара преэклампсия ауыр дрежесінен


Скачать 2.39 Mb.
НазваниеГоспитализациялау 3 дегейдегі стационара преэклампсия ауыр дрежесінен
Дата10.05.2022
Размер2.39 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаГинекология все в одном 2.docx
ТипДокументы
#520582
страница103 из 104
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104

C) Толық емес асқынбаған инфицирленген түсік

D) Толық емес асқынған инфицирленген түсік

E) Толық түсік
106. Симптомокомплекс: субфебрилитет, жыныс жолдарынан жағынды түріндегі қанды бөліністер, анамнезінде екі апта бұрын түсік болған, бұл тән:

А) Плацентарлы полип

B) Толық емес өздігінен түсік

C) Толық емес асқынбаған инфицирленген түсік

D) Толық емес асқынған инфицирленген түсік

E) Толық түсік
107. Ауруханадан тыс инфицирленген түсікке тән көріністер болып табылады:

А) Іштің төмеңгі бөлігінде және белде ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, дене қызуының 37° С жоғары көтерілуі, ұрық жұмыртқасының немесе тін бөлшектерінің шығуының көріністері

B) Іштің төмеңгі бөлігінде және белде ауырсыну, жыныс жолдарынан іріңді бөліністер, дене қызуының 39° С дейін көтерілуі

C) Іштің төмеңгі бөлігінде ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, тін бөлшектерінің шығуының көріністері, медициналық түсік

D) Іштің төмеңгі бөлігінде ауырсыну, дене қызуының 38° С дейін көтерілуі, жыныс жолдарынан қанды-іріңді бөліністер, жатыр маңы клетчаткасының инфильтрациясы

E) Іштің төмеңгі бөлігінде және белде ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды-жағынды бөліністер, артериальді қан қысымының төмендеуі, лихорадка, олипкрия немесе анурия
108. Симптомокомплекс: Дене қызуының 38° С дейін көтерілуі, қалтырау, жыныс жолдарынан іріңді бөліністер, жатырдың ауырсынуы, жатыр маңы клетчаткасының инфильтрациясының болмауы, ұрық жұмыртқасының элементтері іріңді ыдыраған жағдайда. Сіздің емдеу әдісініз:

А) Ұзақ антибактериальды ем

B) Жатыр қуысын қыру және антибактериальды ем

C) Жатыр қуысын қыру, іштің төмеңгі бөлігіне суық

D) Жатыр ампутациясы

E) Жатыр экстирпациясы
109. Аурухандан тыс түсік кезіндегі септикалық шокқа тән: гемодинамика, тыныс алу, бүйрек және бауыр, метаболизм бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, инфекция симптомдары мыналарға байланысты дамиды:

А) Өкпе ісінуі, қантамыр ішілік гемолиз, жедел бүйрек жетіспеушілігі, ҚШҰ синдромының дамуы, сананың бұлыңғырлануымен ауысатын қозу

B) Дене қызуының көтерілуі, іштің төмеңгі бөлігінде ауырсыну, мәжбүрлік жағдайда аяғын тізесінде бүгіп жату

C)Кенеттен іштің төмеңгі бөлігінің, шаптың ауырсынуы, суық тер, артериальді қан қысымының төмендеуі, әлсіз жиі пульс, жүрек айну, тері жабындыларының және шырышты қабаттардың бозғылттығы

D) Дене қызуының көтерілуі (39-40°С), көп ретті қайталамалы қалтырау, жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінің өршуі, тахипноэ, жеке мүшелердің зақымдалуы

E) Қола реңді айқын сарғаю, олигонурия немесе анурия, зәрдің қызғылт түсі, дене қызуы кейде жоғарылайды, кейін критикалық төмендейді, есі тежелген, бірақ сақталған.
110. Ауруханадан тыс түсік кезінде түсіктен кейінгі перитонит жиі дамиды, себебі–

А) Хорион және децидуальды қабықшаның бөлшектерінің қалуы

B) Бедеулікке әкеледі

C) Инфекцияның жатыр және кіші жамбастан тыс таралауы дамиды

D) Плацентарлы полиптерді дамытады

E) Аналық бездердің дисфункциясын тудырады

111

Түсіктің жиі кездесетін асқынулары: профузды қан кету, анаэробты сепсис, септикалық шок, себебі –

