Главная страница

Математика. МАТЕМАТИКА. ыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы


Скачать 1.83 Mb.
Названиеыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы
АнкорМатематика
Дата03.05.2022
Размер1.83 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМАТЕМАТИКА.docx
ТипДокументы
#508865
страница7 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13



 

 

 

Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Салт-дəстүрді білу не үшін керек?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің анам. Менің достарым. Заттар тобын салыстырамын.

( =, >,<) белгілері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Таңбаларды тану ( =, >,

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-суреттерге ( =, >, <) салыстыру белгілері бар жазбаларды таңдайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-5 затқа дейін суреттерге ( =, >, <) салыстыру белгілері бар жазбаларды құрастырады, оқиды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-заттар топтары мен сандарды қалай салыстыруға болатынын, суреттер бойынша сандарды 5-еуден көп заты бар топтармен

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Ынталандыру.

ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог ойын ойнауды ұсынады.

Өзектендіру.

Педагог балалардан өткен сабақта қандай белгілермен танысқанын сұрайды.

-   Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айт.

-   Заттардың екі тобын салыстыру жазбасына қандай белгі қоюға болатынын түсіндіре аласыңдар ма?

-   Заттар тобын қалай салыстыруға болатынын айтуға саған қандай сөздер көмектескенін жəне мұны математика тілінде жазуға қандай белгілер көмектескенін түсіндір. Үлестірмелі материалдан саны бар карточканы тауып, топта қанша адам бар екенін көрсетеді. Бұдан əрі педагог екі топтағы балалардың «көп», «аз», «тең» екенін көрсететін таңбаны табуды сұрайды.

Бүгін біз белгілерді (=, >, <) пайдалануды жақсы үйрендік пе, соны білеміз.

Сұрақтарға жауап береді
Балалар бөлменің ортасына шығып, педагог атаған белгі бойынша (ұлдар, қыздар) топпен сапқа тұрады жəне кімнің көп немесе аз екенін салыстырады.

Бағалау. Басбармақ арқылы




Ойынды сүйемелдеуге арналған көңілді əуендер.

 

Үлестірмелі материалдар.

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Жиынтық полотномен жұмыс.

Жағдайдың үлгісін келтіреді. Сырым мен Əлия ыдыс-аяқты қойып шығады (немесе шарларды санайды), оларға заттардың санын салыстыруға көмектесу керек.

Өздік жұмыс.

(Ж) Педагог жұппен 1-тапсырманы талқылап, орындауды ұсынады.

Сонымен, балалардың бұл белгілерді түсінетін-түсінбейтінін анықтауға болады.

(Ж) Бұл барлық балалардың белгілерді танитын-танымайтынын, оларды дұрыс қолданатын-қолданбайтынын анықтау үшін қажет.

(Т) Дəптермен жұмыс жүргізгеннен кейін балаларды топтарға бөліп тұрғызып, заттар – доптар, ойыншықтар жəне т.б. тарату қажет. Ненің көбірек екенін анықтау ұсынылады – заттар ма, немесе балалар ма? Заттардың саны балалармен тең болуы үшін неше зат алу қажет?

Меңгерген нəрсені қолдану.

2-тапсырманы орындау ұсынылады.

(Ө) Балаларды бір уақытта белгілердің атауларын дауыстап айту арқылы оларды қоршап жаттықтырыңыз. Алдыңғы ҰОҚ-дегі белгілер туралы ертегіні қайталап айтып беріңіз. Жақсырақ есте сақтау үшін белгілерді шынтағынан бүгілген қолмен көрсетуді ұсыныңыз. Əдетте адамдардың көпшілігі оң қолмен жазады, демек оң қолды бүксек, артық белгісін көреміз.

Сергіту сәті

Өздік жұмыс

(Ө)3-тапсырма жеке жұмыс істеуге арналған, кейіннен жұппен тексеріледі.

Тапсырмаларды тексерген кезде əрбір бала міндетті түрде жазбаға дауыстап түсінік береді жəне оның таңдау себебін айтады. Мысалы: 1-нұсқа: Мен сол жақтағы гүлдер санын санадым жəне санын жаздым. Сосын оң жақтағыларын санадым да, санын жаздым. Мен сандардың қатарына қарап, сол жақтағылардың саны оң жақтағылардың санынан көп (аз, тең) екенін анықтадым. Мен үлкен таңбаны таңдадым.

2-нұсқа. Мен оң жақтағы жəне сол жақтағы суреттердің арасына сызық жүргіздім, кейбір суреттер жұпсыз қалды. Демек, заттардың бұл тобында олар көп. Мен сол жақтағы жəне оң жақтағы суреттердің санын санап, таңба қойдым.

(Т) Топтық жұмыс. Қорапшаларға немесе дорбаларға фигуралар салынған. Балалар таңдамай бірнешеуін шығарады жəне заттардың топтарын салыстырады.

