Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
| Пәні:
| Математика негіздері
| Бөлімі
| «Менің айналамда кімдер бар?»
| Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
| Күні :
|
| Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Достарыммен ойнаймын. Заттардың қасиеттері. Заттар жиыны. Заттарды жиынға біріктіру.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру
Жиын элементтерін атау.
| ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша топтастырылғанын көрсетеді.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз бетінше жиындарды жасайды.
| Барысы
| Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Педагог балалармен ойнауды жақсы көресіңдер ме, достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар деп əңгімелеседі. Олардың ҰОҚ- де пайдалы жəне қызықты ойындар ойнай алатыны туралы хабарлайды.
Өзектендіру.
«Затты тап» ойыны.
Топпен ойнаймыз. Мысалы, бұл заттың пішіні дөңгелек пе? Ол қызыл түсті ме? Бұл киімнің бөлшегі ме? Бұл ыдыс па?
|
Балалар әңімелейді
Əр команда (топ) бір затты жасырады Ал басқа командалардың (топтардың) мүшелері оларға «иə» немесе «жоқ» деген жауаптар беруге болатын сұрақтар қояды.
|
Бағалау:
Смайликтер арқылы
| Үлестірмелі материал
| ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ)Жиынтық полотномен (немесе кесілген материалға ұқсас) жұмыс. Жиынтық полотнода фигуралардың екі тобы қойылған. Бірінде түстері бойынша, екіншісінде пішіні бойынша фигуралар жиналған. Педагог мынадай сұрақтар қояды: Мына топтағы заттар несімен ортақ? (Барлық фигуралар жасыл түсті.) Екінші топтағы заттар несімен ортақ? (Олардың пішіні бірдей.)
Жаңалық ашу.
(Ұ) Қандай фигураларды бірінші (екінші) топқа қосуға болады?
Əрі қарай топтағы артық затты іздеуге арналған тапсырма беріледі жəне зат қандай белгісі бойынша алынып тасталатыны негізделеді. Алдымен белгілі бір белгісі бойынша «артық» затты таңдау ұсынылады – шешімдер нұсқаларынсыз (түсі, пішіні, көлемі бойынша). Ал содан соң əртүрлі «артық» зат болуы мүмкін тапсырма ұсынуға болады.
Мысалы, бір зат түсі бойынша «артық», екіншісі – пішіні бойынша.
Мына топта қандай зат артық жəне не үшін екенін айта аласыңдар ма? (текше – пішіні бойынша, қызыл шар – түсі бойынша).
Жаңаны қолдану.
(Ж) Əліппе-дəптердегі
1-тапсырма. Балалар заттарды қарап, олардың белгілерін (пішінін, түсін, көлемін) айтады. Содан соң педагог заттарды түстері бойынша қорапшаларға жинап, оларды санауды ұсынады. Мұғалім əрбір қорапшаға айналасындағы тағы қандай заттарды (ойыншықтарды) салуға болатынын ойланып көруді ұсынады.
(Ж) №2 тапсырманы мысалы, тек қатарларды ғана жалғастырып қоймай, бірінші қатардағы пішіні бірдей фигураларды бір түспен боятып, күрделендіруге болады.
Сергіту сәті
№3 тапсырманы орындамас бұрын түс – пішін – көлем деген шартты белгілер нені білдіретіні нақтыланады. Əрі қарай тапсырма кейіннен тексеру арқылы өз бетінше орындалады
| Бірінші топтардың бірі қаралады.
Балалар фигураларды кенепке немесе жұмыс үстелдеріне – кесілген фигураларды қояды
Тапсырмаларды орындайды
|
Бағалау:
Смайликтер арқылы
Бағалау:
Смайликтер арқылы
Бағалау:
Смайликтер арқылы
| Электронды қосымша.
Үлестірмелі материалдар.Кес ілген геометриялық фигуралар.
Əліппе-дəптер
| IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Білім ағашы» арқылы бағалауды ұсынады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
|
Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
| Пәні:
| Математика негіздері
| Бөлімі
| «Менің айналамда кімдер бар?»
| Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
| Күні :
|
| Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі. Тізбек жəне заңдылық.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 1-ден 20-ға дейінгі сандардың реттік қатарында қалып қойған санды атау.
Заңдылықты талдап, қатені мұғалімнің көмегімен табу.
| ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша топтастырылғанын көрсетеді.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз бетінше жиындарды жасайды.
| Барысы
| Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Лексикалық тақырыпқа кірісу үшін педагог аналар туралы, көбінесе олар үйде қандай жұмыстарды орындайтыны жəне балалар оларға қалай көмектесе алатыны туралы əңгіме жүргізеді.
Өзектендіру.
Педагог сұрақтар қояды:
– Заттар қандай белгісі бойынша жиналған? Түсіндіріңдер.
–Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады?
|
Көбінесе пəтерді жинағанда заттарды орын-орнына қояды.
|
Бағалау:
Смайликтер арқылы
| Үлестірмелі материалдар
Электронды жиынтық полотно,
№34 кесте
| ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Жиынтық полотнода педагог заттар жиынын құрастырады. Мысалы, музыкалық аспаптар жиыны, киімнің жиыны.
(Ұ) – Заттарды қарап шығыңдар.
– Оларды қандай ортақ сөзбен атауға болады? (Музыкалық аспаптар).
–Мұқият қараңдар, екінші топтағы заттарды қалай атауға болады? (Киім) Барлығы дұрыс па ?
– Бүгін біз заттарды белгілері бойынша іріктеп, артығын алып тастауды үйренеміз жəне оны бекітеміз.
Өздік жұмыс.
(Ұ) Əліпби-дəптердегі
№ 1 тапсырманы орындауды ұсынады. Карточкалардың əрқайсысындағы заттар жиынын атаңдар (дөңгелек заттар, текшелер, ойыншықтар). Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады?
Өткен материалмен жұмыс.
(Ж) Əліппе-дəптердегі
2-тапсырманы жұптасып жұмыс жасау ұсынылады.
Сергіту сәті
(Т) Əліппе-дəптердегі
3-тапсырманы балалар топқа бөлініп жұмыс жасай алады, əрбір топ бағандардың біреуін таңдайды жəне не салынуы керек екенін талқылап, тапсырманы орындайды. Жиынтық полотнода жұмыс жасауды ұсынуға болады. Мысалы:
– Фигуралардың қайсысы артық?
Балалардың бір бөлігі – қызыл шарды, қалғаны – жасыл текшені атайды. Балаларға өздерінің таңдауын түсіндіруді ұсынады. Əрі қарай қорытынды жасайды: дұрыс жауап таңдалған белгіге – фигураның түсіне жəне пішініне байланысты.
|
Балалар ойыншықты – асықты байқауы керек, ол киімге жатпайды.
Тапсырмаларды орындайды
Балалар сызықтармен жалғап, өз нұсқаларын ұсынады
Балалар топтағы заттарды бір сөзбен атап, осы топқа не жататынын түсіндірулері керек.
.
|
Бағалау:
Смайликтер арқылы
Бағалау:
Смайликтер арқылы
Бағалау:
Смайликтер арқылы
| Жиынтық полотно. №12
Əліппе-дəптер
Əліппе-дəптер. Жиынтық полотно
| IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
| |