А) Имунологиялық реактивтіліктің төмендеуіне байланысты инфекция дамиды

B) Аналық бездердің дисфункциясын тудырады

C) Бедеулікке әкеледі

D) Плацентарлы полиптерді дамытады

E) Жатыр қабырғасының жұқаруын тудырады

112

Симптомокомплекс: науқас стационарға ауруханадан тыс түсіктен кейін жатыр перфорациясына күдікпен түсті. Дәрігер тактикасы клиникалық көріністерге байланысты, себебі–

А) Қан кету көлемін, инфекцияның және перитониальді көріністердің бар жоқтығын ескеру

B) Қынаптық зерттеулер, зондтау, қан кету деректері

C) Генеративті қызметтің сақталуы маңызды

D) Перфорациялық саңылауды тігумен шектелу мүмкін

E) Кіші жамбас мүшелерінің ревизиясымен шектелу мүмкін

113

Ауруханадан тыс түсіктен кейін дамыған сепсис кезінде инфекция көзін хирургиялық жою 6-8 сағаттан соң жасалады, себебі–

А) Науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен бірге жүреді

B) Интоксикация көріністерінің өршуі

C) Қабыну көріністері басылады

D) Қан көрінісі қалыптасады

E) Кешенді консервативті ем қажет

114

Нюринберг үштігі анаэробты сепсис кезінде кездеседі, себебі бұл үштікке келесі клиникалық көріністер кіреді:

А) Терінің қола түсті реңі, таяқша-ядролы лейкоциттердің төмеңдеуі

B) Қою түсті плазма, қою түсті зәр

C) Бактериурия, дене қызуының критикалық төмендеуі

D) Олигоурия немесе анурия, билирубин деңгейінің төмеңдеуі

E) Гемолиз нәтижесінде жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы, гемоглобин деңгейінің жоғарылауы

115. Нервті анорексия кезіндегі мына деңгейдегі бұзылысқа негізделген:

А) Бас ми қыртысы.

В) Гипоталамус.

С) Гипофиз.

Д) Аналық без.

Е) Жатыр.

116. Лоренс-Муна-Бидля синдромындағы аменорея мына деңгейдегі бұзылысқа негізделген:

А) Бас ми қыртысы.

В) Гипоталамус.

С) Гипофиз.

Д) Аналық без.

Е) Жатыр.

1117

Екіншілік аменорея себебі болуы мүмкін:

А) Психогенді күйзеліс.

В) Жыныс мүшесі туберкулезі.

С) Дене салмағының айқын жетіспеушілігі.

Д) Босануда көп қан жоғалту.

Е) Хламидиялық инфекция.

118. Аменореямен ауыратын науқастарға функционалды гормоналды сынама мына мақсата жасалады:

А) Жатыр аномалиясының диагностикасы.

В) ОНЖ органикалық зақымдалу диагностикасы.

С) Репродуктивті жүйе зақымдалу деңгейін анықтау.

Д) Түрік ершігі құрылысын анықтау.

Е) Жатыр рецепторларының сезімталдығын анықтау.

119.Жүктілік немесе босану кезінде массивті қан жоғалтып қайта қалпына дұрыс келтірілмеген патологиялық синдром қалай аталады:

А) Шихан.

В) Симмондс

С) Бабинский- Фрелих.

Д) Киари-Фроммель.

Е) Посткастрационды.

120. Науқас 22 жаста.Біріншілік аменорея тексеру кезінде жыныстық хроматин 0, хромасомды жинақ 44XУ (еркектік кариотип).Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:

А) Шерешевский-Тернер синдромы.

В) Шихан синдромы.

С) Лоренс-Муна-Бидля синдромы.

Д) Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация).

Е) Бабинский-Фрелих синдромы.

121.Бүйрек үсті бездік генезді аменореяда бірінші орында қандай тексеру дұрыс:

А) Зәрде прегнандиолды анықтау.

В) Қанда прогестеронды анықтау.

С) Зәрде 17-кетостероидты анықтау.

Д) Қанда фолликула стимульдеуші гормонды анықтау.

Е) Қанда эстрогенді анықтау.

122. К.,25 жаста гинекологқа етеккірі болмауына,әлсіздіке,енжарлыққа шағымданып келді.1 жыл бұрын босанған,көп мөлшерде қан кеткен,гемотрансфузия жасалған.Босанған соң сүтті аз болған,кейінен лактация толығымен тоқтады.Объективті:әйел арықтаған,сүт бездері солған,қолтық астында,қасағада түктену аз.Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған,депигментирленген.РV:қынабы сыйымды,жатыр мойны қысқарған,жатыр денесі кішкентай,қосалқылары анықталмайды.

Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:

А) Шерешевский-Тернер синдромы.

В) Бабинский- Фрелих.