Жұмыстың басқа нұсқасы. «Жаңбыр» қимылды ойыны.

Ол үшін шеңбер сызуға немесе кеңістікті қоршауға болады. Енді үйшіктердің əрқайсысындағы балалар саналады.

- Қайда артық, қайда кем? Қалай салыстыруға болады? Қандай белгі қою қажет? Қалай жазуға болады?


Балалар бір-біріне суреттерге қандай жазбалар келетінін түсіндіреді.

Сосын əрқайсысы доптарды жеке салыстырады.
Ненің көбірек екенін анықтайды


Балалар бір уақытта белгілердің атауларын дауыстап айтады, ертегіні қайталап береді

Белгілерді шығарып, топтардың арасына қояды. Цифрлар бейнеленген карточкаларды шығарып, теңсіздік құрады.

Музыка естіледі. Балалар бөлмеде секіріп жүреді. Педагог музыканы тоқтатқан кезде балалар еденде жатқан «үйшіктерге» жасырынады.

Бағалау. Басбармақ арқылы




Бағалау. Басбармақ арқылы



Бағалау. Басбармақ арқылы




Əліппе-дəптер, жиынтық полотно, санайтын материал


Əліппе-дəптер, Үлестірмелі материал

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер



 

Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Салт-дəстүрді білу не үшін керек?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен мектепке барамын. Менің отбасым.

Қосамын жəне азайтамын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсіну жəне оларды пайдалану.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

- «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын

заттар тобынан алу (азайту) таңбасы ретінде түсінеді жəне оларды пайдаланады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+»

жəне «–» таңбалары бар жазбалар құрастырады.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

Өткенді қайталау: Салыстыр
Ұ ОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог «Ширату» әдісі арықылы

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Қазір қандай мезгіл?

  3. Бүгін ауа райы қандай?




Балалар жақсы тілектер айтады
Өткенді қайталайды

Бағалау. Басбармақ арқылы




1-10 сандары бар карточкалар

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Осы ойыннан кейін педагог балалардың бұл жағдайды математика тілінде қалай жазуға болатынын білетін- білмейтінін сұрайды.

– Бүгін біз адамдарға сандардың бір бөлігін қосқан жəне алған кезде сандар қалай болатынын жазуға көмектесетін жаңа таңбаларды білеміз.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма бойынша жұмыс істеуге болады, не «үй» ойынымен ұжымдық жұмысты жалғастыруға болады. Педагог «+» жəне «–» таңбаларын алып, балаларға көрсетеді. Оларды суреттегі немесе ойындағы белгілі бір жағдайда сандардың арасына қоюды ұсынады.

Сосын жиынтық полотнода заттар санайтын материалмен (бұл жағдайда екі түстегі шаршылармен) ауыстырылады: Жазбалар шығады. Педагог мұндай жазбаларды дұрыс оқуға үйренуді ұсынады. Хормен оқу тəсілі қолданылады. Бұл жазбаларды түрліше оқуға болатынына балалардың назарын аударыңыз.

(Ж) Жұппен бұл жерге қандай сандарды жəне неге қою керектігін талқылауды ұсыныңыз.

Қолданылатын сөздер: қосу, жиынтықтау, плюс, ...

арттыру, азайту, шегеру, минус.

Педагог оқу үлгісін ұсынады,

(Ө) № 2 тапсырмада белгілерді айналдыра бастырып сызу берілген.

Сергіту сәті

(П) Жұп болып № 3 тапсырмада қандай сандарды жəне неге қою керектігі талқыланады.

(Т) Топтарда ұқсас жағдаят жасаңыз.. Олар бір-бірінен ұстайды. «Аялдамада» бір бала «шығады», ал қалғандары:

«бесті бірге азайтқанда төрт қалады» дейді. Одан кейін қозғалыс жалғасады. Аялдамада тағы бір бала шығады. Ойын осылай жалғасады. Сонымен қатар сабақтарда алу мен қосу мысалдары үшін №7-9 полотно қолданылады. Одан кейін балалар орындаған жұмыс түрлерін естеріне түсіреді.

Нені жеңіл жəне сəтті орындағанын, неден қателескендерін немесе қиналғандарын талдайды.



«+» жəне «–» таңбаларын ойындағы белгілі бір жағдайда сандардың арасына қоюды

балалар оның артынан қайталайды. Одан кейін балалар мысалдарды түрліше оқиды.

Балалар пойызбен жүріп бара жатқандарын бейнелейді

Бағалау. Басбармақ арқылы




Бағалау. Басбармақ арқылы



Бағалау. Басбармақ арқылы




Əліппе-дəптер, санайтын материал, сандары мен таңбалары бар карточкалар

Əліппе-дəптер, жиынтық полотно, үлестірмелі материал– сандары бар карточкалар

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


написать администратору сайта