С) Шихан синдромы

Д) Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация).

Е) Лоренс-Муна-Бидля синдромы.

123. Г., 22 жаста жүктілік және етеккір болмауына байланысты келді.Анамнезінен:сау бала болып өсті,13-15 жасында шап жарығына операция жасалған.Тұрмысқа 20 жасында шықты.Күйеуі 20 жаста.Туған әпкесінде етеккірі жоқ.Қарағанда бойы 156см,салмағы 55кг,екіншілік жыныс белгілері жақсы дамыған.Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс орналасқан.Айнада:қынабы тұйық бітеді,жатыр мойны жоқ.РV:қынабы босанбаған,жатыр мойны және қосалқылары анықталмайды.

Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:

А) Біріншілік аменорея.

В) Екіншілік аменорея.

С) Қынап атрезиясы.

Д) Жатырлық аменорея.

Е) Аналық без дисфункциясы.

124. Аменорея,гирсутизм,бедеулік,семіздік,аналық бездің екі жақты ұлғаюына кіретін симптомды комплекс.

Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады:

А) Адреногениталды синдром

В) Иценко-Кушинг синдромы

С) Киари-Фроммель синдромы

Д) Штейн-Левенталь синдромы

Е) Лоренс-Муна-Бидля синдромы

125.Аменореяның жатырлық формасында (Ашерман синдромында) келесі көрсетілген ем тағайындалады,неге?

А) Соматикалық аурулар мен урогениталды асқынуларды алдын алу үшін алмастырушы гормонды терапия.

В) гистероскопиямен бақылау арқылы жатыр ішілік синехияларды кюреткамен кесу,ЖІС қойғаннан кейін эстрогендермен емдеп етеккір және репродуктивті қызметті қалпына келтіру

С) Гонадотропты препараттармен емдеу (адамның менопаузалды гонадотропині) фертильдікті қалпына келтіру

Д) Хирургиялық араласу-андроген бөлетін стромалды тін көлемін төмендету,гиперандрогенияны азайту,фолликулалардың қалыпты өсуін және жетілуін қалыптастыру

Е) Гипофизден ЛГ төмендету үшін таза гестогендермен және эстроген-гестогендермен контрацептивті тәртіпте,тестерол және андостендионды тека-жасушамен.

126.Аменореямен ауыратын науқастарға функционалды гормоналды сынама мына мақсатта жасалады:

А) Гениталий даму аномалиясына диагностика жасау

В) Репродуктивті жүйенің зақымдалу деңгейін анықтау үшін

С) ОНЖ органикалық зақымдалуын диагностикалау

Д) Жатыр рецепторларының сезімталдығын анықтау

Е) Түрік ершігі құрылысын анықтау

127.Гипергонадотропты аменорея диагностикасында негізгі әдісі.

А) Кариотипті анықтау

В) Жатыр түтікшелері өткізгіштігін тексеру үшін гистеросальпингография жасау,жатыр қуысының қабырғасының анатомиялық өзгерістерін анықтау,кіші жамбас астауындағы жабысқақ процесті анықтау

С) УДЗ тексеру-тіндер қалыңдығы,консистенциясы және құрылысындағы патологиялық процесті анықтау

Д) Іш қуыс мүшелерін қарап патологияны анықтау үшін-лапароскопия.

Е)Лапароскопия гонадалар биопсиясымен-іш қуыс мүшелерін қарап, патологияны анықтау.Гонадалар биопсиясынан алынған затты гистологиялық тексеруге жіберу

128.Науқас В,. 25 жаста гинекологқа етеккірі болмауына,әлсіздіке,енжарлыққа шағымданып келді.1 жыл бұрын босанған,көп мөлшерде қан кеткен,интенсивті ем алған, гемотрансфузия жасалған.Босанған соң сүтті аз болған,кейінен емдік шараларға қарамастан лактация толығымен тоқтады.Объективті:әйел арықтаған,сүт бездері солған,қолтық астында,қасағада түктену аз.Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған,депигментирленген.РV:қынабы сыйымды,жатыр мойны қысқарған,жатыр денесі кішкентай,қосалқылары ерекшеліксіз.

Дұрыс диагноз таңдаңыз?Осы диагноздағы негізгі симптом.

А) Шерешевский-Тернер –салмақ жетіспеу,аналық бездің солуы

В) Бабинский- Фрелих синдромы –лактация тоқтауы

С) Моррис синдромы-жатыр мойны қысқарған,жатыр денесі қалыптыдан кішкентай.

Д) Шихан синдромы -босанғаннан кейін көп мөлшерде қан жоғалту

Е) Иценко-Кушинг синдромы- жыныс мүшелері атрофиясы, депигментациясы

129.Науқас Ф., 34 жаста шағымы тез прогрессирленген гирсутизм,етеккір тоқтауы.Өзін 6 айдан бері науқас деп санайды,етеккірі кешігіп,бетінде түктену пайда болған (сақал,мұрт) соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған.Қарағанда:бойы-152см,салмағы 57кг.Айқын гирсутизм,сүт бездері атрофияланған.Сүт бездерінде бөліністер жоқ.PV:Жатыр мойны цилиндр тәрізді,сыртқы араны жабық.Жатыры ұлғаймаған,сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз.Оң жақтан тығыз түзіліс пальпацияланады 5,5*4,5*5,0 см. Дұрыс диагноз таңдаңыз?Осы диагноздағы негізгі симптом

А) Адреногениталды синдром-айқын гирсутизм,артық салмақ.

В) Бүйрек үсті безі ісігі-артық салмақ,сүт безі атрофиясы

С)Аналық безінің поликистозды синдромы-бетте түктену(сақал,мұрт)етеккір болмауы

Д) Аналық бездің гормон өндіруші ісігі-оң жақ қосалқы маңында түзіліс пальпацияланады,гормоналды ісік белгілері-айқын прогрессирлеуші гирсутизм,етеккір болмауы.

Е) Иценко-Кушинг синдромы- артық салмақ, бетте түктену(сақал,мұрт)

130.Науқас Ф., 34 жаста шағымы тез прогрессирленген гирсутизм,етеккір тоқтауы.Өзін 6 айдан бері науқас деп санайды,етеккірі кешігіп,бетінде түктену пайда болған (сақал,мұрт) соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған.Қарағанда:бойы-152см,салмағы 57кг.Айқын гирсутизм,сүт бездері атрофияланған.Сүт бездерінде бөліністер жоқ.PV:Жатыр мойны цилиндр тәрізді,сыртқы араны жабық.Жатыры ұлғаймаған,сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз.Оң жақтан тығыз түзіліс пальпацияланады 5,5*4,5*5,0 см. Осы ауруды анықтауда ақпаратты әдіс?неге?

А) Микроскопиядағы жағынды –патогенді флораны анықтау

В) УДЗ-оң жақ қосалқы маңындағы түзілісті анықтау

С)ГСГ-жатыр түтікшесі және оның өткізгіштігін анықтау

Д) Гормонды анықтауға зәр және қан анализі-ісіктен гормондардың көп мөлшерде бөлінуін және экскрециясын анықтау

Е) Гистероскопия-эндометриойдты көздерді анықтау.

131.Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометридтегі өзгерістер сипаты:

А) Атрофия

В) Пролиферация

С) Безді –кистозды гиперплазия

Д) Децидуалды транформация

Е) Эндометрий полипі.

132.Гинекологиялық аурулар кезіндегі бұғана асты аймағындағы ауырсыну иррадиациясы негізгі симптом болып табылады:

А) Аналық без кистасы

В) Жатыр миомасының

С) Түсік қаупінің

Д) Басталған түсіктің

Е) Жарылған түтікшелік жүктіліктің

133.Жүкті әйел, 24 жаста, гинекологиялық бөліміне 27.Х.2009 ж. Жыныс жолдарынан қанды шағынды бөліністерге шағымданып түсті. Тұрмыс құруына 2 жыл. Сонғы етеккірі 25-28.07.2009 ж, өзін шүктімін деп санайды. Біріншілік госпитализация 7.10.2009 іштің төменгі бөлігінде ауырсынумен, қанды жағынды бөліністермен байланысты түсті. Жағдайы жақсарумен шығарылды. Жалпы жағдайы қаңағаттарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті.Тілі таза ,ылғалды. PS-70/ мин рет, толуы мен кернеуі қанағаттарлықтай. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Айнада қынап шырышы және жатыр мойыны көгерген. Жатырдан қою түсті қанды жағынды мен бөліністер. Жатыр anteflexio-versio, қозғалмалы. Жатыр денесі жұмсақ консистенциялы, жүктіліктіктің 7-8 аптасына сай ұлғайған. Жатыр денесі солға ығысқан, жатырдан оң жақта жұмсақтау – эластикалық ісік анықталады. Көлемі ер жұдырығындай. Ісік оң жақ бұрыш аймағына жатырға жанасқан. Пальпация кезінде аймағы аздап ауырсынады. Ісік жақта қалыпты көлемде аналық безі анықталады.Сіздің диагнозыңыз?

А) Оң жақты түтікшелі жүктілік, түтікшелі түсік түрінде бұзылу.

В) Сол жақты түтікшелі жүктілік, түтікшелі түсік түрінде бұзылу.

С) Жүктіліктің 7-8 аптасында өздігінен ерте түсік қаупі.

Д) Жүктіліктің 7-8 аптасында өздігінен кеш түсік қаупі.

Е) Оң жақты түтікшелі жүктілік, түтікше жарылуы түрінде бұзылу.

134.Жүкті әйел, 27 жаста, 19.35 жедел жәрдеммен клиникаға әкелінді. Өзін жүктімін деп ойлап әйелдер кеңесіне жүктілікті үзу мақсаты мен барған, бірақ қарағанда жүктілік анықталмаған. Науқас есі анық, қоршаған ортаға әлсіз көзқараспен. Сұрақтарға бірде күрделі жауап береді. Тері жабындылары және шырышты қабаты боз, маңдайында суық тер басқан.Пульс минутына 130 соққы, әлсіз толымды, жиі, нашар саналады. АҚҚ 70\50 мм.сын.бағ. Іші біртегіс кепкен, перистальтикасы жоқ. Құрсақ қуысы қабырғасының пальпациясында іш бұлшықсттерінің айқын қатаюы анықталады, және пальпацияда күшейеді. Сыртқы қан кетуі жоқ. Нв = 51 г/л, Эр 3 000 000, лейкоциттер 5600 .Сіздің диагнозыңыз?

А) Жатырдан тыс жүктілік, түтікше жарылуы түрінде. Геморрагиялық шок 1 дәреже.

В) Жатырдан тыс жүктілік, түтікше жарылуы түрінде. Геморрагиялық шок 3 дәреже.

С) Жедел сальпингоофорит.

Д) Өздігінен түсік қаупі.

Е) Аналық без апоплексиясы.

135.Науқас, 28 жаста, етеккірінің 14 күнге кешігуінде ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынуға және қою-қанды бөліністерге шағымданып түсті.5 жүктілік болған; босану 1 және 4 медициналық түсік соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 80 соққы минутына, АҚҚ 110/170 мм.сын.бағ.Айнада ; қынап шырышы және жатыр мойны цианозды, қою қанды бөліністер: PV: жатыр қалыпты орналасқан, қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз.Қосалқылары аймағында сол жақтан тесталы консистенцияда түзіліс анықталады,ауырсынады.Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбезі қалыңдаған, ауырсынады. Осы тізімдегі диагноздарда мұндай клиникалық көрініс анықталады.

А) Толық емес түсік

В) Жатырдан тыс жүктілік

С) Аналық без кистомасы

Д) Эдометрит

Е) Жедел сол жақты аднексит

136.Науқас К, 29 жаста, іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынуға, тік ішекке иррадиациямен және жыныс жолдарынан қанды жағындымен бөлініске шағымдана түсті: мини – түсіктен соң 2 күн ауырған. Босану – 1, медициналық түсік – 2.Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 78 соққы минутына, АҚҚ 115/70 мм.сын.бағ. Айнада: қинап шырышы және жатыр майны цианозды, бөліністері қанды, қанаралас. PV: Жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Оң жақтан қосалқы аймағында айқын емес контурда түзіліс пальпацияланады, тесталы консистенция да, ауырсынады. Артқы күмбезі қалындаған, ауырсынады.Диагнозыңызды айтыңыз:

А) Жедел метроэндометрит

В) Жатыр қосалқысының созылмалы қабынуының өршуі

С) Жатырдан тыс жүктілік

Д) Ұрық жұмыртқасы қалдықтары

Е) Жедел сол жақты параметрит.

137.Науқас С, 28 жаста, ұстама тәрізді ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды жағындымен бөліністерге шағымдана түсті. Науқас апатиясы, тежелуі. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышы бозғылт, суық тер басқан. Етеккірі 3 аптаға тоқтаған.Анамнезінен: созылмалы сальпингоофорит, 2 медициналық түсік іш кепкен, перистальтика жоқ. Құрсақ қуысын пальпациялауында іш бұлшықеттері мөлшері қатайған, пальпация кезінде күшейеді.Айнада: қынап және жатыр майны шырышы цианозды, бөліністері қанды,қанаралас.PV; жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған,жатыр мойны ауырсынады, қынаптың артқы күмбезінің салбырауы және жедел ауырсыну. Қай симптом туралы жазылады?
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104


написать администратору сайта